Тіршілік ету факторлары


Жоспары
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Абиотикалық факторлар
2. 2. Жануарлардың негізгі температуралық бейімделуі
2. 3 Тірі ағзалардың ылғалдылыққа бейімделуі
2. 4 Тірі ағзалардың жарыққа бейімделуі
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
І Кіріспе
Кез. келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар . топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен: көлбақа үшін қалыпты өсіп. көбейуіне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы.
Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз . организмнің өсіп . көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компонентерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар деп . тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтады.
Экологиялық факторлар дегеніміз . организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен: ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Абиотикалық факторлар
Тіршілік ету факторлара үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.
Абиотикалық факторлар (гр. ' a' - теріс және bіotіkos - тірішілік, өмір) - бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.
Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т. б. ), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т. б. ), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т. б. ) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т. б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық факторды химиялық Абиоталық факторхимиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физика Абиоталық факторфизикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.
2. 2. Жануарлардың негізгі температуралық бейімделуі
Организмдердің тіршілігі мен дамуы және таралуы үшін қажетті факторлардың бірі - температура. Сондықтан организмдер төменгі немесе жогары темпера тураға бейімделе отырып, өзінін калыпты тіршілігін үйлестіріп отырады. Қазақстан табиғаты оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгеріп отырадьі. Өсімдіктер мен жануарлар жылуды уакыт пен жыл маусымдарына байланысты түрліше қабылдайды. Мысалы, тундра өсімдіктері ағаш қабықтарына, тасқа, жартастарға жабысып өсуге, а л тропиктер мен субтропиктер өсімдіктері өркендерінің, жапырақтарының түрін өзгертіп, қурап немесе кеуіп кетуден сақтануға бейімделген. Шөл, шөлейтті жерлерде өсетін есімдіктердің сабақ, жапырақ, тамыр, т. б. мүшелерінін түрі өзгерген. Мысалға Қазақстанньщ шөл, шөлейтті аймақтарында өсетін сексеуіл, қылша, кұм қарағаны, теріскен, жантақ, ақ жусан, изен, т. б. атауға болады. Жоғары немесе төменгі температура өсімдіктердің анатомиялык-физиологиялық бейімделуіне де күшті әсер етеді. Мысалы, жоғары температура өсімдіктерде транспирация процесін, клеткада тұз жинақталуды тездетіп, лептесік арқылы суды буландыруды азайта түседі. Ал температуранын төмендеуі өсімдік клеткасындағы қант, т. б. органикалык заттарды көбейте түсіп, суыққа төзімділігін арттырады. Т-ң өзгеруіне қарай жануарларда көптеген морфологиялық бейімделу нышандары (түсінің өзгеруі, май жинауы, т. б. ) айқын білінеді. Жылу режімі жер шарындағы өсімдіктер мен жануарлардың таралуына фактор ретінде әсер етеді. Оларға жер шарынын жылулық, географиялык, климаттык белдеулері, топырақтың құрамы, ауа райы, т. б. көптеген факторлар жатады. . Таудың күнгей беттерінде құрғақ сүйгіш өсімдіктер, ал теріскейінде ылғал сүйгіш өсімдіктердің түрлері басым өседі. Жылу мол түсетіндіктен, таудың альпілік, салқын бөліктерінде де жәндіктердің көптеген өкілдерін кездестіреміз. Іле Алатауы баурайының терістігінде қаптап өскен шыршалар мен күнгей бетіндегі әр түрлі өсімдіктер бірегей биоценоздардың қалыптасуына тигізген әсерінің көрінісі болып табылады. Ылғал. Су - клетка цитоплазмасы, ұлпа, қан құрамында ж\е өсімдікте, жануарлар организмінде негізгі зат ретінде көптеген қызмет аткарады. Организмде сусыз ыдырау мен қалыптасу, зат және газ алмасу процестері жүруі мүмкін емес. Мысалы, балдырда - 96-98%, сәбізде - 87-91%, өсімдік жапырағында - 83-86%, былқылдақ денелілерде - 80-92%, жәндіктерде 46-92% мөлшерінде су болады. Тіпті, ең құрғап кеткен қына, мүк денесінің 5-7%-ы судан тұрады.
Сурет-1. Ыстық температураға бейімделген жануар
Құрлық жануарлары мен өсімдіктері үнемі су тапшылығын сезінеді. Өсімдіктердің суды қажет етуі ауа райы мен топырақ құрамына байланысты маусым бойы өзгеріп отырады. Өсімдіктер мен жануарлардың түсі де, түрлер санының азайып-көбеюі де өзгере бастайды. Мысалы, судың бетіне жақын көк жасыл, одан соң коңыр, тереңдікте қызыл балдырлар орналасады. Ал жануарлардың түсі су тереңдеген сайын көк жасыл түстен қызылға ауысады. Себебі, судың түбіндегі кызыл түс кара болып көрініп, организмдерге жауларынан қорғануға мүмкіндік береді.
Мысалы, тұщы судың 1 л келемінде 0, 5 г, ал теңіз суларында 35 г тұз болады.
Тұщы су организмдері үшін кальцийдің релі зор. Әсіресе былкылдадденелілер, шаянтәрізділер мен омырткасыз жәндіктер кальцийді бакалшақтар түзу үшін пайдаланады. Өзеннің немесе көлдің түбінде де өсімдіктер всетіндіктен, түщы су еріген оттекке бай келеді. Судағы еріген оттек мөлшері атмосферадан енген оттекке және су өсімдіктерінің фотосинтез процесіне байланысты болады. Өсіресе тау өзені суларында оттек көп. Осыган байланысты бүл ортада бахтах, тау албырты, хариус өздерін жаксы сезінсе, оттек аз көлдерде - сазан, мөңке балык, жайын, табанбалықтар еркін тірпгілік етеді. Ал кейбір хирономид, сирек қылтанды қүрт-тар, т. б. көптеген омыртқасыз жәндіктерге оттектің тіпті қажеттігі жоқ. Жауын-шашын.
Жер шарының көптеген аймак. тарында жиі жауатын нөсерлер, бүршақтар жалпы экожүйеге, фауна мен флораға көп зиян келтіреді. Кейбір несер жауындардың арты селге айналып, топырақ пен су өрекетін бұзуы да мүмкін.
Қар фактор ретінде организмдер үшін кебінесе қолайлы рол аткарады.
Өсімдіктермен салыстырғанда жануарларда дене температурасын үнемі немесе уақытша бірқалыпты ұстап тұрудың әртүрлі мүмкіншіліктері бар. Жануардың денесі неғұрлым үлкен, бұлшық еттері жақсы дамыған болса, соғұрлым жылуды көп жұмсайды. Жануарларда негізгі температуралық бейімделудің жолдары мынадай:
- Химиялық реттеу - ортаның температурасы төмендеген жағдайда жауап ретінде жылу бөлуді ұлғайту;
- Физикалық реттеу - жылу беру дәрежесінің өзгеруі, жылуды ұстап қалу немесе артығын ысырап ету. Температураны физикалық реттеу жануардың ерекше анатомиялық немесе морфологиялық ерекшеліктеріне: денедегі жүнді немесе қауырсынды қабаты, қан айналу жүйесінің орналасу ерекшеліктері, майлы қорлардың болуы және т. б. Байланысты.
- Организмдер мінез-құлқы. Кеңістікте бір жерден екінші жерге орын ауыстыру арқылы жануарлар өте суық жерлерден кете алады. Көптеген жануарлар үшін осы мінез-құлқы жылу балансын сақтауда ерекше роль атқарады. Дене температурасы бірдей жағдайдың өзінде пойкилотермді жануарлар гомойотермділерге қарағанда зат алмасу процесінің баяу жүретіндігімен ерекшеленеді. Мысалы, шөлде тіршілік ететін игуана +37°С температурада өзінің дене мөлшеріне шамалас кемірушіге қарағанда оттегіні 7 рет аз пайдаланады.
Кезінде американдық ғалым Д. Аллен (1877 ж. ), көптеген солтүстік жарты шарда тіршілік ететін сүтқоректілер мен құстардың денесінің кейбір бөліктерінің (құйрығы, тұмсығы, құлағы) неғұрлым оңтүстікке (экваторға) жақын тіршілік етсе, соғұрлым ұзын болатынын байқаған (9 сурет) . Көптеген сүтқоректілер үшін дене температурасын бірқалыпты ұстауда қан тамырлары көп орналасқан құлақтарының манызы зор. Африка пілінің үлкен, шөл түлкісінің кішкене құлақтары және американ қояндарының құлақтары аса маңызды жылу реттейтін арнайы мүшелерге айналған.
2. 3 Тірі ағзалардың ылғалдылыққа бейімделуі
Организмдер үшін судың экологиялық фактор ретінде маңызы зор. Онсыз тіршілік үшін қажетті биохимиялық процестер жүрмейді.
Организмде су алдымен ұлпа жасушалары үшін қажет. Өйткені, жасуша протоплазмасындағы(жасушаның тірі заты) барлық зат алмасу процестері судың қатысуымен жүреді. Су қорлық заттардың тасымалдануына, зиянды заттардың организмнен шығарылуына қажетті ортаны құрап, клетка тіршілігінің жылу режимін реттеп отырады. Клетканың суды сіңіруі жасуша мембранасының екі жағындағы осмостық қысымдардың әсерінің әртүрлі болуына байланысты, яғни, судағы тұздардың концентрациясы жасуша ішіндегі сұйықтыққа қарағанда аз болса суды сіңіру жүреді. Өсімдіктер мен жануарлардың тұщы суды қажет етуі де осыған байланысты. Теңіздің ащы суын ішкен адам организмнің сусыздануынан өліп кетеді. Өйткені жасуша мембранасы жанындағы осмостық қысым белгісін өзгертіп, су жасушадан жасуша аралық кеңістіктерге түсе бастайды.
Клетка ішіндегі су жалпы организмдегі судың 70%-ын құрайды. 23% су жасуша аралық кеңістіктерде (ұлпа аралық сұйықтық) орналасқан. Қалған 7% қанның плазмасы мен қан тамырлары арқылы айналып отырады. 18-50 жастағы ересек адамның бүкіл организмінің (салмағының) 61%-ын су құрайды. Әйелдерде бұл көрсеткіш біршама аз (54%) . Өйткені ересек әйелдердің организмінде майлы ұлпалар көбірек болады. Семіздікпен ауыратын адамдардың салмағында судың мөлшері 40%-ға дейін төмен болуы мүмкін. Су ас қорыту, қанның түзілуі, ұлпалардың синтезі процестеріне белсенді қатысады. Өйткені бұл процестер тек сулы ерітінділерде ғана жүреді.
Организмдегі сулы-тұздылық тепе-теңдікті сақтау үшін қажетті судың мөлшері, оның дәміне байланысты. ішетін судын құрамында натрий тұздары неғұрлым аз болса, соғұрлым су шөлді жақсы қандырып, организмдегі судың етіспеушілігін тез толтырады. Дәмсіз, жағымсыз суды адам ішкісі келмейді. Көз арқылы жағымсыз көріністер адамда эмоционалдық сезім тудыррмауы мүмкін, ал дәм арқылы адам беті тыжырынып эмоционалдық белгі береміз. Тәжірибе жүзінде дәлелденгендей, жағымды дәмдер адамның көру қабілетін, жүрек бұлшық еттерінің жиырылу жиілігін жақсартады. Судын температурасы, мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі сияқты организмнің сезім мүшелері арқылы қабылдайтын физикалық қасиеттерін - органолептикалық қасиеттер деп атайды. Суды қай жерден алсақ та (құдық, бұлақ, су құбыры) және суды өңдеудің әдісі қандай болса да, оның жағымды органолептикалық қасиеттері болуы тиіс.
Ылғалды режимге байланысты жануарларды үш экологиялық топқа бөледі:
- гигрофилдер- ылғал сүйетін ортаның ылғалдылығын қажет ететін жануарлар (масалар, моллюскалар, амфибиялар) ;
- мезофилдер- орташа ылғалдылықта тіршілік ететің жануарлардың үлкен тобы;
- ксерофилдер- жоғары ылғалдылыққа төзбейтін құрғақ сүйгіш жануарлар (түйе, шел кемірушілері, бауырымен жорғалаушылар) .
Сурет - 3. Ылғалға бейімделген тірі ағзалар
2. 4 Тірі ағзалардың жарыққа бейімделуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz