Толеранттылық ұғымы және оның мен үшін мәні қандай



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Факультет: Стомотология
Кафедра: Әлеуметтік және саяси пәндер
Курс: І
Топ: 03
Студент: Жамолдин Данияр Қыдырұлы
Оқытушы: Шәмші Бауыржан Исаұлы
ЭССЕ
Тақырыбы: Толеранттылық ұғымы және онығ мен үшін мәні қандай?
Жалпы толеранттылық деген термин 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Декларация қабылдауынан басталды. Бұған сәйкес, толеранттылық деген әлемдегі әрбір халықтың мәдениетінің алуан түрлілігін қабылдай және құрметтей білудің бір белсенді ұстанымын білдіреді. Толеранттық деген тек қана мәдениеттердің, ұлттардың өзіндік келбетін мойындау ғана емес, сонымен бірге адамдардың да пікірлерінің әр алуандығын, плюрализмін мойындауды білдіретін ұғым деп түсіндірілді. Толеранттық - [ лат. tolerencia - төзімділік] - айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі. Толеранттық жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табатынпсихологиялық немесе әлеуметтік- психологиялық мінез-құлқы ретінде; қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде; тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде; адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдарды жоққа шығарушы ретінде қарастырылады .
Осылайша 1995 жылы ЮНЕСКО осы ұйымның құрылуының 50-жыл толуына байланысты өткізілген жиынында 16-қарашаны Халықаралық толеранттылық күні деп жариялады. Ал 1996 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы БҰҰ-на мүше елдерге әр жыл сайын 16-қарашаны Халықаралық тағаттылық күні ретінде атап өтуді ұсынды. Сөйтіп, халықаралық қауымдастық толеранттылықты қазіргі заманғы адамзат болмысының іргелі тұғырнамасы ретінде мойындады. Толеранттылық әр заманда адамзат үшін маңызды ұстаным болып табылды. Дегенмен, жаһанданған қазіргі әлем үшін оның маңызы еселеп артып отыр. Егер осыдан 50-100 жыл бұрын түрлі этностар өз мемлекеттерінің аймағында немесе федерациялар мен одақтардың құрамында тіршілік етіп келсе, қазіргі мегаполистер жүздеген ұлттар мен ұлыстардың ортақ мекеніне айналған. Бұл ұлттар мен ұлыстар түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің, діндер мен конфессиялардың өкілі болып табылады. Сондықтан олардың қалыпты өмір сүруі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету - мемлекеттің де, азаматтық қоғамның да негізгі міндеттерінің бірі. Толеранттылық жеке тұлғаның ішкі рухани күйі. Қоғамда осындай толерантты тұлғалар неғұрлым көп болса, оның тұрақтылығы да жоғары болады. Жеке тұлғалық толеранттылық өмірлік тәжірибе мен әлеуметтік қарым-қатынастың, үздіксіз рухани ізденістің жемісі. Бұл үдерісте отбасынан басталатын тұлғалық әлеуметтенудің маңызы зор. Діни дүниетаным аясында қалыптасқан осы түсінік адамдардың санасында ұялап, олардың іс-әрекеттері мен жүріс-тұрысына ықпалып ететін бағдарлық ұстанымға айналды. Мәселе бұл түсініктердің ақиқаттылығында немесе жалғандығында емес, олардың әлеуметтік перменділігінде. Сөйтіп, діни толеранттылық дүниетанымы адамның бойында өз өмірі мен әлеуметтік болмысты бағалаудың өлшемдерін қалыптастырды . Қазіргі жаһандасу кезеңінде түрлі қоғамдар арасындағы толеранттылықтың белең алып келе жатқанын көріп отырмыз. Дегенменде, бұл ұмтылыстың әліде толық жоғарыда айтылған анықтымаға сай толеранттылыққа айналуына біраз еңбек сіңіруіміз керек. Толеранттылық мәселесін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ерекше атап өтті: Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруымыз,-деді. Және осы бағытта Қазақстан халықтарының ассамблеясыда біршама игі істер атқару үстінде. Бұл істердің негізінде елбасымыздың ұлтаралық мәселелер жөніндегі ішкі және сыртқы саяси бағдарламалары негіз болып отыр. Бұл бағдарламалар біздің болашақ ғылыми зерттеулерімізде негізгі ұстанымы болмақ. Алайда осы жоғарыда айтылған мәселелерді қарастырып , әр-түрлі анықтамалар беріп жатқанымызбенен толерантылықтың (төзімділік) қазіргі жастардың бойында бұл қаншалықты бар?,- деген сұрақтыда қараструымыз қажет. Әрине, кез келген қоғамда, кез келген елде толерантылықтың (толерантты емес) белгілері бар. Төзімсіздіктің көріністерін түрлі жағдайда БАҚ беттерінен, кино туындылардан, әдебиет пен өнердің әр түрлі жанрларынан көптеп кездестіруге болады.
Жастардың бойында қазіргі кезде төзімсіздіктің кейбір көріністері дінмен байланысты болып отыр. Шеттен келген діни ағымдардың жастарға ықпалын тигізіп отырғанын көріп отырмыз. Бұл құбылыс, әсіресе, діни ағымға жаңа кірген неофиттердің бойынан айқын аңғарылады. Олар ағымдардың ақ-қарасын тексермей, бірден мойынұсынады дағы, осыған дейінгі араласып келген дос-жарандарымен, ақыр соңында отбасымен, қоғаммен қарым-қатынасын үзе бастайды. Төзімсіздік танытудың нәтижесінде. Басқа діндерді айтпағанда, исламның өзінде заңмен тиым салынған, экстремистік деп танылған бірнеше бағыттарды білеміз, хизб-ут-тахрир, таблиғи-жамағат сияқты. Экстремизм деп отырғанымыз толеранттылықтың шектен шыққан көрінісі. Бұл бағыттардың қатарына сәләфилерді қосуға болады. Олардың джихадшылар, тәкфіршілер сияқты топтары төзімсіздігімен көзге түсіп отыр. Олар халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрін мойындамайды, кейде қалыптасқан қоғамдық тәртіптерді де теріске шығарады. Сәләф - деген сөздің өзі бұрынғы - деген сөз, бұл сөздің астарында исламның тұнық кезеңіне меңзейтін дұрыс мағына жатыр. Алайда, қазіргі неохариджиттік сипаттағы бұл ағымдар діннің рухын тұтастай қабылдамай, қарпімен қабылдап, тар литерализм, буквализмге, догматизмге ұрынады. Ақыр соңында, біздің дәстүрлі дінімізге, ұлттық бірегейлігімізге, мәдени бірегейлігімізге теріс ықпалын тигізеді. Бұл жағдай, өкінішке орай, қазіргі жастарымыздың арасына таралып отыр. Жастарымыз сонымен қатар ақпарат алмасуда ғаламторды жиі пайдаланады. Қазргі қоғамды, әдетте, виртуалды ақпараттық қоғам, қазіргі мәдениетті экрандық мәдениет деп атайды. Жастар ғаламтор арқылы көп нәрсені қабылдап алады. Елдің ертеңі жастар екенін ескерсек, мұны қатты қадағалау қажет. Бұл тұрғыда ҚР Дін істер агенттігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Этностық өзіндік сананың дамуы
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі
Төзімділік мәселесін теориялық - әдіснамалық талдау
Жаhандану жағдайында мектеп жасындағы балаларды гендерлік толерантылыққа тәрбиелеу жолдары
Негізгі абиотикалық фактор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
Пәндер