Жастардың арасындағы субмәдениет



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:Қоғамдық денсаулық сақтау
Курс:1
Тақырыбы: Жастар субмәдениеті

Орындаған:Турганбаев Қ
Группа:102
Тексерген: Молдин Б.А.

Ақтөбе 2017 жыл

Мазмұны :

І. Кіріспе бөлім
Субмәдениет ұғымы

ІІ. Негізгі бөлім
А)Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің себептері
Ә)Жастар субмәдениеті

ІІІ. Қортынды бөлім
Қорытынды

ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІ

Субмәдениет ұғымы
Субмәдениет (лат. sub -- төменгі, нем. kultur -- мәдениет) -- дәлме-дәл аударымда астыңғы мәдениет, ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни субмәдениет ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да ерекшелiгi бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл ерекше адамдар белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет - жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.

Жастардың арасындағы субмәдениет ту - ралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек жастар субмәдениеті ұғы - мына ғана қатысты емес, сонымен қа - тар жастар, субмәдениет тү - сініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кет - кендігінен туып тұр. Жалпы, субмәде - ниет - жас адамдардың ресми емес қаты - нас - тарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағи - далары мен құндылықтарының нәтижесі және МЕН- - ОЛАР жүйесіндегі өздерін көр - - се - ту - дің, дамытудың бір жолы.
Жастар субмәдениетінің өзіндік құн - ды - лықтары мен тәртіп нормаларын культ - қа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адам - - дар аса көп шоғырланған үлкен мега - по - листерге тән феномен екендігін айта кет - кен жөн. Мұны жастарға арналған мә - дениет (кино, әртүрлі жаппай көңіл кө - те - ру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәс - түр - лі нормаларға қарсы тұру секілді) ша - тастырмаған жөн.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты бол - мағандығына байланысты мәдени мұ - ралар элементтерінің де соншалықты сан - қыр - лылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық суб - мә - дениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмә - де - ниет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорт - тық субмәдениет (паркуршілер, сноу - бордшылар, скейтбордшылар) ай - рық - ша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ та - - бынушылары секілді спецификалық суб - - мәдениеттің түрлері бізде бар бол - ға - нымен, Ресей және басқа да шетелдермен са - лыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк стиль қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында пси - хо - ло - гиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана та - ра - пынан болатын олқылықтардың қа - тар - ласуы салдарынан орын алады.

Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:
1. Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу
2. Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану
3. Барлық адамдар сияқты юолуды қаламау
4. Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді
5. Криминалдың әсер етуі
6. Мода қуу
7. Батыстық бейнеге еліктеу
8. Өмірлік мақсаты болмау
9. Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.
Әлеуметтік - құқықтық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктер
3-ке жіктеледі:
1. просоциальді(жағымды бағыттағы)- жастарға жағымды, белсенді әсер ететін.
2. асоциальді(бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.
3. антисоциальді(жағымсыз бағыттағы)- жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.

Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүр - геннен соң, әрі қарай өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
Жастар әлеуметтану ерекшеліктері
Мәдениет теориясындағы субмәдениет ұғымы өзектілігі
Жастар субмәдениеті
ҚР жастар субмәдениетін зерттеу
Мәдениет және ұлтаралық қатынастардың әлеуметтануы. Жастар және дін
Субмәдениет ұғымы
Жастар әлеуметтануы
Жастардың өмірі
Субмәдениет феномені
Пәндер