Хиджаб кию қазаққа қисынды ма



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:Стоматология
Кафедра: Қоғамдық гуманитарлық пәндер
Курс:1
Тақырыбы: Хиджаб кию қазаққа қисынды ма?
Пән:Саясаттану және әлеуметтану
Орындаған: Кушмагамбетов Т.Д
Группа:102
Тексерген: Молдин Бекзат Аққонысұлы

Ақтөбе 2017ж.
Хиджаб кию қазаққа қисынды ма?

Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - жапырақ дейді халқымыз. Танымас жерде тон сыйлы деген мақал тағы бар. Қалай десек те, бірінші рет көріп тұрған адамның сен жайлы алғашқы пікірі сыртқы келбетіңе орай туындайтыны сөзсіз. Өйткені, адамның киім киісі - оның ішкі әлемінің айнасы.

Сонымен қатар, әрбір киімнің киетін орны бар. Жалпы, киім кию үрдісінің тек сән емес, тәрбие құралы, белгілі мақсатты жүзеге асырудың тиімді тетігі екенін аңғару қиын емес. Олай болса, елімізде соңғы кезде қоғамдық пікір көрігін қыздырып тұрған хиджаб кию мәселесіне бей-жай қарамау қажет. Өйткені, басқасын былай қойғанда, осы жай қалың қауымды екіге жарып, елдің ымыра-бірлігіне қауіп төндіріп отыр. Атам қазақ қашан да ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамаған. Соның ішінде қыз балаға болашақ келін, аяулы жар, асыл ана деп тәлім-тәрбие берген.

Бұл орайда исламтанушы Жайық деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының маманы Арман Нұрахметұлы былай дейді:

- Құран Кәрімде кез келген мұсылман әйелінің хиджаб киюі - парыз, өйткені Алла Тағала Нұр сүресінің 31-ші аятында: Ей, Мұхаммед! Мүмін әйелдерге айт: бөгде ерлерден көздерін сақтасын, әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ, олардың өздігінен көрінетін беті, қол-аяқтарынан басқа. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін. Ал оның мөлшеріне келетін болсақ, Алланың елшісінің с.ғ.с. көрсетіп кеткен мөлшері жүзі мен білектен басқа бүкіл денесі жабық болуы тиіс. Киімнің түсіне келетін болсақ, мұсылман әйеліне өз талғамы бойынша киінуге рұқсат етіледі.

Хиджабқа сұраныс жоғары

Шаһардың көптеген сауда үйлерінде хиджаб сатылатын арнайы қосындар бар. Мәселен, Колос сауда үйінің екінші қабаты мен Азизаның үшінші қабатында, Венера дүкені және Мир электроники СҮ т.б. хиджаб саттықта тұр. Солардың бірін жалға алып отырған (әрине, хиджаб киген) кәсіпкер әйелмен тілдестік (есімін айтудан бас тартты). Оның айтуынша, хиджабқа 70 пайыздай сұраныс бар. Тауар Түркиядан әкелінеді. Бағалары да әртүрлі. Ал өзі хиджабты он екі жылдан бері киіп келеді екен. Жалындап, жанып тұрған жастарға алуан түрлі діни ағымдардың ықпалы зор. Айта кетерлік жайт, жастардың имандылығы артуда, көпшілігі намаз оқып өз құлшылықтарын жасап, мұсылмандық парыздарын өтеуде. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Бірақ жастар арасында заман ағымына сай көптеген ұғымдар мен түсініктер қалыптаса бастады. Соның ішінде өзге елдің менталитетіне еріп, еліктеу сәнге айналған сияқты. Біз тақырыпқа арқау қылып отырған хиджаб кию де сол еліктеушіліктен туған әрекет тәрізді. Десек те, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетінің 1-ші курс студенті Гүлім (аты өзгертілді) бұл киімнің өте ыңғайлы екенін айтады.

- Мен хиджабты сегізінші сыныптан бері киемін. Ешкім менің бұл түріме қарап таңқалмайды. Өйткені, мен мұны мұсылмандық парызым деп санаймын. Өзім студентпін. Сабақ үлгерімім өте жақсы. Бос уақытымды тиімді пайдаланамын. Өзімнің жүрегіме жақын киімді тастайтын ойым жоқ, - дейді ол.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Әскен Мұханбетқалиев те осыған үндес пікір айтады.

- Жалпы, хиджаб мәселесі бүгінгі таңда қоғам ішінде алуан пікір туғызып отыр. Бұл жерде осы бағыттағы пікірлерді екі тарапқа бөлуге болады: бірінші тарап өкілдері хиджаб киюді мұсылмандық дәстүрдің бір ажырамас бөлігі деп қарап, оны насихаттаса, екінші тарап өкілдері бұған қарсы пікір айтуда. Жалпы, менің ойымша, бұл жерде дау-дамай туғызатындай дәнеңе жоқ. Себебі, Біздің Ата Заңымыздың өзінде-ақ Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екендігі анық жазылған. Ал алуан саладағы қоғамдық орындар осы мемлекеттің құрылымдық бөлшегі, яғни елдің тұрақты дамуына қызмет ететін инфрақұрылымдық бөлігі. Сондықтан да, осындай қоғамдық орындарда хиджаб киюге бола ма, жоқ па деген сұрақтың өзі туындамауы тиіс деп санаймын.

Рауан Ғайдар, қала тұрғыны:

- Соңғы кездері теріс діни ағымдардың артуы, тұла бойын тұмшалаған қыздарымыздың көбеюі хиджабқа қатысты көп әңгіменің туындауына әкелді. Бір қызығы әйелдердің киіміне қарсы шығып, өре түрегелгендердің дені - ерлер. Көпшілігі мұндай киім үлгісі қазақ қоғамына жат деумен шектеледі. Алайда, біз - мұсылман халқымыз. Яғни ислам қағидаттарын сақтайтын болсақ, әрбір әйел хиджаб кию-ге міндетті. Бұл жерде діннен хабары жоқ қайраткерсымақтар бетін бүркеуді, яғни никаб тартуды хиджаб кию деп шатастырады. Хиджаб, бұл - басына орамал тартып, тобығына дейін жабатын көйлек кию. Мұның несі ерсі.

Жалпы, хибджаб қыздың ибалы, ұятты, ең бастысы иманды екенін білдіреді. Ал көшеде ашық-шашық жүрген қызды көріп не ойлайсыз. Мәселен, еркектердің ойы жақсыдан көрі, жаманға жүгіретіні даусыз. Бұл, әрине, менің пікірім.

Сағидолла Аян, мектеп оқушысы:

- Хиджаб қазақтың да арабтың да киiмi емес. Хиджаб мұсылман әйелдердiң үкiм етiлген киiмi. Хиджаб кию дұрыс емес дейтiндер, Аллахтың үкiмiне қарсы келгендер, немесе құранды мүлде ашып оқымайтындар, немесе құран оқи алмайтындар деп есептеймiн. Хиджабтың мұсылман әйелдерiне үкiм етiлгенi туралы құранда былай делiнедi: Алла Тағалла Құран Кәрімнің "Ахзаб" сүресінің 59-шы аятында: "Әй, пайғамбар әйелдеріне және қыздарына, сондай-ақ, иман келтірген әйелдеріне пәктігін сақтау үшін өздерін жабсын деп айт," делiнген. Сонымен қатар: Құран Кәрімнің "Нұр" сүресінің 30-шы аятында: "(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАҚ-тағы ұлттық және діни алауыздықтың жазылу ерекшеліктерін зерттеу арқылы қоғамдағы дінаралық, ұлтаралық өшпенділіктің алдын алу
Діни қатынас мәселесіндегі мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бейімділігі
Исламдағы мазһабтар
Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам
Дін және бақ: кеше және бүгін
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер
Дін мамандарынан ұлттық бағытты ұстануға қатысты сұхбат алсам
БАҚ ЖӘНЕ ДІН НАСИХАТЫ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ НЕГІЗІ
Исламдағы әйел мәселесі
Қазақтың діні жүрек ілімі
Пәндер