Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэмалары


Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(28. 10. 1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы - 21. 5. 1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) - ақын, ағартушы.
Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
«Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды.
«Адасқан өмір» (1918) - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. Поэмада күрделі философиялық ой-толғамдар басым.
Ақынның «Адасқан өмір» пайымдауы бойынша жарық дүниеде себепсіз жарала салған, жоқтан бар болған ештеме жоқ. Жалғанда қанша жан бар? Адам дейсің бе, маймыл дейсің бе? Әлде мал дейсің бе? Не ағаш, не шөп туралы әңгіме қозғап, сұрақ қойсаң да мейлің. Бәрі де белгілі бір себептің жемісі екені дау туғызбайды. Соншалық жан иелерінің ішінде адамның алатын орны бөлек. Табиғатта оның ми күші жетпеген құпия сырлар жылдан-жылға азайып барады. Дүниедегі бар нәрсені түрлі-түрлі түстерге енгізіп, себепті қолдан жасауға да адамның күші жетеді.
Поэма бес тараудан тұрады: «Мен - бала», «Мен-жігіт», «Мен - тоқтадым» «Мен- кәрі», «Мен - өлік». Ақынның ойынша, адамға туғанынан бастап адамгершілік тазалық, таза ой тән. Мұндайда бәрі тең: бай да, кедей де, христиан да, мұсылман да. Адам табиғаты бойынша мейірімді және рақымды, оның бойында керемет қасиеттер көп, алайда бұл оның «дәстүр, құдай, хан және алтын» билігіне түскенге дейін жалғасады [3, 24-б. ] .
Бұл қазақ ақыны Сұлтанмахмұт ғана емес, жалпы адамзат ұлы гуманистерінің арманы болғанын кім бекер дей алады? Адамзат қоғамының, елдер мен халықтардың тарихы олардың бастарынан кешірген үлкенді-кішілі оқиғалардың жай тізбегі емес, әділдік пен озбырлықтың, адалдық пен арамдықтың күрес тарихы. Озық ойлы, ақ ниетті адамдар жоғарыда Сұлтанмахмұт суреттегендей қоғамды аңсаған. Замандастарын сондай қоғам құруға жан сала шақырған. Бұл жолдың сайрап жатқан даңғыл жол болмағаны, ол жолға түскендердің көп қарсылықтарға кездесіп, көп адасқаны белгілі. Кезінде көп адамға дұрыс көрінген қоғамдық құрылыс, оның заңдары уақыт талабына жауап бере алмай мансұқ етілген де, басқа бір қоғамдық құрылыс, басқа бір заңдармен ауыстырылған. Өз заманын талмай таразылаған ғұламалар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері жаңа идеялар ұсынған. Олардың ой-пікірлері миллиондардың санасын билеп, әркімнің өз ойы, өз пікірі болып материалдық күшке айналған. Халықтың жаппай толқу, көтерілістері билеушілердің біреулерін лақтырып, олардың орындарына басқаларын отырғызған. Бір ғажабы, «бұл күнде адасудан көз ашпадым» деп Сұлтанмахмұт айтқандай, адамзат қоғамы қаншама көп ізденсе, соншама көп адасуды бастан кешірген.
«Кедей» поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» поэмасының кейіпкері сияқты кедей еш жерден бақыт таппайды: ал байдың малын бақты, шахталарға түсті, бақытсыздық пен қасірет бүкіл жерде оның жазмышына айналды. Кедей тұрмысының өмірлік көріністері өте анық суреттелген. Ең құрымағанда, аштықсыз қалыпты адам өмірін іздеуде мақсатына қол жеткізген жоқ
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа,
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан міне шықтым талай жасқа.
Өкпемнен барады өтіп күзгі суық,
Бір жағынан қышытып биттер буып,
Бит жеген, ескі күпі жабағысы
Жөргекке оралғанда іштен туып.
Бұл битке сонан бері денем азық,
Көбінесе сондықтан да жүрмін азып.
Туысымен көргенім бәрі бейнет.
Тумай жатып қылып ем қандай жазық?
Жұрт айтады: «Еңбек қып, ерінбесең,
Маңдай термен ас тауып адал жесең,
Қызмет қылған байыңнан алғыс алсаң,
Ол сені алдап, арбап кетсе де есең,
Сонда сен көгерерсің», - дейді халық,
Көп өмір өтпеді де бұған нанып?
Ес біле басталғаннан бері қарай
Бір тыныш жаттым ба, ұйқым қанып?
Мұның бәрі Сұлтанмахмұттың жаңа жол - «шындықтың аулын іздеуге» ұмтылуының заңдылығын көрсетеді. Өзінің тегі жағынан Қамар бай қызы, бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз. Ол қазақ әдебиетінде көрінген жаңа тұлға, жаңа характер. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді. Басына күн туып, ескі салтпен айқасқанда ғана Қамар өршелене бастайды. Сөйтсе де ол махаббат сезімінен құр емес. “Ахметтің алғашқы хатында оқығанда, ол бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынымсыздықта қалады”. Мұнда пәк сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе - өз ойы, арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық. Тағы мұнда «Қамар сұлу» романында теріс сипаттарын көреміз. Мынау залымдықты көргенше, қаңғып өлейін. Мұны Ахметтің кетер алдында Қасен деген досына жазған хатында байқаймыз. Шыдай алмай күйіп - жанып кеттім қашып, Қамауға көре күйік жан таласып. Бұл күнде өлетінім сол қайғыдан, Қамардың халін ойлап жаным ашып дейді. Оқуды сылтау қылып, екі жүз шақырым жерден шаһарға кетті. Бұл арадан Ақметтің Қамарға деген сезімі бар және ғашығы үшін қиналуы, жаны ашуын байқаймыз. Енді бірде Қамардың қандай халге түскенін байқайтын болсақ, мына шумақтан көреміз. Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар, Амалсыз бәріне де көнген Қамар Айдай әлем аузының суын құртып, Арманда арсыздардан өлген Қамар.
Ал романның басындағы Қамар портретін ақын былай суреттейді. Бастапқы келтірген шумаққа қарағанда мұнан мүлде өзгеше, оны мына шумақтан аңғарамыз. Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Бал ауыз, балбыраған тәні қандай. Ақыл-ой, мінез-көрік түгел келіп, Толысып, толып тұрған сәні қандай. Сұлтанмахмұт Торайғыров жоғарыда келтірілген екі шумақта Қамардың портретін сәтті суреттеген. Жаңа заманның қызының бейнесін ашуға ден қойған. Ақын кешегі еркін де балғын өскен сұлу қыз, озбырлыққа душар болып, бақытсыздыққа ұшыраған сәтін байқатса. Мұндағы қарсыласқан екі түрлі портрет автордың осы гуманистік, азатшылдық идеясын береді. Осындай мысал келтіретін болсақ Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романындағы Жамал бейнесін алатын болсақ. Жамал - өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиындыққа да қарсы тұратын қайсар жан. Жамалдың рухани жан дүниесі, ішкі әлемі ғашығына жазған өлең хатында ашылады. Осындай дәрменсіздікті біз Ахмет сүйгеніне қолы жетпей арманда кеткен Қамар сұлудан да байқаймыз. Ағатай болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иектегі құрымыңа. Кірпідей аяқ - қолы жиырылған, Қосылар күн бар ма екен тұлыбыңа, - деген Қамар өлеңінен Нұрымды сүймейді тіпті мейлінше жек көреді. Оның кәрілігін, ұсқынсыздығын мазақ етіп, өлең шығарады.
Бір адамға
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
"Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!. . "
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр - ай қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: "Оңдырған - ау, баққан халқын".
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын.
Дедім мен: "Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз".
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.
"Қай момынның малы бар бұл аяқта?"
Демейінше болмады, қарап жай - ақ.
Отырдым көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: "Көріңіздер жасқанба!" деп.
Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп.
Шәкірт ойы
... жалғасыҚараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.
Қайғы
Асты мұз, үсті де мұз, өзі қалың,
Ақ дария қаптаған жердің бәрін.
Көріп тұрмын «жаныңды қоймаймын» деп;
Терісінен суық желдің долданғанын.
Үскірік, күңгірттенген, ауа шаңыт,
Жүрегім шыдамайды, түрін танып.
Өз көзіме сенбей жүр өз көңілім,
Құдай-ау, мен де кедей болдым ба анық.
Баласы емес пе едім Құтпанбайдың?
Мыңды айдаған нағашым және қайным.
Бар ма еді бұл маңайда бір ай бұрын,
Менен сүйген кісісі бір құдайдың?
Майда жал, қаз мойынды тобым қайда?
Бәрінен сыпырылдым бір-екі айда.
Үстіне жел шықпаса, адам шықпай,
Бұла өскен ая көзім қандай жайда.
Тарамыс таспасы да қолға түспей,
Қу сүйек болды, қалды әрбір сайда.
Неше жыл бейнеттеніп өсіргенде,
Қайғысы өз басыма болған пайда.
Терлесе жаным шыға жаздаушы еді,
Кім мініп, кім жемеді бар ма айла?
Отырдым біржолата қара малдан,
Бәрі өледі, көтерем ана қалған.
Өлімсекке қу қамыс не болады,
Сасқандықтан қораны бұзып салған.
Бұра тартар көлік жоқ, жүрмін жаяу,
Онда жоқ ет азайған, аштық таяу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz