ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІ ДАМЫТУ


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК

ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУ

(курстық жұмыстың қосымшасы)

Көкшетау 2017

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық жаттығу материалдарымен жұмыс жүргізу әдістері жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі - оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі. Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Бұл кітапшада әрбір жаттығу түрлерінің теориялық-практикалық негіздері көрсетіліп, қойылатын талаптар айқындалып жазылған. Осыдан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.

ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУ

Қазақ тілі сабағындағы жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады. Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т. б. болып бөлінеді. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады: 1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт. 2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс. 3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек. 4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет. 5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек. Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай талаптар қамтылуы тиіс: 1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек. Бұл талап-тілектердің орындалу, орындалмауы мұғалімнің қабілетіне және оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. Сыныптағы жаттығулар көбіне бірге талданады, түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Жаңа тапсырмаға байланысты жаттығулардың біразы сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі. Үйге берілетін жаттығулар мазмұн мен сипаты жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жөн. Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тәжірибеде кездеседі. Ол көбінесе, қатыстырып сөйлем жаз . . . көркем шығармадан теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя мүшелерінен сұхбат ал, мәтін ішінен керекті сөзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын. Құрастыру, қазақша реферат салыстыру, талдау, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың әр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне, табандылығына байланысты. Жаттығу жұмыстары оқушыға теория мен практиканы ұштастыруға өте тиімді. Өздігінен білімін сынап, нығайтуда өте қолайлы.

І ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Тіл дамыту барысында жаттығу жұмыстарының рөлі өте маңызды. Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жаттығу жұмыстары жүйелі, мағыналы, тиімді болу керек. Сол себепті дұрыс жоспарланған жаттығулар жүйесі оқыту үдерісін сапалы өткізуге, тақырыпты тез меңгеруіне әсер етіп, нәтижесінде өз ойын, пікірін, болып жатқан оқиғаны дұрыс бағалап айта білуге үйренеді. Әрбір меңгерілген білім бойынша жұмысты тиянақты орындауға дағдыландырады. Қазақ тілі сабақтарында грамматиканы оқыту, фонетиканы меңгеру, лексика бойынша жүйелі білімдерін қалыптастыруда жаттығу жұмыстарының маңызы өте зор. Оқушылар фонетика, лексика, грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай меңгергендерімен, жаттығу жұмыстары тұрақты жүргізілмесе, білімдері тиянақты болмайды, үйренгендерін тез ұмытып қалады. Сондықтан да оқытушы сапалы да терең, берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Әрбір оқытушы оқушылардың керекті дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дәрежесіне ие болады. Жаттығу арқылы оқушылардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға үйренеді, ойлау қызметтерін жақсартады. Өйткені, оқушылар жаттығу жұмыстарын жүргізу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау жұмыстарын жасайды, жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін жүйелейді. Жаттығулар оқушылар қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік жаттығулар болып бөлінетінін білеміз. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық жаттығу материалдарымен жұмыс жүргізу әдістері жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі- оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі. Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі. Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады. Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т. б. болып бөлінеді. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:

1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт. 2. Жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын арттыруы тиіс. 3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек. 4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет. 5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек. Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай талаптар қамтылуы тиіс:1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен программаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардыңдағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс.

Дыбыстардың жасалуына қатысты ерекшеліктерге фонетикалық тұлғалардың пайда болуы, олардың жасалуына қатысты дыбыстау мүшесі мен сөйлеу мүшесінің қимыл - қозғалысы жатады. Сондықтан сөйлесім әрекетінің тәлдесім, айтылым, тыңдалым түрлері арқылы іске асуы дыбыстардың артикуляциялық базасына қатысты болады. Мысалы, қазақ тілінің дыбыстарының жасалуы ауыз куысы мүшелері мен көмейге тығыз байланысты. Әсіресе ерін, тіл, тіс, дауыс шымылдығының белсенді қимыл әрекеті мен қызметі дауыстылар мен дауыссыздарға бірдей ықал етеді. Қазақ тілі дыбыстарының жасалуы қаншама тілшілердің еңбектеріне өзекті зерттеу болды. Осының өзі - ақ оның маңызды мәселе екенін дәлелдейді. Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктер фонациялық ауаның қозғалысына қарай танылады. Дыбыстарды айту, сөздерді дауыстап жүргізу фонатациялық ауаның жиілігін, ықпалын, әуезін ескеруді талап етеді. Мысалы, қазақша «а», «о» т. б. дыбыстардың айту созылыңқылығы, басқа тілдегі осы дыбыстардың айтылуымен тепе - тең емес, сол себепті осының бәрін оқушыға ден қою арқылы дұрыстап түсіндіріп, ұғындыру керек. Айтылуы, жасалуы ерекшеліктері бар әріптер (қ, ғ, ң, і, ә, ү, ұ, ө, һ) орнына орыс сыныптарында өз ана тіліне ұқсас әріптерді ( к, г, н, е, о, и, у) қойып оқығанын қоспағанда, өз ана тіліндегі бар әріптерді өзін де дұрыс оқымайтындары байқалады. Мысалы, «кел» деген сөзді «кель» деп жіңішкертіп оқиды.

Қазақ тілінің жалғамалы тіл ретіндегі заңдылықтарының бәрі түбір ме қосымшаның қандай дыбыс, фонема, буындар арқылы жалғануына байланысты екенін оқытушылар біледі. Дыбыстардың осы жасалу, айтылу, естілу, қолдану қасиеттерін меңгеруге сай фонетикалық дағдылардың даммуын бірнеше кезеңге бөлуге болады.

  1. Айту және есту дағдыларының қалыптасуы.
  2. Айту және есту дағдыларының сақталуы.
  3. Айту және есту дағдыларының жетілуі.

Фонетикалық дағдылардың сақталу, тұрақталу кезеңіне байланысты жүргізілетін жұмысар: лексико - грамматикалық материалдарды қоса отырып, фонетикалық жаттығуларды орындату, ауызша оқыту және айтқызу, мәтінмен, суретпен фонетикалық жұмыс жүргізу.

Фонетикалық дағдылардың жетілуі, даму кезеңіне орай жүргізілетін жұмыстар: фонетикалық тапсырмаларды өз бетімен орындау, ауызша ойды жеткізу барысында дыбыстардың айтылуын жаңа сөздермен байланысты қарастыру, тың, жаңа тілдік материалдармен жұмыс істеу. Фонетикалық дағдылардың қай кезеңі болсын оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім әрекеттерімен және олардың негізгі ерекшеліктерін игерумен қатар жүреді. Фонетикалық дыбыстармен танысу көрнекілік арқылы дыбысты сөз құрамында не мәтін ішінде көрсетуден басталады. Үйретілетін дыбыстар сөйлеу ыңғайына байланысты алынады. Сондықтан бірінші сабақтан бастап, жасалуы күрделі фонемалар енгізіле береді.

Сабақта қазақ тілі дыбыстарын өту бірнеше сатыдан тұрады:

  1. Дыбыстың таңбасын жазып көрсету;
  2. Дыбысты ауызша оқу;
  3. Дыбыстың айтылу ерекшелігін түсіндіру;
  4. Дыбыстың артикуляциясын таспалар, аудиқұралдар т. б. арқылы тыңдату;
  5. Дыбысты оқушылардың өзіне айтқызу;
  6. Дыбысты буын, сөз құрамында таныстыру;
  7. Дыбысты тіркесте қолдана білу;
  8. Дыбысты меңгеруге арналған жаттығулар орындату.

Тіл үйрету процесінде ең маңызды орын алатын материал - лексика. Белгілі бір тілді үйрену үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерешеліктері бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойды жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынаста да жүзеге аспайды.

Лексикалық материалдардың бірі - сөзді оқыту жеке тұлға ретінде оның өзіндік белгілерін анықтаумен байланысты. Сөзге тән мұндай белгілер мыналар:

  1. Сөз - белгілі бір ұғымдарға қатысты семантикалық мәндерді білдіреді және осы семантикалық қасиеттерді әрі сақтаушы, әрі жинақтаушы ретінде тілдік қатынастың ең қажетті тұлғасы болып табылады.
  2. Сөз табиғаттағы, өмірдегі әр түрлі құбылыстардың, заттардың, сынның, мезгілдің, мөлшердің, іс - әрекеттердің т. б. атаулары бола келіп, номинативтік функцияға ие болады.
  3. Сөз бір - байланысу арқылы адамдардың ойын білдіреді де, түсінісу құралы болудың нәтижесінде қатысымдық қызмет атқарады.
  4. Сөз өмір шындығын ғана емес, эмоциялық сезімдерді де білдіреді.
  5. Сөз әріптік таңбалардың жиынтығынан құрала келіп, форма мен мазмұнның бірлігінен тұрады.
  6. Сөздің айтылуы артикуляциялық базаның комплекстік қимыл - қозғалысына қатысты.
  7. Сөз басқа лексикалық единицалармен қалыптасқан ережелердің нәтижесінде тіркесе келіп, сөз тіркесін, сөйлемдерді құрауға негіз болады және тілдегі ең басты лексикалық тұлға болып табылады.

Қорыта келгенде, лексикалық материалдарды оқыту тек лексикалық тұлғаларды жақсы білумен шектелмейді. Басқа ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлеуге үйрету үшін сөздік қордың жиынтығын ғана емес, ондағы сөздерлің қолдану ерекшелігі мен ережесін де қатар үйрету қажет. Мұның өзі сөздерді тілдік қатым - қатынаста қолдану үшін, сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелермен бірге лексикалық ережелерді де айрықша маңызды орын алатынын аңғартады. Сөз тіркесін айту, ойды сөйлем арқылы жеткізу тек грамматикалық заңдылықтарға ғана қатысты емес, лексикалық заңдылықтарға да тікелей байланысты. Сондықтан, тіл үйрену үшін оларды лексикалық ереже, грамматикалық заңдылық деп бөліп қарамай, біртұтас пайдаланып, бірге оқытқанда ғана тиісті оң нәтижеге жетуге болады.

Синтаксистік жаттығулар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл меңгертудегі жаттығулар жүйесі
Жаттығулар арқылы тіл дамыту жолдары
7-8 сыныптардағы араб тілі сабақтарында жаттығуларды ұйымдастыру жолдары
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларын білім беруде дамыта оқыту технологиясының рөлі
Қазақ тілін мәдениеттаным бағытында оқытудың әдістемесінің ғылыми негіздері
Баланың жалпы дене дамуын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz