Ауруханаішілік инфекциялар, себептері және олармен күрес



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті

Студенттің Өзіндік Жұмысы

Мамандық: Стоматология

Дисциплина: Эпидемиология

Кафедра: Эпидемиология кафедрасы

Тақырыбы: Ауруханаішілік инфекциялар, себептері және олармен күрес

Орындаған: Кушмагамбетов Турар Дауренович

Тобы: 202

Тексерген: Аманшиева Аймекен Аманжановна

Ақтөбе 2017ж
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Ауруханаішілік инфекциялар
Б) Себептері және олармен күрес
III. Қорытынды

Кіріспе
Дезинфекция - адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру - жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу;
Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды).
Сақтық залалсыздандыру - алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу.
Ошақтық залалсыздандыру - ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Дезинсекция - ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты - ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады. Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы мен шарттары оның улылығы мен қауіптлік дәрежесі бойынша анықталады.
Дератизация - індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т.б.) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т.б.); биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.

Негізгі бөлім

Дезинфекцияның механикалық, физикалық әдістері
Залалсыздандырудың механикалық тәсілі. Бұл тәсіл нысандарда микроорганизмдердің концентрациясын төмендетуге негізделген. Инфекцияның пайда болуына қоздырғыштың дозасы үлкен әсер етеді. Осы деректі ескере отырып, бұл іс - шара әлдеқайда тиімді екенін ескерген жөн.
Микроорганизмдерді жоюда келесі әдістер қолданылыды:
* Бөлмені және жиhазды ылғалды тазарту
* Сыпыру
* Шаңсорғышпен өңдеу
* Бөлменің ауасын жаңарту және желдету
* Киім - кешекті, төсеніштерді, төсек-орындарды қағып-сілку
* Жуып-шаю және жуу
* Қолды жуу

Дезинфекцияның физикалық әдісі

Дезинфекцияның физикалық әдісі түрлі физикалық факторлардың әсерімен микроағзаларды жоюға негізделеді.
* Күн сәулелері.Күн спектрінің тікелей сәулелері патогенді микроағзаларға жойқынды әсер етеді. Әдістің бұл түрі өте күрделі, онда кептіру, жылыту мен ультракүлгін сәулелері қолданылады. Күн сәулелері әсерінен іш қуысы тифі, дизентерия, холера жылдам жойылады, ал өкпе құрт ауруы таяқшалары мен бактериялардың споралық түрінің сезімталдылығы төмен келеді. Шырыш, қақырық, нәжіс, қан және т.б. орналасқан қоздырғыштар қорғаныссыз орналасқандарға қара, анда күн сәулесіне ұзақ төтеп береді.
* Қайнату - кез-келген жағдайларда пайдалануға келетін, зарарсыздандырудың ең ыңғайлы және сенімді түрі болып табылады. Қайнаған суда ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдары, төсек-жабдық пен киім-кешек, сүлгі, мұрын сүлгілері, рәзеңке ойыншықтар, тағам қалдықтарын өңдеуге болады. Қайнаған суда микробтардың вегетативті түрлері бірнеше минутта өледі. Сібір жарасы, мен өкпе құрт ауруы микобактериясы қайнаудың 2-ден 10-12минутын көтере алады. Қайнаған судың зарарсыздандыру әсерін сода немесе сабын қосу арқылы күшейтуге болады. Микробтар тұрақтылығы мен өңделуші заттардын сипатына қарай, қайнау минутынан бастап экспозиция 15-30 минутқа дейін созылады. Бедерінің құртылуы себебінен, клеенкелі, жүн, жартылай жүн, тері, вискозды маталар өңдеудің бұл түріне келмейді. Патогенді микробтар төмен температураға бейім болуы себебінен (минус 30-50°С), төмен температурада өңдеу қолданылмайды..
* Пастеризация - 60 минутта 60 °C-қа дейін, немесе 30 минутта 70 -- 80 °C-қа дейін жиіде сұйық заттарды бір реттік өңдеу әдісі. Ас тағамдарын зарарсыздандыру мен олардың қолдану ұзақтығын сақтау үшін қолданылады. Мұндай өңдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурухана ішілік инфекциялар, себептері және олармен күрес
Науқастың инфекцияларға бейімділігі
Ота жасау бөлімшесінде инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау шараларын сақтаудағы мейіргердің рөлі
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Аурухана ішілік инфекция
Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
Ауруханашылық инфекциялар, себептері мен алдын алу
Ауа тамшылы инфекция
Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика жәнe деонтология
Инфекционды қауіпсіздік. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар
Пәндер