Міністі жылқы тұқымы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Міністі жылқы тұқымы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Әдебиетке шолу . . . 5

І. Жылқы шаруашылығы

1. 1. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары . . . 10

1. 2. Жылқы шаруашылығы саласы . . . 12

ІІ. Мініс және жегісті жылқы тұқымдарының қазіргі жағдайы, өсіп даму ерекшеліктері

2. 1 Дон жылқы тұқымының ерекшеліктері . . . 15

2. 2 Жегісті жылқы тұқымы Белорусь жылқы тұқымы . . . 20

2. 3 Араб жылқы тұқымына тән ерекшеліктер . . . 23

2. 4 Жұмысшы жылқыларын күту, тазалау, тағалау, азықтандыру, суару және пайдалану . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізім . . . 31


Кіріспе

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылңының мән маңызы да өзгерді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе - көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті - дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдаланылуы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын (сыворотка) жасауға кеңінен пайдаланьшады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап-тілек артып отыр.

Еліміздің ерте кезден-ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімділігімен ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайылымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайылымдарға малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардан алынатын өнімнің молайы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдірілуіне байланысты.

Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім жөне жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.

Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу төртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.

Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б. ) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25-30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды.

Белорус жылқы тұқымы ең керемет жылқы тұқымдарының бірі болып саналады. Біріншіден, бұл Белорустың ұлттық жалғыз жылқы тұқымы. Екіншіден, белорус ауыр жүк тартуға икемді келеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: жылқы шаруашылығы туралы және жылқы тұқымдарының ерекшеліктері туралы білімді тереңдету, міністі-жегісті жылқы тұқымы туралы түсінік мағлұмат алу.

Курстық жұмыстың міндеттер: жылқыны өсіру, жылқыны азықтандыру ерекшеліктері, міністі жылқы тұқымының ерекшеліктері туралы, ауыр жүк тартатын жылқы туралы түсінік беру, ғырларды азықтандыру және бағып күту ерекшеліктері туралы жазу.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінінен тұрады.

Әдебиетке шолу

Артыкбаев Ж. О. \2005\ зерттеуі бойынша биелердің қысыр қалуы қазір көптеп кездеседі, өйткені үйірге қосылатын айғыр ұрығының сапасыздығы, шәуеттегі ұрықшалар концентрациясының аз әрі микробты келуі. Айғырлардың тұқымды жақсартудағы ісіне жарамды, не жарамсыз екендігін шағылыстыру маусымында отардың жыныстық шатыбын және «сапасын тексеруден олардың шәуетінде патогенді микрофлора болатындығы анықталды, әрі бие шатырының микроорганизмдерінен зақымдалуына әкеледі. Айғырдан ұрық өндіру үшіе оны шаруашылықта қолдану үшін айғырдың бір рет» бөлетін шәует көлемін ұрық концентрациясын, ұрықтың алға қозғалмалы ұрықшалар активтілігін, сыртқы ортада «өміршіздігін», ұрықтың микробта жағдайын бақылау керек.

Әкімбеков Б. Р., Муслимов Б. М., Әкімбеков А. Р., Дәленов Ш. Д. \2007\ деректері бойынша жылқының бейімделу мүмкіндігі гинотипі бойынша анықталады және кейде мал өсіру, будандастыру, іріктеу, болу әдістерімен негізгі шектік популяциялық бейімделудің бағасы өсіп, дамудың сандық өсімі, таралуы және органикалық әлемде басқа түрлерге қарағандағы бәсекелестігінде.

Бабаджанов М. \1871 \ деректері бойынша лабораториялық жағдайда жануарларға жүргізілген тәжірибелік жұмыстар, жылқы арасында көп кездесіп жүрген сақал және пастереллез аурулардың аралас түрін емдеудің тиімді тәсілін жылқы малының өзіне қолдануға мүмкіндік береді.

Бегімбетова Г. С., Жүнісов А. М. \2006\ механикалық жұмыс атқаруға жұмсалатын энергия шығынын қамтамасыз ету үшін жұмыс аты алдымен тез ыдырап, жеңіл қорытылатын крахмал мен қант тектес көмірсуларға бай азықтардан құрастырылады да, ат атқаратын жұмыс ауырлаған сайын жылдам қорытылатын энергетикалық жемшөп пен құнарлы азық үлесі есе түседі. Ол жемшөп желінуі үшін аттың 100 кг тірілей салмағына берілетін ірі жемшөп көлемі 1, 5-2 кг дейін төмендетіледі. Арықтаған аттың азықтандыру деңгейі құнарлы жемнің үлесінен қосымша 3-4 а. ө. жоғарылатылады.

Богословский С. И. \1991. \ зерттеуі бойынша белорус тұқымы биесінің салмағы мен сүттілігі арасындағы пайдалы байланыс 0, 44 болды.

Бозымов К. \1993\ жасаған тәжірибесі бойынша қыста сауын биелер тебіндеп жайылып, ал көктемнің алғашқы айларында сабаннан басқа ешқандай азық берілмей, тек екінші сауын айында шабылған көк шөп, кейіннен жүгері балаусасы мен жем бере бастағанда сүт құрамындағы белок пен май мөлшері едәуір көбейген. Сауын биелерге жоңышқа мен сұлы қоспасын бергенде де осыған ұқсас нәтижелер алынды. Қосымша азықтандырғаннан кейін тәулігіне сауылатын сүт мөлшері алғашқы жылы 20, екінші жылы 26% артты. Сауын айына қарай бие сүтінің құрамындағы майдың мөлшері өзгеріп отырады. Бие сүтінде белоктың ең көп болатын мерзімі үшінші сауын айы, яғни шілде-тамыз, ал сонан соң жалпы белок проценті сауын маусымының аяғына шейін бірте-бірте төмендей береді.

Борисенко Е. Я., Баранова К. В., Лисицын А. П \1984\ биенің сүтті болуы көбінесе жылқы бағылатын жердің шөптілігіне және шөбінің сапасына байланысты. Шөбі күнге күйіп, қуқыл тартқан жерлерде бағылған биелердің бәрі де сүтті аз береді, сондықтан ондай биелерді саууға жарамайды. Сүті аз биелерді құлындарынан оп-оңай айыруға болады. Енесінің сүті жетпейтін құлындар нашар өседі, жүндері үрпейіп, қабырғалары ырсыйып көрініп тұрады. Ал мұндай құлындардың енелері сауылатын болса, олардың барған сайын азып, тіпті көтеремге айналуы айналуы, я мал қатарына қосылмауы мүмкін.

Вилькинс А. И. \1875\ жүргізілген зерттеу нәтижелері белорус жылқы тұқымының асыл тұқымды төлдерін өсіру және сатудың, сонымен қатар оның дифференциациялығының генотипіне байланысты экономикалық тиімді болатынын көрсетті. Белорус жылқы тұқымы төлдерінің рентабельділігі 9, 7, ал жаңа типтікі - 13, 8 % болды.

Добросмыслов А. И. \1894\ айтуы бойынша ет өндіруге бағытталған жылқы шаруашылығы ең басты іс - шаралардың бірі малды дер кезінде сою және етін өткізу. Өндірілген еттің сапасын ғана емес, сонымен қатар өзіндік құнын да есептеу керек.

Красников С. С. \ 1977\ атап көрсеткендей - таза қолды «қазақы айғырларымен салыстырғанда» эритроциттер мөлшері және гемокрит көрсеткіші төмен. Мұның өзі міністік тұқымдарда қан түзілетін органдардың белсенділігі жоғары екендігін көрсетеді, 37, 7%, яғни басқа тұқымдармен салыстырғанда өте төмен және танымдық жағдайында физиологиялық нормада (32-44%) гемокрит көрсеткішінің төмендігі малдың қан аздығына ұшыратуы мүмкін. Таза қанды тұқымда қанның тегіне алу функциясы индексі мұғалжар тұқымына қарағанда 2, 8 есе және қазақы жылқыларға қарағанда 3, 1 есе жоғары. Алынған деректер нәтижесі арқылы әртүрлі тұқым жылқыларының жүрек жүйесінің, қанның тыныс алу функциясының ерекшеліктері және газ алмасу қарқындылығы, көрсеткіші мен жұмысқа қабілеттілігінің өзара байланыстылығы туралы тұжырым жасауға болады.

Краснов Н. \1897\ жылқы тұқымдарын жеке-жеке мақалаларға арқау етіп алып, сол заманғы ғылыми тұрғыдан мазмұнды баяандап берген. Автор зерттеуін одан әрі жалғастыра келе, қазақ жылқысын асылдандыруға, қандай мәдени тұқымдар сәйкес келетінін дәлелдеген.

Мердер И. К. \1897\ деректері бойынша жылқы тұқымын асылдандыруды дұрыс ұйымдастырса, жылқыдан алынатын өнімді молайтуға мүмкіндік туады. Осыған байланысты біздің республикамыздағы өсіріліп отырған жергілікті жылқылардың өнімінің бірі ет, ал екіншісі сүт қосалқы деп есептелген, жергілікті жылқыларды асылдандыру жұмысында етімен қатар сүтінің көбеюіне және сапасының артуына да назар аудару қажет. Өрендік линиясына жататын айғырлар мен биелер басқа линиялардан өзгеше, бойларының биіктігімен, кеудесінің ұзындығымен, денесінің жалпақтығымен және сүйектілігімен көзге түседі. Ал Қибакөл линиясына жататын жылқылар бойшаң болғанмен, тұрқы қысқалау келеді де денесі жалпақ болмайды.

Н. Бахметьев, М. Бабаджанов \ 1987\ жылқы гастерофилезін көптеген аймақтарда жан-жақты зерттеген. Бұл зерттеулер нәтижесінде гастерофилездің экстенсивтілігі 95-100%, ал интенсивтілігі бір басқа 153 тен 435 дернәсілге (кейде 1000 астам) жететіндігі анықталған.

Нестеров С. П. \1990\ жылқы етін көп өндірудің мол резервтерінің бірі - үйірлі жылқы шаруашылығының алатын орны ерекше. Мұндағы негізіг мақсат республикамыздың пайдаланылмай жатқан жайылымдарын толық игеру. Үйірлі жылқы шаруашылығы маңайында жылқы қысы - жазы жайылымда жылқыны бағады және өте арзан жылқы етін өндіруге мүмкіндік туады. Үйірдегі әр жылқының тірілей салмағы 2, 5 - 3 жасында 350 - 370 кг жетеді. Сойылғанда әр қайсысын орта есеппен 180 - 200 кг сапалы ет түседі. Мұндай жылқылар өсіруге республикамыздың Оңтүстік облысы мен Жезқазған, Семей, Қостанай, Цениноград, Павлодар облыстарының оңтүстік аудандары қолайлы болғандықтан көбіне осы аймақта өсіріледі.

Овчинников К. А. \1930\ атап өткендей, жылқы шаруашылығынан өркендету жөнінде келгенде бұл салада атқарылар істің көп екенін және бұл салада тиімді жүргізуіне республикамызда толық мүмкіндік бар.

П. А. Федотов. \ 1989\ жылқы тұқымдарын шығаруға әлеуметтік-экономикалық факторлардан басқа, табиғи-географиялық жағдайлар да зор ықпалын тигізеді. Топырақтың, жер бедерінің және климаттың ерекшеліктері мал тұқымының белгілері мен қасиеттерін қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Швейцарияның таулы климаты мен жер бедері кеудесі кең, сүйектері мықты симменталь сиырын шығаруға себепші болды. Оның артқы аяқтары пілдің аяғы секілді тік орналасқан. Голланд тұқымы жазық жер жағдайында пайда болған. Бұл малдың сүйектері жіңішке, терісі жұқа, бұлшық еттері жақсы жетілген. Пироплазмоздан азап шегетін ыстық климатты аудандарда зебу тәрізді мал өсіру қолайлы.

Петухов В. А\1989\ зерттеуі бойынша биенің сүт өнімдерін арттыру, оның ішінде осы белгілеріне қарай таңдап, алынған биелерді алдын - ала азықтандыру мөлшері дәрежесімен біршама анықтауға болады. Биенің сүттілігі оны азықтандыру мен бөліп - күту жағдайына тікелей әсер етеді.

Полферов Я. Я. \1898\ айтуынша шағылыстыру пункті үнемі мал дәрігерлік қызметкерлердің бақылауында болуы шарт. Ауру белгісі бар биелер мен айғырлар шағылыстыруға және күйіттеуге жібермейді. Егер шағылыстыру пункіне таяу жерде, жылқының арасында індет байқалса, бұл пунктінің жұмысы дереу тоқтатылады, бұдан былай тек мал рұқсаты бойынша ғана жұмысын қайтадан бастайды.

Свечин К. Б. \ 1984\ бойынша жылқы әрі азықтардан шалғын - шөбі және көп жылдық екпе шөптерден - атқонау, еркекшөп және жоңышқа өте жұғымды. Жылқы бастапқы, таулы жердің шөбін, сондай-ақ қоға, қырықбуын сияқты шөптерді онша сүйсініп жемейді. Ал суы сабанын жылқыға бергенде алдын - ала булап, құнарлы азықтарға араластырып, берген жөн, сонда оның құнарлығы арта түседі. Жазда жылқының негізгі азығы - жайылым, бұл ең арзанға түсетін азық. Жақсы жайылымда бағылып жүрген жылқы жем жемейді және қандай жұмысты болмасын атқара алады. Азықты беруге әзірлеу. Қандай азықты болмасын атқарар алдында баптаған дұрыс. Сапалы дайындалған пішенді азықтарға араластырып береді. Дәнді азықтарды жармалап, ал кебекті құарлы азыққа немесе сулап береді.

Толеубаев А. Т. \ 1991 \ жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт, бурят, қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах, қырғыз, локай, мегрел, тува, тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха-якут жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс, міністі-жегісті, желісті, ауыр жүк тартатын, жегіс тұқымдарына бөледі.

Шилер Р., Вахаля, Винш Я. \1969\ айтуынша жылқының қасиеттерін тұрақтандырып біртектес жылқыларды іріктеп, белгілі бір бағытта асылдандыру жұмысына назар аударған жөн. Олардың санын көбейтіп, сапасын жаңарту үшін жылқы өсіретін совхоздарды тіпті арнаулы жылқы заводтарын ұйымдастырған жөн.

Шумков И. В. \1892\ аттың атқарған жұмысының ауырлығы ат жүріп өтетін жол жағдайы мен жұмыс атқару жылдамдығына да байланысты болады. Батпақ және құмдауыт жолмен жүріп өткенде немесе жүк тасығанда атгың энергия шығыны 10% шамасында ұлғаяды.

Я. Я. Полферов \ 1987\ жоғары жылдамдықпен және ұзақ ауыр жұмыс атқарған немесе азықтандыру аралығы ұзарып кеткен жағдайда аттың механикалық жұмыс бірлігіне жұмсайтын энергия шығыны ұлғая түседі. Өйткені бұлшық еттердің демалу мерзімі қысқарып, денедегі көмірсулардың алмасу қоры азайған сайын гликогеннің қайта түзілуі бәсеңдеп, энергиялық мақсатта майлар мен белок жұмсала бастайды.

І. Жылқы шаруашылығы

1. 1. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары

Мал шаруашылығының тиімді саласы - жылқы шаруашылығы . Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән-маңызы да өзгерді. Бірақ адамның жылқыға деген сүйіспеншілігі өзгерген жоқ. Қайта жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе - көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті - дәмді тағам. Осы қасиеттеріне былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өндеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқыны спорт пен әскерге пайдалану да оның маңыздылығын күшейтіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізді.

Қазақстанда жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының ішіндегі дәстүрлі және көп сырлы салалардың бірі. Бұл саладан өндірілетін бағалытағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуына (сыворотка) жасауға кеңінен пайдаланылады.

Өткен жыл қорытындылары көрсеткендей, облысымыздың ауыл шаруашылық саласында тындырымды істер жүзеге асырылды. Ол - ең алдымен мемлекеттік бағдарламаның оң бағытта іске асырылатынын белгісі. Әсіресе, мал басының өсу тенденциясы байқалды. Облыс тұрғындарының санына байланысты жан басына шаққанда 1, 51 бас мал. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 1, 23 басқа теңескен. Соңғы деректер жылқы 58 595 басқа жеткен. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі жағдай бойынша бұл іс Ақсу, Екібастұз қалаларының ауылды аймақтарында ойдағыдай, Баянауыл, Май аудандарында көңілден шығарлықтай.

Алдыңғы екеуінде жан басына шаққанда 2, 06; 2, 00 бастан, Баянауыл ауданында 1, 98 бас, Май ауданында 1, 93 бас, Павлодар ауданында 1, 81 басқа тең.

Бірақ, жылқы шаруашылығының ілгері дамуына бөгет болатын көптеген факторлардың бірі - жылқылардың түрлі инвазиялық аурулары. Табынды жылқы шаруашылығының жоғары деңгейде ветеринар-санитарлық және зоотехниялық қызмет көрсетудің жетіспеушілігінен жылқылар арасында әр түрлі этиологиялы аурулардың таралуы, оның ішінде гасетрофилездің де етек алуы байқалуда.

Жылқы арасында гастерофилез барлық табиғи аймақтарда кең таралған және жылқы щаруашылығына келтіретін зияны орасан зор.

Жылқы гастерофилезі Беларусияда, Ресейде, Орта Азия Республикаларында (Өзбекстан, Қырғызстан), Қазақстанның шығыс және солтүстік аймақтарында жан-жақты зерттелген. Бұл зерттеулер нәтижесінде гастерофилездің экстенсивтілігі 95-100%, ал интенсивтілігі бір басқа 153 тен 435 дернәсілге (кейде 1000 астам) жететіндігі анықталған.

Қазақстанда ертеректе жылқы гастерофилезі оңтүстік-шығыс аймақтарында зерттеп тауып [6], одан соңғы жылдары жылқының бұл ауруына көңіл бөлінбеді. Тек соңғы жылдары Республиканың солтүстік аймақтары мен шығысында гастерофилезге көңіл бөліне бастады [7, 8] . Бірақ Павлодар облысында, бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан, соңғы уақытқа дейін қарын бөгелектерімен олар туғызатын жылқы ауруына көңіл бөлінбей келеді.

Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат (зебр), домбай, құлан, керқұлан (онагра), тарпан, түзат жатады.

Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен. Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған.

Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Жылқысын; бұдан 5-6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындал отыр.

Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті түлігінің бірі - жылқы. Ерте замандарда ең көп өсірген, төрт түліктің ішіндегі пір тұтатыны да - жылқы. Жылқының пірі - Қамбар ата. Жылқы көш көлігі және елді, жерді қорғау мақсатында қолға үйретілген.

Жылқылардың қолға үйретілген жері мен уақыты ғалымдарға бұрыннан жұмбақ болып келген. Зерттеушілердің көпшілігі мыңдаған жылдар бойы жабайы жылқылар өсіп-өнген, құрбандыққа шалынған тайлардың қаңқалары мен дөңгелекті арбалар табылған Украина, Ресей және Қазақстанның далалары жылқылардың қолға үйретілген жері болуы мүмкін деп есептеп келген. Американ археологы Дэвид Энтони 2007 жылы жарық көрген «Жылқы, дөңгелек және тілдер» атты кітабында бұл аймақтағы жылқының қолға үйретілу мезгілі шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жыл деп жазады.

Жылқының қолға үйретілуіне қатысты дәлелдер осының алдында, Ботай мекенінде, Көкшетау университетінің ғалымы Виктор Зайберт жүргізген қазбалардың нәтижесінде табылған. Карнеги жаратылыстану мұражайының қызметкері, америкалық Сандра Олсенмен бірге олар жылқы қаңқаларынан жауырдың іздерін тапқан. Бұл Ботай жылқыларының жұмысқа және мініске пайдаланылғаны туралы болжам жасауға негіз болды.

Олсен мен оның әріптестері Қазақстанның солтүстігінде жылқылардың қолға үйретілгендігі жөнінде бұдан бұрын да түрлі дәлелдер келтірген. Мысалы, жылқыларға арналған қоршаулар, жылқы тезегінің құрылыс материалы ретінде пайдаланылуы, сонымен бірге, лассо тәрізді әбзелдің кең таралуы. Бұл дәлелдер даулы болатын, ал скептиктер болса, бұның барлығы жабайы жылқыларды пайдалануға байланысты деп байлам жасады. Алайда, жаңа табылған дәлелдер Ботайда адамдар жылқыны үйретіп қана қоймай, олардың бүкіл патриархалды экономикасы осы жануармен тығыз байланыста болғандығын айтуға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кабардин тұқымы жылқыларын азықтандыру
Жылқы шаруашылығы
Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
Башқұр жылқы тұқымы
Жылқының анатомиялық және физиологиялық құрылысы, жылқының (экстерьері) түр - тұлғасы, сырт пішіні
Жабе тұқымды жылқылардың биологиялық және физиологиялық сипаттамасы
«жұмыс аттарын азықтандыру»
Қазақстандағы жылқы тұқымын асылдандыру тарихы және мұғалжар тұқымының пайда болуы
Сіңіре будандастырудың тәсілдері
Белорусь ауыр жүк тартатын жылқы тұқымының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz