Тіл біліміндегі еліктеуіш сөздердің теориялық ілімнің пайда болуы



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Еліктеуіш сөздер

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Еліктеуіш сөздер туралы жалпы түсінік
1.1 Еліктеу сөздерге жапы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.Еліктеу сөздердің негізгі сипаты және синтаксистік қызметі
2.1 Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... .12
2.2 Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Қазақ тіліндегі дыбыс еліктеуіш сөздердің фоносемантикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі - тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.
Тіліміздегі сөздердің лексикалық мағынасының бар-жоқ болу тұрғысынан топтап бөлу яғни толық лексикалық мағынасы бар дербес сөздер - атаушы сөздер және лексикалық мағыналары солғындалған я ада-күде жоғалған, мағыналық дербестігі жоқ, сөйлемде атаушы сөздердің жетегінде ғана жұмсалатын жәрдемші сөздер - еліктеуіш сөздер.
Қазақ тілінің еліктеуіш сөздері морфологиялық жағынан қарастырылып, фоносемантика ғылымы негізінде жаңаша үрдісте зерделенгенімен, қазақ тілі сөздік қорының көптеген лексика-семантикалық, тақырыптық және категориялық топтары әлі күнге зерттелмеген. Сондай топтардың бірі ретінде қазақ топонимдері мен негізгі сөздік қорындағы географиялық апеллятивтер фоносемантика теориясы тұрғысынан арнайы зерттеу нысаны ретінде қазақ тіл білімінде күні бүгінге дейін қарастырылмаған. Ғ.Ж.Ермекбаевтың диссертациялық еңбегінің шағын тараушасында тек орографиялық апеллятивтер - жер бедері атауларының фоносемантикалық сипаттары ғана зерделенген.
Зерттеу пәні: қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер.
Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздер.
Зерттеу мақсаты. Тіл біліміндегі еліктеуіш сөздердің теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
─ Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздердің лексико-грамматикалық мағыналарын талдау;
─ еліктеуіш сөздерді зерттеген ғалымдар туралы және одағай сөздердің қолданылуы туралы мағлұмат беру.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Еліктеуіш сөздердің қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, одағай сөздердің бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару - қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.
Жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа екі тараудан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Еліктеуіш сөздер туралы жалпы түсінік
1.1 Еліктеу сөздерге жалпы сипаттама
Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыстарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, куннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап тусуі, домалауы, соқтығысуларына елікгеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін уғым атаулары, сол сөздердің жиыны.
Қазақ тілі адамның көру, есту мүшелері арқылы түйсіну, ұғу қабілетінен пайда болған мұндай еліктеу сөздерге өте бай. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен қолданылады. Ойды дәл де ықшам, жинақгы да көрікті етіп жеткізуде ерекше көркемдік мән үстейтін сөздер. Мысалы: Төрт-бес ат суға түсіп, шомылып, жүндері жылт-жылтетіп, көлшімекгіңжағасындағы балғын шалғынды бырт-бырт орады. (С.Сейфулин); Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды (М.Әуезов)-деген сөйлемдердегі жылт-жылт, бырт-бырт, сырт-сырт еліктеу сөздері айтылған ойды көрікгендіріп тур.
Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сез табының құрамында қарапып келген. Түркі тілдерінде еліктеу сөздерді өз алдына одағайдан алғаш рет бөліп, оның 115-тен артық құрылымдық түрі барын анықтаған чуваш ғалымы Н.И. Ашмарин. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді бұдан кейінгі кезеңде өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашы-лығын көрсеткен келесі ғалым Л. Н. Харитонов .
Қазақ тілінде де біресе үстеудің, біресе одағайдың ішінде қарастырылып келген еліктеу сөздердің жеке сөз табы болып белініп даралануы профессор А.Ыскақовтың есімімен байланысты. Ахмеди Ысқақов қазіргі қазақ тілінде еліктеу сөздер өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде елуінші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ дәлелдейді. Бұған дейін жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тіл білімінде де жеке аталмай басқа сөз таптарының ішінде аралас беріліп келген еліктеу сөз, осыдан кейін қазақ тілі грамматикаларына жеке сөз табы ретінде еніп, алпысыншы жылдардан бастап ғалымдардың назарына ілінген маңызды ғылыми тақырыпқа айналды. Еліктеу сөзге арнап Ш. Сарыбаев кітап шығарса, Б.Катембаева ғылыми жұмысының тақырыбы етеді.
Еліктеу сөздің жеке сөз табы болып танылуы, біріншіден, олардың бәріне ортақ дыбысқа, бейнеге еліктеу мағынасының болуы. Обьективті өмірде болып жатқан дыбыстар мен бейнелер еліктеу сөздер мәні арқылы ұғыны-лады. Еліктеу сөздер өзінің шығуы мен құрылысы жағынан еш сөз табына қосылмайды. Адам баласы тілінің пайда болуы, тілдің шыіуы туралы пікір-лердің бірі - дыбысқа епіктеу теориясы бойынша табиғаттағы дыбыстарға елікгеуден апғашқы сөздер жасалып, ол сөздер сол заттардың атауларына айналған делінеді . Түрлі тілдерде қарқ-қарқ, мияу-мияу, гу-гу, тарс-тарс, саңқ-саңқ, қор-қор, сықыр-сықыр, ыңқ-ыңқ тәрізді еліктеуішсөздержәне олардан жасалған қарқылдау, мияулау, гуіл, гуілдеу, тарсыл, тарсылдау, саңқылдау, қорыл, қорылдау, сықыр, сықырлау, ыңқыл, ыңқылдау тәрізді туынды сөздер жасалған. Бұдан тілдің шығуы еліктеу сөздерге байланысты болған деген пікірдің жаны бар екені көрінеді. Мысалы, көкек сөзі құстың ку-кук деп шығарған дыбысына байланысты, құстың бір түріне берілген атау. Мұндай атаулар тілде көп, әрі бұл туралы түрлі теориялар қазақ тіл білімінде айтылып та жүр. Бұған Қ. Хұсайыновтың ғылыми еңбегі дәлел. Бұл ғылыми зерттеуде қазақтілінде нағыз дыбыс пен бейнепэ еліктеуден пайда болған бір топ сөздердің бары, олардың дыбыс пен бейнеге еліктеу ұғымына байланысты ортақ мағынасы болатыны, ондай сөздер еліктеу сөздер тобына жататыны ғылыми тұрғыда дәлелденді.
Еліктеу сөздерін сөз табы ретінде танудың екінші себебі, оларды түрлендіретін морфологиялық көрсеткішінің жоқтығы және оларды басқа сөз таптарынан бөліп тұратын айрықша белгі олардың дыбыстық құрамы жағынан өздеріне тән жүйесінің болуы. Профессор Ш.Сарыбаев қазақ тіліндегі еліктеу сөздер дыбыстық құрамының бес түрін көрсетеді.
1)Дауыссыз-Дауысты дыбыстардан құралған үлгі-модель. Бұған ду, гу, зу сияқты екі дыбыстан тұратын еліктеу сөздерді жатқызады;
2) Дыбыстық құрамының қатары Дауыссыз-дауысты-дауыссыз болып үш дыбыстан құралған модельді еліктеулерге сар, маң, шыр т.с. с. үш дыбыстан құралған сөздерді келтіреді.
3) Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссы з ретімен құрамы төрт дыбыстан тұратындарына былқ, сырт, дұрс сөздерін жатқызады.
4) Дауыссыз - дауысты - дауыссыз - дауысты-дауыссыз дыбыстар дан туратын үлгіге жалаң, қылаң, сылаң, ырсың, ербең т.с.с. құрамы бес дыбыстан құралған еліктеусөздердіжатқызады.
5) Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссы з-дауысты-дауыссыз үлгісіне негізінен туынды түбір болатын жалб-аң, қорб-аң, жалт-ың, кірж-ің сияқты еліктеу сөздерін келтіреді. Бұл модельдер қазақ тіліндегі еліктеу сөздерінің дыбыстық құрамы мен құрылысында басқа сөз таптарына ұқсамайтын өзіндік ерекшелік барын айқындай түседі.

1.2 Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері
Еліктеу сөздердің біразының семантикасы табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты мағыналарды білдірсе, кейбірінің мағыналары сол табиғаттағы әр қилы көріністердіңбейнелерін білдіреді. Мысалы, мылтық тарс етгі, қарға қарқ етті деген мысалдарда, тарс мылтықгың атылуынан шыққан, қарқ қарғаның қаңқылдауынан пайда болған дыбыстардың мағынасын беріп тұрса, Алшаң басып аю келеді, Абай кілт бұрылып, жалт қарады дегенде алшаң, кілт, жалт сөздері бейнеге еліктеу мағынасын білдіріп тұр.
Еліктеу сездер ішкі мағыналық ерекшеліктеріне орай екі салаға бөлінеді, бірі - елікгеуіш (елікгеме) сөздер, екіншісі - бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер аталады.
1. Еліктеуіш (еліктеме) сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.
Адамның тыныс мүшесі арқылы шығарылатын дыбыстау мағынасын білдіретін елікгеуіш сөздер тілімізде едәуір. Мәселен, бір ғана ұйықгауға байланысты елікгеу сөздер ішкі мағыналық реңіне қарай қор-қор, пыс-пыс, быр-бырсияқты сөздермен беріледі.
Адамның көңіл-күйіне қатысты күлудің он бес түріне Ш.Сарыбаев мына еліктеу сөздерді атайды: ду күлу, жырқ-жырқ күлу, кеңк-кеңк күлу, қарқ-қарқ күлу, мыңқ-мыңқ күлу, мырс етіп күлу, сақ-сақ күлу, солқ-солқ күлу, сық-сық күлу, сылқ-сылқ күлу, сыңғыр-сыңғыр күлу, таңқ-таңқ күлу, тарқ-тарқ күлу, шаңқ-шаңқ күлу, ырқ-ырқ күлу, т.б. келтіреді.
Түрлі жан-жануарлар, хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған түрлі еліктеуіш (еліктеме) сездер де бар. Мысалы: Бақ-бақ еткен текені, қар жауғанда көрерміз... деген сөйлем ішінде келген бақ еліктеуіш сөзі еркек жынысты ешкі малы шығаратын дыбыс мағынасын білдірсе, Құлындар шіңгір-шіңгір кісінесіп, ойнақгап тұяғымен көтерді шаң деген өлең жолындағы шіңгір-шіңгір, жылқы малының құлына тән кісінегенде шығаратын дыбысқа еліктеуден туған еліктеуіш сөз.
Адам организмінде болатын алуан түрлі сезім құбылыстары су-су, дүрс-дүрс, зырқ-зырқ, лүп-лүп, лып-лып, дір-дір, зу-зу, зың-зың, зырқ-зырқ, даң-дұң, әңкі-тәңкі, шың-шың, дың-дың, астан-кестен, ың-жың, мең-зең, алай-түлей, ұйқы-тұйқы, алау-жалау, сап-сап, әлем-жалам сияқты еліктеме сөздер арқылы беріледі. Еліктеуіш сөздер тілде қолданылған жеріне әрдайым әсемдік, ықшамдылық сипат беріп, шығарма тілін көріктендіріп турады. Мысалы: Бермеймін демеймін-ау, салдыр-гүлдір жүрісіңнен қорқамын Ә.С.). Аюкеме оңашалана бергенде, күңк етіп қалып едім, шоқ басқандай зыр ете түсті.
2. Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы құбылыстар мен заттардыңжөне неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимыл-дарын көру мүшесі-көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары. Бейнелеуіш сөздер адамның, нетүрлі заттардың қимыл-әрекетінің бейнелі еліктеу мағынасын білдіреді. Мысалы, Саусақтары бұлың-бұлың етті де кетті (Ғ.С.); Аттар борт-борт желіді (С.М.); Бұпанбай мен Алшағырдың үй іштері кешіп келіп, абыр-сабыр болып қалды(Ғ. М.) - деген сөйлемдерде адам саусағының, аттың жүрісінің, адамдардың түрлі қимыл әрекетінің көрініс бейнелері бұлың-бұлың, борт-борт, абыр-сабыр бейнелеуіш (бейнелеме) сөздерінің мағынасы арқылы берілген.
Бейнелеуіш сөздер адамның не заттың қимыл процесін ғанзкөрсетіп қоймай, олардың сыртқы көрінісінің бейне-сипатына байланысты қалыппын да білдіреді. Мысалы, дал-дал, ойқаң-тойқаң, пара-пара, дода-дода, әлем-жәлем, опай-топай, алақ-жалақ, мылжа-пяылжа сөздері заттың сыртқы тұлғалық көрінісінің бейнесін білдіретін сөздер. Осылардың біразын сөйлем ішінде келтірейік: Алға! - деп, құшырланып тиіскенде, дал-дал боп қақ жарылған мидай тақыр (Бекежанов). Үстіндегі ер тоқымы пара-пара (Ә.Көшімов). Скважина аузы ойқан-тойқан болып қалды (Ғ.Мұстафин).
Бейнелеуіш сөздерге жалпы жарық сәуленің қатысы арқылы көзге шағылысу бейнелерінің мағыналарын білдіретін оттың жануы, күннің жарқырауы, жалтыр нәрсенің жылтылдауына байланысты мағыналарды білдретін жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, лап-лап, лау-лау сияқгы сөздер де жатады. Етістік сөздерден -аң, -ең, -ң жұрнағы арқылы жасалынған туынды еліктеу сөздер де бейнелеуіш сөздердің мағынасын білдіреді. Мысалы, сүйрең, қисаң, созалаң. Жалпы адамның, тірі жанның, нәрсенің қимыл-қалпын көру қабілеті арқылы қабылдаудан пайда болған еліктеу мағынасындағы сөздер бейнелеуіш сөздер тобына кіреді.
Адамның көру қабілеті арқылы танылатын бейне-құбылыстар, тірі жанда болатын сезім-күйлер семантикалық жақтарынан құбылып түрліше мағынаны білдіруіне байланысты, өз ішінде бірнеше топтарға бөлінеді.
1. Адам мен хайуанаттардың, құстардың жүрістерінің бейне-сипатын білдіретін бейнелеуіш сөздер тобына алшаң-алшаң, тайраң-тайраң, апыл-тапыл, қаз-қаз, қақшаң-қақшаң, митың-митың, байпаң-байпаң, күйбең-күйбең, талтаң-талтаң, маң-маң, қойқаң-қойқаң, тепең-тепең, шоқаң-шоқаң т.с.с. сөздер жатады.
2. Адамдар мен хайуанаттардың, құстардың қимыл, іс-әрекеттерінің сырт тұлға көріністерін бейнелейтін сөздерге қылт-қылт, қылтың-қылтың, елбек-елбек, елең-елең, еңкең-еңкең, мықшың-мықшың, қыбжың-қыбжың, қутың-қутың, елбек-елбек, сылқ-сылқ, былқ-былқ, қалт-құлт, ербең-ербең, шыбжың-шыбжың, қаужаң-қаужаң, шошаң-шошаң сияқты сөздер жатады.
3. Көру сезімі арқылы танылатын әр қилы заттардың құбылып көрінуі және адамның бет пішінінде болатын қуаныш, реніш сияқты реңктердің, қубыл ыстардың бейнеперін білдіретін сөздер тобына жарқ-жұрқ, жалт-жұлт, мөлт-мөлт, жымың-жымың, лау-лау, лап-лап, лып-лып, алау-жалау, жылт-жылт, алай-түлей, бұлдыр-бұлдыр, ұйқы-тұйқы, бурқ-бұрқ, алай-түлей, елең-алаң, апақ-сапақ, қылаң-қылаң, жалба-жұлба, тоз-тоз, құж-құж, ығы-жығы, айқыш-ұйқыш, олпы-солпы тағы осы сияқты мағынадағы бейнелеуіш сөздер жатады.
4. Ойламаған жерден, қапылыстан, кенеттен шұғыл істелетін қимыл-дың көрінісін, құбылысын бейнелеу мағынасын білдіретін сөздерге сау-сау, сумаң-сумаң, қылп-қылп, зып-зып, қылт-қылт сияқгы сөздержатады.
5. Қимыл процестің тәртіпсіз, жүйесіз астан-кестен, үсті-үстіне болған қалпын білдіретін бейнелеуіш сөздер мағынасын жапыр-жұпыр, астан-кестен, абыр-сабыр, ойран-топыр, қапыл-құпыл, опыр-топыр, бұлан-талан, ұмар-жұмар бейнелеуіш сөздері білдіреді.
Бейнелеуіш сөздердің көпшілігі ауыспалы мағынада жиі қолданылады.

2.Еліктеу сөздердің негізгі сипаты және синтаксистік қызметі
2.1 Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
Еліктеу сөздер мағыналық түрлері жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сипаттары жағынан да өзіндік ерекшелікке ие. Еліктеу сөз табына жататын сөздердің буын құрылымы, морфологиялық тұлғалары бір-бірімен ұқсас, орайлас келеді.
1. Еліктеу сөздердің фонетикалық сипаты олардың дыбыстық қурамы, буын жігі, айтылу ырғағы арқылы анықталады. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан басқа сөз таптарындағыдай шашырап жатпай, белгілі бір заңдылыққа бағынған. Еліктеу сөздердің түбір күйіндегі дені негізінен екі, үш, төрт дыбыстан құралған бір буынды түбір сөздер болып келеді де, ал қосарланып келгенде бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Еліктеу сөздердіи дыбыстық құрамындағы дыбыстардың тіркесуінде белгілі бір қалыптасқан жүйелі заңдылықтың болуы, олардың басым көпшілігінің негізгі түбір форма екенін көрсетеді.
Еліктеу мағынасын білдіретін сөздерде болатын мұндай ерекшеліктермен қатар, олардың құрамында келетін дауысты және дауыссыз дыбыстардың келуіндеде ерекшелік бар. Дауысты дыбыстардың барлық түрлері емес, белгілі бір түрлері ғана еліктеу сөздің құрамында келеді. Еліктеу сөздерді жасауға тек а, е, ы, і, ұ, ү, у дауыстылары қатысады. Сонымен бірге бұл дауысты дыбыстар бірен-саран еліктеу сөздің басында болмаса, бірінші дыбыс болып келмейді, көбіне негізінен екінші орында тұрады. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігі еліктеу сөз білдіретін мағынаның өзгеруіне әсер етеді. Дыбыстық құрамы жағынан бірдей жуан дауыстылар қатысқан елікгеу сөздің мағынасы, жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздердің мағынасынан бөлек мағынаны білдіреді. Мысалы, бір топтағы еліктеу сөзгежататын қу.рамындажуан а дауысты дыбысы бар шаңқ сөзі мен жіңішке і дауысты дыбысы келген шіңк еліктеу сөзінің ішкі білдіретін мағыналары бірдей емес. Шаңқ сөзі көлемі жағынан ірі, үлкен заттың, әрі одан шыққан дыбыс қарқынының күштілігін білдірсе, шіңк сөзінің мағынасы көлемі кіші заттардан әлсіз шығатын дыбысты білдіреді. Еліктеу сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке түрлері, оның айтылуына да әсер етеді. Жуан дауысты дыбыс бар еліктеу сөз күшті қарқынмен айтылса, жіңішке дауыстысы жай қарқынмен айтылады. Бул еліктеу сөздерінің айтылуына тән дауыс ырғағының болатынын көрсетеді.
Еліктеу сөздердің құрамына дауысты дыбыстар сияқты барлық дауыссыз дыбыстар да қатыса бермейді. Әрі сөздің басы мен соңында келетін дауыссыз дыбыстың түрлері біркелкі болмайды, олардың келуінде де өзіндік ерекшелік бар. Дауыссыз дыбыстан басталған еліктеу сөздердің бірінші дыбысы дауыссыздың қай түрінен басталғанына шек қойылмайтын болса, соңында келетін дауыссыз дыбыстардың түрі мен орналасуында белгілі тәртіп болады. Негізінен үш, төрт дыбыстан тұратын соңы екі дауыссыз дыбысқа аяқталатын тұйық және бітеу буынды еліктеу сөздердің алдыңғы дауыссызы үнді, соңғысы қатаң дауыссыз болуы шарт. Мысалы, сылқ, бүлк, сырт, еңк, елп т.б.
Еліктеу сөздердің соңында келген р, ж, ң дыбыстары созылып айтылады. Мысалы, гүр-р-р ете түсті, быж-ж-ж ете қалды, дың-ң-ң етгі., ыр-р етті, мыж-мыж-ж болды т.б. Басқа сөз таптарына жататын сөздердің соңында сирек кездесетін ж дыбысы еліктеу сөздердің соңында көп кездеседі. Мысалы, гүж- гүж, баж-баж, шыж-быж, мыж-мыжт.б.
Басқа сөз таптарында лдыбысынан басталатын сөздердің алдында естілетін ы, і протетикалық дыбыс (лақ, лай, леэде, ласт.б.) еліктеу сөздерде айтылмайды. Мысалы, лақ етті, лап ете қалды, лау-лау етті.
Егер дыбыс жылдам, шұғыл, тез шықса, онда еліктеуіш сөздің айтылу интонациясы да тез шұғыл болады. Ал дыбыс шұғыл болмай, созылыңқы шықса, онда еліктеуіш сездерде созылыңқы интонациямен айтылады.
Екі буынды дыбыстық еліктеуіш сөздердің соңғы дыбысы көбіне вибрациялық р дыбысына аяқталады. Мысалы, даңғыр-дүңгір, тықыр-тықыр, салдыр-гүлдір т.т.
Үш дыбыстан қуралған еліктеу сөздердің соңғы дыбысы сонор р, л, м, ң дыбыстарына аяңталады. Мысалы, дыр, дал, шым, шың, маң.
Төрт дыбыстан құралған еліктеу сөздердің үшінші дыбысы сонор, ал төртінші дыбысы міндетті түрде қатаң дауыссыздарға бітеді. Мысалы сарт, бырт, былқ, селк, тарс т.т.
Буын түрі жағынан бір буынды еліктеу сөздердің көбі ашық және бітеу буынды сөз болып келеді. Мысалы: зу, ду, гүж, шың, мырс, селкт.б. Қосарланып келген еліктеу сөздердің сыңарлары аралас буынды сөздерден тұрып, көбінеекі буындыболады.
Бір буынды негізгі түбір еліктеу сөздер интонациясы жағынан мағыналарына орай бірде жылдам ырғақпен, бірде баяу, аңырын ырғақсыз айтылады. Жалпы еліктеу сөздер интонацияға бай, әрі олар құбылмалы келеді. Олардың интонация байлығы, оларды омонимдес зат есімдермен салыстырғанда анық байқапады. Мысалы, Қор болды мен қор ететүсті деген екі тіркестің бірінші заттық мағынадағы қор сөзі жай, қоңыр интонациямен айтылса, қор ете түсті тіркесіндегі қор еліктеу сөзі жұлып алғандай күшгі екпінмен айтылады. Мұндай интонациялық құбылмалық дар асты -дар ете қалды, қыз бала- қыз-қыз қайнады, шөп шапты- шөп ете қалды тіркестеріндегі омоним сөздердің айтылу интонациясының бірдей еместігінен де көрінеді. Бұл еліктеу сөздердің интонациялық құбылу шеңбері кеңекенін көрсетеді.
2. Еліктеу сөздер морфологиялық құрамы жағынан жалаң және күрделі тұлғаларда келеді. Жалаң түбір еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен олардан синтетикалық тәсіл арқылы жасалынған туынды сөздер жатады.
Негізгі еліктеу сөздер айналадағы табиғат құбылыстарын қупақпен есту арқылы қабылдаған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсінікгердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін бір морфемадан тұратын түбір сөздер болып келеді.
Туынды еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа атаушы сөздерге жалғанғанда еліктеу мағынасын тудыратын сөз тудырушы жұрнақтардың қосылуынан жасалынған, морфемдік құрамы жағынан екі морфе-мадан (түбір морфема + қосымша морфема) тұратын туынды сөздер жатады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды еліктеу жасайтын негізгі сөз тудырушы жұрнақтар: -аң, -ең, -ң, -ың, -ің, -алаң, -елең, -лаң, -лең. Мына балпақ -балп-ақ, жылтың-жылт-ың, томпаң-томп-аң, елпең-елп-ең, көлбең - көлб-ең, сылаң - сыл-аң, ирелең - ир-елең, бұралаң - бұр-алаң, шұбалаң - шұб-алаң сөздері екі морфемадан құралған туынды түбір еліктеу сөздері. Мысалы: Арқа арбадан қорбаң етіп түсті. Ол жайнамаз үстінен түспей, шоқаң-шоқаң етті де отырды.
Еліктеу сөздердің күрделі түрі негізінен қос сөзді түбірлер болып келеді. Күрделі түбір тұлғалы туынды еліктеу сөздер аналитикалықтәсіл арқылы негізгі не туынды түбір елікгеу сөздердің қайталанып немесе қосарланып келуінен жасалады. Мысалы, күж-күж, быж-быж, шыр-шыр, шыж-шыж, пыс-пыс еліктеу сөздері негізгі түбір еліктеу сөздің қайталануынан жасалынған қайталама түбірлі қоссөзтұлғалары. Ал бір сыңарының фонетикалық өзгеріске ұшырап қосарлануынан жасалынған шыж-мыж, шарт-шұрт, арбаң-тарбаң, алақ-жұлақ сияқты еліктеу сөздер қосарлама немесе қосарланған түбір еліктеу сөздеріне жатады.
Бір сөздің қайталануынан жасалынған қайталама түбірлі еліктеу қос сөздердің бір қалыпты болған дыбысқа еліктеуді білдіреді. Мысалы, тырс-тырс, быж-быж т.б. Ал қосарлама қос сөздердің мағынасы әр түрлі дыбысталған еліктеулердің мағынасын береді, Мысалы сатыр-сұгыр, бұрқан-тарқан, шаңқ-шұңқ, т.т,
Күрделі елікгеу сөздер сыңарлары фонетикалық дыбысталуы және беретін мағынасына байланысты бірыңғай қосарлы және әр түрлі аралас қосарлы болып келеді. Күрделі еліктеу сөздердің бір сыңарының дыбыстық өзгеріске ұшырау арқылы қосарланған еліктеу сөздер қатарына жапыр-жұпыр, қыбыр-жыбыр сияқты сөздер жатады. Ал аралас қосарлы күрделі еліктеу сөздер сыңарларының дыбыс саны тең келмейді және мағыналық жағынан бірі мәнді болса, екіншісі мәнсіз сөз болады. Кей еліктеулердің екі сыңары да мәнсіз сөздерден қосарланады. Оны мына ойпаң-тойпаң, апалаң-жұпалаң, абыр-сабыр, тасыр-тұсыр сияқгы қосарланған түбір еліктеу сөздерінің сыңарларынан көруге болады. Мұндай қосарланған түбір еліктеу сөздердің сыңарларының біреуі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздер
Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Одағай сөздер жайлы
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
А.Ысқақовтың жалпылингвистикалық тұжырымдамалары
Есімдікті оқытудың ерекшеліктері
Сөздерді топтастыру принциптері
Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер
Пәндер