Ньютон заңдарын оқыту әдістемесі



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ньютон заңдарын оқыту әдістемесі

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қозғалыс заңдарына тарихи, ғылыми әдістемелік талдау жасау
1.1 Қозғалыс заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Масса ұғымын енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 "Күш" ұғымын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.Ньютон заңдарын оқыту әдістемесі
2.1 Ньютонның бірінші заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Ньютонның екінші заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Ньютонның үшінші заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.4 Ньютон заңдары тақырыбына сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен, физика ғылымының зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден, философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланылатын әдістері бойынша физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп. Сондықтан да, физиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жатады.
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі - орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті:
а) мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау;
ә) оқушыларға физикалық білімдер мен дағдыларың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету.
Физиканы оқыту әдiстемесi зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізі бола отырып, дербес дидактика ретiнде әрбiр оқу пәнiне байланысты бiлiмнiң сұрыпталып, жүйеленген қағидаларын, мазмұны мен әдiсiн, материалдық және рухани мәдениетiмен оқу-тәрбие процесiнiң ұйымдастырылу барысындағы қойылатын мақсаттарын орындауға негiзделген iлiм деп танылса, дидактика, өз тарапынан педагогиканың сабақтас ғылыми бөлiгi ретiнде айқындалды. Жоғары мектеп дидактикасының тақырыптық мәнi - тәрбиемен тығыз байланысты болып отыратын бiлiм мен оқу процесiнiң теориясын қамтиды. Оның ғылыми дидактика ретiнде қалыптасуына өзiнiң басқа ғылымдармен етене байланыса отырып, тарихи дамуы себеп болған, өркениетті болашақтың негізін қалайтын арналы ғылыми бағыт.
Физика ғылымында барлық шамалар векторлық және скалярлық шама болып екіге бөлінеді. Векторлық шамаларға: күш, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, салмақ, қозғалыс жатса, скалярлық шамаларға: жұмыс, энергия, масса, қуат, уақыт, температуралар жатады.
Зерттеу мақсаты: Қозғалыс заңдарының тарихи ашылуы мен ғылыми әдістемелік талдау жасау арқылы оқушыларға түсіндіру әдістемесін, қозғалыс заңдары арасындағы байланыстарды ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1.Масса және куш ұғымын қалыптастыру;
2. Ньютон заңдары туралы мағлұмат;
3. Ньютон заңдарын оқыту әдістемесін қарастыру;
4. Ньютон заңдарының ғылыми тұжырымдамаларын дәлелдеу.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қозғалыс заңдарына тарихи, ғылыми әдістемелік талдау жасау
1.1 Қозғалыс заңдары

Өзара әсер ұғымы - ғылымдағы маңызды ұғымдардың бірі. Әр түрлі өзара әсерлер материялық әлемдегі барлық өзгерістердің себепкері. Ал механикада денелердің өзара әсерлесуін қарастыратын барлық қозғалыс заңдарының бір-бірімен тұтас байланысын көреміз.
Қозғалыс туралы грек ғалымы Аристотельдің еңбектерінде "Денеге басқа дене немесе күш әсер еткенде ғана қозғалады" деген тұжырым үстем болып келді. Механиканы жаңа оқып үйренуге кіріскен кез келген оқушы да осылай ойлайды. Бұл түсінікті де, себебі Аристотельдің көзқарасы күндегі көріп жүрген тәжірибеден алынған. Оқушыларға денелердің тек қана тыныштықта болады деген пікірдің дұрыс еместігін итальян ғалымы Галилео Галилей көрсетті. Галилей дененің тыныштық күйін немесе бірқалыпты қозғалысын қарастырып, дене сыртқы әсер болмағанда тыныштық күйде немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалыста болатынын. көлбеу жазықтағы шарлардың қозғалысын зерттеп қорытындылады.
1686 ж. ағылшын физигі және математигі Исаак Ньютон Галилейдің қорытындыларын жалпылап инерция заңынтұжырымдады.
Инерция заңына (немесе Ньютонның бірінші заңы) сәйкес денеге басқа денелердің әсері теңгерілген болса, онда ол үдеусіз қозғалады.
Ал, дене үдемелі қозғалыста болса, онда әсері сол үдеудің пайда болуына себепші басқа денені көрсетуге болады.
Демек, денелердің үдемелі қозғалысқа түсуінің себебі, оған басқа дененің әсер ететіндігінен деп айтуға болады. Өзара әсерге екі дененің де қатысатынын оқушыларға ескерту қажет.
Денелердің өзара әсерлесуі кезіндегі үдеулерінің модульдерінің қатынасы әрқашанда тұрақты болады. Мысалға әр түрлітәжірибелерді (алюминий және болаттан жасалған арбашалармен, өлшемдері бірдей алюминий және болат цилиндрлер кигізілген центрден тепкіш құралмен және т.б.) жасай отырып түсіндіріледі.
Бұл тәжірибелерден әсерлесу уақыты бірдейболсада, олардың алатын үдеулерінің модульдері әртүрлі болатынын көруге болады. Үдеуін аз мәнге өзгерткен дене инертті деп аталады. Яғни, кез келген дене өз жылдамдығын өзгерту үшін белгілі бір уақыт керек. Қандай да болмасын дене өзара әсерлесу кезінде жылдамдығын лезде өзгерте алмайды. Бұл дененің инерттілік қасиеті деп аталады. Дененің инерттілік қасиеті массамен сипатталады.
Әсерлескен денелердің массаларын және арқылы белгілесек, онда былай жазуға болады:
(1)
Өзара әсерлесетін екі дененің үдеулері модульдерінің қатынасы олардың массаларының кері қатынасына тең болады.
Бір дененің екіншісіне үдеу туғызатын әсері куш деп аталады.
Күш бір дененің екінші денеге әсері ғана емес, санмен өрнектеуге болатын физикалық шама. Күш бір денеге зор үдеу, екіншісіне аз үдеу беруі мүмкін.
Егерде бір денеге екі күш түсірілсе, ол дене үдеу алмаса, онда түсірілген күштер модулі бойынша тең, ал бағыттары жағынан қарама-қарсы.
Демек, күш тек сан мәнімен ғана емес, бағытымен де анықталады, яғни күш векторлық шама.
Күш - өзі қандай шама және өзі туғызатын үдеумен қалай байланысқан? - деген сұрақтарды оқушыларға қоя отырып, тәжірибелерге жүгінеміз. Арбашалар арқылы жасалған тәжірибелердің қорытындысынан И.Ньютонның екінші заңы тұжырымдалады.
Дененің алатын үдеуі әсер етуші күшке тура, ал массасына кері пропорционал болады.

(2)
Егерде денеге бірнеше күш әсер етсе, онда олардың геометриялық қосындысына тең күштің әсерінде үдеу алады. Бұл күш тең әсерлі немесе қорытқы күш деп аталады.
Енді Ньютонның бірінші заңын басқаша тұжырымдауға болады,
Егер денеге тусірілген барлық күштердің қорытқы күші нолге тең болса, онда инерциалы санақ жуйелерінде ілгерілемелі қозғалатын дене өзінің тұрақты жылдамдығын сақтайды.
Денелердің бір-бірімен әсерлесуі өзара сипатталады.
Біз өзара өсерлесуші денелер үдеулерінің модульдерінің қатынасы
олардың массаларының кері қатынасына тең:немесе болатьшын көрдік. Үдеулердің бағытгары қарама-қарсыболатыны тәжірибелерден көрініп түр. Математикалық түрде былай жазылады.
(3)
немесе Ныотонның екінші заңынан:

Бұл теңдік Ньютонның үшінші заңының өрнегі.
Денелер бір-біріне модулі бойынша тең және бағыты жағынан қарама-қарсы күшпен әсер етеді.
Оқушыларға Ньютонның үш заңы да инерциялы санақ жүйесінде қарастырылғанда дұрыс екенін түсіндіру керек.
Міне, 2-сұлбаға қарап қозғалыс зандары бір-бірінен бөліп алуға болмайтын тұтас, бір-бірінен туындайтын заңдылықтар екенін оқушыларға жеткізу керек.

1.2 Масса ұғымын енгізу
Жоғарғы сыныптарда масса ұғымын қальштастыру негізгі мекгепте алынған білімдеріне сүйене отарып жүргізіледі. Масса ұғымы туралы базалық курста алған білімдерін физиканың басқа бөлімдерііще одан ары дамытылып қалыптастырылады.
Бағдарлы мектептің жоғарғы сыныптарында масса ұғымын қалыптастыру мынандай кезеңдерден тұрады.
1-кезең. VII-IX сыныптардағы масса ұғымдары туралы алған
білімдерін қайталау.
2-кезең.Масса дененің инерттік қасиетінің өлшемі ұғымын экспериментгіктәжірибе арқылы беру.
Экспериментгік тәжірибе: центрден тепкіш машинада массалары
1:3 болып келген екі дене бір-бірімен байланыстырылған. Осытәжірибені көрсете отырып, денелердің таяқшадан сырғымай 3:1-не тең радиустардың қатынасындай шеңбер бойымен айналатыны көрсетіледі.
мұнда масса ұғымын белгілі бір мысалға сәйкес анықтау болып табылады.
3-кезең. Осы тәжірибелердің қорытындысын жинақтай отырып массаға анықтама беру.
Анықтама: Дененің массасы бұл оның инертттілігін сипаттайтын физикалык, шама. Ол әсерлесу кезіндегі масса эталоны үдеуі модулінің дене удеуінің модулінің қатынасымен анықталады.
4-кезең. Массаның өлшем бірлігін анықтау. Масса эталонына платина мен иридий қорытпасынан арнайы жасалған цилиндр қабылданған. Осы цилиндрдің массасы массаның халықаралық бірлігі килограмм (кг) 1889 жылы енгізілген.
Осы кезеңде массаның еселік және үлестік бөліктерімен оқушыларды таныстырып жаттығуға есептер шығартқан дұрыс.
5-кезең. Дененің массасын өлшеу жолдары: 1) денелердің өзара әсерлесуі арқылы олардың үдеуін салыстыра отырып анықтауға болады; 2)күйентелі таразы арқылы анықтау (ең көп тарағанқарапайымтүрі).
Жұлдыздардың аспан денелерінің немесе өте кішкене элементар бөлшектердщ массасын бірінші жолмен анықтайды.
6-кезең. Классикалық механикадағы масса ұғымының қолдану шекарасын талдау.

1.3 "Күш" ұғымын қалыптастыру

Физика курсында күш үғымын қалыптастыру келесі кезеңдерден
тұрады.
1-кезең. Күш ұғымы туралы негізгі мектептің 7-сынып физикасында бастапқы мағлұматтар алады. Бір дененің екінші денеге әсері күш деп аталады. Ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші түрлерімен танысады, яғни негізгі мектепте алған білімдерін қайталайды.
2-кезең. Бір дененің екінші денеге әсерін сипаттауы күштің сандық анықтамасы ретінде қалыптастыру. Бұл кезең Ньютонның екінші заңын оқып үйренумен байланысты қалыптасады. Мұңда мына жағдайларға көңіл бөлу керек.
1) Күш ұғымының анықтамасын түсіндіру. Өзара әсерлесу салдарынан дене үдеу алады (жылдамдық векторы өзгереді). Үдеу туғызатын басқа дененің ықпалынқысқаша үдетілетін денеге әсер етуші күш деп атайды. Осыны тәжірибе жүзінде міндетті түрде көрсету керек. Демонстрациялық эксперимент: массалары әртүрлі арбашаларды серіппелер арқылы әсерлестіріп үдеулерін салыстыру. Тәжірибелерден шығатын қорытынды: өзара әсерлесетін денелердің алғы шарттары мен сипатгамаларына ғана байланысты, ал олардың үдеулерінің қатынасына байланысты емес.
2) Күшті анықтау үшін тәжірибе жасалынады (бір күш арқылы әр түрлі массалы арбашаларға әсер ету). Серіппенің серпімділік күші оның сығылуына немесе созылуына ғана байланысты, осы қасиетін пайдаланып массасы әр түрлі денелерге әсерін қарастыру. Денеге тұрақты күш әсер еткенде, та шамасы барлық денелер үшін бірдей болатындай тәжірибе жасап көрсетеміз. Центрге тартқыш машиналар арқылы тәжірибелер жасап, центрге тартқыш үдеуді табады.
Дененің белгілі массасы мен тәжірибеден алынған үдеу арқылы күшті анықтау, яғии күш дененің массасы мен үдеудің көбейтіндісіне тең болады (). Демек Ньютонның екінші заңын өткенде қалыптастырылады.
3-кезең. Ньютонның 3-ші заңын өткендегі әсер және қарсы әсерді қарастырған кезде қалыптастырылады. Заңды оқып-үйренгендеәсерөзара әсерлесу сипатында болатынын атап айту қажет. Ньютонның үшінші заңыңда, екінші заңына қарағанда айырмашылығы екі денеге әсері бірдей қарастырылады. Мұндағы "әсер" және "қарсы әсер" терминдері өзара ауыса алады және шартгы түрде алынған. Мысалыекі дене әсерлескендс бірінші дененің екінші денеге "әсері" (),алекінші дененің бірінші денеге "әсері" () болады немесе керісінше.
Оқушыларға бұл күштерді қосуға және оларды тең әсерлі күшпен шатастыруға болмайтынын түсіндіру керек. Тең әсерлі күш бір денеге түсірілген күштердің қосындысы, ал "әсер" және "қарсы әсер" күштері әр түрлі денеге түсіріледі.
4-кезең. Әртүрлі күштердің өзара әсерін қарастыру ауырлық, серпінділік, үйкеліс күштерін қалыптастыру. Механикада мұнан басқа денелердің өзара әсері жоқ, олай болса басқа күштер де жоқ. Алдымен гравитациялық күш және бүкіл әлемдік тартылыс заңы қарастырылады. Гравитациялық күшті оқып үйренгенде: денелердің Жерге қүлауы, Күннің айналасында планеталардың қозғалысы, планеталардың айналасында серіктердің қозғалысы т.с.с. Оқушыларға гравитациялық күштер ара қашықтыққа байланысты денелердің өзара тартылу салдарынан пайда болатынын түсіндіру қажет.
Тартылыс күшінің бір көрінісі ауырлық күші (дененің Жерге тартылу күші) болып табылады. Ол Жер центріне бағытталған және ауырлық центрі деп аталатын нүктеге түсіріледі.
Серпінділік күші денелердің деформациялану салдары ретінде, ал деформациялану өзара әсерлескенде дененің бөлшектері әр түрлі үдеу алуы салдары ретінде қарастырылады. Серпінділік күшін және деформацияның пайда болуын көрсеткен пайдалы. Серпінділік күші ылғи да денелердің тікелей өзара әсерлесу кезінде пайда болады.
Серпінділік күші өзара әсерлесетін денелердің жанасу бетіне перпендикупяр бағытгалады, ал деформацияланған денелер шыбықтар, резеңке таспалар, жіптер, сығылған не созылған серіппелер болса, овда серпінділік күші олардың осі бойымен бағытталады. Серпінділік күшінің ұзаруға тәуелділігінің осы оське проекциясы Гук заңыменанықталады: Ғх =-kx
Дененің Жерге тартылу салдарынан оның тірекке немесе аспаға әсер ететін күші дененің салмағы ретінде қарастырылады. Салмақсыздық дененің салмағы нольге тең болған кездегі күйі арқылы анықталады.
Оқушыларға ауырлық күші денеге түсірілгеи гравитациялық күш, ал дененің салмағы дегеніміз аспаға немесе тіреуге түсірілген серпінділік күші екенін түсіндіру керек.
Механикада күштерді оқып үйрену үйкеліс күшімен аяқталады. Үйкеліс күшінің пайда болуын білеушенің горизонталь беіте бірқалыпты қозғалысын оқып-үйрену мысалында қарастырады (6,а-сурет). Мектепте Ньютон механикасын оқыту кезінде материялық нүктенің қозғалысын қарастырады, сондықтан да денеге түсірілетін барлық күштерді ауырлық центріне түсіріп көрсетеді (6,6-сурет).

6-сурет
Мұнда ауырлық күші mg тіреудің серпінділік күші серп теңгереді.
Тәжірибеде білеушеге ілгек іліп, оған динамометрді жалғап тартсақ, онда білеуше бірден қозғала қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды: білеуше қозғалысына дененің бойымен кері қарай бағытталған күш әсер етеді. Бұл күш үйкеліс күші. Үйкеліс заңын оқып-үйренгенде
(үйк)оқушыларға серпінділік күші дененің қозғалысжазықтығына перпендикуляр, ал үйкеліс күшімен тік бұрыш жасай бағытталатанын көрсету керек.
Сырғанау үйкеліс күшінің бағыты дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытталады (6-сурет). Дененің көлбеу жазықтықпен бірқалыпты сырғанаған кезде, үйкеліс коэффициенті көлбеу жазықтықтың горизонтпен жасайтан бұрышының тангенісіне тең екені қарастырылады. Сондай-ақ күнделікті өмірде, практикада қолданылуына мысалдар келтіріледі. Мысалы, көлбеу жазықтық арқылы жүкті автокөлікке тиеу (транспортир арқылы) және т.б.
5-кезең. Күш ұғымын физика есептерін шығару кезінде қалыптастыру. Мұнда мынандай: дененің жылдамдығы ауырлық күшінің әсерінен өзгереді, бастапқы шарттарына байланысты (бастапқы жылдамдығы нольге тең болғанда немесе дененің бастапқы жылдамдьпғы нольге тең емес, жоғары-төмен горизонтқа бұрыш жасай бағытталған); дененің серпінділік күшінің әсерінен қозғалысы (бастапқы шарттарын ескере отарып (материялық нүктенің шеңбер бойымен вертикаль және горизонталь айнала қозғалысы, жүктің серіппедегі тербелісі); дененің үйкеліс күшінің әсерінен қозғалады; дсненің бірнеше күштің әсерінен қозғалысына есептер шығару.

2.Ньютон заңдарын оқыту әдістемесі
2.1 Ньютонның бірінші заңы
Денелер және олардың айнала қоршауын қарастыру кезінде инерция құбылысы мен инерттілік арасындағы байланыстың мәнінашу қажет.
Исаак Ньютонның өмірбаяны :: Исаак Ньютон осыдан 369 жыл бұрын Англияның Вульсторп деген ауылында бай емес фермер отбасында дүниеге келді. Өзінің ғылымға арнаған 84 жыл өмірінде қазіргі қолданып жүрген классикалық механика негіздерін құрастырды. Еңбектері механика, оптика, астрономия және математикаға тиесілі. Өмірінің соңына дейін ғылыммен айналысса да, зерттелмеген, ашылмаған ақиқат көп екенін біліп келді.
Басқа денелер әсерін тигізбегеңде дененің жылдамдығын сақтау қасиеттері инерция құбылысы деп аталады.
Ньютон заңдары

I заң
II заң
III заң
Физикалық жүйе
Макроскопиялық дене
Екі дене жүйесі
Модель
Материялық нүкте
Екі материялық нүкте жүйесі
Сипатталатын құбылыс
Тыныштық күй немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс
Үдеу ала қозғалу
а= ΣFm
Денелердің өзара әрекеттесуі
Заң мазмұны
Инерциялық санақ жүйесінің бар болуын көрсетед, егері
F=0 = υ = coпst.
Өзара әрекеттесу жылдамдықтың өзгеруін көрсетеді, яғни үдеу
а= Fm
Табиғаттағы кез келген күшке модулі бойынша тең бірақ бағыты бойынша қарама қарсы бағыттталған екінщі күш табылады.
F1,2 = F 2,1

Пайда болу мысалдары

Ғарыш кемесінің қозғалысы

Планеталардың қозғалысы, Денелердің жерге түсуі, автокөліктің жылдамдық алуы кезіндегі және тоқтау кезіндегі қозғалыс

Денелердің өзара әрекеттесуі: Күн және Жер, Жер және Ай, автокөлік және жер беті

VІІ-сынып физикасьшда өткен осы үғымды ІХ-сыныпта тереңдетіп, инерция заңын, яғни Ньютонның бірінші заңы қаңдай жүйеде орындалатанын айқын көрсеткен дұрыс. Егер қандай жүйеде орындалатыны айтылмаса, онда инерция заңы өзінің мағынасынжояды.
Оқушыларға бірде-бір тәжірибеде инерция заңын нақты көрсетуге болмайтынын, себебі табиғатта басқа денелермен әсерлеспейтін дененің жоқ екенін түсіндіру керек. Бұл қиындықты әдістемелік тұрғыдан ойша эксперимент (қозғалысты үйкеліссіз қарастырып) немесе басқа денелердің әсерін ескермей идеялдау арқылы шешуге болады,
Ньютонның 1-ші заңын түсіндіруде эксперименттік тәжірибеден бастап дене:
1) тыныштық күйде (салыстырмалы);
2) бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болатын жағдайларды қорытып тұжырымдалады. Ньютонның 1-ші заңының анықтамасы: Егер қозғалыстагы денеге басқа денелер әсер етпесе (немесе басқа денелердің әсерлері компенсацияланса), онда белгілі бір санақ жүйесіне қатысты алғанда іргерлмелі қозғалыстағы дене өзінің тұрақты жылдамдығын немесе тыныштық күйін сақтайды.
Ныотонның 1-ші заңы қандай жағдайларда дұрыс болатынын түсіндіру керек.
1) Тек материялды нүкте немесе ілгерілмелі қозғалыстағы денелер үшін (айналмалы дененің қозғалысына қолдануға болмайды).
2) Қандай жағдайларда қолдануға болады, яғни инерциялы және инерциялы емес санақ жүйелерін айыра алулары керек.
Бекітуге инерциялы және инерциялы емес санақ жүйелеріне мысалдар кешіріп, оқушыларға "Санақжүйесі" атты бейнефильмнің үшінші көрінісін көрсетуге болады.

2.2 Ньютонның екінші заңы
Күш және үдеудің қалай байланысатынын анықтау үшін тәжірибеге жүгіну керек. Тәжірибе тек бір күш әртүрлі денелерге әсер ететіндей, яғни массалары түрліше денелерге үдеу беруі қажет.
Тәжірибені жасау үшін басқа денелердің бәріне бірдей күшпен әсер ететін денені тавдап алу қажет. Мұндай дене серпімді серіппе болып табылады. Мүнда серпімділік күшінің тамаша қасиеті сол, ол күш тек серіппенің қаншалықты созылғанына немесе сығылғанына ғанатәуелді.
Әсер етуші күш біреу ғана болғандықтан ол күшпен барлық денелерге әсер еткенде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі ұғымдар мен динамика заңдары
Физика сабағында масса ұғымын қалыптастыру
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Дифференциалдық және интегралдық есептеудің элементтерін оқыту әдістемесі
Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Дифференциалдық және интегралдық есептеулерді оқыту жүйесі
Динамиканың бірінші заңы
Физиканы оқыту әдістерінің классификациясы
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Орта мектепте интеграл тақырыбын тереңдетіп оқытудың әдістемесі
Пәндер