Қазақстандағы жер су формасы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы : Қазақстандағы жер су формасы
Кафедра : Қазақстандағы жер су формасы
Дисциплина : Қазақстан тарихы
Факультет : Стоматология
Группа : 102
Орындаған: Кушмагмабетов Т. Д
Тексерген: Калманова Г. Т
Ақтөбе 2017 жыл
1921-1922 ж. ж. жер-су реформасының Қазақстан тарихындағы көлеңке тұстары.
Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанды отарлаудың құрамды шарттарының бірі еді. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді сөздің тура мағынасында басып алған еді. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұрғындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқыт- үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында ауыршаруашылығындағы пайызға келсек, орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Оңтүстік Қазақстан егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Әйтсе де, билік құрылымдары реформа барысында басқа да саяси-экономикалық міндеттерді іске асыруды ойлады. Осылайша, орыс қоныстанушыларының жерлерін тартып алумен бірге монастырь, шіркеу вакфтық жерлер, гвардия офицерлерінің иеліктері, басқа да жергілікті қанаушылардың еңбексіз шаруашылықтарындағы жерлері жерге орналастыру қорына өтуі тиіс болды. Кәмпескеленген жер, жерсіз және жері аз шаруалар арасында еңбек нормасына сай бөліну жоспарланды.
Кеңес Өкіметі осы саясат арқылы өз беделдерін көтеруді көздеді. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден «ауылшаруашылығы пролетариатының» мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды.
Түркістан кеңестерінің IX сьезі шешімдері негізінде ТАКСР Жер Халық Коммиссариаты «Республикада жерге орналастыру жұмыстарының жоспарын» жасады. Соған сәйкес жер-су реформасы Оңтүстік Қазақстанның барлық уездерін қамтыды.
Жер-су реформасы 1922 жылдың күзінде аяқталады деп есептелінді, себебі 1922 жылдың 18 шілдесінде РК(б) П ОК Ортаазиялық бюросының пленумында Түркістандағы жер су реформасы аяқталды, алдағы уақытта барлық жер аудару, қоныс аудару дегендер тоқтатылатындығы туралы атап көрсетілді. Түркістан өкіметінің 1922 жылдың 5 қыркүйегіндегі қаулысымен «Республикадағы жерді еңбекпен пайдалану туралы негізгі заңның» күшіне енуіне байланысты жер-су реформасы аяқталды. Дегенмен, Қазақстандағы жерге орналастыруға байланысты жұмыстар бұрынғы бағытымен жүргізіле берді. Қазіргі заманғы тарихи тәжірибе тұрғысынан бағалар болсақ, облыстағы 1921-1922 жж. Жер-су реформасы және одан кейінгі жерге орналастыру акциялары жерсуды пайдаланудың патриархалдық-феодалдық қатынастардың дәстүрлі түрлерін түбірімен өзгерте алмады. Қазақ ауылдарындағы жерге қауымдық меншікке бұл шаралар елеулі ықпал жасаған жоқ. Түркістан Компартиясының VI сьезінде бұл мәселеге: «Жер реформасы бұратана тұрғындардың таптық жіктелуі және Кеңес үкіметі мен компартияның әлеуметтік базасын кеңейту тұрғысынан аса ірі саяси тиімділікке қол жеткізгенімен, шаруашылық тұрғыдан әлдеқандай елеулі нәтиже бере қойған жоқ» деп орынды баға берілді.
Патша өкіметінің отарлық саясаты барысында жергілікті халықты қанауға негізделгендіктен жаңа қоғамда Қазақстан үшін аграрлық мәселе бәрінен де маңызды еді. Кеңестердің Бүкілресейлік II сьезінде қабылданған жер туралы декреті жерге жеке меншік құкын жойып, барлық помешиктік жерлерді национализациялау және кәмпескелеу міндетін белгілеуі осындай түйінді мәселелерді шешуге тиіс болды.
Жер туралы декреттің мазмұны кейін 1918 жылдың ақпанында қабылданған «Әлеуметтендіру туралы заңмен» толықтырылды. Онда Жер туралы декреттегі сияқты жеке меншікті жою, жерді национализациялау негізіне баса мән берілді. Осы жерді ерекше атап өтетін мәселе, Кеңес үкіметі осы заңнамалық құжаттар арқылы патшалық тәртіптен мұра болып қалған отаршылдық және феодалдық сипттағы түйінді мәселелерді шешуге идеологиялық негіз қалады. Соған сәйкес бұрын тартып алынған помещиктердің қоныстанушы және Сібір, Орал, Орынбор, Жетісу казак әскерлері мен қазақ байларының иелігіндегі жерлер халыққа қайтарыла бастады.
Осыған сай Кеңес үкіметі орнағаннан соң іле-шала өткізілген кеңестердің уездік және губерниялық сьездері күн тәртібіне ең негізгі етіп жер мәселесін қойды. Ол сьездердің шешімдерінде Жер туралы декреттің ережелері басшылыққа алынып, жерге мемлекеттік меншік пен суды ұлттық ерекшелікке қарамастан шаруалардың теңдей етіп пайдалану қағидасының бірлігі, өзгермейтіндігі тағы да қуатталып жатты.
Салыстыру үшін мынадай деректерге нгазар аударайық: 1918 жылдың наурызында өткен Торғай облыстық сьезінде мынадай шешім қабылданды: «Ауылшаруашылығы қолданысындағы, орман, су және өндірістік пайдаланудағы жер жалпыхалықтық жер қоры болып табылады . . . біздің облыс аумағындағы еңбекшілер теңдей, толық мызғымас жер құқына ие . . . Алдағы уақытта Торғай облысы аумағындағы жерлер еңбекші қырғыз (қазақ) және орыс тұрғындары арасында әділетті бөлуге жатады».
Осы жылдың наурызында өткен кеңестердің Ақтөбе облыстықсъезінде барлық жер ұлттық бөлінісіне қарамастан «еңбекшілердің пайдалануына өтеді» деп атап көрсетті. Сол сияқты Жетісу облаткомының «Жерді национализациялау» туралы қаулысында ( 1918 ж. 6 маусым) барлық жер жалпыұлттық игілік деп, ал оны бөлудің негізгі қағидасы теңгермешілік деп жарияланды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарда атқарған жер қатынастарын қайтақараған маңызды шараларының бірі патша өкіметі мен қазыналық тиесілі мемлекеттік жер меншігін жою болды. Соған сәйкес бұрын қоныстандыру басқармалары иелігіндегі жерлер, атап айтқанда қазыналық жерлер, жоғарыда аталған басқарманың бос жатқан учаскелері, қазынаға, отарлық басқарма аппаратының шенеуніктеріне, шіркеулер мен монастырьларға тиесілі жерлер национализацияланып, Жер туралы декретке сәйкес жалпыхалықтық игілік деп жарияланып, еңбекші шаруалардың пайдаланылуына берілді.
Осы жерде атап көрсететін бір маңызды мәселе, Ресей деревнясында пәрменді қолданылған жерді мемлекет меншігіне алу түрлеренің бірі ретінде жеке меншік жерлерді кәмпескелеу қазақ белсенділері тарапынан да қызу қолдау тапты. Осылайша ірі бай шаруашылықтарын кәмпескелеу және олардың жерін, малын, құрал-сайманын тартып алу алғаш рет қолданылды. Бұл шаралар Қазақстан аумағында жүргізілген кәмпескенің алғашқы толқыны болды және кейіннен кеңес үкіметінің ауылдағы аграрлық мәселелерді шешудегі күнделікті практикасына айналды. Бұл шаралар 1928 жылғы тамыздағы «Бай және жартылай феодал шаруашылықтарын кәмпескелеу туралы» ҚазОАК қаулысының міндеттерін іске асыруда, одан соң ауылшаруашылық өнімдерін дайындау науқанында, БК(б) П ОК «Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулак шаруашылықтарын жою туралы» қаулыға сәйкес жаппай ұжымдастыру науқаны да көрініс тапты.
Осы кезде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанның оңтүстігінде 1921-1922 жж. жер-су реформасы атауымен қазақтарды жерге орналастыру науқаны қызу жүргізілді. Қазақстанның оңтүстігінде жер мәселесі барынша өткір қойылды. Патша үкіметінің отарлау саясаты барысында Сырдария мен Жетісу губернияларында 1917 жылға дейін қазақ халқынан 5501438 десятина қолайлы жер тартып алынып, осы территорияда 444 казак станицалары мен қоныс аударушылар поселкілері орналасты. Ондағы жер «Әрбір орыс шаруасына 3. 7, ал әрбір көшпелі шаруаға 0. 21 десятина немесе 15 есе кем» бөлінді. Жер бөлудегі мұндай әділетсіздік жоғары деңгейдегі саяси жиындарда талқыланды. « . . . Жетісу облысы қырғыз кедейінің жері болмаса және 125 десятина жері 15 жалшысы бар орыс кулагы одан жоғары тұрса, ол қырғызға интернационализмнің жақсы екендігін және кеңестік билікті қолдау керек екендігін қанша айтқанымен, ол оны түсінбейді. Ол кеңес билігін тек осы кулак арқылы таниды». Мұндай көңіл-күй ізсіз кетпеді.
Түркістан АКСР Кеңестерінің IX съезі және Түркістан коммунистік партиясының V съезі қалыптасқан жағдайды ескеріп жерсу реформасын жүргізу туралы директива жасап, оны қабылдады. Оны іске асыруда мынандай шаралар белгіленді: қоныс аудару басқармасы жоспарлаған немесе қырғыздардан (қазақтардан) өз бетінше тартып алынған барлық жерлерді қазақтарға қайтару, қоныс аударушыларға еңбек үлесі көлемінде ғана жер қалдыру. Сонымен бірге көшпелі шаруашылықтарды біртіндеп отырықшылыққа айналдыру үшін оларға жайылымдық жерлермен бірге егістік жерелер де бөлу; барлық кулак ұйымдарын жою, кулактарды қарусыздандырып, реэммиграция жүйесін қолданып, оларды өкіметтің жергілікті ұйымдарына және шаруашылық құрылысына қандай да болмасын ықпал жасау мүмкіндігінен айыру сияқты саяси мәні зор шаралар белгіленді. Бай шаруашылықтарынан жермен бірге тартып алынған 1517 мініс көлігі, 87 түйе, 1409 қашар, 133 есек, 1042 сиыр жеке және ұжымдық шаруашылықтарға берілді. Диқандардың кедей топтары оларға қосымша мынадай ауылшаруашылық құралдарын алды, олар: 562 ағаш соқа, 341 мала, 105 арба, 307 қамыт, 1536 күрек, 2059 орақ, 289 шалғы.
Реформа нәтижесінде, «1916 жылғы көтерілістегі жеңілістен соң және уақытша өкімет билігі кезеңінде жергілікті халықтан тартып алынған 232891 десятина жер қазақтар мен қырғыздарға қайтарылды». Жалпы, Жетісудың (қазақ аудандары) және Оңтүстік Қазақстанның жергілікті және орыс тұрғындарын жермен қамтамасыз ету қорына қазыналық жерлер мен офицерлік учаскелері, сонымен бірге қамтылмаған қоныстану учаскелері есебінен 1 млн. десятина жер қосылды. Осылайша Оңтүстік өңірлерде жер-су реформасы 1922 жылдың жазында аяқталды. Жер-су реформасы Қазақстандағы түйінді аграрлық мәселелердің бәрін шеше алған жоқ, тек 7000 отбасы ғана орыс кулактарынан тартып алынған жерлерге ие болды. Дегенмен, жер-су реформасының халық шаруашылық саласында жетістігі аз болғанымен, оның сол кездегі Қазақстан жағдайында саяси маңызы орасан зор болды және аса ірі революциялық шаралардың біріне айналды. Содан да осы реформа барысында орын алған кемшіліктер аймақта кейінгі жылдары іске асырылған агралық саладағы өзгерістердің бағыты мен сипаттарына елеулі әсер етті.
Біздің пікіріміз, саяси догмалардан тәуелсіз интеллектуалдық тарихтың жетістіктерін басшылыққа алып, кеңес өкіметінің аграрлық саясатының: бірінші кезеңі: 1921-1922 жж. аралығын қамтиды. Себебі Қазақстанның оңтүстік облыстарында Түркістан - республикасында Жер-су реформасы барынша пәрменді жүргізілді. Бұл кезең негізінен 1922 ж. күзінде аяқталды. РК(б) П Орта Азия бюросының 18 шілде 1922 ж. Пленумында жер реформасы аяқталды деп есептеліп, алдағы уақытта жер аудару мен қоныстандырудың бәрін де тоқтату қажеттігі атап өтілді. Бұл шешім Түркістан Республикасы өкіметінің 5 қыркүйек 1922 ж. «Түркістандағы жерді еңбекпен пайдалану туралы Негізгі заң» деп аталатын қаулысы арқылы заңдастырылды. Осы қаулыдан кейін жер мәселесі төңірегіндегі алашапқын қарбалас біршама бәсеңдеді.
Бірінші кезеңде жүргізген жер-су реформасының Оңтүстік Қазақстандағы қорытындысы мынадай болды: 1921 ж. мемлекеттік жер қорына барлығы 1722626 десятина жер, оның 205059 десятинасы қоныстанушылар поселкелерін жоюдан, 85107-сі еуропалық қоныстардан пайдалану нормасынан артық болғандығы үшін қайтарылды, 1321720-сы бос жатқан және қоныстандыру қорын жоюдан түскен еді. Бұл әрине, аз жұмыс емес болатын. Соның ішінде мемлекеттік жер қоры ұйымдастырылып, оған бөлінген 232. 311 десятина жердің 163мың десятинасы 1916 ж. көтеріліс жеңілген соң жерінен айрылған 3523 көшпелі (қазақ) қырғыз шаруашылықтарының отырықшылануына барлығы 8523 шаруашылық, 203 мыңы 1332 шаруалықтың қыс қыстауы есебін, ал орыс шаруаларына (барлығы 54 шаруашылық) 0, 5 мың дес. жер бөлініп берілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz