Көне түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi түркi тiлдерiндегi моносиллабтарды зерттеудiң теориялық-методологиялық және тарихи негiзi
Дисертациялық жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны айқындалып, мақсат, міндеттері белгіленді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық құндылығы көрсетіліп, әдіснамалық негіздері мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар туралы мәлімет берілді.
Дисертацияның «Көне түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi түркi тiлдерiндегi моносиллабтарды зерттеудiң теориялық-методологиялық және тарихи негiзi» деп аталатын І тараудаVII–IX ғасыр көне түркі жазбалары жайлы қысқаша мәлімет беріліп, ескерткіштердің лингвистикалық тұрғыдан зерттелу деңгейі анықталады. Орхон, Енисей, Талас жазбалары тілін қазіргі қыпшақ тілдерімен сабақтастыра қарастырудың тарихи – лингвистикалық негізі дәйектеліп, түркілік түбіртанудың теориялық – методологиялық негіздері сараланады.
Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерін зерттеудің бастапқы кезеңі негізінен рунологиялық, текстологиялық мақсаттарға, мәтіндерді оқып, транслитерациялау, аудару жазудың генезисi мәселелеріне арналса, таза лингвистикалық тұрғыдан зерделеу ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан басталады. Көне түркі жазба мұраларының тілін зерттеудің көш басшысы В.В.Радловтың ескерткіштер тілінің фонетикалық жүйесі, морфологиялық құрылымы жайлы, көне түркі тілі мен қазіргі түркі тілдерінің агглютинациялық табиғаты, аффикстердің шығу тарихы туралы құнды пікірлері түркітану ғылымының ғылыми қағидаларына айналып, кейінгі зерттеушілердің бағдаршамы қызметін атқаруда. П П.М.Мелиоранскийдің көне түркі жазбалары тілінің фонетикалық жүйесі, лексика-грамматикалық құрылымы жайлы зерттеулері қазіргі түркі тілдерінің тарихи грамматикасының қалыптасуына негіз болды, ескерткіштер тіліндегі синкретикалық жұптардың күрделі табиғаты туралы алғаш пікір білдірген ғалым түркі түбірлерінің полисемялық сапасы жайлы тұжырымдардың теориялық негізін қалады. А.Н.Самойлович түркі тілдерін жіктеуде негіз тіл ретінде Орхон-Енисей жазбаларының тілін алып, ескерткiштер тiлiнiң фонетикалық белгілерін жіктеудің басты критерийі ретінде қолданды. Осы тұрғыдан алып қарағанда А.Н.Самойлович Орхон-Енисей жазбаларының тілін түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасында қолданудың методологиялық қырларын жетілдіруге үлес қосқан ғалым.
С.Е.Маловтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде көне түркі тілінің теориялық іргетасы қаланды. Ғалым ескерткіштер тілінің фонетикалық жүйесіне талдаулар жасау негізінде түркі тілдерінің тарихи–хронологиялық жіктемесін ұсынып, lt, nt, nč үнді–қатаң дауыссыздар тіркесін, γ, g дыбыстарының сақталуын көне құбылыстар ретінде қарастырса [1, 5-7], 1958, 1959 жылдары жазылған кейінгі еңбектерінде көне түркі тілінің диалектілік ерекшеліктеріне сараптама жасайды И.А.Батмановтың көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі жайлы зерттеулері көне түркi ескерткіштері тілі деректерін жинақтап, жүйеге түсіруімен ,сөздiгiн түзуiмен,дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерін, лексикалық сәйкестіктерді, лексикалық–тақырыптардың ортақтығы мен айырмашылықтарын саралап беруімен

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Дисертациялық жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу
нысаны айқындалып, мақсат, міндеттері белгіленді. Зерттеудің ғылыми
жаңалығы, теориялық және практикалық құндылығы көрсетіліп, әдіснамалық
негіздері мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар туралы мәлімет берілді.
Дисертацияның Көне түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi түркi
тiлдерiндегi моносиллабтарды зерттеудiң теориялық-методологиялық және
тарихи негiзi деп аталатын І тараудаVII–IX ғасыр көне түркі жазбалары
жайлы қысқаша мәлімет беріліп, ескерткіштердің лингвистикалық тұрғыдан
зерттелу деңгейі анықталады. Орхон, Енисей, Талас жазбалары тілін қазіргі
қыпшақ тілдерімен сабақтастыра қарастырудың тарихи – лингвистикалық негізі
дәйектеліп, түркілік түбіртанудың теориялық – методологиялық негіздері
сараланады.
Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерін зерттеудің бастапқы кезеңі
негізінен рунологиялық, текстологиялық мақсаттарға, мәтіндерді оқып,
транслитерациялау, аудару жазудың генезисi мәселелеріне арналса, таза
лингвистикалық тұрғыдан зерделеу ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан басталады.
Көне түркі жазба мұраларының тілін зерттеудің көш басшысы В.В.Радловтың
ескерткіштер тілінің фонетикалық жүйесі, морфологиялық құрылымы жайлы, көне
түркі тілі мен қазіргі түркі тілдерінің агглютинациялық табиғаты,
аффикстердің шығу тарихы туралы құнды пікірлері түркітану ғылымының ғылыми
қағидаларына айналып, кейінгі зерттеушілердің бағдаршамы қызметін атқаруда.
П П.М.Мелиоранскийдің көне түркі жазбалары тілінің фонетикалық жүйесі,
лексика-грамматикалық құрылымы жайлы зерттеулері қазіргі түркі тілдерінің
тарихи грамматикасының қалыптасуына негіз болды, ескерткіштер тіліндегі
синкретикалық жұптардың күрделі табиғаты туралы алғаш пікір білдірген ғалым
түркі түбірлерінің полисемялық сапасы жайлы тұжырымдардың теориялық негізін
қалады. А.Н.Самойлович түркі тілдерін жіктеуде негіз тіл ретінде Орхон-
Енисей жазбаларының тілін алып, ескерткiштер тiлiнiң фонетикалық белгілерін
жіктеудің басты критерийі ретінде қолданды. Осы тұрғыдан алып қарағанда
А.Н.Самойлович Орхон-Енисей жазбаларының тілін түркі тілдерінің тарихи-
салыстырмалы грамматикасында қолданудың методологиялық қырларын жетілдіруге
үлес қосқан ғалым.
С.Е.Маловтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде көне түркі тілінің теориялық
іргетасы қаланды. Ғалым ескерткіштер тілінің фонетикалық жүйесіне
талдаулар жасау негізінде түркі тілдерінің тарихи–хронологиялық жіктемесін
ұсынып, lt, nt, nč үнді–қатаң дауыссыздар тіркесін, γ, g дыбыстарының
сақталуын көне құбылыстар ретінде қарастырса [1, 5-7], 1958, 1959 жылдары
жазылған кейінгі еңбектерінде көне түркі тілінің диалектілік
ерекшеліктеріне сараптама жасайды И.А.Батмановтың көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі жайлы зерттеулері көне түркi ескерткіштері тілі
деректерін жинақтап, жүйеге түсіруімен ,сөздiгiн түзуiмен,дыбыстардың
комбинаторлық өзгерістерін, лексикалық сәйкестіктерді,
лексикалық–тақырыптардың ортақтығы мен айырмашылықтарын саралап беруімен
құнды болса [2.], В.М. Насиловтың еңбектері өзіне дейінгі зерттеушілер көп
бара бермеген ескерткіштер тілінің синтаксистік құрылымы, сөздердің
байланысу тәртібі, сөз тіркестерінің жасалуы, сөйлем мүшелерінің орын
тәртібі мен ойды жеткізудегі қызметіне айрықша мән беруімен ерекшеленеді
[3]. ҮІІ-ІХ ғасырдағы көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін оғыз, ұйғыр,
қырғыз, қыпшақ басқа да көне түркі тайпалары бірдей қолданған әдеби қалыпқа
түскен тіл ретінде қарастырған Э.Р.Тенишевтің у огузов и кипчаков эти были
j – языки, у уйгуров d – язык, у киргизов z – язык [4,165] деген пікірі
аса маңызды. Ескерткiштер тiлiнiң грамматикасын түзу барысында көне түркi
тiлiндегi түбiрлердiң фонетикалық құрылымы, бiр буынды етiстiк – есiм
омонимиясы, сөзжасамның фонетикалық тәсiлi тәрiздi түркiлiк түбiртанудың
маңызды мәселелерiне арнайы тоқталған зерттеушi көне түркi түбiрiнiң ең
шағын тұлғасы дауысты, дауыссыз – дауысты, дауысты – дауыссыз құрылымды
түбiрлерден тұратындығын көрсетеді, қазiргi түркi тiлдерiне кеңiнен
таралған дауыссыз – дауысты – дауыссыз дыбыстардан тұратын үш құрамды
моносиллабтарды Э.В.Севортян, Б.М.Юнусалиев тәрiздi белгiлi түркологтар
негiзiн қалаған грамматикалық синкретизм немесе етiстiк – есiм мәндi түбiр-
негiздер мәселесiне қатысты қарастыруды қолдайтынын бiлдiредi [5, 76]. Көне
түркі жазба ескерткіштері тілінде көне оғыз, көне ұйғыр тілдерінің ықпалы
сақталғанын көрсеткен Н.А.Баскаков Орхон, Енисей жазбаларын көне оғыз және
көне қырғыз тілдерімен байланыстырса, манихей жазбаларынан көрініс беретін
көне ұйғыр тілін п диалектісіне және j диалектісіне жіктейді [6, 165-
166]. В.Г.Кондратьев көне оғыз ескерткіштерінде де, көне ұйғыр
ескерткіштерінде де Орта Азияда жүздеген жыл бойы қолданылған біртұтас
түркі тілі сақталған деп санайды. [7, 26].
Көне түркі мұраларының тілі жайлы алғаш пікір айтқан қазақ ғалымдарының
бірі – С. Аманжолов ҮII-ІХ ғасыр ескерткіштер тiлi негіз тіл ретінде барлық
түркі тілдері жайлы тарихи-салыстырмалы зерттеулердің тіні, арқауы қызметін
атқаруы қажеттігін көрсетеді [8, 131-133]. Көрнекті түрколог-лингвист
Ғ.Айдаров көне түркі жазбалары мәтінінің қазақ тіліндегi лингвистикалық
аудармасын жасаған әрі көне түркі тілі мен қазақ тілінің сөздігін түзген,
көне түркі тілінің грамматикасын қазақ тілінде жазған тұңғыш ғалым. Түркі
рунологиясында өзіндік орны бар А.Аманжоловтың еңбектері тек рунолог
ретінде көне мәтіндерді оқып, транслитерациялау, аудару, жазудың генезисін
зерттеу ісінде сіңірген қажырлы еңбегімен ғана емес, көне түркі тілі
деректері негізінде жалпы түркі тілдерінің тарихи грамматикасының күрделі
теориялық мәселелері жайлы, көне түркі тілінің диалектілік ерекшеліктері
туралы тұжырымдарымен, сөз этимологиясын ашудағы дәйекті ой-пікірлерімен де
құнды. Қазақ тіл біліміндегі А.Есенқұлов, Е.Ағыманов, Қ.Өмірәлиев,
М.Томанов, Ә.Құрышжанов, Т.Қордабаев т.б. сынды белгілі ғалымдардың көне
түркі жазба мұраларының тілі жайлы әр жылдары айтқан ой-пікірлері
ескерткiштер тiлi мен қазақ тiлiн салыстыра зерттеудiң теориялық-
әдiснамалық негiзiн қалыптастырып, түркiтану ғылымына қосылған қомақты үлес
болды. Жалпы көне түркi ескерткiштерiнiң лингвистикалық тұрғыдан кеңiнен
зерттелуi өткен ғасырдың 50-90 жылдары аралығына сәйкес келедi. Осы кезеңде
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерiнiң жекелеген мәселелерi жөнiнде, қазiргi
түркi тiлдерiне қатыс-дәрежесi, сабақтастығы жайлы бiрнеше диссертациялар
қорғалып, көптеген мақалалар мен iрi монографиялар жазылды.
ҮІІІ ғасырдың мұрасы Мойун-Чур ескерткішінде түрік-қыпшақтардың елу жыл
қағанат басында отырғаны жайлы деректің сақталуы қазіргі қыпшақ тілдерін
көне мұралар тілімен сабақтастықта қарастырудың тарихи негізін көрсетеді,
осы дерек негізінде қыпшақтар ҮІІ ғасырдың соңында-ақ көне түркі тайпалары
ішіндегі дербес те беделді ірі тайпалардың бірі болғанын байқаймыз.
ХI-ХҮ ғасыр аралығындағы қыпшақ тiлiнiң деректерiнен мәлiмет беретiн мол
жазба ескерткiштер қоры жинақталып отыр, олардың iшiнде қыпшақ тiлiнiң
табиғатын терең танытатын грамматикалық, лексика-грамматикалық,
лексикографиялық-грамматикалық еңбектер де бар. Орта ғасыр түркi
ескерткiштерiн жинау, жариялау, оқу, аудару, тiлiн зерттеу мәселелерiнiң
көш басында Г.Ю.Клапрот, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, А.Н.Самойлович т.б.
тәрiздi ұлы тұлғалар тұрса, кеңестiк дәуiрде, одан кейiнгi кезеңде орта
ғасыр ескерткiштерiнiң лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты зерттелуi
Э.Н.Наджип, А.К.Боровков, Э.Фазылов, А.М.Щербак, Ә.Құрышжанов.
Б.Сағындықұлы, А.Ибатов, Р. Сыздық, Ә.Керiмов, Т.И.Грунин, А.Н.Гарковец
сынды т.б. зерттеушiлердiң есiмдерiмен байланысты. Аталған мәселе бойынша
еңбек етiп жүрген кейiнгi буын өкiлдерiнен С.Құдасов, М.Сабыр, С.Дүйсенов
т.б. зерттеушiлердiң еңбегiн атауға болады. Орта түркi жазба мұраларының
тiлiн талдау нәтижелері оғыз, қыпшақ тілдері сараланып шыққанға дейін
жалпытүркілік қыпшақ-оғыздық, оғыз-қыпшақтық жағдайдың орныққанын көрсетіп
бергені белгілі. Орта түркi дәуiрiнiң алдындағы көне түркi жазба
ескерткiштерi тiлi мен орта түркi дәуiрiнен кейiнгi дәуiрде қолданылып
жүрген қазiргi қыпшақ, оғыз тiлдерi деректерi де қыпшақ ( оғыз тiл
бiрлестiгiнiң iздерi сақталғанын көрсетедi.
Қыпшақ тобына кіретін тілде сөйлейтін түркі халықтары тіліндегі ортақ
белгілердің біразы қыпшақ бірлестігі кезінде қалыптасса, енді біразы Алтын
Орда дәуірінде қалыптасып, көне түркі дәуірінде-ақ өзіндік ерекшеліктері
аңғарыла бастаған қыпшақтық белгілер тереңдей түсті. Қазақ, ноғай,
қарақалпақ халықтарының тарихи тамырластығына олардың этникалық құрамындағы
ортақ ру-тайпалар, салт-дәстүріндегі, ауыз әдебиеті үлгілеріндегі, жалпы
мәдениетіндегі ортақтықтар дәлел бола алады. Әуел баста қыпшақ тілінің
диалектілерінде сөйлеген қазіргі қыпшақ-ноғай топшасына енетін тілдерді
Алтын Орда, Ноғай ордасы кезіндегі лингво-этникалық процестер жақындата
түсті. Ал қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-половец топшаларындағы тілдерде сөйлейтін
халықтардың этногенездік тарихында біраз өзгешеліктер бар. Татар, башқұрт,
қарашай-балқар, қырым татарлары өз тарихын негiзiнен Ғұн мемлекеті
ыдырағаннан кейін қалыптасқан Бұлғар мемлекетімен байланыстырады. Кезінде
Н.И. Ашмарин ұсынған бұлғар-чуваш теориясына қарсы М.З. Закиев көне
бұлғар тілінің жазба мұралары тілінің деректері негізінде бұлғарлар о
бастан-ақ қазіргі татар тілінің кейбір белгілері бар z тілінде сөйлеген,
ешқандай ротацизм, ламдаизм белгілері болмаған деген қорытындыға келеді.
Ғалым пікірі бұлғар тілі z тілді оғыз-қыпшақ тілінен жаңа z тілді қыпшақ-
оғыз тіліне ауысып, кейіннен қыпшақтық сипат алған дегенге саяды. [9, 110].
Башқұрттардың этникалық құрамындағы угро-финдердің, мадьярлардың үлесіне
байланысты қалыптасқан мадьяр-башқұрт теориясы әлi шешiмiн таппай келе
жатқан мәселе. Башқұрттардың венгерлiк тегiне негiзделетiн мадьяр-башқұрт
теориясын этногенетикалық зерттеулер толық қуаттап отырған жоқ, сондай-ақ
башқұрттар құрамындағы мадьярмажар компонентін де жоққа шығармайды.
Зерттеушілер Орал бойы башқұрттарының, Волга бұлғарларының, ІХ—Х ғасырдағы
венгрлердің ортақ этникалық компоненті–түркі тілді мажар-мишарлардың тілі
деп таниды [10, 139-140]. Тарихи әдебиеттерде қарашай-балқарлардың
этногенезі, глоттогенезі жайлы түрлі теориялар ұсынылып жүргенімен, олардың
көне бұлғарлармен генетикалық байланысын қолдаушылар басым. Қарашайлар мен
балқарлардың қыпшақтану процесі кумандардың біраз бөлігі қарашай-
балқарлардың арасына сіңіп кетуімен түсіндіріледі [11,16-19]. Батыс қыпшақ
тобына жататын қырым татарлары тілі оғыз ықпалына ұшыраған тілдер
қатарында қарастырылады. Қырымды билеген қыпшақтардың ұрпағы саналатын
қырым татарлары тіліне оғыз тілдерінің ықпалы Қырым өлкесінің Түркияға
қосылу кезеңінен басталып (1475 жылдары), Қырымды Ресей патшалығының
отарлауынан кейін де үзілмеген [12,26-30]. Шағын этнос – қарайымдар да
хун тайпаларының құрамында, кейін бұлғар-хазарлар тобында болып, соңғы
кездерде қыпшақтық сипатқа ие болған тілдерге жатады. Құмық тiлiнiң
табиғаты жайлы да көзқарастар екi бағытта өрбидi, бiрiншi бағыттағы
зерттеушiлер ХIII ғасырға дейiн-ақ қалыптасқан қыпшақ тiлi ретiнде таныса,
екiншi топтың пiкiрi монғол шапқыншылығынан кейін қыпшақтық сипаты
басымдыққа ие болды дегенге саяды [13,119]. Түркі тілдеріне қатысты барлық
жіктемелерді салыстыра қарағанда, қазіргі қыпшақ тобына жататын тілдердің
фонетикалық жүйесі мен морфологиялық құрылымының ұқсастығы сол тілде
сөйлеуші этностардың генетикалық немесе тарихи жақындығы ғалымдар тарапынан
принципті түрде ажыратылатын пікір қайшылығын тудырмайтынын байқауға
болады. Жалпы бір негізден тараған тілдердің өзі де түрлі ішкі, сыртқы
факторларға байланысты негіз тілдің белгілерін бірдей дәрежеде сақтай
алмауы лигво-эволюцияның заңдылығы. Қазіргі қыпшақ тобына енетін тілдердің
бір бөлігінің негізінде оғыздық сипаты бар көне бұлғар тілінің жатуы,
қыпшақтану процессінен кейін де басқа туыстас тілдермен қатынаста болуы
олардың лексикалық қорындағы қыпшақтық қабаттың өзгерістерге түсуіне алып
келді. Мұндай өзгерістер негізінен сөз тұлғаларындағы дыбыс сәйкестіктері
арқылы айқындалады. Қазіргі қыпшақ тілдерінің ішінде қыпшақтық белгі қазақ,
ноғай, қарақалпақ тілдерінде, татар диалектілерінде басым екенін зерттеу
нәтижелері көрсетіп отыр ( С.Е.Малов, Қ. Жұбанов, Н.Сауранбаев, т.б.).
Оғыз және қыпшақ тілдерінің дербестік сипатқа ие болуы тұстас бір
тілдің екіге жарылуы нәтижесінде емес, бұрыннан өздеріне тән мүддесін
қорғау ыңғайында, яғни өздеріне тән белгілерді сақтап қалу ыңғайында
қалыптасқанын байқаймыз. Орта ғасырдағы оғыз-қыпшақтық аралас тілдік
жүйедегі қыпшақ тілдерінің дербестік сапасының айқындала бастауы бір
ғасыр шеңберінде ғана қалыптасқан құбылыс емес түркi тiлдерi дамуының
алғашқы кезеңдерiнде-ақ оғыздық немесе қыпшақтық белгiлердiң сiлемдерi
қолданыста болуы әрi олардың арасында дифференциациялық және интеграциялық
процестердiң кезең-кезеңiмен бiрнеше мәрте қайталануы да мүмкiн. Сондықтан
көне түркi дәуiрi мен орта ғасыр дәуiрiндегi түркi жазба әдеби тiлi
арасындағы сабақтастық та аралас тiлдiк жүйе арқылы айқындалады.
Түркітану ғылымындағы түбір сөз проблемасының зерттелуі өзіндік дәстүрі
мен қағидалары қалыптасқан, мақсат-мүддесі айқындалған классикалық сала
болып табылады десек те, тілдің негізін құрайтын бір буынды сөздердің
табиғаты толық ашылып болмағаны белгілі. Түбір проблемасының күн тәртібінен
түспей отыруы алғашқы дыбыстық тілдің сұлбасы байқала бастаған кезден
бастау алатын түркі түбірінің бірнеше сатылы даму жолы мен қайшылыққа толы
қат-қабат күрделі табиғатына байланысты. Түркі сөздері тұлғасының
қарапайымнан күрделіге қарай дамуы басты ерекшелік болғанымен, фонетикалық
заңдылықтарға орай кезең-кезеңімен кері процестерді де (ықшамдалу,
редукция, элизия т.б.) басынан өткізуі, одан қайта күрделенуі тәрізді
мәселелер де түбір табиғатын айқындауда қиындықтар туғызады. Фонетикалық
құбылыстар гаплалогия мен редукция, үнемдеу принципi жаңа дыбыс тiркесiмiн,
жаңа фонологиялық жағдайды тудырады. Фонетикалық жүйедегi өзгерiстер
моносиллабтардың тұлғасына әсер етiп, семантикалық даму барысында қарапайым
фонетикалық өзгерiстер фонологиялық құрылымға да ықпал етуi мүмкiн. Осы
процестiң нәтижесiнде дыбыс сәйкестiктерiнiң екiншi дәрежелi фоно-морфо-
семантикалық қырлары қалыптасады. Сөздің шынайы болмысын танып-білу
әрдайым тұлға мен мазмұнды бірлікте қарауды талап ететіндіктен жалпы түркі
лексикалық қорының негізін құрайтын моносиллабтардың семантикалық дамуы да
адам санасымен, дүниетанымымен тікелей байланысты құбылыс ретінде
семасиологиялық жүйенің сан қырлы заңдылықтарына орай психо-физиологиялық
процестермен өзара сабақастықта жүріп отыруы мәселені одан әрі күрделендіре
түседі.
Кез келген тілдің лексикалық жүйесінің даму жолын, басқа тілдермен
туыстық деңгейін анықтау ең алдымен түбір құрылымын айқындап алуға
негізделетіндіктен түркі түбірлері жайлы алғашқы пікірлер де түбір
құрылымын анықтауға бағытталып, моносиллабтық, дисиллабтық бағыттар
қалыптасты. Түркі тілдеріндегі дисиллабтар мен полисиллабтар құрамындағы
алғашқы буынды бастапқы тұлға ретінде қарауға теориялық негіз бар.
Сондықтан моносиллабтық бағыт көптеген ғалымдар тарапынан (Н.Сауранбаев,
Б.Юнусалиев, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак, Э.В.Севортян, А.Н.Кононов,
Ә.Т.Қайдар, Ә.Ибатов, М.Томанов, Б.Сағындықұлы, Ж. Манкеева, Е. Қажыбек
т.б.) қолдау тауып, зерттеу нәтижелері түркі тілдері бойынша түбір және
түбір-негіздер жүйесін құрайтын 6 құрылымдық модельді – V, VC, VCC, CV,
CVC, CVCC – негізгі тұлғалар деп танығанмен, осы модельдердің қайсысы
алғашқы (этимон түбір, этимологиялық түбiр, архетүбір, өлі түбір, ілкі
түбір, бастапқы түбір, т.б.) деген мәселе үлкен пікірталас өзегі болып
отырғаны белгілі.
Түркi тiлдерiндегi түбiр морфемалардың фонетикалық құрылымын әр қырынан
қарастырған Н.А.Баскаков түркi түбiрiнiң CVC тұлғалы болып келетiнi жайлы
алғашқы ойын қарақалпақ тiлi деректерi негiзiнде көрсетiп, В.Котвичтің
Исследования по алтайским языкам (1981) еңбегіне жазған алғы сөзінде
түркi түбiрiнiң екi дыбыстан тұратын ашық буынды болып келетiнiн
негiздеген В.Котвич теориясына қарсы аргумент ретiнде созылыңқы
дауыстыларды мысалға келтіру түркі түбірінің шынайы табиғатын ашып бере
алмайтынын айтады. Н.А.Баскаковтың көзқарасына қарсы А.Зайончковский орта
ғасыр ескерткiштерi тiлiнде CV тұлғалы модельдердiң көп мөлшерде
кездесетiнiн, тарихи түркi түбiрi V, VC, CV, CVC тұлғаларында қолданылғанын
көрсетеді [14, 28-29]. Бұл пікір Б. М. Юнусалиев, А.Н.Кононов,
Э.В.Севортян, А.А. Юлдашев т.б. ғалымдардан қолдау тауып, тереңдетіле
түсті. СVС тұлғалы моносиллабтар құрамындағы соңғы дауыссызды аффикстiк
деңгейде қарастырған А.Н.Кононов түркi түбiрiнiң ең шағын тұлғасы V, СV, VС
модельдерi екенiн морфологиялық талдау нәтижелерi көрсетiп отырғанын айтады
[5,108]. Э.А.Макаев түркiлiк түбiр құрылымы жөнiндегi даулы пiкiрлердi
шешудiң жолы ретiнде хронологиялық стратиграфия әдiсiн қолданудың
қажеттiгiн ұсынса [15, 21-25], И.В.Кормушин СV тұлғасын тектiл дамуының
алғашқы кезеңiне, (СV + С ) СVС екiншi кезеңiне сәйкес келсе, келесi
кезеңiнде кейбiр түбiр құрамындағы соңғы дауыссыздар қайта түсiп қалуы
мүмкiн деген болжам ұсынады [16,11-13].
Қазақ тiлiндегi қарт, қария, кәрi; айт, айтыс, айқай т.б. сөздерiнiң
құрамынан қар, ай тұлғаларын түбiр морфема ретiнде ажыратып, -т, -йа, -i,
-т, -ыс, -қай тұлғаларын түбiр құрамына қатысы жоқ элементтер ретiнде
таныған М. Томанов осы азғана фактілер тобына жасалған талдаудың өзі де
қазіргі тіл нормалары бойынша бөліп-жаруға келмейтін жалаң түбір деп
қаралатын сөздердің недәуір тобы мағынасыз түбірлер мен белгісіз
қосымшаларға ажырайтынын көрсетеді деп қорытады [17,140]. Түркілік түбір
табиғатын қазақ тілі аясында әр қырынан жан-жақты қарастырған академик Ә.Т.
Қайдар ұзақ жылдар бойы түркі тілдеріндегі түбір, негіз терминдерінің ара-
жігі толық ажыратылмай келгеніне ерекше мән беріп, аталған ұғымдардың
өзіндік ерекшеліктерімен сараланатын ғылыми анықтамасын ұсынады. Нақты
тілдік деректер мен В.В.Радлов бастаған белгілі лингвист-түрколог
ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, ... разложимость односложных корней-
основ в тюркских языках ... вполне реальный факт [18, 28] деген
қорытындыға келеді. Түркі тілдері бойынша ғалым пікірінің негізділігіне
дәлел бола алатын, дисиллабтармен қатар моносиллабтардың да біразы тіл
дамуындағы ұзақ мерзімді қамтитын агглютинативтік процестің жемісі екенін
көрсететін тілдік деректер қоры жинақталып, маңызды теориялық тұжырымдар
жасалды. Е.Қажыбек түркі тілдеріндегі гомогенді моносиллабтарды етіс-есім
омонимиясы тұрғысынан зерттеп, синкретизм құбылысының теориялық
сипаттамасын ауқымды тілдік дерек негізінде дәйектеп берсе [19], қазақ
тіліндегі етістік негіздерді морфемдiк-компоненттiк талдау барысында
тілімізде қолданылып жүрген етiстiктер құрамындағы өлі түбірлердің мол
қорын анықтаған ғалым Ж.Манкеева қазақ тіліндегі айт, арт, кет
императивтерінің құрамындағы т етістік тудырушы тарихи жұрнақ екенін
көрсетеді [20,55]. Аса ежелгi дәуiрлерде қолданылған түбiрлер мен
қосымшаларды мүмкiндiгiнше бастапқы қалпына келтiрудi өз зерттеуiнiң басты
мақсаты етiп алған Б.Сағындықұлы қазiргi түркi сөздерiнiң ежелгi тұлғасын
реконструкциялауда дәстүрлi салыстырмалы-тарихи әдiстер жиынтығымен қатар
математикалық амал-тәсiлдерге де, атап айтқанда теңдеу теориясына жүгiнедi.
Жалғамалылыққа дейінгі флекциялық құрылымның басты ерекшелігі ретінде
түркі түбірлерінің бір ғана дауысты мен бір ғана дауыссыздан тұратынын
дәйектеп көрсеткен ғалым, жеке дауыссыздар заттардың, қимыл-қозғалыстың,
сын-сапа, қасиеттердің атауы болса, дауысты дыбыстар әртүрлі семантикалық
өзгерістерді, реңктерді жеткізгенін айтады. [21, 5]. Б.Сағындықұлының
көзқарастары жалпылама алғанда лингвистикадағы фонология теориясының
қағидаларымен, императив теориясындағы идеяфондық идеялармен үндесiп, жалпы
лексикадағы фоно-семантикалық құбылыстарды нақтылай түседi. Түркi тiлдерi
түбiртану мәселесiн зерттеуде дәстүрлi әдiс-тәсiлдермен қатар тың теориялық-
методологиялық қағидаларды да ұстанудың қажеттiгiн көтерiп жүрген башқұрт
ғалымы А.Шайхулов түркi түбiрлерiнiң құрылымдық сипаттамасын жасау үш
деңгейлi (фонологиялық, морфологиялық, семантикалық) зерттеу аясында
жүргiзiлгенде ғана нәтижелi болатынын баса көрсетеді. Ғалым тұжырымдарынан
түбiр табиғатын зерттеуде теориялық-танымдық бағытты да ұстанатынын,
имманенттiк талдау мен когнитологиялық талдауды ұштастыра қарастыруды
қолдайтынын байқаймыз [22]. Қазақ тiл бiлiмiнде түбiртану жайлы соңғы
жылдары айтылған маңызды ой-пiкiрлер мен тұжырымдарды А.Салқынбайдың,
Ш.Жалмахановтың, М.Сабырдың, Ұ.Исабекованың т.б. еңбектерiнен
кездестiремiз.
Түркi лингвистикасындағы түбiртану мәселесi бойынша айтылған ой-
пiкiрлер, түбiрлер мен түбiр-негiздердiң жекелеген аспектiлерiн қарастырған
зерттеу нәтижелерi де, кешендi түрде жүгiзiлген зерттеулер де тiлдегi
түбiрлiк деңгейдiң қалыптасуы мен дамуы фонетика-фонологиялық,
морфологиялық, семантикалық, ономасиологиялық құбылыстардың өзара тығыз
байланысына негiзделетiнiн, түбiр табиғатын тереңiрек тани түсу үшiн
моносиллабтардың сыртқы тұлғасы мен iшкi мазмұнын сабақтастыра қарастырудың
қажеттiлiгiн көрсетiп отыр. Себебi, жалпы лексикалық байлықтың өзегiн
құрайтын моносиллабтар адамзат өмiрiндегi тiлдiң маңызын айқындайтын сан
қырлы рухани-функционалдық сапаны қамтамасыз ететiн лингво-онтологиялық
құрылым. Үнемi даму үстiнде болатын тiлдiк жүйенiң өзгермелi, икемдi
табиғаты моносиллабтардың құрылымдық модельдерiнiң даму бағытымен, оның
құрамындағы фоно-корреляттардың өзара сәйкестiк түзу мүмкiндiгiмен, таралу
аясымен, фоно-морфологиялық, фоно-семантикалық, идеофондық, идеосегменттiк
қырларымен сипатталады.
Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың
құрылымдық модельдері деп аталатын ІІ тарау ескерткіштер тіліндегі бір
буынды түбір негіздерді қыпшақ тілдеріндегі сәйкес нұсқаларымен салыстыра
отырып, гомогенді моносиллабтар негізінде бастапқы құрылымдық типтерді,
олардың даму бағытын шамалауға бағытталған. Орхон, Енисей, Талас
жазбаларында 350-дей ғана бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздер
қолданылған. Аз ғана бiр буынды модельдер бабалар тiлiнiң лексикалық қорына
негiз болған түбiрлер жүйесiн толық көрсете алмасы да анық. Көне мұралар
тiлiндегi моносиллабтар көлемiнiң қазiргi түркi тiлдерiндегi
моносиллабтарға қарағанда ықшам болуы, бiрiншiден жекелеген авторлар мен
бедiзшiлердiң сөз қолданысына, тiл байлығына, дара стилiне байланысты
болса, екiншiден арада өткен 1300 жылдық тiл дамуының табиғи заңдылығы да
ықпал етпей қоймайды. Көне жазбалар тiлiнде сақталған моносиллабтар сандық
көрсеткiшi шағын болса да, көне тiлдiң басты ерекшелiктерiн, түбiр сөздер
мен түбiр-негiздер жиынтығының сұлбасын анықтауға мүмкiндiк бередi әрi
қазiргi түркi тiлдерiндегi түбiр табиғатын саралауда деректiк құндылығы аса
жоғары.Түркi тiлдерiнiң түбiр және түбiр-негiздер жүйесiн құрайтын
классикалық алтылықтың барлық модельдерi де көне түркi тiлiне тән
болғанымен, олардың қолданыс жиiлiгi, мағыналық дербестiгi, қазiргi қыпшақ
тiлдерiндегi нұсқаларымен тұлғалық сәйкестiгiнің деңгейі де әртүрлi.
Дауысты дыбыстан тұратын бiр құрамды V моделi көне түркi жазбаларында
алты-жеті сөздi ғана қамтитыны белгiлi [5,76.18,40.24,96]. Түркi тiлдерi
дамуының бастапқы кезеңiнiң көрiнiсi болып табылатын бұл сөздер ҮII-IХ
ғасырларда дербес мағыналы сөз түрiнде қолданылса, қазiргi қыпшақ
тiлдерiнде е быть Тал. ІІІ етістігінен басқасы дербес лексикалық
қабiлетiнен ажырап, түбiр-негiздер құрамында ғана сақталып отыр.
u увеличивать Эл. 1 (ДТД, 74). Көне жазбалар тiлiнде ұлғаю, өсу
мәнiн беретiн u түбiрiнiң дербес лексема ретiнде қолданылуы Тува
аймағындағы Элегест елдi мекенi маңынан табылған ескерткiште ғана
кездеседi. Өзге Орхон, Енисей, Талас жазбаларында осы түбiрден жасалған *ul
түбiр-негiзi қолданылады: ulga расти, сделаться большим Е. 29, 7 (ДТД,
76); ulgat вырастить ХБ (ДТД, 76); uluγulug большой, важный, старший
Е. 47, Тон. 5, КЧ. 3, КТү. 28, 34 (ДТД, 76). Ескi қыпшақ тiлiнде ulaldur
увеличивать, умножать, ulu большой (Құрыш. 209); башқ. оlo; тат.
оlïolü; ққалп. ullï; қаз. ulïulïq великий, большой. Қазiргi түркi
тiлдерiндегi ülken үлкен сөзi де u тұлғасымен түбiрлес: ü → ül → ülken.
Қыпшақ тiлдерi деректерi бойынша көне түркiлiк u түбiрiнiң u, ü, o
нұсқалалары ажыратылады.
ï растение (ДТС, 603): ï bar bas asdïmïz бұтасы бар шыңнан астық
Тон. 26 (Айд. II, 52). Н.А.Баскаков ï моносиллабы жайлы ... корень у,
который встречается главным образом в парных словах типа y – yγač всякая
растительность, y – taryγ посева злаковых культур, y – taš заросли и
скалы (камни) и поэтому также представляется либо заимствованным из
других языков, либо графически ущербно оформленным, либо фонетически
редуцированным деп ï тұлғасының дербес лексемалық қабiлетiне, түркiлiк
табиғатына күмәнмен қарайды [23, 41-42]. Тоникук ескерткiшiнде ï тұлғасының
дербес қолданылуы: Atïγ ïqa bajur ertimiz Атты бұтаға байладық Тон. 27
(Айд. II, 109) аталған моносиллабтың көне түркiлер тiлiнде дербес мағыналы
сөз екенiн көрсетедi, сондай-ақ ï дыбысын белгiлейтiн таңба айқын
бедерленгiндiктен (екi сөйлемде де) графикалық көркемдеуден кеткен олқылық
деуге де келмейдi. И.А.Батманов бастаған зерттеушiлер ï сөзiнiң ағаш
мәнiн де көрсетедi (ДТД, 83). Сондықтан жалпы түркiлiк
ïγašïγačaγašagačjïγaš лексемаларының негiзiнде ï түбiрi жатқанын
байқауға болады. Тониқук ескерткiшiнде қолданылған ïγač tutunu aγturtum
Ағаш ұстап шықтық (көтерiлдiк) Тон. 25 (Айд. II, 109) сөзi қыпшақ
тiлдерiнде а тұлғасымен қалыптасқан: е. қып. jïγačaγasaγač дерево,
древесина, лес (Құрыш. 77); құм., тат., қар. аγač; ноғ., ққалп., қаз.
aγaš; башқ. аγas. Махмұд Қашқари еңбегiнде ïγač сөзi jïγač түрiнде
тұлғаланып густое дерево (МҚ. II, 25), қалың жыныс, ну орман мәнiн
бередi. Ескерткiштер тiлiнде jïš тау, орман, тоғай (Айд. I, 163)
лексемасы да қолданылады: Ötuken jïšqa jig idi joq ermis Өтүкен жынысында
игi (жақсы) ие жоқ едi КТк. 4 (Сартқ. 259). *jï тұлғасы ï, ïγ
моносиллабтарымен генетикалық жағынан туыс екенi анық аңғарылады. Гомогендi
моносиллабтардың түркi тiлдерi дамуының көне түркiлiк кезеңiнде қатар
қолданылуы олардың тарихи қалыптасуы әлдеқайда ертеден, түркiлiк тектiл,
баба тiл кезеңдерiнен бастау алатынын аңғартады. Көне түркi тiлiндегi ï
түбiрiнiң ағаш мағынасымен қатар жалпы өсiмдiк мәнiн беруi қазiргi
қазақ тiлiндегi arša, ïpγaj, arpa т.б. өсiмдiк атауларының этимологиялық
негiзiн анықтауда есте ұстайтын мәселе.
Тiл де адами құндылықтардың негiзгiсi ретiнде саналы адамзат өмiрiндегi
маңыздылығы артқан сайын күрделене бередi, жетiлген дыбыстық тiлде оның
бастапқы жай-күйiнiң сiлемдерi мен болмашы iздерi ғана сақталады. Түркi
тiлдерiндегi V модельдi моносиллабтарды да сондай реликт белгiлер, өте
ежелгi лексикалық қордың сұлбасы ретiнде қабылдағанымыз жөн. Қазақ
тiлiндегi ös, ön, ör (өрле, өрбi, өршi, өркенде) тәрiздi моносиллабтардың
ортақ мазмұны мен тұрпатындағы ұқсастықтарды кездейсоқ құбылыс деуге
келмейдi, ортақ мазмұнды арқалап тұрған ö дауыстысы екенi аңғарылады.
Даму, жетiлу, көбею, пайда болу идеясы *ur (ұрпақ, ру, ұрық, ұрғашы)
моносиллабында да сақталғаны белгiлi. ör, *ur тұлғаларын гомогендi
моносиллабтар ретiнде қарастырылады [28, 111]. *Ur тұлғасының жалпы мазмұны
*ür (үрiм-бұтақ, үрпi), ul ← oγul, um (Ұмай), *ul (ұлы, ұлғаю, ұласу), *ül
(үлкен) т.б. моносиллабтарында сақталуы да u, ü дауыстыларының идеялық
қабiлетiн танытады. Демек қазiргi түркi тiлдерiнде пайда болу, даму,
жетiлу, жалғасу, көбею идеясын сақтаған u, ü, o, ö дыбыстарынан басталатын
гомогендi сөздердiң гипотезалық iлкi түбiрi ретiнде V модельдi *u, *ü, *o,
*ö моносиллабтарын ажыратуға мүмкiндiк бар. Мұндай мысалдар VІІ—ІХ ғасыр
жазба ескерткіштері тіліндегі V модельді моносиллабттардың тарихилығына
күмәнмен қарауға болмайтынын, керісінше оларды жалпы түркілік моносилаб
концепциясының өзегі ретінде тану қажеттігін көрсетеді.
Ескерткiштер тiлiнде VС модельдi моносиллабтардың бiразы дербес лексема
түрiнде қолданылса, бiразын дисиллабтар мен полисиллабтар құрамынан
ажыратуға болады.
*aγ→aγït отгонять, разгонять (ДТС, 20): Oza kelmis süsin Kültegin
aγïtïp, Toņra bir oγuš alpaγu on erig toņatigin joγïnta egirip ölürtimiz
Оза келген әскердi Күлтегiн қуып, Тоңра руынан шыққан он ердi Тоңатегiндi
жерлегенде өлтiрдiк КТү. 47 (Айд.І, 181). *aγ моносиллабы қазақ тiлiнде
босату, жiберу мәнiн беретiн aγït етiстiгiнiң құрамында сақталған:
құлынды, бұзауды ағыт; түймеңдi ағыт; суды ағыт т.б.; қырғ., ққалп. aγït.
Көне түркiлiк aγït сөзiнiң айыр, ағыт, босат, жiбер мағыналарын Ғ.Айдаров
көрсетедi (Айд. I, 206). *ad→adaγadaq нога (Лев. 43): Türk budun adaq
qamaštdi Түркi халқының аяғы әлсiредi КТү. 47 (Айд. I, 181) ~ ескi қыпшақ
тiлiнде – adaqajaq (Құрыш. 79); тат., башқ., құм., ноғ., ққал., қаз. ajaq.
*ad→adïnčïγ другой, иной (ДТС, 10) ерекше: Aņar adïrčïγ barq jaraturdïm
Оларға ерекше жай салдырдым КТк. 12 (Айд. 170) ~ е. қып. *ajej →
ajruqejriki (Құрыш. 81); ққалп. ajrïq, қаз. ajrïqšaerekše. *ad→adiril
отделиться (ДТД, 32): Qara Čur esiz ... özüge ujalarïna adïrïlmiš Қайран
Қара Чур өз ұяларынан, туыстарынан айырылды Тал. 2 (Аманж. I, 44) ~ е.
қып. aj→ajrïl (Құрыш. 81); башқ., ноғ., қар., ққалп., қаз. ajïrïl; тат.
ajerïl: Көне түркiлiк *ad моносиллабы қазақ тiлiндегi adïra qal тiркесiнiң,
adïr (адыр-адыр жер) лексемасының құрамында сақталған. *ad→adγïr жеребец
(ДТД, 40): Kultegin Bajïrqunïņ aq adγïrïγ bïnïp oplaju tеgdi Күлтегiн
Байырғының ақ айғырын мiнiп шабуылға шықты КТү. 35 (Айд. I, 179) ~ е. қып.
*aj→ajγïr, *az→azγïr (Құрыш. 80); баш., ноғ., тат., құм., ққалп., қаз.
ajγïr. Түркi-монғол тiлдерiне ортақ adγïr лексемасы жалпы алтай тiлдерi
бойынша *ad ≈ *az ≈ *až ≈ *at ≈ *as ≈ *ax ≈ *aj ≈ *oj ≈ *öj түбiрлес
моносиллабтар кешенiн құрайды. *az→azman кличка лошади (ДТС, 73) Kültegin
azman aqïγ binip oр laju tegdi Күлтегiн Азбан ағып мiнiп шабуылға шықты
КТү. 45 (Айд. I, 181) ~ қаз. az(ban); ққалп. az(man) жеребец. *aγ
бөлiну, *ad айақ, *ad бөтен, *ad бөлiну, *ad айғыр, *az азбан
моносиллабтары қозғалу, қимыл, бөлiну идеясын сақтаған жалпы түркiлiк aq
≈ аγ ≈ at ≈ ad ≈ az ≈ až ≈ aj ≈ aw т.б. гомогендi моносиллабтар кешенiне
кiретiн туынды тұлғалар, гипотезалық iлкi түбiрi aï тұлғалы V моделi. ač
голод, голодный, голодать (ДТД, 32): bir todsar ačsïq emezsen бiр тойсаң
аштықты ойламайсың сен КТк. 8 (Айд. I, 169) ~ е. қып. ač; қар., құм., тат.
аč; башқ. аs, ққалп., ноғ., қаз. aš. Жалпы түркiлiк ašas еда, пища (ДТС,
61) сөзi көне түркi жазбаларында кеңiнен қолданылады, мысалы: Ičir ašsïz,
tašra tonsïz iшi ассыз, сырты тонсыз КТү. 26 (Айд. I, 176) ~ (Құрыш. 89);
башқ., тат., қар., құм. аš, қаз., ноғ., ққалп. аs. Тамақ, ауқат мәнiндегi
asaš моносиллабы мен аштық, қарны ашу мәнiндегi ašač синкретизмi де
түркi түбiрлерiне тән антиномиялық қатынастағы гомогендi бiрлiктер. öņ
впереди: öņr kün toγsïqda Bökli čöllig il, tabγač, tüpit, apar, nurum,
qïrïq az, uč qurïqan, otuz tatar, qïtan, tatabï bunča budun kelipan ...
әуелi (алдымен) шығыстан Бөклi шөлiнiң есi, табғаш, тибет, авар, үрiм,
қырық аз, үш құрықан, оғыз татар, қытан, татабылар сонша халық келiп ...
КТү. 4 (Айд. I, 172). Көне түркi тiлi сөздiгiнде öņ моносиллабының 1.
алдыңғы жақ (шығыс); 2. алды, алдыңғы; 3. алдымен, бұрып, ерте
мағыналары көрсетiледi (ДТС, 385, 386). Орхон ескерткiштерi тiлiнде
қолданылған öņ сөзiнiң алды, алдыңғы жақ мәнi қазiргi қыпшақ тiлдерiнде
кеңiнен қолданылатын oņ оң жақ (матаның, киiмнiң оң жағы), öņ түр-түс,
жүз, бет, оңу (өңi түсу) сөздерiнде сақталған: қаз., ққалп., ноғ.,
қырғ. öņoņ; тат., башқ. öņ, joņ, oņ, uņ. Қазақ тiлiндегi өңмеңдеу, өңiр
(киiмнiң алдыңғы жағы), өңгеру, өңдеу лексемалары құрамындағы oņ
моносиллабы да аталған тұлғамен түбiрлес. Қазiргi түркi тiлдерi бойынша öņ
моносиллабының бояу, ала, жылтырақ (полировка, глянец), әдемiлiк
мағыналары да тiркелген (ЭСТЯ I, 534, 535). Орта ғасыр қыпшақ
ескерткiштерiнде де öņ сөзiнiң алдыңғы мәнi қолданылған: öņ ajaqlarï
передние ноги (лошади) (Құрыш. 179). *üz→üze наверх, вверху КТү. 1, 10,
16; Тон., 16; БҚ. 3; Е. 32 (ДТД, 78): Üze kök teņri, asra jaγïz jir
qïlïntuqta ekin ara kisi qïlïnmïs Жоғарыда көк тәңiрi, төменде қара жер
жаралғанда екеуiнiң арасында адам баласы жаралған КТү. 1 (Айд. I, 171):
қаз., ноғ., ққалп. üsti; қырғ. üstü, тат. üzre, öst; башқ. ös, östö.
Э.Севортян üst лексемасын üs түбiр-негiзiнен жасалған туынды сөз ретiнде
қарастыра отырып, Более ранней формой үс является, по-видимому, үз, для
которого ср. тур. диал. üz dermek снимать сверху (о посеве)... деген ой
айтады (ЭСТЯ I, 639). Орта ғасыр ескерткiштерi тiлiнде üzere, üct тұлғалары
қатар қолданылады. Көне түркiлiк üze сөзiнiң жоғарылау мәнi қазiргi түркi
тiлдерiндегi ер-тұрман жабдығы üzengi сөзiнде сақталған: қаз. üzengi; тат.,
башқ. özäņgi; ққалп. üzeņgj. Киiз үй жабдығы üzik киiз үйдiң жоғарғы
бөлiгiне, уыққа жабылатын киiз жамылғы лексемасы құрамынан да üz
моносиллабын ажыратуға болады. ҮII-IХ ғасыр түркi жазба ескерткiштерi тiлi
деректерi жалпы түркi түбiрлерiнiң құрылымдық жүйесiнде дауысты,
дауыссыздан тұратын VС тұлғалы моносиллабтардың кеңiнен қолданылатынын,
олардың басым көпшiлiгi қазiргi қыпшақ тiлдерiнде өзгерiссiз сақталғанын
көрсетiп отыр. Мағыналары мен тұлғалары ұқсас VС модельдерiнiң негiзiнде
олардың тек дауыстыдан немесе жартылай созылыңқы дауыстыдан тұратын V
моделiнен дамығанын аңғаруға болады.
Сандық көрсеткiшi аз болғанымен түркi тiлдерiндегi СV модельді
моносиллабтардың бәрi дерлiк синкретизмдер қатарынан табылуы аталған
құрылымның етiстiк, есiм сөз таптары қалыптасуының тарихи кезеңдерiнен
мағлұмат беретiн көне белгiлер қатарына жататынын көрсетедi. Ескерткiштер
тiлiндегi дербес қолданылатын СV тұлғалары негiзiнен етiстiк мәнiн
сақтаған, жалпытүркiлiк континуумда олардың есiм мәнiн ажырату қиындық
тудырмайды.
kü молва, слух КТү. 12, 25, 26; БҚ. 36; Тон. 32 (ДТД, 55): Tašra
jorïjur tijin kü esidep ... Шетте жүр деген хабар есiтiп ... КТү. 12
(Айд. I, 173). ku моносиллабы М.Қашқари шығармасында да кездеседi (МҚ. III,
212). Көне түркi тiлi сөздiгiнде kü оберегать, охранять мағынасы
тiркелген (ДТС, 322). Көне түркiлiк kü хабар, дыбыс лексемасы қазiргi
қыпшақ тiлдерiнде дербес мағыналы сөз ретiнде кездеспейдi. Қазақ тiлiндегi
kübir, küņkil сөздерiнiң мазмұны көне түркiлiк kü моносиллабының мазмұнына
сәйкес келуiне қарағанда ортақ түбiр елiктеуiштен жасалуы мүмкiн.
sü войско КТү. 12, 28, 32; МЧ. I, 6; КЧ, 10, 20; БҚ. 25, 26 (ДТД, 66):
birgerü tabγač tapa uluγ su eki jegirmi süņüšdim Бергерi Табғашқа қарсы
үлкен әскермен он екi (рет) соғыстым. КТү. 28 (Айд. I, 177). Орхон
жазбаларында sü моносиллабы арқылы жасалған süle соғысу, шайқасу, süņüš
соғыс сөздерi де кездеседi. Ғ.Айдаров süņüš лексемасын қазақ тiлiндегi
cüņgi сөзiмен байланыстыра отырып сүңгiлес деп аударады (Айд. I, 218).
СV тұлғалы моносиллабтардан СVС моделiн тарату түркi түбiрiнiң даму
табиғатына қайшы келмейді. Жалпы түркi тiлдерiндегi өзара семантикалық
байланысы анық байқалатын СVС тұлғалы моносиллабтардың алғашқы екi
компонентi тұлғалас — тұрпаттас болып келуi де әрдайым кездейсоқ сәйкестік
бола бермейді. Мұндай құбылыстарды VII-VIII ғасыр жазба ескерткiштерi
тiлiндегi СVС тұлғалы моносиллабтардан да аңғаруға болады. Түркi
тiлдерiндегi СV тұлғалы моносиллабтар құрамынан о бастан-ақ дауыссыз +
дауысты дыбыстардың тiркесiнен тұратын тарихи түбiрлердi де СVС моделiнiң
соңғы дауыссызының ықшамдалуы негiзiнде жасалған түбiр-негiздердi де
кездестiремiз. Сондықтан СV моделі кейде үшiншi дәрежелi процесс болуы да
мүмкiн: СV → СVС → СV. Тiл де адами құндылықтардың бiрi болғандықтан тiлдiк
жүйедегi құбылыстар арасындағы қарама-қайшылықтың болуы табиғи заңдылық.
Синхронды тұрғыдан алғанда жалпы тiлдiк жүйеге жүйелiлiк тән болғанымен,
оның құрамы үнемi қозғалыста, бұл процесс прогрессивтi де регрессивтi де
болуы ықтимал.
Қазiргi түркi тiлдерi моносиллабтар жүйесiнде саны жағынан басым СVС
моделi көне түркi жазба ескерткiштерi тiлiнде де ең көп қолданылатын дербес
лексемалар қатарына жатады, ендi бiр тобын туынды сөздер құрамынан
кездестiремiз.
*jab→jabuz – jablaq дурной, плохой (ДТД, 42), БҚ. 32; Он. I, 7, КТү.
26: Ičire ašcïz, tašra tonsïz, jabïz, jablaq budunta üze olurtim Iшi
ассыз, сырты тонсыз, әлсiз, нашар халыққа отырдым (Айд. I, 176) ~ қаз.,
ққалп. žawïz; қар. juυuz; тат. jaυïz; башқ. jawïz. Ескерткiштер тiлiнде қос
сөз түрiнде де, жеке-дара да қолданылған jabuz, jablaq тұлғаларының
түбiрлес екенiн байқауға болады. Көне түркi тiлi сөздiгiнде jaυuz сөзiнiң
жаман, әлсiз, бейшара, jaυlaq сөзiнiң жаман, нашар, қаскөй мағыналары
көрсетiледi (ДТС, 222). Бiлге қаған жазбасында jabïr әлсiрету, талқандау
(Сартқ. 196). Ортақ негiзi – *jab моносиллабы. Зерттеушiлер jaυuz, jablaq
лексемаларын жалпы түркiлiк zamanjaman сөзiмен байланыстырады (ЭСТЯ IҮ,
48). Қаз., ққалп. žaman; қар., қтат., құм., ноғ., тат., башқ. jaman.
*jab≈jam моносиллабтарын генетикалық байланыста қарастыруға фонологиялық
заңдылықтар да, семантикалық заңдылықтар да қайшы келмейдi. Қазақ тiлiндегi
жабы қазақ жылқысының қарабайыр тұқымы: Жалы бар деп, жабыдан айғыр салма
(мақал); Жабы болды жүнi жығылды, жүнжiп кеттi (ҚТТС. III, 482) сөзiнiң
мазмұнынан да *jab моносиллабының семалық белгiлерi байқалады. *jab, jam
моносиллабтарының жалпы мазмұны jaγ жау моносиллабының мазмұнына сәйкес
келедi. Сондықтан jabjaυ, jam моносиллабтарын да *ja тұлғасынан таратуға
негiз бар.
*bal→balbal ритуальный камень (ДТС, 80) Е. 32; КТү. 16: Bašlaju qïrq
az qaγanïγ balbal tiktim Қырқ аз қағанынан бастатып балбал қойдым КТү. 25
(Айд. I, 176) ~ қаз., ққалп., қырғ. balbal. Монғол тiлiнде bal balbalax
тiркесiнiң қаз тұру, қаз-қаз басу мағыналары тiркелген (МҚС, 63).
Түркiлер дәстүрiндегi балбал тасты тiгiнен тұрғызып қою balbal сөзiнiң
семантикалық уәжiне негiз болуы мүмкiн. Салыстырыңыз bala бала.
*qob→qobrat собирать МЧ. I, 5; КТк. 10: qaγan olurïp, joq,, čuγaj
budunïγ qop qobratdïm Қаған болып, жоқ, жарлы халықты көп көтердiм
(жинадым) (Айд. I, 170). Қазiргi қыпшақ тiлдерi сөздiктерiнде qob
моносиллабының жинау мәнi тiркелмеген. Салыстырыңыз: qora, qotan мал
түнейтiн орын; qobïra шашылу, qobïraγan көп, қаптаған (адам). *qo
тұлғасының мазмұнынды оппозициялық қатынастағы жинау ↔ шашу мәндерi де
де сақталған тәрiздi.
teņ мера, количество, равенство Е. 26 (ДТД, 72) ~ қаз., қырғ., құм.
teņ; тат., башқ. tijņ. Жалпы алтай тiлдерiне ортақ teņ моносиллабының
қазiргi түркi тiлдерi бойынша бiрнеше мағынасы тiркелген: салмағы, көлемi
бiрдей, құрдас (жасы бiрдей), тектес (негiзi бiр), жұп, келiн,
ұқсас, салыстыру, салмақ, көлем, жас, ыңғайлы уақыт, тәртiп,
реттiлiк, жүктiң жартысы т.б. (ЭСТЯ III, 192-193). teņ лексемасының
көрсетiлген мағыналарының бәрiне ортақ мазмұн көлемi, салмағы, жасы, тегi
т.б. қасиеттерi бiрдей. Қазақ тiлiндегi teņ түйеге арту үшiн салмағын,
көлемiн бiрдей етiп орап, байлаған жүк зат есiмi көшпелi өмiр салтына
байланысты өте ерте кезеңде қалыптасқан көне сөз: Тең теңiмен, тезек
қабымен (мәтел). Сондықтан teņ сөзiнiң зат есiм мәнiнде жұмсалуын
семантикалық субстантивтену құбылысы ретiнде қарастыруға келмейдi. Жалпы
түркiлiк моносиллабтарға тән полисемантикалық қабiлеттi teņ лексемасының
табиғатынан да байқауға болады. teņ моносиллабының түпкi мазмұнында
заттық, сындық, iс-әрекеттiк семалардың бәрi болуы мүмкiн. Хакас тiлiнде
töj тұлғасының қолданылуы байлау мағынасын беретiн tüj, taņ (жараны
таңу) моносиллабтарымен қатысын тереңiрек қарастыруды қажет етедi..
šeg падаль (ДТД, 82), Тон. 8: Biz šeg ertimiz Бiз өлiмшi едiк (Айд.
II, 105). Өлексе, өлiмтiк мәнiн беретiн көне түркiлiк šeg моносиллабының
сұлбасы қазақ тiлiндегi жас нәрестелерге, өте кәрi адамдарға қатысты
қолданылатын šetinew қайтыс болу етiстiгiнен байқалады. šeg≈*šet(ine)
моносиллабтарының мазмұндық сәйкестiктерi арқылы ортақ негiзi *še тұлғасы
екенiн аңғарамыз. Салыстырыңыз: set →setine.
ҮII-IХ ғасыр түркiлерi тiлiнде дербес лексемалық сападағы немесе
дисиллабтар мен полисиллабтар құрамынан айқын ажыратылатын СVС тұлғалы
моносиллабтардың ауқымдылығы жалпытүркiлiк моносиллабтар жүйесiндегi
архимодельдi анықтаудың критериi бола алмайды. Өз дәуiрiнде бейнелi де
көркем тiл болған көне түркiлер тiлiнiң базистiк лексикасы қазiргi
тiлдердегi бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздерден айрықша
ерекшеленбейдi. Көк түркiлер дәуiрiне дейiн де бiрнеше тарихи кезеңдердi
басынан өткiзген жалпы түркiлiк лингво-эволюция барысында моносиллабтар
жүйесi де кезең-кезеңiмен даму жолынан өткенi белгiлi. Ескерткiштер тiлi
мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi СVС құрамды моносиллабтарды морфемдiк-
компоненттiк және танымдық-логикалық-семантикалық талдау барысында Орхон,
Енисей және Талас ескерткiштерi тiлiндегi СVС тұлғалы модельдердiң бәрi
бiрдей архитұлға бола алмайтынына, олардың тең жартысы тiлдiң тарихи
дамуына байланысты СV моделi негiзiнде дамып-жетiлгенiне көз жеткiзу қиын
емес. Жасырын синкретизм құбылысын көрсететiн гомогендi корреляттар
құрамында СVС модельдi тұлғалардың жиі кездесуі де кездейсоқ құбылыс емес.
CVC модельдi гомогендi параллельдердiң ауслаут корреляттар арқылы
семантикалық жiктелiске ұшырауы моносиллаб құрамындағы CV компонентiнiң
интеграциялаушы мазмұнды, ал соңғы консонант дифференциациялаушы мазмұнды
иеленуiне байланысты қалыптасуы мүмкiн.
Түркi тiлдерiнде VСС модельді дербес түбiр-негiздердiң сандық көрсеткiшi
тым аз екенi белгiлi. Қазiргi қазақ тiлi бойынша VСС модельдi 19 дербес
лексема тiркелсе [25,63-64], А.М.Щербак реконструкциялаған жалпы түркiлiк
бiр буынды сөздер тiзiмiнен 6 сөздi ғана кездестiреміз [24,193-198].
*alk ослабевать, уменшаться (ДТД, 59); alq→alqïn КТк. 9; Тон. 3: türk
budun ölti, alqïndï, joq boltï Түркi халқы қырылды, алқынды, жоқ болды
(Айд. II, 104) ~ қаз., ққалп. alqïn; қырғ. alkïn. Қазақ тiлiндегi alqïn
етiстiгiнiң ентiгу, әлсiреу, шаршау мағыналары арқылы *alq
моносиллабының негiзiнде елiктеуiштiк мазмұн жатқанын аңғаруға болады.
Alqïm тамақ, мойын, alqa мойынға тағылатын әшекей сөздерiнің негізі де
*alq моносиллабы.
elt тянуть, вести, уводить (Лев. 40) КТү. 23: jarаqlïγ qantan kelip
jana eltdi Жарақты қайдан келiп айдап кеттi (Айд. I, 176) ~ ескi қыпшақ
тiлiнде еlt (Құрыш. 111); ққалп., қар., құм. еlt; тат., башқ. ijlt.
Э.В.Севортян elt лексемасын el әкелу, апару (алып бару), жеткiзу
түбiр етiстiгi мен бұйрық райдың қосымшасы -t арқылы жасалған екiншi
дәрежелi етiстiк ретiнде таниды (ЭСТЯ I, 269). elt лексемасын el→elig қол
сөзiнiң құрамындағы *el моносиллабының семантикалық, тұлғалық
парадигмасының аясында қарастыруға мүмкiндiк бар. Бiрақ қолмен ұстап
әкелу, апару мәнiн беретiн еlаl түбiрiмен iлестiрiп әкету, апару мәнiн
беретiн елт лексемасын байланыстыру логикалық қисынға қайшы, екi тұлғаға
ортақ семантикалық уәж жеткiлiксiз. Ә.Құрышжанов күнелту сөзiнiң
құрамындағы -еlt тұлғасын ХIII ғасырдан жеткен қыпшақ ескерткiштерi
тiлiндегi еlt етiстiгiнiң қазiргi қазақ тiлiндегi көрiнiсi ретiнде
көрсетедi (Құрыш. 111). Қазақ тiлiндегi elelt → eltiw, eligiw, eliktew
сөздерiнiң жалпы мазмұнында iлесу, iлестiрiп әкету мағыналарын аңғарамыз.
Салыстырыңыз: er→ ert iлестiру. Көне түркi әлiпбиiнде рт, нч, нт, лт
тiркестерiнiң бiр таңбамен ғана белгiленуi VСС тұлғалы моносиллабтардың
көне түркi тiлiне етене жақын екенiн бiлдiредi. Ал жалпы түркi түбiрлерiнiң
тарихи эволюциясы тұрғысынан қарағанда VСС моделi түркiлiк тектiл
кезеңдерiнде қалыптаса бастаған екiншi дәрежелi моносиллабтар болуы мүмкiн.
Жалпы түркi тiлдерi бойынша СVСС модельді моносиллабтар да бiршама аз
кездесетiн тiлдiк модельдер қатарына жатады. Жалпы түркi тiлдерiне ортақ
көне тұлғалар қатарында 11 СVСС модельдi моносиллаб тiркелсе [24,193-198],
қазақ тiлi бойынша, кiрме сөздердi қоса есептегенде, 190-195 сөзден
аспайды, олардың басым бөлiгi елiктеуiш негiздер [18,64].
bars барс (ДТД, 34) Е. 11: jäti böri ölürdim barsïγ kökmäkid ölürmädim
Я убил семь волков. Я не убивал барсов ланей (Аманж. 121) ~ қаз., ққалп.
barïs; қар., құм., қырғ., тат. bars. Жалпы түркiлiк bars сөзiн кiрме
элемент ретiнде қарастырушы пiкiрлер де бар. Э.В.Севортян bars сөзiн түркi
тiлдерiнiң ең көне лексикалық қабатына жатқызады (ЭСТЯ II, 69). Түркi
тiлдерiнде зоонимдер мен орнитонимдердiң бiраз бөлiгi елiктеуiштерден
жасалғаны белгiлi: arïstan, qabïlan, kökek, tïrna, qarγa т.б. Қатты дыбысқа
байланысты қолданылатын bars (барс-барс) елiктеуiшi мен barïs зоонимiнiң
мазмұнындағы сәйкестiк те кездейсоқ құбылыс болмауы мүмкiн. Елiктеуiштер
мен бейнелеуiштер арқылы жасалып, атау сөздерге айналған лексемалар жайлы
К.Ш.Хусайын Название, имеющее звукосимволическое или звукоподражательное
происхождение, со временем теряет свою природную связь и приобретает
конвенциональности, знаковости [25,166] деген ойлары арқылы сөз дамуындағы
тұлға мен мазмұнның табиғи байланысының iздерi сақталатынын көрсетедi. СVС
тұлғалы елiктеуiштерге дауыссыз дыбыстардан тұратын грамматикалық
индикаторлардың немесе модификаторлардың жалғануы сөз мағынасын нақтылай
түсетiндiктен [18,175] қатты шыққан дыбыстың жалпылама мазмұнын бiлдiретiн
bar (бар-бар, негiзiнен адам дауысына қатысты) елiктеуiшiне -*s
модификаторы жалғануы арқылы кенеттен шыққан қатты дыбысты (негiзiнен
иттiң, жыртқыш аңдардың дауысына қатысты) бiлдiретiн сөзге айналғанын
аңғаруға болады.
jurt земля, страна, родина (ДТД, 45) КТү. 49; Тон. 19: Usun bunta atlï
jurtda ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz