Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты

Орындаған:

Тексерген: аға оқытушы

Орал, 2017ж.

Мазмұны

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
1.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .5
1.2 Шет тіл сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын технологиясын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
2.1 Шет тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Тұлғаны дамытудағы ағылшын тілінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КIРIСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі. Бүгінгі білім берудің мақсаты - дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани тұлғаны қалыптастыру. Білім беру - оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы.
Бүгінгі күні біздің елімізде қоғам мен мемлекеттің заманауи сұранысына бағдарланған білім берудің тұтас жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан−2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы Жолдауында [1], Қазақстан Республикасының Білім туралы, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы, Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы заңдарында [2-4] көрініс тапқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар [5], Білім және ғылым министрлігі қабылдаған Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы [6] басшылыққа алынған. Қазақстандық білім беруді жаңғырту тәрбиені білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық іс- әрекеттің құрамдасы болуын көздейді.
Педагогикалық процестегi оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғалым педагогтар бастауыш сыныпта дамыта оқыту жүйесiнде көптеген өздерiнiң еңбектерiне зерттеу жұмыстарын жүргiзiп тұжырымдамалар жасады. Сонымен қатар жеке адам тәрбие мен оқыту процесiнiң жетiлiп, дамуды артына салып отыратындығын дәлелдедi. Олардың идеяларынң мәнi мына төмендегiге саяды:
1. Таным қабiлетiнiң дамуы - бұл барлық мұғалiмдерiнiң барлық пәндер бойынша оқыту процесiндегi мақсаттылық iс-әрекетi.
2. Оқушыларға бiлiм беру және объективтiк шындықты тану мәселелерi жайындағы оқулықтың ролi.
3. Оқытудың әдiстерi мен формаларын жетiлдiру.
4. Мұғалiмнiң теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлiгi, бiлiмдарлығы оқулардың таным iс-әрекетiн дамытудың шешушi қүралдарының бiрi болып табылады.
Бұл жағдай мектептерде бiлiм берудiң жаңа философиясын, теорилық негiзiн, тәжiрибесiн насихаттауды бiр сәтте күн тәртiбiнен түсiрмеудi талап етедi. Сондықтан мұғалiмдер жұмысымызда дамыта оқытудың жаңа технологияларын меңгерiп, оқушыны бiлiмқұмарлылыққа, iзденiмпаздылылыққа, шығармашылық жұмыс iстей бiлу қабiлеттiтiлiгiн арттыру үшiн дүрыс бағдар беруiмiз керек.
Зерттеу мақсаты: оқытудың тәрбиелік және дамытушылық сипаты мен ерекшеліктерін сипаттау, оқыту барысында оқушылардың өзiндiк шығармашылығын, iс-әрекетi қалыптастыруда дамыта оқытудың тиiмдi әдiс-тәсiлдерiн ашып көрсету.
Зерттеу мiндеттері:
1. Оқушылардың өз беттерiнше даму iс-әрекетiн қалыптастыруда теориялық бiлiмдер мен педагогикалық ғылыми еңбектерге тоқталып, шолу жасау.
2. Оқытудың тәрбиелік және дамытушылық сипаты мен ерекшеліктерін сипаттау
3. Оқушылардың өiзiндiк даму ерекшелiктерiн қалыптастыруда озат педагогикалдық тәжiрибелердi талдау мәнiн ашу, оны практикалық түрғыдан қолдана бiлу.
Зерттеу болжамы. Егер қазақ тілі сабағында балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған ойындар, дидактикалық материалдарды пайдаланса, онда балалардың танымдық ойлау қабілеті, қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нысаны. Мектеп оқушылары
Зерттеу пәні. Шет тілі
Зерттеу әдістері. Ғылыми - педагогикалық, бақылау, байқау, эксперимент.
Практикалық пайдасы. оқушылардың қызығушылығын арттыруда, тіл үйренуде, дамытушылық қабілеттерін арттыруда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы. №42 Ақниет гимназиясы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Ағылшын тілінен әр түрлі дидактикалық материалдарды қолдану арқылы оқушылардың дамыту негізіне теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
Оқытудың тәрбителік және дидактикалық мазмұнына теориялық тұрғыдан анықтама берілді.
Оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылықтарын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
Дидактикалық материалдардың түрлері көрсетілді.
Зерттеу мәселесі. Елдің болашағы білім беру ісіне тәуелді. Беру үрдісінде келесі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан - жақты жетілген ертеңгі қоғам иелерін оқыту мектептің негізгі міндеті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіктерін арттыру керек. Ол үшін білім беру үрдісінде әр түрлі дидактикалық материалдарды қолдану әдісін кеңінен қолдану керек.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
1.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні мен маңызы

Дамыта оқыту - дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойлана бастайды. Ал дамыта оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап - мұндай мұқтаждықты қашан және қалай пайдалануды анықтау. Дамыта оқыту кезінде білім мен іскерліктің бірсыпыра бөлігін оқыту өздігінен танымдық қиындықтарды жеңе отырып игереді. Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту арасындағы айырмашылық оқу процесін ұйымдастыру мен принциптерінен де байқалады. Дамыта оқытудың мақсаты - ғылыми негізде меңгеріп қоймай, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту. Оны ұйымдастыру негізінен оқушының ізденгіштік, танымдық оқу қызметін құрайды. Дамыта оқыту арқылы оқушының оқуын белсендірудің мәні - ғылымның даяр қорытындыларын жай ғана меңгеріп алуда емес, жаңа білімдер мен ақыл-ой қызметінің тәсілдеріне өздігінен ие болу жөніндегі оның танымдық қызметін белсендіруде.
Демек, дамыта оқыту мұғалімнің белгілі бір әрекеттерін талап етеді. Бұл әрекеттер оқушының жаңа ұғымның мәнін ашу тәсілдерін өздігінен іздестірумен сипатталатын танымдық әрекеттерін ұдайы тудырып отырады.
Оқу процесінде сабақтың мазмұнынан туындамаған мәселелерді қою мұндай сабақта оқып үйрететін материалды саналы меңгеру мақсатымен белгілі бағыты бар танымды іздену жасауға мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, дамыта оқыту оқу процесін жетілдірудегі басты бағыттардың бірі болатыны сөзсіз, өйткені ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін мақсатқа бағытталуын қамтамасыз етеді, олардың оқу жұмысына шығармашылық сипат береді және сайып келгенде оқушылардың интеллектісін дамытуда сондай-ақ оқытудың нәтижелі болуы үшін жақсы жағдайлар туғызады. Алайда, дамыта оқытудың осы мүмкіндіктерін толығынан іске асыру үшін, оны іс жүзінде жүзеге асыруда кездесетін кемшіліктерді жою керек.
Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин- В.В.Давыдов жасаған жүйесінің кздеген мақсаттарына жету тек оқушының өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді.
Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады.
- Оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
- Мақсаттағы айырмашылықтар;
- Дидактикалық принціптердегі өзгешеліктер;
- Әдіс-тәсілдеріндегі ерекшеліктер;
- Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
- Мұғалім еңбегінің нәтижелігін анықтайдың жаңа көрсеткіштері;
- Мұғалім мен оқушы арасындағы жаңашыл қарым-қатынастар.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма оқушы жүрегіне жетпейді деп есептейді. Талдау- бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр оқушының қөңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы оқушы жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады.
Л.В.Занковтың жасалынған дамыта оқу жүйесінде оқушының білімін бағалауға үлкен мән беріледі. Сабақ барысындағы бағаның неғұрлым көп қойылуы шарт емес. Оқушылар барлық тапсырмаларды орындауға ынта білдіріп, ден қойып, нәтижеге жетіп, еңбегінің рахатын көруге дағдыландырылады.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Оқушы өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұстанылады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзетіліп, отырылады. Оқушыны кішкентай оқушы деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденеді.
Қорытындылай келгенде, дамыта оқыту өзінің мән-мағынасына сәйкес оқыту түрі, яғни оқушыларды алдында кездескен мәселелік сұрақтарға қарсы жауап жолдарын іздеп, табуға дұрыс бейімдеу, жағдай жасау. Дамыта оқыту оқушылардың ойлау қызметін оның танымдық қызығушылығы табиғатының рухани қажеттіліктерін, оқу себептерінің заңдылығын ескеретін теорияның негізінде құрылады. Мектептергі оқу процесінде жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың ойлауы мен шығармашылыққа жету жолында үлкен рөл атқарады.

1.2 Шет тіл сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын технологиясын қолдану

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін- деді. [2]
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:
1. Рөлдік ойындар.
2. Іскерлік ойындар.
А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары.
Ә)Өндірістік ойындар.
Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:
1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.
2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.
Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.деген тақырыптарда.
Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.Олар:дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады.Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде Менің көзілдірігім қайда?немесе Мынау не?деп сұрақ қою.Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, Домино, Бингоойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру.Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.[3]
Әдеттегідей ойынға оқушылар2-3 топқа бөлінеді.Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын.Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, Жұлдызды сәт, Таңғажайып алаңында, XXI ғасыр көшбасшысыойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады.
Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар.
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.
2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы, оқушы, оқы, кітапдеген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады.
Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді. Орта мектепте шетел тілін оқытудың басты мақсаты коммуникативтік мақсат болуға тиіс, яғни орта мектепті бітіруші бағдарламада белгіленген көлемде оқыған шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруге тиіс. Демек сөз әрекетінің негізгі түрлерін: монолог және диалог түрінде сөйлеу ауызша айтылған сөзі тыңдап, түсіну, жазбаша мәтіндерді оқып, ондағы ақпаратты қабылдай білу іскерліктерін меңгеруге тиіс.
Шетел тілін оқытуда қолданылатын әдістердің ішінде ойын элементтері маңызды роль атқарады. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, жаңа сөздерді меңгеруде, тілге деген қызығушылығын арттыруда, білім деңгейін тексеруде ойын элементтерін пайдаланған жөн. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне, сөз байлығына, білім деңгейіне сай болуы керек. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану үшін мұғалім алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Жоспар әдістемелік тұрғыдан қарағанда мынандай шарттарға жауап беруі тиіс:
-ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес болуы;
-ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
-ойынның ойналу түрінің нақтылануы (топпен ойын немесе жекелей ойын);
-ойынға қажетті материалдардың дайындалуы;
-қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, тақпақтардың таңдалынып алынуы;
-пысықталатын грамматикалық, лексикалық, фонетикалық материалдардың анықталуы;
-ойынның өту барысының жоспары жасалуы.
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Бұл ойындардың шетел тілі сабақтарында әрқайсысының пайдалану орны, мақсаты, атқаратын қызметі жағынан айырмашылықтары бар. Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында оқу ойындарын немесе коммуникативтік ойындарды қолдану оқушылардың білім, білік дағдыларына байланысты шешіледі. Тілді жаңадан үйреніп жүрген оқушылар еркін қарым-қатынас жасап, сөйлесе алмайды, сондықтан мұғалім тек коммуникативтік ойындарды қолдана алады. Ойынды бастар алдында түсініктеме ана тілінде жүргізіледі. Ойын жарыс түрінде өткізілсе барлық оқушылар басынан аяғына дейін ықыласпен қатысады. Ойын элементтері оқушыларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырады. Ойын соңынан оқушылардың пікірі, көзқарасы талданады, баға беріледі. Ойын арқылы оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Бастапқы және кейінгі этаптарда шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. [7]
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1)стол үсті ойындары
2)дидактикалық ойындар
3)қозғалыс ойындары
4)іскерлік ойындар
5)интеллектуалдық ойындар
І. Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Мысалы: Алфавит ойыны. Бірінші оқушы: Apple... деп, А әрпінен басталатын сөзді айтады , келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, В әрпінен басталатын сөз айтады (ex : box) т.с.с
ІІІ. Қозғалыс ойындары .
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар .
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке бейімделген тапсырмалар - шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
- әр-түрлі ойындарды ойнаған cneltyn шығармашылдыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы.
Telephoningойыны. Бұл ойын сан есімдерді жаттап, жаттығуға арналған. Бір оқушы телефонмен сыныптағы оқушының телефон номерін теріп, сандарды ауызша айтады. Қоңырау шалған оқушы қоңырауға жауап беріп, қысқаша реплика құрып, диалог жасау керек. Нәтиже
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады
Оқушыларға берілген анаграмманы шешуге ұсынамын:
woruyehaohellohowareyouIamfineseeyo ugoodbye
"Kim`s Game" ойыны. Оқушының сумкасындағы заттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан соң бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What"s missing?.Қорыта келе: Ойын арқылы оқушының:
:: өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
:: сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
:: зейіні қалыптасады;
:: байқампаздығы артады;
:: өзара сыйластыққа үйретеді;
:: ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
:: бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
:: сабаққа қызығушылығы артады.
Атақты американдық жазушы Е. Градин You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes деп айтқандай, кез-келген адам ағылшын тілін сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп, шыңдалады.[6]

1.3 Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзыреттілікті дамыту
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті -- балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету [10].
Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі -- дидактикалық ойындар[2].
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Ағылшын тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. 5,6 класс оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет. Ойындар оқушылардың ой -- өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ?
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз [3].
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. Ойыннан басталады,- десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін ағылшын тілі мұғалімінің басты қолданатын тәсілі -- ойын.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар [4].
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыруда еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен [5].
Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта буында оқушылар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық рөлдік-ойындар оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады [6].
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының: қисынды ой-қабілеті дамиды; өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; сөздік қоры баийды, тілі дамиды; зейіні қалыптасады; байқампаздығы артады; өзара сыйластыққа үйретеді; ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды; бір-біріне деген оқушы сенімі артады; сабаққа қызығушылығы артады.
Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор десек болады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі - Керекті сөзді тауып айт. Ойынның мақсаты - қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда Who's the faster? ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмалардан басқа грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының тілімен, оқуға деген және пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады [7].
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: доппен ойыны - балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. Сұрақ қой ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, Затты тап ойынында мұғалім әлдебір затты гаетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, Сөз құра - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, Дым білмес ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It's twelve десе, сынып түзетіп No, it's twenty деп жауап беру керек, Түсті ата ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп What colour is it ?" балалар It's red деп жауап береді . Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.
Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: colours", "friends", " school", "family" .
Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: Our house ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді. Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: 1.Рөлдік ойындар. 2. Іскерлік ойындар. А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары. Ә)Өндірістік ойындар.
Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: 1.Әрбір оқушы рөлде ойнайды. 2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.
Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.деген тақырыптарда.
Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде Менің көзілдірігім қайда? немесе Мынау не?деп сұрақ қою. Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, Домино, Бингоойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын техналогиясын қолдану
Әдістеме және оқыту технологиясы
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Студенттің өзіндік жұмысы
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Педагогикалық процестің принциптері
Ойлау әрекеттерінің амалдары
ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ (ТПҮ) МƏНІ ЖƏНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Баланы жан-жақты тәрбиелеуде ойының маңызы
Пәндер