Карлаг Басқармасы НКВД лагері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы : Карлаг Басқармасы НКВД лагері
Кафедра : Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен психология және педагогика кафедрасы
Дисциплина : Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Факультет : Стоматология
Группа : 107
Орындаған: Сарыев Т. М
Тексерген: Калманова Г. Т
Ақтөбе 2017 жыл
Жоспар
1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
а) Қарағанды еңбекпен түзету лагері
б) Спасск әскери тұтқындар лагері
в) Карлаг-Степлаг
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбекпен түзету лагері
Қаулыға сәйкес 1930 жылғы 13 мамырда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қарқаралы округінің Бесоба мен Қоянды жәрмеңкесі арасындағы 110. 000 гектар жерді бүкіл құрылыстарымен ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлерінің қарамағына беру туралы шешім қабылдайды. Алайда, бір жылдан кейін, яғни 1931 жылғы 19 желтоқсанда басқаша шешім қабылданады онда: « «Қазақ еңбекпен түзеу лагерінің» бірінші бөлімшесі - «Гигант» кеңшары осы күннен бастап қысқартылған түрде «КарлагОГПУ» деп аталатын, ГУЛАГ-қа тікелей бағынатын Қарағандының жеке еңбекпен түзеу лагері болып қайта құрылатыны, лагерь басқарамсы Долинка ауылында орналасатыны» айтылған. Карлаг далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген сөз дұрыс емес. Лагерьге бөлініп берілген ұланғайыр аймақта қазақтардың, орыстардың, немістер мен украиндардың елде мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерді ғасырлар бойы мекендеген, ал немістер, орыстар мен украиндар бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған. Ақмола губерниясының 1909 жылғы 10 желтоқсадағы қаулысы бойынша Долинка ауылы дербес поселке атағына ие болған. 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған, олардың ішінде немістер, орыстар және украиндар болған.
Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміс-көкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, МАЭС-те, темір жол желілерінде еңбек етті.
30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды. 1938 ж. 6 қаңтарда “Р-17” еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден - 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді.
Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, Х. Баяубаев, Т. Рысқұлов, Т. Жүргенов, С. Меңдешев, М. Тәтімов, Ж. Садуақасов, С. Есқараев, С. Асфендияров, Н. Нұрмақов, К. Сармолдаев, т. б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды. Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т. б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмектескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО УІМ мен МҚК-інің ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарына Қазақстандағы Далалық лагерь жатады. Далалық лагерь тұтқындары “Қазмысқұрылыс” тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді.
1940 ж. Кеңгір өзенінің жағасында, бұрынғы пионер лагерінің орнында КСРО НКВД-сінің ірі лагері ұйымдастырылып, Жезқазған қаласының құрылысына бағытталды. 1948 ж. Жезқазғанда, Байқоңырда, Қарсақбайда, Жезді марганец кенішінде, Қорғасын, Кеңгір бөлімшелері Далалық лагерьдің орталығына айналды. Лагерь тұтқындары ірі халықшаруашылық объектілері құрылысында ауыр дене еңбегін атқарды, жұмыс күнінің ұзақтығы 10 сағатқа созылды, емдеу-сауықтыру шаралары мүлдем болмады.
Әсіресе Кеңгірдегі 3-бөлімше айрықша белгілі болды. Мұнда 1954 ж. мамыр айында тұтқындар көтеріліс жасады, басқа ерекше лагерьдегілер сияқты, Далалық лагерь де Сталиннің өлімінен кейін өзгеріс болады деп күткен еді. Алайда, рақымшылық жайлы жарлық ерекше лагерьлер жүйесіне қатыссыз болды. 1954 ж. 25 мамырда 3-бөлімше адамдары - 4 мың жұмыскер жұмысқа шығудан бас тартты. Бүлік бір айға созылды, тұтқындар қарсылығы 1954 ж. 26 маусымда лагерь зонасына әскер және танк енгізу арқылы әзер басылды. Өзге лагерьлерге қарағанда бұл лагерьлер өнеркәсіптік профильде болды. Ел еңбекпен түзеу лагерьлеріндегілер еңбегін тоталитарлық экономика үшін пайдаланды. Халықшаруашылық жоспарын жасағанда ГУЛАГ экономикасы жеке есептелетін. Лагерьлер толық шаруашылық есеп жағдайында болды, тұтқындар өз еңбегімен тапқан табыстарына асырап-сақталды.
Қарағанды еңбекпен түзету лагері
Карлаг аумағында 80 мың тұрғыны бар 4 мың қазақ киіз үйі, 1200 неміс, орыс, украин үйлері болды. 1930-1931 жылдары халықты зорлап көшіру басталды. Бұл операциялар үшін НКВД-нің әскері пайдаланылды. Немістер мен орытар, украиндар негізінен Қарағанды облысының Тельман, Осакаров және Нұра аудандарына қоныс аударды. Қазақтардың тағдыры ерекше қайғылы болды: лагерьлерге берліген жердің солтүстік бөлігіндегі халықтың көпшілігі Қарағандыға, оған таяу жерлерге көшті. Бұның бәрі байлар мен кулактарды тәркілеп, олардың мыңдаған малын талан-таражға салумен тұтас келді. Тәркіленген малдың біразы «Гигант» кеңшарында арнайы ұйымдастырылған «Востокмясо» деген ұйымға берілді. Жергілікті халық көшірілгеннен кейін бос қалған жерлерді тұтықындардың сан мыңдаған топтары мекендеді. Олар лагерьдің бүкіл аумағына орналастырылды: теміржол салды, өздеріне барактар, мал қоралар, күзеттегі жауынгерлерге казармалар, бастықтарға тұрғын үйлер салды. Құрылысқа көбінесе ескі үйлердің материалдары пайдаланылды, «бейіттердің саман кірпіштерін пайдалануға тыйым салынды», алайда ол тыйым кейде сақталған жоқ. Бейіттердің бұзылу фактісі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында кездесті. Бұл туралы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж. Сүлейменов Қарағанды обкомының бірінші хатшысы Галайдинге арнаулы хат жолдады. Хатта былай делінген: «Аудан аумағында Карлаг бөлімшелерін салу кезінде Ортау, Алабас, Жайдақсу шатқалдарында Карлаг қызметкерлері қазақтың атақты адамдарының бейітін бұзды. Атақты Жидебай Сыздықтың және басқа да кісілердің бейіттері бұзылды, мал қораға айналдырылды». Карлаг басқармасы тек қана ОГПУ (НКВД) ГУЛАГ-қа, Москваға бағынды. Республикалық және облыстық партия, кеңес органдары лагерь қызметіне ешқандай ықпал ете алмады. Бұл өзі тізгіні Москадағылардың қолында болған отарлық үлгідегі құрылым еді. Мәні бойынша ол мемлекеттің ішіндегі мемлекет болды. Оның өзіндік шынайы өкіметі, қару-жарағы, көлік-құралдары, поштасы мен телеграфы болды. Көптеген бөлімшелері - «нүктелері» бірыңғай шаруашылық тетікпен байланыстырылды, олардың өзіндік мемлекеттік жоспары болды.
Карлагтың құрылымы да мейлінше күрделі еді. Оның көптеген бөлімшелері болды: әкімшілік-шаруашылық (ӘШБ), есепке алу, бөлу бөлімі (ЕББ), бақылау-жоспарлау бөлімі (БЖБ), мәдени-тәрбие бөлімі (МТБ), кадрлар, жабдықтау, сауда, жедел-чекистік, қаржы, көлік және саяси бөлімдер. Осы соңғы бөлім ГУЛАГ басқармасына ай сайын 17 түрлі есеп жіберіп отырды. Жоғары тиімділік (арзан жұмыс күші, оған қоса қорлар құнының, аммортизациялық шығынның төмендігі) өндірісті кеңейтуге жағдай жасады. Карлаг шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында жатты. Егер 1931 жылы Карлаг аумағы 53 000 гектар болса, 1941 жылы 1 780 650 гектар болды. Егер 1931 жылы Карлагта 14 бөлімше, 64 учаске болса, 1941 жылы 22 бөлімше, 159 учаске, ал, 1953 жылы 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері болды. әрбір бөлімше өз кезегінде бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп, учаске, нүкте, ферма деп аталынды. Лагерьде 106 мал шаруашылығы фермасы, 7 бақша учаскесі мен 10 егістік учаскесі болды. Бөлімшелер мен учаскелердің лагерь орталығынан қашықтығы 5 шақырымнан 650 шақырымға жететін. Карлаг аумағы 1950 жылы 2 087 646 гектар, яғни 20 876 шаршы шақырым болды, соның ішінде егістік - 111 886 га, шабындық - 337 670га, жайылым - 1 378 999 га.
Лагерьдегі ауыл шаруашылығының үлес салмағы 58, 5 пайызды, өнекәсіптікі -41, 5 пайыз болды. Ауыл шаруашылғының екі бейіні болды: өсімдік шруашылығының үлес салмағы -51, 8%, мал шаруашылығы -48, 2 % болды. Карлаг тұтқындарының жалпы саны кейбір жылдар бойынша келесідей: бір кездері тұтқындар саны 75 мың адамға өсті. Бұл адамдар лагерьдегі барлық қиындықтарға төзіп бақты, моральдық және басқа да ауыртпалықтарды көтеріп, адамгершілік қасиеттерін сақтай білді.
СПАССК - ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАР ЛАГЕРІ
ОГПУ-НВД-МТБ Спасск ерекше лагерь бөлімшесі Қарағандыдан 45 шақырым жерде орналасқан. Спасск - революцияға дейінгі Қазақстанға қоныстанған шетелдік ірі іскерлер компаниясының орталығы болған жер. 1931 жылға дейін Спасск Қарағанды ауданының орталығы болды. 1931 жылдың наурызынан Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің қарамағына берілді. Кейінірек мұнда Карлагтан бөлек «Песчанный» деген аса үрейлі, лагерь бөлініп шықты. Бұл жерден ешкім тірі қайтпайтын. Егер Қарабас Карлагтың қақпасы болса, Спасск оның бауырластар зираты болды. Сыртқаттанып қалған тұтқындарды өлу үшін Спасскіге жіберетін. Сондықтан да бүкілодақтық ерекше лагерьлердегі мүгедектер мекені деген атауға ие болды. Шәйт болған тұтқындардың төмпешікке айналған қабірлері әлі күнге дейін сақталып жатыр.
КСРО Ішкі істер министрінің орынбасары Чернышевтің 1941 жылғы 24 маусымдағы нұқауына сәйкес Спасскідегі соғыс тұтқындарына арналған арнаулы лагер ұйымдастырылды. Лагерь екі блімшеге - Орталық және екінші Көкөзек бөлімшесіне бөлінді. Соңғысы негізгі лагерьден бөлініп шығарылған, соғыс тұтқындарынан мүлде ажыратылған адамдардан құралды. Бөлімшелер арасының қашықтығы - 500 метр болды. Екі лагерь бөлімшелерінің қалыпты және барынша сыйымдылығы келесідей болды: а) әскери тұтқындарға арналған орталық бөлімшенің қалыпты сыйымдылғы 5000 адам, барынша сыйымдылығы - 6000 адам; в) «Көкөзек» бөлімшесі қалыпты сыйымдылғы - 650 адам, барынша - 1100 адам. Барлығы 19 әскери бекетте 259 әскери адам қызмет етті. Лагерьдің 100 шақырым айналысындағы елді мекендерде жергілікті іздестіру топтары болды. Жергілікті тұрғындар арасындағы белсенділерден қашқын тұтқындарды ұстауға көмектесетін бригадалар жасақталды. Осындай 46 бригадаға 214 адам топтастырылды.
Лагерьге 22 бөлімше қарады. Олар Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш қалаларында болды. Сондай-ақ Қарағандыдан 360 шақырым жердегі Ақмола облысының Жолымбет кентіндегі бір бөлімше ұсталынды. Қалғандары Қарағанды қаласының ішіндегі: кірпіш зауытында, Майқұдықта, Пришахтискіде, Үлкен Михайловка станицясында болды. Соғыс тұтқындарының алғашқы эшелоны Спасскіге 1941 жылдың тамыз айында әкелінді. Бұлар 1436 адам еді. Екі жылдан кейін соғыс тұтқындарының саны екі есе өсті. Лагерь өмір сүрген он жыл ішінде мұнда 26 ұлттың өкілінен құралған 40 мыңға жуық соғыс тұтқындары ұсталынды.
Лагерьлерге әкелінген әскери тұтқындардың саны 1944 жылдың екінші жартысында күрт өсті. Егер 1944 жылдың қаңтар айында лагерьде 2529 әскери тұтқын ұсталса, онда қазан айында олардың саны 11583 адамға жетті. 1945 жылдың қазан-қараша айларында лагерьге жапон армиясының 11608 әскери тұтқыны бес эшелонмен әкелінді. Тұтқындарды жұмыс күші ретінде шахталарда, кірпіш зауыттарында, жөндеу-механика зауыттарында, құрылыс ұйымдарында пайдаланды. Барактарда температура қалыпты болған жоқ, үнемі суық болды, қыста барактардың сыртқы есіктері жабылмайтын еді. 17 лагерь бөлімшелерінде 44 адамның үсіп кеткен оқиғалары орын алған, олардың ішінде І дәрежелі - 14, ІІ дәрежелі - 24, ІІІ дәрежелі - 6 адам. Лазеретке түскен ауру тұтқындардың бағалы заттары (сағат, сақина, ақша жән т. б) сақтауға қабылданбай, тұтқындардың өздерінде болғандықтан ұрлық жасау орын алған. Тіпті лагерь қызметкерлерінің өздері де олардан бағалы заттарды сатып алатын оқиғалар да тікелген. Соғыс тұтқындарының лагерьден қашу оқиғалары да кездесіп тұрды. 1944 жылы 5 адам қашып, 3 адам қашуға әрекет жасаған. Ал 1946 жылы лагерьден 41 адам қашқан. Солардың ішінде немістер - 8, румындар - 14, жапондар -13, венгрлер -4, молдавандар -2. Мереке күндері лагерь күзетін күшейту және қашу жағдайларының алдын алу мақсатында соғыс тұтқындарын зона аймағынан тыс жерлерге жұмысқа алып шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар мереке күндері учаскелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және соғыс тұтқындарының қашып кету әркеттерінің алдын-алу үшін лагерь учаскелеріне қосымша вахтерлік посттар мен бақылаушылар қою арқылы күшейтілген күзеттер қойылған. Мереке алдында сақтауға тыйым салынған заттарды алып қою мақсатында әскери тұтқындардың жеке заттарын және тұратын бөлмелеріне тінту жүргізген. Спасск лагері Карлаг жүйесіндегі ерекше режимдегі лагерь деп есептегендіктен каторжниктерді, ерекше қауіпті қылмыскерлерді үнемі Карлагқа аттандырып отырды. Спасск лагері 1956 жылға дейін карлагтың құрамнда қалды.
КАРЛАГ - СТЕПЛАГ
Жезқазған қаласы мен кен металлургия комбинатының құрылысы 1936 жылы басталды. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнына КСРО Ішкі істер министрлігінің аса ірі Жезқазған лагері құрылды. Үлкен Жезқазғанның жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан нысандарының бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, «Жезқазған еңбекпен түзеу лагері және НКВД комбинаты» деп, ал Жезқазған қаласының құрылыс алаңы «НКВД-нің Кеңгір құрылыс ауданы» деп аталынды.
Өнеркәсіп пен құрылыс нысандарында 7 мыңнан астам тұтқындар жұмыс істеді. Ең әуелі Кеңгір су қоймасының бөгені мен жылу электр орталығы салынды. Тұтқындардың күшімен ұзындығы 400 шақырымнан астам Жарық станциясынан Кеңгірге дейін теміржол тармағы тартылды. Құрылыс нысандарының ұлғаюына байланысты тұтқындардың саны да өсе түсті. Рудниктерде 3117, Жезқазған марганец кенішіне тартылған теміржол құрылысында 2731, Жезқазған кенішінде 2100, басқа да өнеркәсіп нысандарында 1553, азаматтық құрылыста 1901, Байқоңыр көмірін өндіруде 300, ауыл шаруашылығы жұмыстарында 338 тұтқын жұмыс істеді. 1941 жыл ішінде комбинат пен лагерь 52 млн. сом капитал салымын игерді және құрамында 1500 тонна мысы бар 53 мың тонна мыс кенін қазып шығарды. 1941 жылдың 1 қаңтарында комбинатта барлығы 1784 ерікті жұмысшылар, соның ішінде 780 жұмысшы жұмыс істеді. Бұдан басқа мың адамдай күзет және лагерь әкімшілігінің қызметкерлері болды. Осы жылы тұтқындардың жаңа легі келіп қосылды. Кеніштердегі жұмысшылардың саны едәуір ұлғайды. 1942 жылы 605 мың тонна мыс кені қазып шығарылды (19800 тонна мыс) . Шығарылған кендер Балқашқа, Қарсақпай мыс зауытына, Орал зауыттарына жіберілді. Соғыстың алғашқы жылдары алдында істен шыққан төрт шахта іске қосылды. Бес шахта қосалқы болды, ең бірінші ірі № 31 шахта іске қосылды.
1942 жылы Үлкен Жезді далалық өзеннің құмды жағалауында шамамен екі ондық уақытша барактар пайда болды. Бұл жерде тұтқын құрылысшылар мен болашақ Жезқазған марганец кенішінің пайдаланушылары орналастырылды. КСРО ХКК шешімінен және кеніштің құрылысы басталғаннан кейін 38 күн өткен соң 1942 жылдың 12 маусымында марганец кенінің алғашқы тонналары шығарылып, тұтынушы зауыттарға жіберілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz