DOS – дискiлiк операциялық жүйе



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық технологиялар және энергетика мектебі
Ақпараттық технологиялар кафедрасы

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ПӘНІНЕН

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесі

Орындаған: 16-ИСК-1 студенті Аманқұл Ә.Т.
Қабылдаған: Айтмұханбетова Э.А.

Өскемен қаласы, 2017 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 MS DOS операциялық жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 MS DOS модульдік
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Командалық процессордың
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2 ТЕСҚ-ғы BIOS жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 7
2.1
Драйверлер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 8
2.2 BIOS Енгізу-шығарудың базалық жүйесінің функциялары ... ... ... ...9
3 MS DOS-тың оперативті жадыда
орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 11
3.1 Norton
Commander ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..12
4 Дискілік файлдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..13
4.1 IBM DOS.COM дискілік
файлы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .13
4.2 COMMAND.COM дискілік файлы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
5 Сыртқы командалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
Практикалық бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...19
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ

1981 жылы Microsoft фирмасы IBM PC компьютерлері үшін MS DOS
операциялық жүйесін IBM фирмасының тапсырысымен жасады. DOS – дискiлiк
операциялық жүйе.
Ms Dos-тың бірінші нұсқасы қарапайым сипатта болды. Компьютерде тек
ғана бір бағдарлама және бір пайдаланушы жұмыс істеді, тек клавиатурамен
және әріптік-сандық дисплеймен жұмыс істеді. Бірақ MS DOS жинақы болды,
құрылғыны деректермен қамтамасыз ету үшін қарапайым талаптарды орындады.
IBM PC пайда болғаннан бері өткен жиырма жыл ішінде компьютерлердің
техникалық сипаттамалары жағынан үлкен жаңартулар енгізді.
Дисктік операциялық жүйесі (DOS – Disk Operating System) IBM және
Microsoft фирмаларымен бірінші IBM PC компьютерлері үшін құрастырылды.
DOS негізгі үш функцияны орындайды: компьютер ресурстарын басқарады
(мысалы, жадыны және дисктерді), қолданушыларға өзара әрекеттесу құралдарын
ұсынады және оларды басқаруды қамтамасыз етеді.
Модуль – өзі толық рәсімделген және басқа функционалды түйіндер,
сондай-ақ модульдермен түйісу құралдары бар жүйенің сәйкестендірілген
(унификацияланған) дербес функционалды бөлігі.
MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы келесі модульдерден
тұрады:
– BIOS (Basic InputOutput System) – енгізу-шығарудың базалық жүйесі;
– Кеңейту модулі – EM BIOS (Extension Module BIOS) IO.SYS атты файл
түрінде;
– Дисктік операциялық жүйенің базалық (негзі) модуль (BM – Basic
Module) MSDOS.SYS атты файл түрінде;
IBM PC типті компьютерлері екі класқа бөлінеді. MS-DOS көп тапсырмалы
Windows графикалық жүйесі және бір тапсырмалы мәтіндік жүйе. Windows жүйесі
– қорғаныс режиміндегі жұмыс жасайтын жүйе. MS-DOS операциондық жүйесі
нақты режимдегі жүйе болып табылады. Қазіргі уақытта процессорлардың
мүмкіндіктерін кеңінен қолданады. Нақты айтқанда, көп тапсырмалылық және
кеңейтілген адрестік кеңістік.

1 MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

MS DOS (Microsoft Disk Operation system – дискілік операциялық жүйе) –
оның басты функцияларының бірі дискілік жадыны басқару. DOS 16 разрядты
дербес компьютердің нақты стандарты болып, Microsoft фирмасының өнімі MS
DOS болып табылады. Сондықтан DOS туралы айтқанда MS DOS жайында айтылады.
MS DOS көп деңгейлі каталогтар құрылымында файлдарды енгізуді және көмекті
қамтамасыз етеді. Қуатты жүйелік командалары және жүйелік утилиттары бар.
MS DOS тексті, интерфейсті бір тапсырмалы жүйе. MS DOS басқаруымен
әртүрлі программалау тәсілдерін және 1000-даған программалық өнімдердің
атауын аударғыш жұмыс істейді.
MSDOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ Дисктік операциялық жүйесі (DOS – Disk
Operating System) IBM және Microsoft фирмаларымен бірінші IBM PC
компьютерлері үшін құрастырылды. DOS негізгі үш функцияны орындайды:
компьютер ресурстарын басқарады (мысалы, жадыны және дисктерді),
қолданушыларға өзара әрекеттесу құралдарын ұсынады және оларды басқаруды
қамтамасыз етеді.
MS DOS негізінен дйсктік файлдармен жұмыс істейтіндіктен дискінің
файлдық құрылымын қалыптастыру ережелеріне біраз тоқталып өтелік. Дискінің
файлдық құрылымын қалыптастыруда MS DOS операциялық жүйесі келесідей
ережелержді ұстанады:
1) Файл немесе каталог бірдей атпен әртүрлі каталогтарда тіркеле
алады, бірақ бір каталогта бір рет қана тіркеледі;
2) Файл және бағыныңқы каталог атының тіркелу реті аталық каталогта
ерікті болады;
3) Файл дискілік кеңістікте бөлінген жер үшін бірнеше бөліктерге
бөлінуі мүмкін, олар әртүрлі жолда және әртүрлі секторларда бірдей
көлемде болады.
Операциялық жүйе жұмыс істегенде оның негізгі құралы –команда. Ол
компьютерге белгілі бір әрекетті орындататын арнаулы программалар шақыру
үшін қолданылады. Команда формат деп аталатын нақты құрылымнан
(структурадан) тұрады. Команда форматы аты команданың аты мен параметрінен
тұрады. Параметр деп –түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі
каталогты көрсететін маршрутты айтады. Мысалы:
C:\dir_student\basic – STUDENT каталогына кіретін BASIC әшкі
каталогының мазмұнын экранға шығарады.
Командалардың екі типі бар: ішкі және сыртқы.
Ішкі командалар ең қарапайым және жиі қолданылатын командалар. Сіз
MSDOS жүйесінде дискісінде сақталған файлдар тізімін қарастырып жатқанда
оларды көрмейсіз. Олар COMAND COM файлының құрамдық бөлігі болып табылады.
Сіз ішкі команданы тергенде ол бірден орындалады. Ол резидентті командалар
деп аталады.
Сыртқы командалар жеке программалар, олар орындалу үшін операциялық
сақтау құрылғысындағы MS DOS командалық процессорында жүктеледі. Оны
резидентті емес командалар деп те атайды.

1-сурет - MS-DOS-тың құрылымы

Көрсетілген модульдердің әрқайсысы операциялық жүйе орнатқан
функциялардың белгілі бір бөлігін орындайды. Олардың орналасу орны да
әртүрлі. Енгізушығару базалық жүйесі басқа модульдер сияқты дискіде емес
тұрақты есте сақтау құрылғысында сақталады (ТЕСК).

1.1 MS DOS модульдік құрылымы

Модуль – өзі толық рәсімделген және басқа функционалды түйіндер,
сондай-ақ модульдермен түйісу құралдары бар жүйенің сәйкестендірілген
(унификацияланған) дербес функционалды бөлігі. MS DOS операциялық жүйесінің
құрылымы келесі модульдерден тұрады:
− BIOS (Basic InputOutput System) – енгізушығарудың базалық жүйесі;
− Кеңейту модулі – EM BIOS (Extension Module BIOS) IO.SYS атты файл
түрінде;
− Дисктік операциялық жүйенің базалық (негзі) модуль (BM – Basic
Module) MSDOS.SYS атты файл түрінде;
− Командалық процессор немесе командалар интерпретаторы (CI – Command
Interpreter) COMMAND.COM атты файл түрінде;
− Сыртқы командалар мен драйверлер, утилиттер –.COM, .EXE, .SYS
кеңейтуі бар файлдар;
− Жүйелік жүктеуші (SB – System Bootstrap);
− DOS инструменталды (аспап) құралдар: MS DOS QBASIC бағдарламалау
жүйесі; MS DOS EDITOR мәтіндік редакторы; атқарылатын (орындалатын)
файлдарды тестілеу және ретке келтіруге арналған DEBUG реттеуіші.
BIOS, EM BIOS кеңейту модулі, жүктелетін (сыртқы) драйверлер, жүйелік
жүктеуші операциялық жүйенің машиналық-тәуелді (машинозависимый) бөлігін
құрайды. DOS базалық модулі, командалық процессор, сыртқы командалар,
инструменталды құралдар операциялық жүйенің машиналық-тәуелсіз
(машинонезависимый) бөлігін құрайды . MS DOS операциялық жүйесі, BIOS
модулінен басқа сыртқы тасуышта, көбіне қатты дискте, кей уақытта (сирек)
жұмсақ дискіде сақталынады. Компьютерді желіге қосқаннан кейін MS DOS
операциялық жүйесін дискіден оперативті жадыға көшіріп жазу үдерісі
басталады. Бұл үдеріске операциялық жүйені жүктеу деп ат берілді.

1.2 Командалық процессордың функциялары

Командалық процессор (кейде консольды командалар процессоры деп
аталады) DOS-тың қолданушы интерфейсін қолдауға (ұстап тұруға) арналған. Ол
COMMAND.COM қарапайым файл түрінде болады және жүйелік дискте кеңістіктің
файлдарға бөлінген кез келген жерінде орналасады.
Командалық процессор екі модульден тұрады — резидентті және транзитті.
Резидентті модуль ОЖ жүктелгеннен кейін оперативті жадыда сақталынады.
Қолданбалы бағдарлама егер оған жұмысы үшін жады жетпей тұрса, Транзитті
модульді оперативті жадыдан дискке ығыстыра (ығыстырып шағара) алады. Бұл
сияқты бағдарламаның жұмысы аяқталғаннан соң транзитті модуль дисктан оқылу
арқылы қайтадан өз орнына қайтарылады. Транзитті модульде ішкі
командалардың орындаушысы және бағдарламаларды орындау үшін оперативті
жадыға жүктеуіш болады.
Командалық процессормен өзара қатынасу командар көмегімен іске
асырылады. Қандай да бір әрекеттерді орындауға берілген нұсқаулықтар
команда деп түсіндіріледі. Командалар екі түрлі болады: резидентті (ішкі)
және транзитті (сыртқы).
Резидентнті командалар командалық процессордың өз құрамына кіреді.
Транзитті командалар ЕХЕ немесе СОМ түріндегі файлдар, олар DOS ОЖ
құрамына кіреді және қарапайым каталогтарда сақталынады.
Компьютердің қалыпты жұмыс істеуі барысындағы командалық процессордың
негізгі функциялары:
– Пернетақтадан немесе ішкі командалардан енгізілген командаларды
қабылдау және талдау (анализ жасау);
– Ішкі командаларды орындау;
– Бағдарламаларды орындау үшін жадыға жүктеу;
– Тапсырма аяқталғанда үзілімдерді өңдеу.
Командалық процессордың жүктеу кезеңіндегі негізгі функциясы -
AUTOEXEC.BAT авто баптау файлын орындау.
2 ТЕСҚ-ҒЫ BIOS ЖҮЙЕСІ

Компьютерді қосқан сәтте оның оперативті жадысында ештеңе болмайды
(мәліметтер, бағдарламалар болмайды), себебі оперативті жады тым болмағанда
жүзден бір секунд болмасын қуат алмай ештеңені есте сақтай алмайды, бірақ
процессор үшін қосыла салған сәтте де, кейінде командалар қажет.
Сондықтан да қосыла салысымен процессордың адрестік (мекенжай)
шинасында старт (бастапқы, мәре) мекенжай қойылады. Бұл бағдарламалардың
қатынасуынсыз аппараттық жолмен жүреді (әрқашан бірдей).
Процессор қойылған мекенжайға өзінің бірінші командасын алу үшін
обращается, одан әрі бағдарламалармен жұмыс жасауды бастайды.
Бұл бастапқы мекенжай әзірге бос оперативті жадыға көрсетпейді (жол
сілтемейді). Ол жадының басқа түрі – тұрақты есте сақтау құрылғысына (ТЕСҚ,
ПЗУ) көрсетеді. ТЕСҚ микро сұлбасы (микросхемасы) ақпаратты ұзақ уақыт,
тіпті компьютер өшіп тұрғанда да есте сақтайды. ТЕСҚ тұрған бағдарламаларды
қорғайтын деп атайды – оларды микросұлбаларды даярлау барысында жазады.
ТЕСҚ тұрған бағдарламалар жиыны енгізу-шығарудың базалық жүйесін
(BIOS – Basic Input Output System) құрайды.
Клавиатура сияқты стандартты құрылғылардың жұмысын BIOS-та тұрған
бағдарламалар жасақтайды (обслуживается), бірақ бұл сияқты құралдар арқылы
барлық мүмкін болатын құрылғылардың жұмысын қамтамасыздандыру (жасақтау)
мүмкін емес.
Басқа құрылғылармен жұмыс жасауды бастау үшін BIOS құрамына кіретін
бағдарламалар керекті параметрлерді қайдан табу керектігін білулері қажет.
Бұл үшін арнайы аналық тақшада жадының энергияға тәуелсіз мирко
сұлбасы бар, оны дайындалу технологиясына қарай CMOS деп атайды. Оның
оперативті жадыдан айырмашылығы оның ішіндегісі компьютерді өшіргенде
жойылмайды, ал ТЕСҚ айырмашылығы онда мәліметтерді жүйе құрамына кіретін
жабдықтарға сәйкес енгізуге, өзгертуге болады. Бұл микросұлба аналық
тақшада тұрған шағын батареядан қуат алады.
CMOS микро сұлбасында иілмелі және қатты дисктер, процессор және
аналық тақшаның тағы басқа құрылғылары туралы ақпараттар сақталынады.
Компьютердің уақытты және күнді анық бақылап жүргізіп отыруы (тіпті өшулі
тұрғанда да) жүйелік сағаттардың көрсеткіштері үнемі CMOS сақталынады (және
өзгертіледі). BIOS енгізу-шығарудың базалық жүйесі – DOS-тың аппаратураға
ең жақын компоненті. BIOS персоналды (жеке) компьютердің жеткізу жиынына
(компектісіне) кіретін тұрақты жадысында тұрады.
BIOS негізгі функциясы – бұл нақты бір модельді персоналды компьютер
жиынтығының құрамына енетін стандартты (шеткері (перифирийный) құрылғаларды
басқару, атап өтсек, дисплей, пернетақта, дискті қозғағыш (дискковод),
принтер, таймер.
BIOS-ты жеке аппараттық-бағдарламалық модульге шығару бағдарламалық
қамтамасыздандырудың персоналды компьютердің нақты моделінің
ерекшеліктерінен (специфика) тәуелсіз болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
BIOS қосалқы функциялары персоналды компьютерді қосқан уақытта жүктеу
кезеңінде жүзеге асады және келесіден тұрады:
– алдыменен иілмелі дискте, кейін қатты дисткен операциялық жүйені
жүктеушінің-бағдарламасын іздеу және дисктен оперативті жадыға жүктеу;

– Аппараттық бөлімді тестілеу, оперативті жадыны да, ал егер ақау
(ақаулық) табылса, хабарламаны индикациялау;
– төменгі деңгейдің үзілім векторларын инициализациялау.
BIOS құрамына кіреді:
– стандартты сыртқы құрылғылар жұмысын басқарудың арнайы
бағдарламалары (драйверлері);
– Аппаратураның жұмысқа қабілеттілігін бақылауға арналған тестілік
бағдарламалар;
– операциялық жүйенің алғашқы жүктелуінің бағдарламасы.
Драйверлер DOS жұмыс істеуінің кезеңі үшін басты тапсырма BIOS
тапсырмасын шешеді.

2.1 Драйверлер

Драйвер — операциялық жүйе мүмкіншіліктерін кеңейтетін бағдарлама.
Драйверлер құрылғысының функциялары келесідей:
1) берілген шалғай құрылғыға түсетін сұранысты, басқарушы дабылды
қабылдау және өңдеу;
2) осы құрылғыға байланысты түрлендіру міндеттілігі, сонымен қоса
конструкцияның барлық бөлшектерін және оның жұмыс істеу
ерекшеліктерін ескеру.
Құрылғылар драйвері — операциялық жүйенің шеткері құрылғылар жұмысын
басқаруға арналған бағдарламасы, дисковод, дисплей, пернетақта, тінтуір
манипуляторы және т.с.с.
Құрылғылар драйверлерінің функциялары:
– Сол шеткері құрылғыға түскен сұратуды (басқару сигналы) қабылдау және
өңдеу;
– Бұл құрылғымен байланыс орнату қажеттілігі туралы сұратуды оны
басқару командалар топтамасына (сериясына) түрлендіру, түрлендіруде
конструкцияның барлық бөлшектерін және оның жұмыс істеу ерекшеліктерін
ескеру;
– Бұл драйверге сәекес шеткері құрылғыдан келіп түскен үзіліс
сигналдарын өңдеу.
Драйверлер стандартты немесе жүктеленетін болады.
Стандартты (ішкі) драйверлер – бұл BIOS ішінде орналасқан
бағдарламалар немесе оның ЕМ BIOS кеңейту модулі және персоналды
компьютердің стандартты жиынына кіретін сыртқы құрылғыларды басқару
қызметін атқарады. Бұл драйверлер компьютер қалыпты жұмыс күйіне өткеннен
кейін жүйеге автоматты түрде қосылады.
Жүктелінетін (сыртқы, орнатылатын) драйверлер — дискте сақталынатын
бағдарламалар. Олар стандартты құрылғылардан техникалық параметрлері немесе
ерекше эксплуатациялық режимдерімен айрықшаланатын сыртқы құрылғыларды
басқаруға арналған. Жүктелінетін драйверлер жүйеге олар тек CONFIG.SYS
конфигурация файлында көрсетілсе ғана жүктелінеді. Жүктелінетін
драйверлерді қолдану мүмкіншілігі ОЖ жаңа сыртқы құрылғыларға бекемделуін
(адаптациясын) жеңілдетеді.
BIOS құрамында болады: стандартты сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару
бойынша арнаулы арнаулы программалар (драйверлер); аппараттың жұмыс істеу
мүмкіндігін бақылау үшін тестілік программалар; операциялық жүйенің жүктелу
программалары.
BIOS сыртқы тұрақты модулі тұрақты жадыда сақталады және қарапайым
эксплуатация жағдайында өзгермейді. Ол тұрақты жадыға тек дербес
компьютерді дайындау кезінде ғана жазылады. Бірақ BIOS құрамын өзгерту
керек болса келесідей алғышарттар қажет: жаңа сыртқы құрылғылардың дербес
компьютерге қосылуы және стандартты емес командалық процессорды пайдалану
және т.б.
Құрамды (firm ware) деп – компьютердің электронды бөлшегінің құрамы
болатын программаларды айтады. Құрамды программалар сонымен қатар BIOS
компьютерін басқаруда және енгізушығару функциясының машинаға тәуелді
барлық базалық функциясын жүзеге асырады. Қиын жағдайда компьютердің
аппаратын тікелей басқара алмайтын программалар осылармен тікелей
байланыста болады.

2.2 Bios енгізу-шығарудың базалық жүйесінің функциялары

Компьютерді қосқан сәтте оның оперативті жадысында ештеңе болмайды
(мәліметтер, бағдарламалар болмайды), себебі оперативті жады тым болмағанда
жүзден бір секунд болмасын қуат алмай ештеңені есте сақтай алмайды, бірақ
процессор үшін қосыла салған сәтте де, кейінде командалар қажет. Сондықтан
да қосыла салысымен процессордың адрестік (мекенжай) шинасында старт
(бастапқы, мәре) мекенжай қойылады. Бұл бағдарламалардың қатынасуынсыз
аппараттық жолмен жүреді (әрқашан бірдей).
Процессор қойылған мекенжайға өзінің бірінші командасын алу үшін
обращается, одан әрі бағдарламалармен жұмыс жасауды бастайды. Бұл бастапқы
мекенжай әзірге бос оперативті жадыға көрсетпейді (жол сілтемейді). Ол
жадының басқа түрі – тұрақты есте сақтау құрылғысына (ТЕСҚ, ПЗУ) көрсетеді.
ТЕСҚ микро сұлбасы (микросхемасы) ақпаратты ұзақ уақыт, тіпті компьютер
өшіп тұрғанда да есте сақтайды. ТЕСҚ тұрған бағдарламаларды қорғайтын деп
атайды – оларды микросұлбаларды даярлау барысында жазады.
ТЕСҚ тұрған бағдарламалар жиыны енгізушығарудың базалық жүйесін (BIOS
– Basic Input Output System) құрайды. Клавиатура сияқты стандартты
құрылғылардың жұмысын BIOS-та тұрған бағдарламалар жасақтайды
(обслуживается), бірақ бұл сияқты құралдар арқылы барлық мүмкін болатын
құрылғылардың жұмысын қамтамасыздандыру (жасақтау) мүмкін емес. Басқа
құрылғылармен жұмыс жасауды бастау үшін BIOS құрамына кіретін бағдарламалар
керекті параметрлерді қайдан табу керектігін білулері қажет.

3 MS DOS-ТЫҢ ОПЕРАТИВТІ ЖАДЫДА ОРНАЛАСУЫ

Жүйелік диск — ОЖ негізгі модульдері және оның мүмкіншіліктерін
кеңейтетін сервистік (қызметтік) бағдарламалар орналасқан диск.
Жүйелiк дискет жасау үшiн: жүйелiк файлдарды  дискiге  көшiру қатарын
белгiлеу қажет. Жүйелiк дискет – операциялық жүйе жүктелетiн, жүйелiк
файлдар жазылған дискет. Жүйелік файлдар құрамына —  COMMAND.COM, IO.SYS,
MSDOS.SYS, TOEXEC.BAT және CONFIG.SYS файлдары кіреді.
Дискетті көшіру үшін MS DOS ОЖ-де  DISKCOPY командасы қолданылады.
Команда форматы:
Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі.
Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі.
Файл дискте номерланған кластерлерге орналастырылады. Бұл кластерлер
дисктің әр жерінде орналасуы мүмкін, сәйкесінше файл жекелей фрагменттер
түрінде дисктің сол сәтте бос тұрған кластерлеріне әр жерге жазылады. Бұл
жағдайда файл фрагментталған (үзінділеу) деп айтады. Файлды сақтауға
бөлінген кластерлер қатар-қатар орналасқаны дұрыс болады, себебі ол іздеу
уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ мұны тек арнайы бағдарламаның
көмегімен ғана істеуге болады, және ол процедура файл дефрагментациясы
(қайта үзінділеу) деген атқа ие болды. Файлға қатынауды ұйымдастыру үшін ОЖ
әрбір файл орналасқан кластерлер номерлері туралы мәліметтер болуы керек.
Файлдық жүйені ұйымдастырудағы оның орнының ерекшелігін ескере отырып
оның көшірмесін сақтау қарастырылған, яғни дискте екі бірдей кесте –
негізгі және дубляждалған кесте сақталынады. Негізгі кесте бүлінсе,
файлдардың орналасуы туралы ақпаратты көшірме кесте арқылы қалыпқа
келтіруге болады. Кестеге қатынауды жылдамдату үшін бірінші оны оперативті
жадыға жүктеу жүргізіледі.
FAT-кестесінің ұяшықтар саны дисктегі кластерлер санымен анықталады.
Әрбір ұяшықта кластер номері бар. Өз кезегінде, каталогта файлдар туралы
жазбалар бар, онда басқа сипаттамаларымен қатар оның бірінші кластерінің
номері көрсетілген.
Файлға қатынау қажет болған жағдайда адресі файл туралы жазбада
көрсетілген бірінші номермен анықталған FAT-кестенің ұяшығына қатынау
жүргізіледі. Бұл қяшықта файлдың екінші кластерінің номері орналасқан.
Екінші кластер номеріне сәйкес ұяшық кестесіне қатынау арқылы ОЖ үшінші
кластер номерін табады және т.с.с. Осылай файл сақталынған кластерлер
тізбегі құрылады.
Кіші адрестерден бастап, шамамен 110 Кбайтты ОЖ ядросының негізгі
бөлігі алады. Жоғарғы адрестер облысында қолданбалы бағдарламаларға жады
жетпегенде автоматты түрде жойылатын командалық процессордың транзитті
бөлігі орналасады. 640 Кбайт көлемдегі қолданбалы бағдарламалар үшін
шамамен 530 Кбайт бөлінеді.

3.1 Norton Commander

MS DOS жүйесiнiң командаларымен жұмыс iстеудi жеңiлдетуге арналған
түрлi жүйелiк программалар бар. Олардың iшiнде жиi пайдаланылатын NC
пакетi. NC жетекшi программа.
Бұл программаның негізін 1992 жылы П. Нортон құрған. Бұл программа
жүктелгенде экранға көк түстi екi терезе шығады .Оның орындайтын
iс–әрекеттерi файлдармен және каталогтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету.
Терезелерде файлдардың және каталогтардың аттары орналасады. Олардың
қажеттiсiн курсор немесе тышқан бағыттаушысы арқылы таңдап алу мүмкiн. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS DOS-тың құрылымы мен жұмыс принциптері
MS DOS операциялық жүйесі жайлы ақпарат
Ашық операциялық жүйелер
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
Операциялық жүйе түрлері
Операциялық жүйелер,оның дамуы және түрлері ( MS-DOS,NC,OS/2,UNIX,Windows, оның түрлері)
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (ms-doc, nc, os/2,unix, windows, оның түрлері
Желілік операциялық жүйе ұғымы
NTFS файлдық жүйесі
Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер
Пәндер