MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Экономикалық технологиялар колледжі
«MS DOS операциялық жүйесі»
Орындаған:
Орал, 2017
Жоспар
Кіріспе
1. MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі
2. MS DOS операциялық жүйесінің негізгі командалары
3. MSDOS-та дискілермен жұмыс.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т. б. . Яғни ОЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ - ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.
MS DOS операциялық жүйесін 1981 ж. Microsoft фирмасы IBM PC компьютерлері үшін IBM фирмасының тапсырысымен дүниеге әкелді. DOS - дискiлiк операциялық жүйе.
1. MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі
MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:
1. Енгiзiп шығарудың базалық жүйесi (BIOS) - енгiзiп-шығару құрылғыларының жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.
2. Жүйелiк файлдар (ВIO. SYS, IO. SYS, MSDOS. SYS) - BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.
3. COMMAND. COM - қолданушының программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу.
4. CONFIG. SYS - үйлестіруші программа. Оның қызметі - жаңадан қосылатын сыртқы құрылғылардың драйверлерін MS DOS-қа қосу, орыс, қазақ әріптерін пайдалану, пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуалды жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.
5. AUTOEXEC. BAT - шақыру символын экранға шығару, қажетті программаны каталогтан іздеу, ағымдық ай, күн және уақытты көрсету.
Анықтама: Дискiнiң информациялар жазылған бөлiгi файл деп аталады.
Әрбiр файлдың өз аты болады. Ол негiзгi және қосымша бөлiктерден құралады.
Мысалы, COMMAND. COM
Файлдардың қосымша бөлiгi оның түрiн (типін) анықтайды.
Мысалы:
. exe, . com - бiрден орындалатын файлдар;
. Вак - файлдың көшiрмесi;
. Bat - командалық файл;
. sys - жүйелiк файл;
. рas - Паскаль тiлiнде жазылған файл;
. вas - Бейсик тiлiнде жазылған файл;
. txt - текстік редакторда жазылған файл;
. arj - архивтiк файл.
Файл аты мен кеңейтілмесі нүкте арқылы ажыратылады.
MS DOS-та каталогтармен жұмыс.
Дискiдегi файлдар саны көп болған жағдайда олармен жұмысты жеңiлдету үшiн ерекшелiктерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Әрбiр топтың өз аты болады және ол каталог деп аталады.
Мысалы:
Каталогтың қосымша бөлiгi болмайды. Каталогтың iшiндегi файлдың жазылуы: Basic \ kin 1. Bas
Басқа каталогтың iшiнде орналасқан каталог iшкi каталог деп аталады.
MS DOS операциялық жүйесiнда каталогтармен жұмыс істеу командалары:
1. MD (Make Directory - каталог құру) - жаңа каталог ашу командасы. Мысалы,
1) MDVSTUD - STUD атты жаңа каталог ашу.
2) Md XXX - ХХХ ішкі каталогын ағымдағы каталогта құру;
3) md A:\ Tekst -A: дискісінің негізгі каталогында Tekst ішкі каталогын құру.
2. CD (Change directory - каталогты өзгерту) - каталогтың iшiне кiру командасы. CD. . - түрінде берілсе ағымдағы каталогтан шығу командасы.
Мысалы:
1) CDVSTUD - STUD атты каталогтың iшiне кiру;
2) CD \ - ағымдағы дискінің негізгі каталогына көшу.
3. RD (Remove directory - каталогты жою) - каталогтi жадыдан өшiру командасы.
Мысалы, RDV STUD - STUD атты каталогты жадыдан өшiру.
4. DIR - каталогтың мазмұнын экранға шығару командасы.
Мысалы:
1) dir - ағымдағы каталогтың тарауларын көрсету;
2) dir *. exe - кеңейтілмесі . EXE болатын ағымдағы каталогтағы файлдар туралы мәліметтер беру;
3) dir a: - ағымдағы A: дисководындағы каталог тарауларын көрсету ;
4) dir / P - ағымдағы каталог туралы мәліметтерді экранның толуына байланысты үзіліспен беру;
5) dir /W - ағымдағы каталогтағы мәліметтерді кең форматта беру;
6) dir /o /p - ағымдағы каталогтың мәліметтерін сорттау арқылы беру (ең алдымен ішкі каталогтар, сонан соң файл аттары және кеңейтілмесі) .
2. MS DOS-та файлдармен жұмыс iстеу командалары.
COPY CON - мәтіндік файл құру командасы.
Мысалы, Copy con Kniga1. txt - Kniga1. txt мәтіндіік файлын құру командасы. Бұл команданы енгізгеннен соң файл текстін қатарларға жазуға болады. Әр қатар біткен соң Enter пернесін басу қажет. Соңғы қатарды теріп болғаннан соң F6 пернесін, сонан соң Enter пернесін қайта басу керек. Copy командасы
1 file(s) copied
(Бір файл көшірілді)
деген хабарлама шығарады және дискіңізде осы атпен файл пайда болады.
REN - файлдың атын өзгерту командасы.
Мысалы, REN_ kin 1. bas _ Saule. Bas - kin 1. bas файлдың атын Saule. bas деп өзгерту.
COPY - .
Мысалы, COPYV kin 1. bas V tab 1. bas - kin 1. bas файлының көшiрмесi tab 1. bas файлында шығады.
EL - файлды жадыдан өшiру командасы.
Мысалы, DEL V kin 1. bas - kin 1. bas атты файлды жадыдан өшiредi. Del *. bas - қосымшасы bas болған барлық файлдарды жадыдан өшiредi.
MOVE - файлдарды екінші бір каталогқа көшіру командасы. Команда форматы:
MOVE (/Y) файл - аты каталог - аты
Бір файлды екінші бір каталогқа көшіру барысында файл атын өзгертуге болады. Команда форматы:
MOVE (/Y) файл-аты (дисководJ (жол) файлдың жаңа аты
Егер ауысатын каталогтың ішінде осы аттас файл бар болатын болса, оны автоматты түрде соңғы файл атына өзгертеді.
Мысал:
1) MOVE *. doc d: - кеңейтілмесі . doc болатын барлық файлдарды негізгі дискіден D: дискісіне көшіру.
2) move /y */. doc ARC - негізгі каталогтан кеңейтілмесі . doc файлдарды ARC ішкі каталогына көшіру. ARC - каталогы бұрыннан бар болуы керек және аттас файлдар автоматты түрде ауыстырылады.
3) move thesis. bak a:\thesis. old - thesis. bak файлын A: дискісіне thesis. old деген атпен көшіру.
4) move . bak a:\. old - бұл команда жалған, өйткені файлдар жиынтығының кеңейтілмесі тек біртіндеп ғана ауыстырылады.
6. FILEFIND - файлдағы символдар қатары немесе файл аты бойынша дискідегі файлды іздеу командасы. Команда форматы:
filefind файл-аты (символдар қатары) (универсальды режимі)
Іздеу барысында * және ? символдарын қолдануға болады.
Егер файлды іздеу барысында қандай да бір каталог немесе диск көрсетілмесе дискідегі барлық каталогтарда іздеу жұмыстары жүргізіледі.
Мысалы:
1) filefind digger. * - кеңейтілмесі әртүрлі digger атты барлық файлдарды іздестіру;
2) filefind :t. doc - t әрпінен басталатын және кеңейтілмесі . doc болатын барлық файлдарды барлық дискілерден іздестіру;
3) filefind *. doc “Иванов” /c - негізгі С каталогындағы кеңейтілмесі . doc болатын, “Иванов” символдар қатарынан тұратын барлық файлдарды іздестіру;
4) filefind *. doc “Иванов” /s /c /sc - кеңейтілмесі . doc болатын “Иванов” символдар қатарынан тұратын барлық файлдарды барлық каталогтардан іздеу.
7. Файлдарды біріктіру (файлдар конкатенациясы) - COPY командасы тек қана көшіру командасы ғана емес, сонымен бірге бірнеше файлдарды бір файлға біріктіретін команда. Команда форматы:
Copy файл-аты (+файл-аты) … файл-аты
Біріктірілетін файлдар қосу (+) таңбасы арқылы көрсетіледі, сонан соң барып соңғы файл аты жазылады.
Мысалы:
Copy *. lst + *. ref *. prn - ағымдағы каталогтағы кеңейтілмесі . lst болатын әрбір файлға нақ осындай атпен, бірақ кеңейтілмесі . ref болатын екінші бір файл қосылады, ал нәтижесі аты өзгерссіз қалатын, бірақ кеңейтілмесі . prn болатын файлға ауыстырылады;
Copy file1. dat + file2. dat all. dat - file1. dat және file2. dat файлдарының конкатенациясы. Соңғы файл all. dat деген файл атымен ауыстырылады.
3 MSDOS-та дискілермен жұмыс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz