Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және оған қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және оған қойылатын талаптар
Орындаған:
Тексерген:
Орал - 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті оған қойылатын талаптар
1.1 Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Мұғалім оқушымен сөйлеу барысында тіл тазалығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.Биология пәні мұғалімінің сөйлеу мәдениеті
2.1 Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар ... ... ... ... ...16
2.3 Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мекемелер мұғалімдерінің пән мұғаліміне қойылатын бірыңғай талапты орындау жағдайын реттейтін құжаттың болмауына байланысты қала көлемінде оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларына, журналдың толтырылуына, оқушылардың жұмыстарына және білім, білік, дағдыларын бағалауға қойылатын бірыңғай талаптар топтамасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан, мектептің дамуының қазіргі деңгейінде қала мектептерінің математика және физика пәнінің мұғалімдері пәнді оқытуға қойылатын төмендегі бірыңғай талаптарды басшылыққа алулары тиіс.
Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, оқушыны адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сиқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігі мен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды. [1]
Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл- ой мәдениетіне жету қиын. Егер мұғалім бірнеше тілді меңгерген болса, тіпті, жақсы, көп тілділік адамның сөйлеу мәдениетіне де, сөз қорынының мол болуына да қолайлы әсер етеді. Оқушының ана тілінде сөйлеуін дамытуда ықпалы мол мұғалімнің сөйлеу тілінің кейбір ерекшеліктері туралы сөз етсек дейміз. Әрбір есейген азаматтың есінде қалған сүйікті ұстазының барлық жақсы қасиеттері үлгі болатыны. Мүмкін жақсы дегн жекелген ұстаздардың есімізде қалуы олардың сөйлеу мәдениетінің де жоғары болғандығынан шығар. Мұғалім оқушымен сөйлескенде қазақ тілінің мол байлығын орынды да шебер пайдаланып, нәрлі сөздерді қолдана білсе, біріншіден, баланың жүрегіне жол табады, екіншіден, сөйлеу мәдениетін байқаған оқушының ұстазына деген сезімі молаяды, үшіншіден, ұстазына еліктеген оқушының да ана тілінде шебер сөйлей білуге ынта- ықыласы артады.
Тіл арқылы қарым-қатынас жасау өте күрделі процесс.Сондықтан мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылар талап та биік. Ұстазының сөзі шәкіртіне әсер етуі жағынан екіге бөлінеді екен. Бірінші түрі- көбіне ақыл айту, кеңес беру ретінде болса, екіншісі - алғашқы сөзі өтпегеннен кейін қолданылатын талап қою, бұйрық беру.
Зерттеу мақсаты: биология пәні мұғалімінің сөйлеу мәдениеті жне оған қойылатын талаптар туралы мағлұмат беру.
Зерттеу міндеттері:
-Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті оған қойылатын талаптар туралы;
-Қазіргі таңда биология пәні мұғаліміне қойылатын талаптар туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі - еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі. Қазақтың аса көрнекті қоғам қайраткері, ақын, аудармашы ғалымы Ахмет Байтұрсынов Ең әуелі мектепке керегі - білімді, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім деген болатын.
Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт бағдар беріп, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде оның мәдениетін айтпай кетуге болмайды. Адамдардың жан-жақты жетілулері адамның шығармашылық белсенділіктері мен мүмкіндіктерін дамыту мәдениеттіліктерін көрсете білудің нәтижесі. [2]
Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Алдымен мәдениет деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді. Мәдениет туралы түсінікке әр ғалым әр түрлі анықтама береді.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, - дейді тілші-ғалым М.Балақаев. Мәдениеттің өзі екіге бөлінеді: материалдық және рухани. Соның ішінде рухани мәдениетке жатады:
а) ойлай білу мәдениеті - өмірге талдау жасап қиындықтардан арылу жолын таба білу, ақылға салу, жасампаздыққа жеткізу;
ә) педагогикалық мәдениет - ұзақ жылдар бойына жинақталған ең озық іс-әрекет, білім, үйрену нәтижесі;
б) тіл мәдениеті - коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану;
в) сөйлеу мәдениеті - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сөйлеу мәдениеті - үлкен қасиет, мазмұны жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі - тіл тазалығы. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал, - деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген. Сөйлеу - ұстаздың тіл амалдарын пайдалануарқылы пікірін, ойын білдіруі.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлділігі, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы маңызды. Сондықтан мұғалімнің сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлділігімен, тыңдаушыларды баурап алып кететіндігімен үлгі болуы тиіс.
Ұстаз сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар. Халқымыз жақсы сөйлей білетін адамдарды сөзі мірдің оғындай екен дейді. Ұстаздықдыбыс сазына, үніне кең, толық, таза, айқын сүйкімді дауыс беру үшін жағымды саз беруге дағдылану, жаттығу керек. Бұл туралы А.С. Макаренко Дауысты үйлестірудің қандай ұлы іс екенін ұғындым. Жүре беруіңе болады деген қарапайым үш ауыз сөзді 50 түрлі әдіспен айтуға болады.Бері кел деуді 20 түрлі әдіспен айтуды, бет-бейнемді, даусымды 20 түрлі құбылтуды үйрендім, - деген екен.
Мұғалімнің мінезі жайдарлы, кең пейілді, сабырлы, ашу шақырмайтын, сөзі өте сыпайы болуы керек. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Бірінші қыры - мұғалімнің өз пәнін меңгеруі; екінші қыры - оны үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі; үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі, сөйлеу шеберлігі; төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі; бесінші қыры - жасампаздығы; алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы; жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы; сегізінші қыры - үлгі-өнегесі немесе педагогикалық әдеп- этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті, сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандыққа тән қасиет. [3]
Сөз өнері - халықтың ішінен орақ тілді, от ауызды небір шешендерді шығарған. Олардың айтқан сөздері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ғасырлар бойы жасап келеді. Сухомлинский Тәрбие өнері дегеніміз - ең алдымен, сөйлей білу, адам жүрегіне жол таба білу өнері. Мұғалім сөзі - шәкірт жүрегіне жол табуда теңдесі жоқ құрал деген болатын. Бұл сөзде шын мәнісінде үлкен шындық жатыр. Себебі, сабақ мұғалімнің сәлемдесуімен басталып, қоштасуымен аяқталады. Негізгі тұлға - сыныптағы мұғалім. Сондықтан да сыныпта шәкірттің сөйлеу тілін қадағалаумен бірге, мұғалім өзінің тіліне де айрықша мән беруі керек. А.С.Макаренко да мұғалімнің осы қасиетіне ерекше мән берген. Оқушылар - деп, жазды ол, - сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек.
Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді. Сондықтан мұғалім сөзін оқушыларды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Сабақ бергенде мұғалімнің даусы оқушылардың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығуы керек.
1.2 Мұғалім оқушымен сөйлеу барысында тіл тазалығы
Мұғалім мен оқушының қарым - қатынасы барысындағы сөйлеу тілі ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыстың жемісті болуын: берілетін білім мен тәрбие мазмұны саналы және тәжірибелік қызметтің ұтымды ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Ұстаздың сөйлеу тілінің мәдени деңгейі оның сабақ беру барысында да , сабақтан тыс кезде де көрінеді.
Мұғалім сөзі айқын анық тылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлдігімен, тыңдаушыларды баурап кететіндігімен жұртқа үлгі болуға тиіс. Оның сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының , сөйлеу сазының зор мәні бар. Халқымыз жақсы сөйлей білетін адамдарды сөзі мірдің оғындай екен дейді.
А.С. Макаренко да мұғалімнің осы қасиетіне ерекше мән берген.
Оқушылар - деп, жазды ол, - сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік жіігері мен қажыр қайраты немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді. Сондықтан мұғалім сөзін оқушыларды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөзі арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны бірден байқап қояды. [4]
Сабақ бергенде мұғалім даусы оқушылардың бас миында жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығуы керек. Кейбір мұғалімдердің сабақ түсіндіргендегі сөздері естілер- естілмес, жай, бір сазды болып естіледі. Оның өзі оқушыларға гипнозды түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайына келтіреді. Бұл тұрғыдан алғанда мұғалімнің сөйлеу стилін оның психологиясын басты көрсеткіші десек те артық болмас еді.
Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу - барлық пән мұғалімдерімен қатар, тәрбиешілердің де міндеттерінің бірі. Әсіресе, шәкірттерді өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу - сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің басты бір элементі. Өйткені ана тілі К.Д. Ушинский айтқандай : Адамның кір жуып, кіндік кескен жерінің тауы мен тасы, орманы мен өзені, дауылы мен нажзағайы, одан сонымен қатар халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы да көрінеді. Ана тілінің жан жүйесінің жан- жақты қалыптасуындағы құдетті күші туралы ұлағатты сөздер ұстаздар қауымының жадынан тұрақты орын алуы керек.
Мұғалімнің қолында әр уақытта оқытатын сабағының жоспары болуы тиіс. Кіріспеде, негізгі бөлімде, қорытындыда нелер айтылуы керек? Қандай мысалдарды айрықша түсіндіру керек деген тапсырмалар алдын ала белгілі болуы шарт. Яғни, мұғалім ойын айтып түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиіс. Жоспар жүйелі құрылған болса, ой түсінікті болады. Сөз белгілі бір мазмұнды білдіреді және мұғалімнің осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Сөйлеудің бұл сипаты - оның мәнерлілігі. Сабақ түсіндіргенде, дәріс, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да әсерсіз болады. Ұстаз ауызша сөйлеуде эмоциямен, мимикамен, ишарамен де білдіре алады. Мұғалімнің сөзі оның мінезіне байланысты да болуы мүмкін. Бірақта сөзде орфоэпиялық нормалардың бұзылмауы, диалектілік сөздердің араласпағаны жөн.
Ана тілінің осын дай табиғи қасиеті туралы жан тебентерлік ұлағатты сөздерді естен шығаратын мұғалімдер жоқ емес. Мұғалім оқушымен сөйлеу барысында тіл тазалығын сақтау керек . Тіл тазалығы дегенді екі жақты түсіну керек. Бұның себебі кейбір мұғалімдер өзара және оқушылармен сөйлесу барысында тіл тазалығын онша сақтай бермей, қазақшаға орысша қосып сөйлейді. Әрине мұндай мұғалімдер өзі түгіл өзгені де бүлдіреді, ана тілінің қадірін кетіреді. Қазақтың ойшыл ақыны С. Тоайғыров өз кезінде осындай тіл бұрмалаушыларға бар ашу ызысын білдірген еді. Ана тілінде
Шүлдірлеп, шолжаңдап, жығылып, сүрініп жүруге болмайды,- деп жазды ақын,- ол қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы
Олай болса бүгінгі өмірдің талабына сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде мұғалімдер мен тәрбиешілердің сөйлеу мәдениетінің алатын орны ерекше болмақ.
Оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларына қойылатын бірыңғай талаптарды орындау бағытындағы мұғалімнің жұмысы.
1. Мұғалімге қажетті: сабақта берілетін мазмұндаманың баяндалу барысын мұқият ойластыру, барлық тұжырымдамалардың, сұрақтардың дұрыс және нақты айтылуы; жазбалардың барлық түрлерінің (тақтада, журналда, оқушылардың күнделіктерінде және т.с.с.) сауатты орындалуы; түсінікті жазумен жазылуы.
2. Өз сөзінде құрылымы дұрыс емес сөйлемдер мен сөз тіркестерін, дыбысталу нормаларының бұзылуын, сөздің орынсыз қолданылуын және тапсырмалар мен анықтамалардың тұжырымдамаларында қателіктерді болдырмау.
3. Оқушылардың сөздік қорын толықтыру мен нақтылау бағытында, оқытылатын пән бойынша жаңа терминдермен таныстыру бағытында үздіксіз жүйелі жұмыс жүргізу. Жаңа терминдерді түсіндіргенде сөзді анық, таза айту, тақтаға жазу және дәптерлеріне жаздыру, олардың мағынасының меңгерілуін және дұрыс қолдануларын үнемі тексеріп отыру. Оқытылатын пәнге, бағдарламаның айтылмыш тарауына қатысты жазылуы мен дыбысталуы қиын сөздерге плакаттар мен кестелерді қолдану.
4. Барлық сабақтарда оқылған материал бойынша талдауды, саралауды, салыстыруды, сәйкестендіруді, жауап беру барысында қажетті дәлелдемелер келтіруді, қортындылаудың немесе түйіндеуді және жинақтауды орындай алу бейімділіктерін қалыптастыруға көп көңіл бөлу.
5. Оқушыларды оқулықпен, әртүрлі анықтамалық әдебиеттермен, тізімдемелермен, картотекалармен жұмыс жасауға үйрету.
6. Дәптерлердің ұқыпты жүргізілуі мен ондағы барлық жазбалардың сауатты толтырылуын қадағалау.
7. Жіберілген қателерді түзетіп отыру.
8. Дәріс алушыларда оқытылатын пәндер бойынша арнайы дәптерлерінің болуын, олардың мектепте бекітілген тәртіпке сай толтырылуын, жүргізілуін, бірыңғай орфографиялық режімнің орындалуын қадағалау.
9. Оқушылардың математикалық тіл мәдениетін жетілдіру үшін сабақтан тыс жұмыстардың барлық түрлерін қолдану (олимпиада, сайыстар, факультативтер, үйірмелік оқулар, пікір таластар, семинарлар, КВН, т.с.с.).[10]

2.1 Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар
Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. "( Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.[12]
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.
Мұғалімге қойылатын талап - жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан - жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.[14]
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан - жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?
Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан - тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.
Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі.
Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы.
Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп - этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Мұғалім - Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан - қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.
Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.
Мұғалім шеберлігі - бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі - ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры - шәкіртпен қарым - қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
Өз ойымызды қортындылай келе:
- озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау;
- үздіксіз біліктілік көтеріп отыру;
- арнайы әдебиеттерді оқу;
- өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп отыру;
- өзіндік сарап жүргізіп отыру шеберлікке жетудің негізгі кезеңдері деп санаймыз.
2.2 Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар
Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне тарихи-педагогикалық және мәдени мұраларды пайдалану барынша қажет болып отыр. Себебі, ол болашақ мамандардың рухани дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың эстетикалық талғамы мен адамгершілік, тұлғалық және сапалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесіндегі өнердің басты мақсаты - адам баласының барлық іс-әрекетіндегі сергек сезімталдықты, әдемілік пен әсемдікті тәрбиелеу.
Мемлекетіміздің мәдениет мәелелері мен тарихи өткенін жаңғырту және бағалау мәселелеріне деген көзқарасына 2004-2006 жылдарға арналған Мәдени мұра бағдарламасының қабылдануы дәлел бола алады. Бұл бағдарламаның жасалуы мәдени мұралар саласындағы қалыптасқан жағдайға барынша белсенді түрде әсер етудің қажеттілігімен байланысты болып отыр.
Бұл мәселені зертеудің қажеттілігі мынадай нақты қарама-қайшылықтан туындап отыр. Біріншіден, қоғамның халықтың мәдени мұрасын қайта жаңғыртуына деген қажеттілігінің өсуі, өскелең ұрпақтың бойында өз халқының мәдени және рухани мұрасына деген жағымды қатынасын биологиялық білім, тәрбие және ағарту ісінде қалыптастыруды өзектеумен байланысты. Екіншіден, биологиялық білім беру мен тәрбиені дамытудың аймақтық ерекшеліктерін зерттеумен байланысты педагогика тарихында жинақталған тәжірибенің жеткілікті зерттелмеуі мен ғылыми қорытындыланбауы арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады.
Бұл мәселелердің көкейтестілігі қазіргі кезеңде биологиялық білім беру мен тәрбиенің аймақтық ерекшелігін зерттеумен байланысты ғылыми еңбектердің жоқтығында жатыр. Қазіргі уақытта жастарлың өз халқының тарихына, өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығы өсіп отырғаны байқалады. Еліміздің аймақтарындағы тарихи-педагогикалық жұмыстар - отандық ғылым мен интеллегенция өкілдерінің көңілін аударып, қызығушылық тудырып отырғанын айтуға болады.
Көптеген жылдар бойы Қазақстанда биологиялық ағарту және білім беру дамыды, жетілді әрі белгілі бір жүйеге қалыптасты. Ғалымдар еңбегі Қазақстандағы биологиялық білім берудің қалыптасуы мен дамуын зерттеуде өздерінің сүбелі үлестерін қосты.
Ұлттық, дәстүрлі мәдениеттің эстетикалық тәрбие мазмұнына қосқан үлесі отандық педагогиканың, ғылымның дамуына мүмкіндік туғызды. Дегенмен, өнердің көпқырлылығы, ол өнердің әртүрлі саласын ықпалдастырып қана қоймайды, әрі бүкіл адамзаттық мәдениетті де қамтиды. әлеуметтік саланы дамыту барысында қоғамды ізгілендіру көрінісінің бірі - рухани жағынан бай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz