Қоғамдағы педагог-психолог қызметінің мәні
Мазмұны
Кіріспе
1 тарау. Қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің ғылыми-
педагогикалық негіздері
1.1 Қоғамдағы педагог-психолог қызметінің мәні
1.2 Мектептегі педагог-психолог маманның атқаратын іс-әрекетіне сипаттама
1.3 Мектептегі педагог-психолог маманның жоғары сынып оқушыларымен
атқаратын қызметі
2 тарау. Қазіргі мектептегі педагог психологтың қызметі
2.1 Педагог-психолог маманның сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы
жоғары сынып оқушыларын жан-жақты қалыптастыру жолдары
2.2 Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті
елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет
бұрып, саяси-экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра
отырып, тиімді дамудың жолдарымен жүріп келеді. Мұны еліміз ішкі және
сыртқы саясаттағы өзіндік байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып
отыр. Бұл орынды да. Өйткені халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп
қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан
зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезегін жалпы
жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтық өз туған халқының рухани
құндылықтарынан, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарынан ажырап қалуына әкеп
соқтырды. Міне, сондықтан да жас өспірімдердің халқымыздың рухани
тамырынан толық қол үзіп қалмауы – біздің бүгінгі елдігіміз бен
егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,
бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілтетті халық үшін атты
халыққа арнаған өткен жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек
көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті
қарыштап дамыту керектігін айырықша атады. Бұл орайда, әрине білім беру
саласында ерекше назар аудару қажеттігі айырықща аталады. Бұл орайда,
әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық. Ұлттың
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен
айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен бірігу білім беру
жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін
оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін... білім беруге
көшу қажет, - деп атап көрсетілді жолдауда.
Ендеше, егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана - сезімін, ұлттық
психологиясын, ата – бабаларымыздың салт – дәстүрімен сабақтастыра отырып
тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесінің бірі деуге болады.
Ұлттың болашағы – ұрпағында болса. Ұрпақтың тәрбиесі - ұстаз қолында.
Ал ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды, жан – жақты дамыған азамат
тәрбиелеу. Осы орайда Баланы жан – жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан –
жақты білу керек деген белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің пікірі
педагогикалық іс - әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым –
қатынаста болу керектігін дәлелдегендей. Сондықтан да бүгінгі күн талабына
сай мектептегі жұмыс бағыттарының бірі психологиялық қызмет болып табылады.
Сонымен қатар мектептің оқу – тәрбие жұмысының кең өріс алып, нәтижелі
жұмыс істеуіне де өз ықпалын тигізері анық.
Психологиялық қызметтің жұмысының тиімділігі – балалар мен
жасөспірімдердің психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам
болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін,
шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшеліктеріне
байланысты даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың алдын алуға
мүмкіндік беріп, қоршаған ортадағы адамдармен дұрыс қарым- қатынас жасауға
бағыттап, баланың мүмкіндіктеріне жол аша алады және мұғалім қолына жеке
тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер береді.
Білім туралы заңда білім берудегі міндеттерінің ішінде ең
маңыздылығы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру және дамыту туралы
айтылады.
Мемлекетіміз бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекет қатарына кіру үшін
балаларымыз дүниежүзілік білім кеңістігінде өз білімі, қабілеті,
еңбекқорлығымен өз орнын табу керек. Міне, осы міндеттерді орындауда жас
ұрпаққа, мұғалімдерге, ата-аналарға мектепте жүргізілетін психологиялық
қызметтің рөлі зор.
Мектептегі психологиялық қызмет нәтижелі көрсеткіштерге жету үшін
мектептің шығармашылық тақырыбына сай барлық іс - әрекеттер бес бағыт
бойынша жүргізіледі.
Зерттеудің мақсаты: Қоғамдағы педагог-психолог қызметінің мәні
тұрғыдан талдап, мектептегі педагог-психолог маманның атқаратын іс-
әрекетіне сипаттама беру.
Зерттеу обьектісі: Ы. Алтынсариннің әдеби-қоғамдық, ғылыми- танымдық,
рухани-ағартушылық, педагогикалық- психологиялық идеялары.
Зерттеу пәні: Қазіргі мектептегі педагог психологтың қызметі.
Зерттеудің міндеттері:
- Педагог-психолог маманның сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы
жоғары сынып оқушыларын жан-жақты қалыптастыру жолдары;
- Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар;

Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты
қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және
ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог
жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру
арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс
стратегияларын жасауға қатыстыру.
Психологиялық қызмет міндеттері
▪ Баланың жас ерекшелігіне сәйкес тұлғалық және интеллектуалдық даму,
өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруына ықпал
ету;
▪ Психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде әр балаға жеке қарым-
қатынасты қамтамасыз ету;
▪ Баланың интеллектуалдық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды жеңу
және олардың алдын алу.
Соңғы онжылдықта мектептерде енгізілген психолог және әлеуметтік
педагогтардың атқаратын қызметі білім саласының өзекті мәселерін шешуде
үлкен роль атқаратынын заман талабы көрсетумен қатар, облыс және қала
бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары жөнінде кешенді
мәліметтер жинақтап, оны талдауда психологтардың 62%, әлеуметтік
педагогтардың 100%-ының арнайы мамандықтары жоқтығы, отандық жергілікті
халықтың, білім саласының және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне
бейімделген психологиялық, әлеуметтік қызмет жөнінде әдебиеттердің, соның
ішінде ана тілімізде мардымсыздығы бұл мамандардың және мектептегі
психологиялық-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне кедергі
келтіруде. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім және спорт бөлімінде осы
мамандықтың әдістемелік жетекшілерінің маман еместігіде, көпшілік
мектептердегі психолог кабинетінің жоқтығыда аяққа құрмау болуда. 2005 оқу-
әдістемелік жылында педагогика-психология кафедрасы өткізген 7 біліктілік
арттыру курсында және 4 тақырыптық семинарларда жүргізілген мониторингтік
сауалнама және пікірлесулерден облыс психологтары мен әлеуметтік
педагогтарының басты қиыншылықтары айқындалды. Олар:
1. Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде
мардымсыздығы;
2. Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс
жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);
3. Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасау;
4. Түзету шараларын тиімді ұйымдастыру;
5. Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы
(кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ)
т.б;
Жоғарыдағы басты қиыншылықтар мен кедергілерді ескере отырып, БҚОПКБА
және ҚДИ педагогика-психология кафедрасының жанынан құрылған инновациялық
порталдың жұмыстанатын басты бағыттары айқындалды. Мектеп психологтарының
қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, өз өтініштерімен облыстық
психологтар мен әлеуметтік педагогтар Ассоциациасы құрылды.
Порталдың құрылуына себепкер болған түрткілер: Мектеп психолог-тары
мен әлеуметтік педагогтарының облыстық Ассоциациясының ұсыныс-тары мен
қажеттіліктері.
Инновациялық портал жұмысының мақсаты:
Облыс мектептеріндегі психологиялық және әлеуметтік қызметті
жандандыру үшін уақтылы әдістемелік көмек көрсету, мамандардың кәсіби
шеберлігін, құзырлылығын, мәртебесін арттыру үшін алуан түрлі шаралар
ұйымдастырып, өткізу.
1.2 Мектептегі педагог-психолог маманның атқаратын іс-әрекетіне
сипаттама
Білім – бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен
мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық
дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық
процестен тыс іске асуы мүмкін емес.
Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту
міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен
тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық
процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз
ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс.
Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске
асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін
адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске
əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат
бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне
тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-
күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады.
Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар
бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі,
тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз
кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет
процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
- ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);
- тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі);
- дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);
- аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен
құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);
- əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына
бейімдеу).
Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: 1)
педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы, 2) іс-əрекеттік
құрамы.
Педагогикалық процестің субъекттері - тəрбиеленуші жəне
тəрбиелеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы , тəрбиеленушілер
қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер мен қариялар; ал
тəрбиелеушілер сапында ата-аналарды, кəсіби педагогтарды тікелей тəрбиеші
субъекттер деп білсек, бұқаралық ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл,
табиғат жəне с.с балаға ықпал жасайтын барша əлеуметтік –қоғамдық
құбылыстардың бəрін жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн.
Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің
соңғы нəтижесі – тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі.
Педагогикалық процестің іс-əрекеттік (процессуалды) құрылымында
төмендегідей бірліктер ажыралады:
Педагогикалық процесс қозғалысы (динамика) педагогикалық процестегі
кейінгі өзгерістердің мөлшері алдағы кезеңдердің өзгерістер өлшеміне
тəуелді. Қолға түскен жетістіктер неғұрлым жоғары болса, нəтиже де соғұрлым
салмақты келеді. Бұдан шығатын қорытынды - педагогикалық процесс педагог
пен тəрбиеленуші арасындағы дамып барушы ықпалдастық ретінде бірізді
сатылық сипатқа ие. Осы заңдылық салдары: аралық нəтижесі жақсы болған
оқушы жалпы жетістіктерінде де жоғарылау көрсеткіштерге ие болады;
- педагогикалық процесте тұлғаның дамуы педагогикалық процесс, тұлға
дамуының арқауы. Тұлғаның даму қарқыны мен жетілген деңгейі нəсілділікке,
тəрбие жəне оқу ортасына, оқу-тəрбиелік іс-əрекеттерге жегілуіне,
қолданымдағы педагогикалық ықпал жабдықтары мен тəсілдеріне тəуелді;
- оқу-тəрбие процесін басқару педагогикалық процестің тиімділігі
тəрбиеленушілер мен тəрбиешілердің арасындағы кері байланыстың жеделдігіне,
сондай-ақ тəрбиеленушілерге жасалған реттеуші ықпал əсердің шамасы, сипаты
жəне негізділігіне орайлас келеді;
- ынталандыру: Педагогикалық процестің өнімді болуы оқу-тəрбие
қызметтерінің ішкі ықпалдарына (стимулдарына) жəне сыртқы (қоғамдық,
педагогикалық, моральдық, материалдық) жəне т. б. ықпалдардың əсеріне
байланысты болады;
- педагогикалық процестегі сезімдік, логикалық жəне іс-тəжірибелік
элементердің бірлігі. Оқу-тəрбие процесінің тиімділігі сезімдік қабылдау,
қабылдағанды қисынды тоқу, тоқығанды іс-тəжірибеде қолдана білу шарттарына
тəуелді;
- сыртқы (педагогикалық) жəне ішкі (танымдық) іс-əрекеттің бірлігі.
Педагогикалық ықпал нəтижелілігі педагог қызметінің сапасына қалай
байланысты болса, тəрбиеленушінің өзіндік оқу танымдық іс-əрекеттерінің
сапасына да соншалықты тəуелді келеді;
- педагогикалық процестің себептілік негізінің болуы. Оқу тəрбие
процесінің жүрісі мен нəтижесін алдын ала анықтап отыратын жағдаят-
қажеттілік, сондай-ақ тұлға мен қоғам мүмкіндіктері (материалды-техикалық,
экономикалық жəне т.б.), процестің оқыту.

Психологиялық – педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізу барысын II
кезеңге бөлуге болады.
I кезең.
Жоғары сынып оқушыларының дарындылығын мынадай психологиялық тестер
жүргізу арқылы айқындауға болады.
- тілге бейімділігі. Айзенктің вербальді қасиеттерді зерттеу тесті;
- математикалық бейімділіктерді анықтау Аштахуэрдің алгоритмдік және
арифметикалық қабілеттерін зерттеу субтесттері;
- оқушының сыни тұрғыдан ойлау ерекшелігі П. Торренс субтесттері
бойынша;
- оқушының интеллектуалды даму деңгейлерін анықтауға Л.Ф.Тихомирова
ұсынған интеллектуалды қабілеттерді анықтау әдістемелері, ровен
шкалалары В.Н.Бузин қысқаша іріктеу тесттері, тағы да басқа
интеллектуалдық, танымдық тестерін пайдалануға болады.
II кезең.
- педагогикалық – психологиялық диагностика жүйесіноқып үйрену;
- оқушының жас ерекшелігін, қабілеттерін ескере отырып, дифференциялды
оқыту мазмұнын, түрін және әдісін анықтау;
- мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған психологиялық
қызыметті ұйымдастыру;
- таңдамалы пәндерді енгізуді жалғастырып, тереңдетіп оқытуды
ұйымдастыру;
Осындай жүйелі зерттеу қорытындысы бойынша сыныптағы жалпы және
арнайықабілетті оқушылар анықталады.
Тек қана өз бетімен оқу, өз білімін жетілдіру, өз қасиетін түзету
арқылы ғана жоғары нәтиже алуға болады. Өз жұмысына талдау жасау арқылы,
жүйелі жұмыс нәтижесінде оқушы:
1. Таным есептерін тез және дәл орындауға.
2. Қалыптан тыс есептер шығаруға үйренеді.
Бағдарламаны толық меңгерген оқушыөзін-өзі дамыту бағдарламасын
құрады.
Қабілеттік дарын иесінің арнайы білімге мұқтаж болуы, табиғи нәрсе.
Оларға дұрыс тәлім-тәрбие берудіңалғы шарты дарын иелерін жастайынан
талдай, таңдай білуге жетілдіру,олардың құқығы мен мұқтаждарын қорғаудың
басты мақсаты болып табылады;
Оқушының анымдық белсенділігінің қалыптасуы жоғары деңгейде дамуы оны
шығармашылық әрекетке әкеліп тірейді.
Содан кейін жоғары сынып оқушысы тұлғасының педагогикалық-
психологиялық тұрғыдан зерттеп, мінездеме беру үлгісі.
1. Оқушы туралы жалпы мәлімет: (тегі және аты, туған күні, класы,
жалпы физиологиялық дамуы, денсаулығы, жанұя жағдайы, жанұя тәрбиесінің
ерекшеліктері)
2. Оқу іс-әрекеті:
а. Оқу үлгілері: (басым бағалары т.б.)
б. Жалпы ақыл-ой дамуы: (дүниетанымы, сөздік қоры, хабардарлығы, өз
ойын ауызша және жазбаша білдіре алуы т.б.)
в. Танымдық процестер сипаттамасы:
- Оқу материалын қабылдау ерекшелігі;
- Зейіні (ерікті зейіннің даму деңгейі, оның тұрақтылығы, шоғырлануы,
бөліну қасиеті);
- Ой ерекшеліктері (заттар мен құбылыстарды ажырата ала ма, салыстыру,
талдау, жалпылау және өз бетімен қорытынды шығару, оқу материалын ұғыну
шапшандығы)
- Қиялдың дамуы (бамым қиял түрі)
г. Оқу қабілеті:
- Оқу процесінде өз бетімен жұмыстануы;
- Оқуға қатынасы (танымдық қызығушылығы, бағаға, мадақтауға, не
мұғалім, ата-анамен сыныпта қатынасы, негізгі оқу мотивациясы)
- Оқу қабілеті (күн режимін сақтау, жоспарлай білу, оқу іс-әрекетінде
жинақтылығы мен тәртіптілігі, кітаппен жұмыстана білуі, оқу іс-әрекетін
бақылай білу әдістерін меңгеруі т.б.)
3. Еңбекке қатынасы: (еңбектене біле ме, әлде еңбекке немқұрайлы
қарайма, еңбекке икемділігі, еңбектенгенде жинақтылығы мен тәртібі, қандай
еңбек түріне икемді, үйде және мектепте еңбектің әрекетін орындауы)
4. Қоғамдық жұмыстарға қатынасы: (класс өміріне қатынасы, қоғамдық
тапсырмаларды орындауы, кластастарымен бірігіп іс-әрекет етуі, белсенділігі
мен инициатившілідігі)
5. Кластас жолдастарымен қарым-қатынасы, мектепке қатынасы: (кластағы
орны, кластастарына көз қарасы, кіммен дос, кластастарымен дау-жанжал бола
ма, оның себебі, мектепке көз қарасы)
6. Тәртібі мен мінезі:
- Мектепте және үйдегі,тәртібінің жалпы мінездемесі (өзін байсалды
және ұстамды немесе тынымсыз және қозғалғыштығы)
- Күн режимін сақтауы, мұғалімдер мен ата-ана талабын орындауы
- тәртіпті бұзуы
7. Оқушы тұлғасының бағыты, мінезі, темпераменті және қабілеті.
- Қажеттіліктері мен қызығушылықтары (алуан түрлілігі, тереңдігі,
оқуға т.б.)
өзіне және қоршаған ортаға қатынасы ерекшеліктері: мейрімділігі,
қарапайымдылығы, ұжымшылдығы, өзімшілдігі, көмектесуі, шынайлығы, адалдығы
т.б.
- мінезінің жағымдығы және жағымсыз қасиеттері;
- Темперамент типі және ерекшелігі
- көңіл-күйі (көңілді, көңілсіз, түсінкі) тұрақтылығы немесе
ауыспалылығы
- белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі және оның көрінуі
8. Жалпы түйіні:
- оқушы тұлғасының негізгі жақсы қасиеттері және кемшіліктері,
иінезіндегі (егер болса( ауытқушылығы себебі.
оқушы тұлғасын дамытып, қалыптастыруға бағытталған негізгі тәрбие
жұмыстары.

Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай
білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда
білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін,
қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі
қызықты ойындар, ойын-есептер, шығарым-тапсырмалар, логикалық жаттығулар
пайдаланудың мәні зор.
Бастауыш мектеп жасындағы танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге
асады. Осы жаста қарым-қатынас шеберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы
өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жұмысын
нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі – оқу. Осы
оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиал, ойлау) дамиды.
Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдастырумен
ерекшеленеді, сонымен қатар оларда білуге құмарлық, әуестік те байқалады.
Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған
ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш
мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді
тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі балалардан ерікті зейінін
жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтау
талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-
әрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік).
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде
бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының мынадай көрсеткіштері
байқалады:
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына
қарай таңдамалы қатынас;
- білім алуға және оны меңғеруге тырысу;
- таным үрдісі мен танымдық іс-әрекеттің эмоционалдық көрінуі;
- танымдық іс-әрекеттің еріктің болуы;
- бос уақытын пайдалана білу сипаты;
- танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке және оқуға жағымды қатынасы;
Мектеп құрамындағы оқушылардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан
педагогтармен жұмыс жасағанда келіспеушілік жағымсыз қатынастар пайда болуы
мүмкін. Мұғаліммен қарым-қатынас сипаты оқушының әсіресе жеткіншек оқушының
психологиялық келбетінің қалыптасуына, мектепке бейімделуіне,
әлеуметтенуіне, оқушылармен қарым-қатынасы орнауына, іс-әрекеттерге қатысты
қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі деп кезінде Д.Н. Исаева
көрсеткен.
Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың
жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға
туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады?
Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау
жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа
қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы
оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: Әдеттегі бестігін алған
оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері
қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау
иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі
төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады
Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай
келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына,
өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.
Педагогикалық-психологиялық қызыметте кеңес беру бағыты бойынша
қызыметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:
1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,
ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп
жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
2. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,
ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу
және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.
3. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,
әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар
жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-
аналардмастерлердің, қоғамдық өкілдердің психалогиялық мәдениетінің
жоғарлауына септігін тигізеді.
4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие
мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және
т.б,)анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару
мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша
баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім
қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.
5. Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар
мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне
сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-
тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-
психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.
Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне
педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың
жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды
жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда
педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып
табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы және оқуындағы
өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше
орын алады.
Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды,
нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша
жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының
бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда,
психикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына
бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.
2. Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау
бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жузеге асырады.
3. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының
бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері кірістіріледі
. Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық
бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және
оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек
формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды
кірістіруге болады.
4. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын
төмендегі бағыттар бойынша кірістіруге болады:
- жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;
- балалар тобымен арнайы жумыс жургізу процесінде;
- тәрбиелік іс-шаралар бағытында;
- баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін
формада өткізуге болады.
Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологикалық
аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педаго
гикалық- психологикалық түзету жұмыстары жүзеге асырыды және саралау
диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы
қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде,
көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық жақтары жақтары немесе ашық
байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен
жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы
мамандармен тартылады.
Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың
психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада
қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде,
орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары
болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының
өзгеруіне , эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне,
психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс
жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу
үлгерімінің төмендеуі салдарынан ата-аналарының баланың жас
ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында
аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық
реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі
баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып
табылады. Баланың жалпы интеллектісінің арнайы, шығармашылық қабіллетінің
дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.
Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі
бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет ,сол кәсіп жайында
мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог
маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында
адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу
мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне
қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті
болуы керек .
Қазіргі кезде ғалымдардың да, мұғалімдердің арасында компотенттілік
(көптеген ғалымдар құзіреттілік деп аударып жүр) деген ұғым көп
кездеседі.
Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі, оның
квалификациясы (білімі мен тєжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі
бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.
Маманның кәсіби құзіреттілік мєселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми
педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кєсіби білім берудің теориясы
мен әдістерінде, акмеологияда, андрогикада, гуманитарлық ғылымда әр қырынан
қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде.
Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық
тєжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол
жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын
және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен
нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген
икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Н.С.Розов құзіреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші
жақты танымдық жєне практикалық жањалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау
мүмкіндігімен, екінші жақты – білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі
сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.
Н.С.Розовтыњ пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:
- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете
түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контекстің аяғына осы сияқты ахуалды
бағалау, ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;
- проблемалық-практикалық аспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды
айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау
тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;
- коммуникативті аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның жєне
адамның осындай жағдайда қатысын жєне өзара ықпал жасауға тиісті мєдени
үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.
Құзіреттілікті оның жалпы мєдени жєне кәсіби көріністерін сипаттау
үшін былайша аспектілерге бөлу жасанды екенін көруге болады.
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды
қажет етіп отыр. Ондай мамандар дәйім өзгеріп отыратын әлеуметтік-
экономикалық үрдістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай
шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адам арасындағы
ықпалдастықтың ізгілікке бағытын стереотиптендіруден арылта білуге тиіс.
Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орнының ең бір маңызды міндеті кәсіби
жағынан білімдар да құзіретті маман даярлау болып отыр.
Педагогтың кәсіби құзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық
міндеттерді өз бетімен тиімді мұғалімнің, педагог-психологтың, тєрбиешінің
тұлғалық шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз.
Кәсіби құзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде
оныњ мазмұны толықтырылып отырған.
Осындай шарықтап даму кезеңдері Платонның сатылап оқытудың жоғарғы оқу
түрлері және барлық жалпы білімнің үйлесімдік базасында кәсіпке оқытудағы
жоғары білім туралы Аристотельдің идеялары, ХVІІІ-ХІХ ғасырда зайырлық
кәсіби білім берудің ұтымды жолдарын ұйымдастыру туралы ойлар. Содан бері
жоғары оқу орындарында кәсіпке оқытуға ерекше көңіл бөлініп және соның
арқасында қазіргі жоғары оқу орындарында көп деңгейлі жоғары білім беруде
кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі жалғасуда.
Жоғары білімді маманның кәсіби құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға
ретіндегі қасиеттерінің жєне ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі,
оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру дайындығына, былайша айтќанда,
іскерлігі мен мүмкіндігіне сай жұмыс істеу қажеттілігінен келіп шығады.
Жалпы алғанда, жетекшінің кәсіби-әдістемелік бірлестігі негізінен
теориялық жєне практикалық мєселелермен айналысады. Бірлестік маслихатында
тәрбие процесін басқару жєне оны кешенді жүргізу, жеке адамды ұжымда
тәрбиелеу, тәрбие процесін балалардың шығармашылығын дамыту т.б.
мєселелерді талқылайды. Оларды оқу-тєрбие процесінде іске асырудың
тәсілдерін іздестіреді. Жеке тұлға құзіреттілігі - өзінің еңбегін
жоспарлауға, реттеуге барынша еркін құқықты болуы шарт. Іс-әрекет іс
жүзіндегі объектілерді бағамдауға, жобалауда және құрастыруда кєсіптік
педагогикалық білімді қалыптастыруымыз қажет.
Кәсіп – адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек
іс-әрекетінің белгілі бір түрі.
Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі.
Мысалы, кәсіп – мұғалім, мамандық – физика пәнінің мұғалімі.
Қазір ғылыми тілде мұғалім жєне педагог деген екі ұғым бар. Соңғы
кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.
Профессограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің,
педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Жіктеу:
Педагог-психологтың атқаратын қызметін жіктеу:
- ақпараттық (ақпарат беру);
- дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);
- мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың
орындалуын қадағалау);
- қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі
деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);
- коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен,
әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);
- ұйымдастырушылық (оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-
аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);
- зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);
Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:
- ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия,
т.б. ұйымдастыру);
- тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен
тєрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);
- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);
- коррекциялау (қайта түзету);
- диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу)
- психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау)
Педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен ерекшеліктерін А.А.Бодалева,
А.А.Леонтьева, Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, А.А.Реан, т.б.
педагогтар мен психологтар өз еңбегінде қарастырған.
Педагогикалық қарым-қатынас – қарым-қатынастың ерекше түрі, кәсіби
категориясы болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және
тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-
әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың
қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.
Кан-Калик былай дейді: Педагогикалық қарым-қатынас – тәрбиелеу,
оқытудың мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және педагог
пен оқушының өзара әсерін айқындайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы.
В.А.Кан-Калик өзінің және басқалардың педагогикалық тәжірибелеріне
сүйене отырып, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен сынып арасындағы
қатынастарында кездесетін қиындықтардың себебі, мұғалімнің педагогикалық
қатынастың егжей-тегжейін әлі де бойына сіңірмегені жайлы сөз етеді.
Мұғалімге коммуникативті іскерлікті меңгеріп, оны оқу және тєрбие үрдісінде
қолдануы қажет екені айтылады.
В.А.Кан-Каликтің пікірі бойынша, педагог өзінің іс-әрекетімен, жүріс-
тұрысы, сөйлеуі арқылы тәрбиеленушілерге үлгі болуы керек. Мұғалімге
коммуникативті іскерліктің баяны мұғалім сөзінің нақтылығы, түсініктілігі,
көңілге жағымды үні, дауыс ырғағы, сөздерінің анықтылығы, мейірімділігі мен
тартымдылығы, міне, осының барлығы ұстаздың оқушыға деген әсерін
жоғарылатады.
Г.И.Щукинаның пікірі бонша: қрым-қтынас оқушылардың танымдық
қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер етеді. Тєрбиеленушіге
сенім арту, оныњ танымдық ізденуіне қолдау жасау, т.б. қызығушылықтарын
тудырады, ынталандырады.
Бірқатар ғалымдардың айтуынша, педагогтар практика жүзінде көз
жеткізгендері – қарым-қатынас сәтті орта туғызады, тұлғааралық қарым-
қатынас мєдениетін тәрбиелейді, әрі педагогқа, әрі тєрбиеленушіге өзін-өзі
қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Осындай қасиетті меңгерген маман қарым-қатынас негізінде, мектеп ұжымы
мұғалімдермен, оқушылармен (қиын балалармен, дарынды балалармен, жас
ерекшеліктеріне байланысты), отбасы яғни ата-аналармен және сонымен қатар
біз бітіру жұмысына алып отырған проблемамызға орай жоғары сынып
оқушыларымен зерттеу жұмысы барысында жоғарыдағы (1-сурете) бейнеленген.
Толықтай дәлелдеп өтер болсақ коррекциялау, диагностикалау,
психопрофилактика және т.б. іс-шараларды жүргізу арқылы оқушы тұлғасын
дамытуда әртүрлі жұмыстар жасалды.
2.2. Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар.
1. Эксперименттік зерттеу бөлімі:
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық даму
ерекшеліктерін зерттеу
Мақсаты: Оқушылардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері
зерттеуде әртүрлі әдістер жүргізу.
Зерттеу обьектісі: 14-16 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары.
Әдістеме:
1. Педагогикалық зерттеулер ( сауалнама).
2. Тейлер сауалнамасы (оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін
зерттеу тесті).
3. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің деңгейін анықтау
шкаласы (Ч. Спилберген және О.Л. Ханин бойынша)
4. Тұлғаның А типін диагностикалайтын сауалнамасы.
5. Өзін-өзі тану тренингі
Зерттеу пәні: Оқушылардың даму ерекшеліктерінің даму жағдайлары
Зерттеу мерзімі: 01 сәуір 2010 –25 сәуір 2010 ж
Зерттеудің міндеттері:
1. 14-16 жас 9-11 сынып оқушыларына зерттеу жүргізілді.
2. Индивидувалды мәліметтерді өңдеу
3. Зерттеу қорытындысын топтастыру және өзара салыстыру.
4. Қорытынды.
БАҒДАРЛАМАСЫ
Теориялық білімімізді басшылыққа ала отырып, эксперименттер жүргізуге
көштік.
Біріншіден біз проблема етіп алып отырған жоғары сынып оқушыларының
мазасыздану мәселесіне көз жеткізу үшін психологиялық ерекшеліктерінің
даму деңгейін анықтауды жөн көрдік.
Оқушылардың даму ерекшеліктерін анықтау - тұлғалық қасиетері үшін,
ерекше маңызды, бұл қасиеттер көптеген субьектінің мінез-құлқын
шарттандырады. Әсіресе сессия кезеңінде студенттерде мазасыздану процесі
басым болады.
Мазасыздану деңгейінің анықтамасы тұлғаның ерекше іс-әрекет табиғи
және міндетті белсенділігі. Әр адамның өзіндік белсенділігі, ниеті, үрей
деңгейі бұл қажетті мазасыздық деп саналады. Ситуативті және реактивті
үрейді күй ретінде субьективтің бастан кешірген эмоцияларымен қысым,
мазасыздық, бойкүйездік, самарқаулықпен сипатталынады. Бұл күй стрестік
ситуацияға эмоционалды реакция ретінде туындап уақыттың интенсивтілігі мен
динамикасының әртүрлілігіне байланысты болуы мүмкін. Тұлға жоғары
мазасыздық категорияларына тиісті, өзінің бағалауына, кең деңгейдегі өмір
сүру әрекетіндегі диапазондардағы қауіптерді қабылдауға бейім, қысыммен
көңіл аударып, мазасыздық күйімен айқындалады. Егер психологиялық тесте
зерттелуші тұлғалық мазасыздықтың жоғары көрсеткішін көрсетсе, мұның
негізінде әртүрлі ситуацияларда мазасыздық күйі бар компетенттілігін
бағалайды. Көптеген белгілі әдістемелерде мазасыздықты өлшеу, тұлғалық
мазасыздықты болмаса, мазасыздық күйін арнайы реакцияларда бағалайды.
Мазасыздықтың айырмашылығын өлшейтін, тұлғалық қасиетін, күйін анықтайтын
Ч. Д. Спилбергер ұсынған әдістеме. Орыс тіліне оның шкаласын бейімдеген Ю.
Ханин. Спилбергтің өзіндік бағалау шкаласы 40 сұрақ пікір, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz