Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2

1 тарау. Өндірістік кәсіпорынды басқару ұйымының құрылымы.

1. 1 Кәсіпорындағы өндіріс және өндірістік құрылым мәні,

мазмұны . . . 4

1. 2 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы - тиімді басқарудың негізі . . .

1. 3 Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымдарының шетелдік тәжірибесі . . .

2 тарау. «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні» акционерлік қоғамының өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы

2. 1 «Қазақалтын» ТМК» АҚ жалпы сипаттамасы және қаржылық-шаруашылық іс-әрекетін талдау . . .

2. 2 «Қазақалтын» ТМК» АҚ өндірістік құрылымын талдау . . .

2. 3 «Қазақалтын» ТМК» АҚ ұйымдастырушылық құрылымын

талдау . . .

3 тарау. Өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымдарды жетілдіру жолдары

3. 1 «Қазақалтын» ТМК» АҚ өндірісін және өндірістік құрылымын жетілдіру мақсатында жаңа жобаны ұсыну . . .

3. 2 «Қазақалтын» ТМК» АҚ ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру жолдары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиет . . .

Қосымшалар . . .

КІРІСПЕ

Жалпы, өндіріс, өнімді шығару кез-келген экономиканың негізін құрайды. Ал өнімді шығаратын немесе жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін кәсіпорындарды мемлекет экономикасының, халықшаруашылық комплексінің негізгі буындары ретінде қарастыруға болады. Кәсіпорындар қаншалықты тиімді жұмыс жасауы олардың қаржылық жағдайының тұрақтылығымен жалпы мемлекеттің индустриалды қуаттылығы және экономикалық сауаттылығы анықталады. Ал кәсіпорындардың жұмысы, тиімді әрекет етуі оның құрылымына, кәсіпорынды құрайтын бөлімшелер мен бөлімдердің арақатынасын дұрыс ұйымдастыруына, жұмыскерлер арасында қызметтерді, жұмыстарды тиімді бөлуіне байланысты болады. Яғни кез-келген кәсіпорын тиімді қаржылық-шаруашылық қарекеті үшін оның дұрыс ойластырылған құрылымы болуы керек.

Казіргі таңда Қазақтан Республикасының нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде кәсіпорындардағы ұйымдастыру мәселесі өте маңызды болып келеді.

Меншік фирмалары өзгеріп оларға сәйкес кәсіпорындардың құрылымдары да өзгеруде.

Нарықтық экономика уақытында кез-келген кәсіпорын, ұйымның басты мақсаты пайда табу болып табылады. Яғни құрылым жасағанда нарық талаптарын, фирма мақсаттары мен міндеттерін есепке алып, оларға негізделу қажет.

Кез-келген кәсіпорын тиімді әрекет жасауы үшін оның дұрыс ойластырылған, өз мақсаттары мен міндеттеріне сай құрылымы болуы тиіс. Кәсіпорынның жалпы құрылымын өндірістік және ұйымдастырушылық болып бір-бірін толықтыратын екі құрылым етіп корсетеді. Құрылымдардың әрқайсысы басқару объектісің құрылымын әр түрлі жақтардан сипаттайды.

Курстық жұмыстың практикалық тарауында мен «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні» акционерлік қоғамын қарастырдым.

«Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні» - республиканың алтын өндіру саласында ең ірі кәсіпорындардың бірі.

Мен «Қазақалтын Тау-кен металлургиялық Концерні» АҚ қаржылық жағдайын, оның құрылымдарын қарастырып, оны дамытуға қажеті бағыттарды боліп көрсетуге тырыстым. Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорының өндірістік және ұйымдыстарушылың құрылымдарының мазмұнын ашу, оны «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні» акционерлік қоғамы мысалында талдау, берілген кәсіпорынның құрылымын жетілдірудің бағыттарын іздеу болып табылады.

Курстық зерттеудің міндеттері болып келесілер табылады:

  • кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымындарынның теориялық аспектілерін зерттеп қарастыру;
  • «Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні» АҚ сипаттама беру, оның қаржылық-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесін талдау;
  • «Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні» АҚ - ң құрылымын зерттеу;
  • «Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні» АҚ - ң құрылымын жетілдірудің жолдарын қарастыру;
  • кәсіпорының дамуы үшін жаңа жобаны ойлап табып, енгізу және оның экономикалық тиімділігін есептеу, оң әсерін көрсету.

1 Өндірістік кәсіпорынды басқару ұйымының құрылымы.

1. 1 Кәсіпорындағы өндіріс және өндірістік құрылым мәні, мазмұны

Кәсіпорын дегеніміз негізі арнайы ұйымдастырылған еңбек коллективі болып табылатын, игілігіндегі бар өндіріс құралдарының көмегімен тұтынушыға қажетті өнімді дайындай алатын, жұмысты атқара алатын, қызмет көрсете алатын арнайы маманданған бірлік.

Кәсіпорын өндірістік-техникалық бірлікке, ұйымдастырушылық-әкімшілік және шаруашылық дербестікке ие. Өндірістік кәсіпорындарға зауыттар, фабрикалар, комбинаттар, шахталар, карьерлер, порттар, жолдар, базалар және басқа өндірістік бағыттағы шаруашылық ұйымдар жатады. Өндірістік кәсіпорынды келесі схемамен көрсетуге болады

Схема 1

Өндірістік кәсіпорын

Ішкі орта

Адамдар Өндіріс Ақша Ақпарат

(қызметкерлер) құралдар

ӨНДІРІС

Іс-әрекет нәтижесі

ӨНІМ

Схемада көрсетілген кәсіпорынның ішкі ортасы дегеніміз- бұл адамдар, өндіріс құралдары, ақша және ақпарат. Ішкі орта компоненттерінің өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып дайын өнім (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) табылады

Ал кәсіпорынның сыртқы ортасы- бұл өнім тұтынушылары, өндірістік компоненттер мен жабдықтаушылар және мемлекеттік органдар мен кәсіпорын төңірегінде тұратын халық.

Өндірістік кәсіпорындар

Өндірістік кәсіпорын - экономиканың негізгі буыны

Яғни, кәсіпорындар, олардың ұжымдары салық және территориалдық комплекстерді құрайтын элементтер болып табылады. Сондықтан барлық мемлекеттік құжаттарға кәсіпорындар халықтық - шаруашылық комплекстік негізгі буындары ретінде қарастырылады /1, 49-56 б/.

Шаруашылық басқару жүйесінің барлық деңгейлердегі мақсаты бір - әр кәсіпорын қызметкерлерінің өнімді жұмыс жасауы, яғни әр жұмыскер өз жұмыс орнында кәсіпорын ұжымына, тұтынушыға керек жұмысты жасауы керек.

Жалпы, кәсіпорын құрылымында екі өзара байланысты және бір-бірін то-

лқтыратын құрылымды бөліп көрсетеді: өндірістік және ұйымдастырушы-

лық. Бұл құрылымдар келесі бөлімде толық зерттеліп көрсетіледі.

Кәсіпорындағы өндіріс - бұл кез- келген ресурстарды өнімге айналдыру үшін жасалынатын процесс немесе процедура.

Әрбір өндірісті үш бөліктен: ресурстар, өнім және өндірістік процестен құралатын жүйе ретінде қарастыруға болады. Өндірістің ядросы “ресурстар-

өнім” жүйесі болып табылады.

Схема 5

“Ресурстар - өнім” процесінің моделі

Жұмысшылар

Энергия

Материалдар

Ресурстар

Өндірістік құрылыстар, Құрал-жабдықтар

Өндірістік процесс

Бұйымдар және қызметтер

Өнім

Ресурстар- негізінен айнымалы шығындарды көрсететін өндіріс ресурс-

тары, элементтері ретінде анықталады. Айнымалы шығындар- өндіріс көле-

міне пропоционалды өзгеретін шығындар. Бұл шығындарға негізінен матери-

алдар, еңбек күші мен энергиядан құралатын ресурстар жатқызылады. Осы шығындардың саласы өндірілген өнім бірліктеріне байланысты. Өзгермелі шығындарға еңбекақыға кететін және материалдарға кететін шығындарды жатқызады. Өнім шығаруды реттеу өндіріс процесіне енгізілген ресурстар-

дың көлемімен жүзеге асырылады.

Өнім кәсіпорынның іс-әрекетінің бағыттарын көрсетеді. Өндірістік қаре-

кеттің бастапқы мезеті болып өнімнің керек түрі мен құрамын анықтау бо-

лып табылады.

Нарықтық жағдайының және фирманың қаржылық жағдайының өзгеруі қарекеттің жаңа бағыттарын іздеуге итермелейді.

Процесс- бұл:

- материалды өңдеудің әрбір қадамының аяқталуының алдындағы әрекет-

тер мен операциялар жүйесі;

- қажетті нәтижелерге жету үшін керек уақыт кзеңінде материалдарға бір

немессе бірнеше тәсілдермен әсер етіп өңдеу;

Өндірістік процесс қарапайым және кең номеклатурадағы өнімді өндіру үшін көптеген ресурстарды қажет ететін күрделі болуы мүмкін.

Өндірістік процесс фирма операцияларының деңгейіне байланыссыз өз-

гермейтін тұрақты шығындарға қатысты элементтерден тұрады.

Тұрақты шығындар- бұл өндіріс көлеміне тәуелді емес шығындар. Мыса-

лы: салықтар, сақтандыру төлемдері, әкімшілік ұжымның еңбекақысы, энер-

гияға кеткен шығындар, амортизациялық аудармалар, өндірістік құрылыстар мен құрал-жабдықтарға инвестициялар. Зауыт үйлері және құрал-жабдықта-

ры өндірістік процесті қамтамасыз етеді /2, 94-96 б/.

Үстеме шығындар- бұл нақты бұйымды жасауға кеткен шығындарға жатпайтын шығындар, басқару және концеляриялық шығындар және басқалар.

Өндірістік жүйені реттеу екі жолмен іске асырылады:

- іске қосу қарқыны, құны, сапасына қатысты ресурстарды реттеу. Бұның

нәтижесінде айнымалы шығындар ретке келеді.

- оның элементтерін ауыстыру нәтижесінде процесті өзгерту. Бұған

жалпы жүйеге қатысты тұрақты шығындарды реттеу жолымен келеді.

Өндіріс мазмұнын келесі үш шартты қажет ететін еңбек іс-әрекеті анық-

тайды:

- Мақсатқа лайықты жұмыс немесе еңбек;

- Еңбек заты, яғни адам рационалды қарекеттің бағытталғанның болуы;

- Еңбек құралдары ( машиналар, құрал-жабдықтар, құралдар, олардың көлемімен Адам еңбек заттарын жасайды) ;

Материалдың өндірістің өнімі- бұл еңбек пен табиғат заттың қосындысы-

нан тұратын материалдық игілік.

Қазіргі өндіріс ғылыми-техникалық революция жағдайында дамуда. Оның негізгі мазмұны болып өндірісті автоматтандыру табылады. /3, 52б/.

Әр өнеркәсіп фирмасы өз өндіріс жүйесіне ие. Өндіріс жүйесі- бұл олар-

дың нәтижесінде тауар мен қызметтер шығаратын әрекеттерді қосатын функциялар жиынтығы.

Фирманың өндірістік қарекетің толық жүйесі операциялық жүйе деп ата-

лады.

Өндірістік жүйені басқару бұл- барлық өндіріс процесін саналы түрде реттеу. Оған келесілер кіреді:

- кәсіпорын іс-әрекетінің бағыттарын және жалпы стратегиясын жасау

және іске асыру;

- өндіріс процесін жасау, өндірісті қуаттылықтар орналасуы жөнінде

шешімдер қабылдау, кәсіпорынды жобалау, өнімді жобалау, жұмыс

жасау стандарттары мен нормаларын кіргізуді қосатын өндірістік жүйе-

ні жасау және кіргізу;

- жүйенің ағымның қызмет етуін жоспарлау және бақылау жасау. Бұл

реттелген және тиімді жоспарлауды, тапсырыстардың маршруттарын

бекіту, күнтізбелік мерзімдерін анықтау, диспетчерлеу және материал-

дар, бұйымдар және өнімдер ағынын басқару;

Өндірістік жүйе өндірістік бірліктерден тұрады. Ал олар өндірістік бө-

лімшелерден тұрады.

Өндірістік бірлік- жалпы ұйымдағы белгілі бір міндеттердің атқарылуы үшін жауап беретін заңды топ, мысалы цех, телім.

Бөлімше, цех, телім, бөлім- белгілі бір технологиялық немесе ұйымдас-

тырушылық функцияларды немесе белгілі бір әрекет түрін іске асыратын жә-

не іске асырылуы үшін жауап беретін өндірістік бірлік.

Өндірістік бөлімше, цех, телім- тікелей өнім өндіруді іске асыратын кә-

сіпорын бөлігі.

Көмекші бөлімше- өндірістік бөлімшелер үшін жөндеу жұмыстары, мате-

риалды тасымалдау, сақтау сияқты қызметтерді атқарады /4, 85-87б/.

Әр кәсіпорын өндірістік бөлімшелерден тұрады: цехтар, телімдер, қызмет көрсететін шаруашылықтар, басқару органдары, кәсіпорын жұмыскерлері мен олардың жанұялары мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын ұйымдар.

Өндірістік бөлімшелер мен ұйымдар комплексі, олардың саны, олар ара-

сындағы өзара қарым-қатынас, жұмыскерлер саны кәсіпорынның жалпы құ-

рылымын құрайды.

Өндірістік бөлімшелердің құрамы мен қуаттылығын, олардың өзара қа-тынасы және қарым-қатынас формаларын өндірістік құрылым деп түсінеміз. Ол еңбектің өндіру деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлықтар мен техникалық берілген өндірістің техника-экономикалық пен экономикалық-географиялық жағдайларындағы пайдалану тиімділігін анықтайды. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы келесі схемада көрсетілген.

Схема 6

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

Телім

Басшысы

Телім

Басшысы

Телім

Басшысы

Жұмысшы

Жұмысшы

Жұмысшы

Рационалды өндірістік құрылымды жасау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

- кәсіпорын цехтарының құрамы, олардың қажетті өнім мөлшерін

шығару үшін қажетті қуаттылық деңгейі анықталады;

  • әр цех пен қойма көлемдері талады; есептелінеді, кәсіпорынның бас жоспарында олардың кеңістіктегі орналасуы анықталады;
  • кәсіпорын ішіндегі барлық транспорт қатынастары, олардың сыртқы жолдармен қарым-қатынасы жоспарланады;
  • өндірістік процесс жүруімен қатар еңбек заттарының цехтар арасында ең қысқа маршруттары анықталады /5, 35-37б/

Өндірістік бөлімшелерге негізгі өнім, құрастырушы бөлшектер, материалдар мен жартылай фабрикаттар, қосымша бөлшектер, технология-лық мақсаттар үшін әр түрлі энергия түрлері дайындалатын, бақылаудан өтетеін цехтар, телімдер, лабораториялар жатады.

Жұмыскерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерге тұрғын-коммуникал-

дық бөлімдер, олардың қызметтері, ас үйлер, асханалар, бала-бақшалар, са-

наторилер, пансионаттар, демалыс үйлері, медициналық бөлімдер, спорт қо-

ғамдары, жұмысшылар, қызметкерлердің өндірістік квалификациясын жо-

ғарлатумен айналысатын оқу орындары жатады.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы цехтар мен қызмет бөлімшелерінің құрамын және олардың қуатын құру нысандарын көрсетеді.

Концерннің өндірістік құрылымы концернге кіретін фирмалар немесе кәсіпорындар құрамын көрсетеді: қуаттылығы, мамандану нысандары, өнді-

рілген өнім ерекшеліктеріне байланысты /6, 31-36/

Кәсіпорын өндірістік құрылымның басты элементтері болып жұмыс орындары, телімдер және цехтар табылады.

Кеңістіктегі ұйымдастырудың алғашқы буыны болып жұмыс орны та-

былады.

Жұмыс орны деп қажетті құрал-жабдықпен және ұйымдастырушылық-техникалық құралдарммен жабдықталған, арнайы өндірістік немесе қызмет көрсетуші операцияны атқаруға маманданған, бір немесе бірнеше жұмысшы жұмыс жасайтын, ұйымдастырушылық тұрғыдан бөлінбейтін өндірістік процестің буынын атаймыз.

Жұмыс орын қарапайым және комплекстік болуы мүмкін. Қарапайым жұмыс орын жұмысшы нақты құрал-жабдықты пайдаланып отырған өндірістің дискреттік түріне тән. Қарапайым жұмыс орын бір немесе көп станокты болуы мүмкін. Күрделі құрал-жабдықты пайдаланғанда және апараттың процестері бар салаларда жұмыс орны комплекстік болады, себебі процесте функциялары бөлінген адамдар тобы немесе бригада жұмыс атқарады. Өндірістің механизациялау әне автоматизациялау деңгейінің жоғарлауымен комплекстік жұмыс орындарының маңызы өседі.

Жұмыс орын стационарлы және қозғалмалы болуы мүмкін. Стационарлы жұмыс орны бекітілген жерде орналасқан, ал еңбек заттарын өңдеумен сәйкес жылжытылады.

Жасалынып отырған жұмыстың ерекшелігіне қарай жұмыс орындары арнайы маманданған және универсалды болып бөлінеді.

Жұмыс орындарының мамандану деңгейіне, санына олардың жұмыс уақытының сәйкестігіне, өндірістік кеңістікте орналасудың рационалдығы-на жалпы кәсіпорын жұмысының нәтижесіне байланысты.

Жұмыс орының деңгейінде өнімділікті жоғарлатудың негізгі факторла

ры қолданылады.

Телім- бірқатар ерекшеліктер бойынша топталған жұмыс орындар қатарын қосатын, өнімді дайындау немесе өндіріс процесіне қызмет көрсету боынша ортақ өндірістік процестің бір бөлігін атқаратын өндірістік бөлімше.

Өндірістік телімде жұмысшылармен қатар басшы-телім мастері бола-

ды.

Өзара технологиялық қатынастармен байланысқан телімдер цехтар болып қосылады.

Өндірістік телімдер негізгі және көмекші болып бөлінеді.

  • Негізгі өндірістік учаскелер технологиялық және принциптер бойынша жасалады.

Технологиялық принцип бойынша ұйымдастырылған телімдерде тек бірқатар операциялар ғана жасалады.

Пәндік принцип бойынша ұйымдастырылған телімдерде операция-

лардың бір ғана түрі емес, жалпы технологиялық процесс жүргізіледі.

  • Қосымша өндірістік телімдер негізгі өндірістік учасклердің прин-

циптерімен құрастырылады. Қосымша телімдерге металл өңдеу және энергетикалық құрал-жабдықтардың ағымдық ремонты бойынша телімдер; құралдарды тарату, транспортпен қамтамасыз ету, технологиялық жабдықтарды жұмыс қолында сақтау телімдері жатады.

Кәсіпорынның негізгі құрылымдық өндірістік бірлігі болып цех табылады. Цех дегеніміз жалпы өндірістік процестің бір бөлігін атқаратын, әкімшілік жағынан дербес бөлім.

Цехті басшы басқарады, ол өндірістік процесті ұйымдастырып, оның іс-әрекеті үшін жауап береді. Өндірісті басқаруда басшыға учаскелердің басшы-

лары, мастерлер, цехтік бюролардың басшылары көмектеседі. Цехтер мен учаскелердің басқару аппараты негізінен өндіірстік-диспетчерлік бюродан, еңбектті ұйымдастыру және нормалау тобынан, экономисттен, бухалтерден және тағы басқалардан құралады.

Машина құрылысында цехтар негізгі төрт топқа жіктеледі:

  • Негізгі цехтар. Мұнда сатуға арналған өнімді дайындау операциялары жүргізіледі. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы болып бөлінеді. Дайындау цехтарына питейлік, штаттық, престік цехтар жатқызылады; Өңдеуші цехтарға- ағаш өңдеу, механоөңдеу, термикалық бөлшектерді бөлу; құрастырушы (жинау) цехтарына- агрегаттық және соңғы жинау, бөлшектерді қосымша бөлшектермен комплектілеу цехтары жатады.
  • Көмекші цехтар. Бұлар- құрал-жабдық моделін, ремонт жасау, энергетикалық цехтар.
  • Қосымша цехтар- металл қалдықтарын қайта өңдеу және утилизациялау цехтары, массалық тұтынушы сұранысына ие тауарды дайындау цехтары.
  • Өнімді тараға салу, тұтынушыға дайын өнімді жіберу цехтары.

Кәсіпорынның өндірстік құрылымының түрі кәсіпорының өндірістік қарекетіне және өндірістік процестің ұйымдастырылуына байланысты болады. Өндірістік құрылының үш түрін технологиялық, пәндік және технологиялық-пәндік (аралас) көрсетеді.

Технологиялық құрылымда өндірістің бөлек түрлері технологиялық жағынан бөлек болады. Мұнда өндіріс технологиялық мамандану принципі-мен құралады, Яғни әрбір учаске белгілі бір түрдегі технологиялық операцияларды атқарады.

Пәндік құрылымда кәсіпорын цехтарының әрқайсысы өзіне бекітілген бұйымды немесе оның бөлшегін дайындайды.

Пәндік құрылым конвейерлік өндірісті ұйымдастыруға, технологиялық процесс кезінде құралдарды қоюға, жоғары өндірістік құрал-жабдықтарды және компьютерлік технологияны қолдануға мүмкіндік береді. Яғни бұл кезде бөлшектердің жолы қысқартылады, өндірістік цикл ұзындығы қысқартылады.

Технологиялық-пәндік немесе аралас құрылым бір кәсіпорында пәндік және технологиялық принциптермен ұйымдастырылған цехтардың болуымен анықталады /7, 52-56б/.

Өндірістік құрылымның түрі дегеніміз өндірістің технологиялық деңгейі мен ұйымдастырушылық ерекшеліктерінің комплекстік мінездемесі.

Өндірістік құрылымның түріне өндірістің мамандану деңгейі, өндірістің масштабтығы мен көлемі, дайындалған бұйымдардың күрделілігі әсер етеді.

Өндірістік құрылымның түрлері:

  • Бірлік өндіріс;
  • Сериалық өндіріс;
  • Массалық өндіріс;
  • Тоқталмайтын процесі бар өндіріс;

Бірлік өндіріс бұйымдарды бір-бірлеп өндіруге бағытталған. Мұндағы өнімнің әр бірлігі өз атқаратын міндеттері, конструкциясы, орны, тағы басқа көрсеткіштер бойынша ерекшеленеді. Бірлік өндіріске ірі машиналарды шы-

ғару, ерекше құрал-жабдықтарды, атомдық реакторларды және тағы басқа стандартты емес өнімді шығару жатады.

Сериялық өндіріс конструктивтік бірдей өнімді белгілі бір мерзім ішінде белгілі бір партиялармен шығаруға бағытталған. Мысалы, станоктар, моторларды шығару.

Массалық өндіріс ұзақ мерзімді уақыт кезеңінде стандартты өнімнің шектелген номенклатурасымен үлкен көлемде шығаруға бағытталған. Мысалы, автомобильдер, тракторларды шығару.

Тоқталмайтын процесі бар өндіріс өңделетін ресурстардың тоқтаусыз келуімен, көлем, ұзындық, массаның белгіленген бірліктерінде біркелкі өнімнің үлкен көлемін шығаруға бағытталған. Мысалы, мұнай өнімдерін, химиялық өнімді шығару.

Өндірістік құрылымның әрбір түрінің шегінде осы түрге сәйкес келетін басқару құрылымы жасалады.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымында конструкторлық-технологиялық бөлімдер және ғылыми зерттеу лабораториялары маңызды рөл атқарады.

Мұнда зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі, технологиялық процестер, тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі /8, 78-85б/.

2. 2 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы - тиімді басқарудың негізі

Ұйымдастыру. Стратегияны іске асыру кәсіпорынның барлық бөлімшелері алдында тұрса, кәсіпорын басшылығы алдында ұйымдастыру мәселесі тұр.

Бұл сұраққа келер алдында «менеджмент» түсінігін анықтайық. Бұл сөз үш мағынада қолданылады: басты менеджмент, бөлім деңгейіндегі менеджмент, менеджмент процесі.

Басты менеджмент. Басты менеджмент ретінде барлық бас менеджерлер (басқарушылар) түсініледі. «Жоғары басшылық» немесе «жоғары әкімшілік» сияқты терминдер кеңінен қолданылады. Бұл терминмен президент, директор, басшы және басқа жоғары лауазымды тұлғаларды айтады. Басты ме-

неджмент функцияларының сипаты компания көлеміне, атқаратын қызметтің күрделілік деңгейіне байланысты өзгереді. Сыртқы орта да өз әсерін тигізеді. Оның атқаратын рөлі, негізінен компаниялар мен фирмалардың көбісі үшін бірдей.

Бас менеджменттің ұйымдастырушылық функцияларына мыналар кіреді:

- ұйымдастырушылық функциясының өзі, яғни компания іс-әрекетінің

стратегиясына сәйкес ең тиімді ұйымдастырушылық құрылымды жасау.

Бұл жерде компанияның әр қызметкері оған қойылып отырған өндіріс

тік талаптарға сай болуы тиіс;

- басқару;

- бақылау;

- координациялау;

Бөлім деңгейіндегі менеджмент. Оның құрамына мыналар кіреді:

- корпорациялық ортақ мақсаттары мен міндеттеріне сай бөлім деңгейін-

де мақсаттар міндеттер қою;

- бөлім жұмысын ұйымдастыру;

- жоспардың жасалуы бойынша өндірістік іс-әрекетті басқару;

- өндірістік процесті бөлім шегінде координациялау /9, 104-110 б/.

Менежджмент процесі. Бас менеджмент пен бөлім деңгейіндегі менедж-

мент арасындағы жалғыз айырмашылық-олардың масштабы мен жауапкер-

шілік шегі.

Менеджмент процессі жоғарыда аталған функциялардың барлығын қамтиды және берілген ұйымның кез-келген мүшесімен, өзінің компетенциясы шегінде атқарылуы мүмкін. Менеджмент функциялары тек менеджерлердің өздерімен ғана емес, инспекторлармен, бригадирмен, мастермен атқарылуы мүмкін. Яғни олар менеджер аталмаса да, өзінің деңгейінде менеджер қызметін атқарады .

Ұйымдастыру-бұлқұрылымды жасаудың келесідей сұрақтарын шешуге бағытталған менеджменттің құрамдас бөлігі:

- басқарушылар, қызметкерлер арасында кәсіпорын алдында тұрған мә-

селелерді бөлуді жүргізетін жауапкершілік;

- жауапкершілікті бөлу мәселесі жөнінде кәсіпорын қызметкерлері ара-

сында туындайтын заңды ішкі қарым-қатынастар;

Ұйымдастыру- белгілі бір жұмысты атқару үшін қажетті әрекеттер мен қызметтерді жоспарлау және анықтау, сонымен қатар бұл әрекеттер мен қыз-

меттерді топ, сектор, бөлім шегінде біріктіу.

Ұйымдастырушылық қарым-қатынас. Егер менеджмент жалпы құрылым шегінде менеджменттің бөлек позицияларына бөлінсе, менеджменттің бөлек позициялары арасындағы заңды қатынастар ұйымдастырушылық қарым-қатынас деп аталады /10, 78-80б/.

Кез-келген ұйымдастырудың үш негізгі этабы бар:

- атқарылатын жұмыстың сипатын анықтау;

- менеджменттің позициялары аасында жұмысты бөлу;

- менеджмент позицияларын класификациялау, бұл негізде басқарудың

логикалық топтарын құру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
Германиядағы металл кендері
Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы
Машина жасау өндірісінің салалары
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Италияның мемлекеттік құрылысы
Италия
Павлодар қаласы
Қазақстандағы машина жасау кешенінің дамуы
ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАРЫ РӨЛІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz