1959ж.Теміртау оқиғасы


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина
университеті
Студенттің өзіндік
жұмысы
Тақырыбы: 1959ж. Теміртау оқиғасы
Мамандығы: Стоматология
Кафедра: Қазақстан тарихы және Қоғамдық - гуманитарлық пәндер мен психология және педагогика
Курс: 1 Тобы: 102
Орындыған: Кушмагамбетов Т. Д
Тексерген: Калманова Г. Т
Ақтөбе 2017ж
Жоспар
I. Кіріспе
1959 жылғы Теміртаудағы оқиға
II. Негізгі бөлім
1) Көтерілісті тудырған себеп
2) Үш күнге созылған шабуыл ұзақтығы
3) Бүлік басылғаннан кейінгі жағдай
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Магниткасы тарихының бетіндегі қара дақ - Теміртаудағы тамыз бүлігінен бері тура елу жыл өтіпті. Ұлы жүгеріші Никита Хрущевтің бұйрығымен қара халыққа қарсы оқ атылған қанды қырғыннан бері жарты ғасыр мерзім өтсе де, сол зұлмат кезінде құрбан болғандардың толық саны ресми түрде айтылған жоқ. Және Кеңес Одағы құлағанға дейін бұл қырғын туралы жақ ашуға мұрсат берілмеді. 1959 жылы тамыздың 1-інде басталып, үш күнге созылған тарих бетіндегі «тыртықтың» шымылдығы 90-жылдардың басында ғана там-тұмдап түріле бастады. Баз бір жарияланым авторлары бүлікшілерді қайта құрудың алғашқы қарлығаштарына баласа, біреулер қылмыстық элементтер тудырған қақтығыс, енді біреулер «стихиялы көтеріліс» деген мәртебе беруге тырысты. Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1958 жылы тамыз айында Карағанды облысы Теміртау қ-нда болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. Теміртауда салынып жатқан металлургия комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды. Тамыздың 1-і күні бір топ жастар көпшілік тамақтандыру орындарында ашық наразылық білдірді. Алғашқы құқық қорғау әрекеттері біртіндеп тәртіп бұзушылықка ұласты. Өкінішке орай жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобыры пайдаланып кетті. Олар дүкендерді, базарды, асхананы тонады, милицияның қалалық бөлімін қоршауға алды. Көтеріліс үш күнге созылды. Оны басуға әскерлер тартылды, қару қолданылды. Көтеріліске қатысқандардың ішінде мерт болғандар, ал әскерлер мен милиция қызметкерлерінің қатарынан жараланғандар мен мертіккендер болды. Теміртау жұмысшыларының ұйымдастырушылары сотталды.
1959 жылғы Теміртаудағы оқиға
Қарағанды облысында Қазақстанның тау-кен металлургиясының бірден-бір орталығын құру жоспарланды. Теміртауда Бүкілодақтық комсомол-жастар құрылысы мәртебесіне ие болған Қазақстандық «Магнитка» металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды. Республикамызға өзге де одақтас республикалардан, сондай-ақ социалистік мемлекеттер достастығы елдерінен жұмысқа келушілер саны көбейе бастады. Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды. Барлық жұмысшыларға бірден пәтер жетіспей, олардың көпшілігінің вагондар мен барактарда, брезент палаткада өмір сүруіне тура келді. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, мәдени демалыс орындары (клуб, жөндеу орындары мен шеберханалар), білім беру (мектептер) және дүкен, асхана, буфеттерден, әсіресе жаз күндері ауыз судан жергілікті халық тапшылық көрді. Бірақ бұл қиыншылықтардың барлығы өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды. Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді. Мысалы, құрылыс материалдарының әкеліну кестесінің бұзылуы, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, апаттардың жиілеуі, техниканың бүлінуі, тұрып қалуының салдары құрылыстағы кадрлардың тұрақтамаушылығына әкеліп соқтырды.
Осындай жағдайға байланысты жұмысшылар арасында наразылық туа бастады. 1959 жылдың тамыз айында жұмысшылардың жергілікті өкіметпен қақтығысы болды. 1 тамызда сенбі күні кешке жұмысшылардың бір тобы ауысымнан кейін бірде-бір ашық асхана таппады. Бұл жұмысшылардың наразылығын туғызды (89 мың жұмысшыға әрқайысысы 2120 орыннан 178 асхана болды) . Асханалар мен дүкендерде ойран салу әрекеттері басталды, көшелерде ереуілдер мен бүліншіліктер ұйымдастырылды, қалыпты өмір-салты бұзылды.
Бүліншіліктерді басу үшін милиция мен Қарлаг әскерлері жұмылдырылды. Қару қолдану жағдайлары да болды. Бүліншіліктің үшінші күні зауыттарға әскер енгізілді.
Болған оқиғалар жайында БАҚ-тар ешқандай хабар бермеді. Бірінші кезекте бұл туралы облыстық, республикалық партия ұйымдарының басшыларына, сонымен қатар КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшыларына хабарланды.
КОКП ОК-і Президиумының бұйрығы бойынша кұрамында КОКП ОК-нің өкілдері, сондай-ақ ҚазКП хатшысы Беляев кірген комиссия құрылды.
1959 жылдың казан айында Мәскеуде болған КОКП ОК-і Президиумының мәжілісінде Теміртаудағы оқиғаларға байланысты «Қарағанды металлургия зауытын салу мәселелері туралы» қаулы қабылданды. Осы бойынша кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы П. Н. Исаев пен «Қазметаллургқұрылыс»
тресінің бастығы Вишневский кінәлі деп жарияланды.
Көтерілісті тудырған себеп
Теміртаудағы бүліншіліктің негізгі себебі - жұмысшылар арасында тәрбиелік және саяси үгіт-насихат жұмыстарының қанағаттанарлық жағдайда жүргізілмеуі деп есептелді.
Бірақ бұл оқиғалардың басты себебі елдегі басқару ісінің негізгі принциптеріне байланысты еді. Басты назар адам мен оның жеке мәселелерінде емес, өндірістік салада ғана болды. «Төңкерісті» тудырған себеп немесе көз көрген куәнің сөзі
Бәрі 1958 жылы Теміртауда салынып жатқан металлургиялық комбинаттың Бүкілодақтық екпінді комсомол-жастар құрылысы болып жарияланғанынан басталды. Күллі Кеңес Одағында бес жылдықтың балғасы «Қазақстан Магниткасына!» деп солқылдата соғылды. Түкпір-түкпірден студенттер мен еріктілер өздеріне картадан ғана таныс қазақ даласына қарай пойызбен ағылды. Сол жылы «екпінді құрылысқа» Ресей мен Украинадан 132 мың адам қатысуға келді. Жұрттың тіпті артық жиналғаны соншалық, бәрін бірдей жұмыспен қамту мүмкін болмаған. Теміртау трагедиясын көзбен көргендердің естеліктерінің бәрі «көтерілістің» тууына себеп болған нәрсе жаңа табиғи ортаға үйрене алмау, ауыз судың жетімсіздігі, төмен еңбекақы, асханадағы сапасыз түскі ас, дүкенде керек-жарақтың болмауы және тұрғын үй проблемасының шешілмеуі дегенге саяды. Кешкі от басында гармошкамен ән айтып, қалайы кружкамен шәй ішу алғашында романтика сияқты сезіліп, уақытша қиындық көрінгенмен, биліктің әлеуметтік
проблемаларға бас ауыртпауы ақыры жұрттың заңды наразылығын тудырып, соңы жаппай тәртіп бұзушылыққа ұласты. Ал мұндай кезде жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобырының пайдаланып кететіні белгілі. Қылмыскер демекші, жоғарыдағы жұрттың арасында кімдер болмады дейсіз. Мәселен, ұлы коммунизм құрылысына тірі күштерді аттандырудың жоспарын толтыруды бетке ұстап, милиционерлердің Одесса қаласын шпаналар мен жезөкшелерден тазарту үшін «түнгі көбелектер» мен «жориктерге» комсомолдық билет ұстатқызып, Қазақстанға аттандырғаны туралы сенімді мәліметтер бар. Ал ондайлардың оңайлықпен қолдарына күрек пен қалақ ұстамасы белгілі. Сол кездегі жас қаланы пахандар мен авторитеттердің ұстағанын куәлардың сөзі де растайды.
- Ол бір өте қиын кез еді, - дейді сол оқиға кезінде жүргізуші болып еңбек еткен Павел Гурылев деген кісі, - ауыр оның үстіне түгел қолмен атқарылатын жұмыс үшін күніне 1 сом 70 тиыннан төлейтін. Асханадан тамақтану ақырет еді, ол үшін әр бригададан бір адам таң атпай кезекке тұруы керек. Палаткалы қалашықта адамдар ортаға от жағып, қара суға құрғақ рожки пісіріп жейтін және сол отқа шұлғау кептіретін. Ауыз су мен жуынатын әрі шайлық суды күніне бір рет сырттағы бөшкеге құйып кетеді. Кейде қара су таппай, кейде борсып кеткен су ішуге тура келеді. Ет емге табылмайтын. Картоптың өзі тапшы, басқа жеміс-жидекті айтпағанда. Әрі палаткада 40 адам бір-бір жұқа көрпемен ұйықтайтын, оның үстіне ас ішіп-тұруымыз ақылы еді. Дәретхана жоқтықтан «желге қарсы» отыра беретінбіз. Қысқасы, иттен де жаман тұрдық.
Тағы бір жүргізуші Владимир Зыков деген кісі: - Мен комсомолдық жолдамаман деревнялы жерден келгенмін. Бүліктің шығуы жағдайдың жоқтығы мен тамақтың нашарлығынан емес деп ойлаймын. Себебі Теміртаудағы жағдай Ресей селолары мен деревняларымен салыстырғанда, әлдеқайда артық деуге болатын. Себеп басқада: екпінді құрылысқа бағыт алған комсомол жастарды қатаң іріктеу болмады, ниет еткен кім көрінгеннің бәріне жолдама берілді. Еріктілердің арасында бұрын сотталғандар мен арамтамақтар, екі қолын қайда қоярын білмей жүрген еріккендер мен үлкен ақша табамыз деген есек дәмемен келгендер көп болды. Барлығын палаткалы, вагонды қалашыққа әкеп төгіп, үстерінен бақылау орнатқан жоқ. Жұрт арасында жұмыс істеудің орнына карта ойнау, арақ ішу, ұрлық-қарлық, төбелес, жын-ойнақ жасау етек алды, - дейді. Сол күнi түнгi сағат 3-те Темiртаудан Қарағанды облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы, генерал Любых тәртiп бұзушыларға қарсы қару қолдануға рұқсат сұрап, Қарағандыға телефон соғады. Өз сұрауына байланысты ол қалыптасқан жағдай өз шеңберiнен шығып кеткен жағдайда қару қолдануға Исаевтың келiсiмiн алады.
2-3-тамыз күндерi орын алған тәртiпсiздiктi басуға КарЛАГ-тың конвой күзетiнен генерал Запевалин басқарған 500 сарбаз, КСРО IIМ iшкi әскерлерiнен 1400 сарбаз бен офицерлер қатысады. Сол күндерi 15 адам өлiп, 28 адам ауыр жараланады, 140 адам бұзақылық жасағаны үшiн қамауға алынады. 28 сарбаз, офицерлер мен iшкi iстер қызметкерлерi ауыр жараланып, 4 сарбаз бен офицер әртүрлi жарақаттан ауруханаға жеткізіледі.
СОКП Орталық Комитетiнiң ерекше бақылауында тұрған ерекше құрылыс нысаны айналасында тәртiпсiздiктiң белең алуы партияның бас штабын да әбiгерге салады. Оқиғаның терең бағыт алғаны соншалық, оған қарулы әскер қатыстырылады. Алғашында өз әскерiмiз халыққа оқ атпағаннан кейiн, Солтүстiк Кавказдан Дзержинский атындағы iшкi әскер дивизиясын шақырып, оқиғаны күштеп басуға тура келген.
Бұл дивизия елiмiзде болып жатқан ауыр толқуларды басуға әркез қатысып тұрған. Кейiн белгiлi болғанындай 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына да қатысқан осы дивизия.
Теміртау көтерілісіне Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің саяси өмірінде ықпалы зор болған А. Казанник те қатысқан.
«Өмiрдiң алғашқы ауыр сабағын 1959 жылы тамыз айында Темiртауда таттым» дейдi белгiлi профессор А. Казанник. - «Осы жылы комсомолдық жолдамамен Қазақстан Магниткасына барған болатынмын. Жастардың бiр тобы су жүйесiнде жұмыс iстедiк. Жұмыс ауыр, еңбекақы мардымсыз болды. Наразылығымыз үлкен қарсылықтарға тап болды. Содан түн iшiнде десантшыларды түсiрiп, олар жұмысшылар тұратын палаткаларды нысанаға алып оқ жаудырды. Өлгендер де, жараланғандар да көп болды. Жер-жерлерде өрт шықты. Кейiн бiздiң арамыздан 8 жасөспiрiмдi соттап, кәмелетке толмағандарын ату жазасына кестi.
Оқиға үш күнге созылып, әскерилердiң күшiмен әрең басылады. Сөйтiп, әлеуметтiк кикiлжiңге килiктiрген жұмысшылардың әдiлеттi талабы жаппай жазалау мен қуғын-сүргiн жолымен тұншықтырылған. Оқиға басылысымен оған сараптама-зерттеу жұмыстары жүргiзiлмейдi. Келтiрiлген зиян, адам өлiмi ешбiр жерде айтылмаған, жарияланбаған. Ал, кейiн жылымық орнаған тұстарда жабулы қазан жабулы күйiнде қалып, бұл мәселе қайта көтерілмейді.
Теміртау оқиғасына 57 жыл
"Қазақстан магниткасы" бүкіл одақтық екпінді құрылыс деп жарияланып, оған комсомолдық жолдамамен КСРО-ның түкпір-түкпірінен мыңдаған жастар ағылып келіп жатты. Олардың қатарында ел ертеңі үшін еңбек етсек дейтін шынайы потриоттар да, барар жер, басар таулары жоқ босқындар да, түрмеден босап шыққан қылмыскерлер де көптеп кездесті.
Үш күнге созылған шабуыл
Тамыздың 1-күні асханадағы ашық наразылықтың соңы ашулы топтың лап қойып, дүкендерді, базарды, асхананы тонауына ұласты. Спирт пен тамаққа қарық болған бүлікшілер ол аздай қалалық милиция бөлімін (ол кезде осылай аталған) қоршауға алды. Білектеріне қызыл шүберек байлаған қаптаған халықтық дружина жастарды тоқтатуға күш салды. Бірақ қызынып алған қарсы жақ тас пен таяқ жаудырған соң, олар шүберектерін шешіп тастап, қалың топтың арасына сіңіп кетуге мәжбүр болды. Ашынған жастар аудандық милиция үйінің терезесін шағып, жан-жағынан өрт қойды. Қала үстінде қою түтін қаптап, көшелерде мотоциклдер төңкеріліп, сейфтер жайрап жатты. Іс қағаздары тігілген семіз папкалар отқа лақтырылып, жер-жерде басы жарылған, аяқ-қолы сынған милициялар қала берді. Әскерлер қалың топқа қарсы оқ жаудыруды бастады.
Бүлікшілер үш қабатты универмаг үйін басып алған соң, нағыз анархия басталды. Бұл кезде иінтірескен қалың топқа оқ атудың өзі мағынасыз болатын. Құрбандық көп болатын болған соң, оқ ату тоқтап, солдаттарды алып кетуге мәжбүр болды. Ал жоғарыдан төменге қарай неше түрлі киімдер, оралған маталар, болгар темекісі, тіс пастасы дегендер жаңбырша жауып, адамдар қырғын таласа бастады. Кім нені қаласа, соны алатын нағыз коммунизм басталды. Ал бұл кезде «көтерілісшілермен» бетпе-бет сөйлесуге сужүректік танытқан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Козлов оқиға барысын үй төбесіндегі шатырдан бақылап тұрған еді. Тәртіпсіздіктер мен жүгенсіздіктер үш күнге созылды.
«Көтеріліс» қалай басталды?
- «Хозтовар» дүкенінің ойран-ботқасы шығып, темекі сататын лавка төңкеріліп жатты, - дейді сол бүлік кезінде Теміртауда құрылысшы болып істеген Нина Семеновна Калашникова. - Митингіге шыққандардың қарасының көптігі соншалық, не болып, не қойып жатқанын сырттан бақылау мүмкін емес еді. Милиция мен әскерлер тобы сығылысқан жұрттың арасынан әрең өттік. Жастар «универмагті» тонап жатты. Гармошкада ойнайтын Николай деген жігітті жақсы танитынмын, сол үстіне ине-жіптен енді шыққан су жаңа костюм киіп, дүкеннен шыға бергені сол еді, атып өлтірді. Не керек, көптеген жастарды өлтірді, бірақ біз бірде-бір табытты да, жерлеуді де көрген жоқпыз. Барлық өлгендерді экскаватормен қазған терең шұңқырға көміп, бульдозермен тегістеп тастапты деп естідік. Әйтеуір өлгендердің көп болғаны анық. Себебі бей-берекет атылған оқ кез келген адамды жұлып түсіретіндей еді. Менімен бірге Аня деген қыз тұратын, соның жігітін бүлік кезінде атып өлтірді. Сол қыз өкіріп жылап, Хрущев пен Брежневтен бастап, трест бастығы Вишневскиге дейін түгел қарғаумен болды.
Қорытынды
Бүліктен соң іле-шала екпінді құрылыстан бірнеше мыңдаған адамның қашып кеткені белгілі болды. Жұрт Сталиннің кезіндегідей жаппай репрессия басталады деп қорқып, дүкен тонау кезінде қолдарына түскен заттарын жерге көме бастады. Кейіннен сайын даланың әр-әр жерінен қуылып кеткен бірнеше машина табылды. Оның бәрін «көтерілісшілер» мініп қашқан-ды. Милиция мен әскерилер қашып-пысқан жұртты жол бойындағы стансалардан аулап, түрмелерге тоғытумен болды. Ал бүлікті ұйымдастырушыларға ашық сот болып, бес адам ату жазасына кесілді. Жалпы, бүлік кезінде ресми мәлімет бойынша 11 адам оқиға орнында қаза болса, бесеуі ауруханада көз жұмады. Бірақ қанды қырғынның бұл 21 адамның өлімімен бітпегені, бұдан бөлек мерт болғандар мен мертіккендердің аз болмағаны және қатысушылардың аяусыз жазаланғаны ақиқат. Теміртау трагедиясы қанша жастың өмірін қыршынынан қиғанын дәл ешкім білмейді және енді білу де мүмкін емес. Бүліктен кейін жұрт Хрущев келеді деп күткенмен, алдымен Теміртауға Леонид Брежнев шұғыл ұшып келді. Мәскеулік жоғары мәртебелі қонақ келген соң-ақ, көп нәрсе жақсы жағына өзгеріп сала берді. Қалаға жұмысшыларды жаңа салынып жатқан объектіге таситын 50 су жаңа «ЗИЛ - 164» автобусы берілді. Көп ұзамай Брежнев қайта келіп, Қарағанды облысына Ленин орденін тапсырды. Сонымен қатар оның бұл сапары жай емес еді. Сол жолы көптеген партия мен милиция қызметінің басында отырғандар орынтақтарынан ұшты. Тамыз бүлігінен соң Теміртауда ақ арақ пен шарапты айтпағанда, сыра мен шампан сатудың өзіне қатаң тыйым салынды. Спирттік ішімдік 1960 жылдың көктемінде ғана, онда да жұрт «Сапожок» деп атап кеткен бір ғана дүкенде сатыла бастап, ондағы араққа тұру кезегі горбачевтік құрғақ заң кезіндегі өшіретті жүз есе жолда қалдырды. Оның есесіне дүкен сөрелері тауардың көптігінен қайысып шығы келді. Шұжықтың неше атасы, тіпті қызыл уылдырыққа дейін толып тұрды. Жұмысшылардың алды автомобиль сатып ала бастады. Ол кезде «Москвич» 25 мың сом, «Волга» - 36 мың сом (1961 жылғы ақша реформасына дейінгі баға. Онан кейін 1 «ескі» сом 10 «жаңа» тиынға ауыстырылған - Т. Т. ) тұратын. Теміртаудағы халық толқуынан соң көп ұзамай Никита Хрущев Америкаға сапарлап қайтты. АҚШ журналистері теміртаулық трагедия туралы Никита Сергеевичке сұрақ қоюды ұмытқан жоқ. Ұлы жүгеріші демократия мен бейбітшіліктің тірегі саналатын Кеңес Одағында капиталист елдердегідей бас көтеру мен толқудың мүлдем болмайтынын айтып, бұзақылық болған күнде де оны партия басшылары бейбіт жолмен реттейтінін міз бақпай жеткізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz