Көмекей,кеңірдек,бронхы, өкпелердің құрылысы мен функциялары



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медициналық Университеті АҚ

Кафедра:ОПХ.Тереңмен топографияляық анатомия және қалыпты анатомия.

Реферат

Тақырыбы: Көмекей,кеңірдек,бронхы, өкпелердің құрылысы мен функциялары.
Плевра қойнаулары.

Тексерген:Абдулаев Б.Ж.
Орындаған:Әбдіхалық А. , Такпоянова А.
104 қ.д.с.

Астана 2009

Жоспар:

1. Тыныс алу ағзалары

2. Мұрын қуысы

3. Жұтқыншақ

4. Көмей

5. Кеңірдек

6. Бронхтар

7. Өкпе

Тыныс алу жүйесі-Systema Respiratorium
Тынысалу ағзалары дем алған ауамен бірге өкпе арқылы қанға оттегін
жеткізіп, дем шығарған кезде көмірқышқыл газын шығару үшін қызмет етеді.
Суда тіршілік ететін жануарларда тыныс алу мүшелері қызметін бірінші
ішектің арнаулы тесіктері болып табылатын желбезектер атқарады.Оның жан-
жағында саңылаулар (желбезектер саңылаулары) түзіледі, олардың жиектерінде
біраз қантамыр капиллярлары бар күлтелер болады. Желбезек саңылаулары
арқылы өтетін су желбезектерді шайып, соның нәтижесінде оттегі судан
алынып , тікелей қанға өтіп ,ал көмірқышқыл газы суға бөлініп шығады.
Жануарлар суда тіршілік етуге көшкеннен кейін су арқылы тыныс алатын
мүшелер –желбезектер ауамен тыныс алатын өкпеге-ауысады.Бұлай ауысу
біртіндеп жүреді.Мәселен, қосмекенділер ерте личинка кезінде желбезектер-
мен, ал ересек кезінде өкпемен тыныс алады.Құрлықта тіршілік ететін
жануарларда жорғалаушылардан бастап желбезектер өздерінің маңызын жоғалтып,
басқа мүшелер түзуге жұмсалады да, ал тыныс алу қызметін желбезектер сияқты
бірінші ішектен өсіп шығатын өкпе атқара бастайды. Сүтқоректілерде тыныс
алу мүшелері алдыңғы вентральді қабырғасынан дамып бүкіл өмір бойы онымен
байланысын сақтайды. Адамда да сақталатын тыныс алу және асқорыту
жолдарының жұтқыншаққа айқасуы да осымен түсіндіріледі.Тыныс алу актісін
іске асыру үшін таза ауа ағынының тыныс алу бетіне баруын, яғни айналысын
қамтамассыз ететін тетік қажет.Осымен байланысты, өкпеден басқа тыныс алу
жолдары болады, атап айтқанда: мұрын қуысы мен жұтқыншақ (жоғары тыныс алу
жолдары), содан соң көмей, кеңірдек және бронхтар(төменгі тыныс алу
жолдары).
Бұл жолдардың ерекшелігі олардың қабырғаларының қатты
тіндерден(сүйек пен шеміршек) құралуында , сол себепті қабырғалары
босаңсымайды да , қысымның оңнан теріске қарай күрт өзгеруіне қарамастан
дем алып, дем шығарғанда ауа еркін қозғалады.
Ішек жұтылатын ауа мұрын (немесе ауыз) қуысы және жұтқыншақ
арқылы көмейге өтеді. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың құрылысы жоғары да
асқорыту жүйесін сипаттағанда баяндалды. Мұрын қуысының сүйекті арқауы
остеология бөлімінде қарастырылады.Бұл жерде біз тыныс алу жолының бірінші
бөлігіне-мұрын қуысына тоқталамыз.

Мұрын қуысы
Дем алғанда ауа өкпенің жұмсақ тінімен жанасуы үшін шаңнан тазарып ,
жылынып, ылғалдануы қажет.Бұл мұрын қуысында cavitas nasi іске асады,
сонымен қатар бір бөлігі сүйекті , екінші бөлігі шеміршекті қаңқадан
түзілген сыртқы мұрынды, nasus externus, ажыратады.Остеология бөлімінде
атап өтілгендей, мұрын қуысы мұрын қалқасы, septum nasi, (артқы жағынан
сүйекті, ал алдыңғы жағанан шеміршекті) арқылы екі симетриялы жартыларға
бөлінген, олар алдыңғы жағынан сыртқы мұрын арқылы танаулардың, nares,
көмегімен атмосфера ауасымен , ал артқы жағынан хоандар арқылы жұтқыншақпен
қатысады.Қуыс қабырғалары , қалқасы мен қалқандарының шырышты қабықтары
танаулар аймағында терімен қосылып, ал артқы жағында жұтқыншақтың шырышты
қабығына жалғасады .
Мұрынның шырышты қабығы(грекше rhinoc- мұрын, осыдан ринит –мұрын
қуысы шырышты қабығының қабынуы) жұтатын ауаны өңдейтін бірқатар
тетіктермен жабдықталған.
Біріншіден, кіpпікшелі эпителий мен жабылған , оның кірпікшелері
тұтас кілемше түзіп , оған шаң-тозаң шөгіп қалады. Кірпікшелердің
толқынды жыбырлауы нәтижесінде шөккен шаң тозаң мұрын қуысынан
шығарылады. Екіншіден, шырышты қабықты шырыш бездері glanduale nasi
,орналасқан, олдардың шығаратын секреттері шаң-тозаңды орап, оның
шығарылуына жағдай жасайды, сондай-ақ ауаны ылғалдандырады. Үшіншіден,
шырышты қабық вена тамырларына бай, олар төменгі қалқанда және ортаңғы
қалқан-ның төменгі жиегінде түрлі жағдайларда ісінетін үңгірлі денелерге
ұқсас қалың өрім түзеді; олар зақымданғанда мұрыннан қан кетеді.Бұл
түзілістер-дің мұрын арқылы өтетін ауа ағынын жылытуда маңызы зор.
Сипатталған шырышты қабықтың тeтіктері ауаны механикалық жағынан
өңдейді және ортаңғы , төменгі мұрын қалқандары мен мұрын жолдары
деңгейінде орналасады. Сондықтан-мұрын қуысының бұл бөлігі тынысалу
бөлігі ,regio respiratoria , деп аталады . Мұрын қуысының жоғарғы
бөлігінде , жоғарғы қалқан деңгейінде,иіс сезу мүшесі түрінде , өтетін
ауаны бақылауға арналған тетік бар, сондықтан мұрын қуысының жоғарғы
бөлігін иіс сезу аймағы ,regio olfactoria , деп атайды.Бұл жерде иіс
сезу нервінің нервтік ұштары – иіс сезу анализаторының рецепторын
құрайтын иіс сезу жасушалары жайғасады.
Мұрын жанындағы қойнаулар, sinus paranasales ,ауаны желдетуге
қосымша тетік қызметін атқарады, олар да мұрының шырышты қабығының
тікелей жалғасы болып табылатын шырышты қабығымен астарланған . Бұл
Остеология бөлімінде сипатталған :1) жоғарғы жақсүйек (гаймор)
қойнауы,sinus maxillaris, қаңқаланған бассүйектегі кең гаймор қуысы
тесігі кішкене саңылаудан басқа жерде шырышты қабықпен
жабылады;2)маңдай қойнауы ,sinus frontalis;3)тұтастай sinus ethmoidalis-
ті құрайтын торлы сүйек ұяшықтары , cellulae eithmoidales;4)сынатәрізді
қойнау ,sinus sphenoidales.
Тірі адамның мұрын қуысын қарағанда (риноскопия) шырышты қабық
қызғылт түсті. Мұрын қалқандары , мұрын жолдары , торлы сүйек ұяшықтары
әрі маңдай мен жоғарғы жақсүйек қойнаулары көрінеді. Мұрын қалқандары
мен мұрын жанындағы қойнаулары шырышты қабық-тың бетін
ұлғайтады,онымен жанасу жұтатын ауаның жақсы өңделуін қамтамасыз
етеді.Сүйектерден құрылып , гиалинді шеміршектермен толыққан
(Остеология бөлімін қараңыз) мұрын қуысы ауаның еркін айналуына жағдай
жасайды.
Мұрын шеміршектері мұрын қапшығының қалдықтары болып табылады және
жұптасып мұрынның бүйір қабырғаларын (бүйір шеміршектері,cartilagines
nasi lateriales), мұрын қанаты мен мұрын қалқасының қозғалмалы бөлігін
(cartilagines alares majores et minores),сондай-ақ мұрын қалқасын – оның
тақ шеміршегін (cartilago septi nasi)түзеді. Мұрынның терімен жабылған
сүйектері мен шеміршектері сыртқы мұрынды, nasus externus, құрайды.
Онда жоғарыда орналасқан мұрын түбірін , radix nasi, төмен қараған
мұрын ұшын, apex nasi, және орта сызықта қосылып алға қараған мұрын
арқашығын, dorsum nasi , түзетін екі бүйірін ажыратады. Мұрынның бүйір
жақтарының жүлгелермен бөлінген төменгі бөліктері мұрын қанаттарын ,
alae nasi, түзеді , олардың төменгі жиектері мұрын қуысына ауа өткізетін
танауларды шектеп тұрады . Адам танауы жануардікі , соның ішінде
приматтардікі сияқты алға қарай емес, төмен бағытталған емес, жоғары
қарай , иіс сезу аймағына келіп , жұтқынщақтың мұрындық бөлігіне қарай
доғатәрізді ұзақ жолдан өтеді , ал бұл тура төмен кетеді.
Шығыңқы сыртқы мұрын адамға тән ерекшелік болып табылады өйткені
ондай мұрын тіпті адамтәрізді маймылдарда да болмайды.Бұл, сірә,
адамның тік жүруіне және шайнау қызметінің әлсіреп, түсінікті сөз
сөйлеудің пайда болуынан бет қаңқасының түрленіп , өзгеуіне байланысты
болу керек .
Жұтылған ауа хоандар арқылы жұтқыншақтың мұрындық , одан кейін
ауыздық бөлігіне , одан әрі көмейге келеді.Ауызбен де тыныс алуға болады
, ауыз қуысында ауаны бақылап , өңдейтін тетіктер болмайтындықтан,
ауызбен тыныс алатын адамдар жиі ауырады . Сондықтан мұрынмен тыныс
алуды қадағалау керек .

Көмей
Көмей,larinx ,IV , V және VI мойын омыртқалары деңгейінде дәл
тіласты сүйегі астында , мойынның алдыңғы жағында орналасып, бұл жерде
сыртқы жабын арқылы айқын білінетін қырат түзеді.Көмей артында жатқан
жұтқыншақпен, көмей кіреберісі , aditus laryngis , деп аталатын тесік
арқылы тікелей қатынасады.Көмейдің жандарынан ірі мойын қантамырлары
өтеді , ал көмей алдыңғы жағынан тіласты сүйегінен төмен жатқан
бұлшықеттермен (mm. sternohyoidei , sternothyroidei, omohyoidei ), мойын
шандырымен және қалқанша бездің үлестерінің жоғарғы бөліктерімен
жабылған. Көмей төменде кеңірдекке жалғасады.
Адам көмейі-тамаша музыка аспабы сияқты.Көмей арқылы шығатын
ауа дауыс байламдарын тербелтіп , соның нәтижесінде дыбыс пайда болады.
Нерв жүйесі арқылы басқарылатын ауыз қуысы, тіл, жұтқыншақ және
көмейдің бұлшықеттері жиырылуы нәтижесінде көмейдегі дауыс байламының
керілуі, ауа өтетін қуыстың шамасы мен пішіні музыка аспаптарындағыдай
емес өзгеріп отырады. Адам осы арқылы адамтәрізді маймылдардан
өзгешеленеді, олар ән салып , сөз сөйлеу үшін қажетті тыныс шығарғандағы
ауа ағынын реттеп отыруға мүлдем қабілетсіз. Тек гиббон ғана азды-көпті
музыкалық дыбыс дыбыс шығаруға қабілетті (гиббон гаммасы ) . Оның
үстіне маймылдарда тері астында созылып, резонатор қызметін атқаратын
дауыс қаптары күшті дамыған.Ал адамда ол редументтік түзілестер болып
табылады (көмей қарыншалары).Біртіндеп күшейген модуляциялар арқылы
маймылдың дамымаған көмейі адам көмейіне , айналып дамымаған ауыз
мүшелері біртіндеп жекелеген дыбыс шығаруды үйренгенше (К.Маркс және
Энгельс. Соч., 2-изд.,20, с.489) мыңдаған жылдар керек болды.
Көмей өзіндік музыкалық аспап болумен қатар қозғалыс аппараттары
принципімен құрылған , сондықтан онда шеміршектер түріндегі қаңқаны,
олардың байламдар мен буындар түріндегі қосылыстарын және шеміршектерді
қозғалтып , соның нәтижесінде дауыс саңылауы көлемі мен дауыс байламдары
керілуі дәрежесін өзгертетін бұлшықеттерді ажыратуға болады.
Көмей шеміршектері .Жүзіктәрізді шеміршек, cartilage cricoidae,
гиалинді , жүзік пішінді, артқы жағынан жалпақ табақшадан, lamina , және
алды мен бүйірлерінен доғадан , arcus, тұрады.Табақшаның жиегі мен бүйір
бетінде ожаутәрізді және қалқанша шеміршектерімен қосылуға арналған
буын алаңшалары болады.
Қалқанша шеміршек , cartilago thiroidea ,көмей шеміршектерінің ең
ірісі , гиалинді , алдына қарай бұрыш жасай тұтасатын екі табақшадан ,
laminae , тұрады.Бала мен әйелдерде бұл табақшалар дөңгелектене қосылады
сондықтан оларда ересек еркектердегі сияқты бұрышты шодыр болмайды.
Жоғарғы жиегінде ортаңғы сызық бойында тілік –incisura thiroidae superior
, болады. Әр табақшаның қалыңдаған артқы жиегі, ұзын жоғарғы мүйізге
,cornu superius ,және қысқа төменгі мүйізге , cornu inferius, созылады ;
соңғы мүйіздің ұшында іш жағынан жүзіктәрізді шеміршекпен буындасуға
арналған алаң жатады. Қалқанша шеміршектің әр табақшасының сыртқы бетінде
қиғаш сызық,linea obligua,(m.sternothyroideus пен m.thiroideus бекитін
жер) байқалады.
Ожаутәрізді шеміршектердің, cartilagines arytenoidea, дауыс
байламдары мен бұлшықеттеріне тікелей қатысы бар.Олардың негіздері, basis
lamina cricoidea-ның жоғарғы жиегінде орналасқан , ал ұштары, apex ,
жоғары қараған пирамидаларға ұқсайды.Алдыңғы бүйір беті барынша
кең.Негізінде екі өсінді жатады:1) алдыңғы өсінді ( серпімді шеміршектен
) дыбыс сіңірлері бекитін орын болғандықтан prossesus vocalis (дауыстық)
деп аталады;2)латералды бұлшықеттік өсінді, prosessus muscularis,
(гиалиндішеміршектен) оған бұлшықеттер бекиді.
Көмей қапшығы epiglottis s. cartolago epiglottica aditus laringis
алдында және тікелей тіл негізінен артқа қарай орналасқан жапырақ
пішінді серпінді шеміршек тінді табақша.Ол төмен қарай тарылып , көмей
қақпашығының сабақшасын,petiolus epiglottidis, түзеді . Қарама-қарсы
кеңдеу шеті жоғары қарайды.Көмей жаққа қараған дөңесті-ойысты дорсалды
беті , өн бойына шырышты қабықпен жабылған; төменгі дөңес бөлігі көмей
қуысына қарай шығып тұрады және tuberculum epiglotticum деп аталады.Тіл
жаққа қараған алдыңғы немесе вентральді беті, тек жоғарғы бөлігінде ғана
байламдар бекуден бос болады.
Көмей байламдары.Көмей тіласты сүйегі мен қалқанша шеміршек
арасында керілген membrana thirohyoidae көмегімен тіласты сүйегіне
ілініп тұрған сияқты, соңғы membrana thyrohyoidae тақ байламнан,
lig.thirohyoideum medianum және тіласты сүйегінің үлкен мүйіздері мен
қалқанша шеміршектің жоғарғы мүйіздері арасында керілген жұп байламдардан
, ligg. Thirohyoidea lateralia, тұрады, олардың ішінде кішкентай
дәнтәрізді шеміршек ,cartilago triticiae орналасады .Тіласты сүйегімен
көмей қақапашығы да байланысқан ол онымен ligg. heoepiglotticum
байламымен және қалқанша шеміршекпен lig. thiroepiglotticum арқылы
қосылады.
Жүзіктәрізді шеміршек доғасы мен қалқанша шеміршек жиегі арасында
ортаңғы сызық бойымен серпімді талшықтардан тұратын берік байлам
lig.cricothiroideum созылып жатады.Бұл байламның латералды талшықтары
жүзіктәрізді шеміршектің жоғарғы жиегінен басталып , медиалды бұрылып ,
артқы жағында cartilage arythenoidea-мен қосылады; бұл будалар
lig.cricothiroideum мен бірге жоғары қарай жіңішкеретін conus elasticus
түзеді.Оның жоғарғы бос жиегі дауыс байламы болып табылады.Дауыс
байламы,lig.vocale, алдыңғы жағынан қалқанша шеміршек бұрышына, артында
ожаутәрізді шеміршектің prosesssus vocalis-іне бекиді.Байлам бір–біріне
паралельді сарғыш түсті серпімді талшықтардан тұрады. Балалар мен
жасөспірімдерде, еркектерде жоғалып кететін айқасатын серпімді талшықтар
да болады.Дауыс байламының медиалды жиегі үшкір әрі бос, байлам
латериалды және төмен қарай тікелей conus elasticus-қа ауысады.
Дауыс байламынан жоғары және оған паралельді , жұп кіреберіс
байламы, lig. vestibulare , жатады.Ол төменне көмей кіреберісін
шектейтіндіктен осылай аталған. Көмей шеміршектері арасында байламдардан
басқа қалқанша және ожаутәрізді шеміршектердің жүзіктәрізді шеміршекке
жанасатын жерінде буындасулар жатады.
1)қалқанша шеміршектің төменгі мүйіздері мен жүзіктәрізді
шеміршек арасында көлденең айналу бірлігі бар үйлесімді буын,art.
cricothiroidea , түзіледі. Бұл буында қалқанша шеміршек алға және артқа
қарай қозғалып, ожаутәрізді шеміршектен алыстап, не оған жақындайды , сол
себепті олардың арасында орналасқан дауыс байламы,lig. vocale , бірде
керіліп (қалқанша шеміршек алдыға қарай еңкейгенде), бірде босаңсиды.
2)әрбір ожаутәрізді шеміршек негізі жүзіктәрізді шеміршек
арасында вертикалді біліктік , жұп artt.cricoarytenoidea жатады, аталған
білік бойында ожаутәрізді шеміршек айналады.
Бұл жерде сырғымалы қозғалыстар-ожаутәрізді шеміршектердің бір-
бірімен жақындасуы және бір-бірінен алыстауы мүмкін.
Көмей бұлшықеттері көмей шеміршектерін қозғалысқа келтіріп, оның
қуысы мен дауыс байламдары арқылы шектелген дауыс саңылауы енін , сондай-
ақ дауыс байламдары кернеуін өзгертеді.Сондықтан олар қызметі жағынан
мынадай топтарға
бөлінеді:1)тарылтқыштар(констриктор лар);2)кеңейткіштер(дилятаторлар);3 )дау
ыс байламдарының кернеуін өзгертетін бұлшықеттер. Кейбір бұлшықеттерді
аралас типті болғанықтан ана топқа да жатқызуға болады. Олардың барлығы
да көлденең жолақты еркін бұлшықет тінінен құралған. Бірінші топ
бұлшықеттерінен жататындар:
Латериалды жүзіктәрізді бұлшықет, m.cricoarytenoideus lateralis,
жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып , жоғары және кейін қарай
өтіп, ожаутәрізді шеміршектің posessus muscularis-іне бекиді .Prosessus-
алға және төмен тартады ,соның салдарынан prosessus vocalis медиалды
бұрылып, дауыс байламдары жақындасып , олардың арасындағы саңылау
тарылады (бұл кезде дауыс байламдары біршама керіледі).
Қалқанша көмей бұлшықеті , m.thyroarytenoideus- шаршы пішінді
бұлшықет. Қалқанша шеміршек табақшаларының ішкі бетінен басталып ,
ожаутәрізді шеміршектің prosessus musculares- іне бекиді. Ана немесе
мына жақтағы бұлшықеттер жиырылғанда дауыс байламдарынан іле-шала
жоғарылап көмей қуысы бөлігі, region supraglottica, тарылады да, ал сол
кезде prosessus vocalis вентральді бағытта тартылып соның салдарынан
дауыс байламдары біршама босаңсиды.
Көлденең ожаутәрізді бұлшықет ,m.arytenoideus transversus тақ
бұлшықет , ожаутәрізді шеміршектердің дорсальды ойыс беттерінде
жатады.Жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектерді жақындастырып, дауыс
саңылауының артқы бөлігін тарылтады.
Қиғаш ожаутәрізді бұлшықет ,mm.arytenoidei obligui
тікелей,m.transversus артында жататын және сүйір бұрыш жасай бір-бірімен
айқасатын жұп бұлшықеттер будасы . Қиғаш бұлшықеттің жалғасы ретінде
ожаутәрізді шеміршектің шетінен жаңа бұлшықет будалары басталады, олар
көмей қапшығының жиегіне бекіп,m.aryepiglotticus түзеді.Mm. arytenoidei
obliqui мен aryepiglottici бір мезгілде жиырылып , көмей кіреберісі мен
оның алдын тарылтады.Сондай-ақ m.aryepiglotticus көмей қапшығын артқа
қарай тартып , кірісін жабады.
Кеңейткіштер тобына жататындар :Артқы жүзікожау тәрізді бұлшықет,
m.cricoarytenoideus posterior , оймақтәрізді шеміршек табақшасының
дорсалды бетінде жатады және prosessus musculares-ке бекиді. Жиырылған
кезде prosessus musculares-ті артқа және медиалды жаққа қарай тартады
да, соның әсерінен prosessus vocalis латералды жаққа қарай бұрылып ,
дауыс саңылауы кеңейеді.
Қалқанша көмей қапшығы бұлшықеті m.tryrcepiglotticus,
lig.thyroepiglotticum-нің бүйір жағында жатады. Қалқанша шеміршектің
табақшасының ішкі бетінен басталып , көмей қақпағы жиегіне бекіп , оның
бір бөлігі plica aryepiglottica-ға ауысады. Көмей кірісі мен кіреберісін
кеңейтеді.
Дауыс байламдарының кернеуін өзгертетін бұлшықеттерге жататындар:
Жүзікқалқанша бұлшықеті ,m. cricothyroideus , жүзіктәрізді шеміршек
доғасынан басталып, қалқанша табақшасы мен оның төменгі мүйізіне
бекиді.M.cricothyroideus дауыс байламдарын кереді, өйткені қалқанша
шеміршекті алға тартады, соның нәтижесінде қалқанша шеміршек пен
ожаутәрізді шеміршектің prosessus vocalis-і арасы алшақтайды.
Дауыс бұлшықеті , m.vocalis plica vocalis қабатында lig vocale-ге
тығыз жанаса жатады. Оның талшықтары m.cricothyroideus талшықтарымен
қосылып кетеді. Қалқанша шеміршек бұрышының төменгі бөлігінен басталып
, артқа өтіп,prosessus vocalis-тің латералды бетіне бекиді.Жиырылған
кезде prosessus vocalis-ті алға тартып , соның әсерінен дауыс байламдары
босаңсиды.
Дауыс байламдарын басқаратын бұлшықеттердің ішінде m.vocalis-пен
m.thyroarytenoideus оларды босаңсытады , ал m.crycothyroideus кіреді
соның өзінде олардың барлығы біркелкі , бірақ әр түрлі көмей нервтерімен
нервтендіріледі ; босаңсытушылар – төменгі көмей нервтерімен , ал
керушілер – жоғарғы көмей нервтерімен нервтенеді.
Көмей қуысы , cavitas laringis, көмей кірісі aditus laryngis,
арқылы ашылады. Көмей кірісі , алдынан көмей қақпағының бос жиегімен ,
артынан шырышты қабық қатпарымен –plicae aryepiglotticae , шектелген.
Соңғылардың бүйірлерінде жұтқыншақ қабырғасының алмұрттәрізді қалта,
recessus piriformes орналасады.
Көмей қуысы пішіні жағынан қүм сағатына ұқсайды – ортаңғы бөлігі
қысыңқы , жоғарғы және төмен қарай кеңейген. Көмей қуысының жоғарғы
кеңейген бөлімі көмей кіреберісі ,vestibulum laryngis , деп аталады.
Кіреберіс көмейге кірісінен қуыстың бүйір қабырғасында орналасқан plica
vestibularis деп аталатын шырышты қабықтың жұп қатпарына дейін созылады
; соңғының қабатында lig.vestibulare жайғасады. Кіреберістің қабырғаларын
: алдынан көмей қақпашығының дорсалды беті ; артынан ожаутәрізді
шеміршектердің жоғарғы бөліктері және plica interarytenoidea бүйірінен
plica vestibulares-тен plica ayerepiglottica -ға дейін созылып
,membranea fibroelastica деп аталатын жұп эластикалы жарғақ түзеді.
Көмей қуысының ортаңғы тарылған бөлімі –меншікті дауыс аппараты ,
glottis, өте күрделі құрылған. Ол жоғарғы және төменгі бөлімдерден
көмейдің бүйір қабырғаларында орналасқан екі жұп шырышты қабақ
қатпарымен бөлінген. Жоғарғы қатпар –бұл айтылып өткен жұп-plica
vestibularis. Қатпарлардың бос жиектері кіреберістің тақ едәуір кең
саңылауын , rima vestibuli , шектейді.Төменгі қатпар , дауыс қатпары
plica vocalis қуысқа жоғарғы қатпарға қарағанда кіріңкіреп тұрады және
онда дауыс байламы,lig. vocale , және дауыс бұлшықеттері m.vocalis
болады.Plica vestibulares пен vocalis арасындағы ойыс көмей қарыншасы
,ventriculis laryngis , деп аталады.
Екі plica vocals арасында сагиталды орналасқан дауыс
саңылауы,rima glottidis , түзіледі.Бұл саңылау көией қуысының ең тар
бөлігі. Онда байламдар арасында орналасқан жарғақаралық бөлік , pars
intermembranasea , деп аталатын алдыңғы үлкен бөлімді және ожаутәрізді
шеміршектердің дауыс өсінділері prosessus vocalis арасында орналасқан
артқы , кіші шеміршекаралық бөлікті, pars intercartilaginea, ажыратады.
Көмейдің төменгі кеңейген дауысасты бөлімі, cavitas infraglottica
біртіндеп төмен керей тарылып, кеңірдекке айналады.
Тірі адамда ларингоскопия кезінде (көмейді көмей айнасымен қарау)
дауыс саңылауының пішінін және оның өзгерістерін көруге болады.
Фонация (дыбыс түзу) кезінде pars intermembranacea тар саңылаутәрізді ,
pars intercartilaginea кішкене үшбұрыш пішінді болып келеді; тыныш
тыныс алған кезде pars intermemranasea кеңейіп , бүкіл дауыс саңылауы
негізі ожаутәрізді шеміршектер арасында орналасқан үшбұрыш пішініне ие
болады. Көмейдің шырышты қабығы тегіс және біртегіс қызыл түсті болып
келеді.Ол дауыс байламдары аймағында қызыл түсті , lig. vestibulare
аймағында - қызғылдау түсті.
Көмейдің дауыс байламдарынан жоғарыда шырышты қабық , тым
сезімтал , бұған бөгде бір нәрсе түссе қатты жөтелу, түшкіру түрінде
риакция байқалады.
Дауыс түзілу дем шығарғанда іске асады.Олардың себебі дауыс
байламдарының тербелісінен болады, олар ауа ағыны әсерімен пассивті
тербелмейді.Дыбыс дауыс байламдарының мидағы орталықтарынан келетін
ырғақты импульстердің әсерімен белсенді жиырылатын mm. vocals пен
тығыз өзара әсерлесуінен пайда болады.Дауыс байламдары тудыратын дыбыста
негізгі үннен басқа бірқатар қосымша үндер болады.Дегенмен бұл
байламдық дыбыс әлі де мүлдем тірі адам дауысына ұқсамайды, дауыс
адамға тән тембрді (әуенді) резонаторлар жүйесі арқылы алады. Табиғат өте
үнемді құрылысшы болғандықтан , резонаторлар рөлін тынысалу жолының
дауысбайламдарын қоршайтын түрлі ауа қуыстары атқарады.Ең басты
резонаторлар – жұтқыншақ пен ауа қуысы.

Кеңірдек
Кеңірдек, trahea (грекше, trahus-бұдырлы) көмейдің жалғасы
ретінде VI мойын омыртқаның төменгі жиегі деңгейінде басталып , V кеуде
омыртқасының жоғарғы деңгейінде аяқталып сол жерде екі-оң және сол жақ
бронхыға бөлінеді.Кеңірдектің бөлінетін жері кеңірдек айырығы ,
bifurcatio traheae деп аталады.Кеңірдектің ұзындығы 9-11 см, орташа
көлденең диаметрі 15-18см.
Кеңірдектің топографиясы. Мойындық бөлігі жоғарғы жағынан
қалқанша безбен қамтылып , артқы жағынан өңешке жанасады, ал бүйір
жақтарында жалпы ұйқы артериялары орналасады.Қалқанша без қылтасынан
басқа кеңірдекті алдыңғы жағынан mm. sternohyoideus пен sternothiroideus
жабады, бұл бұлшықеттердің ішкі жиектері ажырасатын ортаңғы сызықты ғана
жаппайды.Аталған бұлшықеттердің оларды жабатын шандырларымен қоса артқы
беттерімен кеңірдектің алдыңғы беті арасындағы кеңістікті,spatium
pretrasheale , борпылдақ шелмай мен қалқанша без қантамырлары (a.
Theroidea ima және веналық өрім) толтырады. Кеңірдектің кеуделік бөлімін
алдынан төстің тұтқасы , айырша безі , тамырлар жауып тұрады. Кеңірдектің
өңеш алдында орналасуы оның алдыңғы ішектің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алудың жүзеге асуы
Тыныс алу механизмі
Көкірек қуысын зерттеудің клиникалық маңызы
Ринит, гаймарит, ларингит, фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Тыныс алу жүйелері
Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі
Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағынымен тасымалдануы
Тыныс жолдарының аурулары
Тыныс алу жүйесі және оның маңызы
Тынысалу жүйесі
Пәндер