ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі МКҚК

Тіл және әдебиет кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мамандықтықтың атауы: 0111000 Негізгі білім беру
Пәні: Педагогика

Орындаған: Қайролла Г.
Ғылыми жетекші: п.ғ.м. Батанасова Б.Е
Курстық жұмысты қорғаған бағасы: __________

Кафедра меңгерушісі ____________ ф.ғ.м. А.Рахым

Хаттама № _____ ____ _______ 20___ж.

Көкшетау-2017

Н.051-22.басылым 2.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .3

I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Оқушылардың бос уақытын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Сыныптан тыс тәрбие
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
..7
3. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері, олардың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4. Бос уақытты ұйымдастыру-шығармашылық қабілетті арттыру
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
II. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Курстық жұмыстың өзектілігі
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс болғандықтан ол оның бос уақытында
да жүзеге асырылуы тиіс. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше болып
келеді. Ол демалу, тынығу үшін ғана емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау
қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос
уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу
әлдеқайда тиімді болып келеді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым,
отбасы , оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы
қажет. Бұл орайда оқушы демалысын, яғни бос уақытын тиімді өткізуі сынып
жетекшісінің немесе пән мұғалімінің құзыреттілігіне толықтай міндеттеледі.
Себебі оқушы бос уақыты дұрыс, тиімді ұйымдастырылған болса, олардың
рухани өмірі, көзқарасы толықтырылуы қамтамасыз етіледі. Баланың бос
уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі
таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос
уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық
ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік -
экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша
көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-
барша қауымның ортақ ісі. Оқушының жан-жақты болып өсуі тек қана оның
мектепте өткізген уақытымен шектелмейді, бұған оқушының отбасы арасында,
қоғамда да бос уақыты тиімді ұйымдастырылуы қажет. Бүгінгі таңда жаңа
білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая
түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе
сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын
тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың
таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге
қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол
оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез
құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын
өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері
керек.
Курстық жұмыстың мақсаты.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын
жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып
саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы,
белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол
алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат
алады, яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске
асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен
толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде
бағалай білу сияқты аса маңызды

3
әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі.Оқушының демалуы,
сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады,
оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық
дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай
жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп
қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-
өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.

Курстық жұмыстың міндеті.
Оқушылардың бос уақытында оларды мәдени шараларға, спортпен шұғылдануға,
түрлі қызықты іс-шаралар өткізуге тәрбиелеу;
Бала өзенің бос уақытын тиімді өткізуін үнемі қадағалау, оны кейін дағдыға
айналдыруға ықпал ету;
Бос уақытын тиімді дұрыс жоспарлап ұйымдастыру;

4

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес
екенін де ұмытпауымыз керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз
процесс болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана
емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен де
ұштасады. Ол, әдетте, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып екіге
бөлінеді. Демек, тәрбие жұмысындағы олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие
берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен сабақтан тыс
уақытта жүгізілетін бұл жұмыстардың мақсаты-сабақ үстінде жүзеге асатын
жұмыстардың, білімнің шыңдалуы.
Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік
тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның
тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның
қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды
өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал
жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етеді. Баланың өз құрбыларымен,
мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын
шешуге көмектеседі. Оқушы  тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі
дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме,
клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға  қосымша
білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық
талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын
жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі,
денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі жүйелердің қызмет
ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу үшін спорттық үйірмелер жұмыс жасайды.
Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере
отырып ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау, денсаулықты сақтауда және
қалыптастыруда нәтижеге жету үшін мектептегі балалар және үлкендердің ара-
қатынасы, достық атмосфера бойынша балалардың достығы, әр түрлі
творчестволық әрекетте тұлғаны қалыптастыру, өзінің психофизиологиялық
ерекшеліктеріне сай оқу және даму мүмкіндігі, творчество және әдемілік
атмосферасымен танысады. Мектептегі балалардың негізгі әрекеті болып оқу
табылғандықтан, дәл оқудағы табыстылық мектептегі оқушылардың жақсы
жағдайына ықпал етеді, ал бұл әрқайсысы үшін өзінің жеке ерекшеліктеріне
сай дамуға мүмкіндік беру арқылы іске асады. Осыған байланысты бүгінгі
мектеп алдында балаларды дамыту және сақтау проблемасын тиімді шешуге
мүмкіндік беретін формалар, әдістер және технологияларды табу мәселері тұр.
Бұл орайда үйірме жұмысы баланың жас ерекшелігін ескеруі керек. Себебі,
түрлі үйірмелердің тақырыптары бала санасына түсінікті болуы маңызды. Жас
ерекшелігімен қоса психологиялық күйі де үлкен рөл атқарады. Адамды жас
ерекшеліктеріне қарай дамыту педагогикалық жүйенің
5

көздеген мақсатының бірі. Бірақ көптеген зерттеушілер адамдардың жас
ерекшеліктеріне қарай дамуын кезеңдерге бөліп қарастырған. Осы орайда

жасөспірімдік, балалық, бозбалалық түсініктердің әр түрлі болатынын

ескерген жөн. Қазіргі педагогикада жас ерекшеліктеріне байланысты адам
психологиясын зерттеу бір жастан он сегіз жасқа дейінгі аралықты
қамтиды.жас ерекшелік адамның физикалық, танымдық, интеллектуалдық,
уәждемелік, эмоционалдыққасиеттерінің комплекстерін құрайды. Бұл
педагогтардың жіне өзге мамандардың тәрбие қызыметтерінен жұмыс барысында
икемділікті, тәрбие мақсаттарын дұрыс қоя білуді талап етеді. [4.118]
Баланың өмірге деген қозқарасы, дүниетанымы,әрекеті, психологиялық
климаты жақсы ортада қалыптасуы керек. Н.К.Кпупская Жақсы жағдайда өсіп
жатқан дені сау балалардың ұйымдағы деген талпыныстарын, балалар ойынын
бақылаған адам бұны жақсы біледі деген. Бұл сөзден ұғатынымыз бала өзіне
қолайлы, өзін еркін сезінетін ортада жұмыс істеп, уақытын өткізуі керек.
Кез келген ұйымға жиналған оқушылар өздерінің не себепті біріктіріліп
жатқанын білуі керек. Осында жасөспірімдердің өздері қатысып, араласуы,
белсенділік танытуы маңызды. Мұғалімдер мен тәрбиешілер оқушылардың
бастамаларын дамытулары керек. Бір ғана ескерту, жасап отырған жұмыстары
мен бастамалары мектепке, қалаға, өздеріне де пайдасын тигізуі қажет. Жалпы
ұйым – белгілі бір мақсатпен құрылған, белгілі ереже ұстанатын,еңбек
бөлінісімен сипатталатын ұжым түрі. Бұл ретте педагогтардың балаларды
пайдалы әлеуметтік іспен түбегейлі қамтамассыз етуі маңызды. Бұның барлығы
да сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бала өзінің алған білімін практика
жүзінде одан әрі шыңдаудың ең тиімді жолы. Ол арқылы оқушы өз бойында жақсы
қасиеттерді артырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді. Бойында игі
қасиеттер көбейеді. Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең
алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін
зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңды ескеру керек. Бұл
ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін
жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке
тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның
жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін
әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және
мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

6

1.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары

Сыныптан тыс тәрбие  жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын
қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен
ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін
тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы
ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.[1] Тәрбие
жұмыстарының балаға
беретін тәрбиелік мәні, әлеуметтік ортаға пайдасын тигізетіндей
ұйымдастырылған, жоспарланған болуы тиіс. Әр бала өткізіліп жатқан істен
өзіне бір пайдасын тигізуі керек. Тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен
пайдасы:
Біріншіден, баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара
қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу
баланың еңбекқорлыққа жетелеп, жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып,
жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып,
тереңдетіп қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы баланың өз бетінше жұмыс
жасауына, жауапкершілікке тәрбиелейді. Оқушыларда әрекеттің әртүріне
қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын
тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты
қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол
өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана
баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар
ұжымында өмір сүруге  үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және
қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор
болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті
оқудан тыс әрекеттің  қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық,
еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін
белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол
жеткізуге ықпал етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде
уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен
әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады.
Оқушы өз сүйген жұмысын кез келген бос уақытында шұғылданады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай
қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және
жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең
көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады. Бұл баланың
қоршаған ортамен, сыныптастарымен, достарымен ашық қарым қатынаста болуына,
өзін еркін ұстауына көп пайдасын тигізеді.[2]
Ең бастысы, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны
7
іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтің өз әрекетіне ішкі
мотивтері мен шығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби
ілгерілеуіне түрткі болатын инновациялық технологияларды іріктей
білгендігінде. Жастардың бүгінгі білімі-ертеңгі капиталы болатындай, ал
қазіргі тәрбиесі-қазақтың қадірлі қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы
тиіс. Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды.
Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие
жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге
ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды,
үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс. Бұл
ұлағатты сөзбен толықтай келісемін. Себебі, балаға тәрбие отбасында
беріліп, мектепте толықтай жалғасын табады. Ол ешқашан тоқтамауы керек.
Тіпті демалыс мезгілдерінде де балаларға әр түрлі қызықты жарыстар,
көрмелер ұйымдастырып оның қызығушылығын үнемі жандандырып отыру кетек
екендігін педагог ұмытпауы керек. Сыныптан тыс жұмыстар қызықты, жаңашыл
түрде өту үшін түрлі әдістемелер мен әдістер қолдануға болады. Жаңа
үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім
беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін
қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта өмірлік дағдылар мен біліктілікті
қалыптастыру-тәрбиенің негізгі міндеті. Интеллектуалдық дамыған елді
қалыптастырудың өзекті бір жолы толыққанды жеке тұлға тәрбиелеумен,
оқушының жаңа ойлампаздығын дағдыландырумен, қазіргі ғылыми жетістіктердің
негізін терең біліктендірумен ұштасады. Ғылыми-эксперимент жұмысының аса
маңызды саласы сабақтан тыс тәрбие клубтары мен орталықтарын құру арқылы
жүзеге асырылады, әрбір баланы қайталанбас тұлға деп қарастырып, оның
өзгеше қасиеттерін дамыту мақсаты қойылған. Қай баланың болмасын бойынан
жақсы қадір-қасиет іздеп табу, соған арқау сүйеу, оған үлкен үміт арту-
ұстаз тәрбиесінің тәжірибесі болу керек. Тіпті баланың әрең байқалатын ізгі
қасиеттерін де айтып, жақсы талпыныстарын бағалап, үміт білдіріп отырса,
соғұрлым ол сенімді бағалай біледі, ашыла түседі. Сонымен қатар, жаңа білім
беру мазмұнын жүзеге асыруда оқушының білім сапасын дамытудың мақсаты мен
міндетін айқындаудың және тәрбие кеңістігінің тірек-талдау схемасын
қалыптастыру дұрыс. Оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық
пәндердің атқаратын ролі ерекше. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық,
идеялық сенімді қалыптастырады. Оқушының рухани байлығын кеңейтіп, өзінің
қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі талап-тілектерін
оятады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушылардың
еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады [3, 123
б.]. 
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі
болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға
қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық
тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай
оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін
толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі
бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін
шыңдау, бос
8

уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы
өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара
дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей қиын балада өзі
туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған
сабақтан тыс тәрбие
жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың
өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің
орнауына жағдай туғызады.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын
қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда
жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу,
басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан
жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы
қалыптасқан.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы
ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара
ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде
қалыптастыру.  Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне
пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өзіндік тұрғыдан ұйымдастыра
алуы қажет.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық,
ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік
арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық
сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс
жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай
көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным
қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші
жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын
анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты
олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
Оқушылармен оқудан тыс жүргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты –
сабақ үстінде жүзеге асырылатын тәрбие жұмыстарының міндеттерін толықтыру
және тереңдету.
Сыныптас тыс тәрбие жұмыстарының маңызы – тәрбие процесінің
бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда
сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара
қасиеттерін, ұйымдастырылу жұмыстарындағы іс – әрекеттері түрлеріндегі
ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан
түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат –
міндеттеріне, оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен
кемшіліктеріне
9

байланысты атқарылады. Мысалы:
* Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын
ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунгтар
әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету;
* Қызықты кездесудер, кештер, ертеңгіліктер өткізу ( ақын жазушылармен,
әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалауларымен, соғыс
ардагерлерімен,интерноционалды жауынгерлермен);
* Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық,
шолулық, жедел хабар;

* Әр түрлі тақырыпт ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған
байқауларды ұйымдастыру;
* Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер
ұйымдастыру.
* Көнілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу;
* Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру;
* Спорттық жарыстар ұйымдастыру: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, волейбол,
футбол, баскетбол, шаңғы және коньки тебу т.б.;
* Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдарын оқуын, оны
өзара талқылауын, пікір алмасуын ұйымдастыру;
* Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызыметкерлерімен бірлесе отырып,
оқырмандар конференциясын өткізіп отыру;
* Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне
сай қатысуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлкетану, жас
техниктер, т.б.;
* Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу;
* Атамекен бағдарламасына сай жұмыстар жүрізу;
* Мейрам күндерін, республикалық деңгейдегі мейрамдарды атап өту;
* Сынып жиналыстарын өткізу;
* Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын,
кабинетті жабдықтауда, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын
жинау, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді
қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау
жасап отыру;
* Мұражайларға, көрмелерге, демалыс орындарына, кино, театр, өндіріс
орындарына саяхат жасап, оқушыларға көрсету;
* Соғыс, еңьек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көмек көрсету
жұмыстарын ұйыдастыру;
10
* Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын

ұйымдастыру;
* Мектептен тыс тәрьие мекемелерінің жұмыстарына қатасу;
Бұл жұмыстардың барлығы да бала тәрбиесіне көп септігін тигізеді.
Бала қоғамдық жұмыстарға қатысу барында көптеген жаңа материалдврды игеріп
жаман мен жақсыны айыра алады. Бала еңбекқорлыққа, тазалыққа,
жауапкершідікке, ізденіске тәрбиеленіп бой түзейді. Бұның бәрін де
болашақта өз игілігіне қолдана алады. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін
тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және
тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда
білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және
тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, көмек
көрсету,  бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен
бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқудан

тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым
басшылығы көмегімен ұйымдастырылады.Сабақтан тыс уақытта оқушылармен
жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі принцип болып сабақтардың формасын
және бағытын таңдау еркіндігі табылады. Сонымен қатар, сабақтың кез-келген
түрінің қоғамдық бағыты бар, оқушы өзіне қажетті және пайдалы әрекетпен
айналысады.Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек,
сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық,  романтика, әдемілік болу
керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сыныптас тыс жұмыстың
әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы.Сыныптан тыс жұмыс мазмұны
бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-
эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың
формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (конференциялар,
конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке
жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу).
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп
өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады.
Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа бөлуге болады:
1)     мектеп өмірімен басқару және өзін өзі басқару формалары (жиналыстар,
сынып жетекшісінің сабақтары, жиналыстар);
2)     тану фомалары (экскурсиялар,  журналдар, газеттер);
3)     көңілді формалары (кештер, капустниктер).

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және формалары оқушының қызығушылықтары
және сұраныстарымен анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі
болып сынып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Бастауыш сынып оқушыларының бос уақытын ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету
Оқушының бос уақытын ұйымдастыру
Қиын балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктері
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Көркемөнер үйірмелері – балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы рөлі
Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі
Мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие
Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық тусініктер мен идеялар
Пәндер