Биология сабағында үйлестірмелі дидактикалық материалды қолдану әдістемесі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Биология сабағында үйлестірмелі дидактикалық материалды қолдану әдістемесі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Биологияны оқыту әдістемесі
1.1. Биологияны оқыту әдістемесіне қысқаша сипаттама
1.2 Ғылыми әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Биология сабағынжа дидактикалық үлестірмелі материалдарды қолдану тиімділігі
2.1 Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Өсімдіктануға арналған таратпа материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарты бойынша. Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту ісі егеменді еліміздің саяси, әлеуметтік, қоғамдық даму талаптарынан туындап отыр.
Жас ұрпақты рухани өнерлі етіп тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты мәселесі. Биологиядан білім беруді жетілдіру, дамыту үшін ең басты нысандары - оның міндетін, мақсатын анықтай отырып, ғылыми тұрғыдан білім беру жүйесінің біртұтастығын қалыптастыру барысында теориясын, методологиясын, формасы мен әдістерінің арасындағы байланыстарын ашып көрсете білу. Сондықтан методологиялық негізсіз биологияны жеке пән ретінде басқа білім салаларымен байланыссыз қалыптастыруға болмайды.
Педагогикалық әдебиетте дидактикалық материалдарды қолдану тұтас алғандағы психологиялық-педагогикалық және дүниетанымдық маңызын негіздейтін материалдарды көптеп табуға болады. Дидактикалық материалдарды дайындау әдетте пән мұғалімдеріне жүктеледі. Бірақ бұл бағыттағы мүмкіндіктер әлі толық ашылған жоқ. [2]
Ғылымның әр саласындағы білімнің мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бір міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық қызығуының артуына тікелей байланысты. Орта білім беру мәселесі қоғамды дамытуда ұдайы өндірісте, ақыл-ой, шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Жеке адамның дамытуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде құбылыстар мен дәйектерді талдай білуде, шығармашылық түрде тез арада ойлайнып шешім қабылдауға үйрену өзекті мәселелердің бірі.
Жалпы оқу - тәрбие жұмысын тиімді ету оқушылардың оқу-таным әректтерін белсендіру, оқуды ғылыми негізде ұйымдастырудың және оқушылар мен оқытушының ғылыми қызметінің ықпалды бірігуі, сондай-ақ жеке адамның белсенді қалыптасуы жоғарғы мектептің ғылыми әдістемелік негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Соған орай оқу үрдісінде пәнаралық байланыстар орнату - маңызды да күрделі міндет. Оның мәні оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кешенді келу тұрғысында ерекше артады.
Зерттеудің мақсаты: Биологияны оқытуда дидактикалық үлестірмелі материалдарды қолдану әдіс - тәсілдерін көрсету және тиімділігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
-Биологияның педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау;
-Биологиядан дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігін көрсету.
Зерттеу обьектісі: сынып оқушылары биология сабағында дидактикалық үлестірмелі материалдарды қолдану.
Зерттеу пәні: биологияны оқытуда дидактикалық үлестірмелі материалдарды қолдану.
Жұмыстың құрылымы өзектілігі, зерттеу объектісі мен пәнімен, мақсаты мен міндеттерімен қамтылған.

1. Биологияны оқыту әдістемесі
1.1. Биологияны оқыту әдістемесіне қысқаша сипаттама
Биологияны оқыту әдістемесі - мектеп пәнінің ерекшелігіне байланыс-ты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым. Әрбір ғылымның пайда болуы мен дамуы адамның тіршілік тілегін қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты.
Оқыту әдістемесі - оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы. Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, И.Ф. Харламов оқыту әдістемесіне оқу материалын игеруге бағытталған түрлі дидактикалық міндетті шешу мақсатындағы оқытушы жұмысының және оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінің жүйесі деген анықтама береді. Ю.К. Бабанскийдің пікірінше, ол оқу міндеттерін орындауға бағытталған оқытушы мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара байланысты қызметі. Т.А. Ильина оқыту әдістемесін оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары деп біледі. Осы тәрізді басқа да пікірлерді саралай келе, бәріне ортақ белгілерінің негізінде оқыту әдістемесінің анықтамасын беріп, жалпы әдістерін топтастыруға болады. Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикаық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.[3]
Пәнаралық байланыс- оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үдерістерінің бірі. Жеке пәндерді терең меңгерту нәтижесінде ғана пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Сонымен қатар, биология сабағында пәнаралық байланысты қолдану арқылы білімгерлердің оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесін қарастырылуы. Биология сабағында химия, география, экология,әдебиет, тарих,математика пәндерімен пәнаралық байланысты қолдану.
Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді.
Сондықтан биологияны оқыту әдістемесі биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, нелерге оқыту керек және биологияны оқыту процесінде балаларды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған.
Биологияны оқыту әдістемесі рационалді әдістер мен тәсілдерді орнатады, және биология пәнінен мұғалім оқушыға оқу материалын сапалы түрде меңгертіп, тиянақты білім беріп, оны өмірде қолдана білуге үйретеді.
Биологияны оқыту әдістемесі - оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен үлгілерін қарастырады. Бұл тараулар бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырады.
Биологияны оқыту әдістемесі - мен оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдері белгіленеді.
Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.Материалдық ерекшелігі оның тәрбие мүмкіндіктерін де белгілейді.Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап,отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады:бақылап, салыстырады, анализ жасайды,қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.Биологияны оқыту әдістемесі жалпы мен жеке (арнаулы) әдістемелерге бөлінеді (табиғаттану,ботаника,зоология,тәнт ану,физиология,адам гигенасы және биология).Биологияны оқыту әдістемесі бес блок - тараудан тұрады.
1.Блок биологиялық түсініктер
2.Блок оқыту әдіс-тәсілдері
3.Блок оқытуды ұйымдастыру түрі
4.Блок материалдық базасы
5.Блок бақылау және білімін бағалау
Осы көрсетілген блоктарды тиімді іске асыра отырып биологияны оқыту әдістемесінен жоғары сапалы білім беруге болады.
Биологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері әртүрлі. Солардың ішінен ең маңыздылары мынадай:
- Оқушылардың білім берудің тәрбиелеудің, оны дамытудың теориялық негізімен қатар практикалық ерекшеліктерімен қарастыру.
- Ғылымдағы қаралған оқу мазмұндарына шығармашылық талдау және тиімді, ұтымды пайдаланумен қатар, алдыңғы жаңашыл мұғалімдердің тәжірбиелеріне тұжырымдар жасау.
- Сабақ өткізу үшін оқу материалын саралап, өңдеп оның мазмұнын, көлемін рет ретімен орналастырып, оқушыларға түсінікті тілмен баяндау.
- Сабақтың тақырыбына сәйкес тиісті көрнекі құралдарды саралай, дайындай, тиімді әдіс-тәсілдерін, формаларын пайдалану.
- Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген нұсқауларды іске асыру үшін оқушы оқыту әдістемесінен биология пәнін терең білуі тиіс.
Оқулықтың мазмұны, құрылымын зерттеп, бағдарламалармен салыстырып қарастыру керек.Әртүрлі типтегі сабақтарды жоспарлап, ұйымдастырып өткізу және лабораториялық сабақтар табиғатқа саяхат т.б. әртүрлі сыныптан тыс, сабақтан тыс (рольдік ойындар, конференция).[5]

1.2 Ғылыми әдебиеттерге шолу
Қазіргі психология, педагогика ғылымдарында пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру мәселесіне қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оқушылардың таным үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру жөнінде зерттеулер аз емес. Бұл аса маңызды мәселенің психологиялық негізін В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, А.М.Лурье, С.Л.Рубинштейн,Л.В.Эльконин, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, педагогикалық жақтарын Н.А.Данилов, Л.В.Занков, П.И.Пидкасистый, Ж.Б.Қоянбаев, С.Б.Бабаев, А.М.Құдиярова және т.б. ғалымдар зерттеді. [1]
Пән аралық байланыстың теориялық негіздері жетекші философ, психолог, педагогтардың (К.А.Абулханова-Славская, М.И.Лисина, А.М.Матюшкин, Я.А.Пономарев, С.В.Герасимов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина) еңбектерінде берілген. К.А.Абулханова-Славская мен М.И.Лисина таным белсенділігі мен таным іс-әрекеті ұғымдарының арақатынасына талдау жасады.А.М.Матюшкин таным белсенділігі, оның құрылымын анықтады. Я.А.Пономарев адамның шығармашылық белсенділігін дамыту тетігін жасады. С.В.Герасимов іс-әрекетпен белсенділіктің ажырамас байланысын көрсететін таным белсенділігі мен ұғынудың өзара байланыс түрлерін айқындады. Т.И.Шамова мен Г.И.Щукина таным белсенділігі таным әрекетінде пайда болатынына назар аударды. [2]
Танымал педагогтар Я.А.Коменский, Д.Локк, Л.Н.Толстой, И.Г.Пестолцци және қазақ ғалымдары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен. Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогикалық ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. [3]
Қазіргі кезеңде пәнаралық байланыс бағдарламасын педагогикалық-психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейден қарастырған В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, В.Н.Малахов т.б. болды. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі үдеріс. Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндердің, оқушылардың санасына әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы пәндердің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.
Пәндерді бір - бірімен байланыстырып оқыту педагогика тарихында ерте кезден белгілі. Ол Я. А. Коменскийдің, И. Г. Песталотцидің, К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде зерттеліп дамытылған.Я. Коменский оқу пәндерін байланыстырып оқыту кезінде студенттерде оқу материалы жайлы толық мағлұмат қалатынын, оның терең, әрі жүйелі білімнің шарты екенін түсіндіре келіп, пән аралық байланыстың мақсатты және тиімді болуына мән береді. Пәнаралық байланыс мәселесі жан - жақты әрі жүйелі түрде ұлы орыс педагогы К. Ушинскийдің еңбектерінде де дәлеледенді. Оның пікірінше әр түрлі ғылым саласынан тамшылап берілетін ғылым, адамның сыңарында жаттанды түрде жинақталмай, сапалы түрде меңгерілуі керек. Білім сонда ғана берік, жүйелі және терең болады. [4,5]
Пәндерді өзара байланыстыра оқыту педогогикада жаңа бағыт емес.Бұл туралы педагогтар Я.Коменский,И.Песталоцци,К.Ушинский т.б. өз еңбектерінде келелі ойлар айтқан.Оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты қолданудың теориялық мәселелері Г.Батурина,Ш.Ганелин, И.Зверев, П.Кулагин т.б.шығармаларында әдістемеләк тәсілдерді Н.Лошкарева, А.Усова , В.Федерова , А.Пинский ,А.Бейсенбаева, Ә. Көшеров т.б зерттеулерінде баяндалған.Бұлардағы барлық ой-пікірлер , зерттеу нәтижелері пәнаралық байланыстың білім беруде ,тәрбиелеуде және ой-жүйені дамытуда маңызы зор.Ғылым мен техника дамыған қазіргі ХХІ ғасырда белгілі бір ғылымды жеке оқып- үйрену, зерттеу мүмкін емес екендігіне көз жеткізіп келеміз. Дамудың интеграциясы және жаһанданудың ықпалы қоғамның барлық салаларынан, соның ішінде білім беруден, ғылымнан да көрініс беруде. Жаһанданудың етек алуы, жаңа технологиялардын өрістеуі терең білімді мамандарды дайындауды талап етеді. Бәсекеге қабілетті, сапалы мамандар даярлауда оқытудың қазіргі заманға сәйкес технологияларын, оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдерін, пәнаралықты кеңінен пайдалану қажеттілігін тудырып отыр.[6]

2. Биология сабағынжа дидактикалық үлестірмелі материалдарды қолдану тиімділігі
2.1 Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: "Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген бірыңғай ақпараттық - білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады ".
Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған прграммалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең,мысалы,бақылайтын және тест жүргізетін программалар,компьютерлік ойындар,ақпараттық жүйелер,оқыту орталығы электрондық оқулықтар және мультимедиялыұ программалар.
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі.Ал,оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзіне түсінікті.Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені,ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді.Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру үшін оқытуда,жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып,содан соң содан бастау керек, - дейді.Менің ойым да сол. Биология пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.
Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Жазғы тапсырмалар
Пәндер