Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану- география факультеті
Биология және экология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері
1.1 Орта мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына талдау ... ... ... ... ... ... ... . .5
1.2 Биологияны окыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .7
2. Қазіргі заманғы биология оқулықтарына қойылатын талаптар
2.1 Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы ... ..12
2.2 Мектептегі биология пәні оқулықтарына қойылатын талаптар ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жалпы білім беретін мектеп реформасының қайсысы болмасын, оның мүлтіксіз жүзеге асырылуы сапалы оқулыққа тікелей байланысты. Себебі, мектеп оқулығы барлық оқу үрдісінің өзіндік озық үлгісі болып табылады. Ол оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар, жұмыстың әдістемелік тәсілдерін, жалпы бағытын және оқытушы мен оқушының көңіл-күйін анықтап отырады. Кез келген ғылымда оқулықтарды даярлаудың өзіндік әдіснамасы қалыптасқан, яғни оқу әдебиеті құрылымы мен мазмұнын іріктегенде ғылыми теорияға негізделіп, дидактикалық, логикалық-психологиялық талаптарға сай құрастырылуы қажет.
Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде ... .білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек деген.
Қазіргі кезеңде мектептегі білім берудің жаңа тұжырымды идеялары мен даму жолдарына сай оқытуды саралау, бағдарлы оқыту, білім мазмұнын кіріктіру, мектеп өмірін ізгілендіру идеяларын іске асыру мәселелері қарқынды жүргізілуде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі ─ республикамызда төл оқулықтардың жазыла бастауы. Өйткені қоғамның білім беру саласындағы әлеуметтік тапсырысын оқулық негізгі компоненті болып саналатын оқу-әдістемелік кешен жасап, оны оқу үрдісіне енгізбей тұрып орындау мүмкін емес. Мектеп оқушысы оқулық мазмұнынан тек ақпарат пен дайын білімді алумен ғана шектелмеуі тиіс, ол оқушының қабілеттерін жан-жақты дамытатындай, өз қызығуын іске асыруға, шығармашылық ойлауын және өмірлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектесетіндей болғаны жөн. Сонымен қатар қазіргі мектеп оқулығы педагогикалық тәжірибенің жинақталған ақпараттық моделі ретінде білім мазмұнын іске асыра отырып, оқушылардың жалпы ақпарат көздерінен алған мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, кіріктіруге мүмкіндік жасауы қажет[1].
Биология оқулығының мақсаты - оқушылардың адам организімінің қызметі, құрылысы туралы білімдерін қалыптастыру, адамның биологиялық және әлеуметтік мәнін түсінетін тұлға дайындау. Биологиялық жалпы заңдылықтарды, теорияларды, түсініктерді, ұғымдарды терминдерге айрықша көңіл бөліп көрсету. Оқушылардың білім мен біліктілік қабілеттерін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: қазіргі заманғы биология оқулықтары мен оқу әдістемлік кешендеріне қойылатын талаптарды айқындау.
Зерттеу міндеттері:
oo Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері туралы түсінік беру;
oo Қазіргі заманғы биология оқулықтарына қойылатын талаптарды анықтау;
oo Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайын зерттеу
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері
1.1 Орта мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына талдау
Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесін қарастырмас бұрын, оқу процессіне анықтама берелік.
Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз - адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды оқыту.
Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? - деген сұраққа жауап) - бұл оқулық пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.
Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын білуі қажет.
Биологияны оқыту мақсаты ‑ қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.
Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады.
Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор ‑ мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді.
Ботаника Өсімдіктану пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі, ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20‑ға жақын негізгі бағыттары мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).
Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепе‑теңдігін сақтауға қатысады. Ал осы топтағы өсімдіктердің практикалық маңызын, қызық факторларын оқушыларға айтуға болады. Мысалы, жасанды тоғандарда балдырлар балық үшін ең бір азық қоры болып есептеледі. Балдырларды пайдалана отырып сулардың, тоғандардың әртүрлі ластануын табиғи жолмен тазартуға қолданылатыны да үлкен маңызды іс. Көптеген балдырлар биоиндикаторлар. Олар арқылы топырақтың, сулардың ыластануын анықтауға болады. Ғылыми жаңалықтар бойынша балдырлар ластанған суқоймаларынан ауыр металдарды сіңіріп, фиторемедиацияға қатысады.

1.2 Биологияны окыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама
Окыту - оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны менгеру және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру максатындағы оқушы мен мұғалім арасындағы карым-қатынас үрдісі. Окыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Окушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі - дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, окушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны окыту әдістемесінде көп түрлі формалар калыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы - сабақ тұрады.
Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерінің қажеттілігі негізделген уақытка дейін сыныптағы сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың формасы, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді.
Оқу жұмысын ұйымдастыру тарихына көз жіберсек әртүрлі бағытта жасалынған оқу жүйелерін атап өтуге болады. Мысалы, жеке топтар (орта ғасырдағы мектептерде), өзара оқыту (Англиядағы белланкастер жүйесі), оқушының дарындылық қабілеттілігіне байланысты саралап оқыту (мангейм жүйесі), бригадалы оқыту жүйесі ( Кеңес мектебінде 20 жылдары), америкалық "Трампа жоспары" бойынша уакыттың 40% үлкен топтарда (100-150 астам өткізсе, 20% - топтарда (10-15 оқушы) және 40% уақытын өз бетімен оқуға дайындалуға жұмсаған.
Қазіргі кезде біздің елімізде де көп таралып жүрген оқыту формасы ‑ сыныптағы өткізілетін сабақ. Бұл ХҮІІ ғасырдан басталып келеді. Оның алғашқы жобасын сызып берген неміс педагогы И. Штрум болса, әрі қарай теориялық негізге салып қалыптастырып жасаған және іс жүзінде қолдану технологиясын жасаған Я.А. Коменский. Сыныпта өткізілетін сабақты ұйымдастыру формасының өзіне тән ерекшеліктері бар:
- сыныптағы оқушылардың құрамы тұракты, жас ерекшеліктері бірдей, бір деңгейлі дайындықтары бар;
- әрбір сынып өзіне арналып дайындалынған оқу жоспарымен істейді;
- оқу процессі жеке-жеке, бір-бірімен өз‑ара байланыста жүретін сабақтардың оқу барысы белгілі ретпен бірінен кейін бірі ауысып отыратын үрдіс;
- сабақты бастаудағы басты фигура оқытушы.
Оқушылардың танымдылык қызығушылығын арттыру ‑ әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүреді; сондықтан сабақ жүргізудің осындай формасы ең негізгі деп есептеледі. Қазіргі кезде мектепте бұдан басқа да көмекші формалары қолданылып келеді, мысалы, сыныптан тыс, сабактан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, консультация, косымша сабақ, факультативтер, экскурсия, мектеп участкесіндегі жұмыстар, шеберханадағы жұмыстар, табиғат бұрышындағы жұмыстар т.б..
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі сыныпта өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ - оку процессіндегі ұйымдастыруы, белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл оқу процессіндегі өте күрделі де, жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жаксы, сапалы сабак берудің басты талаптары мынаған сай болу керек:
1. Сабақты оқу-тәрбие процессінің негізгі зандылыктарына сүйене отырып құрастырып, ғылымның, педагогикалық практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалык принциптер мен ережелердің өзара қатынастарын толык пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып, оған қолайлы жағдайлар жасау.
4. Пәнаралық байланыстардың артықшылығын белгілеу анықтау арқылы оқушылардың көзкарасын ұғындыру, жетілдіру.
5. Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың деңгейін жоғарылату.
6. Практикалық білім шеберлігін қалыптастыру және ойлау және іс әрекетін орындауға дағдыландыру.
7. Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлау, болжап, саралап, бакылап отырып дұрыс баскару.
Әрбір сабаққа қойылатын мақсат білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылык жақтарын нақтылаған жөн.
Сабақ оқыту үрдісінің негізгі формасы ретінде білім беру, төрбиелеу жөне дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондыктан сабақта негізгі биологиялык және экологиялык білім жүйесі мен біліктілікті игеру қажет. Шамаман біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен - биологияның бағдарламасы бойынша, тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде ұстаздың оқу-тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы.
Биология сабақтары ашык аспан астында - мектеп жанындағы оку-тәрбие алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында өтуі де мүмкін.
Әрбір сабақ окушылардың білім, білік игеруі, дүниетанымдары мен ойларынын дамуын, тұлғалық сапалары мен сезімдерінің тәрбиеленуі, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі және қоршаған шындықка деген қатынас калыптастыратын тұтас әрі күрделі жүйе болып табылады.
Басты мәселе сабақтың міндеттерін анык кұрып оның сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау, бағдарлама талаптарына сай оқу-таным міндеттерін ескере отырып мазмұн мен әдістерді дұрыс таңдау, окушылардың таным белсенділігін камтамасыз ету. Әрбір сабак әртүрлі тәрбиелік міндеттерді шешу мүмкіндігі тұрғысынан ойланылады. Сабактың сапасына қойылатын басты талап - оқушылардың осы пәндерге кызығушылығын дамытуға үлес косу, шығармашылық белсенділігін дамыту. Сабактың пәрменділігі оның барлык элементтерінің анықтығы мен үйлесімділігіне байланысты. Сабақка оқу материалының мазмұнын таңдап алу кезінде окушыларға берілетін оқу жүктемесін реттеу кажет, жетекші ой-пікірлерді бөліп соның негізінде оқушылар кабылдайтын ұғымдардың ашылу көлемімен тереңдігін аныктау және негізгі мазмұнды нактылауға пайдаланылатын косымша материал ескерілуі керек.
Биология сабактарының құрылымы мен типтері. Биолог-әдістемешілер сабақты бірнеше кезеңде бөліп көрсетеді:
- жаңа білімді оқып игеру;
- оларды бекіту мен тексеру;
- үй тапсырмасын ұйымдастыру.
Сабак типтері. Теориялык жағдайлар мен дидактикалык принциптер және практикасы тұрғысынан келсек биологиядан сабақтың мынадай түрін бөліп қарауға болады:
- жаңа материалды оқып үйрену;
- білімді бекіту сабағы;
- талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану;
- аралас немесе құрастырылған.
1. Жана материалды окып үйрену сабағы - барлық дидактикалық кызметтерді сәйкестендірген сабақ, онда сабакка кіріспе; білім мен біліктілікті ескеру; бұрын оқылғанды қайталау; білімді бекіту жүргізіледі. Қайсыбір кызметінің басым болуына байланысты сабақтың осы бір типіне әртүрлі сабақ түрлері жатады: лекция, зертханалық жұмыс.
2. Білімді бекіту сабағы. Осы сабақтағы дидактикалык мақсат - игерілген білімді екінші рет бекіту және оларды колдана алу біліктілігіне төселдіру.
Осы типке мынадай сабақ түрлері жатады: зертханалық сабак, танымжорық, пікірлесу, консультация.
3. Талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану сабағы. Бұл сабактағы дидактикалык мақсат - тұжырымдап жүйелеу аркылы білімді біртұтас жүйеге айналдыру. Мынадай түрдегі сабақтар осы типке жатады: семинар, конференция, дөңгелек үстел, пресс-конференция т.б.
4.Аралас немесе құрастырылган сабак. Айтып өткен үш типтің ерекшеліктерінің барлығы аралас немесе құрастырылган сабақта кездеседі. Осы сабақтың типі қазір көпшілік мектептерде тек биология сабақтарында ғана емес баска да пәндерді окытуда кен таралған.
Тақырыптык жоспар. Такырыптық жоспар алдын ала құратын ауқымды жоспар ол бағдарламаға, типтік оку жоспарына сәйкес кұрылады. Жоспарда сабақтардың тақырыптары аныкталып, олар белгілі логикалык ретпен бөлініп, олардын жобамен өту мерзімі (дата) көрсетіледі. Әрбір сабақта үй жұмысы белгіленеді. Көпшілік жағдайда такырыптық жоспар сызбанұскада жасалады.

2. Қазіргі заманғы биология оқулықтарына қойылатын талаптар
2.1 Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, әдебиеттерде оқу-әдістемелік жинақ [1] түсінігімен қатар оқу-әдістемелік кешен [2,3,4] түсінігінің қолданылатындығы айқындалды және де бұл терминдердің қолданылуы көбінесе әр автордың жеке көзқарастарына және зерттеу пәндеріне сәйкес жүреді. Осыған байланысты көрсетілген түсініктердің мәндері бірдей екендігіне көз жеткіздік.
Оқу-әдістемелік кешен түсінігіне өткен ғасырдың 70-ші жылдарында Д. Д. Зуев анықтама берген. Оның пікірі бойынша, оқу кешені нақты бір пән бойынша оқытудың дидактикалық құралдар жүйесі болып табылады. Кешен осы пәннің бағдарламасы бойынша құрастырылған, тәрбиелік және білімдік тапсырмаларды толық көрсету мақсатында жасалады.
Оқушының жан-жақты жеке дамуына әсер етеді. Оқушылар үшін жасалған оқу кешені, пәннің мұғалімі үшін де жасалған оқу құралдар кешендерін қамтитын оқу-әдістемелік кешенге сәйкес келеді [3]. Ол білім мазмұны деңгейлеріне сәйкес дайындалуы керек (1-сурет).
Біздің ойымызша, оқу-әдістемелік кешен білімнің негізгі мазмұнын, оның таралуының құрылымын анықтайтын оқулық болып табылады. Ал оны толықтыратын басқа оқыту құралдары нақтылықты, жіктелуді және білім мазмұнының жекеленуі мен оларды меңгеру әдістерін қамтамасыз етеді [5]. Сонымен қатар жазу үлгілері, бақылау күнделіктері, астрономиялық күнтізбелер, сөздіктер, анықтауыштар, кестелер жинағы және т. с.с. Сөйтіп, оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен бұл түсініктің нақты анықтамасын әр автор әртүрлі бергендігіне қарамастан, оқу-әдістемелік кешен оқу басылымдарының жинағы, яғни жабық жүйе ретінде қарастырылады.
Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі:
oo білім мазмұнының сапасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Информатика пәні бойынша 7 сыныпқа арналған теориялық материал
Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар
Мектепте электрондық кестелермен жұмыс технологиясын оқыту ерекшеліктері
Орта мектепке арналған "Информатика" пәнінен электронды оқулық құру
Кәсіптік білім беру мекемелерінің сабақтарында оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Өндірістік оқуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Электронды оқулықтың көмегімен информатика пәнінің оқыту әдістемесі
Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Пәндер