Адамзат дамуының жаңа кезеңі


КІРІСПЕ

Адамзат дамуының жаңа кезеңі XXI ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, оның негізін компьютерлік технология құрайды. Сол себепті де бүкіл дүниежүзінде ең алдымен ақпараттық жаһандану үрдісі жаппай етек алуда. Оның таңғажайып көрінісі болса, «адам - компьютер - Интернет» байланыс жүйесі деп атап айтар едік.

ҚР-сында осы ақпараттық өркениет үрдісінен шығу үшін «Қазақстан 2030» стратегиясынан бастап, Елбасының дәстүрлі Жолдаулары бойынша барлық жағдайлар жасалып келеді [1, 2] . Әсіресе, білім беру саласы барынша ақпараттандыру (информатизация) мақсаты жүзеге асырылып отыр. Бұған қажетті заңнамалар мен бағдарламалар қабылданған [3] .

Әлемдік өркениет жолмен бағытталған Eлбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ол үшін жаңа ақпараттық технологияларды оқытуды міндет етеді.

Бір сөзбен айтқанда, басты мақсат білім сапасын арттыру арқылы әлемдік білім кеңістігіне кіре білу болады. Міне, сондықтан да қазірден бастап, «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» пәндерінде әлемдік деңгейге жеткізе оқыту талабы қойылып отыр. Осыған сай айта кету қажет, егер «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім стандарттары жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» деген мәселе мұғалімдер біліктілігімен тікелей байланысты.

Соңғы жылдары жоғары білім беру жүйесінде «Borland C++ Builder программалау тілі» атты жаңа бір пән оқытыла бастады. Бірақ та, оны оқытудың мемлекеттік стандарты әлі жасала қойған жоқ. Әрі осы тіл туралы қазақша жазылған оқу- әдістемелік құралдары өте қанағатсыз көрінеді. Бұл мәселені арнайы зерттеп көру тұрғысынан аталмыш диплом жұмысының тақырыбы таңдап алынған.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Borland C++ Builder программалау тілі жоғары деңгейлік күрделі тіл болғандықтан оның өзіндік ерелшелігі мен қиын жақтары оқыту әдістемесінде ойластырылуы керек. Мәселен, оқыту әдістемесінің мазмұны мен бағыт-бағдарын айқындаумен қатар жаңа идеялар мен технологияларды пайдалану жолдары қарастырылады.

Қазіргі кезде әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алу үшін педогогикалық теорияны және оқыту процесін жетілдіру жұмыстары кең жүрілуде. Осыған байланысты жоғары деңгейлік Borland C++ Builder программалау тілін оқыту мақсаты «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» пәндерін дамыта оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жолы болып табылады. Диплом жұмысында осы проблема теориялық тұрғыдан талданып, практикалық мысалдар арқылы көрсетіп түсіндіруге талпыныс жасалған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш Borland C++ Builder программалау тілін басынан дұрыстап оқыту үшін шешімін ойластыратын мынадай ғылыми-практикалық мәселелер тұр. Олар:

 «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» мамандықтары бойынша оқытылатын Borland C++ Builder программалу тілінің оқу-әдістемелік проблемасын шешуде заманауй стандартизация және синергетика принциптерін пайдалану жаңа көзқарас тұрғысынан алып қарастыру;

 Обьекті-бағытталған программалау тәсілі мен құралдарын программалау тілінің сипаттамасын беруде барынша терең пайдалана білу;

 Алдағы уақытта программалау тілі пәнін оқытудың мемлекеттік стандартын жасап шығару мәселесін жоспарлы түрде жүзеге асыру.

Осы аталған үш түрлі пікірлер негізінен диплом жұмысының тақырыбына сәйкес Borland C++ Builder ортасында қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасауда программалау тілін оқыту әдістемесін қарастырудың жалпы нұқасы беріледі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - жаңа ақпараттық технологияның оқыту процесіне тигізетін әсері, ықпалы, пайдасы, оқыту процесінің қызықты, деңгейлі де жүйелі формада дамуына мүмкіндіктер жасап, Borland C++ Builder ортасында қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасау арқылы жалпы пәнге деген қызығушылықты арттыру

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

 Borland C++ Builder программалау тілін қолдану мүмкіндіктерімен танысу;

 Borland C++ Builder ортасында қарапайы графикалық редактор қосымшасын жасауының негіздерін оқыту әдістемесін құрастыруда жаңа ақпараттық технологияның ролін қарастыру және оған талдау жасау;

 Borland C++ Builder программалау тілін оқыту әдістемесін қарастырудың жалпы нұқасын беру (зертханалық жұмыстарды орындау арқылы) .

Программалау тілін оқытуда, яғни программа кұруға баулуда үш шығармашылық, теориялық және техникалық тұрғыдан қарау керектігі белгілі. Осы айтылған тұрғылардан программалау тілін үйретуде жобалар әдісін пайдаланудың тиімді екендігі анық. Өйткені, жоғарыда артықшылықтары көрсетілген жобалар әдісі шығармашылық тұрғыдан программа кұру үрдісінің негізгі элементі жұмысқа қызығушылығы және оқушының жеке тұлғалық бет пернесін көрсетуге деген ұмтылысы шығармашылық көзін қамтамасыз ететін болса, ал басқа екі тұрғыдан шығармашылық күйде бейнелей білу қабілеті мен абстрактілі ойлау қабілетін іске қоса отырып программалаушыға тән алгоритмді таңдау, мәліметтер құрылымын анықтау, интерфейсін жобалау әрекеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандар дипломдық жұмыстың тақырыбын айқындауға негіз болды және оның көкейтестілігін көрсетеді. Жұмыс тақырыбы QBasic және Turbo Pascal программалау тілдерінің графикалық мүмкіншіліктері болып анықталды.

Жұмыс мақсаты - жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арнап, Borland Delphi программасы бойынша электрондық құрал жасау.

Жұмыс нысаны -жалпы білім беретін мектептің оқушыларына программалау тілінің оқыту үрдісі.

Жұмыстың ғылыми болжамы егер жалпы білім беретін мектептерде программалау тілін оқыту үрдісінде ұсынылған әдістерді қолданса, онда оқушылардың танымдық қажеттілігі дамып, белгілі бір мөлшерде білім қорын талап ететін накты мәселелерге қызығушылығы жоғарылап, теориялық білімі мен практикалық дағдылары ұштастырылады да оқыту үрдісінің сапасы артады.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер айқындалды:

жалпы білім беретін мектепте информатика пәнінің стандарты және жоғарғы сынып үшін білім мен біліктілікке қойылатын талаптардың ерекшеліктері мен программалау тілдерін оқытудың қазіргі хал-ахуалын талқылау;

объектіге бағытталған программалау командалары және оларды меңгеруге арналған жаттығулар жүйесін тиянақтау;

объектіге бағытталған программалау тілін оқытуда пайдалануға болатын мәліметтер қорынан тұратын электрондық оқу құралын дайындау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - жұмыстың құрылымы қойылған міндеттерді шешудің ретімен және логикасымен анықталды. Ол кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздер тізімінен, кестелерден, суреттерден тұрады.

1 тарау. Мәліметтер қорын қолдану аймағы

1. 1. Мәліметтер қоры, түрлері және модельдері

Компьютерлік техниканың даму сатысының алғашқы сатысында кез келген қолданбалы программа арнаулы мәліметтерді жинақтаумен қатар жүрді, сондықтан оның көлемі үлкен жұмысты жылдам жүргізуге кері әсерін тигізді. 70-жылдарда ЭЕМ-нің жүйелік дамуына байланысты жағдай жақсара бастады. ЭЕМ-да шешілетін есептердің жалпы ортақ мақсаты болды. Бұл мақсатқа жету үшін алғашқы мәліметтерді жинақтап енгізу қажет. Пәндік облыстың дамуы және жұмысқа араласуына байланысты бұл деректер ішкі структурасы анықталмаған өзара байланыстылық қасиеті жоқ қажетсіз ақпараттың жиынын туындатады. Сол алғашқы мәліметтерді сипаттау, сақтау, өңдеудің жалпы ережелеріне сәйкестендіріп жүйелі түрге келтірілген, құрылымы дәр анықталған ақпараттық массив құрса, оны мәліметтер қоры немесе мәліметтер базасы деп атайды. Мәліметтер қоры мәліметтерді ұйымдастыруда сапалы жаңа этап ретінде қабылданды. Мәліметтер қорының технологиясы пайда болғанға дейін әр программада басқа есептерден тәуелсіз тек өзіне ғана қатысты есепті шешуге қажетті элементтерді толассыз енгізу керек еді.

Мәліметтер қорын ұйымдастырудың 2 жағы бар:

- объектілердің машинадан тыс өзара байланыс логикасын ұйымдастыру

- объектілердің машина ішілік әрі қарай физикалық тарату.

Бұл процесс ақпарттық-логикалық модель құру деп аталады. Мұндай модельде объектілер - жазу типтерімен, қасиеті - жазу атрибуттарымен, қатынас - типтер және жазу атрибуттары арасындағы байланыспен көрсетіледі. Ақпаратты-логикалық модельдің 3 түрі бар:

1) мәліметтердің иерархиялық моделі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат қоғамының дамуы
Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардын әлеуметтік экономикалық себептері
«Әлемдік әлеуметтану»
Адам даму индексі Алматы облысы мысалында
Қоғам және мәдениет
Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы
Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары, әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика
Адамзаттың тарихқа дейінгі тарихы
Экономика жүйесін дамыту үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz