ҚР Президентінің Қазақстан-2050 Стратегиясын орындау мен жүзеге асыру бойынша халыққа Жолдаулары



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология
Дисциплина: Саясаттану
Кафедрасы: Әлеуметтік-саяси пәндер
Курс: І
Тақырыбы: ҚР Президентінің Қазақстан-2050 Стратегиясын орындау мен жүзеге асыру бойынша халыққа Жолдаулары

Орындаған: Қайрат Құлданов
Тексерген: Шәмші Бауыржан Исаұлы
Тобы: 105

Ақтөбе 2016

ҚР Президентінің Қазақстан-2050 Стратегиясын орындау мен жүзеге асыру бойынша халыққа Жолдаулары

2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды. Оның негізгі міндеттері атап өтілді.
Жолдауда табиғат ресурстарын берекелі пайдалану жолы арқылы қоршаған ортаны сақтау сұрақтарына ерекше назар аударылған, сол үшін табиғат ресурстарын басқарудың принципиалды жаңа жүйесі енгізіледі және еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет деп атап өтілді.
Осы мәселе бойынша Президент былай деді: Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.
Президент индустриялау және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту туралы өндіріс экологиялық таза, барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс деп атап өтті. Біздің ең асыл табиғи байлығымыз - суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет. 2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиіс. Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай - тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақмерзімді бағдарлама жасауды тапсырды.
Конституцияның 38 бабында Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi деп көрсетілген.
Президент өз Жолдауында: Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Біздің ең асыл табиғи байлығымыз - суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет деп, барлық азаматтарды табиғат және энергетикалық ресурстарды берекелі пайдалануға шақырған.
Шын мәнінде, бүгінгі күні өңіріміз үшін экологиялық мәселенің бірі-су ресурстарының тапшылығы және судың ластануы.Біздің облысты сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Есіл өзені. Одан басқа, облыс аумағында 1186 көл бар, оның 1008-і тұщы, 178-і ащы-тұзды көл. Көлдердің ерекшелігі олар мезгілімен кебеді және толады. Жыл сайын табиғат қорғау прокуратурасымен су заңнамаларын қолдану, оның ішінде реттеу, пайдалану және табиғат ресурстарын пайдалану, суды қорғау белдеулері мен аумақтары шекарасы шегінде заңсыз қызметпен айналасу, облыстың су объектілерінде суды заңсыз пайдалану бойынша тексеріс жүргізіледі.
Мысалға, 2012 жылдың аяғында жүргізілген тексеріс барысында жерді өз бетімен иемдену, жылқыларды заңсыз бағу, жерлерді жырту, су мотоциклінің тұрағы үшін пирс құрылысы, тастан қалап айлақ салу, Есіл өзенінің жағалауында суды қорғау белдеуінде машина тұрағы үшін эстакада салу фактілері анықталды.
Су және жер заңнамаларын тексеру қорытындылары бойынша өкілетті органдарға барлығы 5 ұсыныс енгізілді, заңнаманы бұзғандықтары үшін 12 жеке және заңды тұлға сомасы шамамен 500 мың теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлеп сырып тастау туралы сот қаулылары заңды күшіне енді, қазіргі уақытта орындалуда.
Қазақстан-2050 Стратегиясында баяндалған барлық міндеттер біздің еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсарту мақсатында қабылданған. Ал әрбір азаматтың міндеті Елбасының Жолдауында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Соған байланысты, табиғат қорғау прокуратурасымен алдағы уақытта да біздің өңіріміздің табиғат байлықтарын қорғау бойынша және Президент Жолдауын жүзеге асыруда шаралар қабылдана бермек.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан жолы -- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Президент Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында алдағы онжылдықтарға арналған жаңа міндеттерді қойды.
Даму жолының мынадай жаңа кезеңдерін айқындады:
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту;
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту (басымдық - ауруханалар мен мектептерде);
- балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 % қамту;
- алдағы 3 жыл ішінде оқу орындарының тапшылығы проблемасын жою;
- халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшерінің көрсеткішін 4,5 есеге ұлғайту (13 мың доллардан 60 мың долларға дейін);
- медицинаны дамыту;
- адамдардың ыңғайы мен қауіпсіздігі үшін сот әділділігін және тиімді құқық тәртібін қамтамасыз ету;
- студенттер шәкіртақысының мөлшерін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 пайызға ұлғайту;
- 20145 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын 28 пайызға дейін; білім беру қызметкерлерінің - 29 пайызға дейін; әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің - 40 пайызға дейін ұлғайту;
- 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілердің жалақысын 15 %, 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап - тағы да 15 % ұлғайту.
Астана қаласының 2014 жылға арналған бюджетінде әлеуметтік саланы дамытуға құрылыс пен қайта жаңартудың есебімен 105 668,4 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылды, бұл бекітілген бюджеттің жалпы мөлшерінің 31% құрайды, оның ішінде:
- білімге - 42 850,4 млн. теңге;
- денсаулық сақтауға - 35 488,2 млн. теңге;
- әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға - 7 392,3 млн. теңге;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке - 19 937, 5 млн. теңге;
Жолдау шеңберінде Астана қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджетін құру кезінде шәкіртақы мен жалақы мөлшерін ұлғайтуға қаражат қарастырылатын болады.
Президент Н.Ә.Назарбаев 2015 жылға арналған Өсу, реформалар, даму атты Қазақстан халқына Жолдауын ағымдағы жылдың 11 қарашасында жасады. Бұрынғы Жолдаулардан қарағанда осы Нұрлы жол - болашаққа бастар жол Жолдауы ертерек жарияланды. Оның себебі Елбасы айтқандай әлемдік дағдарыстардың, түрлі сын-қауіптер мен қайшылықтардың Қазақстанға ықпалының күшея түсуі. Дағдарыстардың алдын алу, елдің қалыпты экономикалық даму үрдісін сақтау, Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстандағы бастау алған стратегиялар
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) жоспары. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
Мемлекеттік басқару және Қазақстан экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ету
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Облыстық бағыныстағы қалалар бюджеті
Кәсіпқой мемлекет
Пәндер