Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республткасының Білім және Ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру
(9 сынып)
Орындаған:
Тексерген:
Орал қаласы, 2011 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-бөлім. Орта мектептегі информатика курсында ұйымдастырылатын сыныптан тыс
жұмыстар
1.1. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5
1.2. Сыныптан тыс жұмыстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2-бөлім. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды танымдық ойындар негізінде
ұйымдастыру әдістемесі
2.1. Танымдық ойындар
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .11
2.2. Паскаль программалау тілі тарауын
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..53
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілген білім беру
жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын
енгізу. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және
қазіргі заманғы компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету. Осыған орай
соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп
практикасында енгізілуде. Информатика сабағында ақпараттық технологияны
тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.
Жаңа ақпараттық технологияны информатика сабақтарында пайдалана
отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын
арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйрету.
Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті
деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашу.
Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасы білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне
жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталды.
Сондықтан біз түлектік жұмысымызда Паскаль программалау тілін
тарауын оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды танымдық ойындар негізінде
ұйымдастыруды қолданып, сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруге,
бұған оқушыларды тартып, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын
ұйымдастыруды міндет етіп отырмыз.
Зерттеу нысаны: Паскаль программалау тілін тарауын оқытуда сыныптан
тыс жұмыстарды танымдық ойындар негізінде ұйымдастыруды қолдану.
Зерттеудің негізгі мақсаты: 9– сыныптың информатика пәніндегі
Паскаль программалау тілін тарауын оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды
танымдық ойындар негізінде ұйымдастыруды пайдалана отырып,оқушылар бойынан
төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етеміз:
1.Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2.Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3.Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4.Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5.Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6.Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Зерттеу пәні: Паскаль программалау тілін тарауын оқытуда сыныптан
тыс жұмыстарды танымдық ойындар негізінде ұйымдастыруды қолдану әдістемесін
көрсету.
Курстық жұмысты зерттеудің ғылыми болжамы: Қазіргі кезде мектептерде
оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа модельдерін жасау, жаңа оқыту
технологияларының жекелеген элементтерін сабақта қолдану басты орын алып
отыр. Сондықтан да біз 9 – сыныптағы Паскаль программалау тілін тарауын
оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды танымдық ойындар негізінде ұйымдастыруды
пайдалана отырып оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін қолдансақ, онда
оқушылардың икемділік пен дағдылары, білімдері – нақты, сапалы болып,
сабаққа деген белсенділігі, шығармашылық ізденісі, пәнге деген
сүйіспеншілігі артады деп есептейміз.
Зерттеу барысында қолданылған әдістер:
1. 9-сыныптағы информатиканы оқытуда жаңа технологиялар мен оқу үрдісін
ұйымдастыруды педагогикалық тұрғыдан талдау.
2. Оқу әдебиетіне шолу жасау.
3. Осы тақырыпқа байланысты барлық әдебиеттерді талдап, керекті
материалды сараптау.
4. Зерттелген мәселе бойынша сауалнама және тесттік бақылау жұмысын
жүргізу.
5. Зерттеу нәтижелерін сапалы түрде өңдеу.
Зерттеудің жаңалығы мен теориялық пәні: Зерттеу жұмысында 9 – сыныптың
информатика пәніндегі Паскаль программалау тілін тарауын оқытуда сыныптан
тыс жұмыстарды танымдық ойындар негізінде ұйымдастыру әдістемесі
жасалынды.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы.
Сыныптан тыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы,
формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер
отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан
тыс жұмыстарға жатады.Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер т.б.)
мұғалімдер басшылық жасаса,кей жағдайларда (байқау, кеш т.б.) оқушы
белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық
технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс
іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу
оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі..
Сыныптан тыс жұмыс-сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және
оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.
Сабақтан тыс жұмыс мақсаттарын, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу
үрдесінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және
үнемі еріктілік сипатта бола бермейді.
Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне
тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал
бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта
қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізілетін жұмыс мысал бола
алады.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан
тыс жұмыстар─ баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен
қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
1.Оқушылардың информатиканың теориялық негіздері, программалау жайлы
білімдерін тереңдету,
2Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен таныстыру.
3. Оқушылардың сыныптан тыс жұмыс істеу дағдыларын және зерттеу
жұмыстарына қызығушылықтарын шыңдау
4.Информатика кабинетінде жұмыс істеу;
5. Оқушылардың кәсіпке бағытталған жұмысын ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
1.Баладан жағымды Мен-тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға
байланысты:
А) өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
Б) өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
В) өзінің маңызды орын алатынын сенінуі.Жағымды Мен-тұжырымы
баланың өзіне,өзін бағалауға жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуынада оң
әсер етеді.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта
байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады.Сыныптан тыс
жұмыстың әр түрлі болуы баланың өзіне сенімділігін,өзін дұрыс бағалауын,өз
іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады.Сонымен қатар әр түрлі жұмыстар
баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы
білімі мен біліктілігі арттырады.
2.Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын
қалыптастыруға жағдай туғызу.Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға
қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз.Сыныптан тыс жұмыстарда
оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.
Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып
қана қоймай,ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
3.Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру.
Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты.Сыныптан тыс
жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі
бар,бұл жағдай әсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің (алкоголь,
нашақорлық, тәртіп бұзушылық т.б) көбеюімен көкейкесті болып тұр.
4.Әлемтанудағы адамгершілік, эмоциональдық, еріктілік компоненттерін
қалыптыстыру.
Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен
құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен
байланыстырады.
5.Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдесіндегі және оқудан тыс
іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар
оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін
арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды
мәселелердің бірі─ мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.
6.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын
педагогикалық ұйымдастыру қажет.
Оқушылар тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты
екендігі анықталған.Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту
олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол
оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көместесу қажет.
Информатика бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда
оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірінен байланыстылығын ұғындыруды
мақсат етіп алған жөн.Кіші сынып жасындағы балалар назарының тұрақсыз болып
келуі олармен өткізілген жұмыстың эмоциянальды және жарқын болуын талап
етеді.
Ондай іс шаралардың ойын түріндегі өткені тиімдірек.Бастауыш
сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек
кейбірі ғана қатысады.Және бұл оқушылар жұмыс істеуге дағдыланбаған болып
келеді,сонымен қатар өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым,әрі өз
бетімен жұмысқа да үйренбеген.Сондықтан сыныптан тыс жұмыс басынан аяғына
дейін мұғалім басшылығымен отуі тиіс.Орта буынды сыныптардағы сыныптан тыс
жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдері мен өмірлік
тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.Бұл жастағы оқушылар әр
нәрсеге құмар болып келеді,өздерінің күші мен білімдерін көрсеткісі келіп
тұрады.Қиын жағдайларға өз ойлары мен идеяларын батыл айта алады.Орта
буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме,қосымша сабақтарға қатысып
жүреді.Тәрбиелеуші мұғалімнің міндеті әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын
қанағаттыра отырып ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын сыныптан
тыс жұмыс тауып беру.
Жоғарғы сынып оқушылары бұлар болашақ жоғары және арнайы оқу
орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркәсіп қызмет саладағы болашақ
жұмысшылар. Олар өздері өзін өзі ересек санап,өз бос уақыттарын өздері
ұйымдатыруға және оны тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.
“Ұстаз жақсының ұстанымы жақсы” дейді халық, оқушылардың жоғарғы
нәтижелерге жетуі, әрине ұстаздың үздіксіз білімін жетілдіріп,
шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасауының жемісі.Сондай–ақ оқушылармен
жұмыс жасау сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың рөлі үлкен.Айтар
болсақ,сыныптан тыс жұмыс оқушылардың жеке басын дамытудың аса маңызды
құралдары болып табылады.Педагогика мамандығы үнемі шығармашылық
ізденісті,өзін өзі жетілдіруді,кәсіптік деңгейді жоғарылатып отыруды талап
етеді.Бұл әсіресе информатика пәнінің мұғаліміне ерекше қатысты,өйткені оқу
мазмұны мен мақсатының үздіксіз өзгерісі,оқушылардың компьютерлік
сауаттылық деңгейінің өсуі,мұғалімнің бір деңгейде қалып қоймай үздіксіз
кемелденуіне, шыңдалуына жетелейді.
Оқушыларға күнделікті , тіпті қас─қағым сәтте өзгеіп отырған заман
ағымына сай болу үшін, оларға сыныптан тыс өткізген информатика сабағымен
ғана шектелмей сыныптан тыс жұмысқа ерекше мән беру керек.Сыныптан тыс
жұмыс деп баланың жеке басын әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайларды
қамтамасыз ететін , оқушылардың оқудан тыс уақыттағы түрлі қызмет түрлерін,
ұстаздың шеберлікпен ұйымдастыруын айтады.Сонда ақ сыныптан тыс жұмыстар
мектепте оқу бағдарламалары шеңберінен тыс және сабақтан бос уақытта
өткізілетін түрлі тәрбиелік ─ оқу іс─шараларды да айтамыз.Сыныптас тыс
жұмыс ұғымы кең ауқымды болып табылады,оған мазмұны,тағайындалуы, өткізу
әдісі,нысандары мен тәсілдері бойынша сан алуан жұмыстар кіреді.
Сыныптан тыс жұмыс мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі
болғандықтан, қоғамдағы өмір үшін аса қажетті әлеуметтік тәрбиені игеруге
және қоғам қаблдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталады.
Қазіргі уақытта балалар қараусыздығының жағымсыз зардаптарының алдын─алу
үшін ұйымдастырылған педагогикалық әсер ету уақытын ұзартудың маңызы зор.
Өйткені оқушылардың мінез─құлқы мен олардың бос уақытын қалай
өткізетіндігіне тікелей байланысты.
Педагогика жағынан өз бетімен кеткен оқушылар көбінесе үйірмелерге
қатыспайды. Қоғамдық тапсырмалары жоқ, сондықтан да олардың мектеп және
сынып өміріне қызығушылығы болмайды. Бос уақытының ұлғаюыны қарай оны
пайдаланудың қоғамдағы рөлі өсе түседі. Нашар оқитын, үлгерімі төмен
оқушыларды сабақтан аландатпау керек деген пікір қалыптасқан.Бұл қате
пікір, өйткені бос уақытты қалай дұрыс пайдалану керектігін дәл соларға
үйрету керек. Информатика бұл арада нашар оқитын оқушылар үшін де зор
мүмкіндіктерді тудырады.
Сыныптан тыс жұыс мектеп алдында тұрған оқу─тәрбие міндеттерін шешу
зор мүмкіндік тудырып, оқушыларды табандылыққа баулып ұйымдастырушылық
қабілетін дамытып жігерін ұштастырады. Ол әрі мұғалімнің өзіне де үлкен
пайдалы.Өйткені сыныптан тыс жұмыста мұғалім мен оқушының ара қатынасының
рөлі ерекше зор. Жұмысты ұйымдастыру кезізнде педагог үнемі іздену үстінде
болып, сыныптан қалыптасқан жағдайларға қарай жұмыстың жаңа нысанндарын
іріктеп, жасап отыру керек. Сыныптан тыс жұмысының әсерлі жүргізілуі үшін
педагогтың шығармашылығы қажнтті ал,ы шарт болып табылады.
Сыныптан тыс сабақтарды оқушылардың бағдарламалық материал тұрғысында
білімдерін тереңдету, олардың логикалық ойлауын зерттеушілік дағдыларын
дамыту,
Информатика тілін меңгеру, компьютермен дұрыс жұмыс істеуді,
оқушыларға информатика тарихы мен мәліметтер беру үшін пайдалануға болады.
Жұмыстың негізгі принциптерін атап кетсек, оларға: мақсат қою принципі,
еңбек қызметі, шығармашылық қызметі, оқушылардың жас және жеке
ерекшеліктерін ескеру принципі және басқалар.
Енді сөзімізге арқау болып отырған, сыныптан тыс жұмыстар екі бағытта
жүргізілуі керек. Біріншісі, бағдарламалық материалдарды оқып үйренуде,
басқалардан кенже қалған оқушылармен жұмыс (қосымша сыныптан тыс жұмыстар),
екіншісі, информатиканы оқып үйренуде,басқаларға қарағанда ерекше
қызығушылық білдіретін, жоғары қабілетті, үздік оқушылармен жұмыс. Бірінші
бағыт әр мектепте дерлік орын алады. Сонымен қатар информатиканы оқудың
әсерлігінің жоғарлауы артта қалушылармен қосымша оқу жұмысын төмендетеді.
Оның негізгі мақсаты оқушыларды информатика курсы бойынша білім мен
дағдылардағы оқулықтарды мерзімінде жою және алдын алу болып табылады.
1.2.Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері
Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларынның сабақтан
тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс – шараларын ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай түрлері бар:
1) өтілген материалды толық меңгермеген, басқа оқушылардан қалып
кеткен оқушылармен жұмыс, яғни қосымша сабақ
2) информатикаға қызығушылық білдірген оқушылармен жұмыс;
3) информатиканы оқыту барысында оқушылардың қызығушылығын дамыту
мақсатында жүргізілетін жұмыс.
Информатика кеші ─ бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойғы жұмысының
қорытындыларын жасаудың өзіндік түрі. Оқушылар мұғаліммен бірігіп кештің
бағдарламасын, іс-шаралар мен көңіл көтерудің түрлерін мұқият
ойластырады,кешке арналған материалдарды іріктейді: қалжың есептер, тарихи
мағлұматтар, сөзжұмбақтар,викторина сұрақтары: қажет модельдерді,
плакаттар, ұрандарды дайындайды, сыныпты безендіреді. Іс-шараның маңызды
тәрбиелік мәні бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбының намысы үшін бірге
күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушылардың бойында жеңіске жетудегі
табандылықты, сабырлықты қалыптастырады.
Информатика пәні бойынша викторина ─ бұл өзіндік ойын түрі.
Виктаринаны үйірме сабақтарында немесе жеке сыныптар арасындағы жарыс
түрінде өткізген тиімді (сабақтан тыс уақытта). Викторинаға арналған
тапсырмалар шағын, тез түсінетіндей,жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша
шешіле алатындай болуы тиіс. Әдетте сабақтарды шешілетін типтік есептер
викторина үшін қызықсыз.Есептерден басқа викторинаға информатика бойынша әр
түрлі сұрақтарды қосуға болады. Сонымен бірге викторинаға қалжың есептер
қосады. Викториналарды толығымен қандай да бір тақырыпқа арнауға болады,
бірақ аралас викториналар қызықтырақ өтеді.
Іскерлік ойындар ─ оқушылардың бойында шешім қабылдаушы адамның
ролінде нақты іс-әрекетті мүмкіндігінше толық сезіну туындату үшін нақты
зерттеліп отырған нысанның немесе жағдайға ұқсас нұсқасын пайдаланатын
белсенді оқыту тәсілі. Олар құрал ─ жабдық есептерді шешуге бағытталған:
нақты іс-әрекет туғызу, нақты мақсаттарға жету, қатысушылардың іскерлік
қарым ─ қатынастар жүйесін қалыптастыру. Балалармен өтетін іскерлік ойындар
әдетте қарапайым сюжетті болады, оларды ұйымдастыру семинар түрінде
өткізуге де болады.
Информатика пәні бойынша диспут ─ бұл сыныптар арасында сұрақтар мен
жауаптар алмасатын өзіндік ойын. Диспут барысында алдымен қиын сұрақтар
қойылады. Диспуттың материал туралы сұрақтың маңызы зор. Бұл сұрақ
диспуттың мақсаттарына байланысты шешіледі. Осындай мақсаттардың ең
маңыздысы ─ бұл өткен оқу жылдарындағы оқу материалын қайталау. Бұл
жағдайда оқушылардың алдына белгілі бір уақыт аралығындағы
материалды,анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді білетіндей, есептерді
шығарып, осы материал бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді орындай алатындай
қайталау міндеті қойылады. Әрбір диспутқа қойылатын ең төменгі талап
оқушылардың оқулықтағы материалды дәл, жақсы және толық білуі,
тұжырымдамаларды білуі мен түсінуі болып табылады. Тек осыдан кейін ғана
және осының негізінде оқушылардың оқу материалымен шығармашылық жұмысын
ұйымдастырып жүргізуге болады.
Сынып сағат. Информатика мұғалімері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына
жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі.
Клубтық қызметтер оқушылардың информатика пәні бойынша
білімдерін,дағдыларын дамыту,мәдени құндылықтарды меңгеружолындағы барлық
жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға
негізделеді.
Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген
қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе
ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді.
Көрмелерді информатикадан графикалықредакторлар мен дизайн арқылы
орындалған оқушылар шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға
болады.

2.1. Танымдық ойын түрлері.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген
педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл
проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А.
Коменский қалады. Ол: Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе,
оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен
емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек, - деп жазды.
Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада
өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету
құралы ретiнде қарастырамын, - деген болатын. Коменский оқытудың мақсаты
ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол Ұлы
дидактика еңбегiнде: Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау
қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет, - деп ерекше
атап өттi. Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д.
Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете
отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.
Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық
тұлғасын көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен
өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.
Ж.Ж.Руссо идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың
iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.
ХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г.
Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.
И.Г. Песталоций оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн
iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.
Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды
саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады:
қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана
тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен,
яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын
бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен
түсiндiрiледi.
Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде
өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi
белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне
анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi
анықталынады. Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң
терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес
қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов
және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада,
бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр.
Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей
анықтамалар берiледi:
• Адам зейiнiнiң белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин,
Т. Рибо).
• Таным субъектiсiнiң ақыл – ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л.
Рубенштейн).
• Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер).
• Адамның iс – әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды
– ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г. Ковалев).
• Бiлiмдi қарқынды меңгеруге әзiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А.
Половников).
• Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу
әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова).
• Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай
(Р.А. Низамов).
• Оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина).
• Таным мақсатына жетудегi құлықтық – ерiктiк әрекеттi жиюға ұмтылумен
және бiлiм беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленушi тұлғасының
айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова).
Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты.Танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен таңдаулы
қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен танымдық
қарым – қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы
таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде танымдық белсендiлiк
тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.
Информатиканы оқытудың негізі болып ойын саналады. Ойын сөзі курс
ұғымына кездейсоқ енген жоқ. Бұл баланың логикалық тапсырмаларды белсендi
орындауы, пәнді танымдылық ойын арқылы дамытуды, оқушылардың қиялын,
зейіннің, қабылдауын, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген
ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын
көрiнедi
Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ
үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас
ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1)стол үсті ойындары
2)дидактикалық ойындар
3)қозғалыс ойындары
4)іскерлік ойындар
5)интеллектуалдық ойындар
І.Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал .
Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады.
Бұған ребус , кроссвордтар жатады , оларды тақтада , ватман қағазында, қима
қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды ,
білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын
дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да
тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына
қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары .
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез
ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды
жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар.
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді.
Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен
білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады,
салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға
ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке бейімделген тапсырмалар –
шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы
Танымдық ойындардың ішінен біз стол үсті ойындары мен интеллектуалдық
ойындарды тереңдете қарастырдық.
Информатикадан танымдық жұмыстарды жүргізу
Информатикадан үйірме жұмыстары. Оқушылардың информатиканың өмірмен,
олардың болашақ мамандықтарымен тікелей байланысы көрнекі түрде
көрсетілетін үйірмелерге қатысуы сабақтарға белсенді қатысудың
алғышарттарын анықтайды, ал кейбіреулердің бойында ізденушілік іс─ әрекетке
ұмтылысты туындатады.
Үйірме ─ сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді де әсершіл түрлерінің
бірі. Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі жатыр. Әдетте үйірмелік
жұмыстар үлгерімі жақсы оқушылар үшін ұйымдастырылады.Бірақ кейде үлгерімі
нашар оқушылар да үйірмеге қатысуға тілек білдіреді. Ең бастысы мұндай
оқушыларға ерекше көңіл бөліп,олардың бойындағы информатикаға
қызығушылықты бекітіп, үйірмедегі жұмыстың олар үшін орындай алмайтындай
болмағанын қадағалап отыру керек. Информатикадан үйірме сабақтарының
тақырыптарында осы заманғы мектепте әр қилы.Үйірме жұмыстарының
тақырыптарында информатиканың тарихымен, программалық жабдықтың әртүрлі
түрлерімен, информатиканың математикалық негіздерімен байланысты мәселелер
орын табады.
Информатикадан факультативті сабақтар мектепте негізінен 8 сыныптан
бастап жүргізіледі. Факультативтік сабақтардың басты мақсаты білімді
тереңдету мен кеңейту, оқушылардың пәнге қызығушылықтыру, олардың
шығармашылығы мен ықыластарын дамыту болып табылады. Факультативтік
сабақтар өткізудің қазіргі уақыттағы басты түрлері берілген факультативтік
курстың түйіндік сұрақтарын мұғалімнің баяндауы (дәрістік тәсілімен),
семинарлар, әңгімелесулер (пікірталастар) ,есептер шығару,оқушылардың
рефераттары (теориялық сұрақтар бойынша да, есептер циклын шешу бойынша
да), оқушылардың баяндамалары, т.б. болып табылады.
Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын бірі
әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа
материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша
оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған
соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы
беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге
және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға
арналады. Факультативтік сабақтарды өткізудің бұл түрі мектептегі оқытудың
түрлері мен тәсілдерінен жоғары оқу орындарында оқытудың түрлері мен
тәсілдеріне ойдағыдай өтуге септігін тигіеді.
Олимпиадалар. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға
қойған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін
қалыптастыру мақсатында олимпиадалар өткізіледі.Информатикадан олимпиадалар
сыныптан тыс жұмыстың бүтіндей бір кешенінің (дәрістер, кештер, үйірме
жұмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі болғанда көп пайда келтіреді. Олимпиада
тек жыл бойы сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы ғана емес, сонымен бірге
сыныптан тыс жұмысты кең жолға қоюдың тамаша ынталандырмасы. Олимпиада-
оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында
информатикаға қызығушылықты, табандалықты тәрбиелейтін жарыс.
Пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық
тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.Оларды бір пән
бойынша да, бір немесе бір-біріне жақын білімдік сыбайлас пәндер
(математика, физика, технология) бойынша да өткізуге болады. Оқушылар жаңа
материалды ойындық түрде білу мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге қосымша
әдебиет пен интернет компьютер желісін пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізу,
ұсынылатын тақырыптар бойынша жобалық жұмыс орындау мүмкіндігін алады.
Ұсынылатын тапсырмалар мен шаралардың барлығы оқушылардың әртүрлі жастағы
топтарын қамтиды және оған әркім қатыса алады. Онкүндік (апта, айлық)
аясында жоғары оқу орындарының ғалымдарымен , программистермен кездесу,
орын алғандарды марапаттау конференциясымен аяқталатын викториналар,
әңгімелесулер, ең үздік информатик сайысы, т.б. өткізіледі.
Ауызша журнал ─ оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты,
мәліметтерді ауызша хабарламаларды (ғылым, техника, өнер салалары бойынша)
безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс
формасы.
Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сыныптан тыс жұмыс формасы барын
бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме
болуы міндетті емес. Мұғалімнің жетекшілігімен қабырға баспасы оқушы
өмірінің ұйымдастырушы және бағыттаушы факторының бірі болып табылады.
Қабырға баспасы мектепте қабырға газеті, күнтізбе, бюллетень, викторина,
ақпараттық беттер және т.б. арқылы іске асырылады. Қызықты, және әсерлі
безендірілген қабырға баспасы пәнге деген қызығушылықты, ондағы материал
оқушыларды ойлануына жағдай жасайды, мектеп шаралары – викторина,
олимпиада, үйірмелерді ұйымдастырушы, сонымен қатар оқушыларды пән бойынша
жеке іс-әрекетке бағыттайды. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын
аудару,қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында
жасалады. Қабырға баспасын сыныптар, оқушылар топтары, пәндік үйірмелер
жасайды. Оның әрбір нөмірінде қызықты тапсырмалар, жұмбақтар, ребустар
кроссвордтар, әдебиеттердердегі жаңалықтар, қызықты материалдарға
аннотациялар беріліп отырады. Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік
түрі кең таралуында. Жоғары да аталған баспа шығармашылық формасы
Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны
мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді
шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді. Қабырға баспасын дайындау
барысында тақырып, шығарылу мерзімі, рубрика, мақалалардың тақырыптары,
сонымен қатар аты, және девизі жоспарланады.
Сөзжұмбақтар құру. Сыныптан тыс жұмыстың түрлерінің бірі-
сөзжұмбақтарды құрастыру және оларды шешу. Сөзжұмбақтарды пайдалану, оларды
құру шешу оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді, өз
ойларын нақты, қисынды және қысқа түрде білдеруге үйретеді.Сөзжұмбақтар
құру жұмысы оқушыларды жақсы дамытады, себебі онда көп нәрсені еске түсіру,
анықтамалықтарды, оқулықтарды пайдалану, қиял мен зеректілікті таныту керек
болады. Жұмысты жеке дара, жұптар, топтар бойынша ұйымдастыруға болады.Егер
оны жарыс тұрғысында ұйымдастырса, онда ол ешкімді енжар
қалдырмайды.Сөзжұмбақтарды ғылыми терминологияны жаттықтыруға арналған
тестік тапсырмалар нұсқасы ретінде қолданған тиімді.
Сөзжұмбақтың түрлері өте көп. Олар - кроссворд, чайнворд,
криптограмма, анаграмма, ребус, метограмма, шарада, викторина. Осы аталған
сөзжұмбақтардың қай-қайсысының болмасын өзіндік жасалу жолдары мен
тәсілдері, бір-біріне ұқсай бермейтін ережелері мен шарттары бар. Сондықтан
да сөзжұмбақтың кез-келген түрі әншейін құрастырылып, тек ойын ретінде
немесе уақыт өткізу үшін ғана жасалмайды. Сөзжұмбақ - үздіксіз ізденуді,
көп ойлануды, жан-жақты білімділікті талап етеді.
Енді бір сәт сөзжұмбақ туралы, оның жасалу жолдары мен сырларына
үңіліп көрейік.
Крассворттың тарихы.
Крассворд 20 ғ басында пайда болып және бүкіл дүние жүзіне танымды
болды. Сөзжұмбақтың ең күрделі түрі - кроссворд. Крассворд - тоқылған
сөздерден құралған жұмбақ. Ол ағылшынша cross - қиылысқан және word - сөз
деген ұғымдарды білдіреді. Демек, кроссворд өзара қиылысқан тор көздерді
белгілі бір сөздермен толтыру арқылы құрастырылатын жұмбақ ойын.
Крассвортты шәшу есті жаттықтырады және ойлау қабілетін кеңейтеді.Медиктер
крассвортты тынштандыратын құрал ретінде пайдаланады.Мұғалімдер
декрассвортты өздерінің жұмыстарын да көп қолданады, бұл олардың білімін
ойын формасында меңгенруге мүмкіндік береді.Көптеген танымал адамдар
крассворд шншүді ұнатқан . Крассворттың отаны болып үш ел (АҚШ, Англия және
ЮАР) болып келеді.
Ең алғашқы крассвортты АҚШ та Артур Уинном құрастырған. Ол бұл
крассвортты 1913 жылы 21 желтоқсанда басып шығарды. Бұл күн ең алғаш
крассворттың туған күні болып саналады. Крассвортты құру барысында мына
ережелерді қолдану маңызды:
1. Сөздер крассворт бетінде қиылысып тұруы қажет.
2. Тордың алтдан бір бөлігі қар тормен боялады.
3. Әріптердің оннан бір бөлігі ғана айқаспауы мүмкін.
Крассвортта сызықша және қысқартылғал сөздер қолданылмайды.
Крассворттың әр торына бір әріп қана жазылады. Әрбір сөз тордың анықталатын
номерінен басталып, қара тормен немесе фигура шетінде бітеді.
Чайнворд– түзу красворттың атасы болып ксаналады. Чайнворд құруға оңай
шешуге қиын крассворттың түрі. Оның торы болып кез–келген геометриялық
формадан сызылғал кіші торлар болып саналады.
Чайнвордта зат есім жекеше түрінен құралады, демек чайнвордта сөздер
айқаспайды тек қана тақалады. Чайнвордпен крассворттың ұқсас түрін
кросчайнворд деп атайды. Оның чайнворттан ерекшелігі чайнворд тізбегінің
өзіндік қиылысу мүмкіндігі бар. Красвордтың американдық, дуаль, эстондық
кейворд тағы сол сияқты түрлері көп. Интернет жүйесінде кеңінен қолданады.
Красворд еуропалық түрден ерекшелінсе онда оны нөмірлеу реті де
өзгереті.Мысалы Израильде оңнан солға, төменнен жоғары ал Японияда
жоғарыдан төмен және солдан оңға бұрылады.Басқа жүйемен қолдану бұл
красворттың күрделігінің түйіні болып табылады.Кейбір красвортта “и” ”й ”
біріктіріледі. Бұл ереже қиындықты кейде. жеңілдетеді
Паскаль тілі 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып-
үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.Бұл тілдің
стандарты кейінірек бекітілді,ол сол кездерде кең таралған АЛГОН, ФОРТРАН,
СИ , СИ++, БЕЙСИК, Turbo Pascal, Borland Pascal, Delphі программалау
тілдері.Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында
дүние жүзіне тез тараған.Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы
тілде жұмыс істей алады.Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын
компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен
трансляцияланады (машина тіліне аударылады),объектік программаға
түрлендіріледі де,содан кейін ғана орындалады.Осы сәтте компьютерде
программаның екі нұсқасы болады,оның біріншісі- алгоритмдік тілдегі алғашқы
түпнұсқасы, ал екіншісі- объектік кодтағы жазылған программа.Есеп нәтижесін
машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз,ал программаны түзету
қажет болғанда,оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын,
кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.Сондықтан жалпы білім беретін
мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған. Енді
осы тілдің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тоқталып өтейік.
2.2. Паскаль программалау тілі тарауын оқыту.
2.2.1. Сабақтың тақырыбы. Паскаль тілінің негізгі элементтері.
Программалар белгілі бір мәселені,есепті шешуге арналған.Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде,қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады.
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады.Оларды
теру,түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылыатқарылады.Программа
алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады.Бір қатарға
бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір-бірімен нүктелі
үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады,бірақ бір жолда бір ғана оператор
тұрғаны дұрыс, ол түзетуге жеңіл,әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып,сипаттау
бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның
тақырыбынан тұрады.Одан кейін программаның басталатын оның тақырыбынан
тұрады.Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі
жазылады.Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді
объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға
көмектеседі.Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның
күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы
мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі-болып
табылады.Орындалатын іс- әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады.Ол
begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (
командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйіеді
сөзімен аяқталады.Паскаль тіліндегі программа құрылымы төменде көрсетілген.
Program
Сипаттау бөлімі
Begin
Операторлар бөлімі
end
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі
шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанатын цикл немесе қосымша
программа (подпрограмма, процедура) түрінде орындалады.Операторлар
бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттерді қарастырайық.
Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән
ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар т.б. осы
тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.
Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан,дискіден немесе
енгізу- шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндерді
меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға,
дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.
Шартты түрде атқарылу – белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына
байланысты (ақиқат болса) , командалар жины атқарылады, әйтпесе олар аттап
өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл – белгілі бір шарттар орындалған (кейде егер орындалмаса)
жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып
атқарылады.Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
Көмекші программа – аллдын ала қандай да бір атаумен аталған
командалар тобы.Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету
арқылы шақырылып атқарыла береді
Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері
арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған
сөз тіркестері.олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер
етпейді.
Жоғарыдағы программаның алғашқы жолы – оның тақырыбы,екінші және
үшінші жолы – сипаттау бөлігі, begin ( басы ) және end ( соңы) сөздерінің
ортасында орналасқан операторлар, яғни әр түрлі амалдар орындау
бөлігі.Программаның сөздік элементтеріағылшын тілінде.
2.2.2. Сабақтың тақырыбы. Тілдің альфавиті. Тілдің қарапайым
объектілері. Мәліметтер типтері. Стандартты функциялар. Өрнек және оларды
жазылуы.
Тілдің альфавиті.Тілдің альфавиті программаның элементерін құруда
қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады.Оған әріптер, цифрлар және
арнайы белгілер ( символдар) жатады.
Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі
топтарға жіктеуге болады:
1)Атаулар (идентификатор ) латын алфавитінің 26 бас және кіші әрптері;
2)Цифрлар: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
3)Айыру белгілері: (бос орын) ; , (үтір); .(нүкте); :(қос нүкте);
;(нүктелі үтір); ‘(апостроф);:= (меншіктеу); @ ; # ; $ ; = ; ; ; ; =;
=;
4)Арнайы символдар және арифметикалық операция : (+ ) қосу; (– )
азайту; (*) көбейту; ( ) бөлу.
DIV ─ бүтін бөлу(бүтін санды санға бөлгендегі бөліндінің бүтін бөлігін
табу), мысалы,10 div 3 асалының нәтижесі 3.
MOD ─ қалдық табу (бүтін сандарды бөлген бүтін қалдықты табу), мысалы,
10 mod 3 ─ нәтижесі 1.
Логикалық амал белгілері:
AND ─ және (логикалық көбейту) операциясы;
OR ─ немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT ─ емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR ─ арифметикалық немесе амалы;
SYR ─ биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
SHR ─ биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.
Тілдің қарапайым объектілері. Тілдің қарапайым объектілеріне сан,
идентикафикатор, тұрақты, айнымалы, функция және өрнек ұғымдары
жатады.
1.Сандар.Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді.
Бүтін сандар:+4,-100,15743,0 т .б. Разрядтылығы 16 биттен тұратын
дербес компьютер үшін өолданылатын бүтін сандар -32768-ден +32767 дейінгі
аралықта ғана жазылады.
Нақты сандар кәдімгі табиғи аралс сандар тәрізді санның бүтіні мен
бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады.Мысалы:2.65,0.5,-0.862,-6. 0.
2.Идентикафикатор.Программаны, айнымалыларды, тұрақтыларды, әр түрлі
процедураларды және функцияларды т.б. объектілерді белгілеу үшін
идентификаторлар (атаулар) қолданылады. Латынша identification сөзі –
объектіге кейбір символдар жиынын сәйкестіру, біркелкілендіру мағынасын
береді.Стандартты атаулар өзгертілмейді.
Идентификаторларды жазудың жалпы ережелері:
а) идентификаторда латын алфавитінің бас және кіші әріптері, цифрлар,
астын сызу белгісі қолданылады;
б) идентификатор міндетті түрде әріппен басталады;
в)екі идентификатордың арасында кем дегенде бір пробел болуы тиіс.
г) резервтелген сөздерді, арнайы символдарды, функция есімдерін,
стандартты атауларды идентификатор ретінде қолдануға болмайды.
Мысалдар:
Metka12 – дұрыс;
2graph – қате, идентификатор цифрмен басталып тұр;
Block_56 – дұрыс;
Nomer.Doma – қате, идентификаторда нүкте бар
Сумма – қате, идентификатор орыс алфавитінің әріптерімен жазылған;
Dіv – қате, бұл резервтелген сөз.
3.Тұрақты.Тұрақты деп – программаның орындалу барысында мәндері
өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтылар – программа орындау
процессінде өзінің мәнін өзгертпейді.
Сандық тұрақты – программада тікелей сан түрінде жазылады:
4, -59, 3.14, 0.625.
Символдық тұрақты – апострофтың ішіне алынған символдар тізбегі: ‘S=’,
‘3.14’, ‘Summa’,
4.Айнымалылар.Айнымалы деп пргормманың орындалу барысында әр түрлі
мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады.Олар идентикафикаторлармен
белгіленіп, әр түрлі уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады.Айнымалылардың
белгіленулері: ALFA, Y, X3, A1B8 т.б.
Мәлімет типтері.Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп,олардың
қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын
анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне
берілетін сипаттама.
Паскаль тілінде типтердің түрлері.
Қарапайым Күрделі
Бүтін сан (integer) Жиымдар (array)
Нақты сан (real) Файлдар (file)
Символдық шама (Char) Жазбалар (record)
Логикалық шама ( logical ) Жиындар (set)
Стандартты функциялар.Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары
жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған,қажет кезінде пайдалануға
болатын объектілер бар.Солардың бірі стандартты функциялар болып
табылады.Стандарьты функциялар:abs(x) – х-тің абсолют шамасы, sqr(x) – х-
тің квадарты, sin(x) , cos(x), exp(x), ln(x) – элементар функциялар,
sqrt(x) – х-тің квадрат түбірі, fras(x) – санның бөлшек бөлігі, int(x)
–санның бүтін бөлігі т.б.
Программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.
1.Арифметикалық функциялар.Арифметикалық функцияларда бүтін және нақты
шамалар пайдаланылады.
2.Типтерді өзгерту функциялары.Бұл функцияларда шамалардың типтерін
өзгерту үшін пайдаланылады.Олар:
Chr(x) – х санын (кодын) символға аударады.
High(x) – шаманың максимум мәнін береді.
Low(x) – шаманың минимум мәнін береді.
Round(х) – нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.
Trunc(x) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz