Тәуелсіз Қазақстанның наградалық жүйелері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Тәуелсіз Қазақстанның наградалық жүйелері

Орындаған:Аткеева Н.Н..
Тексерген:

Орал, 2014ж.
Жоспар

Кіріспе
1. Тәуелсіз Қазақстанның наградалық жүйелері
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Заңы
3. Мемлекеттік наградалар түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әлем елдерінің тәжірибесінде ұлт көсемдері,
қоғам қайраткерлері, әскери қолбасшылар сияқты тарихи тұлғалардың атында
орден-медальдар бар. Біз де сол ұлыларымыздың атына орден тағайындап,
мәртебесін көтеріп, даңқын әлемге та-нытсақ жөн болар еді. Бұл жайында
біршама айтылғанымен, ескерілмей жүр.
Орден сөзі Orden, ordo деген латын сөзінің тамырынан алынған неміс
сөзі екен. Орта ғасырда дін басына көмекші болғандарға, топ мүшелеріне
арнаулы белгі соғылған орден беріліпті. Арнаулы топ ерекше адамдар ретінде
танылып, бірін-бірі тану үшін қолданған және белгі санаулы адамда ғана
болған. Еуропада XIX-XX ғасырға дейін қарапайым адамға орден берілмеген.
Мәртебелі ақсүйектер ғана орден алуға құқылы болған. Тарихта жаңару
дәуірінде орден қолдану кең етек алып, өркендеген елдер орден шығара
бастаған. Ордендік белгілер келе-келе марапаттау құралына айналған. Алғашқы
марапаттауға арналған ордендер — Данияның Піл, Белгияның Леоральд,
Францияның Даңқты легион, Ұлыбританияның Король ордендері. Бұл ордендер
қазір де өз күшінде.
Көршіміз Ресейде патша заманынан бастап бүгінге дейін тарихи
тұлғаларының абырой-мәртебесін ардақтау үшін жеке тұлғалардың атында
ордендер барын білеміз. Патша кезінде діни тұлғалардың атында да орден
болды. Кеңес үкіметі күн көсемнің атына Ленин орденін 1930 жылы
тағайындаған, бірақ қазір жоқ.
Ресей өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен батыр қолбас-шылары
Александр Невс-кий, Суворов, Кутузовтардың Ұлы Отан соғысының даңқты
қолбасшысы Жуковтың атына орден тағайындап, нәтиже шығарған адамдарды әр
салада марапаттауда. А.Невский орденін 1725 жылы патшайым Екатерина I
тағайындап, 1917 жылы қолданыстан шығарғанымен, 1942 жылы қайта кіргізіп,
тек соғыста ерлік көрсеткен офицерлерді ғана марапаттаған. Барлығы 40217
адам соғыс кезінде марапатталса керек.

Монғолия мемлекеті де жариялылықтан кейін әлемді сілкіндірген әлемдік
деңгейдегі қолбасшы Шыңғыс ханға орден тағайында-ды. Орден дегеніміз — жеке
тұлғаның мерейін асыру үшін берілетін белгі ғана емес, сол елдің әл-
ауқатын, өркен деңгейін, қайраткер тұлғасының әлемдегі мәртебесін айқындап,
әлемде тарихы жазылатын материалды құнды дерек. Орденнің тарихы — сол
елдің, әлемнің нағыз жазба тарихы. Қазақстан әлем алдында беделді, ықпалды
елдердің деңгейіне көтеріліп келеді. Біздің де әлем алдында өткен
ғасырларда елдің тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткерлері, рухани
көсемдерімізді әлемге паш етіп, даңқты хан, батырларымыздың атына орден
тағайындаған жөн. Солардың ең ірісі келесі жылы 300 жылдығы тойланатын,
Алашты біріктіріп, үш жүздің басын қосқан Ұлы ханымыз Абылайға арнап
Абылай хан, күллі түркі жұртының рухани көсемі Қожа Ахметтің құрметіне
Қожа Ахмет Ясауи, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидың атында орден болса
дейміз. Қазақ елі — ішкі, сыртқы саясатын салиқалы ұстай білетін, өз ісін
өзі кесіп, шешетін дербес ел. Сол ордендермен тәуелсіздік үшін күрескен,
үлес қосқан, рухани тәлім берген білім, ғылым, діни және қоғам
қайраткерлері, сөз зергерлерін марапаттаса жөн сияқты.
Мақсаты: Қазіргі кезде қай мемлекеттің болмасын өз азаматтарының еліне
сіңірген еңбегін елеп-ескерудің, бағалаудың белгісі болып табылатын
наградалар, яғни марапат белгілері бар екені белгілі. Марапат белгілері
сонау көне замандарда пайда болған.
Міндеттері: Тәуелсіз Қазақстанның наградалық жүйелерімен олардың
түрлеріне тақталу.
Құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.
1. Тәуелсіз Қазақстанның наградалық жүйелері
Қазіргі кезде қай мемлекеттің болмасын өз азаматтарының еліне сіңірген
еңбегін елеп-ескерудің, бағалаудың белгісі болып табылатын наградалар, яғни
марапат белгілері бар екені белгілі. Марапат белгілері сонау көне
замандарда пайда болған.
Кәрі тарихқа көз жүгіртсек, марапаттау тұңғыш рет Ежелгі Грекияда
фалералар мен лавр өрмектері түрінде пайда болды. Көне Римде марапат
түрлері бірде өрмек, таспа, ту, бір кезде мойынға тағатын шынжыр, алқа,
монета-медаль түрінде болып келді.
ХІV-ХVІ ғасырларда ордендер мен медальдар кең тарады.
XVIII ғасырда марапат түрлері Еуропа елдерінде кеңінен тарап, марапат
белгілерін тағып жүру салты пайда бола бастады. Ордендер адамның
мемлекетке, халыққа сіңірген көп жылдық еңбек және мүлтіксіз қызмет белгісі
мәртебесіне ие болды. Бұл кезеңде орталық марапат мекемелері құрыла
бастады.
Ресейде медальдар мемлекеттік марапат ретінде алғаш рет I Петр тұсында
ХVІ-ХІІ ғасырдың басында бекітілді. Алтын, күміс медальдар әскерилердің
шеніне қарай берілетін еді. Олардың ішінде орыс армиясының офицерлеріне
берілетін ең жоғары жауынгерлік мәртебе - Әулие Георгий ордені ерекше
орынға ие болды.
КСРО-да Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту ордендері, Ленин ордені, Қызыл Жұлдыз,
Ұлы Отан соғысы ордендері, Суворов, Кутузов, Александр Невский, Богдан
Хмельницкий, Жеңіс, Даңқ, Ушаков, Нахимов, Батыр ана, Ана даңқы,
Октябрь Революциясы, Халықтар достығы, Еңбек даңқы, КСРО Қарулы Күштерінде
Отанына борышын өтегені үшін ордендері болды.
Қазақстанда жауынгерлік немесе өзге де ерекше еңбегі үшін берілетін
кұрметті мемлекеттік марапат белгілері Республика егемендік алғаннан кейін
белгіленеді. Өз батырларымызға құрмет көрсетіп, төл наградаларымызбен
марапаттау мүмкіндігіне ие болдық. Еліміздің тарихында тұңғыш рет жоғары
дәрежелі ерекше белгі - Халық Қаһарманы (Народный герой) атағы, Отан
(Отечество), Даңқ (Слава), Парасат (Благородство), Құрмет (Почет)
ордендері, Ерлігі үшін (За мужество), Ерен еңбегі үшін (За трудовое
отличие), Шапағат (Милосердие) медальдары, Алтын алқа (Золотая
подвеска), Күміс алқа (Серебряная подвеска) алқалары тапсырыла бастады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Заңы
Қазіргі кезде 1995 жылдың 12 желтоқсанында Мемлекет басшысы қол қойған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Заң жұмыс
істейді. Жаңа Заңға сәйкес жоғары дәрежелі ерекше белгі - Алтын Қыран
(Золотой орел) ордені белгіленді. Сонымен қатар әскери қызметкерлерді, ішкі
істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерін марапаттау
үшін Айбын (Доблесть) ордені мен Жауынгерлік ерлігі үшін (За воинскую
доблесть) медалі пайда болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің занында Қазақстан Республикасының
мемлекеттік наградалары туралы Заңының 7-бабына сәйкес құрылған
Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Мемлекеттік
наградалар жөніндегі комиссияның қызметін Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі
қамтамасыз етеді. Комиссия мемлекеттік наградалармен марапаттау,
наградалардан айыру, наградаға ие болу құқығын қалпына келтіру, наградалар
дубликаттарын және оларға берілетін құжаттарды беруге байланысты
ұсыныстарды алдын ала қарау және дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
Марапаттауға Парламент, Үкімет, министрліктер, орталық және жергілікті
органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа ұйымдар ұсыныс
жасайды. Комиссия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейінің фалеристика материалдар жинағы
Қосалқы тарихи пәндер пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
Тарихи қосалқы пәндер дәрістер
Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы
Алматы қаласы тарихының музейі
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Сайлау жүйелері ұғымы
Орталық банктің ақша – несие саясаты
Электр жүйесі. Энергожүйе
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіміздің қалыптасуының себептері, жалпы міндеттері, құрылымы, функциялары, механизмдері
Пәндер