Дезинфекциялық камералар.Дезинфекция жүргізетін камералар типтері .Камерлі дезинфекцияны бақылау


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Дезинфекциялық камералар. Дезинфекция жүргізетін камералар типтері . Камерлі дезинфекцияны бақылау
Дисциплина: Эпидемиология
Факультет: Стоматология
Тобы: 202
Орындаған: Кушмагамбетов Т. Д
Тексерген : Аманшиева А. А
Ақтөбе 2017
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1) Дезинфекциялық камералар
2) Дезинфекция жүргізетін камералар типтері
3) Камерлі дезинфекцияны бақылау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Ауру адамның заттарын өртеу, күлді пайдаланып жуындыру, жараны күйдіру, металл бұйымдары қыздыру және т. б осы сияқты дезинфекцияға байланысты алғашқы тәжірибелер біздің дәуірден көп бұрын аса іске асырыла бастады. Дезинфекцияның көптеген мәселелерін зерттеуге Н. Н. Доброславин (ласты залалсыздандыру, бұйымдарды дезинфекциялау үшін жоғары қысымды буды пайдалану) В. К. Крупин (өз атымен аталған дезинфекция камерасын құрды) . Кең мағынада «дезинфекция» француздың «des» деген теріс қосымшасынан және латынның enfection (инфекция) деген сөзінен құралады, оны ауру көзі мен қабылдаушы организм арасындағы жұқпалы аурудың қоздырғыштарын беретін жолдарда объектілердегі патогенді микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, токсиндер, саңырауқұлақтар-грибтер) жою немесе аулақтау деп түсіну керек. Дәл осылайша қоздырғыштарды тасымалдаушы жәндіктер, кенелер жойылады (дезинсекция) және кеміргіштер де құтылады (дератизация) . Дезинфекция шараларын (олардың көлемі, түрі, мақсаты) іске асыру көпшілік жағдайда жұқпалы аурудың түріне, оның қоздырғышына, әрине, берілу механизміне байланысты болады. Тыныс жолдарындағы аспирациялық механизмді жұқпалы аурулардың (грипп, скарлатина, туберкулез және т. б) қоздырғышына көпшілік жағдайда ауа-тамшы жолымен, фекальды-оральды механизмді ішек ауруларының қоздырғыштары су, тамақ, қол және ластанған тұрмыс бұйымдары арқылы беріледі. Трансмиссивтік аурулардың (бөртпе және қайталама сүзектер, безгек, кейбір зооноздар және т. б) қоздырғыштары қанда орналасқан, сондықтан олар қоршаған ортаға өздігінен шықпайды, бірақ тасымалдаушы буынаяқтылар арқылы таралады. Жанасу механизмді инфекциялардың қоздырғыштары ауру немесе тасымалдаушымен тұрмыс заттарын бірлесіп пайдаланғанда жаралардың, күйген, үсіген жерлердің ластануы, залалды киімді пайдалану немесе тікелей жанасу (жыныс қатынасы, қол алысу) арқылы таралады. Одан басқа парентеральдық жолдардың да болуы мүмкін. Дезинфекция бөлімдері дезинфекция шараларын жоспарлап, оларды іске асырады, балалар және емдеу-алдын алу мекемелерінде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалайды, оның үстіне медицина бұйымдарын залалсыздандырумен қамтамасыз етеді.
Дезинфекциялық камералар
Дезинфекция камералары - бұл булау, ауамен булау, бу - формалинмен өңдеу, ауамен, газдармен залалсыздауға арналған құралдар немесе қондырғылар (сурет №6) .
Дезинфекция камераларында киім, төсек заттары, жүн, кілем, кітап және т. б. заттар тиімді және толық залалсызданады. Қайнату да өте тиімді әдіс, бірақ сырт киімдерді, көрпе-төсектерді қайнатуға болмайды, оларды тек арнайы камераларда залалсыздау қажет. Дезинфекция камераларында физикалық (су булары, ыстық құрғақ ауа), химиялық (формальдегид) тәсілдер немесе екеуі де бірігіп қолданылады. Дезинфекция камералары емдеу-сауықтыру, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерде, өндірістік мекемелерде орнатылады.
Барлық дезинфекциялық камералардың құрылысы ұқсас:
Заттарды салатын жұмыс камерасы.
Жылу көздері (булы пеш, от, электр тоғы) .
Бақылау-өлшеу құралдары (термометр, психрометр, манометр, клапандар) .
Химиялық заттарды құятын апараттар (сепкіш, шашыратқыш) .
Желдету құралы мен қондырғылары.
қарай дезинфекциялау камераларының түрлері:
Булы-формалинды камералар - ылғалды ыстық ауа және бу-формальдегид қосындысы қолданылады.
Булы камералар - қаныққан су буларымен өңделеді.
Ауалы камералар - ыстық құрғақ ауамен өңделеді.
Газды камералар - күкірт ангидриді, этилен оксиді, метилбромид, хлорпикринмен өңделеді.
Аралас әдісте бірнеше затпен бірге өңделеді.
Құрылысына қарай дезинфекциялық камералар тұрақты, жылжымалы және жиналатын болып бөлінеді.
Тұрақты камералар арнайы бөлмелерде орналастырылады, кедергі қойып 2 бөлімге бөледі, біреуінде лас заттарды қабылдап камераға салады, екіншісінен таза заттарды камерадан шығарып, таратады, онда бақылау құралдары, бұрайтын вентилдер, термометр де болады. Камера бөлмесінде заттарды сорттау үшін сөрелер, бақылайтын сағат, арнайы киімдерді және жеке киімдерді сақтайтын шкафтар, қол жуғыш, сабын, сүлгі болуы керек. Заттарды салу бөлмесінде камераның жұмыс істеу тәртібі, ішкі тәртіп ережелері болуы қажет.
Жылжымалы камераларды көлікке тіркейді, жинамалы камералар толық және жартылай жиналатын болып шығарылады. Жылжымалы және жинамалы камераларға арнайы бөлме қажеті жоқ, бірақ төбесі жабық жерге орнату керек.
Алдымен заттың сапасына қарай, залалсыздау әдісіне қарай сорттап алады, өте сулы заттарды кептіріп алады. Алғашқы партияны салар алдында камераның есіктерін жауып, 10-15 минут қыздырып алады: булы формалин әдісінде температура 50-600 градус, ыстық ауаман залалсыздау әдісінде температура 800 С градусқа дейін.
Дезинфекциялау және дезинсекциялау көлемі, өңдеу температурасы жұқпаның түрінен, қоздырғыштың төзімділігінен және заттың сапасынан байланысты. Тері және жағалы киімдерді ішін сыртына қаратып, бірі біріне жақындатпай іліп қояды, жүн етіктерді төмен қаратын қояды, бәтеңкелерді сеткаға іліп қояды.
Дезинфекция жүргізетін камералар типтері
Эндодез -дезинфекция жүргізетін құрылғы
Инфекциондық аурулардың ошағына жүргізілетін дезинфекция
Парогенераторлық дезинфекциялық камера
Камерлі дезинфекцияны бақылау
Дезинфекциялық камералардың жұмысын бақылау
1. Термиялық бақылау - өлшеуіш аспаптардың көмегімен жүргізілді: психрометрмен булы - ауалы формалинді камералардағы ылғалдылық ережесін, манометрмен қысымды бақылап отырады.
2. Биологиялық бақылау - лабораторияларда арнайы дайындалған бактериялық тесттер қолданылады, ол бәтес және бөз бөлшегін алдын ала стерильдеп, кейін тест - микроб сіңіртіп дайындалады (алтынды стафилококк, антракоид споралары, микобактериялардың қышқылға төзімді сапрофиті - В5)
Дез. камераның жұмысын бақылау:
1. Дез. бөлімнің қызметкерлері бақылайды.
2. Арнайы журналда белгіленетін инструкцияға сәйкес режимді сақтау.
3. Температуралық режим туралы мәліметті бақылау-өлшеу приборлары арқылы камераның жұмысын білеміз.
4. Киімдегі температураны білу үшін, киімдерге max. t-ны (15 нүктеге) яғни, әртүрлі деңгейде орналастырыңыз.
5. Мысалы, max. t-ның орнына балқу t-ның, мысалы наориталин (+800С), резорцин (+1100С), күкірт (+1200С) . Бұл заттарды шыны трубочкаға салып, киімге саламыз. Егер уақыты біткен соң, олар балқыса t-ра дұрыс деп есептелінеді.
Бірақ max. t-ны; хим. заттар арқылы қанша уақыт өткенін айтуға болмайды. Ең маңызды әдіс - биологиялық.
Қорытынды
Күнделікті дезинфекция - ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өңдеп отыру мақсатында, күнсайын (науқастың бөлінділерін, ыдыстарын зарарсыздандыру) жасалады. Қорытынды дезинфекцияны инфекция қоздырғышының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта (әдетте бір рет ) жасалады. Оның мақсаты - жасалып отырған күнделікті дезинфекциядан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою. Ол, қоздырғыштары қоршаған ортада төзімді инфекциялар ошақтарында жүргізіледі (оба, тырысқақ, , қайталама сүзек, күйдіргі, салмонеллездер, гепатит, сал, түбіркүлез, алапес және басқалары) . Бұл кезде қоршаған ортада таралуы мүмкін және таратушы фактор болып табылатын объектілерді қоздырғыштардан толық зарарсыздандыруға тырысады. Жұмысты ең алдымен жинауыш инвентарьларды зарарсыздандыратын дез. ерітіндіні дайындаудан бастайды . Науқастың бөлмесінде оның бөлінділерін, горшогын, іш киімдерін, тағам қалдықтарын, ыдыстарды, еденді, қабырғаны, жалпылай пайдаланылатын орындарды зарарсыздандырады. Төсек орынын, орамалдарды, сүлгілерді, дез. ерітіндіге салып қайнатады, камералық дезинфекциядан өткізеді. Қабырғалар дез. ерітіндімен өңделеді, терезелер, есіктер, сүртіледі, қалдықтарға дез. ерітінді құйылып, артынан өртеледі. Алдын алу дезинфекциясын қоздырғыш табылмаса, ал қоздырғыш қоршаған ортада көбеюде деп шешкен жағдайларда, жұқтырушы науқас, сау адамдардың арасында жүр немесе болуы мүмкін, бірақ әлі анықталмай жатқан кезде жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz