Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Орындаған:
Тексерген: аға оқытушы
Орал, 2017ж.
Мазмұны
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
1.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .5
1.2 Оқыту процесінің тәрбиелік компоненті ұғымының мәні ... ... ... ... ... ... 7
2.Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
2.1 Шет тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Тұлғаны дамытудағы ағылшын тілінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
КIРIСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі. Бүгінгі білім берудің мақсаты - дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани тұлғаны қалыптастыру. Білім беру - оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы.
Бүгінгі күні біздің елімізде қоғам мен мемлекеттің заманауи сұранысына бағдарланған білім берудің тұтас жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан−2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы Жолдауында [1], Қазақстан Республикасының Білім туралы, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы, Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы заңдарында [2-4] көрініс тапқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар [5], Білім және ғылым министрлігі қабылдаған Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы [6] басшылыққа алынған. Қазақстандық білім беруді жаңғырту тәрбиені білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық іс- әрекеттің құрамдасы болуын көздейді.
Педагогикалық процестегi оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғалым педагогтар бастауыш сыныпта дамыта оқыту жүйесiнде көптеген өздерiнiң еңбектерiне зерттеу жұмыстарын жүргiзiп тұжырымдамалар жасады. Сонымен қатар жеке адам тәрбие мен оқыту процесiнiң жетiлiп, дамуды артына салып отыратындығын дәлелдедi. Олардың идеяларынң мәнi мына төмендегiге саяды:
1. Таным қабiлетiнiң дамуы - бұл барлық мұғалiмдерiнiң барлық пәндер бойынша оқыту процесiндегi мақсаттылық iс-әрекетi.
2. Оқушыларға бiлiм беру және объективтiк шындықты тану мәселелерi жайындағы оқулықтың ролi.
3. Оқытудың әдiстерi мен формаларын жетiлдiру.
4. Мұғалiмнiң теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлiгi, бiлiмдарлығы оқулардың таным iс-әрекетiн дамытудың шешушi қүралдарының бiрi болып табылады.
Бұл жағдай мектептерде бiлiм берудiң жаңа философиясын, теорилық негiзiн, тәжiрибесiн насихаттауды бiр сәтте күн тәртiбiнен түсiрмеудi талап етедi. Сондықтан мұғалiмдер жұмысымызда дамыта оқытудың жаңа технологияларын меңгерiп, оқушыны бiлiмқұмарлылыққа, iзденiмпаздылылыққа, шығармашылық жұмыс iстей бiлу қабiлеттiтiлiгiн арттыру үшiн дүрыс бағдар беруiмiз керек.
Зерттеу мақсаты: оқытудың тәрбиелік және дамытушылық сипаты мен ерекшеліктерін сипаттау, оқыту барысында оқушылардың өзiндiк шығармашылығын, iс-әрекетi қалыптастыруда дамыта оқытудың тиiмдi әдiс-тәсiлдерiн ашып көрсету.
Зерттеу мiндеттері:
1. Оқушылардың өз беттерiнше даму iс-әрекетiн қалыптастыруда теориялық бiлiмдер мен педагогикалық ғылыми еңбектерге тоқталып, шолу жасау.
2. Оқытудың тәрбиелік және дамытушылық сипаты мен ерекшеліктерін сипаттау
3. Оқушылардың өiзiндiк даму ерекшелiктерiн қалыптастыруда озат педагогикалдық тәжiрибелердi талдау мәнiн ашу, оны практикалық түрғыдан қолдана бiлу.
Зерттеу болжамы. Егер қазақ тілі сабағында балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған ойындар, дидактикалық материалдарды пайдаланса, онда балалардың танымдық ойлау қабілеті, қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нысаны. Мектеп оқушылары
Зерттеу пәні. Шет тілі
Зерттеу әдістері. Ғылыми - педагогикалық, бақылау, байқау, эксперимент.
Практикалық пайдасы. оқушылардың қызығушылығын арттыруда, тіл үйренуде, дамытушылық қабілеттерін арттыруда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы. №42 Ақниет гимназиясы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Ағылшын тілінен әр түрлі дидактикалық материалдарды қолдану арқылы оқушылардың дамыту негізіне теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
Оқытудың тәрбителік және дидактикалық мазмұнына теориялық тұрғыдан анықтама берілді.
Оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылықтарын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
Дидактикалық материалдардың түрлері көрсетілді.
Зерттеу мәселесі. Елдің болашағы білім беру ісіне тәуелді. Беру үрдісінде келесі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан - жақты жетілген ертеңгі қоғам иелерін оқыту мектептің негізгі міндеті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіктерін арттыру керек. Ол үшін білім беру үрдісінде әр түрлі дидактикалық материалдарды қолдану әдісін кеңінен қолдану керек.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні мен маңызы
Дамыта оқыту - дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойлана бастайды. Ал дамыта оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап - мұндай мұқтаждықты қашан және қалай пайдалануды анықтау. Дамыта оқыту кезінде білім мен іскерліктің бірсыпыра бөлігін оқыту өздігінен танымдық қиындықтарды жеңе отырып игереді. Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту арасындағы айырмашылық оқу процесін ұйымдастыру мен принциптерінен де байқалады. Дамыта оқытудың мақсаты - ғылыми негізде меңгеріп қоймай, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту. Оны ұйымдастыру негізінен оқушының ізденгіштік, танымдық оқу қызметін құрайды. Дамыта оқыту арқылы оқушының оқуын белсендірудің мәні - ғылымның даяр қорытындыларын жай ғана меңгеріп алуда емес, жаңа білімдер мен ақыл-ой қызметінің тәсілдеріне өздігінен ие болу жөніндегі оның танымдық қызметін белсендіруде.
Демек, дамыта оқыту мұғалімнің белгілі бір әрекеттерін талап етеді. Бұл әрекеттер оқушының жаңа ұғымның мәнін ашу тәсілдерін өздігінен іздестірумен сипатталатын танымдық әрекеттерін ұдайы тудырып отырады.
Оқу процесінде сабақтың мазмұнынан туындамаған мәселелерді қою мұндай сабақта оқып үйрететін материалды саналы меңгеру мақсатымен белгілі бағыты бар танымды іздену жасауға мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, дамыта оқыту оқу процесін жетілдірудегі басты бағыттардың бірі болатыны сөзсіз, өйткені ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін мақсатқа бағытталуын қамтамасыз етеді, олардың оқу жұмысына шығармашылық сипат береді және сайып келгенде оқушылардың интеллектісін дамытуда сондай-ақ оқытудың нәтижелі болуы үшін жақсы жағдайлар туғызады. Алайда, дамыта оқытудың осы мүмкіндіктерін толығынан іске асыру үшін, оны іс жүзінде жүзеге асыруда кездесетін кемшіліктерді жою керек.
Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин- В.В.Давыдов жасаған жүйесінің кздеген мақсаттарына жету тек оқушының өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді.
Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады.
- Оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
- Мақсаттағы айырмашылықтар;
- Дидактикалық принціптердегі өзгешеліктер;
- Әдіс-тәсілдеріндегі ерекшеліктер;
- Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
- Мұғалім еңбегінің нәтижелігін анықтайдың жаңа көрсеткіштері;
- Мұғалім мен оқушы арасындағы жаңашыл қарым-қатынастар.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма оқушы жүрегіне жетпейді деп есептейді. Талдау- бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр оқушының қөңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы оқушы жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады.
Л.В.Занковтың жасалынған дамыта оқу жүйесінде оқушының білімін бағалауға үлкен мән беріледі. Сабақ барысындағы бағаның неғұрлым көп қойылуы шарт емес. Оқушылар барлық тапсырмаларды орындауға ынта білдіріп, ден қойып, нәтижеге жетіп, еңбегінің рахатын көруге дағдыландырылады.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Оқушы өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұстанылады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзетіліп, отырылады. Оқушыны кішкентай оқушы деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденеді.
Қорытындылай келгенде, дамыта оқыту өзінің мән-мағынасына сәйкес оқыту түрі, яғни оқушыларды алдында кездескен мәселелік сұрақтарға қарсы жауап жолдарын іздеп, табуға дұрыс бейімдеу, жағдай жасау. Дамыта оқыту оқушылардың ойлау қызметін оның танымдық қызығушылығы табиғатының рухани қажеттіліктерін, оқу себептерінің заңдылығын ескеретін теорияның негізінде құрылады. Мектептергі оқу процесінде жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың ойлауы мен шығармашылыққа жету жолында үлкен рөл атқарады.
1.2 Оқыту процесінің тәрбиелік компоненті ұғымының мәні
Қоғам дамуы процесінде тәрбие мазмұны өзгереді, алайда педагогика тәрбие субъектісі ретінде үнемі адамды қарастырады, ал тәрбие әсері оны жетілдіруге бағытталады. Бұл педагог-тәрбиешілердің тұлғаның сапалы өсуіне және жетілуіне ықпал ететін санасын, психологиясын, құндылықты бағдарын, білімі мен қызметінің әдістерін өзгертуіне мүмкіндік беретін тәрбие феноменін түрлендіретін іс-әрекеті ретінде анықтауына негіз береді.
Демек, барлық білім беру процесін екі компонент ретінде көрсетуге болады: оқыту және тәрбиелеу. Өз кезегінде оқыту да, тәрбиелеу де белгілі бір аяқталған және құрастырылған процесті білдіреді.
Біздің пікірімізше, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің мәнін төмендегіше ұсынуға болады:
- Оқыту деп шығармашылық қабылдау мен практикалық қызметтер, мәдени және моральдық-этикалық идеялардың түрлі тәсілдері мен деңгейлері арқылы білім, білік және дағдыға ие болу түсіндіріледі.
- Бұл жағдайда тәрбие этностық, эстетикалық, моральдық, әлеуметтік және т.б. түрлі қарым-қатынастардың, сол сияқты мінез-құлық, дағдылар мен сезімдердің әртүрлі деңгейлерінің туындау және қалыптасу процесін білдіреді.
Оқыту және тәрбие процестерінің өзара ортақ және бір-бірінен ерекшеленетін қасиеттері бар. Келесі кестеде оқыту және тәрбие процестеріне ортақ және бөлек қасиеттерді көрсетуге болады (1-кесте).
Оқу процесі - бұл тек белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуы мен қалыптасуы. Оқушылардың оқу процесі барысында меңгерген білімі олардың дүниетанымы қалыптасуының негізін қалайды, түрлі табиғи, қоғамдық, техникалық және мәдени құбылыстар мен оқиғаларды дайындаудың маңызды құралы болады.
Оқушылардың танымдық қызметі олардың интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік дамуын ескереді. Оқу процесінің тәрбиелік мәні - оқыту барысында оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі мен оларда әлемге, бір біріне, игерілетін оқу материалына эмоционалды-құндылықты қатынас қалыптасуы арқасында табиғи байланыс орнайтындығында.
Білім берудегі тәрбие компонентінің мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қатысты құндылықты басымдықтарын нақтылау қажет:
oo тұлғаның жалпыадамдық гумандық құндылықтарға бағдарлануы;
oo демократиялылық және толеранттылық;
oo космизм және ұлттық идеяның үйлесуі;
oo тұлғаның маңызды креативті қабілеттіліктерін ашу;
oo өз шығармашылық әлеуетін елін көркейтуді іске асыру қажеттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің аймақтық аспектісі.
Пәнді оқыту процесінде тәрбие қызметін іске асыруда мұғалім ең алдымен сабаққа тәрбие міндеттерін қоюы тиіс. Мұғалімдердің көпшілігіне осы кезең қиындық тудырады. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек? Жеке оқушының және тұтас алғанда сыныптың тәрбие деңгейінің диагностикасы қажет, ол тәрбиенің проблемалы тұстарын бірден байқауға және тәрбие мақсаттарын мақсатты түрде құрылымдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сабақта қозғалатын тұлға қасиеттерін балалармен талқылауға міндетті. Ол баланың процестен шеттетілмегенін, мұғалімнің оған тәрбиеде көмектескісі келетінін және ең бастысы бұл өзіне қажет екенін түсінуі үшін қажет. Бұл жағдайда бала өз қылықтары мен іс-әрекеттерін ойлана талдайды және мұғалімге сабақтың тәрбиелік міндеттерін түзету жеңіл болады.
1-кесте − Оқыту және тәрбие процестерінің ерекшеліктері, оларға тән ортақ және бөлек қасиеттер
Оқыту және тәрбие процестерінің
ортақтығы
Оқыту және тәрбие процестерінің ерекше өзгешеліктері
1. Оқыту және тәрбие процестерінің өзара бірлігі мен қайтымдылығы, себебі оқыту процесі тәрбие қызметі де болып табылады, сонымен қатар тәрбие процесі оқытумен тығыз байланысты
1. Ерекше өзгешеліктер мазмұн деңгейінде байқалады: оқыту мазмұны - бұл, ең алдымен, қоршаған шынайылық туралы ғылыми түсініктер мен білімдер. Өз кезегінде, тәрбие мазмұнында алдыңғы орынға нормалар, ережелер және идеалдар шығады.
Тұлғаның санасына, мінез-құлқына, эмоциясына екіжақты әсер ету
2. Ерекше өзгешеліктер, сонымен бірге міндеттерді іске асыруға және алдыға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін жаңа формалар мен әдістерді анықтау деңгейінде жақсы байқалады. Оқытуда негізінен сол уақытта сабақ жүргізудің тек нақты да қатал белгіленген сыныптық-сабақтық жүйесі ғана қолданылса, тәрбие - түрлі сипаттағы барынша еркін формаларды, қоғамдық пайдалы еңбекті, спорттық, көркемөнер қызметін, мақсатты ұйымдасқан қарым-қатынасты, шамасына лайық еңбекті қолдану процесін білдіреді.
Сонымен, тәрбие міндеттерінің шеңбері анықталды, одан ары қарай жұмыстың ең күрделі де жауапты кезеңі тұр: ойға алғанды қалай іске асыруға болады? Сабақ жоспарын жасауда қойылған тәрбие міндеттеріне байланысты сабақтың әр кезеңіндегі баланың қызметін ойластырудың маңызы зор.
Тәрбиелік көзқарас тұрғысынан сабақтың кейбір сәттерін талдап көрелік. Сабақтың басталуы - бұл өте маңызды кезең, себебі осы кезеңде қажеттілік-мотивациялық аяға ықпал етіледі және көп жағдайда сабақтың ойдағыдай өтуі оның іскерлікпен ұйымдастырылуына байланысты. Сабақтың тәрбиелік қуаты болуы үшін оны қалай ұйымдастыруға болады? Әр мұғалімнің тәжірибесінде сабақты бастаудың түрлі әдістері мен тәсілдері жеткілікті.
Мысалы, профессор Г.Н. Волков сабақты қандай да бір тәрбиелік сипаттағы қысқа аңыз, ертегі, мақал, жұмбақтармен және т.б. бастауды және бірте-бірте сабақ тақырыбына көшуді ұсынады. Г.Н. Волковта тәрбие құралдарының көптігі сондай, бір сабақтағы ауызша халық шығармашылығының пайдалану формасы, не болмаса қолдану әдістері екінші сабақта қайталанбайды.
Павлодар облысы Баянауыл ауданының мұғалімі И.С. Кузекова Ш.А. Амонашвилидің Здравствуйте, дети! кітабындағы постулаттарды өз жұмысында шығармашылықпен пайдаланады. Жаңашыл-мұғалім өз ойымен былайша бөліседі: Бұл кітап көптеген мұғалімдер үшін мектеп өмірін, баланың міндетін және мұғалімнің рухтандырушылығын сезінуде жаңа кезең болды. Кітаптың педагогикалық тілі ғажап, ол баршаға түсінікті және жақын. Педагог-классиктер өз оқырмандарымен осындай ұғынықты да шығармашыл айқын тілде сөйлескен. Шалва Александровичтің барлық еңбектері сөйлеу мәнері және сөзді сезіну білігімен ерекшеленеді. Оның қарапайым болып көрінетін Күлкім менің, қайдасың? немесе Жүрексіз нені сеземіз? кітаптарының мазмұны бірден түсіне бермейтін ұлы даналықтан тұрады. Мен өз сабақтарымда Ш.А. Амонашвилидің әдістемесін жиі қолданамын. Мысалы, сабақты келесі ұйымдастыру сәттерімен бастаймын: математикада - оқушылар назарын сандардың симфониясына аударамын. Математикада симфония болады ма? Келіңдер, ойланайық. Немесе, бір рет кесу үшін неше рет өлшеу қажет? Неге дәл 7 рет және т.б..
Рухани өмір - бұл ішкі, сондай-ақ сыртқы материалдық ақиқатты туғызатын болмыстың жоғары жоспары, жасырын, заттандырылмаған шынайылығы. Рухани өмірдің құлазуы адам дамуының эволюциясын тежейді, ал рухани өмірдің өсуі оның өркендеуі мен дамуын анықтайды. Дәстүрлі, сонымен қатар көптеген инновациялық мектептердің адам рухани өмірінің маңызын бағаламайтындығына және баланың өз рухани әлемін жасауда еркіне жіберіле салғандығына өкінуге болады. Бұл бала үшін үлкен қиындық туғызады, және ол үнемі жақсылықпен аяқтала бермейді.
Баланың жанында да жүрегінде де жарқын бейнелер, ой-армандар - әсемдікті сезіну мен шексіздікті ұғыну, өз ойы үшін жауапкершілік пен жақсылыққа, ерлік пен батырлыққа ұмтылу, қамқорлық жасау және ренішке ортақтасу сезімі орын алуы тиіс. Жарқын да биік бейнелердің ортасында осындай байлыққа ие болып жүріп, адам жаны еңбек ете бастайды, өз әлемін туғызады, жаңа бейнелерді жасайды және өзіне тартады.
Мұндай сабақтарды қалай өткізуге болады?
Ең негізгі әдіс - мұғалімнің әңгімесі, еркін пікір алмасулар, аңыздар оқу. Сонымен қатар, алыс әлемдерге ұшу, өз қалалары мен мемлекеттерін салу туралы армандар; өзінің, жақындары мен туыстарының, адамдардың өмірін жақсарту туралы ойлау; өз жүрегіне үңілу, жүрегімен көру білігін өздігімен дамыту бойынша жұмыс істеу де бар.
Сол сияқты, тәжірибе де бар: жақындары мен туыстарына, ғаламшар адамдарына, Жер бетіндегі балаларға ізгі ойлар жолдау, көрген түсті жазу, өз жан құбылыстары туралы күнделік жүргізу, философиямен шұғылдану.
Мұндай сабақ тіпті бала үйіне келген соң да бітпейді: мұғалім оның жадында, ізгілік - ойында қалады.
Осындай білім беру процесінде бала өмірдің қалыптасқан жағдайларына бейімделместен, оның талаптарын өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, оның сапасын арттыруды үйренеді.
Одан ары, келесі - тақырыпты тұжырымды етіп тарқату процесін ұсынуға болады. Тақтада сабақтың тақырыбы жазылады және оқушыларға түсініп оқу және өз пайымын айту ұсынылады. Талқылау оқушы - мұғалім оқушы - оқушы сұхбаты принципінде құрылады. Нәтижесінде бірнеше педагогикалық міндеттер шешіледі: біріншіден, оқушылар шығармашылық ойын, батыл пайымын, сөз мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін сабақтың міндеттерін өздері ұсынады; екіншіден, олардың алдында сабақ үстінде шешуге тура келетін, сыни ойын, жігерлілік қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін проблемалар туындайды; үшіншіден, оқушылар өзектендіру қажет етілетін сұрақтар шеңберін (бұл кезеңде ақыл-ойға тәрбиелеу, өз күшіне сенуге тәрбиелеу жүреді) өздігімен белгілейді; төртіншіден, дауыстап пікір білдірудің осы бірнеше минуты оқушылардың қызметіне қозғау салады және жұмыс күйіне келтіреді, сол арқылы мотивациялық-сұраныс аясын дамытады. Тақырып атауын тарқатуда көп жағдайда олар осыған дейін кездескен түсініктер қайталанып қалатындықтан, талқылауда күшті және орташа оқушылармен қатар, үлгерімі төмен оқушылар да белсенділік танытады. Мұндай тәсіл сабақта жетістік ахуалын туғызуға мүмкіндік береді, адамгершілік тәрбиені іске асырады.
Сабақты проблемалық жағдаят тудыру мүмкіндігіне жетелейтін жаттығулар орындаудан бастауға болады.
Қай тәрбиелік әлеуеттің осындай тәсілі бар? Ақыл-ой, шығармашылық дербестік, ерік күші, еңбексүйгіштік, жауапкершілік тәрбиесі беріледі.
Сабақты зерттеу сипатындағы практикалық жұмыстан бастауға болады. Мұндай жұмысты жүргізу сыни ойлауға тәрбиелейді, қызығушылық туғызады, тақырыпты зерттеуге деген дәлелдерін қарастырады. Сол сияқты, бағалаудың түрлі тәсілдері балаға жетістікке жеткен және сәтсіздікке ұшыраған сәттерінде де оң әсер етеді.
Сабақта міндетті түрде бағалаудың әртүрлі жолдарын қолдану қажет. Мысалы, бақылау жұмысынан кейін біз оқушылармен жетістік сатысын құруды ұсынамыз. Бұл тәсіл өте тиімді, себебі балалар өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін талдай отыра, сын, өзара сыйластық сияқты қасиеттерді көрсетеді, өзгелердің жетістігіне қуануға үйренеді, өзіне және сыныптастарына қатысты сынды дауыстап айтады. Кейбір сабақтарда бағалау жетондарын пайдалану тиімді, балалар олардың көмегімен дұрыс жауаптары үшін өзін өзі бағалайды.
Бұл жағдайда сабақтағы белсенділік артады. Сабақтың соңында қорытынды жасап және тиісті бағаны журналға қою жеңіл болады. Бұл тәсіл жауапкершілік, адалдық, парасаттылық, өзара сыйластықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Әрине, сабақтың барысында міндетті түрде мұғалімнің ауызша бағалауы - ұстаздың мақұлдаулары, кей іс-әрекет түрлерінде сыныптастары тарапынан бағалаулар болуы тиіс. Сабақ соңында немесе аралық кезеңдерінде рефлексия кезеңі болуы шарт. Дәл осы кезеңде балалармен бірге сабақты тәрбиелік көзқарас тұрғысынан бағалау мүмкіндігі туады. Бұл жерде мұғалімнің, оқушылардың талдауы және өзіндік талдау болады. Адамгершілік критерияларына, еңбектегі жетістіктерге немесе сәтсіздіктерге акцент жасалады, ақыл-ой тәрбиесі аспектісі қозғалады.
Кез-келген сабақтың үлкен тәрбиелік әлеуеті бар, сондықтан да мұғалімге балаға зиян келтірмеу жауапкершілігі жүктеледі. Әдістемелік дұрыс құрылған сабақ өзінің әрбір сәтімен тәрбиелейді, материалды өзекті, қажет және қызықты етеді.
Педагогикалық процесс деп көздеген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және жағдайдың алдын ала көзделген өзгерісіне, тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын түрлендіруге жеткізетін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің дамытушы өзара іс-әрекеті аталатыны белгілі.
Тұтастық пен ортақтық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық процестің басты мәнін құрайды.
Педагогтар, тәрбиеленушілер, тәрбие жағдайлары - педагогикалық процесс жүретін жүйенің компоненттері болып табылады.
Процестің мақсатты компоненті педагогикалық қызметтің мақсаттары мен міндеттерінің алуан түрлілігінен: басты мақсаты - тұлғаның жан-жақты, және үйлесімді дамуынан бастап - жекелеген қасиеттерден, немесе олардың элементтерін қалыптастырудың нақты міндеттерінен тұрады.
Мазмұндық компонент жалпы мақсатқа, сол сияқты әрбір нақты жеке міндеттің мәнін, педагогтар мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекетін, олардың шығармашылығын, процесті ұйымдастыру мен басқаруын көрсетеді, бұларсыз соңғы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Педагогикада бұл ұйымдастырушы, немесе ұйымдастыру-басқару компоненті деп аталады.
Процестің нәтижелік компоненті оның қарсылығының тиімділігін көрсетеді, қойылған мақсатқа сәйкес қол жеткен өзгерістерді сипаттайды.
Педагогикалық процесс атқарымдағы педагогикалық жүйені көрсететінін айта кету қажет. Кез-келген педагогикалық жүйенің құрамына енетін компоненттер: педагог, оқушылар, білім мазмұны, педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы, педагогикалық процестің әдістері (оқыту әдістері және тәрбие әдістері), педагогикалық процестің құралдары, мақсаты және нәтижесі. Басқаша айтқанда, өзара бір-бірімен байланысты оқыту және тәрбиелеу - ең ірі құрамдас, педагогикалық процестің процессуалды компоненттері болып саналады. Олар өз кезегінде, басқа, анағұрлым ұсақ құрамдастарға бөлінеді. Мысалы, оқыту процесі - оқытуға және оқуға т.б. Оқыту және тәрбие атқарымдағы педагогикалық жүйенің жүйеасты құрылымы ретінде қарастырылуы мүмкін. Олардың қызметі ортақ (білім беру, тәрбиелеу, дамыту), бірінші жағдайда - білім беру, екінші жағдайда - тәрбиелеу басымдықта.
Оқыту процесі атқарымдағы дидактикалық жүйе болып саналады. Онда педагогикалық жүйенің барлық компоненттері іске қосылған. Олардың әрқайсысы қарастыру заты болуы мүмкін, берілген жағдайда бұл оқыту құралдары. Тұтас педагогикалық процестегі барлық компоненттер бір-бірімен өзара байланысты. Егер процесс қандай да бір теория немесе тұжырымдама негізінде ұйымдастырылған жағдайда олардың тиімділігі жеке алғанда, сондай-ақ жүйе ішінде артады. Оқыту, атқарымдағы дидактикалық жүйе ретінде, білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыру жүйесін білдіреді. Осы тұжырымды тұрғы оқыту процесіне, сонымен қатар оның әрбір құрамдасына таратылады.
Тәрбие, оқыту және дамыту білім берудің тең құрамдастары болып саналады. Соңғы компонентке назар аудару қажет, ол алдыңғы екеуінің шегінде тұрып, соларға тән сипаттарға ие болады, себебі дамыта оқыту процесінде білім алушылардың жаңа тұлғалық қасиеттері тәрбиеленеді. Бұл шартты түрде бөлу, өйткені практикада білім беру салаларының барлығы өзара тығыз байланысты. Оқыту мен тәрбиенің ұйымдастыру, түрлері мен әдістері өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, тәрбие мәнін, оның мағынасын, мақсаты мен міндеттерін біздің елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық түрленуі контексінде сезінуін түсіндіру үшін осы педагогикалық категорияны жеке қарастыру қажет.
Білім беруді реформалауға және білім беру парадигмаларының алмасуына байланысты тәрбие проблемасы білім берудің барлық сатыларында ерекше өткір тұр. Мектеп өмірінің заманауи шынайылықтары кеңестік дәуірден кейінгі білім беру кеңістігінде тәрбие компоненті ескі жүйенің рудиментті қалдығы сияқты ретінде өз маңыздылығын жойғанын дәлелдеп отыр, ал тәрбиенің жаңа парадигмасы енді ғана құралуда және жаңа аксиологиялық мәнге ие болуда. Осы шектес жағдаятта тәрбие процестері негізінен педагогтардың, кураторлардың еріктері мен шеберліктеріне, әкімшіліктің бастамасы мен нақты оқу орнының дәстүрлеріне байланысты.
Алайда, тәрбие құндылықтары, оның деңгейі, өлшемдері баянды құндылықтар болып табылатынын баса айту қажет.
Біз келесі жағдайлар адамның тәрбиелілік өлшемдері болып қызмет етеді деп санаймыз:
- жалпыадамдық гуманистік доминанттарды меңгеру деңгейі;
- әлеуметтік және кәсіптік қызметтің, тұлғалық бағалау мен қылықтардың негізі ретінде қоғамның этикалық нормалары мен этикалық құндылықтарын меңгеру;
- тұлғаның тәрбие процесінде алған қасиеттерінің деңгейі мен иерархиясы.
Тәрбие, екіжақты процесс (тәрбиеші - тәрбие субъектісі) бола тұра, тәрбие субъектісінің немесе субъектілерінің дербес бастамалары өзін өзі тәрбиелеу әрекеті арқылы нәтижелі болған кезде тәрбиеші бастамасы акценттерінің серіктестік арқылы өзін өзі тәрбиелеуге ығысуын болжайды.
Е.В. Бондаревскаяның пікірінше тәрбие мақсаты - тұтас мәдениет адамын қалыптастыру (А қосымшасы).
Мәдениет адамы - мәдениет әлемінде өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, еркін адам. Мұның педагогикалық аспектілері оқушыларда өзіндік сананың жоғары деңгейін, өз қасиетін бағалау, өзін өзі қадірлеу, өзгелердің пікірін құрметтей отыра, өз пікірінің еркіндігі сияқты қасиеттерді тәрбиелеуден тұрады.
Мәдениет адамы - адамгершілікті тұлға. Адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық аспектілері тәрбие қарым-қатынасының барлық әдістерін және барлық жүйесін ізгілендіруден тұрады.
Мәдениет адамы - рухани тұлға. Мәдениет адамының руханилығы мәдени сәйкестендіру және мәдени-лайықтылық өмір салтын таңдау қабілетінде байқалады.
Мәдениет адамы - әрі шығармашыл, әрі бейімделген тұлға. Адамның заманауи жағдайлардағы өмір сүру қабілеті екі блоктан: мінез-құлықтың меңгерілген алгоритмдерінен және өзгерген жағдайларға сәйкес олардың өзгергіштігіне, яғни шығармашылыққа даяр болуынан тұрады.
Тұжырымдама авторы тұлғалық тәжірибенің келесі компоненттерін бөліп көрсетеді, оларды меңгерген тұлға мәдениет адамы ретінде қалыптасты деп саналады:
+ аксиологиялық (құндылықты-мағыналы), санамен берілетін және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты тұлғалық мәнге ие болатын әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтардан тұрады;
+ мәдениеттанушылық - тұлғаның өмір сүру әрекеті өтетін түрлі мәдени орта; жалпымәдени қабілеттер, мәдени шығармашылық туындылар; ұлттық мәдени құндылықтар мен дәстүрлер және оларды сақтау, жаңарту, жаңғырту бойынша іс-әрекет және т.б.;
+ өмірнамалық (жағдаяттық) - өмір жағдайлары, оларды ұйымдастыру мен ғұмыр сүру әдістері, өз тұрмысын өзгерту жолдары, өмір сүру ортасын түрлендіру және т.б.;
+ моральдық-этикалық - адамгершілікті, өнегелі мінез-құлықтың эмоциялы мазмұнды жағдаяттарына төзу тәжірибесін жинау және т.б.;
+ азаматтық - қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу, азаматтық сезімдерді көрсету, адам құқықтарын қорғау және азаматтық мінез-құлық тәжірибесін дамытатын басқа жағдайлар;
+ тұлғалық - балалардың өмір сүру әрекеті келесі жағдаяттармен маңызды: шынайы жауапкершілігі, таңдау еркіндігі, шешім қабылдау, өзіндік бағалау, өзін-өзі түзету және өзін-өзі тәрбиелеу, өз тәртібін жобалау, тұлғалық даму және т.б.;
+ дербес-шығармашылық - қабілеттерді дамыту құралы, өмір сүру әрекетінің түрлі стильдерін, өз-өзіне сенімділік, дербестік, креативтілікті қалыптастыру.
Тәрбие мазмұны балалардың дамуына қарай олардың тәжірибесімен, өмірлік және тәрбиелік жағдаяттармен толығады [8].
Педагогика ғылымында дәстүрлі түрде ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесін бөліп көрсетеді, қазір оның азаматтық, құқықтық, экономикалық, экологиялық бағыттарымен толықтырылуда. Тәрбие процестері толық және жеке бір бағыт аясында түрлі: қауым, әлеуметтік институттар, жеке әлеуметтік топтар, интердербестік (тұлғааралық) және интрадербестік (өзін өзі тәрбиелеу) деңгейлерінде іске асырылуы мүмкін.
Ғалымдар тәрбиенің тарихи қалыптасқан түрлері соған сәйкес мәдениет ішінде дамығанын атап көрсетті. Алғашқы қауымдық құрылыс үшін балаларды ересектердің іс-әрекетін жаңғырту бағдарына негізделген және міндетті, ұжымдық сипаттағы тәрбиенің бірінші тарихи түрі сәйкес келеді. Өркениеттің пайда болуы тәрбиенің өзге, әлеуметтік және экономикалық теңсіздікпен, еңбек бөлінісімен, яғни түрлі педагогикалық міндеттермен туындаған түрінің пайда болуын ескерді
Тәрбие модельдерінің тарихи алуан түрлілігі жергілікті өркениет ерекшеліктеріне, мәдениеттің типологиясына, ұлттық өзгешелікке байланысты.
Көне дәуірде туындаған және заманауи еуропалық мәдениеттің түп тұлғасы болған мәдениеттің батыстық түрі шығыстық мәдениеттен түбірімен ерекшеленетін және батыстық тәрбие түрін анықтайтын педагогикалық дәстүрлерді тудырды. Оған тән сипаттар - адамның еркі мен парасатының дамуына бағдарлану, адамда дара және шығармашылық бастауларды, тұлға мен қоғамның қарым-қатынасының үйлесімін, осыдан барып - тәрбие проблемаларын шешуде мақсатты және құндылықты-тиімді тұрғыларды бекіту.
Қазақстандық тәрбие дәстүрлері экономикалық және саяси катаклизмаларды бастан өткерген Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері мен әлеуметтік-тарихи ерекшеліктерімен қабаттаса жіктелді, ол алайда, біздің елімізде ең жақсы білім беру жүйелерінің бірі қалыптасуына кедергі болмады.
Мазмұн тиянақты білім негізінде білім алушылардың санасына оларды тұтас қабылдау арқылы таратылған кезде ғана тәрбие құралы болады. Жүйелі білімді, олар арқылы - пікір, көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыстарды, кіріктірілген курстарды кеңінен қолдану керек. Түсінікті, белсенді түрде меңгерілген білім ғана тұлғаның жаңа қасиеттеріне ауысып, рефлексияға, бағалау пікіріне қозғау салады.

2.1 Шет тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің міндеті балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады.Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz