Қазақ ойшылдарының қоғам дамуына әлеуметтанулық көзқарастары



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті


Студенттің өзіндік жұмысы

Дисциплина:Саясаттану және әлеуметтану
Кафедра:Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер
Курс:1
Тақырыбы: Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары

Орындаған: Сагиданова Л.С
Тобы:104
Тексерген: Ергалиев М.Е
Бағасы:

Ақтөбе 2017 жыл

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
А. Абай Құнанбаевтың әлеуметтік көзқарасы
Ә.Шәкәрім Құдайбердіұлының әлеуметтік көзқарасы
Б. Шоқан Уалихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Шәкәрім лирик ақын ретінде адамгершілік, өнер - білім, болашақ өмір, жастық пен махаббат туралы жазған өлеңдерімен әдебиет әлемінде өшпестей із қалдырды. Ақын қалдырған асыл қазынаның тақырыптық ауқымын, жанрлық кеңдігін көркемдік ерекшеліктері мен өзіндік тілдік шеберлігін ғалымдарымыз жан - жақты зерттеп, дәйекті тұжырымдап, бүгінгі рухани азығына айналдырып отыр. Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеуде бұрынғы ата - бабаларымыздың асыл мұраларын, өсиетті сөздерін, ғибраттарын алдымызға жайып саламыз. Өйткені адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған бабаларымыздың тәлім - тәжірибесінің, ұстаған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. Сонау атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз. Рухани - адамгершілік байлығымыз. Абай, Шәкәрім аталарымыздың шығармаларының тұнығы осы рухани тәрбие. Ғасырлар бойы Абай тәлімі адамзатты адастырмай алдына жарық салар шырағданы болды. Абай ізін жалғастырушы адамдық жолын айнытпай танытқан Шәкәрім жырлары бүгінгі ұрпақтың бойтұмары болмақ. Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып - рухани адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Ол адамгергершілік ар-ұяттты жоғары қояды. Оның өлең жолдарынан кісіліктің келбетін танытар асыл қаситтерімен сусындауға тұту, бауырыңа тарту бұл да адамгершіліктің жоғары түрі. Осы Шәкәрім өлеңдерінде қалай көрініс тапқан?
Бұл тұрғыда Шәкәрім атамыз: Ойлансаң, барша адамзат - туған бауыр- дейді. Ол өлеңдерінде қазағым, ұлтым, алашым деп өз жұртын бүйрегіне бұрса, барша адамзатты бауыр тұтады. Анадан алғаш туғанымда ... өлеңінде:
Еңбекке шыда, ебін тап та,
Сабырдың түбі - сары алтын.
Өзімшіл болма, көпті ардақта,
Адамның бәрі - өз халықтың.
Ынсап пен мейірім, әділетті,
Жаныңдай көріп, жан сақта.
Ол жолда өлсек неміз кетті,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та. - деп туған жұртына өнерге ұсынады. Ақын кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек анық бақ деп білді.

Халқымыздың данышпан ұлы Абай Құнанбаев туралы ғылымның сан алуан саласында жазылған еңбектер өте көп. Абай тануға елеулі үлес қосқан ғалымдарымыз Мекемтас Мырзахметов пен Құлшат Өмірәлиевтың келтірген деректері бойынша 50-жылдардан бастап Абайдың әр саладағы шығармашылық қызметі туралы зертеушілердің қаламының 20 монография 2000-ға жуық мақала мен зерттеу жарық көрген екен. Абайдың әр саладағы көзқарасын жан-жақты, терең зерттеу нәтижесінде біз оның күнге дейін беймәлім келе жатқан баға жетпес құнды ойларын танып білу, қазақ қоғамының сол замандағы, тіпті қазіргі кездегі қайшылықтарының себептерін аңғарамыз.
Абайдың әдеби мұрасын зерттеу тарихында ұлы ақынның дүниеге көзқарасының бір саласы-оның саяси әлеуметтік көзқарасы кеңестік дәуірдің 20 жылдардан бастап-ақ қызу таласқа түскен еді, бірақ соңғы жылдарға дейін бұл туралы көптеген мақалалар мен зерттеулер еңбектерінде жол жөнекей сөз етілсе де, арнайы түрде ғылыми зерттеу нысанасына алынбай келді. Әрі Абай шығармаларының әлеуметтік беті туралы дұрыс шешімін таппай, көп жылдар бойы өзекті талас- тартыстардың қайнар көзіне айналып келді. Абай мұрасының әлеуметтік беті, көбінесе, тұрпайы социологиялық таным шеңберінен шыға алмай келуіндегі басты кедергі тап күресідеген марксистік танымды қоғамдық пікірді ендіруінде жатыр. Яғни Абайдың әлеуметтік беті жасанды таным тұрғысынан қарайды. Оны бұзу ол тұста мүмкін емес болатын-ды. Әсіресе, бұған зерттеушілердің назары ақынның сатералық шығармаларын сөз еткенде көбірек ауды.
Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: Биік мансап-биік жартас... дей келіп, оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: Барында баймын деп мақтанады. Жоғында маған да баяғыда мал бітіп еді деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі. Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қзақ қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды.
Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтікмәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт араснда еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды.Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей? деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде жинақылық керек, әрбір жинақылық кеніш болады деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған,-
деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді.
Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсы з салдарын ашып көрсетті.
Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа деп ескертті.
Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі бәлеге, ұрлық,зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселрге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мінез-құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандырып жіберетінін айтты. Адамның бәрінде жаманшылыққа қарсы тұра алатын күш қуат, жэігер такбылада бермейді.Сондықтан да Абай Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдары мен қатар, сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмітпен қарады. Ол малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамдажұмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдайларды:қылмыстың өршуін, қайыршылықтың ,нашақорлық пен маскүнемдіктің, жезөкшеліктің, т.б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылғаны анық.
Абай қазақ қоғамын дамытудың халыққа білім беру, олардың ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске жететін жол деп түсіндірді
Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасаалып қойылған нәрселерді сезбеппіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз.
Абай тұжырымның Отыз сегізінші сөзінде тереңдете келіп, ғылымның, білімнің пайда болып, қалыптасуын және әлеуметтік рөлін былай пайымдайды: Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады.
Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда қолданылатын бақылау әдісінің рөлін мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін білу-бір үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді және жолын байқатады.
Ғылымның бірден-бір мақсаты-қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету: Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ақпаратты көп жинағаны бар адам сынап, орындысын, орынсызын-бәрінде бағанағы нәрселерінен есеп болып, қарап табады. Ұлай етіп харекетке түскен адамды ақылды дейміз
Абай ғылыми зерттеулер кәсіби деңгейде жүргізілгенде ғана жақсы нәтиже береді деп түсінді. Абай статистикалық мәліметтердің ғылым үшін маңыздылығын жақсы білгендіктен, оны санақ мәліметтері қатты қызықтырған. 1878 жылы құрылған Семей облыстық санақ комитетіне өмірінің соңына дейін мүше болған. Статистикалық мәліметтер қоғамда жүріп жатқан процестер туралы анық, әділ, ғылыми деректер беретін болғандықтан, Абай Қоңыр-Көкше еліне болыстың управителі сайланып, өзі басқарып отырған болыстың жәй күйін баяндайтын статистикалық мәліметтерді өз қолымен жазып, облыстық басқармаға жіберіп отырған: 1876 жылдың аяғында болыс та 4163 еркек, 3393 әйел. Қыстайтын жерлер саны-1004,оның 469-ы тастан, кірпіштен қаланған қытауларда, 535-і киіз үйде қыстайды. Болыста 900 түйе, 4500 жылқы, 1350 ірі қара мал, 30150 қой-ешкі,- деп жаза келіп, одан қанша төл алынды, қыста өлгені, тамақ үшін пайдаланғаны, т.б.көрсетеді де, болыстағы егін шаруашылығының жайын баяндайды: 19 шаңырақ егін шаруашылығымен шұғылданады. Абай елдің әлеуметтік-экономикалық хал-жайын:мал, егін шаруашылығын, елдің әлі де жартылай көшпелі, жартылай отырықшы күйде қалып отырғанын терең сезінді. Мұндай жағдайда өркениетті елдер дәрежесіне қосыла алмайтынын білді.Ол ғылым мен білімнің маңызды функциясы адамда тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру деп санады.Қоғамның болашағы саналаты н жастарға бағыттап жазған өлеңдері мен қара сөздерінде оларды жағымсыз жәйттерден сақтандырып, жақсылыққа ұмтылу керек екендігін түсіндіріп, тұлғаны қалыптастыратын қасиеттерді белгілеп берді. Ғылым таппай мақтанба деген өлеңінде Абай:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз...
Өсек, өтірік,мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз,-
деп, адамды тұлға етерлік әлеуметтік қасиеттерді саралап көрсетеді. Ол тұлға мәселесін әлеуметтендіру процесін ұштастырады. Әлеуметтендірудің негізгі агенттеріне Абай баланың ата-анасы ағайын-туыстарын, білім мен ғылым орындарын, дін мекемелерін, т.б. жатқызады. Осы агенттер арқылы әлеуметтендіру процесі жүзеге асады, соның нәтижесінде тұлға қалыптасады.
Абай дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М. Әуезовтың пікірінше, Абай үшін дін аамның жеке басының моральдық жетілуінің құралы болған. Абай дін мәселесін өзінің өлеңдерінде, қара сөздерінде алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле сенеді. Алланың сөзі де рас, өзі де рас деп, құдайдың барлығына жұртты мойындатуды жөн санайды. Абай осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Оыз сегізінші сөзін жазып, намаз ғибраттарына жеке-жеке тоқталып, әрқайсы мән-мағынасын ұқтырды. Дін үнемі аралық, әділеттілік пен имандылықты уағыздаушы деп түсінді.
Демек, Абай и слам дінінің тәрбиелік рөлін жоғары бағалаған.Қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, әлеуметтік әділеттсіздік пен күрескен Абайға:
1)Өмірді өлтірме, қор қылма сила;
2)Ұрлама, тонама, еңбегіңнің пайдасын әркімге тигіз;
3)Арамдықтан сақтан, әйелден аулақ бол:;
4)Өтірік айтпа, шынықты айтуға қорықпа, бірақ ақиқатпен айт;
5)Жаныңнан өсек шығарма, біреудің айтқанын біреуге айтпа;
6)Ант ішпе;
7)Бос сөзге уақыт бөлме, орынды сөйле, әйпесе үндеме
8)Мақтан қума, күндеме,жақыныңның жақсылығына қуан;
9)Журегіңді ашудан тазарт, дұшпаныңды жек көрме;
10)Сенімсіздіктен құтыл, хақиқатты ұғуға тырыс-деген будда нормалары өз дүние танымындай болды. Бұл парыздар ойшылдың шығармаларынан айқын аңғарылды.Абайдың өзі жазған Ереженің мазмұны 74 баптан тұрады. Бұл-құқық әлеуметтануына елеулі үлес қосқан елеулі құжат.
Абай саяси және құқықтық көзқарасында бюрократтық көріністерге талдау жасап, бюрократияны қалыптастыратын мотивтердің негізіне надандықты,білімсіздікті, өркөкіректікті және менмендікті алып, бұлардың келеңсіз құбылысқа соқтыратынын жасырмады.
Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Сонндықтан ол Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замндасының бәрі виноват деген ой түйіндейді. Бұл жерде Абай адамның қоғам мен қарым қатынасын, байланысын терең сараптай келіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлі атқарушы етіп көрсетеді. Бұл көзқарсын жалғыздық туралы ой-пікірмен тереңдете түседі. Оның тұжырымы бойынша, Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені.Ірі социум саналатын қоғамдық ортасыз адамның тыныс - тіршілігі болмайтыны анық. Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.
Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі-төменгі саты, онда белгілі бір әлеуметтік тәртіп, өмірлік бағдарлар жоқ. Бұл жарым адамның ауыр, ұзақ бақытсыз өмірі, ол адамды А бай жануарға теңейді.Екінші кезеңде-қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады, оны нығайтады, материалд ық молшылыққа қол жетеді, ақыл-ой рухани болмыс ретінде жалпы адамзаттың негізі танылады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды адам деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуі тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған толық адам жетеді. Алайда, бұл деңгейде жалпы қоғам түгел қол жеткізе бермейді, оған тек жекелеген адамдар қол жеткізе алады, сондықтан да ол алдағы мақсат болып қала береді. Қоғамдық прогрестің қозғаушы күші тұлға болып табылады. Қазақ ойшылы үшін прогрес - қоғамның алға жылжуы, оның жоғарғы сатысы әлеуметтік тәртіп пен жоғары парасатты тұлғаны қоса қамтиды.Төменгі саты-бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы - тұлғаның материалдық молшылығымен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі.
Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемлар мынадай бөліктерге бөлінеді:
-адам оның әлеуметтік мәні;
-білім, білім беру, ғылым;
-Әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесі;
-қоғамның әлеу еттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс тіршілігінің механизмдері,тәсілдері мен әдістері
Әлеуметтік құндылықтарды басты оынға білім мен еңбекті қоя отырып, Абай олардың әлеуметтік бағыттылығын атап өтеді.Абай кең байтақ ұлы далада әрқашаш әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың уақыт пен кеңістікте үлкен тұрақты мәні бар екенін және жеке адамдардың материлдық және руани қырларындағы жалпыға ортақ байланыстарына негізделген ірі ауқымды нысаны болғанын көрсете білді.

Шәкәрімнің поэзиясы мен философиясы өткен, бүгінгі ұрпақтарының ғана емес, келер ұрпақтардың рухани тірегі, білімі мен адамгершілік бұлағы болып кала береді. Себебі, Шәкәрімнің түпкілікті мақсаты - адамды жөндеу, елді жөндеу, қоғамды жөндеу. Ол осы мұраттарды уағыздап қана қоймайды. Шәкәрім өзі айткан идеяларға жетудің нақты жолдарын да нұсқап отырады. Ақын елді кері кетіретін, адамдардың ізгілікке ұмтылыстарын аяққа таптайтын қазақ қауымының рухани азғындалуы деп біледі.

Шәкәрім мүраларының бүгінгі елге, келешек ұрпаққа берері көп. Себебі, ақын адам, адамзат жэне қоғам үшін қажетті мәселелерді көтере алған. Сөз жоқ ақынның көптеген шығармаларында қазақ халқының өркениетті адамзат көшіне қосылуы мәселесі жырланады. Дамыған халықтар сан өнерге ие. Қазақ соларды білсе, үйренсе ғылым мен білімнің не берерін түсіне алар еді. Әсіресе, әлемдік гуманистік ойдан ғибрат алудың қазақ қоғамының рухани келбетін жақсартатынын ескертеді. Басқа халықтардың өнегелі үлгісін алу арқылы ғана ел адамгершілікке жақындап адал өмір сүруді үйренеді.

Шәкәрім, эрине, нарықтық қатынастар жағдайындағы адамның кәсіптік сапаларын даралап айтуды мақсат тұтпаған. Бірақ та ақынның көптеген ойлары адамның біліктілігі мен кәсіпкерлігіне байланысты. Ақын адамның білімінің, ғылымның, кәсіпкерлігінің критерийі оның іс-әрекеттерінің нэәижелігі, - деп есептейді. Еңбек шыдамдылықты, төзімділікті қалайды. Олай болмаса істе нәтиже жоқ. Сонымен бірге әр істе ептілік керек. Адамдардың барлығының адал еңбек етуі, қызметін адал аткаруы өмірдің жолға түсуінің кепілі. Барлығы адал, іскерлікпен, басқаны алдамай қызмет етсе, елде қайғы болмайды. Өмір ашық, адамдар көңілді болады. Қара жерді сауа білсең, барлық халыққа жетер байлық бар. Мәселе, осы байлықты өнермен, ақылмен, адалдықпен пайдалана білуде, - деп үйретеді Шәкәрім.

Ақын өмірдің көлеңкелі, қайшылықты құбылыстарына көп үңіледі. Ешбір мемлекет өзгеге жақсы бола койсын демейді. Әділдік, жақсылық көбінесе ұран, сөз болып қалады. Өзінің қамы үшін мықты мемлекеттер әлсіз елдерді ұдайы талап келеді. Сондықтан әр халық өз еңбегімен адал жолды таңдасын. Барлық халықтар мен мемлекеттер жасампаз еңбек пен әділет жолын таңдаса ғана адамзат тыныштыкка кенеледі, - деген ғаламдық ойды Шәкәрім көптеген шығармаларында қайталап ескертіп отырады.

Шәкәрімнің әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарымен тамырластығында. Ақын халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді. Өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз. Өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Еңбектену, білімге ұмтылу, кәсіпкерлік және адалдықты жақтау жетіспейді. Нәпсіні тыймау, бірін-бірі көре алмау, өзара таласу, ақылды мен дарындыны аяқтан шалу қазақты өркендетпейді, оның басқа халықтарға қарағанда әлсіздігіне әкеледі: момын, әділ адамды қазақ талауға дайын. Адамға көмектесу қиын. Себебі, қулық пен арамдықты жолдас қылғандар өте көп. Мақтан мен атақ іздегендер бірігіп күшейіп отыр. Олар жалақор. Адалдықты ұстаймын дегендер, өз бетімен кетіп тыныш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары жайлы
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары жайлы
Әлемдік әлеуметтану пәнінен дәрістер
Абайдың әлеуметтанулықой - пікірлері
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасуы
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары
Пәндер