Linux операциялық жүйесі жайлы ақпарат



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті
Ақпараттық жүйелер және компьютерлік модельдеу кафедрасы

ОПЕРАЦИЯЛЫК ЖҮЙЕЛЕР ПӘНІНЕН

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Linux операциялық жүйеде үдерістерді басқару

Орындаған: 16-ИСК-1 студенті Сапарбай А.Б.
Қабылдаған:Айтмұханбетова Э.А.

Өскемен қаласы.
2017 ж.

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Linux операциялық жүйесі 4
1.1 Linux операциялық жүйесінің қысқаша тарихы 4
1.2 Linux операциялық жүйесінің негізгі қасиеттері 4
2 Үдерістерді басқаратын командалар 9
2.1 Linux операциялық жүйесінде үдерістерді басқару 9
2.2 Үдерістерді басқару үшін қолданылатын командалар 12
2.3 Үдерістерді берілген уақытта орындау 13
2.4 Үдерістерді жоспарлау 15
2.5 Linux операциялық жүйеде процестерді аяқтау 18
3 Жүйелік шақырулар 20
3.1 Үдеріс туралы ақпарат алу үшін жүйелік шақырулар 20
3.2 Жүйелік шақыру fork () 20
Практикалық бөлім 22
Қорытынды 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

Кіріспе

Курстық жұмыстың жалпы мақсаты Linux операциялық жүйесі жайлы ақпарат алу, Linux ОЖ-нің тарихы мен катологтар ағашымен жане де Linux ОЖ-нің архитектурасымен танысу болып табылады.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған. OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді. Linux - те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP - серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады. Linux - Unix операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux - ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі қолданбаларды кіргізеді. Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады. Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды. Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.
Жұмысты орындау барысында келесі тақырыптар қамтылды:
Linux операциялық жүйесінің дамуы;
Linux операциялық жүйесінде үдерістерді басқару;
Үдерістерді басқаратын командалар;
Жүйелік шақырулар fork ()

1 LINUX операциялық жүйесі

1.1 Linux операциялық жүйесінің қысқаша тарихы

Linux - UNIX стандарттар мен дәстүрлеріне негізделген қазіргі заманғы, еркін таратылатын операциялық жүйе. Linux тарихы бастау 1983 алады, сол жылы Ричард Столлмен GNU жобасы басталды, ал 1985 жылы ол коммерциялық емес ұйымды Free Software Foundation құрды. Бұл жобаның басты мақсаты - тек қана еркін бағдарламалық қамтамасыз ету тұратын UNIX сияқты жүйесін әзірлеу. UNIX-пен үйлесімділікке жету үшін 1991 жылы алғаш рет Linux шағын, автономды бағдарлама ретінде жасалған. Linux тарихы - қашықтан пайдаланушылар Интернет арқылы дерлік тек қана жүзеге асырылды, оның бүкіл әлем бойынша ұзақ мерзімді тарихы бұл өзара іс-қимыл болып табылады. Жүйе ортақ дербес компьютерлерде тиімді және сенімді пайдалану үшін ойлап табылды, бірақ ол сондай-ақ басқа да көптеген аппараттық платформаларда қолданылады. Linux операциялық жүйесінің негізгі бөлігі толығымен бастапқы болып табылады, бірақ ол сондай-ақ UNIX үшін тегін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі. Линукс амалдық жүйесінің ресми логотипі және тұмары - Tux (Такс болып оқылады, бірақ, көбіне Тукс деп те атайды) пингвині болып табылады. 1996 жылы, Ларри Ивинг (Larry Ewing) GIMP редакторында жасап шығарды.
Linux - бірнеше және көп бөлікті ОС толық жиынтығымен жасалған UNIX үйлесімді аспаптар тобы. Оның файлдық жүйесі UNIX семантикасына сәйкес келеді. Ол толығымен UNIX желілік моделі стандартты іске асырады. Linux-тің негізгі мақсаты: жылдамдылығы, тиімділігі және стандарттауы. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болыптабылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP - серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

1.2 Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері

Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.
Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.
Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow - бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCPIP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.
Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.
SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.
Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.
Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.
Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.
Көпқолданбалы операциялық жүйе.
Windows-тің барлық версиялары мен МасОS жүйелері бірқолданбалы (яғни бір қолданушыға арналған) болып табылады. Windows NT кейбір қызметтері көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп береді, бірақ әр уақыт мезетінде жүйемен тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын арада Windows NТ-ді көпқолданбалы платформа негізінде жаңа Windows NT Terminal Server Edition жүйесін құру әрекеті ұйымдасқан болатын.
Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын қамтамасыз етеді, бұл оның көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан немесе өздерінің дербес компьютерлерінен жергілікті желі арқылы Linux серверіне шығып, өз компьютерінен емес, осы серверден бағдармаларды жүктей алады.
Көптапсырмалы операциялық жүйе.
Көпқолданбалылықпен қатар Linux-тің көптапсырмалылық қасиеті бар.
Бір кездерде есептеу жүйелері Windows 3.1-ден Windows 95-ке ауысқанда, жаңа жүйенің көптапсырмалылығы негізгі құндылығы болып саналды.Жүйенің көптапсырмалылығы - оның бірнеше операцияларды (үрдістерді) бір уақытта орындай алуы. Сонда жалғыз процессордан құралған компьютер бірнеше операцияны параллель орындай алады. Әрине, шынын айтсақ процессор бірнеше әрекетті бір уақытта орындай алмайды, көптапсырмалылық негізіне бір әрекеттен екіншіге шапшаң ауысуы жатады.Әрқашан да Uniх жүйелеріндегі көптапсырмалылық Windows жүйелеріндегіден гөрі жоғары деңгейде болды. Linuх бірнеше әрекетті үлкен корпоративтік серверлер мен қуатты жұмыс станциялары үшін ерекше тәсілмен орындайды. Қазіргі күндері тек Windows 2000 мен Windows NT ғана дәл сондай көптапсырмалылықты қамтамасыз ете алады. Бір кездерде керемет шу көтерген Windows 95-тің өзі бір уақытта орындалатын әрекеттердің көп санын әрең орындап үлгереді.Linux жүйесі, Windows NT мен Windows 2000 сияқты, Реntium II екілік жүйесі тәрізді көппроцессорлы компьютерлерді қолдайды. Бұл компьютерлер шын мәнінде екі бір уақыттағы әрекетті орындайды. Көппроцессорлық көптапсырмалылықпен бірге бір компьютерде орындалатын бір уақытта іске асатын бағдарламалар санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді.
Linux-тің таралуы."Linux тегін" - бұл Linux-тің әрбір түрі мен дистрибутивтерін таратушылардың негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық сәйкестенушілікке байланысты таралады. Бұл мазмұнды және көлемді құжатты қысқаша былайша беруге болады:
Жүйе тегін таралады.
Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін мағлұматтарды сатуға дайындалғаны үшін сатушының кез келген баға қоюға құқығы бар.
Лицензияда көрсетілген сатып алушының құқықтарына сатушының қарсы құқысы жоқ.Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Дистрибутив құраушысы және сатушы сатып алушыға дистрибутивті пайдалану құқығын береді, сатып алушының оны көбейтуге және тегін таратуға мүмкіндігі бар. Бірақ Linux тегін деп те айтуға болмайды: сатып алушы сатушыға оның компакт-дискіге жазуға, қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне кеткен қаражатты төлейді.Бұл бойынша Қазақстан Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500 теңге бағасымен сатылады.
Linux ұсынатын жабдықтардың әр түрлілігін ескере отырып, ол арзан тұрмайды деп аңғаруға болады. Дегенмен ол бұлай емес! Linux ядросы мен оған жазылған бағдарламалардың көп бөлігін Іnternet арқылы, негізінен көшірме жасауға және таратуға ешбір шектеу қойылмаған, олар тегін таратылады.Ең алдымен, Linux ядросы GNU GPL (General Public License жалпы түрдегі қоғамдық лицензия) лицензиясы негізінде таралады. Бұл тегін бағдарламалық қамтамалар фондымен (Ғrее Software Foundation) құрылған тегін бағдарламалық қамтамаларды таратуға негізделген арнайы лицензия. GNU лицензиясы бойынша бағдарламалық қамтаманы тегін немесе ақшалай GNU лицензиясының шарттары орындалған жағдайда таратуға рұқсат етіледі. GNU лицензиясының тағы бір маңызды ерекшелігі барлық бағдарламалық қамтамалар бастапқы мәтіндерінің толық жиынымен таралуы қажет. Бастапқы мәтіндерге қол жеткізбейтіндіктен өзгертулер енгізуге болмайтын саудалық бағдарламалық қамтамалармен салыстырғанда, GNU бағдарламаларын модификациялауға рұқсат етілумен қатар толық еркіндік беріледі.Linux операциялық жүйесін және оған арналған бағдарламаларды құрудың осындай тәсілінің сәтті болуы соншалық - оны Netscape компаниясы өзінің Communicator бағдарламалар тобы үшін қабылдады.
Linux-тың файлдық жүйесі (Linux file system).Ішкі құрылысымен ажыратылатын көптеген файлдық жүйелердің түрлері бар, бірақ пайдаланушы өз үшін әрқайсысында бір-бірінің ішіне салынған бумалардан тұратын әдеттегі құрылысты табады. Файлдық жүйелер қатынасты құру уақыты, ақпаратты сақтау сенімділігі, ақаулықтарға тұрақтылығы, және тағы да басқа қосымша қасиеттері бойынша ажыратылады. Қазіргі операциялық жүйелер файлдық жүйелердің көп түрін қолдайды. (Қатты дисктер, CD мен DVD дисктерде қолданылатындардан басқа).
Файлдық жүйелердің маңызды қасиеті - журналдауды қолдау. Журналдалатын файлдық жүйе дискіге жазудың барлық әрекеттерін үздіксіз бақылап отырады, сондықтан электрқорегі кенет өшірілгеннен кейін, компьютер қайта қосылған кезде файлдық жүйе әрқашан да жұмысқа дайын күйінде болады.Linux-тың жұмысы үшін керек баптаулардың барлығын (файлдардың барлық керек түрлері мен атрибуттарды, соның ішінде рұқсат құқықтарын сақтауды) қолдайтын файлдық жүйелердің бірнеше түрі бар.
Ext23.Файлдық жүйенің осы түрі Linux үшін арнайы жасалып, Linux-жүйелердің көбінде қолданылады. Ext3 пен Ext2 айырмашылығы, біріншісі кейін шығып, құрамында журналдауқолдауы бар. Қалған қасиеттері бойынша осы екі файлдық жүйе бірдей, және бір-бірне оңай айналдырылады. Сенімділігі жоғары болған соң әдетте журналдауы бар нұсқасы (Ext3) таңдалады. Диск әрекеттер белсенділігі жоғары болған кезде Ext3 файлдық жүйенің өнімділігі төмендейді және жүйеге түсетін орташа жүктелу артады (Load Average).
ReiserFS.Бұл файлдық жүйе дерекқорға ұқсас: оның ішінде өзінің индексация мен жылдам іздеу жүйесі бар, ал оның файл мен бумалар ретінде көрінуі - жүйенің тек бір көрінісі ғана. Әдетте ReiserFS ұсақ файлдардың көп санын сақтауға үшін жақсы келеді деп саналады. Журналдауды қолдайды.
XFS.Бұл файлдық жүйе үздіксіз жазылатын не құрамасы өзгертілетін үлкен және өте үлкен файлдарды сақтауға арналған. Ext3 сияқты өнімділігі нашар емес, бірақ оны қолданған кезде электрқорегі кенет өшірілсе, файлдардың құрамасын жоғалту қаупі бар (қауіпсіздік салдарынан осындай кезде файлдың құрамасын нөлдеу қолданылады). Үздіксіз қорек көзіне (UPS) қосылған компьютерлерде қолдануға ұсынылады.
SWAPFS.Файлдық жүйенің осы түрі ерекше болып келеді, және ол қатты дискте swap аймағынжасау үшін қолданылады. Ол аймақ көбінесе жеке бөлімге шығарылады, және Linux-та виртуалды жады ретінде қолданылады. Егер физикалық жады аз болса, мәліметтердің бір бөлігі осы аймаққа көшіріледі.
JFS.IBM компаниясы осы файлдық жүйесін жүктелуі үлкен серверлер үшін жасаған: жасау кезінде өнімділік пен сенімділікке назар аударылған, және қойылған мақсаттарға жетті. Журналдауы бар.Сонымен қатар, Linux-та, өзінің файлдық жүйелерден басқа, тағы да көптеген түрлеріне қолдау бар. Егер ол файлдық жүйелерге жазу тәсілі белгілі болса, онда жазу мен оқу әрекеттері қолжетерлік болады, басқа жағдайда - тек оқуға ғана болады. Файлдық жүйелерің ондай түрлері әдетте басқа операциялық жүйелердің меншігі болады.

2 үдерістерді басқаратын командалар

2.1 Linux операциялық жүйесінде үдерістерді басқару

Процесс дегеніміз жүйеде ресурстарды басқару және пайдалану бөлімі үшін қызмет етеді.Әр уақытта, біз бағдарламаны іске қосқан сайын, процесті бастаймыз.
Процесс - қазіргі уақытта орындалатын бағдарлама немесе оның ағындары. Әрбір процесс бір пайдаланушылардың атынан орындалады. Жүйе жүктелгенде басталған процестер,әдетте root немесе nobody пайдаланушы атынан орындалады.
Әрбір пайдаланушы іске қосылған процестердің әрекетін басқара алады. Бұл жағдайда root пайдаланушы оның атынан жұмыс істейтін барлық процестерді және операциялық жүйенің басқа пайдаланушылары жасаған процестерді басқара алады. Процесті басқару утилиттердің көмегімен жүзеге асырылады сонымен қатар кейбір командалық қабықша командаларының көмегімен (shell).
Жүйедегі әрбір процесс бірегей санға ие-процесті сәйкестендіру номері
(Process Identification, PID).Бұл нөмір операциялық жүйенің ядросы, сондай-ақ кейбір процестерді басқару үшін пайдаланылады.
Процесс - бұл программалық кодтың және ЭЕМ жадына жүктелген деректердің жиынтығы туралы түсінік. Процесс бұл іске қосылмаған программа (қосымша) немесе команда, себебі қосымша тек бірнеше процесстерді бір уақытта құра алады. Процесс коды дәл сол уақытты орындалуы шарт емес, себебі процесс ұйқы жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай процесс кодының орындалуы тоқтатылады. Процесстің барлығы 3 жағдайы болады:Жұмыс кезіндегі процесс - сол берілген уақытта мұндай процесс коды орындалады. Ұйқыдағы процесс - сол берілген уақытта коды қайсыбір оқиға орындалмайынша процесс жүзеге аспайды (клавиатурада батырмалар басылғанша, желіден деректер түскенше және т.б.)Зомби -процесс - процесстің өзі жоқ, оның коды мен деректері оперативті жадысынан алынған, бірақ процесс кестелеріндегі жазбалар сол немесе басқа себептер бойынша қалады.Жүйедегі әр процесске сандық идентификаторлар бекітіледі (жеке нөмірлер), олар 1 - ден 65535 - ке дейінгі диапазонда болады (PID - Process Identifier) және туыстық процесс идентификаторлары (PPID - Parent Process Identifier) болады. PID әр түрлі қарау құралдары мен процесстерді басқаруды қолдану арқылы операциялық жүйедегі процесстерді адреске жібере алатын процесс аты болып табылады. PPID қомақты дәрежеде қасиеттері мен мүмкіндіктерін анықтайтын процесстер арасындағы туыстық қатынастарды анықтайды. Программа жұмысына арналған басқа параметрлер " процесс айналасы" деп аталады. Сондай параметрлердің бірі - басқаратын терминал - барлығы деп аталады (daemons). Қолданушы іске қосқан мұндай процесстер өз жұмысын сеанс соңында аяқтамайды, керісінше жұмысын жалғастырады, себебі олар ағымдағы сеанспен ешқандай байланысы жоқ және автоматты түрде аяқталуы мүмкін. Ереже бойынша демондар арқылы серверлік қызметтер жүзеге асырылады, мысалы осылай баспаға шығару сервері cupsd демон - процесс арқылы жүзеге асырылады, ал журналдау сервері - syslogd арқылы.ps командасы.Linux - те процесстердің тізімін қарау үшін ps командасы қолданылады.ps [PID] options - процестер тізімін қарау. ps параметрсіз командасы демондардан басқа ағымдағы сессия кезінде іске қосылған процесстердің бәрін көрсетеді.Option келесі мәндердің бірін немесе олардың комбинацияларын қабылдауы мүмкін:-A немесе -e - барлық процесстерді көрсетеді,-f - алфавит бойынша сұрыптайды,-w - процесстер сипаттаудың толық жолдарын көрсету.Егер олар экран ұзындығынан асып кетсе, онда келесі жолға көшіріледі. дерлік процесстерді қамтиды. Нақты бір терминалға арналмағн процесстер "демондар"процесстердің рұқсат құқықтары. Нақты және эффективті идентификаторлар. SUID және SGID биттары.Linux ОЖ-дегі процесстер қолданушы ие болатын құқықтарға ие және сол қолданушы атынан процесс қосылады. Негізінде операциялық жүйе жұмыс жасап жатырған қолданушыныны оның атынан жіберілген процесстер жиынтығы ретінде қабылдайды. Себебі қолданушының сеансының өзі қолданушы атынан командалық қабықшада ашылады.қолданушының файлға рұқсат құқығы " туралы айтқанда, ол "қолданушы атынан жіберілген процесстердің файлға рұқсат құқығы " дегенді білдіреді. Процессті іске жіберген қолданушы атын анықтау үшін операциялық жүйе процесске арналатын қолданушы мен топтың шынайы идентификаторларын қолданады. Бірақ бұл идентификаторлар рұқсат құқықтарын анықтау кезінде шешуші рөл атқармайды. Ол үшін әр процессте идентификаторлардың басқа тобы - эффективті тобы бар. Ереже бойынша процесстердің шынайы және эффективті идентификаторлары бірдей, бірақ айырмашылықтары да жоқ емес. Мысалы, passwd утилитінің жұмысы үшін суперқолданушының идентификаторын қолдану қажет, себебі тек суперқолданушы парольдер файлына жзуына рұқсаты бар. Бұл жағдайда процесстердің эффективті идентификаторлары шынайылардани айырмашылығы бар болады. Әр файлдың тағы бір басқа рұқсат құқығы жиынтығы бар - SUID жне SGID биттері. Бұл биттер программаны қосу кезінде оған қожайынның және топ-қожайынының эффективті идентификаторларын меншіктеуге және сәйкесінше басқа қолданушының рұқсат құқығы арқылы процесс орындауға мүмкіндік береді. Passwd файлы root қолданушысына қатысты және оның SUID бит орнатылғандықтан, іске қосу кезінде passwd процессі root қолданушысының құқықтарына ие болады. Chmod программасы арқылы SGID және SUID биттері орнатылады:chmod u+s filename - SUID битінің орнатылуы .chmod u+s filename - SGID битінің орнатылуы .Абсолютті режимде бұл битерді орнату үшін оларды сәйкесінше SUID, SGID, Sticky bit үш бит түрінде көрсетуге болады.Қажетті құқықтарды көрсетуден кейін арнайы биттерді орнату үшін санның басына цифр енгізу керек.
Процесстерді басқару. Сигналдар.Жүйедегі барлық процесстердің үлкеніне init процессі жатады. Оның PID әрқашан 1, PPID - 0. Процесстердің барлық кестелерін init процессі түбірі болатын ағаш ретінде қарастыруға болады. Бұл процесс ядро бөлігі болмаса да, бірақ жүйеде өте өте маңызды рөл атқарады, ол туралы сіздермен 16-шы сабақта талқылайтын боламыз. Аттары квадрат жақшаға алынған процесстер, мысалы "[keventd]" - бұл ядро процесстері. Бұл процесстер жүйе жұмысын басқарады, дәл айтқанда оның жады менеджері, процессор уақытының жоспарлаушысы, ішкі құрылғылар менеджерлері және т.б. сияқты бөліктерін басқарады.Қалған процесстер командалық жол арқылы немесе жүйені инициализациялау кезінде іске қосылған қолданушылық болып табылады. Әр процесс өмірі келесі фазалар арқылы көрсетіледі:Процессті құру - бұл этапта жаңа процесс құратын процесс көшірмесі жасалады. Мысалы, сіз интерпретатордан орындалуға ls командасын жібердіңіз. Командалық интерпретатор өзінің толық көшірмесін жасайды. Процесс кодының жүктелуі және іске қосылуға дайындық - бірінші этапта құрылған көшірме орындауға қажетті есеп кодымен алмастырылады және оның айналасы құрылады - керекті айнымалылар орнатылады және т.б.
Процестерді орындау.
Зомби жағдайы - бұл этапта процесс орындалуы аяқталады, оның коды жадыдан алынады, айналасы жойылады, бірақ жазба процессор кестесінде қала береді.Процесстің өлуі - барлық аяқтайтын стадиялардан кейін жазба процессор кестесінен жойылады - процесс өз жұмысын аяқтайды.Процесс жұмысы кезінде ядро жағдайын қадағалайды және қолайсыз жағдайлар туғанда оған жіберген сигналдарды жіберу арқылы процессті басқарады. Процесс үнсіздік бойынша әрекетті қодануы мүмкін немесе егер процессте сигнал өңдеушісі болса, онда ол сигналды елемеуі немесе алып кетуі мүмкін. SIGKILL және SIGSTOP сигналдарында алып кетуге, елемеуге мүмкіндік жоқ.Үнсіздік бойынша бірнеше әрекеттерді жасауға болады:елемеу - сигнал алынғанына байланысты жұмысты жалғастару.аяқтау - процесс жұмысын аяқтау.аяқтау + core - процесс жұмысын аяқтау және процесс жадысының образын қамтитын core аты бар ағымдағы каталогтағы файлды құру (код және ақпараттар).тоқтату - процесс орындалуын тоқтату, бірақ оның жұмысын тоқтатпай және жадыдан кодты жүктемеу арқылы.Жүйеде орын алатын біраз сигналдардың тізімі:
SIGABRT- егер процесс abort()жүйелік шақыруын жасаса. сигнал жіберіледі.
SIGCHLD -Ұрпағы аяқталған кезде аталық процесске жібрілетін сигнал.
SIGSYS-Сигнал ядро арқылы жол берілмейтін жүйелік шақыруды жүзеге асырған кезде жіберіледі, тағы басқалары.Процесстер өміріндегі маңызды рөлді жоспарлаушы орындайды - ол жүйенің көп тапсырмалығына жауапты бір ядро бөлігі. Себебі уақыттың бір өлшемінде бір процессорда тек бір тапсырма орындалуы мүмкін. Сондықтан жоспарлаушы ғана процесстердің қайсысы бірінші, қайсысы екінші болып орындалатынын анықтайды. Ол үшін әр процессте приоритет деп аталатын тағы бір параметр бар. Процесстердің приоритетін қарау үшін -l параметрлі (long - кеңейтілген шығару) бізге таныс ps командасын қолданған жөн.

2.2 Үдерістерді басқару үшін қолданылатын командалар

1-кестеде процесті басқару үшін ең жиі қолданылатын командалар тізілген.
Кесте 1. Процестерді басқару үшін қолданылатын ең жиі командалар

Команда
Команданың сипатталуы

nohup
Үзілуден қорғайтын команданың орындалуы.Пайдаланушы жұмысын өшіргеннен кейін прцестің жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.
at
Белгілі бір уақытта команданы орындау
batch
Жүйенің жүктелуіне мүмкіндік беретін кезде орындау командасы
cron
Алдын ала анықталған кестеге сәйкес командаларды орындайды
crontab
Жеке қолданушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Linux ядросының алғашқы нұсқасы
ICMP – Internet Control Message Protocol хаттамасы
Көптапсырмалы операциялық жүйе
Әр түрлі операциялық жүйелерде шифрлеудің программалық құралдары
Linux операциялық жүйесіндегі pipe() функциясы
Linux операциялық жүйесіндегі wait()функциясы
Әкімшілендіру міндеттерін шешу үшін виртуализациялау технологиясын қолдану
Windows операциялық жүйесінің түсінігі мен қызметі
Информатика пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ (оқу-әдістемелік құрал)
Техникалық қызмет көрсету ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Пәндер