Мектепке дейінгі тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері

Орындаған
Тексерген:

Орал, 2016

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Тәрбие теориясы және әдістемесі
1.1 Мектепке дейінгі тәрбие процесінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...5
1.2 Тәрбие жұмысы әдістемесінің
мазмұзмұны ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..7
2. Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің жалпы заңдылықтары
2.1 Тәрбие мақсаты түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .12
2.2 Тәрбие мақсаты мен тәрбие
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.Жалпы тәрбие әдістері
3.1 Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.2 Тәрбие әдістперін
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..20
3.2 Тәрбие әдістерінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 22
3.3 Өткізілген тәрбиелік
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жүргізіліп жатқан тәжірибелік-педагогикалық
жұмыстар халықтық идеялар мен тәжірибені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің
құрамды бөлігі болып табылатындығын сенімді дәлелдеуде. Халық педагогикасы
жалпы, қазақ халқы педагогикасы жеке алғанда көптеген ғасырлар бойына
қаланды, өңделді және бүгінгі күнге өзіндік педагогикалық дәстүрлер мен
көзқарастарды жеткізіп, сондықтан оқыту-тәрбиелеу жүйесінде лайықты орнын
алуы керек.
Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл дәстүрлердің
өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың
жолдарын білу керек.
Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды,
қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, дұрысында тәрбие
процесінде халықтық, адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен
көтеріледі. Оқытудан айырмасы тәрбиені жақсартуда шешуші роль жаңа ойлап
табуларда емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші
және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-анадар мен педагогтар және
т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-
қатынастарда жалпы, балалар арасындағы жекелей алғанда сезгіштік,
қайырымдылық, сергектік, ақ пейілділік, ізгілік ақуалын туғызуда.
Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны
қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.
Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға
қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда.
Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек
қызметін атқара алады.
Балалардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың
тиімділігін жоғарлататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту
неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдылықтың,
қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл
бөлу талап етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар
мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту
мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі
болып шығады.
Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және
техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде
барынша қолдау және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның
әлеметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстан тәуелсіз алған
қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп
тиісті орнын алуы қажет.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбиенің теориялық және әдістемелік
негіздері туралы мағлұмат беру.
Зерттеу міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие процесінің маңызы, тәрбие
жұмысы әдістемесінің мазмұзмұны мен тәрбие жұмысының әдістері туралы
түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Тәрбие теориясы және әдістемесі
1.1 Мектепке дейінгі тәрбие процесінің маңызы
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты
қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық
дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз
етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен
тәжірибесін сақтаушы халықтың педагогикалық зердесі жасампаздық роль
ойнауға қабілетті.
Халық шығармашылықтарының тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі тәрбие
мақсаты және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың да мәні зор.
Балаларда халықтық шығармашылығының көркемдік құндылығы жайлы түсінік
қалыптастыру үшін кіршіксіз арман мен өмір орнықтырушы, көңіл күйді алып
беруші болып табылатын кейіпкер бейнелерін көңілге қонымды пайдалана алу;
халық туындылары, тіл музыкасы, әні, өнерінің мәнерлілігі, әуенділігі,
көркемдік айқындылығын көрсету қажеттілігі туындайды.
Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары
идеялық ертегілер, мақалдар, мәтелдер, жұмбақтарды қолдану тиімді.
Педагогикалық әдеп тәрбиешінің кәсіптік белгісі. Қандай да бір
мамандықтың өзіне тән белгісі болатындығы сияқты. Мысалы, ол белгі адамның
үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы
мүмкін. Тәрбиеші кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның тәрбиешілік әдетінде.
Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, тәрбиеші үшін
әдеп сондай қажет. Қазір бізде ұстаздық шеберлік жайлы көп айтылып жүр.
Мұның өзі заңды. Шеберлікті ұдайы шыңдамайынша мектепке дейінгі ұйым алдына
қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен,
ұстаздық шеберік дегеніміз не?
➢ Тәрбиешінің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы, оларды өз
ұлтының азаматы рухында тәрбиелеуі, ол үшін өз бойына осы қасиетті
сіңірген адам болуы қажет;
➢ Өз пәнін жетік меңгеру;
➢ Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру;
Бірақ осы айтылған 3 қасиет болғанмен, тәрбиеші балалармен қоян қолтық
араласпаса, педагогтік әдеп жоқ жерде сабақ, тәрбие іске аспайды.
Сонымен, ұстаз шеберлігі дегеніміз – тек тәрбиешінің жан-жақты және
методикалық сауаттылығы ғана емес, ол әрі сөзді бойға сіңіруі.
К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, педагогика теориясын қанша жетік
білгенмен, педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы
жетпейді.
Педагогикалық әдеп – тәрбиешінің әрбір нақты іс үстінде тәрбие
мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, балаларды еліктіріп
әкететін кәсіптік сапасы.
Ұстаздық әдеп жайын сөз еткенде біз әрдайым ғалымдардың зерттеулеріне
назар аударамыз. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда Ұстаз, Тәрбиеші,
Мұғалім деп қастерлі мамандықтың сыр-сипаты 200-ден астам компоненттерден
тұрады.
Педагогикалық әдепке анықтама беру үшін 3 түрлі көзқарасқа
негізделеді.
Біріншісі - педагогикалық әдеп балалармен қарым-қатынасқа жалпы
адамзаттың әдептілік сіңіру, екіншісі – тәрбиешінің жеке басының
психологиялық ерекшелігі. Үшінші – тәрбиеші шеберлігінің жеке бір бөлігі.
Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп тәрбиешінің балаларға деген
сүйіспеншілігі, олармен шынайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп
силауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, байсалдылық, сенімділік сияқты мінез
қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық
әдеп - балалармен дара ерекшелігі қажетті қарым-қатынастар орнату және сол
қалпында ұстай білудегі арнайы кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған
жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда
педагогикалық тактика болып табылады. Такт латынша тастуб - жанасу,
түйсіну деген мағына, ал тактика грекше тәртіпке келтіру деген сөзден
шықққан.

1.2 Тәрбие жұмысы әдістемесінің мазмұзмұны
Тәрбие – педагогикалық процестің ең маңызды, өзіндік бет-бағдары бар,
өз мазмұны, принциптері, өзіне тән формалары, әдістері, тәсілдері бар.
Сондықтан, педагогикалық ғылымның дамуына байланысты, тәрбие жұмысының
методикасы да өзіндік беті бар ғылыми пән ретінде қалыптасып келеді.
Бұл пәннің міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі
бағыттары мен принциптерін формалары мен әдістерін ашып көрсету,
педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу.
Сонымен, тәрбие жұмысының методикасы дегеніміз – белгілі мақсатқа
жетудің амал-тәсілдік құралдар жиынтығы.
Бұл өте күрделі өнер. Ол өзінен өзі келе қоймайды. Бұл жөнінде
К.Д.Ушинский Педагогиканың пайдасы туралы мақаласында теориясыз
педагогикалық практика медицинадағы тәуіпшілікпен бара-бар деп жазды.
Сондай-ақ өзінің Адамға тәрбие беру әдістері атты еңбегінің алғы сөзінде
... тәрбие беру өнерінің жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс,
ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар, бұл адамның
онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын
соғұрлым түсініктірек және оңайрырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік
тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін
туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ
төзімділік туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім деп
қажет екеніне, біздің көптеген педагогикалық шалыс қадамдарымыз барлығының
да көзін осыған жеткізе аларлықтай болғанымен, білуде біреулер ғана көз
жеткізеді.
А.С.Макаренко да педагогтік шеберлікті, тәрбие беру өнерін меңгеруге
үлкен мән береді: Менің педагогикалық тәжірибем туралы баяндамасында ол:
... педагогтік шеберлік – тіптен бос іс емес... тәрбиеші шеберлігі ...
дәрігердің өз шеберлігіне үйрету қандай керек болса, тәрбиеші шеберлігіне
де сондай-ақ, музыкантты үйрету қандай қажет болса, тәрбиеші шеберлігіне де
сондай үйретілуі тиіс, - дейді. Ол тәрбие бере білу - өнер деген дұрыс
түйін жасады.
Біз жоғарыда тәрбие жұмысының методикасы дегеніміз – белгілі мақсатқа
жетудің амал, тәсілдің, құралдың жиынтығы деген едік. Ал методиканың екі
түрі бар:
1. Оқыту методикасы (әр пәннің)
2. Тәрбие методикасы – бұл педагогикада оқылған кейбір тақырыптардың
қатысы бар. Мысалы, тәрбие теориясы, тәрбиенің жалпы әдісі, азаматтық
тәрбиенің салалары. Әрине, біз осы тақырыптарға сүйенеміз. Бірақ, онда
біз теориясын айтсақ, енді тәрбиенің сан алуан практикасы туралы
жұмыстардың түрлерін айтамыз.
Ал, методикаға не жатады?
1. Педагогтік, кәсіптік дағдылар – нақты айтқанда, тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың дағдылары.
2. Балалармен өте тиімді, әсерлі коммуникативтік дағдылар. (дағды-
қасиеттер, басқаша айтқанда, педагогикалық қарым-қатынас деген сөз)
ұстаздың балалардың жүрегіне жол таба алуы.
3. Педагогикалық техника – мұны А.С.Макаренко педагогикалық өнер дейді.
К.Д.Ушинский айтуы бойынша да Тәрбиелеу ісі - өнер дейді (Воспитание
– это искусство)
А.С.Макаренко тәрбие - өнер, оған арнайы үйрету керек,- дейді.
Педагогикалық өнерге не жатады?
1) Ұстаздың сөйлеу өнері
2) Әңгімелесе білу өнері
3) Бетпе-бет әсер ету өнері
4) Ұстаздың өзін-өзі тәрбиелеуді меңгере білу өнері
5) Қуана, ренжи білу өнерін меңгере білу
Осының бәрі педагогикалық техникаға жатады.
Ал тәрбиешінің ең негізгі қасиеттері неде? Ол коллективті ұйымдастыру,
топтастыру. Егер осы қасиеттері болмаса, онда оны тәрбиеші деуге болмайды.
Тәрбие методикасының маңызы – болашақ педагогтарға тәрбие жұмысының
моделін түсіндіру.
Тәрбие жұмысының моделі – оқыту процесі сияқты тәрбие де екі нақты
процесс:
1) Тәрбиеші
2) Балалар
Біздің қазіргі тәрбие жұмысында бір жағы басым. Мысалы, тәрбие
жоспарын тәрбиеші балаларсыз өзі жасайды. Ал шындығында бұған балалар да
қатысуы керек. Қазіргі жариялық, бүкпесіз көптің көмегімен, пікірімен
санасу деп отырған жоқ па.
Тәрбие жұмысының моделі
Тәрбиеші Бала
Іс-әрекет
Коллективті әрекет Жеке бастың дамуы

Тәрбиеші балаға, бала тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты
процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Тәрбиеші – бала; бала – бала
орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан балалар мен
тәрбиешілер орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл балалар
ұйымы, ата-аналар тобы коллектив болып шеше алмаса, олардың жұмысын ноль
деуге болады. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына
жеткеніміз.
Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбиелеу
әдістері – тәрбиелік міндеттерге қол жету үшін тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілер коллективтерінің бірлескен өзара байланысты қызмет ету
жолдары мен тәсілдері.
Сөйтіп, тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен балалардың ұйымдасқан тәрбие
процесінде жеке баланың мақсатты бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін
күрделі комплекс дейміз.
Тәрбие әдісінің негізгі түрлері:
1. Сендіру әдісі – сөзге негізделген баяндама, әңгіме, диспут, лекция;
бұл ең жетекші әдіс.
2. Практикалық әдіс – жағымды мінез-құлыққа жатықтыру – оған түрлі
тапсырмалар беру. Қоғамдық-азаматтық, пионерлік тапсырмалар беру.
Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияларға қатыстыруға тапсырмалар
беру.
3. Ынталандыру әдісі – мұны Бабанский стимуляция жасау деп атайды,
көтермелеу және жазалау бұл педагогикада көмекші қосымша әдістер
ретінде қарастырылады.
Енді сөз тәрбие жұмысының моделін жасау керек. Алдымен тәрбие
жұмысының моделі деген не, соны қарастырайық.
Модель деген ғылыми термин, барлық ғылымда қолданады. Модель алда
тұрған жұмыстың ой жүзіндегі көрінісі, бейнесі деуге болады. Әсіресе
математикада көп қолданылады, математиктер математикасының мазмұнын жинақты
схема формасында берді. Олай болса, тәрбие жұмысында да схема арқылы беруге
болады. Қазіргі кезде Атамекен, Кәусар бұлақ т.б. бағдарламалар бар.
Міне, осы бағдарламаларға қарап әрбір топтың жопарын жасау ол да модель
болып табылады. Бұл модельдің мазмұны қазіргі ұлттық тәлім-тәрбиеге, салт-
дәстүрлерге орай ұлттық қасиеттер қалыптастыру. Тәрбие жұмысының моделіне
кіретін бөліктер мыналар:
Диагностикалық жұмыстар – бұл термин медицинада қолданылады. Ал
тәрбиешісі үшін алдын-ала бұрын болған нәрсемен, бүгінгі күнгі жағдайы
жоспарлау үшін, топтың қазіргі деңгейін салыстыра отырып озат
тәрбиешілердің іс-тәжірибелеріне арқа сүйеу.
Жоспарлау – мұнда дайын дүниені көшірмей, балаларды қатыстыра отырып,
қызықтыратын жұмыс түрін ойлану, балалардың талап тілегін ескеру.
Ұйымдастыру жұмыстары – бір ғана тәрбиеші ғана емес, тәрбие жұмысында
да ата-аналардың да көмегі керек. Өйткені қазіргі ата-баба салтын, дәстүрін
пайдалануда өзіміз білмегенде сұрау, көмегін алу.
Қорытынды, талдау – жетістіктер мен кемшіліктерді айту. Міне бұлар
модельге кіретін құрамды бөліктер.

2. Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің жалпы заңдылықтары
2.1 Тәрбие мақсаты түсінігі
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер
ететін құрал. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына
жұйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымын қалыптастырады, ерік-жігері мен
моральдық бейнесінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, тәрбиенің мәні,
біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты қалыптастыру болса,
екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-
қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері
бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Өйткені, қоғамның материалдық жағдайының
өсуі, идеалогиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат міндеттері,
мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес
жақсарып отырады.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына
сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.Тәрбие мақсаты қоғамның,
мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты
болады.
Тәрбие – біртұтас процесс, себебі адам жеке тұлға ретінде
тәрбиеленеді. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп
ержеткеге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі
тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдері азамат етіп тәрбиелеу,
қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесіқоғамның барлық азаматтарының
міндеті, жанұя, балабақша мен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ
мақсаты.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен
тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбие заңдылықтарына:
- баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;
- баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-
қатынасынан тыс тәрбие болмайды;
- тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
- тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
- тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін
еместігі;
- қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның
күш-қуатымен өмірлік позициясына тәуелді екендігінде, сондықтанда тұлға
тәрбиесі , бұл заңды құбылыс.
Тәрбие принциптері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру
тәсілдері мен формаларн жүзеге асыруда тәрбиешілердің пайдаланатын басты
тәрбие идеяларының жиынтығы.
Тәрбие мақсаты түсінігі
Педагогтың кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат
қоюдан басталады. Педагогтың балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат
болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны
әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй
белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты
мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі.
Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағаттанушылық
тудырады.
Тәрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны
натқылау, жобалау, дайындау – педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған
мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бығдарсыз бастаған
ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, онды солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай
шаршап-шалдыққанында бір-ақ түсінеді. Егер түсінсе!
Шынында да, күнделікті балабақшадағы педагогикалық тәрбиеде болмыс
көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешуде, кейде ол мәселе тіпті
естене шығарылады, осыдан мақсат тәрбие, яғни жол жөнекей тәлім етек
алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтың кәсіби қызметінің өнімі жоқтың
қасы, балалармен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншілкті іске қосылмайды, ал
кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан
қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері
мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтынын түсіне білу
керек.
Мақсат – субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал
байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болмады. Демек, мақсат
- жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан – ол
объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зерсалмаған
педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.
Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік те
категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты
тұлғаның сана сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі латындар
айтқандай: Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мүмкін, бірақ бірінің
әңгімесі екіншісіне ұқсамас. Бір мақсатты жалау еткен пегогтар, сол
мақсаттың өзін әртүрлі баламада түсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби
әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға береді. Сондықтан, мақсат
болжау проблемасы – тәрбиелі адамның идеалды образының дараланған
саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкіндігінше нұсқасын
анықтау – байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуды да
талап етеді. Адам өзіне ықпал етуші объективті және субьективті әсерлердің
нәтижесінде әсерлердің нәтижесінде өмірде өмір бойы қалыптасады. Бірақ
педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектепке, мектептен соңғы) жеке
адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің уақыттық
шектеріне ие болғандықтан, әр саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде
сөз қозғауы мүмкін.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты – кең әлеумет пен ғылымының
араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым
бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың эканомикалық, құқықтың және
ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда,
құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуы қоғамның бар
мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.
Тәрбие мақсатаның мазмұны неде, ол қалай айқындалады?
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсытының мазмұны қоғамның
өркениеттілігіне (цивиллизованность), оның демократикалық сипатына,
эканомикалық мүмкіндігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын және
нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты.
Мақсаттың жалпыланған сипаты жағдайлардың әртүрлі көрініске енуіне
тәуелсіз, оның іске асып отыруын қамтамасыз етеді.
Мақсат әрекеті адамның саналық (идеалық) өнімі болғандықтан өте
құбылмалы, тез өзгеріске түседі, себебі ол үздікіз ауыспалы дүниемен,
сонымен өзгерістегі тұлғамен де әрекеттік қозғалмалы байланыста болады.
Тәжірибе, білім, оқиға т.б. адамды байытып отырады, бірақ құбылмалы сана
иесі – субъект сол байлыққа жету жолында өзінің өзгеріп, жатқанын байқай
бермейді. Мысалы, педагог кеше де, бүгін де қщін бір мақсат ұстағандай
сезінеді, ал сырттан қарағанға, оның кәсіби педагогикалық ісінде
өзгерістердің болған айдан анық байқалады. Өмірдің өтпелі ауыспалылығы
мақсаттың да бір қалыпты өзгеріссіз қалмауына ықпал жасайды.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын
көрінеді. Себебі, баланың топтан топқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруі
қас қағымдай, сондықтан өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-
психологиялық жаңа құралымдары бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісінің
қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.
Ал, соңғы нәтижені көздеген жалпыланған сипатты мақсат жастық
өзгерістер байланыстылығын сақтап, тәрбиелі адамның жеке образын
баламастырып, қарауға, айқындауға мүмкіндік береді.
Сонымен, мақсат – өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуй тиіс.
Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ
көрінеді: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші
элементі. Схема түрінде бұл бұлайша сипатталады.
Тәрбие мақсаты Тәрбие процесі Тәрбие нәтижесі
Бұдан туындайтын ой – мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайды,
мақсат тәрбие нәтижесінде негіз болады, мақсат – педагогтің кәсіби іс-
әрекетінің баға өлшемі, мақсат – педагог санасының үздіксіз айналымды
жүретін ой обьектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа
тәуелді, оған орай өз мағынасына ие болады.
Сонымен педагогикадағы мақсат болжау анықтамасы:
Мақсат болжау – бұл қазіргі заман өркениетінде жасап орнатушы
қабілетке ие осы дәуір жеке адамның қажетті даму деңгейін қамтамасыз ететін
объектив, әлеуметтік психологиялық және мәдени жағдайларды түсіну; бұл
сондай адамның жалпы идеалды бейнесін мейілінше нақтылайтын сөз жүйесін
іздестіру; бұл тәрбие мақсатын қаьылдауға мүмкіндік беретін шарттар ететін
балалық шақ табиғатына, жеке адам даму мәніне және даралық болмысына
талдау, баға бере алу; бұл нақты жасаған жағдайларды жасай отырып, оларды
қойылған мақсат мазмұнымен орайластыру.
2.2 Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері
Мақсат категориясына қарама-қарсы категория – арман. Екеуінің бір
біріне ұқсастығы олардың сана туындап, әрі жасайтын идеалық бейне болуында,
ал айырмашылығы – осы бейнеге субъект қатынасының әр түрлілігі.
Арман – елестің немесе қиялдың субъектісіне берер біршама қанағаттану
сезімі. Арман адамды шындық болмысынан алшақтатады. Мақсат – бұл да бейне,
бірақ онан келетін, қанағаттану ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс-
әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субъекті белсенді әрекетке
бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген
нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне – нәтиже тек іштей
қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.
Арман – субъкетің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке
байланысты, ал мақсат – іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан баршама
дүниеміздегідей – бұл екі шетті құбылыс – арман мақсат өзара тығыз
байланысқан. Арман – мақсат түзу үшін негіз, арман мақсаттарды қайта
қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа
жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетідің жолы туп-тура болмақ
емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттігі туындайды.
Міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты орындалуы қажет
нәтинің бір бөлігі осы бөлік өзінің әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже
де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элеметтерге бөлініунен пайда болды.
Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп іс-әрекеттің жалпы нәтижесін алға
жұмсалады. Іс-ірекеттің барысында субъект, мақсат жөнінде ойламайды, оның
есінде тек міндеттері өз іс-әрекеттің сол міндеттердің кезегімен шешілуі
реттеледі. Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына
әкеледі. Ендеше міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өзінің маңызн жоюды.
Мысалы, бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат),
бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбенімен жүріп, тиісті орынға
гүл егуді ұмытты. Соның салдарынан бақ, ләззат беру сипатынан айырылды,
яғни негізгі мақсат іске аспады. Сонымен атқарылған мінддеттер (атызды
дайындау, суғару, көктем жасау – бәрі де) басқа кетті.
Мақсат болжау – мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану
нәтижесі.
Міндет мақсаттың бәрі бір бөлігі, құрылым бірлігі міндет көрер көзге
дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы,
педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын
тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты міндет естен шығармауы тиіс, өмірде адамның
тұлғалық мазмұнын, оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі
қалады, - дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.
3.Жалпы тәрбие әдістері
3.1 Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік
Тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер