Мектепте орта деңгейде ағылшын тілі грамматикасын қазақ тілі грамматикасымен салыстырып оқыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Мектепте орта деңгейде ағылшын тілі грамматикасын қазақ тілі грамматикасымен салыстырып оқыту

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2016 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Ағылшын тілі грамматикасымен қазақ тілі грамматикасын салыстыра оқыту
1.1 Ағылшын тілі грамматикасын оқытудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ..5
1.2 Шетел тілін ана тілі негізінде салыстыра оқытудың маңызы ... ... ... ... ... .9
2. Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
2.1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімнің семантикалық құрылымдық, синтаксистік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Қазақ тіліндегі септеуліктердің ағылшын тіліне берілу жолдары ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі таңда төл тіліміз бен ағылшын тілінің грамматика саласында көптеген мәселелер әлі де зерттеуді қажет етеді. Әсіресе ұлттық аудиторияда шетел тілінің грамматикалық жағын үйретудегі қиыншылықтары толық жасалмаған. Етістіктің грамматикалық формаларындағы шақ мәселесі төңірегіндегі зерттеу жүргізу - лингвистика ғылымына кейбір өзекті мәселелері шақ формаларының мәтіндегі қызмет аясын, тіл білімінде, аударма теориясында кейбір шешілмеген тұстарын ашуға көмектеседі. Етістіктің шақ формалары ағылшын тілінде қалай берілген, екі тілдегі шақ формалары арасында белгілі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ескере отырып, аударма барысында байқалатын негізгі тұстарын, қандай тәсілдер арқылы аударылуын білу және берілу жолдарын, қазақ тіл білімінде жаңа саланың бірі аударма теориясының грамматикалық қырларын ашып, оның ішінде күрделі сөз табы - етістіктің шақ категориясының берілу жолдарының жан-жақты қарастыру зерттеу еңбегіміздің негізгі мақсаты болып табылады.
Ағылшын тілі мен қазақ тілі генетикалық жағынан да бөлек топтарға жататын тілдер. Генетикалық тұрғыдан ағылшын тілі үнді еуропа тілдері отбасына, қазақ тілі алтай тілдері отбасына жатады. Типологиялық жағынан, яғни туыстық жақындығына қарап емес, грамматикалық құрылысына қарап топтастыру нәтижесінде ағылшын тілі аналитикалық тілдерге, қазақ тілі жалғамалы (агглюнативтік) тілдерге жатады. Аналитикалық тіл негізінен көмекші сөздерге сүйенеді, немесе сөз түрлендірушілерді қабылдауға бейім болмайды (ағылшын тілінде көмекші сөздер өте көп және екі септік бар). Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (көше-көшелер-көшелерге- көшелерімізге). Сондықтан, бұл екі тіл арасында ұқсастықтарынан гөрі ерекшеліктері көп. Алайда, екі тіл арасында мүлде ұқсастық жоқ емес.
Шетел тілін үйренуде ана тілін аластамай, қайта ана тілін меңгерудегі тәжірибесіне сүйену керек. Ана тілі алғашқы баланың қоршаған ортаға бейімделуімен қатар ерте жасында қалыптасқан қарым-қатынас құралы. Шетел тілі - өмір қажеттілігінен туындаған қосымша құрал.
Зерттеу мақсаты: ағылшын тілі грамматикасын оқытуда қазақ тілі грамматикасымен салыстырып оқыту әдістемесі туралы түсінік беру.
Зерттеу міндеттері:
Ағылшын тілі грамматикасымен қазақ тілі грамматикасын салыстыра оқыту маңыздылығын анықтау;
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімнің семантикалық құрылымдық, синтаксистік ерекшеліктерін зерттеу;
Қазақ тіліндегі септеуліктердің ағылшын тіліне берілу жолдары туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Ағылшын тілі грамматикасымен қазақ тілі грамматикасын салыстыра оқыту
1.1 Ағылшын тілі грамматикасын оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Ағылшын тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды,оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым - қатынас жасауға мүмкіндік туады.[6.21-25]
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс Шетел тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым - қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. [5.31]
Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады - деген К.Ушинскийдің даналығында.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.[7.16]
Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс - әрекеттерін әгімелеуге үйрету. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек ету нәтижесінде жете алады.
Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс - бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез - келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады.[13.29-33]
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды[21.6].
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. [14.3-5]
Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан - салалағына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір - бірімен байланысып кірігеді.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары - телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.[11.4]
Қорыта келгенде шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.

1.2 Шетел тілін ана тілі негізінде салыстыра оқытудың маңызы
Шетел тілін ана тілі негізінде салыстыра оқытудың маңызы зор.Сондай ақ шетел тілін оқытуда ана тілін аластау емес,қайта оқушылардың ана тілін меңгерудегі тәжірибесіне сүйену керек. Шетел тілін меңгеру өте күрделі үрдіс,әсіресе оқытудың бастапқы кезеңінде өте көп қателіктер болатыны белгілі жәйт.Ана тілі-басқа тілді үйренудің негізгі қайнар көзі.Мысалы: оқушылардың шетел тілінің шақтық формаларын қолдануда көп қате жіберуі жиі кездеседі.
Бұл көзқарасты көптеген зерттеушілер (Р.К.Миньяр-Белоречев, Э.Г.Вольтер, Д.Аткинсон, С.Крашен, Л.Продромоу, т.б.) ұстанады. Л.Продромоу өз жұмысында ана тілінің рөлі жөнінде айтып, кейбір метафораларды келтірген: Шетел тілі сабағында ана тілі бұл:
1.ем, дәрі (әрине, пайдалы, бірақ кейбір зиянды жақтары да бар);
2.білім алатын құдық;
3.оқытуда кесел келтіретін жар;
4.кең дүниеге терезе (оқушылардың алған тәжірибелерін, дүние жүзін және мәдениетін көруге мүмкіндік береді);
5.балдақ (ол алға жүруге көмектеседі, сонымен қатар дәрменсіздікті көрсетеді).
Барлық әлем тілдерінде шақ категориясы болады, оның негізгі мағынасы сөйлеп тұрған сәттің сөйлеу моментімен сәйкес келетіндігі, яғни абсолютті реалды уақыт болып саналады.
Етістіктің шақ категориясы -- іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым- қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Әр түрлі лингвисттер ағылшын тіліндегі етістіктің шақ жүйесін сегіз, жеті, алты, төрт және екі шақтық жүйеге бөледі. Бұндай ағылшын тілінің шақ жүйесіндегі көзқарастарының әртүрлілігі негізінен, ғалымдардың арасындағы шақ жүйесі жайында бір шешімге келмеуінен болады. Жалпы шақ (tense) сөзіне түсінік беріп көрейік.
"Tense" латын тілінен алынған "tempus", яғни уақыт деген мағынаны білдіреді. Шақ іс-қимылдың, жай күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым- қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Шақ категориясы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту мерзімін, кезін білдіреді, бірақ ол мерзімдік мән жеке сөздер арқылы емес, грамматикалық жолдарымен беріледі.
Ағылшын тілінде шақтар үлкен үш топқа бөлінеді: Present Tenses, Past Tenses және Future Tenses. Қазақ тілінде де шақтың үш түрі бар. Осы шақ, өткен шақ және келер шақ. Бұл шақтар мағынасы мен жасалуына қарай өз ішінде бірнеше топтарға бөлінеді.

Шақтарды үйрену барысында қазақ тілі сабағында өтілетін етістіктің шақтарымен салыстырған тиімді. The Present Simple (Indefinite) Tense-ті қазақ тіліндегі ауыспалы осы шақпен салыстырған тиімді. Ауыспалы осы шақ - а, е, й тұлғалы етістіктің жіктеліп келуі арқылы жасалады: барады, айтады т.с.с. Оны бір грамматика ауыспалы осы шақ деп берсе, енді бірі, жалпы осы шақ. Мысалы: құс ұшады, әнші ән салады. Ауыспалы осы шақ қазақ тілінде іс-қимылдың дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ағылшын тілінде The Present Simple (Indefinite) Tense can describe:
1.Habitual actions. I usually get up at 7.30. Мен сағат 7.30-да тұрамын.
2.Actions and situations which are generally or usually true. We like ice-cream. Біз балмұздақты жақсы көреміз.
3.Facts are always true. The sun rises in the east. Күн шығыстан көтеріледі.
The Present Continuous (Progressive) Tense-ті қазақ тіліндегі нақ осы шақпен салыстыруға болады. Нақ осы шақ - қалып етістіктің тікелей жіктелуі арқылы не көсемшенің - ып, -іп, -п, -а, е, й, тұлғасындағы негізгі етістікке осы қалып етістіктің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. The Present Continuous (Progressive) Tense describes:
1.Actions in progress at the present moment. Sorry, I can't to speak to you, I'm washing my hair. Кешіріңіз, мен сізбен қазір сөйлесе алмаймын, мен басымды жуып жатырмын.
2.Actions happening `around now', but not at the moment of speaking. I'm reading The Lord of the Rings. Мен Сақиналар Әміршісін оқып жатырмын.
The Present Perfect Tense-ті қазақ тіліндегі жедел өткен шақпен салыстыруға болады. Қазақ тілінде жедел өткен шақ "-ды, -ді", "-ты, -ті" жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді.
The Present Perfect Tense is used to denote past events which are connected to the present. I've hurt my foot. Мен аяғымды ауыртып алдым. The Past Perfect Tense-ті қазақ тіліндегі бұрынғы өткен шақпен салыстыруға болады. Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің "-ған, -ген", айғақсыз түрі көсемшенің "-п", "-ып", "-іп" тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: "барған", "айтқан", "барыпты". The Past Perfect Tense is used for the earlier event. When we arrived at Sue's house, she has left.
Ауыспалы өткен шақ -- іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің "-атын, - етін", "-йтін" формалары арқылы жасалады. Мысалы, "тыңдайтынбыз", "көретінсіңдер". Ағылшын тіліндегі used to сөзімен салыстыруға болады. Used to is used to describe a habit or state in the past. I used to play tennis, but now I play football. Мен теннис ойнайтынмын, қазір футбол ойнаймын.
The Future Simple (Indefinite) Tense-ті қазақ тіліндегі ауыспалы осы шақпен түсінуге болады. Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ -- етістік түбірге көсемшенің "-а", "-е", "-й" қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: "барады, оқиды". The Future Simple (Indefinite) Tense is used to talk generally about future beliefs, opinions, hopes and predictions. There is usually a time expression. There won't be any lessons tomorrow. Ертең сабақ болмайды.
Be going to do smth. құрылымын мақсатты немесе сенімді келер шақпен салыстыруға болады. Мақсатты келер шақ етістік түбірге "-мақ, -мек", "-бақ, -бек", "-пақ, -пек" қосымшалары жалғану арқылы жасалады: "жүрмек", "айтпақпын". Сенімді келер шақ - ғалы, гелі (отыр, жүр, жатыр). Be going to do smth. is used:
1. for plans and intentions. After I finish university I'm going to travel all over Europe.Университетті бітіргеннен кейін мен Еуропаға сяхатқа шықпақпын.
2. for prediction when we can see in the present situation that something is going to happen. Look out! You're going to drop the plates! Қара! Тәрелкелерді түсіргелі жатырсың.
Л.Ляховицкий өзінің Неміс тілін оқытудың негіздері еңбегінде былай дейді Шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшелігін білу оқушы үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсіну үшін өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін қиындықтарды түсінуге болады. Сабақ тек шетел тілінде ғана болса түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушының шетел тілін меңгеруге қызығушылығын төмендетеді. Сөйтіп ана тілінің негізінде екінші бір тілді үйрену жүзеге асырылады. Ал ана тілі - басқа тілді үйренудің негізгі қайнар көзі.
Етістік (verb, глагол)-грамматиканың күрделі бір саласы. Етістіктің қимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі мәлім. Ал іс-әрекет,қимыл белгілі бір кезеңде іске асады,орындалады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін:үнемі қайталанып тұратын, дағдыға айналған іс-қимыл,сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-қимыл, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен іс-қимыл,сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған,бірақ кейін болуға тиіс іс-қимыл.
1.Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі 3 түрлі болады. Соған сәйкес етістік шақтары да 3 түрлі болады.Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі сияқты шақтар үлкен 3топқа бөлінеді:
+ Осы шақтар- Present Tenses
+ Өткен шақтар- Past Tenses
+ Келер шақтар- Future Tenses
Ағылшын тілінде,сол сияқты қазақ тілінде де шақтардың осы 3 үлкен тобы мағынасы мен жасалуына қарай өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді.Ағылшын тілін орта мектепте 5-7 сыныптарда 5 түрлі шақ формалары енгізілген.
Олар: The Present Indefinite Tense-күнделікті қайталанып тұратын, дағдыға айналған іс-әрекетті,
The Past Indefinite Tense-өтіп кеткен іс-қимылды,
The Future Indefinite - әлі болмаған,бірақ келешекте болатын іс-қимылды,
The Present Continuous-дәл осы уақытта,сөйлеп тұрған кездегі іс-қимылды,
The Past Continuous-өткен шақтағы белгілі бір уақыт аралығында өтіп кеткен іс-қимылды,
The Present Perfect Tense-өткен шақтағы іс-қимыл,бірақ оның осы шақпен байланыстылығы бар немесе жаңа ғана біткен іс-қимылды білдіреді. 5-7 сыныптарда шақтарды өткенде оны қазақ тілі сабағында өтілетін етістіктің шақтарыиен салыстыра өткізу тиімді және оқушыларға түсінікті деп ойлаймын. Ағылшын тілі мен қазақ тілі етістіктерінің шақ формалары өте күрделі. Күрделі етістік құрамындағы қалып етістіктері көмекшілік қызмет атқарады және жіктеліп жұмсалады.
Мысалы: Мен оқып отырмын- I am reading.
Сен ойнап жүрсің- You are playing.
Оқушы кітап оқып отыр- The schoolboy is reading a book.
Ағылшын тілінде жасалу формуласы мынадай: To be+Participle
Көмекшілік қызмет атқаратын to be етістігі және негізгі етістік.
Мысалы: I am reading a book.- Мен кітап оқып отырмын.
They are writing a dictation now-Олар қазір диктанат жазып отыр.Мұндағы екі сызықпен сызылған көмекші етістік қызметінде тұрған to be етістігі,ал бір сызықпен сызылған негізгі етістіктер.Сөйлемдерден көрініп тұрғандай, ағылшын тілінде негізгі етістік,көмекші етістіктен кейін тұрса,ал қазақ тілінде керісінше болады:
Оқып отырмын- I am reading
Оқып жаттым- I was reading
Екі тілдегі шақ формалары бір-біріне сәйкес келеді.The Past Indefinite Tense-жедел өткен шақ. I went to the library, yesterday- Мен кеше кітапханаға бардым. The Past Indefinite Tense- те уақытты білдіретін анықтауыш сөздер қолданылады.Қазақ тіліндегі бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
1.Бұрынғы өткен шақ көсемшенің - ып,-іп,-п тұлғалы жіктелуінен жасалады.
(мен) барыппын,
(сен) барыпсың,
(ол) айтыпты.
2.Бұрынғы өткен шақ-ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады:(мен)барғанмын,(сен)келген сің,(ол)айтқан.
(мен)барыппын- I have gone
(сен)келіпсің- You have come
(ол)айтыпты-He has said
жақ
жекеше
Көпше
I
Оқыған едім
Оқып едім
Оқыған едіңіздер
II
Оқыған едің(екенсіз)
Оқып едің
Оқыған едіңіздер
Оқып едіңіздер
III
Оқыған едіңіз(екенсіз)
Оқыған еді(екен)
Оқып еді
Оқыған едіңіздер
Оқыған еді
Ағылшын тіліне аударғанда:
I have read: We have read
You have read You have read:
She has read They have read
He has read
The Present Perfect Tense- тің ағылшын тіліндегі жасалуы жолы көмекші етістік to have осы шақтағы формасы, Participle II негізгі етістіктің формасы:
has have + Participle II. I have read this novel.
Қазақ тіліндегі сияқты көмекші етістік жіктеледі.Үлгісі мынадай:
I have come: We have come
You have come You have come
She has come They have come
He has come
Қазақ тілінде:
Мен келген едім (келгенмін) Біз келгенбіз
Сен келген едің (келгенсің) Сендер келгенсіңдер
Сіз келгенсіз,келген (едіңіз)
Ол келген еді(келіпті)
The Future Indefinite- Келер шақ.
I shall go there- Мен онда барамын. The Future Indefinite Tense shall, will көмекші етістігі және негізгі етістік арқылы жасалады.
Shall read-оқимын. Ана тілі шәкіртке үйреніп жүрген тілі ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтарын да анықтауға көмектеседі.Салыстыра оқыту шетел тілін саналы түрде үйренуге мүмкіндік береді.

2. Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
2.1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімнің семантикалық құрылымдық, синтаксистік ерекшеліктері
Ағылшын және қазақ тілдері екі түрлі тілдік топқа жататындықтан, ондағы сын есімдердің сыртқы формаларында да, құрылымдық, семантикалық ерекшеліктерінде елеулі айырмашылықтар болады.Ағылшын тіліндегі сын есімдердің қазақ тіліндегі синонимдес баламаларын өзара салыстыра отырудың маңызы зор.Ағылшын, қазақ тілдерінде сын есім - заттың, нәрсенің белгісін, қасиетін, сапасын, сипатын, көлемін, салмағын, түсін білдіретін сөз табы. Ол what? - қандай?, what kind of? - қандай? деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы: A new firm - жаңа фирма, а wide street - кең көше, а strong companion - берік серіктестік [1,57 -б].
I. Morphological structure of ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Морфология тарауын оқытуда жеке тұлғаның белсенділігін арттыру жолдары
Араб тілін үйретудегі қиындықтар
Морфология саласының теорияларын зерттелу сипаттары
Түркі тілінің әліпбиі
Орта ғасырлар лингвистикасы
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Мәтінге бейнелі сөздерді қолдану
Ыбырайдың ашқан болыстық мектептері
Берілетін материалдар көлемі
Пәндер