Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Бейбітшілікке қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы және халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 8
2. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.
Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған Хизб-ут-Таһир ұйымының құлаш жайып, мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз емес. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Хизб-ут-таһир, Өзбек-Ислам халифаты сияқты барлығы бес террористік, экстремистік ұйымның ел аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарылған болатын .
Зерттеу жұмысының мақсаты:
-бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру;
-бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген түрлерін ашып көрсету;
Зерттеу мiндеттерi:
- бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын ашып көрсету;
- бейбітшілікке қарсы, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы, халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар деп жіктеп, әр қайсысына жеке жеке тоқталу.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Бейбітшілікке қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар- Ұлттар мен мемлекеттердің негіздеріне, олардың ілгері дамуына және халықаралық өзара қарым-қатынас жасауына қауіп төндіретін аса ауыр халықаралық қылмыстар.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі, яғни мемлекеттердің және халықтың өмір сүруін немесе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормаларын және халықаралық әлемнің бейбіт өмірін сақтаудағы қоғамдық қарым-қатынас аталған жаңа тараудың тектік объектісі болып табылады. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың көпшілігінің қылмыс құрамы жалпы формальды болып келеді. Осы қылмыстармен күресудің қазіргі жағдайдағы мәні. Аталған тарауға тоғыз қылмыс құрамы енгізілген. Олардың қатарындағы алты қылмыс құрамы ұлттық заң шығарушы органға жаңалық болып отыр: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (ҚК, 160-б), жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (ҚК, 162-б), соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК, 163-б),3 геноцид (ҚК,168-б), экоцид (ҚК, 169-б) және халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК, 173-б),4 ал қалған үш қылмыс құрамы Қаз ССР 1959 ж. ҚК-де бұрыннан белгілі: соғысқа үгіт насихат жүргізу : жалдамалық, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру . Аталған баптар жаңа Қылмыстық кодексте жаңартылған түрде белгіленген.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс адам танылады. Кейбір қылмыстар құрамында арнайы субъектілерді қамтиды: мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам , өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жасауы және т.б.
Заң әдебиеттерінен аталған қылмыс топтарының тікелей объектісіне байланысты әр түрлі топтастыруды кездестіруге болады. Бұл топтастыруды (классификациялау) шартты деп айтуға болады, себебі оқу мақсатында аталған түсіндірмелерді оңай игеруіміз үшін жасалынады.
Тiкелей объектiлерiне байланысты басқару тәртiбiне қарсы кылмыстар мына төмендегiдей түрлерге бөлiнедi:
Мемлекеттiк органдарды басқару әрекетiне байланысты өкiмет өкiлдерi мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау. Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және кызметiне кедергi жасау. Өкiмет өкiлiн қорлау. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану. Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының мызғы-мастығына қол сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасының күзетiлетiн мемлекеттiк шекарасынан әдейi заңсыз өту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.
Ресми құжаттар мен мемлекеттiк наградалардың айналым тәртiбiне қарсы кылмыстар: ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды сатып алу немесе өткiзу. Құжаттарды мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу.
Әскери қызметке шақырылу тәртiбiне қарсы қылмыстар: әскери қызметтен жалтару.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiне қарсы кылмыстар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк әнұранын қорлау. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру.
Басқару тәртiбiң қамтамасыз ететiн жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар: өзiнше билiк ету. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазым адамының атағын өз бетiнше иелену. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану. Байланыс желiлерiн күзету ережелерiн бұзу. Жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi келтiру. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз араласуы. Заңсыз қоғамдық бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарьң жәрдем кө

1.2 Соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы және халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс
Басқару тәртібіне қарсы қылмыс деп мемлекеттік кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті істеуді айтамыз.
Жаңа Қылмыстық кодексте осы тұрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылды. Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (322-бап); мемлекеттік туды заңсыз көтеру (329-бап); Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту (331-бап); шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету (338-бап).
Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде көрсетілген мына құрамдар: қоғамдық тәртіпті бұзатын топтасқан әрекеттерді ұйымдастыру немесе оған белсене қатысу; көлік қызметкерін өзінің қызметтік міндеттерін орындап алуға мәжбүрлеу; шекаралық өңірге немесе шекаралық аймаққа бару және сонда мекендеу ережелерін бұзу; паспорт жүйесінің ережелерін бұзу; шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың СССР-де болу және СССР аумағы арқылы транзиттік сапармен өту ережелерін қасақана бұзу; әскери міндеттінің әскери есептен бұлтаруы; әскери міндеттінің оқу немесе тексеру жиындарынан бұлтаруы; азаматтық актісін тіркеу жөніндегі заңдарды бұзу қылмыс қатарынан шығарылады. Жаңа Кодексте мұндай қылмыс түрлері атымен жоқ. Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 180-2-бабында көрсетілген әкімшілік бақылау ережелерін қасақана бұзу әрекеттері Жаңа Қылмыстық кодекстің 362-бабында көрсетілген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау құрамымен қамтылатындықтан ендігәрі жеке құрам ретінде көрсетілмейді.
Қылмыстық кодекстің 14-тарауындағы осы қылмыстардың, топтық объектісі басқару тәртібі болып табылады.
Басқару тәртібі мемлекеттік ұйымдастыру, мекемелердің, кәсіпорындардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару саласындағы дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі сырттай қарағанда бір-біріне ұқсас сияқты болғанымен, бұл қылмыстар топтың объектісі, субъектісі арқылы бір-бірінен ажыратылады.
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, бірқалыпты қызметі, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттік аппараттың тұтастай дұрыс, әрі бірқалыпты қызметі болып табылады.
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың субъектісі жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкін, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың субъектісі мемлекеттік аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттік қызметшілер болады. Міне осы көрсетілген белгілер арқылы көрсетілген қылмыстар тобы бір-бірінен оқшауланып бөлінеді. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың тікелей объектісі басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрлері болады. Қосымша тікелей объектіге -- адамдардың өмірі, денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, қауіпсіздігі жатуы мүмкін. Кейбір қылмыс құрамдарында (317, 323 -- 325, 331-баптар) қылмыстың заты және қылмыстың жәбірленушісі (318 -- 322, 327-баптар) көрсетілген.
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы негізінен формальдық құрамға жатады. Тек қана ҚК-тің 322-бабының 2-тармағында, 331-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыс құрамдарының міндетті белгісі -- ауыр зардаптардың орын алуы қажет.
Екі қылмыс құрамының (330, 331-баптар) міндетті белгісі ретінде қылмыс істелу орны көрсетілген.
Субъективтік жағынан басқару тәртібіне қарсы қылмыстар қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат қайсыбір қылмыс құрамдарының (318, 320, 321, 322-баптар) қажетті белгісі болып табылады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам. ҚК-тің 326-бабында көрсетілген қылмыс субъектісі арнаулы -- әскери қызметтен жалтарған адам, ал 331-баптың 2-тармағы бойынша бірнеше рет қылмыс жасаған адам осы құрамның субъектісі болып табылады.

2. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды топтастыру
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды былайша төмендегідей топтастыруға болады:
1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (ҚК,160-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (ҚК,161-б), жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (ҚК,162-б);
2. Әскери қылмыстар: соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК,163-б);
3. Адамзатқа қарсы қылмыстар: геноцид (ҚК,168-б), экоцид (ҚК,169-б);
4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы басқа да қылмыстар:
а) қарулы қақтығыстарды реттейтін құқықтық қағидаларға қарсы қылмыстар; жалдамалылық (ҚК,170-б);
б) халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдардың құқықпен реттелетін қағидаларына қол сұғатын қылмыстар; халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК,173- б);
в) ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықтың қозуына тыйым салатын халықаралық құқыққа қарсы қылмыстар, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚК,174-б).
Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу. Қылмыстың тікелей объектісі болып - бейбітшілік пен мемлекеттердің бейбіт өмірін қорғайтын қарым- қатынастар танылады.
Қылмыстың объективтік жағын үш қоғамға қауіпті әрекет құрайды:
1) басқыншылық соғысты жоспарлау;
2) әзірлеу;
3) тұтандыру. Басқыншылық соғысты жоспарлау болып - әскери қимылдарды бастау және оны жүргізу үшін жоспарды өңдеуі, дайындауы табылады.
Басқыншылық соғысты әзірлеу - басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу жоспарын қамтамасыз етуге арналған әрекеттер.
Басқыншылық соғысты тұтандыру - соғысты бастау үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады. Қарастырылып отырған қылмыс созылмалы қыл-мыс болып танылады, себебі оның құрамы үздіксіз жасалып отырады. Созылмалы қылмыс әрекет басталған сәтінен ескерілініп кінәлінің қылмысты аяқтауға бағытталған әрекетімен (агрессияны не соғыс қимылдарын тоқтатуы) немесе қылмыстың аяқталуына кедергі болған мән-жайлардың болуы (мысалы, агрессордың құлауы) арқылы аяқталынады.
ҚК 160-бабында көзделген қылмыстың құрамы - формальды. Қылмыс, қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген әрекетті жүзеге асырған сәтінен аяқталған болып саналады. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Кінәлі соғысқа дайындалу, жоспарлау немесе әзірлеу, тұтандыру сияқты әрекеттерді ұғынып оның қауіпті зардаптары болуын тілейді. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам. Арнайы субъектісі болып, соғысты тұтандыру мен тоқтату мәселесін шешетін жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адам. ҚК 160-бабының 2-бөлігі, аталған қылмыстың дәрежеленген құрамы бойынша жауаптылықты белгілейді.
Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату.
Қылмыстың объективтік жағы мына әрекеттердің біреуінің болуымен сипатталады:
а) кез келген жолмен (қолдан жасау, лабораториялық, заводта) жаппай зақым келтіретін қару өндіру, өндрудің барлық сатылары;
б) жаппай қырып-жою қаруын сатып алу, яғни иелену, айырбастау, сыйға тарту, тонау т.б. әрекеттер нәтижесінде мұндай қарудың қожайынына айналуы;
в) жаппай қырып-жою қаруын өткізу, қылмыс затын қайтарымды не қайтарымсыз түрде басқа біреудің иелігіне беру (сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.).
Аталған қылмыстың құрамы формальды. Қылмыс аяқталған болып халықаралық шартпен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын өндіру, сатып алу немесе өткізу сәтінен ескерілінеді.
Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарты - шет мемлекеттермен ҚР халықаралық келісімі арқылы жазбаша түрдегі халықаралық құқықпен реттелетін бір немесе бірнеше өзара байланысты 11 құжаттарда қамтылған, яғни нақты атауларының болуына байланысты емес халықаралық келісім болып табылады.
Сонымен қатар аталған қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану, тек ҚР жоғарыда аталған конвенцияларға қол қойғанынан кейін қолданыла алады, Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Кінәлі әрекеттің қоғамға қауіпті екендігін сезіне отырып, оның болуын тілейді. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс адам.
Геноцид. Экоцид.
Қылмыстың тікелей объектісі болып, ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастар танылады.
Геноцидтің жәбірленушілері болып жекеленген, яғни аталған топтардың ішіндегі жоюға бағытталған топта-ры аталады.
Қылмыстың объективті жағы, яғни ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішінара жоюға бағытталған арнайы әрекеттерден тұрады:
- осы топтың мүшелерін өлтіру;
- олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру;
- бала тууға күшпен бөгет жасау;
- балаларды мәжбүрлеп біреуге беру;
- күшпен көшіру не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызуы әрекеттері.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық.
Қылмыстың субъектісі - қандай да болмасын 16 жасқа толған есі дұрыс адам. 14-16 жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдар геноцид үшін емес, яғни нақты жасаған қылмыстары үшін - қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі немесе 14 жастан бас-тап жауаптылық пайда болатын осы сияқты қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылады.
Экоцид. Бұл қылмыс құрамы осы аталған тараудың көпшілігінің бірі ретінде ұлттық заңшығарушылар үшін жаңалық болып отыр. Экоцид, яғни "табиғатты өлтіру" деген мағынаны білдіреді. Бүкіл тіршілікті жою деген "биоцидтпен" тектес болып келеді. Экоцидтің болуы өсімдіктерді, қоршаған ортаны, адамзатқа, олардың өміріне аса қауіп төндірумен сипатталады.
Экоцид - бұл орны толмас зардаптар тигізетін, қоршаған ортаға, адамзаттың өмір сүруі үшін қажетті табиғаттың зардап шегуі не әсер ететін қылмыстық (дұшпандық) әрекеттер. Экоцид халықаралық қылмыстардың бірі ретінде көптеген заңгерлермен талқыланды. Экоцидтің қоғамға қауіптілігі - табиғи қоршаған ортаға зиян келтіріле отырып, оның салдарынан экологиялық тепетеңдіктің бұзылуы, табиғи объектілердің зардап шегуімен қатар сол арқылы адамның денсаулығы мен өміріне, олардың генетикалық өзгерістерге ұшырауына әкеп соқтырады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасақаналықпен сипатталады.
Субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам.
Жалдамалылық. Осы қылмыстың түрлері. Қылмыстың тікелей объектісі қарулы қақтығыстардың құқықтық реттелу қағидаларының сақталуын қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастар.
Қылмыстың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 170-бабының 1-бөлігі диспозициясында көрсетілген мына нысандардың бірінде жасалынған әрекеттерден құралады:
а) азғырып көндіру;
б) оқытып-үйрету;
в) қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Адамзатқа қарсы қылмыстар
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Халықаралық пактілер
Пәндер