ТАМАҚТАНУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУДЕГІ ХИМИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ



Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ТАМАҚТАНУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУДЕГІ ХИМИЯНЫҢ
АЛАТЫН ОРНЫ

Денсаулық – адам өмірінің әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке
қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық
қызметін сақтауы мен дамыту үрдісі. Ендеше, жас ұрпақтың дені сау, білімді
азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, одан соң білім нәрімен
сусындандыратын мектепке және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда
оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын
қалыптастыру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Дені сау
бала оқу үрдісіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл күйі жоғары
болады. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті - әр оқушының денсаулығына
нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, әрбір
баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерін
дамыту. Адамға жаңа химиялық заттардың, әр алуан сәулелердің әсер етуі
бұрын тіпті болмаған генетикалық, тыныс жолдары, эндокриндік және т.б. ауру
түрлерінің пайда болуына жеткізеді.
Қазіргі уақытта адам денсаулығы мен қоршаған ортаны жақсартудың жаңа
технологиялық қарқындылығын дамытуды басты мақсат ретінде негізгі жолға
қойып отыруында болып отыр. Өмірдің негізгі құндылығы адам өмірі болса, сол
өмірді ұзарту мақсатында адамды қоршаған барлық факторлардың жан жақты
дұрыс, сапалы, таза күйінде болуын қадағалап отыру қажет. Салауатты өмір
сүруге, тамақтану мен химияның алатын орынын басты назарда ұстап, бірқатар
экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, қауіпсіз
өмір суруге химиялық сауатты түрде үйретуге жол ашу болып саналады.
Қазіргі кездегі біздің білім берудегі негізгі талаптарымыздың ең
негізгісі: қауіпті заттардың әсерін төмендету, адам ағзасына, қоршаған
ортаға әсері бар жағдайларды қарастырудың озық технологияларын қарастырып,
қолдану, тағам сапасы, шикізат металдарды кешенді өндіру технологиялары,
өндірістік қауіпсіздік, химия саласында қызмет атқаратын адамдардың жаңа
технологиялық үрдістегі ғылыми зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып осы
мәселелердің шешімі болатын тұстарды ашу болып табылады.
Адам ағзасындағы зат алмасу үдерісінің негізгі бөлігін Д.И.Менделеевтің
периодтық кестесіндегі элементердің 60 жуығы атқарады. Ағзада, тағамдарда
мөлшері жағынан ең көп кездесетін -10-2 % элементтер, яғни (Ca, Mg, K, Na,
P, S, Cl т,б) макроэлементтер деп аталады.
Тағам құрамында өте аз мөлшерде кездесетін-10-3 -10-5 % элементтер,
микроэлементтер деп аталады. Егер азық қорында элемент құрамы 10-5 % төмен
болса, онда ультрамикроэлементтер деп аталады. Негізгі ультра-
микроэлементтерге Se, As, Y, Ni, Ag, Ba т.б жатады. Ағза тіршілігінде
атқаратын рөліне, маңыздылығына қарай минералды элементтер:1) ағзаға ең
қажетті (Ca, P, K, Na, Cl, S, Mg, Fe, Co Zn, Mo, J); 2) тіршілікке қажет,
бірақ биологиялық қасиеті нақты анықталмаған (F, Ti, Ni, Si, Cr, Br, Cd,
Al, Sr); 3) биологиялық қасиеті аз зерттелген, бірақ ағзада жиі кездесетін
элементтер болып үш топқа бөлінеді.
Тағам құрамындағы минералды заттардың артық немесе кем болуы ағзадағы
май, көмірсу, белоктардың алмасуын бұзады, яғни ағза тіршілігіне ауытқулар
тудырып, көптеген аурулардың пайда болуына жол ашады. Минералды заттар
ағзада бос және байланысқан күйде болады. Кейбір химиялық элементтердің
жетіспеушілігінен мысалы: Са – бойдың өсу тежелуі; Mg-бұлшық еттің тырысуы;
Ғе-анемия; Zn- терінің зақымдануы, бойдың өсуі мен жыныстық ерекшеліктердің
дамуының тежелуі; Cu- артерияның әлсіздігі, бауыр қызыметінің зақымдалуы;
Мn –ұрпақсыздық, қаңқа сүйектерінің өсуінің тежелуі; Мо- тістің шіруге
бейімделуі; Со- зиянды анемия; Ni- депрессияға бейімділік, тері ауруының
ұшығуы; Cr- диабет ауруына бейімділік; Si- сүйек қаңқасы өсуінің тежелуі; Ғ-
тістің шіруі; І-қалқанша без жұмысының бұзылуы, зат алмасудағы енжарлық; Sе-
жүрек тамырлырының әлсіреуі т.б нышандар пайда болады.
Адам денсаулығының әр түрлі ауруларға төзімділігін, ұзақ өмір сүруін,
жұмыс және шығармашылық іс-әрекеттерінің көптеген факторларға тәуелділігіне
қарап оның тіршілік қабілеттілігінің деңгейін анықтауға болады. Осы
факторлардың ішіндегі ең маңыздысы-қоректену. Сыртқы орта ауа райының
қолайсыздығынан адам мекенін, жұмыс орнын ауыстыра алады, бірақ күнделікті
қоректенуді басқа бір затпен алмастыруға болмайды. Ас-адамның арқауы деп
халқымыз бекер айтпаған.
Организмге сырттан келіп түскен қоректік зат ас қорыту жолында әр түрлі
механикалық және химиялық процестердің әсерінен ыдырап, қанға және лимфаға
келіп түседі де, барлық денеге таралады.
Адамның дені сау болып, бірқалыпты ауырмай сырқамай еңбек етіп,
салауатта өмір сүру үшін басты басты принципін есте сақтаған жөн:
1) адам организміне қоректік заттармен бірге келген энергияның,оның
тіршілік ету барысында жұмсалған энергияның тепе теңдік баланста болуы
(келіп түскен энергия мен жұмсалған энергия);
2) қоректік заттардың мөлшері мен оның құрамының сапасына байланысты
адамның қоректік мұқтаждығын қалыптастыру;[1,с.4].
Адам ағзасына қоректік заттың құрамымен енеді. Қоректік заттың сіңуі
және оны пайдалану жану процесіне ұқсас болады. Мысалы: тамақтың
құрамындағы көмірсулар мен майлар синтезделген кезде жылу пайда болады.
Осындай жылудың немесе энергияның пайда болғанын арнаулы килориметр
құралымен өлшеуге болады. Мысалы:1г көмірсу тотыққан кезде 4,3 килориметр,
1 г май-9,45,1 г белок-5,65 килориметр энергия түзіледі. Бірақ қоректік
заттардың бір бөлігі организге сіңбей, зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа
шығарылады. Мысалы: белоктың 94,5, майлардың 94, көмірсулардың 95,6
пайыздары денеге сіңеді де, қалған мөлшері сыртқа шығып отырады.
Сонымен қоректік заттардың химиялық құрамы белгілі болса, оның адамға
тәулігіне қанша энергия бөлінетінін анықтауға болады.
Егер қоректік заттардың калориясы жетіспесе, онда ағзаның қорындағы
майлар мен көмірсулар пайдаланылады. Ал қоректік заттың құрамындағы энергия
шамадан тыс көп мөлшерде болса, онда қоректік заттар аз мөлшерде сіңіріліп,
сыртқа тез шығады. Ал, энергияның жетіспеуі ұзаққа созылып кетсе, онда
барлық қорланған заттарды жұмсап, ең соңында бұлшықеттердің салмағы
азайып, соның нәтижесінде организмнің жалпы жағдайы нашарлап ауруға
ұшырайды. Енді осыған тоқталсақ [2, с.7]:
Мамандардың зерттеулері бойынша организдегі энергияның жұмсалуын
анықтаудың 3 жолы бар:
1) негізгі алмасу
2) қоректің заттардың өзіндік ерекшелігі
3) бұлшықеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілігі
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Салауатты өмір сүру- тіршілік көзі
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Ауадағы дене шынықтыру жаттығулары
Салауатты өмір сүру сапасы
Азық-түлік қауіпсіздігі түсінігі, мәні және қауіпсіздікке жету жолдары
Пәндер