Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ
1. 1 Фонетиканы оқыту әдістемесі . . . 5
1. 2 Морфологиялық әдістеме . . . 7
1. 3 Сөз жасау әдістемесі . . . 9
1. 4. Талдау жинаұтау әдісі туралы . . . 10
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ
2. 1 Дыбыстардың айтылу үлгілері . . . 19
2. 2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету . . . 21
2. 3 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері . . . 24
2. 4 Буын. Дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік . . . 25
2. 5 Дыбыс, әріп, фонема туралы түсінік . . . 27
2. 6 Фонетикалық заңдар . . . 30
2. 3. Тәжірибе жұмысы . . . 33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 41
КІРІСПЕ
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Зерттеу өзектілігі Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып, келешегі даңғыл қазақ еліндегі Білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп, ұлы көшке еруде. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, «парасатты экономиканың» қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру талап етілуде. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, қазақ тілі сабағында фонетиканың оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек.
Зерттеудің пәні : Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқыту. (15 сағ )
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу міндеті: Фонетиканы оқыту әдістемесі туралы толық мағұлмат беру. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды үйрету, олардың айтылу үлгісін көрсету.
Зерттеудің болжамы: Фонетиканы әдістері сан алуан. Осы әдістерді методикада жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді мектепте білім беруде қазақ тілін оқытуда түрлі әдістерді қолданса, онда білім сапасы артады.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Курстық жұмыста қазақ тілінің фонетикасы негізіне бағдарланған. Зерттеудің нәтижелерін қазақ тілінің фонетика бөлімін бастауыш сыныптарда оқыту. Сонымен бірге, зерттеу нәтижелерін қазақ фонетикасы бойынша, фонетиканың тарихына, теориясы мен практикасына байланысты арнаулы курстарда пайдалану мүмкіндігі болады.
Зерттеу құрылымы : кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ
1. 1 Фонетиканы оқыту әдістемесі
Тілдің дыбыстық жағының сырын оқушыларға түсіндіріп, онын лексикалық грамматикалық құбылыстармен байланысы бар екендігін көрсету, мектепте фонетнканы оқытудың аса маңызды теориялық міндеттері болып табылады.
Сондықтан да фонетика грамматиканың лексикамен саз тудыру сияқты салаларынан бұрын оқытылады. Өйткені тілдіқ фонетикалық жүйесімен таныстырмайынша, оның (тілдің) басқа жақтарын теориялық немесе практикалық тұрғыда оқыту мүмкін емес.
Мектепте фонетиканы оқыту, практикалық мақсаттарды да көздейді. Мысалы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін оқушылардың білуі: дұрыс жазу, әдеби тілмен сөйлеу нормаларын меңгеру, тыңдау мәдениетін дамыту т. б.
Фонетика курсының мазмұны. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды:
a) физиологиялық (жасалу) ;
ә) акустикалық (естілу) ;
б) қызметі (сез жасау) .
Мектеп оқулығында дыбыстың бұл үш ерекшелігі тұтас бірлікте сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп отығуға тиіс. Мысалы физиологиялық тұрғыдан дыбыс сөйлеу мүшелері жұмысының жемісі, яғни тілдің, еріннін қалпы, жақтың ашылу қалпы т. б.
Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты я дауыссыз дыбыстың қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығын біледі.
Бірақ дыбыстардыд жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді, тек қана ана тілін практикалық меңгеруге қажеттілері үйретіледі.
Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық құбылыс ретінде қаралады. Физикалық тұрғыда дыбыс бір-бірімен ажыратылатындай белгілермен анықталады. Фонетикада дауыссыз дыбыстарды үн мен салдардың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі оқытылады. Мектепте дыбыстын мағына ажыратарлық қызметі арнаулы сөз етілмейді, - бірақ жаттығулар арқылы мағлұмат беріледі.
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі. Өздеріңізге мәлім, қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып қалыптасқан.
Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді:
1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі - оның құрамында 12 дыбыс бар;
2) дауыссыз дыбыстар тобы - оның құрамында 25 дауыссыз дыбыс бар.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан қарағанда :
1) қазақ тілінде айтылатын сөздердің бәрінде кездеседі, соларға жамылғы болып тұрады;
2) сөйлеу мүшелерінде әр дыбыстың жасалу орны, әрқайсысынын айтылу және құлаққа естілу әуені бар;
3) әрбір дыбыс белгілі бір сапалық ерекшелігімен екінші дыбыстан ажыратылып, оған қарама-қарсылықта айтылады, демек, а дыбысын ә не ы дыбысынан ажырататынымыз сияқты, б дыбысын п, т, к, дыбыстарынан ажырата аламыз, жеке айтылса да, сөз ішінде келсе де, біздің құлағымыз, яғни есту қабілетіміз оларды бір-біріне шатастырмайды;
4) сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы қалыптасқан. Мысалы: а) к, г, дыбыстары байырғы сөздерде жуан дауысты дыбыс т армен тіркесіп айтылмайтыны сняқты қ, ғ дыбыстары, керісінше, жіңішке дауыстылармен тіркеспейді; ә) байырғы сөздер екі дауыссыз тіркесінен басталмайды; б) көп буынды сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылады, бұларға жалғанған қосымшалар да не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке түрде қосылады.
1. 2 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ
Тілді оқып үйрену үшін, оның негізгі компоненттерін (дыбыстық жүйесін, лексикасын, грамматикалық құрылысын), қалыптасуы мен қызметін білу керек. Қо ғамдық құбылыс ол өсіп дамып отырады. Осы тұрғыдан оған сөздердің жасалуы мен сөздердің түрленуі сияқты қасиеттері ерекше сипат береді.
Оқушылар сөздердің жасалуы жайында түсінік алғаннан кейін, енді сөздердің түрленуі жайында, олардың жасалу тәсілдері жайында оқып біледі. Ал сөздердің түрленуі грамматиканың морфология бөлімінде өтіледі, мұнда ғылымда «сөз таптары» деп аталатын сөздердің лексика-грамматикалық түрлерге бөлінуінде қарастырылады.
Сөздердің түрленуі түсінікті болмайынша оқушылар синтаксис материалын, сөздердің сөйлем ішінде тіркесу заңдылығын біле алмайды өйткені сөздердің бір-бірімен байланысуы көбінесе сөздердің түрленуіне (септелуі, тәуелденуі, жіктелуі) негізделеді. Сөз таптары - сөздердің лексика-грамматикалық топтары, яғни олар тек таза грамматикалық белгілері, тұлғалары арқылы ғана емес, сонымен қатар сөздердің лексикалық мағыналары арқы л ы да бөлінеді. Сондықтан сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың сөздікпен жұмыс жургізулерімен байланыстырылады.
Сөз таптарын оқыту оқушыларды синтаксистік жүйелі курсын етуге даярлайды, дұрыс жазу ережелерін оқып үйренуге жағдай туғызады, грамматика сабақтары оқушылардын тіл ұстартуы, сөздіктерін байытуы, сөздерді қолдану ережелерін меңгеру мақсатында пайдаланылады.
Сонымен бірге, сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді, бұған әр түрлі сөз таптарына жататын сөздерді грамматикалық белгілеріне қарап жіктеу, тектік және түрлік ұғымдарды ажырату, құбылыстарды қандай да бір белгілеріне қарап жіктеу сияқты логикалық операциялар жүргізуге жетелейді.
Сөз таптарын оқытқанда кездесетін қиыншылықтар;
1) оқушылар «сөз таптары» мен «сөйлем мүшелері» ұғымдарын шатастырады;
2) бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқандығын білмей қалады (соң, кейін, әрі, бері сөздерінің әрі үстеу, әрі шылау болатындығы) ;
3) аттас формаларды ажырата алмау (жатыс септігі -да, -де -мен жалғаулық да, де шылауы; көмектес септік -мен, -бен және жалғаулық бен, пен: табыс септік -ды ты және сын есімнің -ды, -ты жұрнақтары; етістіктің ме ме жұрнағы мен сол тұлғадағы зат есім жұрнақтары сұрақтары
1. 3 Сөз жасау әдістемесі .
1992 жылы қазақ тілі бағдарламасына «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің IV класс бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, V класс бағдарламасында: «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қос сөздердің емлесі. Қысқарған сөздер және олардың емлесін сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз құрамы», «Сөз тұлғалары » деген жалпы тақырыптар морфология бөлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес қарастырылуда, яғни оның лингвистикалық негізі - сездердің жасалу процесі - тек грамматикалық (морфологиялық) құбылыс қана емес, сонымен катар тіліміздін сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде, лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы - лексика-грамматикалық категория.
Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөздердің жасалуы - сөздің құрылымын, морфемальқ құрамына , сөз жасаудың тәсілдерін және сөздердін жасалуының әр түрлі жолдарын зерттейді.
Сөз-мағыналық, бөлшектерден тұратын құрылым. Қазақ тіліндегі атауыштық сөздер өздерінің құрылым бойынша негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Туынды сөздердің құрамында түбір және қосымша (жұрнақ) болады . Сөздің барлық бөліктерін морфемалар деп атайды, түбірге косылып жаңа сөз тудыратын немесе жаңа тұлға тудыратын бөлшектерді қосымшалар дейді.
Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың танымдық әрі практикалық зор маңызы бар.
Сөздердің жасалуымен танысуы біріншіденсөз құрылымының дамуы мен сөздердің жасалуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсету болса; екіншіден, тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің арасындағы өзара байланыстылықты көрсету, бір жағынан сөз жасау денгейі, екінші жағынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлер; үшіншіден, тілдің грамматикалық құрылысын тереңірек білуге жағдай жасайды. Өйткені қазақ тілінде грамматикалық мағыналарды білдірудің аса маңызды тәсілдері жалғаулар мен сөз түрлендіретін жұрнақтар болады.
Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар жүргізу орфографияны білуге, орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға негіз болады.
Өйткені орфографиялық принциптердің ішінде негізгісі морфологиялық принцип болса, тубір сөздің жазылуы барлық жерде де бастапқы қалпын сақтайды.
1. 4. Талдау жинақтау әдісі туралы
Сөздердің жасалуын оқыту кезінде туынды сөздердің құрылымы мен оның жасалу жолдарын анықтауға тура келеді. Туынды сөздердің құрылымын анықтағанда, сөзге морфемалық талдау жасалады да (түбір-қосымша), оның жасалу жолдарын анықтағанда, сөз жасаушылық талдау жасалады. Мысалы: ақшылдау-морфемалық талдау; ақшылдау - ақшыл сөз жасаушылық талдау, демек тілде ақшылдау деп те, ақшыл деп те туынды сөз қолданылады. Морфемалық талдауда сөз құрамындағы барлық қосымшалар бөлшектеліп көрсетіледі. Сөз тудырушылық талдауда сөздің жасалу тәсілдері мен сөз жасау процесінде морфемалардың қосылу тәртібі анықталады.
Морфемалық талдау: білімділік. Сөз тудырушылық талдау: білімділік-білімді-білім.
Ерте кезде адамдар тасқа, ағашқа т. б. заттарға жазуды бастаған. Заман дами келе түрлі жұмсақ материалдар: папирус, қағаз, перо, қаламсап пайда болды.
Өте ерте кезде адамдар тасқа сурет салу арқылы өз ойын білдірді. Бұл жазудың қалыптасу тарихының алғашқы кезеңі еді.
Мәселен, бес жүз мың жыл бұрын өмір сүрген Египет фараоны Наршер өзінің жеңістерін тасқа суреттер арқылы дамып қалдырғысы келеді. Алайда, бұл жеткіліксіз еді. Осы кезде жазудың бір түрі - иероглиф пайда болды.
Иероглиф сөзі « киелі таңба» деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде иероглифпен Қытай мен Япония елдері жазады. Қытай иероглифтері өте ерте кезде пайда болған.
Қытайлықтар үшін иероглиф тек белгі емес, сонымен қатар сурет болып табылады. Олар жазуды оқи отырып, оның бейнесін көре алады. Екі мың жыл бұрын өмір сүрген Финикиндіктер тек дауыссыз дыбыстарды ойлап тапқан. Олардың тілінде сол әріптермен сөйлеуге болатын еді. Финикин елінің жазуымен басқа да елдер танысып, соның негізінде ертедегі грек елі алфавит ойлап табады. Бұл алфавитте дауысты және дауыссыз дыбыста болды. Әр елдіңоң алфавитінің пайда болуы ұзаққа созылды. Ерте кезде Грек елінің ғалымы Пеламед алғаш 16 әріп жасаса, уақыт өте жазу дамыту үшін 3, 6 т. б. әріп қосып осылайша грек елінің алфавиті пайда болды.
Славян халықтарына келетін болсақ, қазіргі кезде олардың өз алфавиті бар. Алайда ерте кезде Славян елінің өз жазуы болған жоқ. Х ғасырдың екінші жартысында Греция елінен шыққан ағайынды Кирим және Мефодий ұлы Моравия ( қазіргі Чехословякия елінің территориясы ) еліне келіп славян елінің жазуын қалыптастыруымен айналысты. Олар славян тілін жақсы білгендіктер, славян алфавитін жасау қиынға соққан жоқ. Бұл славян елдерінің оқуы мен жазуына мүмкіндік берді. [1. / 18 - 23 б. / ]
Қазақ алфавитінің шығу тарихына тоқталсақ Қазан төңкерісіне дейінгі оқулықтарды екі түрге бөліп қарастыру қолға алынып келеді.
1. Ы. Алтынсарин құрастырған орыс алфавитіне негізделген оқулықтар.
2. Араб алфавитіне негізделген оқулықтар.
Ы. Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімн 60 -жылдардың басында - ақ шұғылданды. 1879 жылы басылып шыққан « Қазақ хрестоматиясының» негізін К. Д. Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасаудың мақсат етіп қойды және қазақ дыбыстарын орыс әріптермен таңбадау мүмкіншілігін қарастырып, сол ойын осы «Христоматияда» жүзеге асырды.
Білімін көтеретін, тақырыбы оларды ызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығаруды ұсынды.
Ал А. Е. Алекторовтың, А. В. Василевтің әліппелері орыс алфавитін қазақ қауымына ұсыну, соның негізінде жұртшылықтың сауатын ашу ниетінен жазылған еңбектер болатын.
А. Е. Алекторовтың өзінің «К мудрости ступенька» атты еңбегінде: « В этих школах совсем непримимы учебные книги щвестиых нашых педагогов Бунакова, Ушинского, Водовозова, Пехомирова и Корфа: материалы их обращается в совершенно неудобоваримую пищу там, где учатся дети киргизов»
Бұл әліппелерде қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді де, тек қазақ тіліне ғана тән ң, і, ұ, ү, тәрісдес дыбыстарды әліппенің сонына қояды. Екі тілде бірдей кездесетін, ашық естілетін жуан дауыстылар мен созып айтуға келетін с, ш тәрізді дауыссыздар алдымен беріледі. Шұғыл дауыссыздар кейінге қалдырылады. Осыдан кейін араб алфавитіне негізделген әліппелер де шыға бастады. Соның бірі - Нұрбаевтың « Қазақша әліппе» оқулығы. Мұнда автор талдау жинақтауда негізделген дыбыстың ұсынғанымен араб, әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтіні анық болатын. Сонымен бірге әліппедегі жаттықтырулардың кейбірі татар әдістерімен берілді.
А. Байтұрсынов ағарту, сауат ашу төңірегінде атқарған қызыметі айрықша. 1912 жылы Орынборда басылған «Оқу құралдарына» А. Байтұрсынов қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың негізделген әріптермен меңгертуді көздеген. Әлипбиді қазақтың төл дыбыстық артикуляциясына дәл келтіре отырып, меңгертуді нысана еткен. Әліппеде бірті - бірте жеңілден күрделіге қарай меңгерту принципін ұстанған.
Мысалы: алғашқы сабақта а, р, з, дыбыстарын өтуді ұсынса да оқыту барысында базалық үш әріпті бірден көрсетуді қолдамайды. Әуелі жеке дыбыстарды қайталап айттырып, содан соң әріпті көрсетіп ғана оқытуды ұсынады.
Алғашқы сабақта бір - екі буынды сөздерденаспайды. Екінші сабақта л - таңбасы да осы әдіспен меңгертемін . Әрбір сабақта А. Байтұрсынов көрнекілік, жүйелілік, ғылымилық, түсінуде қолайлылық қағидаларын ұсынған. Бұл принциптер әлі күнге маңызын жойған жоқ.
З. Ерғалиұлының 1910 жылы шыққан « Қазақ әліппесі» - ол жалпылама оқуды уағыздамай жаңаша оқытуды насихаттайды. Мұның құрылым ерекшелігі, автор әріпті белгілі жоспармен жеке - жеке сабақтарға бөлген. Бір бетте 4 сабақтың жоспары берілген. Қазақ оқулықтарында әліппені дыбыстық жүйеде клтіруге бағытталған алғашқы оқулық - Қ. Серғалиннің « Қазақша әліппе» кітабы болды. Мұнда дыбыс әріпті, буынды, үйрету күнделікті сөйлеу тәжірибесіне байланыстырылды.
Сол сияқты тағы бір оқулық А. Байділдиннің « Жаңа әліппе» туралы еңбегі. Мұнда алдымен а, т, н, әріптері, одан соң тиісінше р, о, қ әріптеу өтілуге тиіс болды. Бұл әліппеге де тән нәрсе - оқу - жазуға үйрету, оқушыларға таныс, жеңіл сөздерден басталған. Мысалы: ат, ата, ана, атан, тана, аттан т. б. 1929 жылы латын әліпбиін қабылданғаннан кейін ана тілінде оқулықтар шығару ісі біршама ілгеріледі. Соның бірі Ғ. Мүсірепов пен А. Байділдиннің 1929 жылы шыққан « Қызыл әскер әліппесі». Мұнда алдымен а және ш әріптері таныстырылып, содан кейін осы әріптерден құралған ат, ата, атта, тат буындары өтіледі. Бір ерекшелігі - мұнда әрбірсабақта жеке бір дыбыс, таңбалары ғана емес, белгі бір үйретілетін сөздерді құрайтын екі немесе бірнеше дыбыс таңбалары бар мезгілде өтіледі. Жоғарыда аталған әліппелердің ортақ кемшілігі - буын түрлерінің ауыр - жеілдігі ескерілмеуі және дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегендігі болды. Мысалы: А. Байділдиннің « Әліппесінде» әріптердің реті а, т, н, р, о, қ, д, ж, л, м болып келсе, Ғ. Мүсірепов пен А. Байділдиннің « Қызық әскер әліппесінде» а, т, б, л, с, н, ж, у, д, о, г болып келеді. Мұнда үйретілетін күнделікті сөздерге қатысты әріптерге көңіл бөлінген сияқты. Шыққан Ғ. Мүсіреповтің (1930), Ө. Тұрманжанов пен Ш. Сарыбаевтың (1931), Б. Майлиннің (1931), А. Әлібаевтың (1934) т. б. әліппелерінде дыбыстық әдістің қайтадан күш ала бастағаны байқалады. Бұл әліппелерде дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегенмен, авторлардың бірқатары дидактикалық қағидаларды ескеріп отырғаны көзге түседі.
Басқа ғылымдар сияқты көркем жазуды оқытуда да ғалымдар арасында талас - тартыс болды. XIX ғасырдың басында пайда болған темір перомен тек XIX ғасырдың екінші жартысында мектепке қолданысқа түсті. XIX ғасырдың аяғында үйректің қанатынан жасалған қаламсапты пайдалануды тиімді деп санады.
Алғашқы кезде жазуға үйрету көптеген қиындықтар туғызды. Көркем жазуға үйрету барысында көшіру әдісі, механикалық жаттығулар арқылы үйретілді. Бірнеше айлар бойы оқушылар алфавит бойынша әріптерді, буын, сөйлемдерді көшірді. Бірақ бұл әдістің еш нәтижесі болмады. Яғни, графикалық сауаттылық ескерілмей, тіпті өз жазғандарын оқи алмайтын жағдайлар да болды. Тек Петр I жазудың шрифтіне назар аударды. Орыс халқы Европалық шрифпен, яғни латын әріптерінің үлгісімен жаза бастады. Жазу оңайырақ болғанымен, көркем жазуға үйрету ұзаққа созылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz