Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімінің резервтері
Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімінің резервтері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау. Инвестициялаудың теориялық негізі және оның
экономикалық мәні
1.1 Инвестиция мәні, мазмұны және құрамы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ұйым инвестициясын басқару
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Кәсіпорында инвестицияны
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ-тарау. Осы заманғы кезеңде кәсіпорынның инвестициялық қызметі
2.1 Кәсіпорынның ұйымдық-экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Инвестициялық қызметті бағалау20
2.3 Инвестицияны пайдалану тиімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..24
ІІІ-тарау. Инвестиция тарту бойынша шаралар және оның тиімділігін
көтеру жолдары
3.1 Инвестициялық белсенділікті
жоғарылату ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..29
3.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
3.3 Кәсіпорында инвестицияны басқару тиімділігінің
әдістеру ... ... ... ... ... ...34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..37
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің
инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз
елімізге қажеттілігін атап көрсету .Оған дәлел 2015 жылдың 18-ақпандағы
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990-
жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы
айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық
экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда
Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы
тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес
екенін барша инвесторларға көрсетеді деп айтылуы инвесторлармен қатар
еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз
қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс
табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге
қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша
айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы
қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы Қазақстан – 2030
барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат
тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық
активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және
әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің
құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне,
негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру
көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік
инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.
Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және
пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік
технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді,
жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық
инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне,
экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін
тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық
қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы
борышты қалыптастырмайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: өнеркәсіптік кәсіпорындар экономикасындағы
инвестицияның рөлін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
✓ Инвестиция ұғымына түсінік беру;
✓ Ұйым инвестициясын басқару негіздерін қарастыру;
✓ Кәсіпорында инвестицияны жоспарлау және басқару тәсілдері
туралы мағлұмат беру.

Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа
ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта
бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық
белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер”
атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет
ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын
инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды.
Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк
өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен,
“инвестициялар” категориясының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн анықтап алу
қажет.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған,
Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған
жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын
шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.
“Инвестиция” терминi (латын тiлiнiң investio- киiндiремiн) ғылыми және
публисцистикалық әдебиеттерде кең қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде
инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза
инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының
(ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза
өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн,
айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып
алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал
құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.
Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде
түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары
және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни
өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы.
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ
жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi
басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн.
Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана
емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны
тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық
қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда
капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде
болады.
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi
салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни
меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа
да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты
инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық
сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса
назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы
ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды,
яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi
кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi
мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып
алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға,
пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп
түсiндiредi.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-
әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға
бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi
кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын
сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы
салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы
салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк
капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi
айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда
өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске
асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар
мен ұйымдар жасайды.
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке
қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау,
инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған
қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан
инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға
топтастыруға болады:
1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең
алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк
қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың
шығындарын төмендету болып табылады;
2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвес-
тициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе
құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;
3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай
инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын
немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды
қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа
нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.
4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру
мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi
экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары
жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған
жағдайда қолданылады.
Инвестициялардың осылай топтастырылу себебi, олармен байланысты
тәуекелдiлiктiң деңгейiнiң әртүрлiлiгi болып табылады. Инвестиция түрi мен
тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы тәуелдiлiктi келесi сурет түрiнде
көрсетуге болады .
Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай
тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма
жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай
алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды.
Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға болады
немесе оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық –
конструкторлық жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру,
жаңа өндiрiстi ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-
әрекеттердi инвестициялауға болады.
Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту – кәсiпорынның
өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табылады. Осы
бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп аталады.
“Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды
iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.
1.2 Ұйым инвестициясын басқару проблемалары
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық
тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы
өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық
қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты
міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
- инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық
қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
- жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман
талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық
жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды
қамтиды;
- жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын
тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын
бақылаумен сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең
тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың
инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі – бұл
елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей
көрсеткіштерді ескереді:
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік
тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;
- ұлттық табысты бөлудің динамикасы;
- мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы
және ынталандыруы;
- инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен
құнды қағаздар нарығының, даму деңгейі.
Келесі кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере
отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде
кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз
қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын
анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық
тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген
сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.
Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында
жүргізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға
мүмкіндік береді:
- осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері;
- бәсекелестік шарттары – салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы,
саладағы бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес
тауарлардың пайда болу мүмкіндігі;
- өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем
қабілеттілігі;
- осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері.
Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар
салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.
Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау,
инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін
кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық
стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап
алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың
экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы
бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша
сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап
алынады.
Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың
өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында
кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық
жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп
кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді
жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды
қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек.
Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір
инвестициялық объект бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін
бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын
инвестицияларды жүзеге асырған абзал.
Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі –
инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру
көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы
бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық
ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген
мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады.
Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар
тарту туралы шешім қабылданады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның
инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық
инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық
тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық
инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып,
содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар
қолданылады.
1.3 Кәсіпорында инвестицияны жоспарлау
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық
саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына
кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ
маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері
қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық
бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір
инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты
дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру
арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған
шараларының жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді
объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен
қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің
тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз
кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып
табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық
саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша
маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі
міндеттері келесідей болуы тиіс:
- кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
- өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті
инвестициялық жобаларды анықтау;
- инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз
ету;
- кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті
объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай
қалыптастыру.
Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің
инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан
принциптері келесідей:
- капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;
- іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты
талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;
- мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті
нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;
- жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті
шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра
отырып қалыптастыру;
- қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті
ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық,
материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;
- өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен
қайтарылуы;
- инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық
және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.
Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге
асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін
тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет
етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және
инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі
керек:
- өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу
мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;
- инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету
мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал
салу;
- бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен
сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.
Қаражаттарды қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай
алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.

2.1 Кәсіпорынның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
Атамекен АҚ-ның өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Азаматтық кодекс, Салық және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы
құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Акционерлік
қоғамның жеке фирмалық атауы, көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол
Қазақастан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз
міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметтің басты
мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық
бәсекелестеріне орын бермейтін сапалы жиһаз өнімдерін шығару оны өткізу
арқылы табыс табу болып саналады. Табыс табу негізінде кәсіпорын
қатысушыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрін
орындайды:
- жиһаз жасауға арналған материалдарды өңдеп, дайындау;
- жиһаз бұйымдарын бөлшектеп сату;
- жиһаз бұйымдарын дайын тауар ретінде құрастырып оны нарыққа
шғару;
- көтерме және бөлшек сауда;
- сыртқы экономикалық қызмет;
және басқа да қосалқы қызметтер.
Атамекен АҚ 1997 жылы ЖШС болып құрылған. Кәсіпорын нарық жағдайына
икемделіп тұрақты жұмыс жасау салдарынан және өндірісі активтер айналымының
жоғарлауына байланысты 2010 жылы акционерлік қоғам болып мемлекеттік
тіркеуден өтеді. Алдағы кезеңде де компания өндірістік орындарын кеңейтіп,
Қазақстанның басқа да өңірлерінде өндірістік цехтар ашуды көздеп отыр.
Компанияның негізгі өндірісі әртүрлі жиһаз өнімдерін шығару
болғандықтан өз маман кадрларына жіте назар аударып отырады.
Атамекен АҚ-ның негізгі органдары:
- жоғарғы орган – Акционерлердің жалпы жиналысы.
- басқару органы – Басқармалар кеңесі.
- атқарушы орган – Басқарма
- бақылау органы – Ревизиялық комиссия.
Әр бөлім өз ішінде жеке функционалды бөлімшелерге бөлінеді және
әрқайсының өзінің орны мен қызметтері белгіленген.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жұмыс нақты өнім
мен тұтынушыға жұмсалу керек.
Ұйым құрылымы бөлімдердің өзара жақсы байланыста болуын, жауапкершілік
пен құқықтардың дұрыс бөлінуін қалайды. Алайда бұл мақсаттар кәсіпорынның
басқару жүйесінің дамытылғанына да байланысты. Кәсіпорындағы қызметті
ұйымдастырудың мәліметтері 1 кестеде келтірілген.
1 кесте – Атамекен АҚ-ның жұмыскерлерінің ұйымдастырушылық құрылымы.
№ Көрсеткіштер 2014 ж 2015 ж
адам саны % адам саны %
1 Басшылар 5 1 9 1
2 Мамандар 46 5,5 47 5,2
3 Қызметкерлер 4 0,5 9 0,3
4 Жұмысшылар 777 93 831 93,4
5 Барлығы: 832 100 896 100
1 кестеден 2015 жылы жалпы жұмыскерлер 55 адамға көбейсе, соның ішінде
пайыздық мөлшерде жұмысшылар саны 93,4 деңгейін көрсетеді. Өйткені
кәсіпорын жұмысы жақсарып, өндірістік қуат ұлғайып, жаңа жұмыс орындары
туындау салдарынан болып отыр. Кәсіпорын жекеменшік нысанында бола
жұмыскерлердің орташа жалақысының жылдан жылға өсуіне куә болып отырмыз.
Еңбекақы негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлім тұрақты
болса, қосымша- үстемақы мен сыйақыдан тұрады. Атамекен АҚ-да
жұмыскерлердің материалды қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіпқойлық
шеберлігіне, басқа персоналдарды үйреткені үшін, жоғары біліктілігі үшін
және тағы басқа қосымша үстемақылар мен сыйақылар төленеді. Шаруашылық
субъектілердің эконосмикалық қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік
қызметтің жоспары жасалады, өндірістің даму қорлары анықталып, кәсіпорын
бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтері нәтижесін бағалауға болды. Бұл –
кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тартымдылығына үлкен септігін тигізуі
мүмкін.
Атамекен АҚ-да жұмысшылардың еңбек ету өнімділігін кәсіпорын
басшылығы еңбекақы төлеу мәселесін екі тұрғыдан қарастырады. Жұмысшылардың
жұмыс істеу қабілетіне байланысты негізгі және қосымша жалақысын төлейді,
соның ішінде әлеуметтік жағдайларына байланысты жұмысшыларға жеңілдік
пайызбен үй алуға көмектеседі сондай-ақ жұмысшыларына тікелей сыйақыларды
беріп тұрады. Осы мәселе бойынша кәсіпорынның жұмысшылардың кәсіподағы
жұмыс берушіге әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі келісімнің Қазақстан
Республикасындағы 2014 жылғы мемлекет, жұмыс берушілер және жұмысшылардың
мүддесін қорғайтын кәсіподақтың Республикадағы ұйымдары ат салысып еңбек
қатынастарын реттеуге үлкен үлес қосу керек.
Атамекен АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау үшін кәсіпорынның
техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтаймыз. Оны 3 кестеден көруге
болады.
2 кесте - Атамекен АҚ-ның қызметін техника-экономикалық талдау.
№ Көрсеткіштер Жылдары Ауытқулар
2014 2015 +- %
1 Өнімді өткізуден мың 250834 905276 654442 360
түскен табыс тг
2 Өткізілген өнімнің мың 183770 756074 572305 411
өзіндік құны тг
3 Жалпы табыс мың 67064 140202 73137 209
тг
4 Кезең шығындары мың 45093 132011 86908 293
тг
5 Негізгі қызметтен мың 21971 8201 -13770 37
түскен табыс тг
6 Негізгі емес мың 3980 6881 2901 173
қызметтен түскен тг
табыс
7 Салық салынғанға мың 25951 15082 -10859 58
дейінгі табыс тг
8 Таза табыс мың 18166 11613 -6453 64
тг
9 Жұмысшылардың адам 777 831 54 106
тізімдік саны
10 Жұмысшылардың жылдықмың 230437 279192 48755 121
еңбек ақы қоры тг
11 Жұмысшылардың орташатг 24714 27997 3283 113
айлық еңбек ақысы
12 Өндірістегі негізгі мың 7709 10871 3162 141
қорлардың жылдық тг
орташа құны
13 Қор сыйымылығы тг 0,31 0,01 0,30 3,2
14 Қор қайтарымдылығы тг 32,5 83,2 50,7 256
15 Жұмысшылардың қорментг 9921 13082 3161 132
қарулануы
16 Өнімнің 1 теңгесіне тг 0,73 0,84 0,11 115
кететін шығын
17 Еңбек өнімділігі мың 323 1089 766 337
тг
Кәсіпорын инвестициялық тартымдылығын артыруда инвеисторлар көптеген
экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мән беретіні анық. Атамекен АҚ-ның
техника-экономикалық жағдайы қанағаттандырарлық.
Атамекен АҚ-ның башылығының алға қойған міндеттері бойынша -
сырттан инвестиция тарту мәселесі алға шығуда. Инвестицияны кәсіпорынға
тарту мәселесі бірнеше көрсеткіштер мен анықталады. Өнеркәсіптік
кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын көрсететін тиімділіктің негізгі
көрсеткіші ретінде шығындарды басқару стратегиясы инвестордың алғы шарттары
болатыны анық.
2.2 Инвестициялық қызметті бағалау
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының жауапты кезеңі
инвестициялық жобаны экономикалық негіздеу болып табылады. Нарық экономика
жүйесінде қызмет ететін субъектілердің ерекшілігі олардың мақсаттарының
айырмашылығынан көрінеді. Жобаның қаржылық негіздеушісі белгілі бір
табыстылық мөлшерімен оның қатысушыларын қанағаттандыру негізінде
анықталады. Инвестициялық жобаның тиімділігін негіздеуде ең жоғары
табыстылық, ең төменгі еңбек шығындары, өтелу уақыты, залалсыздық, өнім
сапасы, нарықтағы үлесі сияқты тағы да басқа көрсеткіштер болуы мүмкін.
Жобаны іске асыруда шығындарды дұрыс есептеу өте маңызжы сондай-ақ инфляция
мен тәуекелділікті мөлшерін жіте бақылау алға шығады.
Ұзақ мерзімдегі инвестиция салуда өнімнің өміршеңділігі есепке
алынады. Дүние жүзінде инвестициялық жобалар оң сипаты болса да қоғам үшін
экономикалық және әлеуметтік әсері болуы қажет. Тиімділігін бағалауда
көбіне өтелу мерзімін қамтамасыз етуде табыс және инвестициялық
рентабельділігі қарастырылады.
Атамекен АҚ-ның қаржы көрсеткіштерінің құрамына:
- құрылыс алаңын дайындау, жобалық-зерттеу және жобалық-
конструкторлық жұмыстар, технологиялық құрал-жабдықтар алу оны монтаждау
сияқты бір кезеңдік шығындары;
- жобаны іске асыру кезеңіндегі ақша қаражаттарының түсу көлемі
мен мерзімдері енген;
- негізгі эклномикалық көрсеткіштер;
- инвестициялық шығындар және қаржыландырудың жоспары;
- өндіру мен өткізудің бағдарламасы;
- жабдықтардың күтілуі мен жөнделуі;
- әкімшілік және үстеме шығындар;
- айналым капиталдың қажеттілігі;
- амортизациялық аударымдар;
- ақша қаражаттарының қозғалысы;
Атамекен АҚ-ның қызметкерлері кеңсе жиһаз шығарудағы қызметінен жаңа
өнім түрін өндіруді ұйғарды. Осы мақсатта 50000 мың теңге көлемінде жаңа
технология жемісін Италиядан сатып алуды қарастырған. Осы жоба бойынша
банктер 2 жылға 25 пайыздық мөлшерде, үш жылы 18,4, төрт жылы 12,6, бесінші
жылы 6,2 мөлшерінде кредит алу қажет. Сонымен бірге айналым капиталын 10000
мың тенгеге өсіру керек. Бірінші жылы жұмысшылардың еңбең ақысы 20000 мың
теңгеге қарастырылса, ол келесі жылдарға 100 мың теңгеге көтеріледі. Жаңа
өнімді өндіруге қажетті материалды сатып алу құны бірінші жылы 2500мың
теңге, ол келесі жылдарда шығындар жылында 2500 мың теңгеге өсіп отырады.
Сондай-ақ басқа да шығында жылына 1000 мың теңге көлемінде болатыны
қарастырылды.
3 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz