Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

РМҚк «Марат Оспанов атындағы

Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университеті»

Қоғамдық-ізгілендіру пәндері,

психология мен педагогика кафедрасы

Барлық факультеттердің студенттеріне арналған

Э К О Н О М И К А Л Ы Қ Т Е О Р И Я Н Е Г І З Д Е Р І

пәнінен семинар сабақтарының әдістемелік нұсқауы

Ақтөбе, 20ж

Әдістемелік нұсқауды құрастырғандар: аға оқытушы, э. ғ. м. Алпамысова Г. К.

аға оқытушы, т. ғ. м. Мусашева Д. Қ.

(құрастырушылар аты-жөні, қызметі, ғылыми атағы, дәрежесі)

Қоғамдық-ізгілендіру пәндері, психология мен педагогика кафедрасы мәжілісінде талқылынды, бекітілді

Хаттама № «» 20ж

Кафедра жетекшісі

т. ғ. к., доцент Сүлейменов Б. С.

(қолы)

ТҮСІНІКТЕМЕ

Экономикалық теория негіздері курсы экономикалық жүйе, оның экономикалық заңдылықтары, меншік қатынастары, кәсіпкерлік іс, нарықтық жүйе, жеке ұдайы өндірістің мазмұны мен заңдылықтары, ұлттық экономика деңгейіндегі ұдайы өндіріс, әлемдік шаруашылық және экономиканың кең ауқымды мәселелері туралы білім беретін базалық пән.

«Экономикалық теория негіздері» курсының мақсаты: қоғамның экономикалық өмірі аумағында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысы бар мамандарды дайындау және осы экономикалық құбылыстарды танып білуде қолданылатын әдістер мен құралдар, экономикалық проблемаларды шешудегі әдіс-тәсілдерді үйрету. Бұл курс нарықтық экономика субъектілерінде экономикалық ойлауды қалыптастырады. Ресурстардың шектеулі жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында игіліктердің өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы адамдардың іс - әрекеті туралы студенттердің білімін қалыптастыру «Экономикалық теория негіздері» курсының негізгі мақсаты болады.

«Экономикалық теория негіздері» курсының міндеттері:

  • экономикалық теория әлеуметтік-гуманитарлық пәннің құрылымды бөлігі ретінде түсіндіру;
  • экономикалық дамудың объективті жағдайлары мен қайшылықтарын білу;
  • қоғам алдындағы негізгі мәселелерді білу;
  • нарықтық экономика жағдайында аса қажетті экономикалық мәдениетті, экономикалық ойлауды қалыптастыру;
  • нарықтық экономиканың әлеуметті-оптималды реттеуші механизмдерін білу;
  • экономикалық проблемаларды шешу нұсқаларын таба білу және оларды нақты өмірде қолдана білу;
  • фирма іс-әректін ұйымдастыру мен кәсіпкерліктің негіздерін білу;
  • инфляцияның, жұмыссыздықтың, макроэкономикалық тұрақсыздықтың мәнін түсіну;
  • ұлттық экономиканың мәселелерін білу;
  • қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасының саясатын білу;
  • нарықтық кеңістік жағдайындағы мемлекеттің экономикалық саясатында болып жатқан процестерді талдай білу;
  • сыртқы экономикалық байланыстардың мәнін және ғаламдық экономикалық мәселелерді түсіну.

Студенттердің экономика бойынша ғылыми көзқарасын қалыптастыру, экономикалық категориялар мен заңдарды жүйелі түрде ұғынуы, экономикалық процестерді зерттеу әдістемесін меңгеруі осы курсты оқытудың негізгі міндеттері болады.

Студент білу қажет:

  • экономикалық теория шығу тарихын және жалпы негіздерін;
  • микроэкономиканың, макроэкономиканың және қазіргі әлемдік шаруашылықтың сұрақтарын;
  • нарықтық экономиканың теориялық негіздерін;
  • нарық және оның пайда болу тарихын, жетістіктері мен кемшіліктерін;
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуының ерекшеліктері;
  • бәсекелік күрестің әдіс-тәсілдерін;
  • көлеңкелі экономика түсінігі және оның нысандары.

Студент қолдана білу қажет:

  • әлеуметтік-саяси пәндер: философия, тарих, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері, экономикалық теория пәндерінің құрылымды бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарын көре білу;
  • экономикалық теорияны нақты өмірдегі мәселелермен байланыстыра білу;
  • қоғамның экономикалық өмірінің заңдылықтарын аша білу;
  • экономикалық теорияның мәселелерін өз түсінігінше баяндай білу;
  • семинар сабақтарының тақырыптары бойынша рефераттар жасау.

Кіріспе.

Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы туралы алғашқы көзқарастар ғылыми ой ретінде-Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған. «Экономия» терминінің бірінші рет ғылыми айналымға енгізген Аристотель болатын. Дейтұрғанмен, ол кезде экономикалық білім біртұтас ғылым ретінде жүйеленбеген еді, тек сол замандағы дамып келе жатқан философия т. б. жалпы ғылымдардың элементтері ретінде қалыптасты.

Экономикалық теорияның өз бетінше ғылым болып дамуы ХVІ - ХVІІ ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды. Экономикалық теорияның алғашқы қаланған мектебі - меркантелизм, ең басты өкілдері - Томас Ман (1571-1641, Англия) және Антуан де Монкретен (1575-1621, Франция) . Соңғысы «Саяси экономия» терминін айналымға енгізді. Меркантелистердің ең басты идеясы - қоғамның ең басты байлығы - ақша, ал байлық көзі - сатып алушы қоғам-деген болатын.

«Экономикалық теория», «Саяси экономия», «Экономикс» курстарының пәнін анықтай отырып, олардың әртүрлілігін еске ұстау керек.

«Экономикалық теория» әлемдегі шектелген ресурстардағы адамдардың экономикалық тәртіптерін, өндірістер қатынастарының жүйесін, бөлуді, айырбастауды, материалдық жетістіктердің және адам қоғамының барлық даму сатысындағы қызметтерді зерттейді.

«Саяси экономия» - бұл таптық ғылым. Ол белгілі бір таптың мүддесін қорғайтын экономикалық қатынастарды зерттейді.

«Экономикс» түсінігі экономикалық ғылымда «экономикалық теория» түсінігімен жақын болғанымен, «экономикстің» экономикалық теориядан айырмашылығы, ол тек нарықтық шаруашылықты зерттейтін ғылым, мұнда зерттеу обьектісі тек нарық жүйесіне тіреледі.

Экономикалық теория курсында экономикалық қатынастардың келесі логикалық оқыту жүйесі ұсынылады. Бірінші пәннің жалпы мәселелері, шығу тарихы, дамуы, экономикалық теорияның әдістері, дәлелдемесі және адамның экономикалық қызметінің тұтас міндеттері, сондай-ақ қоғамның өндірістің негіздері қарастырылады. Одан кейін экономиканың қызметінің іргелі мәселелеріне, оның ішінде меншіктік қатынастарды шаруашылықтың түрлерін, экономикалық жүйенің негізгі түрлерін қарастырамыз; онда нарықтық шаруашылыққа жалпы сипаттама, сұраныс пен ұсыныс теорияларының негізі, бәсеке түрлері, т. б. сұрақтар қарастырылады. Яғни, микроэкономика талданады, оның ішінде кәсіпорынның қызметіне байланысты қатынастар жүйесі, сондай-ақ, жеке өндірушінің заңдылықтары мен мәні қарастырылады. Ал макроэкономиканы талқылағанда, ұлттық экономика деңгейіндегі өндіріс мәселелері қарастырылады.

Курстың соңында әлемдік шаруашылық мәселелеріне, оның ішінде әлемдік сауда, еңбекті халықаралық еңбек бөлігіне, валюталық қатынастарға т. с. с. тоқталып өтеміз. Сыртқы экономиканың реттеудің құралдары мен механизмі туралы әлемдік жаһандық мәселелер туралы жалпы түсінік беріледі.

Тақырып 1. Экономикалық теория және саясат

Мақсаты: Студенттер экономика түсінігінің көп мағыналығын игеруі қажет: біріншіден, «экономика» сөзімен өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығын түсіндіру, яғни игіліктер мен қызметтердің өндірілуі, ол адамзат қоғамының өмір сүре алмайтындығы; екіншіден, «экономика» сөзімен ғылым саласының экономикалық қатынастардағы қызметтік немесе салалық аспектілерін қарастыра білу; үшіншіден, «экономика» сөзінің астарында шаруашылықты жүргізу ғылымы бар екендігін меңгеру қажет. Сонымен қатар, экономиканың ғылыми зерттеу әдістеріне және экономикалық теорияның қызметтеріне сипаттама беру. Микроэкономикалық теориялар мен мемлекеттің экономикалық саясатын, экономикалық заңдар мен категорияларды қарастыру.

Оқытудың міндеттері: Студенттер экономика ғылымының шығу тарихын, атқаратын қызметтерін, қолданатын әдістерін білулері керек. Өндірістік және өндірістік емес салалардың адам өмірі үшін маңызын, ғылым саласының экономикалық қатынастардағы қызметтік немесе салалық аспектілерін қарастыра білу қажет.

Экономикалық саясаттын мәнін, маңызын түсіну.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

2. Экономикалық заңдар мен категориялар.

1. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Бұл сұраққа жауап беру үшін экономика ғылымының шығу тарихына қысқаша шолу жасау керек. Ол үшін дәрісте қарастырылған материалдарды қолдануға болады. Одан кейін экономиканың әр түрлі деңгейде талданып, әр деңгейге сай шаруашылық іс-әрекеттерге әр түрлі деңгейде анализ жасалатынын айта кету керек. Микроэкономика, макроэкономика және интерэкономика деп бөліп қарастырып «экономика» ұғымын түсіндіреді.

Микроэкономика - экономикалық ғылымның бөлігі ретінде тұтынушылардың бөлек топтары, фирмалар мен ресурстардың меншік иелерінің экономикалық мінез-құлқын зерттейтін бөлігі ретінде анықталатынын айту керек.

Макроэкономика - экономикалық теорияның бөлігі ретінде-тұтастай алғанда, ұлттық экономикада болып жатқан үдерістерді зерттейтін ілім екені анықталады.

Ал интерэкономика - дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылықтарын сипаттайды.

Экономикалық теория шектеулі ресустар әлеміндегі адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістерін зерттейді. Соған сәйкес келетін санаттарды анықтауға тоқталып өту керек.

Тұтынушылық-жеке индивид пен мәдениеттің дамуына сәйкес арнаулы түрге ие болатын, мойындалған қажеттілікпен бекітілген тұтынушылық тауар мен қызметке сұранысты көрсетеді. Экономикалық әдебиетте (Абрахам Маслоу) адамдардың қажеттілігі 5 деңгейге бөлінеді:

1) физиологиялық қажеттіліктер;

2) қауіпсіздік қажеттілігі;

3) қатынас тұтынушылығы, рухани жақындық;

4) қоғамдық танымдағы қажеттілік;

5) өзін көрсетудегі қажеттілік.

2. Экономикалық заңдар мен категориялар .

Қандай да ғылымның басты міндеті-табиғатта немесе қоғамда қолданылатын заңдарды адам мүддесіне қолдану үшін танып білу болып табылады. Экономикалық заңдар обьективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасына бағынбайды.

Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

Ерекше экономикалық заңдар-бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.

Айрықша экономикалық заңдар-бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән. Мысалы, құн заңы; қорлану заңы; ақша айналым заңы; сұраным мен ұсыным заңы және т. б.

Жалпы экономикалық заңдар-бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән. Мысалы:уақытты үнемдеу заңы, еңбектің үнем заңы, қоғамдық еңбек бөлінісінің заңы, қажеттіліктің жоғарылауы заңы, еңбек өнімділігінің үздіксіз өсу заңы, еңбекті ауыстыру заңы, халық өсуінің заңы, шекті пайдалылық заңы, табыстың төмендеу заңы, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштерінің сипаты мен даму дәрежесіне сай келу заңы және т. б.

Экономикалық санат-қандай да бір пайда болудың мәнін сипаттайтын ғылыми түсінік. Бұл-экономикалық өмірдің жалпы мәнін көрсететін логикалық түсінік.

Кез-келген ғылым сияқты жалпы экономикалық теория бірқатар қызметтер атқарады: танып білу, методологиялық, сыншыл және практикалық Жалпы экономикалық теорияның ерекше мән беретіні - адам, оның қажеттілігі мен мүддесі, қоғамдық, табиғаттық, материалдық объектілері мен субъектілері.

Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы - ғылыми абстракция әдісі болып табылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. «Абстракция» термині жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді.

Экономикалық теория
Пәні
Қызметі
Инструментарий (аспаптары, құралдары)
Таным әдістері
Пәні:

-адамдардың экономикалық әрекеті

-қоғамдық қайта өндірістің заңдылықтары

-экономикалық өсудің факторлары

Қызметі:

-танымдық

-практикалық

-идеологиялық

-жоспарлы болжамдық

Инструментарий (аспаптары, құралдары):

-категориялық аппарат

-математикалық аппарат

-кибернетика

-реформалау

Таным әдістері:

-позитивтік және нормативтік

-сараптау және қорыту

-индукция және дедукция

-ғылыми абстракция

Сабақ беру және оқыту әдістері: шағын топтар, пікірталас, сұрақ-жауап.

Меңгеруге қажетті терминдер:

Экономикалық категориялар, әлеуметтік-экономикалық қатынастар, экономикалық заңдар, өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну, меркантилизм, маржинализм, институционализм, конвергенция, диалектикалық әдіс, абстрактылы әдіс, анализ және синтез тәсілі, зерттеудің тарихи және логикалық әдістердің бірлігі, жалпы, айрықша және ерекше заңдар, экономикалық мүдделер.

Әдебиеттер:

Әубакиров Я. А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

Әкімбеков С, Баймухаметова А. С., Жанайдаров У. А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

Жүнісов Б. А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

Мәуленова С. С., Бекмолдин С. Қ., Құдайбергенов Е. Қ. экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы экономикалық теория нені зерттейді?

2. Нарық жағдайындағы Қазақстанның экономикалық саясатын қалай түсінесіз?

3. Экономикалық заңдардың қандай түрлері бар?

Тақырып бойынша материалды бекітуге арналған тесттер:

1. Экономикалық теория нені зерттейді:

а) экономика құрылымын;

б) ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастар;

с) қоғамның өндірістік күші;

д) адамдардың экономикалық мінез-құлқы;

е) өндіріс тауарларының технологиясы.

2. Экономикалық теория пәнінің ең толық анықтамасын таңдаңдар:

а) экономика қоғамның экономикалық құрылымын зерттейді;

б) экономика тауар айналымын өзіне қосып алатын өндіріс қызметін зерттейді;

с) экономика үдерісі халық шаруашылығының жағдайына ықпал ететін, үзілісті көлемді зерттейді;

д) экономика ақшаны, банк жүйесін, капиталды зерттейді;

е) экономика адамдардың тұтынушылығын қанағаттандыру мақсатында, тауарларды өндіру үшін қажетті шектелген ресурстарды қоғамның қалай пайдаланатынын зерттейді.

3. Экономикалық теория:

а) барлық экономикалық жүйені зерттеу үшін қолайлы;

б) шаруашылықтың тек капиталистік жүйесін зерттеу үшін қолайлы;

с) социализмге тән экономикалық қатынастарды зерттеу кезінде пайдалы болуы мүмкін емес;

д) қоғамның өндірістік күштерінің өзгеріске ұшырауын зерттейді;

е) тек индустрияландыруға дейінгі жүйені зерттеуге ғана жарамды.

4. «Саяси экономия» терминін алғаш өз еңбегінде қолданған:

а) Адам Смит;

ә) Аристотель;

б) Антуан Монкретьен;

в) Карл Маркс;

г) Алфред Маршал.

5. Микроэкономика төмендегіні зерттейтін, экономикалық ғылымның бөлігі ретінде анықталуы мүмкін:

а) экономикалық зерттеулерде микрокомпьютерлерді пайдалану;

б) жеке кәсіпкерлер мен ұсақ фирмалардың экономикалық мінез-құлқы;

с) қоғамның әр түрлі таптарының бөлек өкілдері арасындағы қатынастар;

д) тұтынушылардың бөлек топтары, фирмалар мен меншікті ресурстардың экономикалық мінез-құлқы;

е) ұлттық экономика.

Тақырып 2. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары

Мақсаты: Ақшаның мәнін, оның атқаратын қызметтерін қарастыру. ҚР-да тауар-ақша тұрақты айналымын қамтамасыз ету мәселесін талдау. Экономикалық ресурстар мен олардың шектеулілігін анықтау. Тауар және оның қасиеттерін талдау.

Оқытудың міндеттері: Негізгі мәселерді қарастыра отыра, ақшаның пайда болуын оның қоғам өміріне қажеттілігін, экономикалық ресурстар жүйесін білу және тауар оның қасиеттерін қолдану әдістерін білу қажет.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

2. Ақшаның мәні оның қызметтері және тауар.

3. Экономикалық ресурстар, олардың шектеулілігі.

Қоғамдық өндірістің құрылымы.

Өндіріс- бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың-адамның жұмыс күші, еңбек құралдары-өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады:өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді: материалды, материалды емес.

Ақшаның мәні оның қызметтері және тауар.

«Деньги» ұғымы түркілердің-күміс металды «теңге» деп атауынан шыққан. Ол ХV - ші ғасырдың басында Әмір Темірдің (хан) басқару кезеңінде дайындалған. Ең алғашқы рет қағаз ақшалар ХІІ-ші ғасырда Қытайда пайда болған, ал ХІІІ-ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған.

Ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол-жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез-келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаның негізгі қызметтері: құн өлшемі, айналым құралы, төлем құралы, қазына жинау қорлану құралы, әлемдік ақша.

Тауар тым ерте де пайда болды және ол кез-келген экономикалық жүйенің экономикалық клеткасы болып табылады. Қазақстанда «тауар» ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе-сөз алатын болсақ «мүлік», «жақсылық» мағынасын білдіреді. Тауардың екі қасиеті бар: құндық және тұтынушылық. Тауар неғұрлым көп болса, сонша оның тұтынушыны толық қанағаттандыру деңгейі жоғары болады да, олардың соншалықты нақты пайдалылығы мен құндылығы төмен болады. Керісінше, тауар неғұрлым аз болса, оның пайдалылығы мен құндылығы жоғары болады. Бұл Госсен заңы деп аталады.

3. Экономикалық ресурстар, олардың шектеулілігі.

Экономикалық ресурстар-бұл өндіріс үдерісінің мүмкіндіктері, қаржылар, көздер.

Экономикалық әдебиетте «игілік» түсінігі бар.

Игілік-адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын, олардың мақсаттарына, мүдделеріне сәйкес келетін заттар.

Қызмет көрсетулер-бұлар да адамның қажеттілігін қамтамасыз ететін, нәтижесінде тиімді ықпалы болатын адам қызметінің толыққандылығы. Игілік материалдық және материалдық емес болып 2-ге бөлінеді:

1) табиғаттың табиғи сыйлықтары (жер, ауа, климат) ; өндіріс өнімдері (ғимарат, құрылыс, станоктар, тамақ өнімдері ж. т. б. ) ; Альфрад Маршал оған материалдық игіліктерді (патенттер, авторлық құқық, кепілдік зат) иеленуді қосады.

2) материалдық емес игіліктер-бұл адам қабілетінің дамуына ықпал ететін жағдайлар қызметтер. Олар өндірістік емес салаларда құралады. Мысалы: денсаулық сақтау, білім беру, өнер ж. т. б.

Адамдардың қажеттілігі шексіз, қоғам дамыған сайын, оның алуан түрлі қажеттіліктері де өсіп отырады. Олардың барлығын бірдей қамтамасыз ету үшін ресурстар жеткіліксіз, яғни шектеулі, сондықтан шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану керек.

Сабақ беру және оқыту әдістері: талдау.

Меңгеруге қажетті терминдер:

Өндіріс, натуралы шаруашылық, тауарлы шаруашылық, қазіргі нарықтық шаруашылық, тауардың тұтыну құны, айырбас құны және құн, еңбек заттары, жұмыс күші, өндіріс факторлары, ақша түрлері, вексель, чек, банкнот, құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану құралы, дүниежүзілік ақша, ақша айналысының заңы, ақшаның сандық теориясы, ақшаның кредиттік нысандары, тауар, тұтыну құны, айырбастау құны, игілік, бағалылық, шекті пайдалылық.

Әдебиеттер:

1. Әубакиров Я. А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

2. Әкімбеков С, Баймухаметова А. С., Жанайдаров У. А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

3. Жүнісов Б. А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

4. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

5. Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002.

6. Мәуленова С. С., Бекмолдин С. Қ., Құдайбергенов Е. Қ. экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Ақша деген не? Ол қалай пайда болды?. Ақша қандай қызметтер атқарады?

2. Несие ақшаны қалай түсінеміз? Несие ақшаны қолдану қандай әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді?

3. Экономикалық ресурстар дегеніміз не?

4. Ресурстардың шектеулілігі қоғам алдында қандай мәселелер тудыралы?

5. Тауардың еңбек өнімінен айырмашалығы неде?

Тақырып бойынша материалды бекітуге арналған тесттер:

1. Адамның жаңашыл мінез-құлқының моделін әзірлеген:

а) кейнсиан мектебі;

б) К. Маркс;

с) ондай модель жоқ;

д) В. Ленин;

е) ағылшын классикалық мектебі, маржиналдық, неоклассиктер.

2. Уәждемелік ынталандыру психологиялық сипаттағы элементтерді төмендегімен келісіп, өзіне қосады:

а) кейнсиандық мектепте;

б) К. Марксте;

с) ондай модель жоқ;

д) В. И. Ленинде;

е) ағылшын классикалық мектебінде.

3. Өндірістің негізгі факторы мыналар болып табылады:

а) жер, адамдар, ауа, адамдар идеясы;

б) еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлікке қабілеттілік;

с) еңбекақы, капитал, пайыз, табыс;

д) қаржы, валюта, пайыз, рента;

е) макроэкономика және микроэкономика.

4. Еңбек өндіріс факторы ретінде -бұл:

а) өмірлік игілігін құрудағы адам қызметінің мақсатты бағытталуы;

б) машинаға адам ықпалының үдерісі;

с) игілік пен қызметтегі тұтынудағы қызмет;

д) адам қабілетінің физикалық жиынтығы;

е) сау адамның қабілеті.

5. Жұмысы басталған өндірістің экономикалық ресурстары мынаны құрайды:

а) өндіріс құралын;

б) жұмыс күшін;

с) өндіріс факторын;

д) капиталды;

е) ақшаны.

Тақырып 3. Кәсіпкерлік және жеке меншік мәселелері

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайында жеке меншіктің қалыптасуын, кәсіпорынның табыстарын және оларды бөлу мәселелерін қарастыру. Кәсіорынды басқарудағы менеджменттің орнын анықтау.

Оқытудың міндеттері: Жеке меншіктің қалыптасу мәселелерін қарастыра отыра, кәсіпорын типтері мен түрлерін қарастыру және басқарушылық теориясын ұғына отырып, маркетингті қазіргі таңда қолдана білу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Меншік түрлері және олардың экономикалық қызметтері

2. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру әдістері.

3. Кәсіпкерлік теориясы және кәсіпорынның (фирма) табыстары және оларды бөлу.

4. Менеджменттің қызметі, құрылымы және принциптері.

5. Кәсіпорын (фирма) менеджері және басқарудың тиімділігі.

6. Маркетинг мәні және қызметтері.

1. Меншік түрлері және олардың экономикалық қызметтері

Меншік-бұл адамдардың белгілі бір материалдық игіліктерге ие болудағы қатынастары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономиканың концепциясының эволюциясы
Саяси жүйелердің түрлері
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары
Педагогикалық процес заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz