Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Репспубликасының білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы :

«Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Мерекелер туралы жалпы түсінік

1. 1 Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мақсат-міндеттері . . . 6

1. 2 Мемлекеттік және ұлттық мерекелер . . . 8

1. 3 Мерекелердің әлеуметтік мәні . . . 16

2. Мерекелердің түрлері, қоғамдық мәні

2. 1 Мектеп мерекелерінің тиімді жағдайлары . . . 20

2. 2 22-Наурыз мейрамы, тойлану сипаты . . . 24

2. 3 Жаңа жыл туралы . . . 28

2. 4 8-наурыз - халықаралық әйелдер күні . . . 31

2. 5 Қазақстан Республикасының ресми мейрамдары . . . 35

Қорытынды . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі . Мерекелер адамзат алғаш пайда болып, табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа түсе бастаған алғашқы кезеңдерінен бастау алады. Адамзат қоғамының әлеуметтік өмірі мен дамуының құрамдас бөлігі болған мерекелердің туындауын және дамуын сол қоғамның табиғи, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерінен іздестіруіміз керек. Осыған сәйкес, әр тарихи кезеңдерде қоғамның экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық даму сипаттамалары арқылы халық мәдениетінің тарихын тануға болады. Қазақ халқының мәдени тарихын білу мәдени құбылыстардың дәстүрлілері мен жаңа бағыттағыларының байланысын анықтау біз үшін маңызды болып отыр. Соның ішінде біздің талдауға алып отырғанымыз - мерекелік мәдениет. Арнайы әдебиеттерде мерекелік құбылыстардың даму процесі көрсетілмеген. Оларға деген тұрақты, бірқалыпты көзқарастар қалыптаспаған. Біздің айтарымыз - мерекелер заман ықпалымен дамып тұратын жүйе. Мерекелер даму тарихында олардың ескі формалары қоғам талғамына сай өзгеріп немесе жойылып, болмаса көнелері жаңа сипат алады.

Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:

• Қоғамдық - саяси мерекелер

• Тұрмыстық мерекелер

• Маусымдық мерекелер

Қоғамдық саяси мерекелер салтанатты түрде өтеді. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топпен айтылатын әндер мерекені жандандырып отырады. Балалар ептілік, тапқырлық жөнінде сайысқа түседі. Мерекенің соңына қарай ересектердің құттықтаулары болады.

Зерттеу мақсаты : мерекелер ұғымы және мерекелердің түрлері мен қоғамдағы маңызын зерртеу.

Зерттеу міндеттері:

  • мереке және мерекенің түрлеріне, тойлану ерекшеліктеріне сипаттама беру;
  • мерекелердің қоғамдық мәнін анықтау;
  • тойлану сипаты туралы түсінік беру.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мерекелер туралы жалпы түсінік

1. 1 Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мақсат-міндеттері

Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

- мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын арттыру;

- елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелеу.

Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мазмұны:

Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту:

Білім күні. Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі - «Көп тілде сөйлей білеміз». Қазақстан Республикасының күні - «Еліміздің туған күні». Тәуелсіздік күні - «Еркіндік күні». Жаңа Жыл. 8 Наурыз - «Аналар мерекесі». Наурыз - «Көктем мерекесі». Күлкі күні - «Күлейікші шаттана». Қазақстан халықтарының бірлігі күні - «Достық күні». Жеңіс күні. Балаларды қорғау күні.

Мемлекеттік және жалпыұлттық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.

Мерекелер мен ойын-сауықтарға қатысуға белсенділігін арттыру.

Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.

Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.

Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру. [2]

Өз қолдарынан туысқандары қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар мен мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Үлкендерді мерекемен құттықтауға үйрету.

Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып, түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.

Үлкендер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру (қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері, ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру) .

Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін арттыру.

Мерекелер мен ойын - сауықтарға қызығушылығымен оған қатысуға ынтасын арттыру арқылы елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастырып, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелейді.

Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен, нәзіктігімен сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін тигізеді. Олай болса «Бұлақ көрсең - көзін аш» - деген нақыл сөздің өзі адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына мәдени орталықтардан бастап жолын ашса, болашақ жас ұрпақтың тамыры тереңінен қаланады. [3]


1. 2 Мемлекеттік және ұлттық мерекелер

Ұлттық мерекелер - Қазақстандық мемлекеттілікті дамытуға маңызды ықпал ететін ерекше тарихи маңызы бар оқиғаларды атап өтуге Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы ресми іс-шараларды өткізумен жалғасады. Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады.

Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

Кәсіби мереке
Заңға сәйкес күні
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні
Кәсіби мереке: Ғылым күні
Заңға сәйкес күні: - сәуірдің бірінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 5 сәуір, жексенбі
Кәсіби мереке: Ғылым қызметкерлері күні
Заңға сәйкес күні: - 12 сәуір
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 12 сәуір, жексенбі
Кәсіби мереке: Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 21 мамыр
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 21 мамыр, бейсенбі
Кәсіби мереке: Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - мамырдың соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 31 мамыр, жексенбі
Кәсіби мереке: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Заңға сәйкес күні: - 31 мамыр
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 31 мамыр, жексенбі
Кәсіби мереке: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
Заңға сәйкес күні: - 4 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 4 маусым, бейсенбі
Кәсіби мереке: Эколог күні
Заңға сәйкес күні: - 5 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 5 маусым, жұма
Кәсіби мереке: Қаржы полициясы күні
Заңға сәйкес күні: - 6 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 6 маусым, сенбі
Кәсіби мереке: Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - маусымның екінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 14 маусым, жексенбі
Кәсіби мереке: Медицина қызметкері күні
Заңға сәйкес күні: - маусымның үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 21 маусым, жексенбі
Кәсіби мереке: Полиция күні
Заңға сәйкес күні: - 23 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 23 маусым, сейсенбi
Кәсіби мереке: Мемлекеттік қызметкер күні
Заңға сәйкес күні: - 23 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 23 маусым, сейсенбi
Кәсіби мереке: Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 28 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 28 маусым, жексенбі
Кәсіби мереке: Дипломатиялық қызмет күні
Заңға сәйкес күні: - 2 шілде
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 2 шілде, бейсенбі
Кәсіби мереке: Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 13 шілде
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 13 шілде, дүйсенбі
Кәсіби мереке: Металлург күні
Заңға сәйкес күні: - шілденің үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 19 шілде, жексенбі
Кәсіби мереке: Көлік қызметкерлері күні
Заңға сәйкес күні: - тамыздың бірінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 2 тамыз, жексенбі
Кәсіби мереке: Құрылысшы күні
Заңға сәйкес күні: - тамыздың екінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 9 тамыз, жексенбі
Кәсіби мереке: Спорт күні
Заңға сәйкес күні: - тамыздың үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 16 тамыз, жексенбі
Кәсіби мереке: Шекарашы күні
Заңға сәйкес күні: - 18 тамыз
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 18 тамыз, сейсенбi
Кәсіби мереке: Шахтер күні
Заңға сәйкес күні: - тамыздың соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 30 тамыз, жексенбі
Кәсіби мереке: Білім күні
Заңға сәйкес күні: - 1 қыркүйек
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 1 қыркүйек, сейсенбi
Кәсіби мереке: Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің бірінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 6 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Отбасы күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің екінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 13 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Қазақстан халқы тілдерінің күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 20 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Атом саласының қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 28 қыркүйек
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 28 қыркүйек, дүйсенбі
Кәсіби мереке: Машина жасаушы күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 27 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Еңбек күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 27 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Әділет органдары қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 30 қыркүйек
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 30 қыркүйек, cәрсенбi
Кәсіби мереке: Мұғалім күні
Заңға сәйкес күні: - қазанның бірінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 4 қазан, жексенбі
Кәсіби мереке: Құтқарушы күні
Заңға сәйкес күні: - 19 қазан
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 19 қазан, дүйсенбі
Кәсіби мереке: Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - қазанның соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 25 қазан, жексенбі
Кәсіби мереке: Статистика күні
Заңға сәйкес күні: - 8 қараша
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 8 қараша, жексенбі
Кәсіби мереке: Ұлттық валюта - теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі
Заңға сәйкес күні: - 15 қараша
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 15 қараша, жексенбі
Кәсіби мереке: Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - қарашаның үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2014 жылғы 15 қараша, жексенбі
Кәсіби мереке: Прокуратура күні
Заңға сәйкес күні: - 6 желтоқсан
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2014 жылғы 6 желтоқсан, жексенбі
Кәсіби мереке: Кеден органдары қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 12 желтоқсан
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2014 жылғы 12 желтоқсан, сенбі
Кәсіби мереке: Энергетик күні
Заңға сәйкес күні: - желтоқсанның үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2014 жылғы 20 желтоқсан, жексенбі

Қоғамдық саяси мерекелер:

- 6 шілде - Астана күні;

- 30 тамыз - Конституция күні;

- 16 - 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні;

- 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;

- 1 мамыр - халықаралық ынтымақтастық күні;

- 7 мамыр - Қарулы күштер күні;

- 9 мамыр - Жеңіс күні

Тұрмыстық мерекелер балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке - Жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сияқты сиқырлы ғажайыптарға толы, ол балаларға толып жатқан қызықтар әкеледі. Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша - жаңа жыл мерекесінің орталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Әрбір мерекелерде бала өзі ұнатқан кейіпкерді алып, ойын ойнауы керек. Мектепке шығарып салуға арналған ертеңгілік даярлық топтары үшін ұйымдастырады. Қонаққа келген сәбилер тобы өз өнерлерін көрсетіп аяқтағаннан кейін ересек жолдастарын құттықтайды, бір - біріне естелік сыйлықтар береді. [2]

Тұрмыстық мерекелер:

- Жаңа жыл мерекесі;

- 22 наурыз - ұлыстың ұлы күні;

- Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі

Маусыдық мерекелер жыл мезгілдеріне байланысты өткізіледі. Олардың тақырыбы балаларға күнделікті өмір мен іс - әрекеттен алынатынын, мыс: жазғы мереке кезінде балабақша ауласында концерт түрінде өткізіп, жаңа әндер айтып, би билеуі қаншалықты әсер ететінін байқауға болады. Күз мерекесінде өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерден өрілген әшекейлі тізбектер, жемістер макеті балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түседі. Қыс мезгілінде боранның уілдеген даусын салып, қар лақтыру ойынын ойнаса, көктем мезгілінде гүлдермен билеу, жапырақтардың бүршік жаруы туралы түсінік алуы балаларға маусым құбылыстары туралы мағлұмат береді.

Маусымдық мерекелер:

- Көктем келді шуақты"

- Жаз келді жасыл . . . !

- Сары алтындай сары күз!

- Қыс мезгілі тамаша!

Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады. Елде мерекеленетін мейрамдардың өзі бекерден бекер демалатын болмаса тойлай салатын «қызыл күндер» емес. Олардың мазмұны ұлттық рухты паш ететін, елдің ішкі саясатының айнасы іспетті. Қарапайым жұртқа жай ғана мерекелік күндер болып табылғанымен, ықпалды елдердің мейрамдарының да ықпалы зор. Кезінде әлемнің екі тайталас саяси қосынға жіктелуіне мәжбүр еткен қызыл империя өз қарауындағы бодан жұрттардың мерекесін менсінбегені былай тұрсын, өз ықпалындағы социалистік елдерге де өз мерекесін таңып еді. Сөйтіп, ойдан-қырдан алынған атрибуттар мен рәсімдерден кеңестік Жаңа жыл атты ұлы мереке жасақталып, ол жайында талай фильмдер мен туындылар дүниеге келіп, идеологиялық қайнарға айналғаны бар. Әрине, бұл үшін Кеңес өкіметін жазғыруға болмайды, мемлекет болғасын оның құзырын барынша таныту - сол елдің бір мұраты еді.

Ал, өз мұратымызға біз қалай жетіп келеміз? Бұл қарапайым болғанмен, жайдақ мәліметпен жауап бере салуға болмас, талқыға сөз берейік. Бір қарағанда, тіпті, әлгі кеңестік идеологияны біздің егемен еліміз іліп әкетіп, одан ары жалғастырып отырғандай әсер бар. Бірақ, әсер ғана емес, 20 жылда қалыптасып, орныққан сол баяғы кеңестік мерекелік дәстүр тұтасып тұр екен. Пайымымыз байыпты болу үшін елдегі ресми мерекелерді белгілеп, реттейтін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» (13 желтоқсан 2001 жыл) заңды азаматтық көзбен шолайық. Осы заңның 2-бабына сәйкес елімізде жалғыз Ұлттық мейрам бар, ол - 16-17 желтоқсан күндері аталатын Тәуелсіздік күні. Мұндағы «ұлттық» сипат нені береді? Ол бұл мерекенің тойлануына ерекше мемлекеттік сипат пен мазмұн беріліп, оның мерекеленуіне елдік бюджеттен арнайы қаржы бөлінуі тиіс деген сөз! Алайда, оның қалай аталып өтетіндігі айтыла-айтыла жауыр болып, етіміз үйренген ахуалға тірелді. Тіпті, «жаңа жылдық салпыншақтарды» Тәуелсіздік күнінде тағып, оны әжуәлауға көштік емес пе?!

Әлгі ұлттық мейрамның мысын басып жүрген «Жаңа жыл» мейрамы да 1-2 қаңтарда аталып өтеді. 1 қаңтарды жаңа жылдың басы дегеннің өзінде 2 қаңтардың оған не қатысы бары белгісіз. Әлде Ресейде солай болса, бізде де қабылдануы керек дәстүр болғасын ба?! Әлде араққа сылқия тойып алып ертеңіне бас жазатын күнді рәсімдеп қойғанымыз ба? Және де негізін Иса пайғамбардың туылған күніне орай алған бұл «жаңа жылдың» 80 пайызға жуық мұсылман тұратын Қазақстанға неліктен ыстық екені белгісіз! Онымен қоймай, бейресми түрде 12 қаңтарда «ескі жаңа жылды» мерекелейтінімізді телеарналарымыз қалт жібермей жамырай насихаттай жөнелетіні тағы бар. [5]

Шын мәнінде, 1 қаңтардың Қазақстан үшін «жаңа жылға» қатысы жоқ, алайда, адамзаттық жыл санау күні есебінде құрмет көрсетуге болады. Жаңа жыл ретінде Наурызымыздың (дәстүрлі жаңа жыл) бар екенін ұмытпайық! Ал, 1 қаңтарды «Күнтізбелік жыл басы» деп атасақ, өркениетті де, Иса пайғамбарды да, қазақстандықтарды да ренжітпес едік. Себебі, 1қаңтар - ең әуелі күнтізбелік, экономикалық-қаржылық ресми жыл басы екені рас. Тіпті, одан бас тартып керегі жоқ, солай мойындап, 1 қаңтарды ғана мереке күні еткен ләзім.

Аталмыш заңның 3 бабы бойынша «мемлекеттік мерекелер» деген мәртебе алған мейрамның бұл біріншісі және бастысы. Заңды шолып, мерекелерді жалпылай тізіп шықсақ, мынадай көрініс болмақ:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл;

8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

9 мамыр - Жеңіс күні;

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

Келмеске кеткен кеңестік 8 наурыздың неғып жүргенін бір ит білсін! Оны, тіпті, гендерлік саясаттың көзі болып табылатын батыс елдері де менсінбейді, ал бізге не қажеті бары беймәлім! Бұл егемен еліміздің Тәуелсіздік мазмұнына ғана емес, тіпті, мыңдаған жылдар бойы кемсіту көрмеген, ру-тайпаға бас болған қазақ әйелдерінің қаһармандық тарихына нұқсан келтіру ғой.

«Наурыз мейрамы» деген мерекенің не екенін өзіміз де білмеуге айналдық, ол - Көктем мерекесі ме, күн мен түннің теңелу күні ме, әлде қазақы жаңа жыл ма? Айтпақшы, шығыс мерекелерін менсінбейтін кеңес өкіметі тұсында жылдардың хайуандық мазмұны аталмаған еді. Тек қана өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында ғана әр жылға тән хайуандық кейіп пен кие барын шығыстық үрдістен білген посткеңестік ағайындар 1 қаңтардан бастап соларды атайтынды шығарды да, соның екпінімен Наурызда енетін жылдық киелерді біз де соғып жіберетін болдық.

Еліміздің батысында 14 наурыздан бастап, қыс кетіп, көктем шығуымен қатар, жылдың да мазмұны өзгеретінін ғасырлап мойындап келген ата-бабамыз, Барыс жылымен тек қана сол күні қоштасып келген еді. Енді Қоян жылын Иса пайғамбардың туған күніне орайластырып, 1 қаңтардан енгізетін пұшайман халға жеттік. Сонда не ұттық? Наурыз мерекесінде не мазмұн мен мән қалды? Қысқасы, Наурыз мерекесіне өз мағынасын жүктеп, оны Жаңа жыл деңгейіне көтеру әрекетін қолға алу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Діни мерекелердің рөлі
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Бұқаралық мерекелердің өзіндік ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Бұқаралық мереке сценарийі мен режиссурасы
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Мерекелер түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz