Бухгалтерлік есептердің негізгі операциялары



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Бухгалтерлік есептердің негізгі операциялары

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдістері
1.1. Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есепітің пайда болуы және қалыптасуының
тарихи
аспектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.2. Бухгалтерлік есептің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 13

II. Бухгалтерлік есептердің негізгі операциялары
2.1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы құжаттардың тәртібі
... ... ... ... ..16
2.2. Бухгалтерлік есеп нысандары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін көрсетеді. Субъектінің
меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің
қозғалысы, яғни оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттық
мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Жекелеген
құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады.
Бухгалтерлік есеп объектілеріне жабдықтау (дайындау), өндіріс және өткізу
жатады.
Жабдықтау (дайындау), ол бухгалтерлік есептің объектісі болып,
кәсіпорын сатып алған шикізат, материалдар, отын және басқа да материалдық
қорлар, сондай-ақ сол кездегі жабдықтаушылармен, көліктік ұйымдармен
туындайтын есептік өзара қарым-қатынастар. Бұл процесс есебінің негізгі
міндеті: дайындалған тауар-материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнын
және оларды дайындау мен сатып алу кезіндегі шығындарды анықтау.
Өндіріс нәтижесінде кәсіпорынның басты міндеті өнім шығару, қызмет
көрсету, жұмыс орындау жүзеге асырылады. Өнім өндірумен байланысты барлық
шығындар сол өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өткізу, онда өндірістің басқа кәсіпорындарға сатуға арналған өнімі;
орындаған жұмысы және көрсеткен қызметін өткізу жөніндегі шығындар
(іріктеу, орау, жөнелту); субъектінің сатылған бұйым, орындалған жұмыс,
көрсетілген қызмет үшін алған түсімі.
Ұйым өз қызметін жүзеге асыру үшін, жабдықтау, өндіру, өткізу үшін сол
ұйымның шаруашылық қорлары болады, олар құрамы (түрлері), орналасуы, пайда
бөлу көздері, мақсаттық тағайындалуы бойынша бөлінеді.
Өндірістегі, айналымдағы және өндірістік емес аядағы қорлар
төмендегідей топтарға бөлінеді:
Негізгі құралдар — өндіріс процестерін жүзеге асыруға қажетті жағдай
тудыратын (құнына қарамай) негізгі құралдар, олар ұзақ уақыт бойы (бір
жылдан артық) өндірістік процестерге қатысады, бірақ олардың сыртқы түрі
мен пішіні сол қалпында сақталады. Өндірістік процесте олар біртіндеп
тозып, бөлшектерін жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді. Сондықтан
негізгі құралдардың құны ай сайын амортизацияны есептеу жолымен дайын
өнімнің құнына қосылады. Олар: ғимараттар, үйлер, машиналар мен жабдықтар,
көлік құралдары, шаруашылық және өндірістік мүліктер.
Курстық жұмыстың мақсаты: бухгалтерлік есептің әдістері мен пәнін
жетік меңгеру.
Курстық жұмыстың міндеттері: бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы
туралы және әдістері туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру мен есептің нысандары туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдістері
1.1. Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есепітің пайда болуы және қалыптасуының
тарихи аспектісі
Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп - баршамызға белгілі кез-келген
саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне
тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық
операциялары бизнес тілі болып таб[c]ылады. Бизнес барлық қатынасушыларын
бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық
болуы шарт.
Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен
қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатнастардың
экономикалық өмірге енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және
меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті
кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы
тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және
қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу
көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.
Бухгалтерлік есеп ерекше бір тілде жүргізіледі. Мысалы, ұсталымдар,
шығындар, шығыстар сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды
қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады.
Кәсіпкерліктің кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді
қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.
Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде
шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда
өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен
қызметтерді орындайды.
Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар
қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-
жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше
қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша
қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша
қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың
белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл
ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін
сипаттайтын ғылым болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден
келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның
капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның
шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын қаржысынан қалыптасуы мүмкін. Әр
түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға
жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға,
тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық
қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.
Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд
саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің
арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады. Осылайша
бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша
қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын
және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді.
Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялар экономикалық
процестің негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі қажет. Ол фазаларға келесілер
жатады:
1. Активтер мен олардық көздерінің қалыптасуы;
2. Инвестициялар;
3. Қаржы активтерінің қалыптасуы экономикалық ресурстардың және
міндеттемелерді қабылдау;
4. Өндіріс процесімен байланысты активтерде өзгерістердің болуы;
5. Табыстардың қалыптасуы;
6. Табыстардың бөлінуі және қайта бөлінуі;
7. Бөлінбеген пайданың қалыптасуы және оның өндіріс процесін
кеңейтуге қолданылуы;
Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық
өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта
құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін
сипаттай білу мүмкіндігі туындайды.
Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің
интернационалдық таңбасында - Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы
белгіленіп, бұл таңбаға Ғылым - Ұлттық - Тәуелсіздік деген сөздер
жазылған.
Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал
Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы
жүргізілетіндігін бейнелеген. Есеп термині құдайдың құпиясы мағынасында
қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің бас бухгалтері Неферхотеп
дейтін философ болыпты. Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын,
әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты
жаза білетін, өтірікке бармайтын (М.И.Кутер Теория бухгалтерского учета.
8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек.
Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік
есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.
Бухгалтерлік есеп жүргізудің бастапқы негізін салушы ерте замандағы
зерттеуші түлғалар, біздің пайымдауымызша, өте талантты, асқан білімді,
ойшыл адамдар болса керек.
Бухгалтерлік есептің дамуы тарихындағы бірінші мың жылда есеп
объектілері, есеп жүргізудің әдіснамалары, түгендеуші есеп орісінде ғана
өзгеріске түсіп отырған. Түгендеуші есепті күні бүгінге дейін орыс тілінде
қарапайым униграфиялық есеп деп атайды. Жер бетіндегі әлеуметтік,
экономикалық және саяси жағдайлардың дамып, шаруашылық жүргізу әдістері
қайта қүрылып, қызмет түрлеріңің көлемі артып, шаруашылық жүргізу үшін
қажетті мүліктер мен мүның күрамы әр түрлі болатындығы, бухгалтерлік
есептің пәні мен әдіснамасы өрісінде таныла бастаған. Дей тұрғанмен есеп
жүргізудің максаты өзгеріске түспейтіндігіқ мүның өзі қолда бар мүліктер
мен шаруашылық айналысына түсуші жақтармен есеп айырысып отыруға арналған
мағына екендігі мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан үрдіс. Осыдан бес
мың жыл бүрын счеттар жүргізу әдісі, есеп объектілерін жүйелеудің жолдары,
мүліктерді түгендеу, контокорренттік өзара есеп айрысу және шығындар
жүмсаудың сметасын жасау әдіснамалары пайда болған. Екі жақты жазу жүйесі
адамзат тарихының дамуындағы ашылған ұлы жаңалыққа жатады. Екіжақты жазу
қарапайым жазу принципіне негізделген. Счеттарға жазу тек қана бірақ рет,
бір счеттың дебетіне немесе бір счеттың кредитіне бірақ рет жазылатын
болған. Бүл кезде бірегей ақшалай өлшеммен өлшеу, екі жақты жазу, баланс
әдістері қолданылмаған.
Есеп айырысу жұмыстары натуралды шаруашылық деңгейінде жүргізіліп,
берілген ссудалар мен натуралды жарналар көлемінде ғана орындалған.
Мысалға, клиенттер қосқан астық түріндегі салымдар несиелендіруші
субъектілер қоймасында сақталған. Несиелендіруші орындар үлес қосушылардың
сүрау тацсырмасының жгізінде - мемлекеттік салықтарды (фикс) төлеп отьіруды
өз міндетіне алып отырған. Яғни екіжақтық есеп айырысу дәнді астықтар
өлшемімен жүргізілген.
Бухгалтерлік есеп зерттеушілерінің мәліметтеріне қарағанда есеп
регистрларына жазылған жазулар екі қатарға жазылыпты. Кірістік фактылар
регистрдың оң жағына, ал шығыстық фактылар сол жағына жазылған. Қарыз
сомаларды тіркеу үшін дебет және кредит терминдері қолданылыпты. Әрбір
шаруашылық фактылары бухгалтерлік жазулар түрінде кімнен-кімге дейтін
ұғыммен жүргізілген. Алайда мүндай бухгалтерлік жазулар тек қана кассадағы
ақшалар және алашақтар мен берешектер жөніндегі есеп айырысуларды көрсетіп
отырған.
Қарапайым бухгалтерияда барлық мүліктер есебін жүргізу мен қатар,
кассаның толық есебінде күнделікті жүргізіліп, табыстар мен шығындар есебі
бухгалтерлер үшін ең негізгі объектілер болып танылған.
Қарапайым бухгалтерия өрісінде барлық мүліктер есебі арнайы счеттар да
дебеттік және кредиттік принцип пен жүргізілген. Меншікті қаражаттар есебі
қарапайым бухгалтериядағы ақпараттар жүйесіне жазылмаған. Біртіндеп тауарлы
шаруашылықтың тездеп өрістеуіне сай бірінші кезекке ақша мен міндеттемелер
есебі енгізіле бастаған. Мүның негізінде вексельдер мен чектер пайда болды.
Сатылатын тауарлар үшін несие алу мүмкіндігі пайда болды. Шаруашылық
жүргізудің басты мақсаты - байлықтың есу қарқынымен өлшеніп, сатылған
нерселерден түскен пайда жанама категория түрінде қаральш отырды. Қарапайым
бухгалтерия кезінде қаржыландыру категориясына қарағанда тұтыну немесе
тауарлар сату категориясына баса назар аударылды.
Экономикалық үрдістің өрлеу дәуірінде римдіктердің есеп жүргізудегі
қарапайым тәжірибесі сауданың жаңа талаптарын қанағаттандыра алмаған.
Экономиканың өрлеуіне байланысты банктерде жаңа маңыздағы счеттар пайда
болып, жазылатын жазулар мазмүнын қисынды қиыстыру мақсатында жаңа жазулар
пайда бола бастады. Мүндай жаңа бағыттағы бухгалтерияны жетілдіруге
италияндықтардың қосқіан үлесі зор. Өрлеу дәуірінде италияндықтар тек қана
интеллектуалды орталық қана емес, сонымен қатар жержүзілік сауданың
орталығына айналған. Бухгалтерияның дамуына XV ғасырдың басында ашылған ұлы
өнертапқыштық - кітап басып шығару жаңалығы зор әсер етті. Бухгалтерлік
есеп кітабы барлық халықтың игіліне қызмет атқара бастады.
Есептің жаңа кезеңіне көшудің ең басты дәлелі дебеттік және кредиттік
жазудың пайда болуында болды. Шаруашылық операцияларының мазмүнын екіжақты
жазу және екі жақты жазу үшін әртүрлі әдістерді кеңінен пайдалану мен
екіжақтылық принципті қолдану өте жоғары дәреже ашылған ғылыми жаңалық
болып табылды.
1494 жылы екіжақтылық жазу жүйесін ойлап тапқан ғалым -математик,
францискандық монах Леонардо да Винчидің досы Лука Пачоли еді. Лука Пачоли
өзінің он бірінші трактатында счеттар және жазулар жөніндегі тоғызыншы
бөлімінде Арифметикалық сомалар, геометрия, пропорция және салыстырмалық
жөніндегі ұғымдарға түсінік берген. Кейіннен екіжақтылық жүйе ескі
италияндық болып аталды. Немістің ұлы ақыны Гете екіжақтылық бухгалтерияны
адам ақыл-парасатының ойлап тапқан ең тамаша өнертапқыштығы деп атады.
Көрнекті экономист және социолог Вернер Зомбарт екіжақтыльщ жазуды емірге
берген материяның рухы деп бағалай келе, Ньютонның Галилей жүйесімен
сипаттаған екен.
Лука Пачоли өзінің Счеттар және жазулар туралы трактатында
шаруашылық операцияларын, тіркеу және кітаптарды жүргізу жөніндегі орын
алған әдістерді, мемориалдарды (естелік кітаптар), жорналдарды, Бас
кітапты, көшірмелері түскен кітаптар, жазылған хаттар және меншік иесі
мүліктерінің тізімі толық түскен мүліктік кітаптардағы жазуларды талдай
келе екіжақтылық заңдылықты жазып, мүның негізінде сөзсіз тиімді счеттар
мен кітаптар қүруға болатындығын дәлелдеген.
Бухгалтерлік есеп пен екіжақтылық жазу тарихын толық зерттеп, сенімді
деректер ұсынушылар өмірде көптеп саналған болар. Есеп жөніндегі тарихи
деректердің қағазға түскені және түсінгені де болар. Алайда біздер, осы
заманға дейін бухгалтерлік оссіі және мұның екіжақты жазуын бірінші рет
кітапқа түсірген ұлы галым Лука Пачоли деп білеміз. Екіжақты жазу жүйесінің
Пеіпіиде жер жүзілік бухгалтерлік есеп дамып келеді. Жоғарыда айтшіган
трактатта сол кезеңдердегі математика саласының жстістіктері жинақталып
қаралса, күні бүгінге дейін біздер бухгалтерлер қауымы Лука Пачолидің
трактатын білімнің жиынтық сомасы деп келеміз. Сондықтан да Лука Пачоли
-Полашақ бухгалтерлер қауымына айнымас жол салған ғалым.
Парықтық экономика заманында есепсіз ешбір ұрылым өз шаруашылығын
дамытып жүргізе алмайды. Есептің тілін шаруашылық қызыметімізді өтірік пен
алдауға апармайтын таза тіл деп түсінуіміз керек.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт
жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы
ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын
анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп
қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары
мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік
инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз
ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу
мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп
салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің
принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп,
арнайы орындарға тапсырып отырады.
Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп
стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын
бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы
есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән
ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке
келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда
заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп
көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы
қорытындыланады.
Материалдық емес активтер – табиғи нысаны жоқ, бірақ сезілмейтін
құндылық және баланста саналып, кәсіпорынға ұзақ мерзім бойы табыс
әкелетін активтер. Олар ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық) өндірісте немесе
тауар (жұмыс, қызмет) сатуда, әкімшілік мақсаттарда және басқа
субъектілерге жалға беру үшін пайдаланылады. Оларға: ақшалай өлшемде
бағаланатын фирманың бағасы, фирманың маркасы, патенттердің,
лицензиялардың, авторлық құқықтардың, сондай-ақ рецептердің, технологиялық
регламенттердің, ноу-хау яғни жаңалықтар құны жатады, олар баланста
көрсетіліп, амортизация есептеледі. Олар елдің ішінде де, сондай-ақ
халықаралық нарықта да сатылады және сатып алынады.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – бұл субъектінің басқа субъектілердің
жарғылық капиталына осы субъектідегі үлестік қатысуынан табыс және
дивиденттер немесе пайыздық түрде экономикалық олжа алу мақсатында қаражат
салу.
Айналым қорлары – бір айналымға ғана қатысып, өзінің құнын өндірілетін
өнімге бірден және толығымен аударатын қорлар. Олар өндірістік айналым
қорларынан (шикізаттар, материалдар, отын, аяқталмаған өндіріс, жартылай
дайын өнімдер) және айналым процесіне қызмет көрсететін айналыс қаражатынан
(банкідегі, кассадағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, түрлі дебиторлық
борыштардың сомалары) тұрады.
Дебиторлық қарыздар да белгілі бір мерзім өткенге дейін басқа
субъектілерде немесе тұлғаларда уақытша болған қаражаттар. Дебиторлық қарыз
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық құралдары (қорлары) айналымдағы
және айналымнан тыс болып бөлінеді.

1.2. Бухгалтерлік есептің әдістері
Бухгалтерлік есеп әдісінің негізгі элементтері: құжаттау, түгендеу,
бағалау, калькуляциялау, шоттар, екі жақты жазба, баланс және есептілік.
Бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен
есептеледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың,
үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік
есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалмағандығын немесе
орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы
айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер
қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми
тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің
әдістері болып саналынады.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
1. Құжаттау. Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр
түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік
есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған
операцияның жазбаша түрдегі анықтамасы болып табылады.Құжатқа орындалған
операцияның аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы
немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты – жөні және тағыда басқа
деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық
мәлімет болып есептеледі.Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті
мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.
2. Түгендеу. Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында
барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола
бермейді.Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін
және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады.Соған
байланысты кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа
ұйымдардан алынған заттарды, сондай – ақ басқа да қолда бар құралдарды,
мүліктерді терсеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына
жол берілуі мүмкін.Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің нақты
қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа
мүліктерін есептегімен салыстырып отырады.
3. Шоттар. Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз – шаруашылық құралдары
мен олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Кәсіпорынның өндірістік -ұйымдастыру мінездемесі және оның бухгалтерлік қызметі
Бухгалтерлiк есептiң формаларының ұғымы және тарихи дамуы
Дебиторлық борыш есебі
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы құжаттардың тәртібі
Экономикалық қызметтiң орталығы
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Қаржылық қорытынды есептің мақсаттары
Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі
Пәндер