Электрлік тораптардың параметрлерін анықтау



Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
3
1 Негізгі бөлім
5
1.1 Бастапқы берілгендер
5
2 Технологиялық бөлім
11
2.1 Электрмен жабдықтау сызбасын таңдау
11
2.2 Қуаттық трансформаторларының қуатын және санын таңдау
11
2.3 Қоректенетін желілерді таңдау және есебі
15
2.4 Қуаттық жабдықтарды таңдау
19
2.5 Трансформатордың газдық қорғауы
19
2.6 Оперативті қызмет
21
3 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
25
3.1 Электроқондырғылардағы қауіпсіз жұмысты қамтитын шаралар
26
Қорытынды
28
Қолданылған әдебиеттер тізімі
29

Кіріспе

Тазартушы құрылымдардан су кәсіпшілік аумақтағы шоғырлық сорап
станцияларына жіберіледі. Шоғырлық сорап станциялары судың қысымын айдау
қысымына дейін көтеріп, оны суайырғыш тарақшаларға және ары қарай айдаушы
ұңғыларға жібереді.
Мұнайлы қабаттарда қабат қысымын ұстап тұруға қажетті суды айдау үшін
сорапты станциялар ретінде ОТСС (ОТСС-30, ОТСС-60, ОТСС-120, ОТСС-180, ОТСС-
500) ортадан тепкіш сораптық агрегаттардың негізіндегі блокты шоғырлық
сорап станциялары (БШСС) қолданылады (6.3-сурет).
Шоғырлық сорап станциялары құрылысқа жұмсалынатын қаражатты және
уақытты үнемдейді. Мұнда станцияның өзі зауытта жасалынған блоктардан
құралады (сораптық блок, таратушы құрылымы, басқару блогы т.б.). БШСС екі
сораптық блоктан, төменгі вольтті басқару аппаратураларының блогы,
жалпыстанциялық щиттер блогы мен тарамдану блоктарынан тұрады. Әр блоктың
жабдықтарды бекіту плиталары болады. Станцияның сораптары мен
қабырғаларының іргетасы болмайды. Сондықтан да оны жинауға 2-3 ай ғана
уақыт жұмсалып, бағасы арзандайды
Сору қоюларын iлеспе қозғаушылар қысқа тұйықталу, шамадан тыс жүктеу,
ең төменгi кернеу, жер, асинхрондық жүрiстегi тұйықталуларынан қорғаумен
жабдықтаған.
Бұдан басқа технологиялық фактор жұмыс iстейтiн қорғаулар ескерiледi:
подшипниктердегi майдың қысымның құлдырауының жанында, подшипниктердiң
қызып кетуiнде және майлау жүйесiнiң бөлiмшесiндегi май
Ауыл шаруашылығына электрлік тораптарды дамыту үшін ауыл тұтынушыларын
технологиялық жобалау нормаларына сәйкес сенімді электр жабдықтаумен қамту
керек.

Ғимаратқа ендірілген және жабық 100,4 кВ тарату қалқаны малшаруашылық
кешендерде, құс фабрикаларында, ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын және
өңдейтін кәсіпорындарда, және де ауылдарда коммуналды – қоғамдық аймақтарды
электрмен қамту үшін қарастырылады.

35 кВ және 110 кВ тораптарын тұрғызу әрбір тұтынушыға тәуелсіз қорек
көзінен 10 кВ торабымен резервті қорек берілу мүмкіндігі қарастырылады.
Шешім қабылданғанда электрмен қамту сенімділігі бойынша 1-ші категориялы
тұтынушылар бар немесе болу мүмкіндігі есепке алынады. 35 кВ және 110 кВ
тораптары 1-категориялы тұтынушыларды электрмен қамту талапатарын орындауға
құрылмалық әзір болуы тиіс. Бұл мақсатпен 35 кВ және 110 кВ тораптарының
негізін тарамамен қосалқы станцияның ауысымды қосатын, 35 кВ және 110 кВ
екі сызықтық ажыратқышпен, 35 кВ және 110 кВ қосалқы станциясын желісі
рассечасын жалғайтын (бір қосалқы станциясының әртүрлі шина жүйелерімен)
әртүрлі 35 кВ және 110 кВ тірек қосалқы станциясынан екі жақты қорек алатын
электр беру желділерін тұрғызады.

Торап сұлбалары нормальды режимде бір 35 кВ және 110 кВ желісіне үштен
көп емес қосалқы станция жалғану арқылы анықталады.

Жауапты тұтынушылар үшін 10 кВ кернеуге резервті қоректі автоматты
енгізетін 100,4 кВ екі трансформаторлы қосалқы станциядан қоректенуді іске
асыру керек.

2-категориялы сенімділікте тұтынушыларды қоректендіру екі нақты
қоректі 100,4 кВ бір трансформаторлы қосалқы станциядан алу рұқсат
етіледі.

Ауыл шаруашылық өндірісінің барлық аталған тұтынушылары ең жауапты
электр қабылдағыштардың жүктемесіне есептелген резервті қоректенудің
автономды көздерімен жабдықталуы керек.

Электрлік тораптардың параметрлерін анықтау (сымдардың қималары,
трансформатордың саны мен қуаты) 2005жылдың жүктемелерімен жүргізілген.

35 кВ және 110 кВ кернеулі жаңа қосалқы станцияларды салу сұрағын шешу
кезінде біздің облысымыздағы мал шаруашылығы үшін 10 кВ тораптарының даму
сұлбаларының ұсыныстары есепке алынады.

Ресейге шекаралас аудандарда Ресейдің энергожүйелерінің жүйе аралық
байланыс есебімен және асқын токтармен, ЭЖ 35 кВ 110 кВ бар және оларды
жалғау мен айыру бойынша ауданның ауыл тұтынушыларының электрмен қамту
сұлбаларының варианттары қарастырылған. Сұлба Ресеймен сұлба аралық
байланыс ӘЖ 35 кВ және 10 кВ айырылу кезінде ауыл тұтынушыларын нормальді,
электрмен жабдықтауды қамтитын шешімдер қабылданады.

1 Негізгі бөлім

1. Бастапқы берілгендер

Бөлек салынған арналық су алу ғимараты арна ішінде орналастыратын
су қабылдау бөлігінен, су агызатын құбыр немесе каналдан, екі бөлімді
құдықтан, сонымен қатар сорап станциясынан тұрады. Мұндай жағдайда су
қабылдағыштын су кіретін нүктесі өте темен орналасатындықтан, оларды
жөндеу, тазалау жұмыстары қиынға соғады, сондықтан тұтынушыларды үздіксіз
және сенімді іүрде сумен қамтамасыз ету оңайға түспейді. Әсіресе өзендегі
су деңгейі артқанда қиындай түседі. Бұл кемшілікті түзету үшін суды жоғары
деңгейден алатын қосымша терезе орнату қажет немесе "құрастырылған" су
алатын ғимараттар тұрғызған жөн.
Жағалау аса биік болған жағдайда қосқыш қүбырды терең, ал кейде өте
терең орнатуға тура келеді. Сондықтан, кейде су ағызу үшін сифондық әдіс
қолданылады. Арналық су алу ғимараты сорап станциясымен біріктіріліп, арна
ішінде салынған жағдайда су қабылдау бөлігі суды тікелей станцияға береді.
Ғимараттарды осылайша құрастырып салу қымбатқа түседі, оны пайдалану
қиындап кетеді. Сондықтан бұл е-діс аса жиі қолданылмайды.

Су қабылдау бөлігі - су басып туратын, баспайтын мезгіл бойынша
ғана су басатын болып үшке бөлінеді. Бірінші кабылдау тобына жататындарды
металдан жылжымалы етіп немесе темірбетоннан тұрақты тұрде жасауға болады.
Судан шыгып орналасатын су қабылдағыштар су деңгейі ең жоғарғы
мәніне жеткенде де көрініп тұрады. Ар- тықшылығы - су алу процесі тұрақты
және сапалы атқарылады. I Іайдалануға ыңғайлы болғанымен, оны тұрғызуға көп
қаражат жұмсалады. Өйткені бұл вариант жоғарғы өнімділікте жұмыс істейтін
сорап етанциясына жалғанады. Су қабылдау тесіктері корпустың жан-жағында
орналасады. Сондықтан, алатын су са- пасы басқапардан тәуір болады.
Өздігінен су ағатын тегеурінді құбырлар. Олардың қажеттілігі
жоғарыдағы су жинайтын құдыққа өзеннен су жеткізу болып есептеледі. Жұмысы
су деңгейінің өзгеруіне, қажетті су мөлшеріне аса тәуелді емес. Тек, су аз
керек болса, олар асбесті- цсментті құбыр түрінде орналасады, ал жоғарғы
өнімділікте - темірбетоннан жасалады. Су алу тиімді болу үшін құбырларды
көлденең немесе ағар жағына қарай еңкіш етіп орналастырады. Жоғарғы құдыққа
құяр жері су деңгейінен төмен болуы керек.
Өздігінен су агатын тегеурінсіз қубырлар. Су өнімділігі 5 мс-тен
жоғары болғанда және су деңгейінің өзгеруі мүмкін кезде қолданады. Су ағар
қимасы шеңбер түрінде, төртбұрышты жоне овалды болуы мүмкін. Бұл
варианттағы құбырлар да күдыққа қарай еңкіштеніп орналастырылады. Құбырдың
аяқ жағы су деңгейінен 0,2 м-ге төмен жатады. Сифонды су беру құбырларын
басқа су айдау баламалары экономикалық тұрғыдан тиімді болмаса қолданылады.
Диаметрлері 1,4 м-ге дейін жасалынады, жағадағы құдыққа дейінгі орналасу
еңістігі 0,001-ден кем болмауы керек. Сифондағы вакуум мөлшері 50-60 кПа-
дан аспауы тиіс, ондағы жиналған ауа арнайы тесіктен сыртқа шығарылады.
Сифонды құбырдың су ағу жылдамдығы 2 мс-ге тең болса, ал басқа құбырларда
оны 1,0-1,5 мс аралығында қабылдау жеткілікті.
Құбырларды шөгінді тұрып қалудан сақтауға қанша әрекет жасағанмен
де оны толығымен болдырмау мүмкін емес. Сондықтан оларды әр уақыт жуып
отыру керек. Жуу үдістеріндегі ең кең қолданылатыны суды қайтара беру
әдісі. Бұл әдіспен жуғанда өзі ағатын құбырға сораптың тегеурінді құбырынан
су жіберіп, оны үлкен жылдамдықпен ағызу арқылы тұнбаларды жуып-шаяды. Ал
құбыр қабырғасына жабысып қалған қақтарды жуу үшін гидропневматикалық
әдісті қолданған тиімді. Үлкен диаметрлі құбырлардың әр жерінен тесіп, оның
ішін арнайы механикалық құралдар көмегімен тазалайды. Егер құбырлар бір-
біріне фланецпен жалғанған болса, онда оларды бөлектеп шаюға мүмкіндік
туады. Құбырларды салу кезінде янгикоррозиялық изоляция жасайды. Сырт жағын
ағаш рейкалармен қаптап, бекітеді. Астыңғы жағын отырмайтындай етіп
данындайды.
Жағадағы су жинайтын құдық ғимаратпен бірге немесе болек тұрғызылуы
мүмкін. Оның бір жағында су қабылдау болімі, екінші жағында су алу камерасы
орналасады. Су беруді реттеу үшін арнайы ысырмалар қойылады. Құбырларды
шаюға кажетті құралдармен жабдықталады. Су алу камерасында тор көздерге
қапталған сеткалар болады. Олар - жалпақ және айналмалы түрде жасалынады.
Құдық ішіндегі қалдық су көлемі сораптың 30-35 секундтық жұмыс істеуіне
жеткілікті болуға тиіс.
Арналық су алу ғимараттарыныћ кемшілігі - құрылымы күрделі, тұрақты
су алуды қамтамасыз ету қиын, су қабылдағышты тексеріп отыру оңай емес және
су құбырлары тез лайлануы мүмкін. Сондықтан, мұндай типтегі ғимараттарды
тек сорап станциясының қажетті су өнімділігі төмен және орташадан аспағанда
ғана салу тиімді.

Бірінші сатыдағы сорап станциясының су көтеріп, тасымалдауы үш түрлі
бағытта атқарылады:

1.Ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерді өтеуге арналған суды тазалау
қондырғысына жеткізу;

2.Тұтыну сапасы қойылатын талаптарға сай келген жағдайда суды
тікелей таза су резервуарына тасымалдау;

3.Суды қосымша тазалаудан өткізбей-ақ тікелей тұтынушыларға жіберу.

Бірінші сатыдағы сорап станциясының құрамына негізінен су алу
ғимаратының қабылдау құдығына сору құбыры арқылы жалғанған сорап агрегаты,
электроқозғалтқыш және баспана-ғимарат жатады. Сорап іске қосылғанда
сутартқыш бойымен тартылған су агрегатта жоғарғы қысымға ие болып ысырма
арқылы тегеурінді құбырға беріледі. Су көлемі арнайы орнатылған су өлшегіш
құрал көмегімен анықтап отырылады.

Сорап станциясының су тазалау қондырғысына беретін су Мөлшері
қажеттіліктің орта есептік мәніне сәйкес етіп қабылданады. Тиімді жұмыс
режимі желінің тәуліктік жұмысын реттеп, оның орта сағаттық өнімділігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Егер су пайдалану режимі тұрақсыз болса, станцияның су беру
мүмкіндігі реттеуді қажет етеді. Ұңғыма басында салынған сорап станциялары
тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Егер су мұнарасы қарастырылған болса,
онда бак ішіндегі қалыптастырған су деңгейіне сәйкес сораптардың автоматты
режимде желіден ажыратылуы мүмкін. Мұнарадағы су деңгейі төмен түссе сорап
қайтадан іске қосылады. Қосымша сораптар су алудың максималды сағаттарында
немесе жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланылады.
Тұтынушыларға суды бірден жіберу ұңғымалар санын арттырады, екінші
сатыдағы сорап станциясын салуды қажет етеді. Сондықтан сумен қамту
сұлбаларын, сорап станцияларын таңдаған кезде, оларды су көзінің
гидрогеологиялық сипаттамасы, салу нұсқаларының көрсеткіштері бойынша
техникалық-экономикалық тұрғыдан салыстыру қажет.
Өндірістегі айналымды жүйеде бірінші көтеру станциясы тек сағаттық су
мөлшерін ғана беріп отырады. Су суытқыш қондырғыларға, одан циркуляциялық
сораптар арқылы өндірістік сумен қамту жүйелеріне беріледі.
Өртке қарсы су қорын жасау, резервуарды үзіліс кезінде тол тыру
арқылы, резервті сорап көмегімен, арнайы қарастырылғам сорапты пайдалану
жолымен атқарылады. Шығындалған су мөлшерін қайта қалпына келтіру үшін
қосымша үңғымалар іскс қосылады.
Сорап станциясының шығынын азайтуға мүмкіндік беретіи, қозғалтқьпп
энергиясын үнемдеуге бағытталған басқару технологияларының бірі - СРН-І-Г
қондырғыларын пайдалану. Оным басты міндеті: екі үңғымада орналасқан
салмалы сораптарды басқару, сонымен қатар резервтегі резервуардың сумен
толуын реттеу. Су көтеру көрсеткіштері сораптары бір-бірімен бірігіп, жүмыс
істеу режимдерімен сипатталады. Басқару жүйесі реттеу алгоритмін қамтамасыз
ететін құралдан, қысымды тұрақты ұстап тұратын датчиктен, күштік тізбекті
қорғайтын қондырғыдан және суға батырылған сораптарды бақылайтын
аспаптардан тұрады. Жүмыс кезінде резервуардағы немесе ұңғымадағы судың
болуы батырылған сораптардың ластануы, сораптардың дүрыс жүмыс істеуі,
сумен қамту жүйесінің қысымы, ұңғыманың құмдануы қадағаланады. Станция
авариялық жағдайға тап болғанда автоматты түрде алдын ала қарастырылған
арнайы режимге көшеді, Өрт жағдайындағы белгі беру телефон желісі арқылы,
не болмаса радио арнасы көмегімен атқарылады.
Су сорғысы сумен салқындату жүйесіндегі судың айналысын қамтамасыз
етеді. Ашық қанатшасы бар орталықтан берілетін су сорғысы қозғалтқыштын бос
жағындағы қаптамада орналастырылады және сумен салқындату жүйесіндегі судың
айналысын қамтамасыз етеді. Сорғының білігі тістегерішті жұп арқылы иінді
білікпен келтіріледі. Сорғы қозғалтқышқа сорғы мойынтірегініңқаңқа бөлігі
болып табылатын ернемек арқылы бұрандармен бекітіледі. Бос жақтағы қаптама
мен мойынтірек қаңқасының арасындағы шпунттық қосылыс тісті жұп
тістегеріштерінің қатысты күйінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Сорғының жетекті білігі білікке престеліп, қою майына жүктеліп жұмыс
істейтін екі шарикті мойынтірекке орнатылады.
Сорғының екі бөлігінің аралығындағы учаскеге су мен майдың түсуін болдырмас
үшін екі тығыздауыш орнатылады. Майлы тығыздауыш ішінде желімге (клей)
орнатылған резеңке тығыздауыш сақинасы бар жаншылған металл қаптаманы
елестеді. Резеңке сақина білікке ыстықтай отырғызу әдісімен орнатылған
төлкеге орналастырылады. Механикалық сумен тығыздаудың жұмысшы элементі екі
резеңке тығыздауыш сақинасы бар шыныққан болат сақинаға қатысты айналатын
серіппелі жүктемесі бар кремний карбидінен жасалған таспа болып табылады.
Жоғарыда сипатталған екі тығыздауыштың аралығындағы ашық учаскенің төменгі
бөлігінде бақылау тесігі бар. Тиісті тығыздауыштар арқылы көрінген су
немесе май осы тесік арқылы ағатын болады.
Су сорғысы май салқындатқыш арқылы ресивердегі суды сорады. Ол су
қысымын көтеріп, оны бос жақтағы қаптама арқылы қозғалтқышқа, сондай-ақ
цилиндрлерді салқындатуға арналған үлестіруші жинағыштарға жібереді. әр
цилиндрдегі су бұру жинағышына келіп түседі және одан әрі сумен салқындату
жүйесіне жібереді. Контроллер ''8'' позициясына орнатылған кезде жүйедегі
су айналымының қарқындылығы минутына 900 галлонды құрайды.
Орал қаласының суға сорап станциясының 11010 кВ түсiретiн
подстанциясының жобалаулары үшiн бастапқы деректермен болып табылады:
Орал энергосистемасының жабдықтау схемасы;
Қысқы және жаз маусымына нақты өлшемдер бойынша электр жүктемелерiнiң
тәулiктiк графигi;
Суға сорап станциясының электр энергиясының тұтынушыларының дәрежелерi
– 1 категория 60%;
– 2 категория 25%;
– 3 категория 15%.:
– Жоғарғы температура tmax=+40°С;
– Төмен температура tmin=­35°С.
– Желдің жылдамдығы V=3,1мс;
– Мұздың қалындығы С=15 мм;
– Грунт суглинок;
– Удельдік грунт кедергісі ρ=950 м·кг;
– Электр күшін ток жүретін элементтерді (шин, кәбілдер, сымдар) таңдау
және тексеру үшін, қуаттық трансформаторлары мен түрлендіргіштердің
өткізу қабілеттілігін, сонымен қатар кернеудің толқуын, ауытқуын және
жойылымын есептеу үшін, қондырғыларды қорғап және орнын толтыру үшін
анықтайды.
Кішігірім электр станса салмағы оған қосылған барлық
электрқабылдағыштары пайдаланатын қуатпен және электр желісіндегі
жойылыммен анықталады. Электрқабылдағыштардың жұмыс режімі олардың қызметі
мен пайдаланылуына байланысты, тұрақты болып қалмайды, түрлі сөтке
сағаттарында және жыл айларында өзгеріп отырады. Олар пайдаланатын электр
қуаты да өзгеріп отырады.
Электрқабылдағыштардың немесе электрқабылдағыштар тобының бір сөткеде
күшінің өзгеруін графикалық түрде көрсеткен ыңғайлы. Сөткелік график
суретте көрсетілген. Электр желілерінің экономикалық көрсеткіштері біршама
сым қималарын дұрыс таңдауға да байланысты. Қиманы анықтау үшін токтың
экономикалық тығыздығын jэк [3, кестесі)] ұсынады.
Ең жоғарғы реактивті қуатты анықтаймыз:

Qmax = Pmax . tgφ ,
(1.1)

мұнда Pmax - ең жоғарғы пайдаланылатын қуат.

Qmax = 28000 . 0, 445 = 12, 460 (кВар)

Толық ең жоғарғы қуатты анықтаймыз:
Smax =
(1.2)

Активті күштің графигінің ауданы бойынша сөткедегі активті энергия шығынын
анықтаймыз:

Wа.сут. = Ʃ Pi

(1.3)

Wа.сут. = 16600 . 8 + 28000 . 3 + 16600 . 2 + 28800 . 5 + 16600 . 6 =
605800(кВт.ч)

Сөткедегі орташа активті қуатты анықтаймыз:

Pср =
(1.4)

Pср =

Графикті толтыру коэффициентін анықтаймыз:

(1.5)

Графикті толтыру коэффициенті K г т қарастырылған уақыт ішінде
пайдаланылған электр энергия саны, күшті орнату барлық уақыт ішінде ең
жоғарғы болғандағы электр энергия санынан аз екенін көрсетеді.

Сурет 1.1-Тәуелдік жүктеме

Сурет 1.2-Тәуелдік жүктеме

2 Технологиялық бөлім

2.1 Электрмен жабдықтау сызбасын таңдау

Батыс қазақстан облысының Орал қаласының коммуналдық қызметтерiнiң
басты мiндетi Орал қаласын ішетін және техникалық суммен қамтамасыз етуi
болып табылады
Орал өзенiнiң су қоймасынан суды берудi нормалы технологиялық
үдерiстiң қамтамасыз етулерi үшiн Орал қаласы керек.
Ендіру кернеуін ауыстырумен, жанында алғашқы кернеу далдашасы бар, екі
әуе желісімен жүзеге асырылады. Шин жүйесі қос секциялы.
Жанындағы алғашқы кернеу далдашасының негізгі жабдықтары: қуаттық
трансформаторы, тізбектік ажыратқыш, вв айырғыш.
Жетістігі: қондырғының сенімділігі, тұрақты пайдаланымды қажет
етпейді, яғни пайдаланым шығыны қысқарады. Желі және трансформатор жұмыс
режімі бөлек, қор сипаты айқын емес.
Жанындағы екінші кернеудің таратқыш қондырғысы аз көлемді майлы
айырғыштарымен, сырғымалы арбада топтамалы-таратқыш қондырғы (ТТҚ) түрінде
орындалған. Екі трансформатордан шиннің төрт секциясы қоректенеді, қалыпты
режімде секциялар бөлек жұмыс жасайды. Кішігірім электр стансасының
секциялық айырғыштарында АВР қарастырылған.

2.2 Қуаттық трансформаторларының қуатын және санын таңдау

Қуаттық трансформаторларының қуатын және санын дұрыс таңдау,
кішігірім электр стансасында электрмен жабдықтау сызбасын тиімді құруда
негізгі сұрақтың бірі болып табылады. Қалыпты жағдайда трансформаторлар
кәсіпорынның барлық электрқабылдағыштарын қоректендіруді қамтамасыз етуі
қажет.
Трансформаторлар қуатын таңдау объектіні электрмен жабдықтау салмағының
есебінен, көп пайдаланылған сағат санынан, салмақтың өсу қарқынынан, электр
энергиясы бағасынан, трансформаторлардың шақтама артық салмағынан алынып
жүргізіледі.
Кәсіпорында I және II дәрежелі тұтынушылары бар болғандықтан, қоры айқын
емес және трансформаторлары бөлек жұмыс жасайтын қос трансформаторлы
кішігірім электр стансасын таңдаймыз.
Апаттық режімнен кейінгі, шақтама артық салмағын есепке ала отырып,
трансформаторлар қуатының келесі нұсқаларын қарастырайық.

1 нұсқа
Қуаттылығы 25 МВА (1 кесте) екі трансформатор.
Ең көп сағаттағы трансформаторларды толтыру коэффициенті:

Kт.т = Sмах 2Sн ,
(2.1)

мұнда: Sмах – ең көп пайдаланылатын қуат, кВА,

Sн – трансформатордың номинальды қуаты, кВА.

Kт.т = 30634,62.25000 = 0,6

Апаттық кезеңнен кейін бір трансформатордың шақтама артық салмағы, ұзақтығы
5 сөтке және сөткесіне 6 сағаттан артық емес болғанда, 140%-ға дейін

1,4 . Sн 0,6 . Sмах
(2.2)

1,4*25 = 35 0,6*30634,6 = 16,380 (МВА),

бұл қолайлы (0,6 – 60% - I дәрежелі тұтынушыларға).

2 нұсқа

Қуаттылығы 16 МВА (1кесте) екі трансформатор

Kт.т = 30634,62.16000 = 1,9

Апаттық кезеңнен кейінгі шақтама артық салмақ:

1,4*16 = 22,4 1,9*30634,6 = 58,205 (МВА).

Таңдалған трансформаторлар қуаты (2*16 МВА) қалыпты жағдайда да, апаттық
жағдайда да кәсіпорынды электрмен жабдықтай алмайды.
Жоғарыда таңдалған 1 және 2 нұсқалардағы трансформаторлар қуаты (2*25 және
2*32 МВА) қалыпты жағдайда да, апаттық жағдайда да кәсіпорынды электрмен
жабдықтай алады.

Кесте 1-Трансформаторлардың тізбелік көрсеткіштері
Трансформатор, Жойылым, кВт Бос жүріс Кернеу
МВА тоғы, Iхх % к.з.,
Uкз %
∆Pхх ∆P кз

16 36 120 0,8 10,5

25 44 145 0,75 10,5

Егер трансформатордың салмақтық қабілеттілігі есепке алынбаса, онда
таңдалған анықталған қуаттылықты негізсіз көбейтуге болады, бірақ бұл
пайдасыз.
Трансформаторлардың таңдалған нұсқаларының техника-экономикалық есебін
жүргізейік.

Күрделі шығындар:

1 нұсқа 2*К = 2*6400 = 12800 (мың тенге)

2 нұсқа 2*К = 2*7300 = 14600 (мың тенге)

Трансформаторлар бағасы бағаның өсуін есепке ала отырып (өсу коэффициенті
10-ға тең), кестесі бойынша анықталады.
Трансформаторда электр энергиясының жылдық жойылымы:

(2.3)

мұнда:
∆Pхх, ∆P кз, Iхх, Uкз - трансформаторлардың тізбелік көрсеткіштері кестесі)
Кэ – реактивті қуаттың экономикалық эквиваленті
Тмах – ең көп салмақты пайдалану ұзақтығы.

(2.4)

τ – уақыт жойылымы, Тмах және cosφ анықталады, ,
τ = 7250;

Кз.т. - ең көп салмақта трансформаторды толтыру коэффициенті;
n – жұмыс жасайтын трансформаторлар саны;
С0 – бір кВт*сағ. электр энергиясының бағасы.

1 нұсқа

2 нұсқа

Тозу шығындары:

Са = 0,063*К
(2.5)

1 нұсқа

Са = 0,063*1280 = 80,64 (мың тенге)

1. нұсқа

Са = 0,063*1468 = 92,48 (мың тенге)

мұнда: 0,063 – кішігірім электр станса жабдықтарының тозу шығындары – 6,3%.

Жалпы пайдалану шығындары:

Сэ = Сn + Са
(2.6)

1 нұсқа
Сэ = 997,615 + 80,64 = 1078,255 (мың тенге)

2 нұсқа
Сэ = 936,788 + 92,48 = 1029,268 (мың тенге)

Кесте 2-Нұсқауларды салыстыру кестесі
Нұсқау Күрделі шығындар, Пайдалану шығындары,
мың тенге мың тенге

2*16 МВА 1280 1078,255

2*25 МВА 1468 1029,268

Бірінші нұсқауда күрделі шығындар, ал екінші нұсқауда пайдалану шығындары
аз болғандықтан, трансформатор таңдау үшін өтімділік мерзімін анықтаймыз.

(2.7)

Өтімділік мерзімі 7 жылдан аз болғандықтан, пайдалану шығыны аз нұсқаны
қабылдаймыз, яғни қуаттылығы 25 МВА екі трансформатор.

2.3 Қоректенетін желілерді таңдау және есебі

Қоректенетін желілердің экономикалық көрсеткіштері сым қимасын дұрыс
таңдауға байланысты. Сым қимасын анықтау үшін jэк токтың экономикалық
тығыздығы ұсынылады 2.1 кесте [3]. Желілер айқын емес қорда жұмыс жасайды,
сондықтан есеп ток бойынша номинальды режімде жүргізіледі.
Қоректенетін желі ретінде АС маркалы болаталюминий сымын таңдаймыз.
Желі тоғын ең көп салмақта қалыпты жағдайда анықтаймыз:

(2.23)

Ең көп салмақта желі сөткесіне 8 сағат жұмыс жасайды, олай болса:

(2.24)

мұнда: Tмах – ең көп салмақты пайдалану ұзақтығы.

Желі сымының экономикалық қимасын анықтаймыз:

(2.25)

мұнда: jэк - токтың экономикалық тығыздығы.
П2.2 кестесі [1] бойынша АС – 70 маркалы сымды таңдаймыз.
АС – 70 маркалы сымы апаттық режімде ұзақ токпен қыздыру жағдайын
қанағаттандырады:

Iап. = 2*80,39 = 160,78 (А)

Iшақт. = 265 160,78 (А),

мұнда: Iшақт. – жалаңаш сымның ұзақ шақтама тоғы

Қалыпты режімде екі желіде қосылған және олардағы салмақ мынаны құрайды:

(2.26)

яғни 80%-дан кем, мұнда Кзл – апаттық режімде желіні толтыру
Сондықтан бір желіні ағытқан жағдайда, екінші желі 57%-ға дейін шамадан тыс
жүктелуі мүмкін.
АС – 70 сымы тажға ең жоғарғы жойылым шартын қанағаттандырады, себебі,
кернеу 110 кВ болғанда АС маркалы өткізгіштің ең аз қимасы 70 мм2 құрайды.
Ұзақтық ток бойынша таңдалған өткізгіш қимасы кернеу жойылымына тексерілуі
қажет. Кернеу жойылымының мөлшерленген мәні жоқ, бірақ кернеудің номинальды
кернеуден ауытқуының шекті мәні ГОСТ 13109-87 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрмен қамту жүйелерін жетілдіру
ЖЭС қуат беру сұлбасы бойынша принципиалды шешімдер жасау
Қарасай ауданы 110кВ электр тораптар режимдері
Күштік трансформатор
Трансформатордың қорғаныс түрлері
Электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау
Қарсы қысымды турбиналар
Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Интегралды микросхемалар құрылымы және техникалық пайдалану
Пәндер