MS Acsess-те деректер қорын құру және олармен жұмыс істеу



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
MS Acsess-те деректер қорын құру және олармен жұмыс істеу

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.1 МҚБЖ – нің жалпы анықтамасы
1.1. MS Acsess мәліметтер басқару
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Мәліметтер базасын
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..11
1.3. Берілгендер қорын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...16

2. MS Acsess-те деректер қорын құру және олармен жұмыс істеу
2.1. MS Access-те кестелермен жұмыс
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...19
2.2. Ақпаратты өңдеу,
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..32
Кіріспе
MS Access ең кең таралған деректер қорын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ)
бірі болып табылады.
MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке
компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар,
деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен
есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер
конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару
элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс,
батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).
Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл
ақпарат кестелерде беріледі.
Формалар- форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін
қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік
береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған
алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің
өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен
кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.
Деректерге қатынау беті MS Access немесе Microsoft SQL Server деректер
қорында сақталған Интернет немесе Интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды
көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады.
Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған.
Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың
әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді
баспаға жібереді.
Есеп жасау, бақылау және жобалаулардың негізін көптеген картотекалар,
тіркеу журналдары, сондай-ақ тізімдер, сызбалар құрайды. Олар біртіндеп
көбейіп, жаңадан топтасады.
Егер де ақпаратттар жинағының көлемі өте үлкен болса, онда керекті
мағлұматты іздеп табу өте қиын болады.
ДЭЕМ және ақпаратты өңдеу мүмкіндігі пайда болғаннан кейін біздер
көптеген ақпараттық-анықтамалық есептерин автоматизация арқылы шеше аламыз.

Бастапқы кезде ЕЭМда ақапаратты сақтап, оны жинақтауға арнайы файлдар
қолданылды. Бұл кезде әрбір функционалдық есепке дербес белгілі бір
қорытынды ақпараттан тұратын файл құралатын. Осының бәрі де қолданушыға
көптеген қиындылықтар әкелетін.
Курстық жұмыстың мақсаты MS Access бағдарламасымен танысу және
мәліметтер базасын басқару жүйесі туралы түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері: мәліметтер қорын басқару жүйесі туралы
жалпы түсінік беру және MS Access бағдарламасы арқылы кесте құрып үйрету,
сонымен қатар, MS Access бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
1.1 Мәліметтер қорын басқару жүйесінің жалпы анықтамасы
1.1. MS Acsess мәліметтер басқару жүйесі
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты
мәлтеттерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы
прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған
мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен
өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі
түсініледі.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда
XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде
белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын
келтірейік.
ЕЭМнің дамуымен бірге басқару системаларын кұру идеялары талқыланды.
Мысалы, өндірістегі бухгалтерлік есептің автоматизациясы кезінде мағлұматты
сақтау, оны дұрыс өңдеу, және де белгілі бір уақыт сайын өзгертіп отыру.
Бұл идеялар өзінің шешімін мәліметтерді басқару системасында, яғни МКБЖ
ортасында тапты. МКБЖ арнайы ақпараттар базасымен тікелей жұмыс істейді.
Дербес компьютерлердің пайда болуымен қатар таблицалардағы ақпаратты
өндеудің ең қолайлысы МКБЖ болып отыр.
МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар
кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакқиялау және апаратпен
көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген
критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын
шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Access – реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі. Қарапайым 2
өлшемді кестер реляциядық мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қорын
басқару жүйесі мәліметтер қорын құру, мәліметтерді өңдеу, қандай да бір
шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әр – түрлі
формалардың есеп беруі (отчет) құружы жүзеге асырады.
Біз MS Access 2000-мен жұмысты бастаймыз. Егер Windows ортасында жұмыс
істеген болсаңыз, онда меню, саймандар тақтасы, диалог терезесі ұғымдарымен
таныс боларсыз. MS Access-ті іске қосу үшін келесі тәсілдердің бірін
қолдануға болады:
1. Access-ті іске қосуды бастау үшін Windows жүйесіндегі Запуск
батырмасын қолданыңыз.
Access-ті баптау аяқталған соң, қатты дискідегі С:\Windows\Start-
menu\Programs бумасына Access үшін іске қосу файлы құрылады. Бұл
бумадағылар басты менюден шақырылатын Бағдарламалар (Programs) бағыныңқы
менюінің элементтері болып табылады, сонымен қатар онда Access-ті іске
қосу (1-сурет) командасы көрінеді.

1-сурет. MS Access-ті басты меню арқылы іске қосу.

Запуск (Start) батырмасын басыңыз және MS Access шақыратын командасы
бар Бағдарламалардың бағыныңқы менюінен ашыңыз. Бағдарламаны іске қосу үшін
осы командалы батырманы басыңыз.
2. Екі рет басу арқылы іске қосу.
Егер MS Access-ті бастау менюінен қолдану арқылы іске қосу қолайсыз
болса, онда бағдарламаны жүктеу үшін екі рет басу тәсіліне көшіңіз. Windows
Explorer бағдарламасын іске қосыңыз және MS Access орнатылған бумаға
көшіңіз. MS Access.ехе файлын табыңыз. Егер MS Access қай папкіде екені
белгісіз болса, онда Windows жүйесіне осы файлды іздеуді қайта тапсыруға
болады. Ол үшін басты менюде Поиск (Find) бағыныңқы менюін, оның ішінде
Файлы или папки (File or Folders) командасын таңдаңыз. Ашылған Найти (Find)
диалог терезесіндегі Имя мен орналастыру (Name and Location)
жапсырмасындағы Имя (Named) аралас өрісінде MS Access.ехе жазбасын
енгізіңіз. Искать (Look in) аралас өрісінде Менің компьютерім мәнін (My
Computer) тауып, Найти (Find Now) батырмасын басыңыз. Файл табылған соң,
іздеуді аяқтап, іске қосылатын файлды жұмыс столына орын ауыстырады. Орын
ауыстыруды Windows автоматты түрде Access-ті іске қосу үшін таңбаша құрады.
Бұл таңбаша Windows\Жұмыс столы (2-сурет) бумасында да пайда болады.
Мәліметтер қорында 2 өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары
өрістер деп аталады.
Дәлірек айтқанжа, мәліметтер қорында, кестердей әр бір жол жазба болып
табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді, олар:
а) мәліметтер қорын құру
б) мәліметтер қорының құрылымын өзгерту
в) форма құру
Реляциондық модель – ең қарапайым модель берілгендерді кесте таблица
түрінде топтастырған модель. (2 сурет)


2-сурет. Жұмыс столында MS Access.exe үшін жарлық құрылуы

Сіз қандай тәсілді қолдансаңыз да, экранда Microsoft Access (3-сурет)
шақыру терезесі пайда болады. Бұл диалог терезесінде алдын ала құрылған
деректер қорын ашуға немесе оларды жаңадан құруға арналған опциялар бар.
Деректер қорын жаңадан құру келесі тарауда қарастырылады, ал қазір MS
Access-ті орналастыруға кіретін демонстрациялық Борей деректер қорын
ашыңыз. Экранда деректер қоры терезесінен, меню жолынан, саймандар
тақтасынан және қалып-күй жолынан тұратын MS Access басты терезесі

3 сурет (Кестелерді құру)
берілгендерді қолданбалы программаларға тәуелдігіш жою мақсатында 1970 жылы
математик Код реляциондық модель концепциясын ұсынды. Қатынас белгілі бір
шарттарда қанағаттандыратын 2 өлшемді кесте.
Қатынастың бағандары – артрибуттар деп аталады. Ал жолды жазулар деп
атайды. Реляциондық қоры дегеніміз – бір бірімен байланысты қатынастар
жиыны әр – бір қатынас жеке файл түрінде сақталынады. Олар келесі тәртіппен
байланысқан (файл, кесте, қатынас, мән).
Модель құрылымның қаталдығы және жұмыс жылдамдығының берілгендер
қорының өлшеміне тәуелділігі.
Microsoft Access - бұл функционалдық тұрғыдан толық әрі реляциондық
МКБЖ. Онда қолданушыға барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған: яғни,
қолданушы кез келген ақпаратты анықтап, өңдей алады, онымен қатар үлкен
көлемді қамтитын ақпартпен жұмыс істей алады.
Ақпарат базасын басқару системаларына сүйеніп, біз ақпараттардың
мінездемелерін, олармен жұмыс істеуді, және бірлесіп жұмыс істеуді бақылай
аламыз.
МКБЖ 3 басты функциядан тұрады:
1) ақпараттарды анықтау ;
2) ақпаратты өңдеу;
3) ақпараттарды басқару
Осы функционалдық мүмкіндіктердің барлығы Microsoft Access те толықтай
өңе алады.
ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі
ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және
графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық
карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері
де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.
Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықғамалығын, поездар қозғалысы
кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия
тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.
Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен
сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым
түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері
бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-
жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Объект деп мағлүматтары мәліметтер базасында сақталатын
ақпараттың жүйенің элемеиттері аталады.
Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттың бейнелеу. Әрбір объект
атрибуттардың кейбір жиынтығымен ситатталады.
Мәлметіпердің басты элементі деп мәлметтердің баска элементтерінің
мәндерін аныктауға мүмкіидік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын біреғей түрде
жағастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы), Екіншіреттегі кілт - бірнеше
жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе
атрибуттар тобы). Ен алдымен, екінгиі реттегі кілттер жазбаларды іздестіру
операцияларында қолданылады. Мәліметгер базасы ұғымымен мәліметтер базасын
басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға
мүмкіндік береді:
- кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
- кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
- кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді
жаңарту;
- берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды
табу.

1.2.Мәліметтер базасын жіктеу
МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді
басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау,
мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің
тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша
ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.
Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және
әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас
(relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін
дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және
т.б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен
реляциялық алгебра.
Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты.
Реляциялық МБ-ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының
салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатавдығы
(ерікті үзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның
жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МБ-ға
белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін,
Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер
арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ-да мұндай
байланыстар ағаш-сызық жол (графа) түрінде бейнеленуі мүмкін, мүнда биік
үшар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы
ықтимал. Егер барлық ықтимал сүрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл
қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау
салулары қанағаттан-дырмайды,
Аты айтылған кемшілік желілік МБ-дан алып тасталды, онда (тым
болмағанда, теориялық жағынан) бәрімен барлық жағынан байланыс болуы
ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мүны іске асыру мүмкін болмағандыктан,
кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.
Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің
сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның)
оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі.
Мәліметгер базасын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар:
жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе
баяндауға және оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны
толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бүрын дайындалған объектілер
пайдаланылады.
Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс
берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді.
Базаны құрушылар базаны нақты мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс
беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды).
База объектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік
толтыру бүған қосылмайды.
Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады,
мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік
кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың
қызметі - нақгы жұмыс парағында қарастырылғандарға тана, база құрылымын
басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ.
MS Access 2000 жалиы сипаттамасы қазіргі уақытта Microsoft Access-
мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) программалық жүйелері
арасында ең танымалдарының бірі. Көпшілікке кең тараған танымалдық
себептері мыналар:
• әмбебаптығы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары, өйткені
көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған, негіз
құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел
көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың
жүйесі іске асқан;
• Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен,
сондай-ақ технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен
бірігіп-кірігу (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы;
• Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы.
Мәліметтер базасы обьектілері.
Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл
(немесе файл топтары) жасау басталған жері болып саналады. Жаңа база пайда
болғаннан кейін көрінетін терезе 29-суретте көрсетілген.
Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты
терезенің негізгі боліктері сәйкес келеді. Бұлар Таблицалар, Сұрау салулар,
Есептер, Парақтар, Макростар мен Модулъдер.
Терезе тақырыбы - мәліметтер базасының файл атауы.
Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа
үш бұйрықтық кнопкалары бар: Aшy, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен
кесте жұмысының режимі таңдалады.
Егер Таблица қосымшасы таңдалса, бұл қосымшаның терезесінде осы МБ-да
бар кестелердің тізімі бейнеленеді.
Бар кестені ашу үшін оның атын бұл тізімде ерекшелеп, Ашу кнопкасын
басу керек. Жаңа кестедегі МБ-ны іске қосу үшін Құру кнопкасын басу қажет.
Бар кестенің макетін түзеу үшін оның тізімдегі атауын ерекшелеп,
Конструктор кнопкасын басу керек.
Кестелер - мәліметтер базасының негізгі объектілері. Біріншіден
кестелерде базада бар мәліметтердің барлығы сақталады, екіншідеи,
кестелер базанық құрылымын (өрістерін, олардың типтерін, қасиеттерін) да
сақтайды. Сұрау салулар - кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды
пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау
салулардың көмеғічен мәлімет-терді іріктеу, оларды сүрыптау мен сүзгіден
өткізу сияқты операңғіялар атқарылады. Сонымен қатар берілген алгоритм
бойынша мәліметтер өз-гертуге, жаңа кестелер жасауға, басқа шығу көздерінен
алынған мәліметтер кестесін автоматты түрде орындауға, кестелердегі
қарапайым есептеулерді және т.б. жасауға болады.
Формалар көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары
қаралатын объектічер. Формалар пайдаланушыға толтыруға болатын әрістерді
ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады. Сонымен қатар формада бір
мезгілде енгізуді автоматтандыру үшін басқарудың арнайы элементтерді
(есептегіштер, ашылатын тізімдер, ауыстырып қосқыштар, жалаушалар және тағы
басқаларды) орналастыруға болады. Формалардың артықшылығы толтырылған
бланкілерден мәліметтер енгізу болған кезде, әсіресе, көрнекі көрінеді. Бұл
жағдайда графикалық құралдарды форма бланктің ресімделуін кайталанатындай
етіп жасайды - бұл терімшінің жұмысын оңайлатады, оның шаршап, қажуын
азайтады және баспа қателерін болдырмайды.
Форманың көмегімен мәліметтерді енгізіп қана қоймай, бейнелеуге де
болады. Сұрау салулар да мәліметтерді бейнелейді, бірақ оны нәтижелік
кестелер түрінде, дайындаудың ешқандай құралдары болмай-ақ жасайды.
Формалардың көмегі-мен мәліметтерді шығарған кезде дайындаудың арнайы құрал-
дарын қолдануға болады:
Есептер - мәліметтер ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, есепті
қалыптастыру үшін есептелетін ерістер, топтастырулар, іріктеу шарттарымен
бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтыи сұрау салулар жасалады.
Содан кейін MS Access-тің жалпы ережелері бойынша осындай сұрау
салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады:
- оку мен тандауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға;
- қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше
деңгей бойынша);
- графикалық объектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы,
диаграмма).
Парақтар - бұлар Access 2000-де мәліметтердің арнайы
объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары
деп атауға болады.
Физикалық жағынан бұл Web-парақта орналастырылған және клиентке
сонымен бірге берілетін HTML кодында орындалған ерекше объект. Бұл объект
өзінен-өзі мәліметтер базасы болып саналмайды, бірақ серверде қалатын
мәліметтер базасымен бірге Web-парақта берілген байланыс атқарылатын,
компонент-терді құрамында ұстайды. Web-торапқа келуші осы компоненттерді
пайдалана отырып, қол жететін парақ өрісіндегі жазбалар базасын қарай
алады. Осылайша, мәліметтерге жету парақтары клиентпен интерфейсті, сервер
мен серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге
асырады.
Макростар мен модульдер. Объектічердің бұл категориялары программалау
жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару
жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды автоматтандыруға да
арналған. Макростар ~ макробүйрыңтар. Егер базамен қайсыбір операциялар
ерекше көп жасалса, бірнеше бүйрықты бір макросқа топтастырып, оны
пернелердің ерекшеленген белгілеудің мәні бар.
Модульдер - Visual Basic тілінде жазылған программалың рәсімдер
(проңедуралар). Егер Access стандарттың құралдар тапсырыс берушінің небір
гиеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы
бұл үшін қажетті модульдер жазады.
1.3. Берілгендер қорын басқару
Берілгенден – текстік жұмыс редакторы немесе электронды кестедегі
мәні МКБЖ – нен ерекшелінеді. Документе текстік процестің көмегімен кестені
қосып оны пайдалануға обработки функционалды шектеу жиынтығы болып, OLE –
көмегімен біз таблица, диаграмма немесе сурет т.б. қосымшалардан алып
жасауымызға болады. Электронды кестеде кейбір ұяшқта формула мазмұны бар,
нәтижесінде берілгендер басқада ұяшық шығады. Берілгендер электронды кесте
нақты мақсатқа жаратылған, өте қиын пайдалануы, егер басқа тапсырманы
қосса. МКБЖ – көрнісі әр түрлі құралдар жұмыс істегенге берілген. Мысалы:
көбейтіндіні іздеп жекеленген күрделі кестеден, сол сияқты байланысып
жатқан бірнеше кесте немесе файлдың көмегімен бір команданың мазмұны мен
ерекшелінген өріс немесе бірнеше жазу. Оқу үшін ауыстыру жасап, процедура
енгізіп МКБЖ функциясын пайдаланамыз.
Көп жүйеде кең мүмкіндіктер берілген генерация есептің ACCESS-те для
обработки берілген кесте өте мықты тілде пайдаланылады SQL. Берілгендерді
анықтап апасынан біреуін бірнеше кесте таңдап, шешкенге қажетті нақты
шешім. Бірақ бұны міндетті түрде білу керек емес, SQL. ACCESS бізге керекті
есепті өзі шешеді. Обработка берілген бірнеше кесте ACCESS-те пайдаланылады
және кестемен тығыз байланысты болады.
Есеп (Отчет) құру. Отчет құру, отчеты форма құруға өте ұқсас. Бұл
бөлімде мен көп мысалдар келтіремін, жұмыстың алдында формамен байланысты,
одан басқа көптеген қасиеттерді кейбіреулерін жалпы отчетқа спецификалау.
Қысқаша танысып болғаннан кейін жалпы жобалау отчеты негізін жай отчет
берілгендер қорына құру Entertaiment, бұдан кейін сол сияқты мастердің
көмегімен отчет құру.
Бөлшектеніп тұрғанға жай отчет құра аламыз, адым адыммен танысып
техникамен жұмыс істеу. Отчеты құру үшін ең алдымен кестені толтырамыз (2-
сурет), одан кейін толтырылған кесте бойынша бірнеше сұраныс жасаймыз (4
сурет), осыдан кейін барып отчет құрамыз (4-сурет).

4 сурет. Кестені толтыру

5 сурет. Сұраныс құру.

6 сурет Отчет құру 11

2. MS Acsess-те деректер қорын құру және олармен жұмыс істеу
2.1. MS Access-те кестелермен жұмыс жасау
Өріс бағанында өрістердің атауын тересіз. Егер өріс үшін Қол қасиеті
белгісі берілмесе, онда өрістің Атауы бір уақытта болашақ кесте бағанының
аты болып шығады. Әрбір өріске арналған тип мәліметтер типін таңдаудың
ашылатын кнопка-сымен ашылған тізімнен тандалады. Бұл кнопка - басқарудың
жасырын әлементі. Ол бланк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS Acsess-те Аукцион мәліметтер қорын құру
Кесте - деректер қорының негізгі объектісі
Мәліметтер қорымен жұмыс режимі
Access мәлiметтер базасы жөнiнде негiзгi мағлұматтар
Бағдарлама кодтарының терезесі
Жинақтаушы зейнетақы жиналымының зейнетақымен қамтамасыз етуі
Мббж-ға жалпы түсінік
Оқу жүйесінде автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі принциптері мен талаптары
Access бағдарламасын меңгеру
Delphi және мәліметтер қоры сервері
Пәндер