Эмоционалдық жағдайлардың түрлері және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Эмоционалдық жағдайлардың түрлері және ерекшеліктері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері
1.1. Эмоция – мінез- құлық негізіне жататын
феномен ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық тұрақсыздықтың
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ. Эмоциялық жағдайлардың түрлері
2.1. Эмоция және оның балалық шақта
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .14
2.2.Эмоционалдық тәуелділіктен құтылу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ІІІ. Практикалық бөлім
Балалардың психикалық дамуында кездесетін қиындықтарды түзету (коррекция)
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .27
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты
болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық
жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, әр оқышының
білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін 1 арттыру қажет екендігі
көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде
диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы
байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың
эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені
келесі сөздермен айтылған: Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни
экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан
алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай
отыруы 2. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты
өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында
кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып
келетіндігі психологияда дәлелденген.
Жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын
эмоционалдық үйлеспеушілікті зерттеушілер А.Бек, Л.С.Выготский,
Л.А.Орбели, Г.Селье, К.Роджерс, К.Юнг, В.Франки, Р.Бэрон, Перлз, Изард,
З.Фрейд, Қ.Жарықбаев, С.Н.Ениколапов т.б. көптеген ғалымдар
еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы,
эмоционалдық үйлеспеушіліктің табиғаты, пайда болу себептері және одан
шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың
бойында кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктер түрлері мен көрініс
беру ерекшеліктері талданған.
Жеткіншектер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер
пайда болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы
ахуалмен байланысты бала мінезінң кейбір көрсеткіштері шамадан артық
дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады.
К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б.ғалымдар
осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын,
зерттеу әдістемелерін жасаған. Қазіргі кезде жеткіншектердің
психоэмоционалдық үйлеспеушілігін болдырмау және осы жағдайдан шығару
әдістемелерін тиімді пайдалану жолдары анықталған. Жеткіншектердің
эмоционалдық үйлеспеушілігі орын алғанда оларға нақты көмек көрсету
жолдары мен құралдарын анықтау қажет болғандықтан біз дипломдық зерттеу
тақырыбын Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық
үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық
қызмет көрсету мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектердің эмоционалдық
үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында
жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және
тұрақтандыруға мүмкіндік туады.
Зерттеу мақсаты: жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық
үйлеспеушіліктің теориялық негіздерін талдау арқылы оның алдын алу және
коррекциялаудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- жеткіншектердің эмоционалдық даму проблемасы бойынша ғылыми-
әдістемелік еңбектеді талдау;
- жеткіншектердің эмоцияларының көрініс беру түрлерін және
себептерін анықтау;
- жеткіншектерде орын алатын акцентуация, мазасыздану, депрессия
жағдайларын диагностикалау;
- мектеп психологінің эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайындағы
балаларды коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін
талдау.
Ғылыми зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық
ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді
теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама
жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Леонгард-Шмишек тестін,
Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, Әлеуметтік мазасыздану шкаласы
т.б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын,
депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша
психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.
Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде
ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне
байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеідің теориялық негіздері
талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер
жинақталды. Екінші кезеңде психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы
мектеп оқушыларының эмоционалдық жағдайлары зерттелінді. Барлық
психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі
кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі
және практикалық бөлімнен,қосымшадан тұрады.

1.1. Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен
Эмоция қазіргі теорияларда білімнің маңызды түрі ретінде
қарастырылады. Эмоция психологиясы психологияның белгілі аймағы
болып табылады. Қазіргі эмоция психологиясында эмоция түсінігінің
түрлі анықтамалары кездеседі. Бірақ, барлық теоретик
–психологтардың тәжірибелі тұрғыдан сай келуі осы эмоция
түсінігінің жалпы қабылдаған анықтамасының жоқтығында. Сондықтан да
эмоция категориясы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты
туғызып отыр. Осыған байланысты Э. Роштың прототивтік ағым бойынша
талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зеріттеуін
қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша,
табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы
келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі.
1. Жиілік.
2. Прототиптілік.
3. Бейкатегориялық.
4. Доминанттылық.
А. Ортони, Дж. Клор және А. Коллинз өздерінің эмоцияның
конгетивті құрылымы, еңбегінде эмоцияға тек қана валенттілігі
бар психикалық пайда болулар ғана жатуы керек, яғни, жағымды
немесе жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік және
осы сияқты феноменттер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек
дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу
эмоцияға кіргізіледі.
К. Изарды Адам мінез – құлқының фундаметальды принципі
болып, эмоцияның қабылдауды, ойлауды және әрекетті ұйымдастыруы
және күшберуі болып табылады, барлық эмоция эволюция барысында
дамитын адаптивті функцияларға ие деп, атап көрсетеді.
Эмоция – адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады.
Мауер: эмоция өз әсерімен мінез – құлықты өзгерте алады,
сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар,
эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді деп, атап өтеді.
Мінез – құлықтың негізгі қозғаушы күші эмоция болып табылады. Осы
эмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.
Эмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде эмоция кезінде
электрофизиолгиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс
мидің электірлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында
да жүреді. (Симонов, 1975) ; Қатты ашулану немесе қорқу
нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 – 60 дүрсілге көтеріледі.
Күшті жүретін эмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай
бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе
аз дәрежеде бір – біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай
өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін
тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.
Эмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция
басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді.
Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе
уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене
мән бермеу тән.
Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқада
бөліктеріне әсерін тигізеді. Осының әсерінен субьектінің мінез –
құлқы өзгереді.
Томкинс пен Изард эмоцияның пайда болуына
қабылдаумен білім үлкен роль ойнайды деп атап көсетеді. Жалпы
эмоция фудаментальді деп аталады. Өйткені ол 3 компанентен
тұрады:
1. Арнайы ішкі детерминацияланған жүйкелі субстрат;
2. Мимикалық немесе жүйкелі бұлшықет тән комплекс;
3. Субьективті уайымдаумен ерекшеленетін немесе
фенаменалогиялық қасиет.
Осы 3 компонент бірігіп, эмоцияны көрсетеді. Ал осы
пайда болған эмоцияға түрлі сипат тән:
1. Қызығу – толқу – жиі уайымдалатын жағымды эмоция, ол оқуды,
дағды, үйрену және шығармашылық талпынуды мотивациялайды. Яғни, осы
қызығу нәтижесінде субьектінің белгілі нәрсеге деген процестері
артады.
2. Қуаныш – максималды қажет эмоция. Ол сенімділік сезімімен
сипатталады. Бұл Томкинс позициясы тұрғысынан қуаныш - жүйке
стимуляциясының градиентінің қатты төмендеуінің нәтижесінде пайда
болады.
3. Таңқалу эмоцияның бірнеше түрлерінен көрінеді, бірақ ол
эмоция емес. Басқаларға қарағанда таңғалудың ерекшелігі - ол
барлық уақытта өтпелі жағдаймен сипатталады. Ол жүйке
стимуляциясының бірден жоғарлауы нәтижесінде пайда болады.
4. Қайғы – қасірет - бұл эмоция нәтижесінде адам өзін
тастап жібереді. Жалғыздықты адамдармен қатынастың жоқтығын
сезінеді, өзіне жалынышпен қарайды.
5 . Ашу – бұл кезде бет қызарып, қан қайнап кетеді.
6. Жек көру – ашумен бірге пайда болады. Ол физикалық немесе
физиологиялық бұзылудың нәтижесінде пайда болады. Ол деструктивті мінез
– құлыққа алып келуі мүмкін;
7. Көргісі келмеу – жоғарыдағы екеуімен бірге пайда болады. Осы,
яғни эмоцоияның үш сипаты жаушылық триадасы деп аталады. Өзін күштімін
яғни, басқадан ақылдырақпын, білімдімін, т.с.с) сезіну осыған алып
келеді. Мұның бір қауіптілігі суық эмоцияға келіп тіреледі, ол индивид
немесе топтың деперсонизациялануына алып келеді. Бұл эмоция біреуді
өлтіруде көмегін тигізеді;
8. Қорқыныш – бұл эмоция адам психикасы үшін өте зиян: адам тіпті
өлуге дейін қорқуы мүмкін;
9. Ұят – бұл адамның тығылу немесе жоғалып кетуіне кепіл болады
немесе керісінше;
10. Күнә - моральды этикалық норманы бұзу нәтижесінде пайда
болады.
Біз эмоцияны мінез - құлық бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар,
біз эмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның
комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:
1. Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект
психикасының белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;
2. Депрессия – дипрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл
Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен қайғы
аналогиясы ретінде қарастырды. Дефференциалды эмоция теориясында
депрессия мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия
фундаменталды эмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен
сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық.
Махаббат – аффектінің маңызды комплексі болып табылады;
4. Жаушылық – агрессияның негізі ретінде анықталады.
Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға
келеміз: Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын эмоциялар арқылы көреді
екенбіз. Ал эмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше
теорияларға тоқталамыз.
Фрейдтің психоаналитикалық теориялары психология тарихында және
мінез-құлық ғылымында белгілі бір себептерге байланысты үлкен роль алып
отыр. Фрейд санасыздық, түс динамикалығын сақтау мезанизмдері санасының
дамуы, қысылу, көтерілу, тұрақтылық, өзгергіштік, балалар сексуалдығы
сияқты эвристикалық концепцияларды шығарды. Мұның барлығы аффект
(эмоция) концепциясы болып табылады.
Фрейдтің инстинктік қызығушылық теориясы мотивацияның классикалық
психоланалитикалық теориясының ядросы болып табылады. Сөйтіп Фрейд:
аффект немесе эмоция психикалық өмірде тек қана қозғаушы күш болып
табылады. Сонымен қатар, ол кейінгі еңбектерінде: аффект немесе
эмоцияны адам психикасына фантазияны және тілекті итеруші күш ретіндегі
интропсихикалық фактор деп атап көрсетеді.
Психоаналитикалық теорияларды анықтай отырып, Рапапорт -
инстинктік қызығуды немесе мотивті интропсихикалық күш ретінде
анықтайды.
Түрлі теорияларға сүйене отырып, эмоция механизмі туралы келесі
түсініктерді береді: Сөйтіп, қабылданған обьект танылмаған инстинкті
энергияны мобилизациялау инициаторы болып табылады деп атап көрсетеді,
егерде осы энергияның шығуына ашық жолдар болмаса, (яғни, бұл
инстинктивті талаптың конфликті болу жағдайлары) онда ол басқа канал
арқылы жол тауып, түрлі әрекеттерге әкеліп соғады. Осының әсерінен
эмоционалды түр немесе эмоционалды сезім – симультанды немесе бірінен
кейін бірі немесе жалғыз иекті болуы мүмкін. Біздің қоғамда инстинктің
пайда болуының ашық жолдарының сирек болуына байланысты, түрлі
интенсивті эмоционалды разряд жиі болып тұрады. Сондықтан да біздің
психикалық өмірімізде инстинкті эмоциялардан басқа (бірден көтерілу,
қорқыныш және т.с.с.) түгелдей эмоционалдық пайда болу иерархиясы бар
(яғни, конвенционалдыққа, интелектуалдыққа негізделген).
Эмоция туралы, Рапапорт: Аффект сигналдар жиынтығы секілді шындықты
танудың ойлау механизмі:
Джон Боулби: Үйреніп қалғанннан басқа өте күшті сезіммен
шығарылатын мінез-құлық жоқ (нет поведения сопроваждающегося более
сильным чувством чем привязанность) - деп көрсеткен.
Сонымен, эмоцияның толық анықтамасын беру үшін біз үш аспектіге
тоқталып өтеміз:
а) Эмоцияны сезіну;
ә) Жүйке, эндокринді, тыныс және организмнің тағы басқа жүйелерінде
болып жатқан процестер;
б) Бақылауға берілетін эмоциялық комплекстер, дәлірек айтсақ, түс
арқылы белгіленетіндігі.
Сөйтіп, Шахер берген анықтама бойынша, эмоция дегеніміз,
физиологияны қоздыру функциясымен біріккен функция оның бағасы және
субьектінің сол жағдайға қатынасы. Бұл эмоцияның когнитивті теориясымен
байланысты.
Ал Лазарус, Авериль оқиғаларға, өмір жағдайларына адамның берген
бағасын танымдық процестерден пайда болған құбылыс деп суреттейді, ал
Арнольд болса бағаны интуитивті автоматтандырыланған процесс ретінде
анықтайды. Томкинс бұл проблеманы неврологиялық дәрежеде қарастыра
отырып, эмоция нейронды стимуляцияның өзгеруімен бірге пайда болады
деп көрсетеді.
Сонымен, мінез-құлық - психологиялық дәстүрлерде кеңінен
қолданылатын жалпы термин. Биховиористер бұл терминді бақыланып отырған
реакцияның мәнін ашуға қолданды., бірақ көптеген ғалымдар оны кез-
келген организмдік функциялар ретінде (аффективтік, когнитивтік немесе
қозғалыс) анықтауда қолданды.
Осыған байланысты, эмоция мінез-құлық ретінде қарастырылған жоқ, ол
мінез-құлық негізінде жататын феномен ретінде қарастырылды.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық еркшелігімен
ерекшеленеді. Ол даралық өзгешелік мінез болып табылады. Мінез деген
психологиялық қасиеттің төркіні гректің характер деген сөзінен
шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Сондықтан да, мінез дегеніміз әрбір
адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен
ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін
ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – еретедегі грек философы
Теофраст (б.э.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік
санасына тән қасиет дейді.
Лабюерде (ХҮІІІ ғ.) Теофраст мінездері деген еңбегінде мінезді осы
мағынада қолданған. ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек
психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік
ерекшеліктерінің қасиеті деп санады.
Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі
педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті дейді.
И.Кант (ХҮІІІ ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны
адамға жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның
даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда
болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.
Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер,
Фулье және тағы басқалары мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда
болатын ерекшеліктері де бар дейді.
Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен
байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі
түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе
мінез адамның жүре пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
К.Рубин айтуы бойынша баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы өзара
интроиндивидуалды және макрожүйелі күйі әрекетімен реттеледі.
Интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процесстерге
жататаны темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылаы.
Темперамент - адам туа пайда болатын генотипті организм қасиеті.
Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені,
жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей.
Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке
жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш
болса - флегматик, әлсіз болса – меланхолик. Сондықтан да, адамның
мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін деп
атап көрсетеді.
Сонымен үйлеспеушілік, эмоция және мінез-құлық бір-бірімен
тығыз байланысты екен. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары
үйлеспеушілікті (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса,
пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі
бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді
екен.
1.2. Жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық тұрақсыздықтың себептері
Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі
заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларды осы
жағдайлардың әсерінен көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы,
тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз
жағдайлардың барлық бала өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен
тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылары үшін сыналу
кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы
мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып
табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі
дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың
осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі.
Бірінші кезең – баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен
сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі
мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік
өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-
қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның
ағзаларындағы барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай
келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;
Екінші кезең – баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын
саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден
пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер
жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы
соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы
жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс
береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының
(позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып
табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең – жас
ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік
ерекшеліктері П.П.Блонский, Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған.
П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып
жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін
сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз, баланың
бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны
біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа
құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы
қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды
шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.
Үшінші кезең – бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас
аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай
келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте маңызды және жауапты
кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо (Эмиль немесе Тәрбие
еңбегінде) саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның
екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар,
жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді
және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік
жағдайымен де байланысты. Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның
жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі әрбір қатенің белгілі бір
көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа ие болуы
да мүмкін. Сондықтан да бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы
оқушыларды қиын жас немесе қиын балалар категориясына кіргізуіміз
мүмкін. Қиын жасты екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады: 1.
Кризистік; 2. Өте қиын, қауіпті. Өйткені бұл кезеңде де физикалық
әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің
жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта
сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай
факторлардың салдарынан қиын балалар пайда болуы мүмкін.
Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған
нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының
жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.
Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп
жасындағы уақытты кризистік жас деп айта аламыз.
Л.С.Выготский Кризистік кезең теориясы бойынша кризистік жас
дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі
өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың ішкі позициясынан өзгеруі
жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.
Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында
оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары дарлық уақытта
сапалы да, өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік
кезеңі ретінде қарастырады. Әрбір жас кезеңінде бала мен орта арасында
сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас
орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтің
жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің
симптоматикалары мен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы
заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың
өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты
кезеңдегіден, яғни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама
айырмашылықтары бар.
Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-
бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол
оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен
анықталады.
Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының
жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі
80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені,
мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы
қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың
дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен
байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың
басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері
нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға ашушаңдық тән екендігі
белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының
үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000
американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген даралық
минесоттық тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі
бойынша, нормадағы балалардың өздері псиопатия, шизофрения,
гипомания, шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан
үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек
немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға
келеміз.
Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау
мақсатында КСРО мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген Роршах
және Тематикалық апперцепция тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы
оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар,
Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жасөспірімдер психиатры
А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың
жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар, әр
жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты
В.Д.Кисловская проективті тест көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік
динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы
оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас
кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе,
жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары
және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану
барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар
тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде
көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы
тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның
әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды
реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында.
Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып,
ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн.
Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың
құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың
бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның
негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік
еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың
жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда
көңілі қалып отырады. Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып
тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп
тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері
өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар
мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына
басқаларға мағынасы үйреншікті басқаша оқу немесе айналадағыларға
жаңаша тіл болып көрінеді.
Ол біріншіден, түсініксіз екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден,
әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену
қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды
зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды
және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі
оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады,
сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе
талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады.
Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-
қатынастың шектелуімен, стерстерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық
агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің
мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда ешкім көмектеспейді
деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып
отырады. Жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік
жағдайларымен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі
қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.
Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабақты үлгермеушілігімен
де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы
ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы
нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала
іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық энергетиканың
жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта
көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі
және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай
екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір
жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың
пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ
мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады.
Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай
стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін
талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін
негізгі факторларды анықтадық. Олар:
1. Биологиялық ерекшеліктер;
2. Әлеуметтік орда.
Осы факторлар бойынша, А.Бек жүргізген зерттеулер эмоционалды
үйлеспеушілікке әсер ететін факторлар қиындықтар жүйге келтірілген және
олар біртіндеп балалардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікке алып келеді
деп көрсеткен.
ІІ. Эмоциялық жағдайлардың түрлері
2.1. Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық
дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік
сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.
Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзғе тақырыптарында
арнайы мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдііі туралы
мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен
психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда
болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядары эмоция
тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жағдайда бихевиоризммен жіптес.
Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік
интроспекциялық психологияга тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция
тақырыбы негізінен натуралистік бағытга баяндальш, өзге тақырынтармен
салыстырғанда өз алдьіна ерекшеленіп, арпа ішіндегі бидай дәніндей болып
көрінеді.
Бұлай деп аныктаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин
іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің Адамның жарасымды қозғалыстарының пайда
болуы деген еңбегінде бұрынғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz