Delphi ортасындағы функционалды инженерлік калькулятор бағдарламасын құру


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Delphi ортасындағы функционалды инженерлік калькулятор бағдарламасын құру»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-бөлім. Delphi программалау тілі

1. 1. Delphi-дің мүмкіндіктері. . 5

1. 2. Delphi ортасымен танысу . . . 10

2-бөлім. Дельфи ортасында функционалды инженерлік калькулятор бағдарламасын құру ерекшеліктері

2. 1. Delphi-дің неізгі компоненттері . . . 15

2. 2. Delphi ортасындағы "Инженерлік калькулятор" бағдарламасы……… . . . 18

Қорытынды28

Пайдаланылған әдеиеттер тізімі. . 30


Кіріспе

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD - жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі . NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.

Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В. И. Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.

Delphi Windows жүйесiнде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайын­дау, программа мәзiрiн құру, анимация, мультимедиа процес­терiн ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистiк қо­сымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және т. б. iс-әре­кеттердi орындау да мүмкiн. Көптеген опера­тор­лардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi - күрделi қосым­шаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client - Server), екiншiсi - қалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows) . Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман программаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс iстеушiлерге арналған. әдетте пайдаланылатыны - екiншi түр.

Delphi-дi Паскаль программалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда программалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсiнiк­темелерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайда­лану және әдiстер деп аталатын түрлi командалардың жазылу түр­лерiн бiлу қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты : Borland Delphi-дің негізгі принципінің теориялық негізін зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері: ОББ туралы және Дельфи ОББ тілінің негізгі принциптері туралы түсінік беру. Дельфи ОББ-ның қасиеттері мен түрлерімен жұмыс жасау ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.

Курстық жұмыстың құрылымы: курс жұмысы мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде жұмыстың мақсаты және өзектілігі көрсетілген. Негізгі бөлімінде мәліметтер қорын Borland Delphi-де құру принципінің теориялық негізі, мәліметтер қорының байланысын ұйымдастыру технологиялары туралы түсініктеме қарастырылады.

1-бөлім. Delphi программалау тілі

1. 1. Delphi-дің мүмкіндіктері

Delphi-дiң мүмкiндiктерiн бiр кiтапқа сыйғызу мүмкiн емес. Мұнда студенттер мен өз бетiнше оқып үйренушiлер үшiн қажеттi негiзгi материалдар қарастырылған, Delphi-дi терең оқып-үйренiп, күрделi қосымшаларды дайындауға машықтанушылар үшiн кiтап соңына әдебиеттер тiзiмi енгi­зiлген. Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB -парақшалары және т. б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.

Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі - Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.

Delphi - бұл қазіргі заманда ең кең тараған әр түрлі программалық қосымшаларды жасайтын орта. Бұл біруақытта редакторда және компилятор да бола алады. Берілген орта негізінен, алдымен Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге арналған. Бірақ Delphi көмегімен Linux - ке қосымшалар өңдеп жасауға болады.

Delphi - дің кез келген программасының негізінде Object Pascal тілі - жоғары дәрежелі программалау тілі болғандықтан, ол объектті бағытталған динамикалық массивтер, әдістерді жүктеу, параметрлер т. б. тілдік амалдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Delphi - ді зерттеудің негізі екі бағыты бар: өңдеп жасау ортасын үйрену және программалау тілін үйрену.

DELPHI құралы үлкен бір программалық орта болып саналады. Соған қарамастан DELPHI ортасында жұмыс істеу онша қиын емес және де өте қолайлы. DELPHI - деректер базасын басқару жүйесі болмаса да, деректер базасымен жұмыс істегенде жоғарғы дәрежеде жұмыс істейді. DELPHI қолданушы үшін мәліметтер базасын жасауда көп мүмкіншіліктерді береді. Сол мүмкіншіліктердің біразын осы дипломдық жұмысты жасау барысында қолдандық. Қазіргі кезде DELPHI құралының мүмкіншіліктері күннен-күнге артуда. Бүгінгі күні DELPHI-дің көмегімен деректер базасын интернетте де жариялауға болады. Delphi-де программа дайындау, мәліметтер базасын басқару жүйелерін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т. б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге, кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ғаламның түкпір-түкпіріндегі бұрышында болып жатқан барлық жаңалықтарды, білім, мәдениет, саясат салаларында болып жатқан жетістіктерді, яғни барлық мәліметтерді бүкіл дүниежүзілік компьютер желісі - Интернет арқылы білетін болсақ, осы мүмкіндіктерге одан да әрі қарай қол жеткізуге Delphi программасы да өз үлесін қоса алады.

Delphi ортасының осындай мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзіміздің дипломдық жобамыздың тақырыбын ашатын мәліметтер базасын құрдым және сол арқылы әртүрлі құжаттар мен есеп берулерді үйрендім. Сонымен қатар SQL тілінде программалауды игердім.

Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi - де шамамен 200 - ге жуық дайын компоненттер бар.

Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.

DELPHI - бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.

DELPHI тілі объектілі - бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.

Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.

Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда

- Мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты.

Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.

Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.

Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол- көмекші жүйесінінің күштілігі.

Delphi 6-да басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.

Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

Бұл Delphi ортасының негізгі терезесі болып бірінші жолда мәзір орналасқан болып және саймандар тақтасы бар: Стандарт, Вид, Откладка, Палитра пользователя, панель компонентов, рабочая область

1. Негізгі терезе(Project1)

2. Обьектілер инспекторының терезесі . (Object inspector)

3. Форма конструкторының терезесі(form1)

4. Кодтар редакторының терезесі(Unit1. pas)

Бұл терезе объекттер ағаша. Бұл терезеде формадағы барлық компоненттердін тізімі тұрады. + немесе - белгісі бұл компоненттің ішкі класында екінші компоненттің бар екендігін білдіреді. Егерде компоненттің аты ерекшеленген болса онда бұл компонент формада екпінді болғанын анықтайды. Терезесі форма конструкторының терезесі болып бұл терезеге негізгі конпоненттер орналасады.

Бұл терезе объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі параметрлері енгізіледі. Оқиғалар тізімі жазылады. Мұны View/obgect inspector немесе F1клавиші арқылы экранға шығамыз . Obgect inspector терезесі екі жапсырмада тұрады.

Propertits ( қасиет )

Events (жағдай)

Терезесі кодтар редакторының терезесі болып табылады. Бұл терезеде формаға қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің уақиғалар тізімі және сол уақиға сәйкес командалар жазылады.

Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек қана бір уақытта жасауға болады.

Delphi-де құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше элементтерден тұрады. Олар

Проект коды (DPR кеңейтілген мен берген формада сақталады)

Форма сипаттамасы (DFM)

Форма модулі (PAS)

Модулдер (PAS)

Объектілер параметрі (ОРТ)

Ресурстар сипаттамасы

Копилтильда таңбасымен өзгеріс енгізеді. Ең қарапайым проектінің өзі көп формадан тұрады. Сондықтан кез-келген проект құру барысында оның барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс.

Негізгі программа төмендегідей құрылымда болады:

Program project1;

Uses Forms,

Unit1 in ‘Unit1. pas’{Form1},

Unit2 in ‘Unit2 . pas’{Form2};

{$R*. RES}

begin

Application. Initialize;

Application. Create Form(TForm1, Form1) ;

Application. CreateForm(TForm2, Form2) ;

Application. Run;

End.

1. 2. Delphi ортасымен танысу

Delphi ортасын - програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.
Delphi ортасы - көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:

1. Негізгі терезе (Project 1)

2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)

3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1)

4. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas) .

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F 12 пернесі арқылы орындалады.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы. Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады.
Бұл терезде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады

Компоненттер жинағы - Delphi-ң негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады:

Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.

Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.

Форма құрастырушының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Windows жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген.
Формада орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен және түсімен анықталады. Форманы құрастыру File=>New=>Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.

Button батырмасының кескінің ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады. Қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button 1 элементі пайда болады.

Объектілер бақылаушысының терезесі 2 парақтан құрылады: Properties - қасиеттері және Events - оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттері - параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады.

Мәтінді шығару. Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде болады:

Объект. Canvas. TextOut(x, y, Текст) ;

Мұндағы x, y - шығатын мәтіннің координат нүктелері;

Текст - айнымалы немесе символдық типті тұрақты (шығарылатын мәтін) .

TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара координаттарын,

PenPos қәсиетін пайдаланып алуға болады, мысалы: TextOut(PenPos. x, PenPos. y, ‘Руб’) ;

Деректер базасының қолданбасын құруда қолданылатын компоненттерді қарастырайық.

Деректер базасымен жұмыс істегенде қолданылатын компоненттер Data Access, Data Control, Midas, Decision Cube, Rave және InterBase парақтарында орналасады.

Data Access парағында деректерге қатынауды ұйымдастыратын визуалды емес компоненттер орналасады:

DataSource - деректердің басы

Table - ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы

Query - SQL - сұранысқа негізделген деректер жинағы

StoredProc - серверде сақталатын процедураны шақыру

DataBase - ДБ қосылу

Session - ДБ жұмысының ағымды сеансы

BatchMove - топ жазбалармен операцияларды орындау

Update - деректер жиынтығын модификациялау

NestedTable - қойылған кесте

Data Controls парағында деректерді басқаратын визуалды компоненттер орналасады:

DBGrid - кесте

DBNavigator - навигациялық интерфейс

DBText - жазба

DBEdit - бірқатарлы редактор

DBMemo - көпқатарлы редактор

DBImage - графиктік көрініс

DBListBox - қарапайым тізім

DBComboBox - комбинацияланған тізім

DBCheckBox - тәуелсіз ауыстырғыш

DBRadioGroup - тәуелді ауыстырғыш топтары

DBLookupListBox - басқа өріс деректерінің қарапайым тізімі

DBLookupComboBox - басқа өріс деректерінің комбинацияланған тізімі

DBRichEdit - толық функционалды тестілік редактор

DBCtrlGrid - модификацияланған кесте

DBChart - диаграммма

Midas парағында қашық деректер базасын басқаратын визуалды компоненттер орналасады :

ClientDataSet - клиенттік деректер жинағы

DCOMConnection - көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу

SocketConnection - Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу

DataSetProvider - деректер жиынының провайдері

SimpleObjectBroker - қарапайым объект брокері

WebConnection - Web-сервермен қосылу

CorbaConnection - Corba-клиенттің қосылуы

Decision Cube парағында шешімді қабылдайтын жүйені қалыптастыратын компоненттер орналасады:

DecisionCube - көпшекті деректер кубы

DecisionQuery - көпшекті деректерді қамтитын жиынтық

DecisionSource - көпшекті деректердің бастамасы

DecisionPivot - көпшекті деректердің көпөлшемді проекциясы

DecisionGrid - көпшекті деректердің кестесі

DecisionGraph - көпөлшемді деректердің графиктік ұсынысы

Rave парағында есеп берудің ретіне арналған визуалды компоненттер орналасады :

RvProject - проектің басты компоненті, Rave - пен байланысты қамтамасыз етеді

RvSystem - уневирсалды компонент, есеп беруді қарауды және баспаға шығаруды қамтамассыз етеді

RvNDRWriter - есеп беруді арнайы форматтағы файлға жазады және оны көруге мүмкіндік береді, баспаға шығарады

RvCustomConnection - мәліметтері жоқ есеп берумен байланыстырады

RvDataSetConnection - мәліметтермен байланыстырады

RvTableConnection - Table компаненті бар мәліметтермен байланыстырады

TRvQueryConnection - Query компоненті бар мәліметтермен байланыстырады

RvRenderPreview-RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді экранда мүмкіндік береді

RvRenderPrinter-RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді баспа құрылғысына жібереді

RvRenderPDF - есеп беруді PDF форматына ауыстырады

RvRenderRTF - есеп беруді RTF форматына ауыстырады

RvRenderHTML - есеп беруді HTML форматына ауыстырады

RvRenderText - есеп беруді мәтіндік файлға ауыстырады

InterBase парағында InterBase серверімен жұмыс істеуге арналған компоненттер орналасады :

IBTable - Table дерегінің жинағы

IBQuery - Query дерегінің жинағы

IBStoredProc- InterBase серверінде сақталатын процедураны шақырады

IBDatabase - деректер базасымен қосылу

IBTransaction - транзакция

IBUpdateSQL - деректер жиынтығын модификациялау

IBDataSet - деректердің бастамасы

IBSQL - SQL- сұранысты орындау

IBDatabaseInfo - деректер базасы туралы ақпарат

IBSQLMonitor - SQL- сұраныс орындалуының мониторы

IBEvents - сервер оқиғасы

InterBase парағының көп компоненттері Data Access компоненттеріне ұқсас болып келеді, айырмашылығы InterBase компоненттері, тек InterBase серверімен жұмыс істеуге арналған. Data Access парағының компоненттері әмбебап болып келеді.

2-бөлім. Дельфи ортасында функционалды инженерлік калькулятор бағдарламасын құру ерекшеліктері

2. 1. Delphi-дің неізгі компоненттері

Query компоненті алыстатылған SQL - серверлерге болмаса жергілікті мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.

DBGrid компоненті мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент визуалды.

DataSource компоненті - бұл компонент Table немесе Query компоненттері секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.

MainMenu компоненті - бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.

Panel компоненті - бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle, BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.

Button компоненті - бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын операторлар жазылады.

ComboBox компоненті-ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады.

Edit компоненті бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады. AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.

Label компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.

ExcelApplication компоненті - бұл компонент Microsoft Excel программасын шақыру үшін қолданылады.

WebBrowser компоненті -бұл компонент html кеңеймесінде сақталған құжаттарды көрсету үшін арналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженерлік калькулятор
Delphi-де «Инженерлік калькулятор» құру
Форманың кейбір қасиеттері
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
LINQ технологиясының ерекшеліктері мен қолданылуы
Ақпараттық технология
Бағдарлама кодтарының терезесі
Білімді бақылауды автоматтандыру. Тест құру теориясы мен әдістемесі
Delphi программалау ортасы туралы жалпы түсінік
Delphi ортасында жолдарды, жазбаларды өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz