Судың ластану көздері



Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Судың ластану көздері

Орындаған: топ студенті

Тексерген:

Орал 2017

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Су ресурстарының экологиялық жағдайы
1.1. Табиғат байлықтарының ішіндегі судың
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Су ресурстары және оны
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ бөлім. Табиғи сулардың ластану көздері
2.1. Су әлемінің
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .12
2.2. Су заңдарының мақсаттары, міндеттері және
принциптері ... ... ... ... ... ...2 2
2.3 Суларды пайдалану мен қорғау саласындағы
органдар ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31

Кіріспе
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде
тіршіліктің болуы мүмкін емес.
Су біздің ғаламшарымыздың үстінде 3-3,5 млрд жыл бұрын жер қыртысының
газсыздануы салдарынан шыққан бу түрінде пайда болған деп есептеледі.
Қазіргі кезде судың салмағы жер салмағының 0,025%-ын құрайды және оның
жалпы мөлшері 1,6•109 текше шақырым болып саналады. Су түссіз, иіссіз,
дәмсіз сұйықтық, табиғи зат. Сондай-ақ ол толық құнарсыздығымен
ерекшеленеді. Солай бола тұра жер әлеміндегі барлық тіршілік үшін қажет.
Сусыз адам да, жан-жануарлар да, өсімдіктердің де тіршілік етуі мүмкін
емес.
Су ең жақсы еріткіш болып табылатынымен өзінің жай заттарға ыдырауы
қиын, химиялық енжар зат. Ол барлық табиғат ортасында: су буы және қар,
жаңбыр, шық түрінде әуеде сығынды сулар түрінде жер қыртысының үстінгі
қабатында, тіршілік шарасында, яғни тірі заттар құрамында болады. Сондай-ақ
су шарасын, яғни жердің айрықша сулық белдеуін құрайды.
Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық
тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі. Аймақтық-өндірістік кешендерден
бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте
мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне
байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия
республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы
байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік
беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық
Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын
қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде,
әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының
тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы.
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілігі елдерінің санатына
жатады. Қазіргі уақытта су объектілерін тау-кен өндіру, металлургия және
химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды
ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария,
Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз
етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002
жылғы 21 қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды
пайдалану проблемаларын шешудің негізгі жолдары айқындалған Экономиканың су
секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының
2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Су ресурстарының ластану көздерін анықтау
және алдын алу шаралары туралы мәлімет беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Су ресурстарының экологиялық жағдайымен танысу;
2. Су ресурстарын рационалды пайдалануды ұйымдастыру;
3. Су заңдарының мақсаттары, міндеттері және принциптері туралы
мәліметтер беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І бөлім. Су ресурстарының экологиялық жағдайы
1.1. Табиғат байлықтарының ішіндегі судың орны
Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Орта Азия мен
Қазақстан жерлері суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл
жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып
болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар:
Каспий, Арал, Балқаш.
Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық,
Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп.
Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі
алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су
көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі 230 см төмен түскен.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақ шөл даланың ортасында ірі
көлдердің бірі — Балқаш көлі орналасқан. Су бетінің көлемі 19 мың шаршы
километр. Бұл көлдің халық шаруашылық мәні ете күшті. Осы көл аркылы
республикамызда таукен металлургия өндірістері дамыды. Көл жағалауларында
балық және кәсіптік аң аулау шаруашылықтары жетілді. 1950 жылдан бастап
үздіксіз жүргізілген бақылау көл суының минералдануының аса өзгермегенін
көрсетті.
Арал теңізі — ірі ішкі су алқаптарының бірі. Бұрынғы заманнан бері
Арал теңізі балық байлығымен атағы шыққан. Амудария мен Сырдария өзен
алқаптарында аңшылар бір миллионға дейін ондатр терісін алып тұрған.
Кейінгі жылдары Арал теңізіне көптеген ғылыми мекемелер назар аударып
отыр. Соңғы 10—15 жылдың ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай
өзгеріс енді, су деңгейі төмендеп оңтүстік және шығыс жағалауындағы
теңіздің таяз бөліктері кеуіп қалды. Теңіздің негізгі көзі Сырдария мен
Амудариядан су көп мөлшерде кеміді. Бұрын, суармалы егістік дамымай
тұрғанда Амудария мен Сырдария Аралға орташа есеппен жылына 62 текше
километр су беріп тұратын болса, 1974 жылдан бері Сырдария суы Аралға
құймайды, түгелдей жол-жөнекей шаруашылықтарға бұрылып алынады. Ал Амудария
құятын судың 75 проценті кеміді, 1975—1978 жылдары Аралға бар болғаны 12
текше километр су берді.
Сырдария мен Амудария алқабында барлығы 5,5 миллион гектар суармалы
егістік бар, бұл мөлшерді 8—9 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Кейбір
зерттеулер бойынша суармалы егістікке жарайтын жер көлемі 16 миллион
гектарға жетеді. Су тек суармалы жерге жұмсалып қана қоймай, басқа
жолдармен де көп ысырап болады. Күріш және мақта плантацияларында
пайдаланылған сулар ойпаттарға ағады да, көп бөлігі топыраққа сіңіп,
қалғаны буланып жоқ болады. Мысалы, аса ірі Арнасай және Сарықамыс
ойпаттарына жылына 7—8 текше километр су құйылып қайтпастан жоғалады.
Осының бәрі Арал теңізінің таяздауына әкеп соқты. 1960 жылдан бері жылма-
жыл таяздаудан теңіз деңгейі 7 метр төмен түсті, теңіздің көлемі 14 мың
шаршы километрге кеміді. Теңіздің кеуіп қалған бөлігі су басып жаткан
белігінің көлемімен теңесті. Теңіз суының тұздылығы да көп артты Теңіз бен
өзендерде болып жатқан мұндай құбылыстар балықтардың көбеюіне де кесірін
тигізеді. Ауланатын балық көлемі де күрт төмендеді. Мысалы, 1963 жылы 480
мың центнер балық ауланған болса, 1978—1979 жылдары бар болғаны 40—50 мың
центнер ауланды. Ондатр аулау мүлде тоқталды.
Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120
миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады.
Мұның ішінде Ертіс, Сыр, Жайық т.б. Республика халқының жан басына шақсақ,
күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі
колда болғанда республикада су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені
дүние жүзінде суға ең бай деген Нью-Иорк қаласының әр тұрғынына бір
тәулікте келетін судан үш еседен де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері
құбылыс, себебі, даламыз шөлейт аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына
тәулігіне 100—120 литрден артық су келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс
қажетін өтеуге, егістікті суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге
арналған судың бәрі осы санның ішінде). Енді, соншама судың басым белігі
қайда кетті? деген сұрақ туады.
Мұның мынадай себептері бар. Картаға қарасақ ұлаң-ғайыр қазақ
даласының оңтүстік-шығысы, батысы таумен қоршалып жатыр. Ол жақтардан
ылғалды ауа өтпейді. Республиканың солтүстігі ғана ашық. Көкшетау облысынан
басталатын мидай жазықтың бір шеті Мұзды мұхитқа барып бірақ тіреледі. Ол
мұхиттан шығып қазақ даласына үш-ақ күнде жететін ауаның ылғалы аз. Басқа
жақтардан там-тұмдап келетін ауа да ылғалсыз. Ол жазда аңызақ түрінде келіп
оған күн қызуы қосылып, жердегі артық суды буландырып жібереді. Бұл
республикамызда су қорының азаюының бір себебі. Екінші себебі республика
жерінен өтетін негізгі өзендердің ішінде Ертіс, Есіл, Тобыл Мұзды мұхитқа
кететіндігінде; үшінші себебі — Сыр, Іле, Тентек, Ақсу, Қаратал, Нұра
техникалық мұқтажды, не ауызсулық мұқтажды өтей алмайтын Каспий, Арал,
Балқаш, Қорғалжын сияқты тұзды айдындарға құйылып жатуында; төртінші және
ең негізгі себептердің бірі — әлгі айтқан өзен суларының шаруашылық
мақсатта көп бөгеліп, қайрылмастан жоқ болуында. Осыдан келіп
республикамыздың жылдық су қорын адам баласына шаққанда жиырма бөлігінің
бір бөлігі ғана тиеді.
Бүгінгі күні республикамызды сумен қамтамасыз етумен бірге Арал,
Балқаш, Каспий сияқты ірі су айдындарын құрып кетуден сақтап қалу
проблемасы тұр.
Республика далаларын су мұқтаждығынан құтқару мақсатында айтарлықтай
жұмыстар істелді. Қазақстан картасына сыйымдылығы миллиардтаған текше метр
су жиналатын және ГЭС-і бар Шардара, Қапшағай су тораптары, Сырдария
бойында Қазалы торабы, Бөген, Бадам, Тасөткел қоймалары мен Ертіс —
Қарағанды каналы пайдалануға беріліп, жүздеген мың гектардан астам қолдан
суарылатын жер игерілді. Ол жерлерде пайда болған мыңдаған жаңа
шаруашылықтар қыруар пайда беріп отыр.
Алайда мұның бәрі ірі су айдындарының күннен-күнге тартылуына себепші
болып отыр. Сондықтан жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше
отырып, су қорын қорғауды да естен шығаруға болмайды. Каспий, Арал, Балқаш
сияқты табиғи айдындарды да жоғалтып алмау керек.
Алайда жер асты суын көп пайдаланатын жерлерде бос воронкалар пайда
болып, оларға бактериялар, кейбір химиялық элементтер еніп кететіндігі
анықталды. Бұл табиғат қорғаудың ережелерін бұлжытпай сақтауды талап етеді.
Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті
металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі
зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы
өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал лас суларды
ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы
дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте
төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар
топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі
төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді.
Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге
байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі
қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. өнеркәсіп
салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне
бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау
азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы
ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау
жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып
отыр.
Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз керек.
Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған
орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-
қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды
құжаттардың бірі- ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған Су кодексі.
мұндағы көрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері-
халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су
ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын
болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су
қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.
1.2. Су ресурстары және оны пайдалану
Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні
қалмай барады. Су планетамызда айырықша орын алатын ресурс болып табылады.
Жер шарында су мол болғанымен, ол жердің аудандары мен елді мекендері
бойынша біркелкі емес. Су тек шөл бау үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін
де қажет. Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1тн құрышты
қорыту үшін 250 м куб у қажет, 1 тн қағаз өндірісіне 900 м куб су, 1 тн
капронға 56000 м куб у кетеді екен. Егер жердің бір тұрғынына кететін
барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1 – 2 тн – дан да көп у тұтынады
екен. Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи реуртың бұл
түрі мыналарға арналған:
- адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік
қажеттіліктерін өтеуге;
- өндірістік – шаруашылық қажеттіліктеріне;
- гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;
- өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді қамтамасыз етуге.
Су биосфераның барлық қабаттарында болады, дәлірек айтқанда, ол тек су
қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар, оны ауадан да, топырақтан
және бүкіл тірі жан иелерінің бойынан да ұшырастырамыз. Шнитниковке
жүгінсек біз бүгінгі таңда өте ылғалды континенталдық фазадан аса құрғақ
континенталдық фазаға өту үстінде екенбіз. Бұл құрлықтағы судың 1 бөлігі
теңізге ауыатынын білдіреді. Соңғы 80 жылдағы байқау көрсеткендей, теңіз
деңгейі жыл айын 1 – 2 мм-ге көтеріледі, бұл құрғақтағы судың қорын жылына
430 км кубке кемітеді. Бұл көреткіш Каспий теңізіне құятын барлық өзендерге
де қатысты. Су ұдайы қозғалыс үстінде болады, оның мөлшері мен сапасы уақыт
және кеңістік ішінде өзгереді.
Су ресуртары ғасырлар бойы жинақталған қормен және жаңғыртылған
ресурстармен сипатталады. Орташа жылдық ағыны бойынша, су ресурстарын
бағалау судың пайдаланылуын жоспарлауда және сумен қамтамасыз етілудің
деңгейне баға беруде кеңінен қолданылады. Елімізде су ресурстарын үнемдеу
үшін, суарудың жаңа әдістерін қолданысқа енгізудің маңызы зор. Орташа
есеппен алғанда планетаның 1 тұрғынына күніне 3 мың литр су кетеді екен,
алайда жердегі 5 миллиардтың 1 миллиард тұрғыны күніне кем дегенде 2 – 3
литр тұщы суға қолы жетпей отыр екен. Елімізде у ресурстарының қорғалуы әрі
ұтымды пайдаланылуы үшін өзен бассейндерін пайдалану процесінің жүйелі
басқару тәсілі қолданылады. Аса ірі территорияларды жергілікті су
ресурстарымен қамтамаыз ету міндетінде суды ластап, әрі таусып алмауды
көздейтін, жер үсті және жер асты суларын бірлесіп реттеуді жүзеге асыратын
шаралар кешенді түрде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының жер беті минералдық көздер сулар ретінде
таралған климаттың ерекшк жағдайы өзен жүйесінің қалыптасуына өз әсерін
тигізеді. Онда өте сирек гидрогеоографиялық желі байқалады, шаруашылық үшін
артезиан бассейндерінің сулары үлкен рөл атқарады. Ірі қалаларды сумен
қамтамасыз ету жер асты сулары арқасында жүзеге асады. Қазақстанда
минералдық судың қоры да аз емес, минералдық сулар құрамында көптеген
химиялық элементтер бар, олар адамның десаулығы үшін қажеттіліктердің бірі.
Санаторий мен курорттар танымал. Мысалы, Алма Арасан, Барлық Арасан, Қапал
Арасан, Жаркий Арасан, Сарыағаш және т.б.
Барлығымызға белгілі біздің территорияны кесіп өтетін ірі өзендер,
өздерінің бастарын көрші территориялардан алады. 1992 жылы Біріккен Ұлттар
Ұйымында (БҰҰ) Хельсинск конференциясында транс-шекаралық өзендер мен
мемлекет аралық көлдердің реурстарын рационалды пайдалану және қорғау
туралы Конвенция қабылданды. Соның ішінде Каспий мен Арал бар. Су
пайдаланудың жыл сайын өсуі тұщы судың азайып, ластануына соқтырып отыр.
Сондықтан гидротехникалық қондырғыларды салу немесе жоспарлау кезінде
табиғи комплекстің территориялық ерекшелігін ескеру керек.
ІІ бөлім. Табиғи сулардың ластану көздері
2.1. Су әлемінің ластануы
Су - жер бетіндегі өмірдің көзі ретінде маңызды табиғи және
стратегиялық ресурс болып табылады. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде су
ресурстарының ахуалы бойынша алаңдаушылық артып келеді. Себебі, халық саны
ұлғайып барады, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып
келеді. Бұл өз кезегінде суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. БҰҰ
мәліметі бойынша әлемде жылына ауызсудың тапшылығы 230 млрд. текше метр
мөлшерінде бағалануда. Мамандардың болжамына сүйенсек, 2025 жылға қарай
судың жетіспеушілігі 1,3-2 трлн. текше метрге дейін жетуі мүмкін.
Есептеулер бойынша бұл кезеңде ауызсудың тапшылығын жер бетіндегі халықтың
үштен екі бөлігі сезінеді. Сондықтан да БҰҰ Бас Ассаамблеясының шешімімен
2005-2015 жылдар Су - тіршілікке арналған атты халықаралық іс-қимылдар
онжылдығы болып бекерден-бекер жарияланған жоқ. БҰҰ Бас Ассамблеясының
қарарында: Онжылдықтағы мақсат - барлық деңгейдегі су ресурстарына
байланысты іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар бойынша шараларға
және проблемаларға баса назар аударуға негізделген.
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып
отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең
соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
Биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді
заттар;
Химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын
бүлдіретіндер;
физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті
заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың
құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура
әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық
көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30
міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері тазартылмаған ағын
суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
✓ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
✓ өнеркәсіп орындары;
✓ ауыл шаруашылығын химияландыру:
✓ халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды
қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық,
органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%,
минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен
синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар
–химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид,
гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең
етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица
(жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп
химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен
микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз
кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам
организмін кері әсерін тигізді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да
сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.
Оның негізгі ластану көздері мыналар:
- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
- химиялық заттар және тыңайтқыштар;
- тұрмыстық қалдықтар;
- жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
- ірі құрылыс учаскелері;
- күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.
Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар,
вирустар кездеседі.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп
шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай
сипат алуда.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты,
Ленинагор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс
орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш,
сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Іле-Балқаш бассейні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар
– ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, Балқашмыс
өндірістік бірлестігі, Балқаш балық өнеркәсібі , Сарышаған ракета
полигондары, т.б. кен рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған
тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен
экожүйесі, күріш алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге байланысты
минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылып келеді.
Нәтижесінде, өзен суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы
мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы
ондағы экологиялық жағдайды қиындата түсуде.
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің
сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас
өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда.
Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егіндісінде жиі қолданылатын
пестицидтермен ластанып отыр.
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз
деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс –тіршілігін
шиенеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы-
скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір
бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар,
өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде
лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға
араласуда. Оның үстіне Еділ мен Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын
уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар
мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып
кетуі тіркелді.
Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың және жүздеген мың
құстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші – биоиндикаторы
болса керек. Қазіргі Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп,
шетелдік инвесторларды теңіз қара алтынын игеруге ұмтылдыруда. Ал, олардың
судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы
күмән туғызады.
Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-
скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын
тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп, жер асты суына
қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда
200 мың т. Мұнай қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі жинақталған.
Ақтөбе облысындағ су айдындардың да экологияның жайы нашар. Мәселен,
Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда.
Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы Карбид
өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл
фосфор зауытының сарқыгнды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның
алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайран кен
орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын,
фосфор,химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде
шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.
Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс
Қазақстанда жиірек ұшырасуда.
Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын
жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметі бойынша сараланған
тарифтерді енгізу нәтижесінде суды үнемдеу 10 пайызға жетеді екен. Тарифтің
осы түрін Қазақстан аумағында енгізу жұмыстары толғымен 2013 жылға қарай
аяқталуы тиіс. Өнеркәсіптік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Судың ластануы
Антропогендік әсерлер
Ластану көзі
Табиғи сулардың негізгі ластану көзднрі
Гидросфера,оның ластануы
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Өзендер мен көлдердің ластануы
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері
Пәндер