Жүгері будандарының өнімділігін арттыру
МАЗМҰНЫ
Беті
КІРІСПЕ
5
1
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
9
1.1
Ғылыми әдебиеттерге шолу
9
1.2
Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
30
2
ТОПЫРАҚ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
40
2.1
Тәжірибе жүргізген аймақ топырақтарының сипаты
40
2.2
Тәжірибе жүргізілген аймақтың климаттық жағдай сипаты
42
3
ЗЕРТТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
44
3.1
Зерттеу әдістемелері мен нысандары
44
3.2
Суармалы ашық қара қоңыр топырақтарды өңдеу кезінде тыңайтқыштардың топырақ құнарлығына әсері
47
3.3
Жүгері будандарының алғашқы өсіп-даму кезеңінде қоректік заттарды пайдалануына және жасыл массасының түзілуіне тыңайтқыштың әсері
53
3.4
Жүгерінің жасыл масса өнімділігі мен сапасына тыңайтқыштың әсері
61
4
Тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігі
68
5
Қоршаған ортаны қорғау
70
6
Еңбек қорғау
74
ҚОРЫТЫНДЫ
77
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
78
ҚОСЫМШАЛАР
83
АНЫҚТАМАЛАР
Топырақ - тау жыныстарының бұзылу қабатының үстіне орналасқан, тау жыныстарының, ағзалардың, климаттың, жер бедерінің және уақыт ағымының өз ара қарым-қатынасы әсерінен түзілген құнарлылығы бар, қызметі алуан түрлі, күрделі құрамды, көп бөлімді ашық құрылымдық жүйе.
Топырақ құнарлылығы - оның өсімдіктерді қажетті мөлшерде минералды элементтермен, сумен, оның тамырларын ауамен, жылумен қамтамасыз етіп, өсімдіктің өсіп, өнім беруіне мүмкіндік бере алатын қасиеті.
Қарашірінді - пайда болу тегінің, кейбір жалпы қасиеттері мен құрамының, құрылысының ұқсастығына байланысты топтастырылған, бірақ, әр қайсысының қасиеттері мен құрамының, құрылысының өзгешелігі бар жоғары молекулалы азотты органикалық заттардың қосылысы.
Тыңайтқыштар -- құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді.
Минералдық тыңайтқыштар - құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар.
Органикалық тыңайтқыштар - жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар.
Тыңайтқыш қолдану жүйесі - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жоғарылатуға, оның сапасын жақсартуға және топырақ құнарлылығын ұдайы арттыруға бағытталған органикалық, минералдық тыңайтқыштарды тиімді пайдаланудың агрономиялық, ұйымдастырушылық-экономикалық шаралардың жиынтығы.
АТАУЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
N, P2O5, K2O - қоректену элементтерінің әсер етуші заттары
N60Р60К60 - қоректену элементтерінің әсер етуші заттарының мөлшері, кгга әсер етуші зат
ә.е.з - тыңайтқыш құрамындағы әсер етуші зат
Nаа - аммиак селитрасы
Рс - жай суперфосфат
Кк - хлорлы калий
г - грамм
кг- килограмм
ц - центнер
т - тонна
мм - миллиметр
см - сантиметр
л - литр
га - гектар
цга - центнер гектарына
м2 - текше метр
Скиф - Скиф-619 жүгері буданы
Сұңқар - Сұңқар-779 жүгері буданы
КІРІСПЕ
Жүгері - әлем бойынша алдыңғы орынды иеленетін әмбебап астық дақылдарының бірі. Жүгері - жоғары өнім беретін және әртүрлі бағытта өсірілетін дақыл. Ол әлем бойынща тек мал азықтық дақыл емес, сонымен қатар сапасы бойынща ең құнды ауыл шаруашылығы дақылы болып саналады.
Жүгері дәнінің 20% әлемнің көптеген мемлекеттерінде азық ретінде пайдаланылса, техникалық мақсатта 15 - 20% және мал азықтық жем ретінде шамамен үштен екі бөлігі қолданылады.
Жүгері дақылы өзінің егістік көлемі бойынша бидай және күріштен кейінгі үшінші орынға ие. Жүгерінің егістік көлемі бойынша АҚШ (25,5 млн. га) бірінші орынға ие болса, Қытай - екінші (20,6 млн. га) және үшінші орында - Бразилия (11,8 млн. га) мемлекетінің иелігінде.
Жүгері дақылы топырақ құрамындағы қоректік элементтерге өте сезімтал келеді. Сол себепті де жүгері дақылының өнімділігін тыңайтқыш қолдана отырып жоғарылатуда, дән сапасын арттырудағы сұрақтар үшін топырақ құрамындағы қоректік элементтердің маңыздылығы ерекше.
Алматы облысының суармалы топырақтарының табиғи құнарлылығы жоғары болмауынан ауыл шаруашылық өндірісте олардың биологиялық қайтарымы бар-жоғы 40-50% болады. Жүгері дақылының барлық вегетациялық кезеңінде қалыпты өсіп-дамуымен сапалы да жоғары өнім алуымыз үшін нақты агроклиматтық жағдайға бағытталған рационалды бейімделген өндіріс және ең тиімді минералды қоректену жағдайын құру қажет.
Мәселенің зерттелу жай-күйі және сипаты. Өткен ғасырдың 90 жылдардың соңында нарықтық экономикаға көшу және меншік түрінің ауысуы ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімдік шаруашылығына күрт ығысуына және егістік алқаптарының құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырды. Дәнді дақылдар егістік алқабы 40% қысқарды, оның ішінде дәнді-жемдік 70%. Әсіресе жем-шөптік дақылдар егістігі күрт қысқарған - 4 есе, оның ішінде көп жылдық шөптер 2,5 есе, біржылдық шөптер 16 есе, сүрлемдік дақылдар (жүгері және т.б) іс жүзінде егістерден толығымен жоғалып кетті (40 есе қысқарды). Жемшөптік дақылдарының өнімділігі төмен болды, өнімділік 2,5-6,0 цга аспады [1].
Үкімет ірі қара малдың етін экспорттауды қолға алуына байланысты жемшөп қажеттілігі туындайды. Оның үстіне жемшөп өндірісін ұлғайту және сапасын жақсарту үшін батыл шешімдер қабылдау керек.
Осы мәселені шешуде табиғи мал азықтық жерлер, сонымен қатар көпжылдық және біржылдық шөптер, дәнді малазықтық және нәрлі жемазық сүрлем дақылдарын өндіру маңызды рөл атқарады.
Республиканың оңтүстік-шығысында жүгері ең бағалы жемазықтық дақыл болып табылады. Жемшөп дайындауда оның рөлін бағалау қиын. Бұл, ең алдымен, жоғары өнімділік, тұрақтылық, технологиялылық және жоғары энергетикалық құндылығы. Мал азықтық қасиеттері бойынша басқа сүрлемдік дақылдармен салыстырғанда жүгері сүрлемі ең жақсы болып есептеледі. Оның құрамында көмірсулар жоғары, жеткілікті мөлшерде ақуыз болады және жануарлармен жақсы желінеді.
Сабағында қант мөлшерінің жоғары болуына байланысты тек қана таза түрінде емес, сонымен қатар қиын сүрленетін дақылдармен қоспа ретінде жақсы сүрленеді. Жасыл массасының өнімділігі бойынша тек шай жүгеріден кем болуы мүмкін, оның өзінде құрғақшылық жылдары. Қолайлы топырақ-климаттық жағдайында, тыңайтқыштарды тиімді пайдалана отырып суармалы жағдайда қазіргі заманғы жоғары өнімді жүгері будандарынан 900-1000 цга дейін жасыл масса алуға болады.
Алайда, бүгінгі таңда Қазақстанда жоғары өнімді бұл дақылдың мүмкіндігі жеткіліксіз пайдаланылуда. Осындай жағдайдың себебі себілетін будандардың өнімділігінің төмен болуы және тыңайтқыштардың аз мөлшерде қолданылуы.
Соңғы жылдары жүгерінің өнімділігі жоғары жаңа сорттары мен будандарының пайда болуы еліміздің көптеген аудандарында егістіктерді кеңейтуге, жасыл жемшөпке және сүрлемге өсірілетін жүгері өнімін арттыруға мүмкіндік берді. Зерттеушілердің пікірі бойынша, қазіргі заманғы будандарының жоғары генетикалық әлеуеті бар өнімділігі мен жетік технологиясы жүгерінің өнімділігін 1,5 - 2 есе арттырады [2-13].
Жүгері өнімділігін арттыру мен сапасын жақсартуда тыңайтқыш маңызды факторлардың бірі болып табылады. Әсіресе республиканың оңтүстік-шығысында суармалы жағдайда тыңайтқыш зор рөл атқарады.
Республиканың топырақтары табиғи құнарлығының төмен болуымен ерекшеленеді. Агрохимиялық зерттеулер бойынша (2000-2010жж) суармалы жерлердің 90% астамы жылжымалы фосфор мөлшерімен өте төмен, ал жартысына жуығы төмен және орташа қамтамасыз етілген, азот және фосфор тыңайтқыштарын қажет етеді.
Біз жоспарлаған зерттеу тек өнімділікті арттыруды ғана емес, топырақ құнарлығын қалпына келтіруді де қарастырады.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын талаптар өнімділігін арттыру және сапасын жақсарту ғана емес, шығындарды азайтып өндіру болып табылады [14-17]. Сондықтан үнемді экологиялық қауіпсіз тыңайтқыш қолдану жүйесін зерттеуді талап етеді. Мұндай жүйе тыңайтқыш қолдана отырып жылдар бойынша тұрақты жоғары әрі сапалы өнім алуды қамтамасыз етеді. Ғылыми жаңалығы сүрлемдік жүгеріге алғашқы рет тиімді тыңайтқыш қолдану жүйесі құрастырылып жатыр. Ол басқа жүйелермен салыстырғанда қолданған тыңайтқыштардың 15-20% қайтарылады.
Өзектілігі. Өсімдік шаруашылығында өнімдердің сапалы және бәсекеге сай болуы ауыл шаруашылық сектордың мемлекет экономикасындағы стратегиялық мәселесі болып саналады. Сол себепті де Алматы облысының ауыл шаруашылық өндірісінде бәсекеге сай жоғарғы сапалы өнім мен шығыны аз дән алуда, ғылыми зерттеулер ауыл шаруашылығы өндірісі үшін өзектілікке ие болып отыр. Бұл бағыттың өзектілігі егіншіліктің заманауи талабына сәйкес тек жоғары өнімді алып ғана қоймай, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздікті және ресурсты үнемдеуге бағытталған.
Ғылыми жаңалығы. Жүргізіліп отырған зерттеу қолданылатын тыңайтқыштардың тиімділігін жаңа жоғары өнімді жүгері будандарының биологиялық ерекшеліктерін, өсімдіктің даму жағдайын, топырақтың нақты қоректік элементтермен қамтамсыз етілуін, тыңайтқыштар мөлшерін өз уақытында және дәл енгізуге, негізгі қорүнемдеушілер есебін негізге ала отырып арттыруға бағытталған.
Зерттеу жұмысының мақсаты - тыңайтқыштарды тиімді пайдалана отырып қазіргі таңдағы жүгері будандарының өнімділігін арттыру. Зерттеу жұмысының міндеттері:
- суармалы ашық қара қоңыр топырақтың қоректік режиміне тыңайтқыштардың әсерін анықтау;
- тыңайтқыштардың жүгері дақылының қоректік элементтер құрамы мен пайдалануына әсерін зерттеу;
- тыңайтқыштардың жаңа жүгері будандарының сапалық көрсеткіштеріне тигізетін әсерін зерттеу;
Міндеттері: 800-1000 цга өнім алу, жоғары өнімді жүгері будандарының жасыл массасының қалыптастыруына тыңайтқыштың әсерін зерттеу. Топырақтың қоректік режиміне (N-NO3, P2O5, K2O) және жүгерінің сапалық көрсеткіштеріне (шикі протеин, N,P,K) әсерін қарастыру.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Әдебиетке шолу
Жүгері дақылының шығу, тарау тарихы. Испанияның әйгілі теңізшісі Христофор Колумбтың Америка жағалауындағы үнді халықтарына жолығып, олардан жүгері дәнін алып, Европа мемлекеттеріне жеткізгеніне 500 жылдан астам уақыт өтті. Испания королі жүгері собықтарын ботаниктерге бергізіп, оны егіп өсіруді тапсырған. Жүгері өзінің өнімділік, жұғымдылық қасиеттерінің арқасында жер жүзіне адам айтқысыз тез тарай бастады.
Сирек кездесетін ғылыми деректерге қарағанда жүгері Россияға XVII ғасырда ғана әкелінген.
Жүгері туралы алғашқы мәлімет 1786 жылдың 20 қарашасында орыс баспасөзі бетінде басылды. Әлем айнасы атты апталық журналдардың бірінде жүгері дақылы Африка мен Америка елдерінде кең пайдаланылатындығы жазылған. Мұнымен қоса жүгерінің Молдавия мен Валахияда да көп тарағаны, оның собығын суға қайнатып, май қосып дәмді тағам жасауға болатындығын, ал сабағы малға жұғымды азық екені айтылған.
Орыс ғалымы Ф.Н.Ростовцев Ресейде бірінші болып, Кубань жерінде тіс формалы жүгерінің тұқымын өсіріп шығарды.
Жүгері дақылы Қазақстанға кейінірек тарады. Жүгеріні Қазақстанға XIX ғасырдың бас кезінде әуелі дүңгендер, кейінірек орыс, украин жер ауғандары әкелген. Алайда, әдебиеттегі мәліметтерге қарағанда жүгерінің Қазақстан жеріне анық қай жылы әкелінгені әзірге анық емес [18].
Жүгерінің халық шаруашылығындағы маңызы. Жер жүзінде дәндік жүгері азық-түлік ретінде (20-25%), мал азығына (55-60%), және түрлі техникалық мақсаттарда (15-20%) өнеркәсіпте шикізат есебінде пайдаланылады. Жүгеріден өнеркәсіпте 150-ге жуық әр түрлі азық-түлік, техникалық заттар, майлар, сыра, крахмалдар, т.б. алынады. Бұл заттарға қосымша кондитер, концерві өнеркәсібіне бояулар, әртүрлі ерітінділер, ацетон, фурфурол, желім, спирт, қағаз, жасанды тығын, пластмассалар, дәрі-дәрмектер алынады.
Жүгері дәні тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Арнаулы әдіспен тартқанда нан пісіру үшін қолданылатын жоғары сапалы азық-түліктік жүгері ұны жасалынады. Бидай ұнына осындай 15-20% ұн қосқанда өте дәмді және құнарлы, жақсы ақ нан пісіру қамтамасыз етіледі. Таза жүгері ұны әртүрлі кондитер тағамдарын әзірлеу үшін пайдаланылады. Жүгері дәнінен өте дәмді сапалы жарма және жүгері консервілері жасалынады.
Басқа дақылдарға қарағанда жүгері құрамында ақуыз аз. Қазір оны ақуызы көп дақылдармен (майбұршақ) араластырып егіп, аса құнарлы сүрлем дайындау жүзеге асырылып жүр.
Қоректілігі жағынан алғанда жүгері дәні басқа дәнді дақылдардан артық. Мысалы, 1 кг жүгері дәнінде 1,34 мал азықтық өлшем болса, ал сұлыда - 1, қара бидайда - 1,18 азықтық өлшем бар. Жүгері басқа дақылдарға қарағанда құрамындағы құрғақ заттың бір өлшемін құруға суды аз жұмсайды. Сонымен қатар жаздың екінші жартысындағы жауынды, топырақтың төменгі қабатындағы ылғалды, қоректік заттарды жақсы пайдаланады.
Жүгері - өте жақсы алғы дақыл. Аңыздық егістерде желден қорғау және қар тоқтатуда ықтырмалы өсімдіктер ретіндегі жүгерінің маңызы ерекше. Жүгері егістігі басқа дәнді дақылдар секілді оттегі қорын молайтып, қоршаған ортаның ауасын жақсартады. Бір гектар жүгері алқабы өзінің вегетациялық өсу дәуірінде 15 т оттегін бөліп шығарады, оттегінің мұндай мөлшерімен 30 адам еркін тыныс алады. Тіпті, орташа мөлшердегі ағаш 3 адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөліп шығарады. Жүгері егістігі алғы дақылдарды онша көп таңдамайды. Басқа дәнді дақылдардан ерекшелігі сол, ол отамалы дақыл ретінде топырақтардың бірнеше рет өңделуіне байланысты, әртүрлі тыңайтқыштар, гербицид жеткілікті беріліп, агротехникалық шаралар мен суару дер кезінде жүргізілген жағдайда ауыспалы егісте және бір орынға қатарынан бірнеше жыл егілген жүгері егістігінің өнімдері жоғары болады.
Жүгері егістігін молайту басқа дақылдарға қарағанда экономикалық жағынан тиімді. Жүгерінің әр гектарынан 30-35 ц құрғақ дән және 210 ц қосымша сабан алынады. Бұл 6750 мал азықтық өлшем болады.
Жүгері дәнінде 60-70% көмірсу, 9-12% ақуыз, 4-7% май, минералды тұздар мен дәрумендер бар. Сондықтан жүгері дәні барлық мал түлігі және құстар үшін өте бағалы жем болып табылады.
Жүгерінің көк балаусасы да қоректік заттарға өте бай, одан малға сіңімді, жоғары сапалы сүрлем дайындалады. Бұл үшін ең тиімді кезең - жүгері дәні сүттеніп-қамырланған кез. Осы кезде дайындалған жүгері сүрлемінде құрғақ заттар - қорытылатын протеин көп болады. Ғылыми мекемелердің мәліметтері бойынша 5 кг жүгері сүрлемінен 1 килограмм сүт алынады.
Гүлдену кезінде де жүгері көк шөп ретінде малға беріледі. Бұл уақытта жүгері балаусасы жақсы жапырақтанып өседі, оның құрамындағы протеин мөлшері артады. Дәнге орып жинағаннан кейін де жүгері сабаны, құрғақ жапырақтары мен сабақтары, басқа дақылдар сабағына қарағанда қоректік заттарға бай, жемшөптік сапасы жоғары болады.
Жүгері сабағы салмағының бестен бір бөлігі собық өзегіне тиеді, онда қоректік заттар көп. Сондықтан собық өзегін майдалап турап, ұнтақтап, дәнмен араластырып малға жем ретінде береді.
Жүгерінің агротехникалық маңызы да үлкен. Оның қатараралығын культивациялау кезінде арамшөптер жойылып, жүгерінің және одан кейін егілетін басқа дақылдардың өсуіне жағдай жасалады. Жүгері биік өсіп, қалың жапырағымен жер бетін көлеңкелеп, микробиологиялық үдерістерді жақсартады. Жүгерінің басқа дақылдармен салыстырғанда жақсы алғы дақыл болып саналуының себебі де осында. Республиканың оңтүстік шығысындағы суармалы аймақта, жүгеріні аңыздық дақылдардан кейін себе беруге болады.
Жүгері егістігінен жылына екі рет өнім алуға болады. Республикамызда мал азығын дайындау мен егіншіліктегі маңызды агротехникалық шаралардың негізі ретінде де жүгерінің пайдасы орасан зор. Қайталап егу кезінде топырақ органикалық заттарға байып, осының нәтижесінде физикалық қасиеттері жақсарып, зиянды арамшөптерге қарсы күресуде басты рөл атқарады.
Бұл міндетті орындауда оңтүстіктегі суармалы егіншілігі бар аудандардың маңызы өте зор. Себебі, бұл аудандарда көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі ерте жиналады. Және дәл сол жерде екінші өнім алуға керекті жағдайлар толығымен пайда болады. Суармалы жерлерде егілген жүгері егістігі суарылмайтын жерлердегі егілген жүгері егістігіне қарағанда қоршаған ортаның микроклиматына оң әсер етеді. Басқаша айтсақ, 300 асқан күндер санын - 2 есе, құрғақшылықты - 10 есе азайтып, ауаның абсолюттік температурасын - 150 дейін төмендетеді.
Сонымен бірге жүгерінің аса маңызды ерекшеліктерінің бірі, ол сұлы мен бидайға қарағанда суды екі есе дерлік кем талап етеді. Оның қуатты тамыр жүйесі суды жердің терең қабаттарынан өзіне тартып алады, сондықтан жүгері жаздың екінші жартысындағы жауын-шашынды жақсы пайдаланады. Жүгерінің мұндай тамаша қасиеттері оның егіс көлемін құрғақшылық болатын аудандарда да мейлінше, кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жүгерінің басқа дәнді дақылдардан айырмашылығы құрғақшылық болған жылдарда анық байқалады. Мысалы, деректер бойынша 1931 жылы сұлы бір гектардан 1,9 ц өнім берген болса, жүгері - 14,3, ал 1921 жылы сұлы - 1,1, жүгері - 8,1 ц өнім берді.
Жүгері балаусасының сіңімділігі де көк азыққа пайдаланылатын басқа дақылдардың сіңімділігінен артық. 100 килограмм көк жүгеріде 18 азық өлшемі, 1 кг сіңімді таза ақуыз, 6,5 г каротин және едәуір дәрумендер мен минералдық заттар бар. Бұл заттар өте сіңімді болғандықтан малдың еттілігі мен сүттілігі жақсарады.
Жүгері көк балаусасының құрамында 5% дейін қант бар, сондықтан ол өте сапалы сүрлем береді. 100 кг жүгері сүрлемі сіңімділігі жағынан 133 кг күнбағыс сүрлемінің, 178 кг мал азықтық қырыққабат, 187 кг қызылша, 210 кг мал азықтық асқабақ сүрлемінің орнына жүреді [18-20].
Жүгері өсірудің агротехникасы. Жүгерінің басқа дәнді дақылдардан өзгеше қуатты тамыр жүйесі және сабағы, сонымен қатар жоғарғы жағында үлкен жапырақтары болады. Сондықтан жүгері тек отамалы дақыл ретінде өсіріледі. Бұл - басқа дәнді дақылдарға қарағанда жүгерінің зор артықшылығы. Бірақ осы артықшылық жүгері егудің дұрыс, жоғары агротехникасын қолданғанда ғана айқын көрінеді.
Жүгерінің ауыспалы егістегі орны. Жүгері әдетте отамалы егістікте егіледі. Жүгері егісінің көлемі ұлғаюына байланысты, ол ауыспалы егістікті толық қамти алатын болады. Өсірілетін ауданға байланысты жүгерінің ең жақсы дақылы парға, аударыла жыртылған және аударылмай жыртылған жерлерге егілген күздік және жаздық бидай болып табылады. Парға және қыртысы аударылған тыңға және көп жылдық шөп өсірілген жерге үшін дақыл болып егілгенде де жүгері жақсы өнім береді. Қант қызылшасы да жүгері үшін жақсы алғы дақыл бола алады. Картоп пен көкөніс дақылдары өсірілген жерлер де жүгері өсіру үшін жарамды.
Өз тарапынан жүгері барлық ауылшаруашылық дақылдар үшін, тек екпе дақылдары ғана емес, сонымен қатар ауыспалы көкөніс дақылдары үшін де тамаша алғы дақыл болып табылады. Жүгері - күздік бидай үшін (оңтүстікте) және жаздық бидай үшін (солтүстікте) жақсы алғы дақыл.
Жүгері отамалы дақыл және екпе дақылдардың бәрінен соң егілетін дақыл болғандықтан арамшөптерге қарсы күрестің, топырақта ылғал жинаудың және егіншіліктің жалпы мәдениетін арттырудың күшті құралы ретінде қызмет ете алады. Жүгері толығымен және ең таяу уақыттың ішінде таза пардың орнына жүре алады деуге болады, өйткені жалаң егістікті баптаудан гөрі жүгеріні баптау экономика жағынан мейлінше тиімді екені даусыз. Жүгері өсірудің агротехникасы жоғары болған сайын, өнім де соншалықты мол болады, демек келесі егілетін дақылға, мысалы күздік немесе жаздық бидайға жер жақсы әзірленетін болады, сөйтіп келесі жылы оның өнімі де мол болады.
Топырақ өңдеу. Жүгері егілетін жердің топырағын тұқым себер алдында баптау жұмысы мынадай мақсатты көздейді: 1) топырақтағы ылғалдың буға айналып кебуіне жол бермеу және ондағы ылғал қорын молайту; 2) егістегі арамшөпті жою; 3) топырақты жақсы қопсыту. Ауыспалы егіс танаптарында жүгері барлық дақылдардан кеш егілетін болғандықтан аталған шаралардың барлығында орындау үшін толық мүмкіндік бар.
Тамыр жүйесінің қуатты болуы себепті топырақтың қыртысын терең бойлап ену үшін жүгері топырақтың қопсынды болуын талап етеді. Тығыздалған топырақ құнарлы бола тұрса да жердің жыртылған қабатына тамырлардың терең бойлап енуіне, топырақтағы ауа алмасуына, демек жүгері өсімдігінің жалпы өсіп жетілуіне керісінше әсер етеді. Мұның өзі көп жағдайда өнімнің кемуіне себепкер болады. Сондықтан, жүгері егетін жерді терең жырту жүгері агротехникасының жалпы жүйесіндегі міндетті шара болып табылады.
Жер сүдігер ретінде жыртылады. Жер шолақ түренді соқамен 23-25 см тереңдікке жыртылуы тиіс, ал мүмкін болғанда мұнан да терең жыртуға болады, бірақ топырақтың астындағы құнары аз топырақтың жер бетіне шығарылуына жол бермеу қажет. Жыртылатын қабат аз тереңдіктеболған жағдайда топырақ тереңдеткішті қолдана отырып, толық тереңдікке жырту керек.
Жерді терең сүдігер жыртуда Т. С. Мальцевтің әдісі бойынша қайырымсыз соқамен 30-35 және 40 см дейін терең сүдігер жыртуды кеңінен қолданған жөн. Жерді бұлайша жырту күзгі-қысқы және ерте көктемгі жауын-шашынды, әсіресе қар тоқтатумен ұштастыра жүргізгенде топырақта ылғал жинауға көмектесетін болады.
Суармалы егіншілік жағдайында өте тозаңдалып және тығыздалып қалған жерді қажет болған жағдайда ерте көктемде қайта жыртуға болады. Бірақ мұндай жағдайда тұқым себер алдында егістікті малалаған жөн.
Сүдігер жырту алдынан аңыз сыдыра жыртқышпен 6-8 см тереңдікте жыртылады да, сонымен қатар тырмаланады. Арамшөптер қаулап шыққаннан кейін, 15-20 күннен кешікпей жер жыртылады.
Айта кету қажет, сүдігер қаншалықты ерте жыртылса, топырақта ылғал мен қорек заттар соншалықты көп жинақталады, жүгері өнімі соншалықты мол болады. Сондықтан жүгері егілетін жерде сүдігер жыртуды кешіктіруге болмайды.
Қосымша ылғал жинау және сақтау. Жүгері қуаңшылыққа төзімді дақыл бола тұрса да, жүгері дәнінен және көкшөбінен жақсы өнім алу үшін ол суды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz