Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік ұйымдастыру
1.1 Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік серіктестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ата - аналармен жұмысты ұйымдастыруға бақылау жасау ... ... ... ... ... ... 10
2.Мектепке дейінгі мекемелермен отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері
2.1 Мектепке дейінгі мекемелерде ата - аналармен жұмыстың түрлері ... ... .12
2.2 Ата-аналармен жұмыс формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру мекемесінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не? Бұл - мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды педагогикалық қағидаларға сәйкес, баланы жан-жақты дамытуға негізделген, бала құқығын сақтауға және қорғауға бағдарланған түрде ұйымдастыру. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді.
Ата - анамен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты :
- Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
- Баланың бүгінгі жасаған қадамының - болашақта тұлға болып қалыптасуына әсер етуі,
- Балаға қолдау көрсету.
Тәрбиешілердің іс - тәжірибесінде ата - аналармен бірігіп жұмыс жасаудың көптеген формалары қалыптасып, өз жемісін беруде. Педагог ата - анамен жекелей және ұжымдық жұмыс жасауы тиіс.
Жекелей жұмыс - бұл педагогтың әр баланың жеке басындағы ерекше қасиеттерін ескере отырып, олардың ата - анасымен өз жоспарымен бөлісуі, баланың даму мүмкіндігі, кем тұстары жайлы ақылдасып өз жоспарымен бөлісуі, баланың даму мүмкіндігі, кем тұстары жайлы ақылдасып бірлесе жұмыс істеуі. Ұжымдық жұмыс- бұл ұжымның немесе ата - аналардың жеке тобының жұмысы. Бұндай жиындарда ата - аналар балабақшадағы белгілі бір жас тобындағы және отбасындағы тәрбиенің мақсаты және міндеттерімен, түрлері және әдістерімен жүйелі түрде таныстырылып отырады.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын үздіксіз игеру, ата - анамен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты мен міндеттерін жұмыстардың түрлеріне сипаттама беру, баланың бүгінгі жасаған қадамының - болашақта тұлға болып қалыптасуына ата-анамен жүргізілетін жұмыстардың әсерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың түрлерін қарастыру;
2. Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындау;
3. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру;
4. Балалар мен ата-аналармен бірлескен жұмыстың формаларын көрсету.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік ұйымдастыру
1.1 Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік серіктестігі
Бірнеше жылдар көлемінде мектепке дейінгі мекемелерде отбасымен жұмысқа аса терең мән беріліп келеді, оқу-тәрбие үдерісіне отбасын белсенді араластыру болып табылады. Осының негізінде мекемелерде жұмыстың жаңа түрлері жарық көрді. Бұл жұмыстар алдыңғы уақытта жүргізілетін жұмыстарға ұқсамайтын және жаңашыл бағытта болды. Яғни оның негізінде отбасымен ашық қарым-қатынас жатты. Бүгінгі таңда сол жұмыстар заманның талабына сай, бала мен отбасының қажеттігіне сай өзгертіліп, әртараптандырылып отырылуда.
Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты - отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады:
+ Ата-аналарды балабақшамен таныстыру (презентация);
+ Ата-аналарға арналған ашық сабақтар;
+ Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға болады);
+ Педагогикалық әңгімелер
+ Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы түрде);
+ Жиналыстар (оқу жылында 3-4 рет);
+ Дөңгелек үстелдер (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);
+ Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған Анам жайлы әңмелесейікші, әкелерге арналған Мен үшін ең қымбат жан т.с.с.);
+ Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету;
+ Көрнекі насихаттық жұмыстар.
Балабақшамен таныстыру жұмысы - жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ата-аналарды балалардың білім алу және тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның материалдық-техникалық базасымен және осы ортаның оқу-әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру.
Ата-аналарға арналған ашық сабақтар - отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде сабақтардың ұйымдастырылу ерекшеліктерімен де таныстырады. Сондай-ақ балабақшада балалар тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды.
Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер - оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады.
Педагогикалық әңгімелер - отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да өткізуге болады.
Тақырыптық кеңестер - белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар жиі кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады.
Жиналыстар - оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі.
Дөңгелек үстелдер - еркін түрде ұйымдастырылып, еркін ашық әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді. Тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін.
Конференция - түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады.
Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету - бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор.
Көрнекі-насихаттық жұмыстар - бәрімізге таныс хабарландыру, дәрігер бұрышы, мәзір т.с.с. ұқсас, күнделікті бағыттармен ғана шектелмеуі керек. Көрнекі ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді. Сол себептен бұл жұмыс түріне аса бір шығармашылықпен қарған жөн. Осыған орай мынадай қызықты жұмыстарды жүргізуге болды:
+ Біз кішкентай болғанда - ата-аналардың өз балаларының кішірек кезі жайындағы қысқаша әңгімелері.
+ Мен үйренген нәрсе - әр баланың жетістігі туралы тәрбиеші тарапынан жасалатын ақпарат.
+ Бала тілімен - балалардың тосын айтқан қызықты әңгімелері.
+ Мен не туралы ойлаймын - баланың қандайда бір адамға байланысты, құбылысқа байланысты айтқан қызықты ойларының жазбасы.
+ Өзім жайлы - әр бала туралы қысқаша таныстыру ақпараты. Бұл парақтар топқа әкелетін дәліз бойымен қабырғаға ілінуі немесе топтық қабылдау бөлмесінің қабырғасына ілінуі мүмкін.
+ Эстафеталық кітапша - ата-аналар бала тәрбиесінде кездесіп жүрген қиыншылықтарымен бөлісетін арнайы кітапша. Бұл сұрақтарға ата-аналар да, тәрбиешілер де өз ойларын жазып білдірулері мүмкін. Жұмыстың бұл түрі отбасымен тығыз қарым-қатынас жасауға, достық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
+ Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты - оларды ата-аналармен және отбасы мүшелерімен мәдени қарым-қатынас жасауға үйрету. Аталған бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:
+ Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау;
+ Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді қамтамасыз ету;
+ Отбасы мүшелірімен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша психолог тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау;
+ Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету;
+ Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары;
+ Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету;
+ Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу.
+ Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты - отбасымен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-тәсілдерді ендіру, тәжірибеде қолдану.
+ Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын игеру, озық тәжірибелерді ендіру;
+ Ата-аналардың белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін дәстүрден тыс қарым-қатынас түрлерін тәжірибеде қолдану (сайыстар, рингтер, дөңгелек үстелдер, диспуттар, пікірталастар т.с.с.);
Отбасымен жүргізілетін жұмыстар бойынша өзінің жаңа авторлық жобасын ұсынған педагогтарға қолдау көрсету.
Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің мекемемізде кеңінен қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Дегенмен, отбасымен жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет етеді. Себебі, бүгінгі күннің ата-аналары жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше жыл бұрыңғы ата-аналар үшін балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата-аналар үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек.

1.2 Ата - аналармен жұмысты ұйымдастыруға бақылау жасау
Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата - аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан - жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу. Баланы жастан, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп бақыладыңыз ба ? деген сауал туады. Ұлы педагог А.С. Макаренко Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата - ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасына рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата - ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы ? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады деген. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны балуы тиіс. Бала бақыты - білімде. Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды дейді Ахмет Байтұрсынұлы.

2.Мектепке дейінгі мекемелермен отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері
2.1 Мектепке дейінгі мекемелерде ата - аналармен жұмыстың түрлері
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай бірлесе жұмыс атқару керек. Бала психикасы үйдегі көрген - білген, естіген мәліметтермен толығады. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқарса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда. Тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің иәртүрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың педагогикалық - психологиялық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу - тәрбиешілердің міндеті. Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады ? Ол үшін біз, яғни психологтар, тәрбиешілер ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын ,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді, себебі ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлерімен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, психологиялық тренинг- сабақтар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. Мұхтар Әуезов айтқандай : Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек. Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады. Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналарға және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі: балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады, балалар маңызды жетістіктерге жете алады; балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады ; ересектер тәрбиешінің жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі.
Әрбір отбасының мықты жақтары болады , әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді, барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады. Ата - анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ете емес, оны қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу, баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Ата - аналармен бірлесе атқаруға болатын жұмыстар: тақырыптық кеңес (ата - аналарды психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтармен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту), педагогикалық семинар (отбасылық тәрбиенің әдіс - тәсілдеріне арналады), шығармашылық кештер (балабақша және топішілік болуы, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады), топішілік ата - аналар жиналысы, бақшаішілік ата - аналар жиналысы, ата - аналармен жеке кездесу, ата - аналар үшін ашық есік күні, ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру, мерекелік кештерге шақыру, ата - аналарды психологиялық тренинг - ойындарға қатыстыру, отбасылық жарыстарға қатыстыру және Менің жанұям атты балалар салған сурет көрмесін тамашалау тағы басқа да. Психологиялық тұрғыдан алғанда сурет арқылы да біраз құнды мағлұматтар алуға болады. Ата - аналарға тарапынан балаларға кейде онша қөңіл бөлінбейтінін, балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүретінін байқауға да болады. Осындай көңіл күй болған кезде балаларымыздан Мен олардың ұрысқаныны қаламаймын , Алысқа кеткенін жақсы көремін, Маған әке көп ұрысады , Мен істеген ісімді дұрыс емес дейді деген сияқты ойларды оқуға тура келеді. Не себепті баланың көңілі толмайды? Гүлдің сусырап шөлдейтіні сияқты бала да ынта - ықыласқа шөлдейді. Ата - ананың балаға бар жағдайы жасаудан басқа мейірім, жылуы, қамқорлығы қажет. Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып өздері де тәрбиеге енуі қажет. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде, бала психологиясының дұрыс қалыптасуында ата - ананың да, тәрбиеші- ұстаздың да атқаратын рөлі зор. Сондықтанда отбасы мен балабақша ынтымақтастығының өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ өміріне тигізетін әсері өте зор. Ұстаз - бағбан, бала - гүл деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздың ұстанымы. Осы қағиданы ата - ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша балалары үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен әдемі болып өскені қажет, ата - ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенін әдепті болып есейгені қажеттірек. Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанады, ата - ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс.
Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер - педагогтар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы - балаға эмоционалдық тылда психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.
Бала үшін отбасы - бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені бүкіл әлеммен: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты - отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:
- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;
- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;
- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;
Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:
- біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;
- екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау.
Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық - педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.
Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе-бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры,үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне,сондықтанда: Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі, Бала болсаң болғандай бол,айналаңа қорғандай бол деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын Адам,азамат деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын,ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Егер баланың ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе, жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын.
Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан болса, ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Алайда, заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы және қарама-қайшы жағдайында қалыптасады.
1. Қоғамның қарқынды жіктелуі (материалдық байлығының деңгейі және әлеуметтік мәртебесі бойынша)
2. Балалардың психикасына кері әсер тигізетін ажырасулар санының артуы.
3. Бір ата - анаға тәрбие беретін отбасылар санының өсуі.
4. Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жаһандық желісінің қуатты озбырлық ықпалы.
Сапалық тұрғыдан алғанда отбасын нығайту жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленіп жүзеге асырылуда. Ал отбасындағы қарама қайшылық мәселелерді шиеленістіруге әкеліп соқтыратын жағдайлар.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық баланың қанағаттану деңгейімен тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Осының барлығы отбасымен қоғамдық мекемелердің бірігіп жұмыс жасауының нәтижелі болатындығына көз жеткізеді. Ол үшін алдымен баланың отбасылық ортасы зерттелуі керек.
Зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу жеке және топтық, сауалнама іскерлік ойын арқылы балалардың отбасылық ортасына зерттеу жүргізіледі.
Отбасылық орта мынадай параметрмен анықталады:
1. Әлеуметтік мәдени орта, ата-аналардың және отбасының басқа мүшелері, ата-аналардың білімділік деңгейі, қоғам өміріне, балабақша істеріне қызығушылығы.
2. Техникалық-гигиеналық орта: тұрмыс тіршілік жағдайлары, үй жайдың жабдықталуы,тұрмыс салтының ерекшеліктері.
3. Демографиялық орта: Отбасы құрылымы, оның жасқа байланысты құрамы.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар
1. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздері.
2. Отбасы баланы әлеуметтендірудің қалыптасуының алғашқы институты.
3. Баланың қоғамда өмір сүру даярлығын реттеу және бақылау.
4. Ата-аналардың баланың денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндігіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды таңдауға құқы бар.
Отбасы тіршілігін, дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез-құлық жағдайларын анықтауға болады. Отбасындағы тәрбиелеу жұмыстарымен танысқаннан кейін алынған ақпарат ата-аналарды балабақша жұмысына қызықтыратын оңтайлы жағдайда құрылу керек. Яғни, ата-ана балабақшада өздерінің балаларына деген құрмет пен махабатты сезінуі керек.

Ата-аналармен жұмыстың түрлері:
Дәстүрлі
Дәстүрден тыс
1. Ата-аналар жиналыстары.
-Жеке топтық және балабақшаның жалпы конференцияларын ұйымдастыру.
- Тәрбиеші-педагогтың жеке кеңесі;
- Балалардың үйінде болуы;
- Ашық есік күндері;
- Отбасы жөнінде мәліметтер дәптерін толтыру;
- Ата-аналарға арналған ақпараттар бұрышы;
- Әр түрлі тәрбиелік шараларға, мерекелік ойын-сауық ертеңгіліктерге қатысу;
- Оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға қатыстыру;
- Сауалнама жүргізу,әңгімелесу.
2. Ата-аналармен тренингтер өткізу.
- Пікір сайыстар жүргізу;
- Психологиялық демалыс сәттері (разминка);
- Ауызша журнал;
- Ата-аналар кештер;.
- Ата-аналар оқулары;
- Ата-аналар рингі;
- Ашық сабақтар.
Менің жанұям газетіншығару.

Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық адамгершілік саулығының негіздерін қалайды. Баланың жетістіктерін қажеттілігін қалыптастырады. Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар нормалар мен белгілер кешенін анықтайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды. Баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын қалыптастырады. Баланың мінез құлқының жалпы адамзаттың моральдық және мәдени стандарттарына үйретеді. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің баланың жеке қабілеттеріне, денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар.

Отбасы тәрбиесінің міндеттері:
Баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлармен түрлі мүмкіндіктер жасау. Баланы эмоционалдық қолдауды қамтамассыз ету. Баланың жақын және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, олармен берік қарым-қатынас орнатудағы жеке талаптарын қанағаттандыру, тіршілік іс әрекеттерінде қауіпсіздік туралы алғашқы білімін қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету, тілдік қатынастық дамуын қамтамассыз ету, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен байланысы
Тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету
Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығы
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Балабақша мен отбасы
Отбасы мен балабақша арасындағы өзара әрекеттестік
Пәндер