Тамақтану туралы түсінік


Кіріспе
Тамақтану дегенде ең алдымен ойымызға астан энергия, күш қуат алып жігер жинау есімізге түсері анық. Ас адам арқау деген бар емес пе?! Сонымен, тамақтану арқыла адам баласы жұмслған энергияның орнын толтыру болып табылады.
Тамақтану тәртібіне байланысты адам ағзасында тағамды қабылдауға және астың дұрыс қорытылуына әсерін тигізетін шартты рефлекстердің маңызы өте зор. Әртүрлі тағамдарды пайдалану арқылы біз ағзаға қажетті тағамдық заттарды, әсіресе дәрумендер мен микроэлементтерді ала аламыз. Әрдайым бір тамақты жей берсек, адам ағзасында оған деген қорғаныштық реакция пайда болады - яғни тамаққа тәбетіміз төмендейді, керісінше, түрлі тамақ жесек - тамаққа деген тәбетіміз артып, асқазан сөлі көбірек бөлінеді, тағамның сіңірілуі артады. Физиологиялық тұрғыдан алғанда тағам әртүрлі болғаны жөн.
Дұрыс тамақтану деп қатаң диетаны сақтауды айтуға болмайды. Тағамды шектеу барлығын қиындатады. Ағзаға пайдалы азық-түліктерді, күн тәртібін таңдап, оған зиянды нәрселерден аулақ болған жөн. Ағза барлық пайда немесе зиян әкелетін заттарды өзі сезе алады. Қорғаныс рекцияларды да көп ұнайтынын я ұнамсыз екенін, дәмді, дәмсіз тағам түрлерін лұқсу, құсу, және аллергиялық реакциялар түрінде білдіре алады. Егер адамға неден уланғандығы туралы еске түсірсек онда бұл көрсеткіштер одан әрі шыға бастайды. Сізге қажетті өз көңіл күйіңіз тек өзіңізге ғана белгілі сондықтан өз көңіл күйіңізді таразылап пайдалансын пайдалысын тек өзіңіз ғана таңдап ала аласыз [19] .
Мақсаты: қазіргі таңдағы адамдардың дұрыс тамақтанбауынан асқазан жарасына шалдығуы және адам ағзасына тиісті элементтердің, дәрумендердің жетіспеуінен түрлі сырқатқа ұшырап жатқаны қаншама. Сонымен қатар біздің негізігі мақсатымыз, адамдарға дұрыс тамақтану туралы бағыт-бағдар беріп, тағамның құрамындағы дәрумендермен таныстыру.
Міндеті:
- Рационалды тамақтану және адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтау.
- Тағам құрамындағы дәрумендермен танысу және студенттердің бір күндік рационын анықтау.
- Вегетарианшылыққа анықтама беріп, вегетарианшылық пен веганшылықтың айырмасын танысу.
1-ТАРАУ. РАЦИОНАЛДЫ ТАМАҚТАНУ СИПАТТАМАСЫ
- Тамақтану туралы түсінік
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына, жаңаруына және қызметтерін реттеп отыруға қажетті ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. Ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажетті нәрлі заттарды (ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңу процесі [1] .
Тамақтану - ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Жасушаларды құру үшін, сол себепті әр түрлі жағдайда емдем-терапиасы қолданылады. Су адамның бір тәуіліктегі тиімді тамақтану рационы (1280-3000 ккал), бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Адамның жалпы тіршілікке қажетті ақуыз, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, дәрумендер мен тіндерді қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтырып тыратын азық болып табылады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады [3] .
«Тамақтану статусы» - дегеніміз адамның бұрынғы және нақты тамақтануынан туындағын ағзаның физикалық және психологиялық-физиологиялық жағдайы. Ол ағзаның клиникалық, соматометриялық, метаболитикалық, функционалдық және де басқа көрсеткіштермен, денсаулық және жұмыс қабілеті деңгейімен сипатталады және тамақ компоненттері сапасын, ағзаның энергиялық қажеттілігімен тамақтанудың сәйкестілігі тұрғысында бағаланады. Тамақтану статусын қалыптастыру үздіксіз және динамикалық процесс болып есептеледі, себебі, ол ананың жатырында басталып, бүкіл өмір бойы үзілмейді. Өсуі және дамуы кезінде ағзаның қажеттілігіне сәйкес тамақтану жағдайына тағам статусының қалыптасуы генотиппен жүргізіледі.
Тамақтану статусының көрсеткіштерін бағалау стандартты мөлшерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Олар осындай контигенттер үшін олардың жасын, жынысын, денсаулық жағдайын, тіршілік пайымын, адамдарға әсер ететін сыртқы орта жағдайын және экстремалды жағдайларды ескере отырып белгіленеді. Интегралды бағалау негізінде тамақтану статусы мөлшерлі, жеткіліксіз немесе артық болып үш түрде бағаланады.
Мөлшерлі тамақтану статусы - дені сау адамның жасы мен жынысына сәйкес келетін, оның тіршілігіне, жаңарып отыруына және қоршаған ортаға бейімделуіне жақсы мүмкіндіктер туғызатын, адам денесінің генетикалық тұрғыдан морфологиялық, заттық құрамына сәйкес болатын біркелкі тамақтануды көрсетеді. Мөлшерлі тамақтану статусы аты айтып тұрғандай мөлшерден аспай, уақытылы әрі нормаға сай ас ішу, яғни шамадан тыс тамақ ішпеу керек, шамадан тыс тамақ қабылдау семіздікке алып келеді.
Жеткіліксіз тамақтану статусы - ашығудың толық немесе өлшемді түрлерінде немесе ағзаға қажетті жекелеген тамақ түрлерінің тамақ құрамында жетіспеушілігіне байланысты пайда болады. Өзгерістерден кейінгі ағзның жағдайын көрсетеді. Мұндай жағдайда адамның табиғи көрсеткіштері, функционалдық жағдайы және бейімделуімен мүмкіншіліктері, жұмыс істеу қабілеті және денсаулық жағдайы нашарлайды.
Артық тамақтану статусы - тамақ түрлерін немесе тамақтың жекелеген құрамды бөліктерін ағзаның қажеттілігінен жоғары көлемде қабылдағанда пайда болып дамиды. Халықтың тамақтануын зерттеу жұмыстары Халықтың тамақтануын зерттеу жұмыстары тамақтанудың физиологиялық нормаларына сай, үйлесімді ету мақсатында жүрігізіледі [5] .
Тағамдық құндылық - өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін, яғни энергетикалық, биологиялық, физиологиялық, органолептикалық құндылығын, сіңімділігін, сапалылығын сипаттайтын күрделі қасиет.
Энергетикалық құндылығы тамақтың құрамындағы органикалық заттардың (май, ақуыз, көмірсу) мөлшерімен анықталып, астың энергетикалық құндылығын 100 грамға шаққанда кило-джоуль немесе килокалориямен өрнектеледі (1-кесте) .
1-кесте
Органикалық заттардың 1 граммға тотыққандағы энергетикалық мөлшері.
Өнімнің биологиялық құндылық өнімде биологиялық белсенді заттар мөлшерімен сипатталады: қажетті аминқышқылдары, дәрумендер, макро және микроэлементтер, полиқанықпаған май қышқылдары. Бұл компоненттер ағзаның ферменттік компоненттерімен синтезделмейді және сондықтан да басқа тағамдық заттармен алмастырылмайды. Олар алмастырылмайтын деп аталады және ағзаға тамақпен бірге (ет, балық, сүт өнімдерімен, т. б. ) ену керек.
Физиологиялық құндылық тамақ өнімдерінің адамның ас қорыту, жүйке, жүрек-қан тамыр жүйелеріне әсер ету қабілетімен және ағзаның ауруларға қарсы тұру қабілетімен анықталады.
Тамақ өнімдерінің сапалылығы органо-лептикалық (түйсіктік) және химиялық көрсеткіштермен (түсі, иісі, дәмі, консистенциясы, сыртқы түрі, химиялық құрамы), токсиндердің (улы заттар), ауру тудырғыш микробтардың (салмонеллалар, ботулинустар және т. б. ), зиянды қоспалардың (қорғасын, сынап), улы өсімдіктердің тұқымдары мен бөгде қоспалардың (металл, шыны, т. б. ) болмауымен сипатталады [18] .
- Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Денсаулық үшін тиімді және толыққанды тамақтанудың маңызы үлкен. Тиімді дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізді [6] .
Тамақтану мөлшері. Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді, алайда бұл тіршілік үшін жеткіліксіз. Ағзаның қажеттілігін толық қамтамасыз етуге ақуыз, май, көмірсу, су дәрумендер және минералды тұздар міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болу керек. Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері 1:1:6 болса, мектепке дейінгі балаларда бұл көрсеткіштер 1:2:3 (2-кесте) [7] .
2-кесте
Органикалық заттардың тәуліктік мөлшері, г
8-10
12-15
34-38
42-46
45-48
55-57
61-63
66-70
Ақуыздар. Ағзаның тіршілігіне ақуыздар өте қажет, себебі ол негізгі құрылыс материалы. Ағза жасушалары ақуыздардан тұрады. Ақуыздар ағзаға ет, балық, құс еті, сүт тағамдары арқылы түседі. Балалардың ағзасы, 10-15 жаста тәулігіне 110-120 г ақуыз қажет етеді. Өсіп келе жатқан ағзаның ақуызды қабылдау тәуліктік нормасы ересек адамға қарағанда жоғары жоғары болады. Ересек адамдардың ағзасы ақуызға деген сұранысы тәулігіне 100-110 грамды құрайды. Ақуыз жетіспеген жағдайда ағзаның өсуі және дамуы баяулайды, қан аздық дамиды. Ақуызды мөлшерден тыс қабылдау бауыр мен бүйрекке күш түсіреді, тірек-қозғалыс аппаратының ауруларын тудырады, жүйке жүйесін қоздырады. Сондықтан ақуыздық тағамдарды пайдалану жөніндегі ұсыныстарды ескерген жөн.
Майлар. Ағзаның дұрыс дамуы үшін майлардың да маңызы зор. Майлар жануарлар және өсімдік майы деп бөлінеді. Жануарлар майына сары май, сиыр, қойдың, шошқаның, балықтың майлары жатады. Ал өсімдік майына жататындар мақта, күнбағыс майлары. Майлар тағамның дәмін жақсартады, оларды қоректік заттармен және дәрумендермен қамтамасыз етеді. Майлы тағамдарыды артығымен пайдалану семіздік ауруына әкеліп соғады. Мектеп жасындағы балалар ағзасы тәулігіне 85 грамм май қабылдауы қажет етеді. Майлар жасуша қабықшасының құрамына кіреді, ішектен қоректік заттардың сіңірілуін қамтамасыз етеді, қорғаныш қызметін атқарады, энергия көзі болып табылады. Майдың жетіспеушілігі ағзаның әр түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.
Көмірсулар. Ағзаға көмірсуларда жеткілікті мөлшерде түсіп тұруы қажет. Көмірсулар ағзаның барлық мүшелердің құрамына кіреді. Мысалы, бас миы бұлшық еттерге қарағанда глюкозаны 3-5 есе көп талап етеді. Көмірсулар ағзаға қажетті көптеген қоректік заттарды түзеді. Көмірсулар негізінен ұн, дәндер, нан, бұршақ, фасоль, картоп, кондитерлік бұйымдардың құрамында болады. Адамның күнделікті пайдаланатын тағамындағы көмірсулардың тәуліктік мөлшері 400-500г. Көмірсулардың негізгі массасы энергетикалық материал ретінде пайдаланылады. Көмірсуларды мөлшерден артық пайдалану, аз қозғалған жағдайда, семіздік ауруға және қант дибеті ауруына шалдықтыруы мүмкін [6] .
Минералдық заттар - басқаша күлді элементтер деп аталады, себебі өнімді жандырған соң күл түрінде қалады. Көптеген элементтер адам ағзасы үшін маңызды орын алады: ұлпа құрамына кіреді, зат алмасуға, ферменттерді, гормондарды, ас қорыту сөлін түзуге қатысады. Ағзада белгілі бір элементтің жетіспеуі немесе болмауы ауруға әкеліп соғады. Адам ағзасына тәулігіне 20-30 грамм күлді элемент қажет. Өнімдерде құрамына байланысты тазалық дәрежесін сипаттайды [18] .
Тағамның калориялығы оның энергетикалық құндылығымен бағаланып, ондағы ақуыз, май, көмірсулардың болуымен қамтамасыз етілетіні жоғарыда айтылып өткендей, тағамның сіңірілуіне байланысты орташа (орташа 90% сіңіріледі) тамақтың калориясы ағзаның энергиялық шығындарынан 10%-дан ауыспауы керек. Тағамның тәуліктік калориясының энергия шығындарынан артық болуы 300 килокалория болса май қорының жиналуы тәулігіне 15-30 граммға өседі, ал бір жылда бұл 5, 4-10, 8 килограмм құрайды. Әр тағамның белгілі, энергиялық құндылығы болады және оны есептеу кезінде қолданады. Тағамдардағы ақуыздың, майдың, көмірсудың сандық мөлшерлері есептелген арнаулы кестелерде (2-кесте) келтірілген. Нәрлі заттардың нутрейенттер пайдалану мөлешері мынандай: тәулігіне ақуызды 85-90 граммнан кем қабылданбауы тиіс. Ақуыздың 55% малдың өнімдері болу қажет. Балаларда бұл мөлшер дене массасына есептелгенде, анағұрлым жоғары және тәулігіне бір кг дене салмағына 1, 5-4 грамм құрайды [19] .
Тиімді тамақтану. Тиімді тамақтанудың негізгі құраушысының бірі - тамақтану мәдениеті. Салауатты тамақтану дағдысын қалыптастырудың негізігі көзі болып табылады [20] . Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, шалдықпай оларды оңай жеңіп отырады:
- Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
- Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.
- Тамақтану бүкіл ағзаның бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.
- Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май, көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Ағзаның физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.
- Ағзаның тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп, зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ ағзаның реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.
- Бірқатар заттарды, кейбір дәрумендер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам ағзасы зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды [1] .
Тағамдық азық - түліктің биологиялық, энергетикалық және тағамдық құндылығы ондағы ақуыз, май, көмірсу, минералды элементтер мен дәрумендердің, органикалық қышқылдардың, дәмдік ароматтық заттардың мөлшеріне байланысты; тағамдық азық - түліктердегі ақуыз компонент терінің мөлшері аминқышқылдарының құрамы мен ақуыздың қорытылуына байланысты.
Азық - түліктің тағамдық құндылығы қоршаған орта мен ағза жағдайының үйлесімді болуымен бағаланады. Ағзадағы зат алмасу мен физиологиялық қызметтің өзгеруіне байланысты адамның тамақтануы өмірінің әр кезеңінде айтарлықтай өзгеріп отырады. Ақуыз, май, көмірсу мен энергияға деген қажеттілік егде адамдарда біршама азаяды. Егер 30-40 жастағылардың тәуліктік рационының калориясын 100% деп алсақ, 41 - 50 жастағылар үшін оны 90%-ға дейін, 51-60 жастағылар үшін 80%-ға дейін, 61-70 жастағылар үшін 70%-ға дейін, ал одан үлкендер үшін 60%-ға дейін азайту қажет.
Жүкті әйелдерге ақуыз мөлшері тәулігіне дене массасына есептегенде, бір килограммға 3-4 грамм жетеді. Тәулігіне қабылданатын май мөлшері 80-100 грамм құрауы керек. Майлармен бірге ағзаға А, Д, Е, май еріткіш дәрумендері де түседі, тәулігіне 400-500 грамм көмірсулар түсуі қажет, соның ішінде крахмал есебінен 350 грамм моно және дисахаридтерден 50-100 грамм болуы қажет.
В. П. Петленконың (1996) анықтамасы бойынша физиологиялық тұрғыдан ұтымды тамақтану дегеніміз - жынысын, жасын, еңбек және этникалық жағдайын, аймақтық және генетикалық факторды ескере отырып тамақтануы. Ол денсаулықты, жүйкелік және физикалық еңбекке қабілеттілік пен қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне қарсы тұра білу қабілетінің жоғарылауына, белсенді өмір сүруге және жасының ұзақ болуына жағдай жасайды.
Тамақтану тәртібі сқталмаған жағдайда, яғни қалыптан бұзылса асқазан ауруларына шалдығады. Айта кетсек, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, асқазан жарасы, атерокклероз, дене салмағының артуы (семіздік), я болмаса мөлшерден тыс азуы [21] .
- Тамақтың жұғымдылығы
Тамақтық жұғымдылығы оның құрамындағы ақуыз, май, көмірсулардың саны мен сапасына байланысты.
Дені сау адамның тамақтану рационында ақуыз, май және көмірсулардың ара қатынасы 1:1:4-ке жуық болуы керек. 1 грамм ақуыздың, майдың және көмірсулартың қуаттылық құндылығы олардың сіңімділігін ескергенде тиісінше 4, 9 және 4 ккал болады.
Тамақтың бойға сіңетін құнары ағзаның өмірлік маңызы бар функцияларын, оның ішінде зат алмасу мен депо қызметін дұрыс атқаруына жұмсалады.
Тамақты сіңіру кезінде ағзаның бөлген қуатының мөлшерін тағамның калориясы деп атайды.
Тамақтану рационын жасағанда адамның жынысын, жасын кәсібін ескеру қажет; ауыр дене жұмысын істейтін адамдар, болат қорытушылар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылығының механизаторлары жеңіл дене еңбегімен немесе ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға қарағанда ақуыз, май, көмірсулартары көп тамақтарды қажет етеді.
Тамақтану адамға негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады, себебі оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің, антиденелердің, секреттердің т. б. синтезімен байланысты, егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса өмірлік үрдістер тоқтап қалған болар еді.
Атқаратын қызметіне байланысты оның құрамындағы қоректік заттарды басымырақ энергиялық (майлар, көмірсулар), басымырақ пластикалық (ақуыздар, кейбір минералды заттар, су) және реттеуші-каталитикалық (дәрумендер, йод, кобальт, никель т. б. микроэлементтер) деп бөледі.
Алмастырылмайтын , ағзада синтезделмейтін тағамның құрам бөліктерінің маңызы айрықша. Олар: алмастырылмайтын 8-10 аминқышқылдары, 5-тен көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), барлық дәрумендер және көптеген минералды элементтер.
Тамақтану мезгілдері:
Адам баласы күніне 3-5 рет тамақтануы тиіс.
Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:
- таңертеңгі ас (сағат 7. 00-9. 00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т. б. - ағзада қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;
- түскі ас (сағат 13. 00-14. 00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, ағзаны керекті, құнарлы заттармен қанықтырады;
- кешкі ас (сағат18. 00-19. 00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам ағзасын жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;
- Аралық тамақтану:
- Таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын) ;
- Түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран [4] .
Минералды заттар қоректік заттардың құраушылары болып табылады, өйткені олардың құрамында ағзаға қажетті элементтер (кальций, магний, темір, мырыш және т. б. ) болады. Олар сүйек, тіс және қанның құрамына кіреді, ағзадағы оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдауға қатысады.
Кальций әр жаста, әсіресе 12-20 жас аралығында өте қажет, ол қаңқаның дұрыс дамуы үшін, тістің саулылығы үшінаса пайдалы. Кальций барлық сүт тағамдарында, балық, соя бұрышы, орамжапырақ құрамында кездеседі
Магний жасушалар қызметін реттейді, сүйек ұлпаларының нығаюына жағдай жасайды, ағзаны шаршаудан қорғайды. Ол кепкен жемістердің, бұршақ тұқымдастардың, қара шоколадтың, минералды сулардың құрамына кіреді. Магний бидай кебегі, жаңғақ, кепкен жеміс, сұлы жармасы, өрік, қара өрік сияқты қсімдіктер өнімдерінде көп болады.
Калий бұлшық еттердің қалыпты жұмысы үшін, әсіресе ағзаның өсуі мен дамуы кезеңінде өте қажет. Калий ет, балық, құс етінің құрамында болады. Өсімдік өнімдерінде: картоп түйнегі, кептірілегн жүзім, өрік, теңіз орамжапырағы, сары өрік, шабдалы, миндаль калий өте көп. Калий жетіспеген жағдайда аяқ-қол тартылып, әлсіздік пайда болады, адам тез шаршайды.
Натрий органихге ас тұзымен бірге түседі. Натрий ағзада сұйықтықтың жиналуына ықпал етіп, ондағы процестерді белсендіреді.
Темір ағзаны оттегімен қамтамасыз етуге қатысады. Ол за алмасуға қатысады және имунитетті көтеру үшін қажет. Темір еттің, бауырдың, соя бұрышының әшкөктің, қара өріктің, қызылшаның, алманың, миндальдың құрамында болады.
Мырыш ағзаны жұқпалы аурулардан қорғауға, өсіп дамуына, ақыл-ойдың дамуына, жараның жазылуына, ағзадан соңғы өнімдердің шығаруына қатысады. Мырыш жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақ, ет, саңырауқұлақ, жаңғақ, молюскілердің (былқылдақ денелілер) . Ағзада мырыштың жетіспеуі адамның психикасының бұзылуына, жан дүниесінің жапа шегуіне, иммунитеттің төмендеуіне тері ауруларына ұшыратады.
Тағамда минералды заттардың жетіспеуінің себептеріне тамақтану рационның біркелкі болуы, тағам өнімдерінің дұрыс дайындамау, азық түліктердің дұрыс сақталмауы болып табылады. Сондай-ақ олардың табиғи ортада (су, топырақ құрамында) аз болуынан [6] .
Тамақтану процесінің принциптері. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді:
Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
Екінші, тәулігіне бір-екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни ақуыз, майлар, дәрумендер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл-күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz