Алғашқы қазақ заңгері



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Бақытжан Қаратаев
Кафедра: Қазақстан тарихы және ғылыми пәндер
Дисциплина: Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
Факультет: Стоматология
Группа: 102

Орындаған: Кушмагамбетов Т.Д

Тексерген: Калманова Г.Т

Ақтөбе 2017 жыл

Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
Қазақтың алғашқы заңгері, депутат және комиссары
Б. Қаратаевтың ғылыми зерттеу жұмыстары
Биыл туғанына 150 жыл толған қазақ заңгері
Бар ғұмыры мен қызметін еліне арнаған асыл тұлға
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Қазақстанның ірі тарихи тұлғаларының бірі, алғашқы қазақ заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы - демократ Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев 1860жылы 10 мамырда Орал облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында Дәулетжан сұлтанның шаңырағында дүниеге келген .Кішкене Бақытжанды үлкен әкесі Бисәлі Қаратайұлы бауырына басқан . Бақытжан Бисәліұлы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр ханның тікелей ұрпағы .
Зерттеуші-ғалым М.Ысмағұлов қолжазбаларында Б.Қаратаевтың ата-тегін шамамен былайша таратады
Әбілқайыр
Нұралы хан
Бөкей Қаратай
Жәңгір Бейсалы
Ғұбайдолла Бақытжан
Кіші жүздің ханы Нұралы ханның көп әйел алғандығы мәлім ,соның ішінде оның 1771 жылы жаугершілікте қолға түскен қалмақ қызын әйелдікке алады. Рыс атты қалмақ әйелінен Ешім, қаратай,Орман, Шот?ара, Елтай сынды балалары д?ниеге келген. Олардың ұрпақтарын "бес қалмақ" деп аталған.Сұлтан әулетінен тараған Бақытжанды шы?ыс салты бойынша үлкен әкесі ,яғни атасы Бейсалы Қаратайұлы бауырына басқан.Сондықтан ресми құжаттарда ол Бақытжан Дәулетжанұлы емес,Бақытжан Бейсалықлы болып көрсетіледі.Жас сұлтан әуелі ауыл мектебінде, сосын Орынбор гимназиясында оқиды.
1885 жылы Императорлық Санкт - Петербург университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1890 жылы, бетіне ИСПУ.1890. Қаратаев деп аты жазылған алтын медальмен аяқтап шығады.
Қаратаевтың азаматтық көзқарасы шәкірт шақтарында ,жас кезінде ,сол кезеңдердегі оқиғалар сырын зерек түсіну орайында қалыптасады.Оның мектеп пен гимназияда оқып жүрген жылдарында патша әкімдері өмірге енгізген, қазақ тұрмысына қолайсыз тиген, халық қаламаған реформаларға орай туған үлкенді-кішілі толқулар болып өткен-ді. Басқару лауазымдарынан аластатылған төре тұқымдарының жай - күйі, ондай шараның себеп-салдары, отарлық езгіден күйзелген ел тіршілігі ,тағы сол сияқты көз алдында көлбеңдеген сан-алуан сүреңсіз жәйт біткен - оқу - білімге талпынған жас сұлтанды ойға батырмай қоймағаны хақ.
Университетте оқып жүрген студент Б.Қаратаев Санкт - Петербургте болған түрлі студенттік толқуларға қатысып, әлденеше рет сол үшін ескерту алған.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Санкт-Петербург университетіне білім, ғылым, өнер үйренуге барған Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Мәмбетәлі Сердалин, Бақтыгерей Құлманов, Абдолла Теміров сынды бір топ қазақ жастары жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу - мақсат деп Жерлестер ұйымын құрды. Жерлестер - қазақ тарихындағы ең тұңғыш ұйытқы болған жастар ұйымы. Қазақ қайраткерлері шыңдалған, өмірлік мұраттарын айқындауға септігін тигізген ұйымда олар басқосулар өткізіп, түрлі шаралар ұйымдастырып, танымын қалыптастырды.ИСПУ-ді тәмамдаған соң, Бақытжан Қаратаев Правительствующий (билік айтушы) сенаттың екінші департаментіне қызметке орналастырылады.Бұл оқиғаны қазақтар үшін үлкен жетістік ретінде Дала уәлаяаты газеті қуана жариялаған.Алайда сенат Қаратаевты өзінің қасында ұзақ ұстай алмай, Кутаиси қаласына тергеуге жібереді.Бұл жәйт 1891жылғы Дала ережесінің қабылдануымен тұстас келеді.Содан Бақытжан Бисәліұлы елге, көшпелі қазақ тұрмысына жаңа ылаң әкелген Ереже күшіне еніп болған соң ғана ,1897 жылы, грузиндер ортасымен қоштасып, туған жеріне оралады. Еліндегі қызметін ол халыққа заң тұрғысынан жәрдемдесуден бастайды.Одан біртіндеп ағарту ісіне араласа келе, қоғамдық-саяси жұмыспен кең көлемде айналысуға бет бұрады.Империяның жоғарғы кеңесінде , сондай-ақ өзге де отар өлкесінде қызмет атқару арқылы көзі ашылып, ысыла түскен қоғам қайраткерлерін - патша үкіметі жоспарлы түрде жүзеге асырып келе жатқан отарлау жұмыстарының қазақ халқы үшін қайғылы салдарлары - жердің тарылуы, дінге,оқуға, күнкөріске айтулы қысым көрсетілуі қатты толғандырады.

Қазақтың алғашқы заңгері, депутат және комиссар
Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы (1863-1934) - алғашқы қазақ заңгері, мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, демократ.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Ақбақай ауылында дүниеге келген. Сұлтан тұқымы әулетінен тарайды. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың шөбересі. Орынбор гимназиясын, Санкт-Петербор университетінің заң факультетін үздік бітірген.
1891-1897 жылдары Санкт-Петерборда, Кутаисиде, Орынборда сот тергеуші, сот орындаушысы қызметтерін атқарған. 1897-1905 жылдары Қаратөбеде, Жымпитыда, Орынбор, Орал облысында адвокат болып қызмет атқарды. 1905-1914 жылдар аралығында Кадет партиясының мүшесі болған. 1907 жылы екінші Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. 1907 - 1916 жылдары ағартушылық жұмыстарымен айналысып, Қазақстан газетін, Айқап журналын шығаруға көмектеседі. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін большевиктер партиясының қатарына өтеді. Сол жылы Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысқан. 1918 жылы наурыз айында Орал облыстық депутаттар кеңесінің мүшелігіне сайланып, әділет комиссары болды.
1919 жылы В.Чапаев басқарған 25-атқыштар дивизиясында атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі және командирі болды. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің мүшелігіне енді. Орал облыстық революциалық комитетінің құрамында болып, ұлттар коллегиясының төрағасы, Қазақ АКСР-інің заң істері комиссары қызметтерін атқарған. Қазақстан Кеңестерінің 1-2 Бүкілқазақстандық съездеріне делегат болып қатысқан. Орал губерниялық адвокаттар алқасын басқарған.
1921-1924 жылдары Ақтөбе қаласында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төрағасы болып, кейіннен Қазақ АКСР Мемлекеттік мұрағатының қызметкері қызметін атқарған.
Халықтың құқын қорғауда көп еңбек сіңірген заңгер Бақытжан Қаратаев большевиктердің қазақ халқына қарсы ұйымдастырған нәубетіне, аштан қырылуына қарсы батыл үн көтеріп, Ақтөбеде халық алдында Бүкілодақтық комитетінің (большевиктер) партиясы Қазақ өлкелік комитетінің 1-хатшысы Ф.Голощекинге қарсы шығып, халықты қырған аштыққа ұрындырған қылмысын бетіне басқан.
1927 жылы діни көзқарастары үшін большевиктер партиясының қатарынан шығарылған. Өмірінің соңына дейін ғылыми - зертханалық жұмыстармен шұғылданған. Ақтөбеде 1934 жылы 28 тамызда дүниеден өткен.

Б.Қаратаевтың зерттеу жұмыстары.
Бақытжан Қаратаев- халқымыздың бостандығы мен ұлттық тәуелсіздігі, оның жарқын болашағы үшін аянбай күрескен ұлы даланың дарынды перзенті. Бар ғұмырын халқының мүддесі үшін сарп еткен ол өмірінің соңында болашақ ұрпақ үшін туған халқының басынан өткерген тарихын жазып, артына мол мұра қалдырды.
1931 жылы 16 тамызда Б. Қаратаев Орталық архив басқармасының ғылыми қызметкері болып тағайындалады [1, 55п]. Басқарма Б.Қаратаевты, арнайы бағдарламасы бойынша, Қазақстанның 1916-1919 жылдар аралығындағы тарихын зерттеу мақсатында, Ақтөбе, Орал, Саратов, Орынбор қалаларына іссапарға жібереді. Ол іссапарда жүріп мұрағат, кітапхана қорларымен жұмыс жасап, халқымыздың тарихына қатысты құнды деректер жинайды.
Б. Қаратаевтың жан-жақты зерттеліп жазылған құнды еңбегі-Обзор материалов из истории колонизации казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов. Патша өкіметінің саясатын әшкерелей жазған бұл еңбегін жазбас бұрын Халық ағарту комиссарының атына: Восстание казахов в Уральской и Тургайской областях и адаевцев Мангишлакского полуострова в 1869 и в 1870 гг возникшее на почве недовольства введением тогда в действие царским правительством Временным положением 21 октября 1868г. В виде опыта сроком на 2 года, составляет в глубокой степени скорбные и печальные страницы истории казахского народа. Этим восстанием была охвачена почти вся Малая Орда, распространяясь на казахов даже Сыр-Дарьинской области и продолжаясь, как видно из данных Каз.Центрархива, вплоть до 1875 года. Поэтому оно представляет большой интерес для современного казахского поколения. Казахи поняли , что царское правительство, вводя Временное положение в степных областях, под лицемерной и лживой маской любви к казахскому народу, приступает к интенсивному угнетению их, к насильственному обезземлению их, к нарушению всяких общественных отношений и общественной жизни, к подавлению самодеятельности и самостоятельности их.

Поэтому, в процессе своей работы по собиранию материалов по истории казахского народа, я пришел к мысли, что я бы не прочь и даже желал бы составить попутно особую брошюру о восстании казахов в 1869 и1870 годах ... ... и т.к некоторые моменты восстания известны мне, как очевидцу, а некоторые моменты его известны мне по моему знакомству с вождями мятежа и из беседы с ними- деп, осы кезең тарихын жазу маңыздылығын баяндайды.

Жалпы, патша өкіметінің Х1Х ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы озбырлық әрекеттері туралы сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Сералин, М.Дулатов, М.Тышпаев, М.Шоқай, Ғ.Қарашев сияқты ұлт болашағы үшін, туған елінің, халқының азаттығы мен бостандығы үшін күрескен көптеген қазақ зиялылары империяның солақай саясатын ашық сынға ала баяндайтын өшпес мұралары көп.

Солардың қатарындағы есімі қазақ тарихында ерекше орын алатын, сөзі өткір, батыл мінезді Б. Қаратаев та еңбегінде Уақытша ереженің енгізілуін: Вдруг Временное положение обьявило казахам, что земли занимаемые казахскими кочевьями, признаются государственными и предоставляются в общественное пользование казахов. Это было для них ударом молнии в ясный день ... ... .Сразу же почувстовалось, что они теперь как будьто на чужой земле - деп баға бере отырып, қазақ даласына әкелген зардаптары мен жерінен айырылған қазақтардың басына төнген ауыр жағдай мен шеккен қайғы-қасіретін ашық жазады [3, 18б]. Бұл еңбегінде өзінің жастайында куә болған мына оқиғаны: Қазақтар неліктен орыс шенеуніктері мен мекемелеріне келгенде жалған сөйлеуге және алдауға бейім деген сұраққа Арғын руындағы кішкене Шекті бөлімінің беделді қазағы, Шеген батырдың немересі Қорғанбек Бірімжанов 1886 жылы, менің Петербург университетінің студенті кезімде, Торғай облысының әскери губернаторы генерал-лейтенант Барабашқа менің көз алдымда былай деді: Қазақ халқының даналығы айтады-егер сен орыс шенеунігіне шын көңілден, жүрегіңмен ақтарылып шындықты айтсаң-ол саған сенбейді, ал егер сен оған қиыстырып тұрып, шебер тілмен өтірік айтсаң-құлай сенеді-деп есіне ала отырып, Қорғанбек Бірімжановтың бұл сөздері ақиқат болғандықтан да, патша шенеунігінің бетіне түкірілген терең де ащы әжуаға толы қақырық еді-деп империяға өшпенділігін білдіреді [4, 177б]. Ежелден қазақ халқының меншігінде болған жерлерді күштеп Ресей империясының мемлекеттік меншігіне айналдыру Қазақстандағы аграрлық қатынастардың шиеленісіп, халық көтерілісіне әкеп соқтырғандығын атап көрсетті.Бұл еңбегінде XIX ғасырдағы Қаратай ұрпақтарының тыныс-тіршілігі сөз болады.
Ал, Батыс Алаш зиялылары мен Алашорда үкіметін сыңға ала жазған Из истории Алаш-Орды еңбегінен, кеңестік тұрғыда жазылса да, алаш қайраткерлерінің сол кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметтері, іс-әрекеттері туралы танысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Б.Қаратаевтың артында қалған шығармашылық мұрасының біразын өзі көріп куә болған және өзі қатынасқан революциялық-саяси оқиғалар, яғни К истории революционного движения в Уральской губернии, 1905-1907 жылғы бірінші орыс революциясы тұсындағы Орал қаласындағы астыртын ұйымдардың қызметін баяндайтын бұл еңбекті зерттеуші М.Ысмағұлов Б.Қаратаевтың жазғандығын айтады[2, 70б], 1919 жылы Торғайдағы Ә.Жангельдиннің екінші жорығын бейнелейтін Первый полководец казахских частей - А.Джангельдин, Орал қаласын орыс-казактардан азат етілуі туралы Взятие города Уральска, Гибель Чапаева және т.б жөніндегі естелік жазбалар құрайды.
Б.Қаратаев ғылыми жұмыспен өмірінің соңында, яғни 70 жастан асқан шағында айналысты. Денесін ауру меңзеп, төсек тартып жатса да, біздің ұзақ өмірден көргеніміз, естігеніміз, тарихи әдебиеттерден кейбір білгеніміз қағазға түсе берсе игі еді деген мақсат санаған Б. Қаратаев өз естеліктерін, көзқарастарын парақтарға жазып қалдырған.

Биыл туылғанына 150 жыл толған асыл тұлға.
Биыл туғанына 150 жыл толатын қазақтың тұңғыш заңгері, қоғам қайраткері Бақытжан Қаратаевтың ел тарихында алар орны үлкен
Алаштың ардақты ұлдарының бірі, қазақтан шыққан тұңғыш заңгер, императорлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетін 1890 жылы алтын медальмен бітірген.Бақытжан Бисәліұлы Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметін көрсететін Алматы, Орынбор, Мәскеу, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау қалаларындағы мұрағаттарда біраз тарихи құжаттар сақталған.
Бақытжан Қаратаевтың атасы - өз заманында патшалық Ресейдің отаршыдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған Қаратай сұлтан Нұралыұлы.
Б.Қаратаев аталмыш университетті бітіргеннен кейін патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен бірге Гурьев уезі қараған Орал облысынан он сегіз қазақ отбасы бірге барады. Сол алыс грузин жерінде жүріп-ақ ол туған елінен қол үзбей хат-хабар алып, тыныс тіршілігінен хабардар болып отырады. 1894 жылы орыс зерттеушісі П.Юдиннің Тургайские областные ведомости газетінде жарық көрген мақаласында бабасы Қаратай сұлтанды қарақшы деп бағалауына қарсы орнықты жауап беріп, орыс зерттеушісіне белгісіз, соны мәліметтерді хабарлап, ата-бабаларының шежіресін терең білетіндігін айғақтады.
1897 жылы ол туған еліне оралып, адвокаттық қызмет атқарды.
Заңгер Б.Қаратаев - 1907 жылы ақпанның 20-сында шақырылған ІІ Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып сайланып, І және ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының арасынан патша үкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған аграрлық саясатының отарлық астарын ашық сынға алып, сөз сөйлеген жалғыз депутат. Б.Қаратаев 1907 жылы ІІ Думада сөйлеген сөзінде: Қырғыз-қайсақ (қазақ) халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ. Біз, қырғыз-қайсақтар, Россияда қатты ушығып отырған аграрлық мәселе шұғыл шешім қабылдауды талап ететінін терең түсінеміз. Біздің шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы сеземіз, егер басы артық басқа жеріміз болса, оларға біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге әзірміз, біз оң жақ қатарда шаруалардың жерге деген мұқтажын жою үшін олардың иелігі мен пайдалануындағы жер көлемін кеңейту қажеттігі туралы жақ ашпай отырған жолдастарымыздың жолын мүлде қуғымыз келмейді. Қоныс аудару бүгінде топырағы құнарлы уездерінде жайлаған, яғни, отырықшылыққа ден қойып, егін салумен айналысып жатқан қырғыз-қайсақ халқын ығыстырумен, халықты өздері тұрған үйлері мен деревняларынан қуып шығумен қат-қабат жүріп жатыр. Мен мұны ресми деректермен дәлелдей аламын. Осы кезге дейін бәрі қырғыздар көшіп-қонып жүреді-міс деген түсінікпен келеді. Жоқ, мырзалар, қырғыздардың көшпелілері де, отырықшылары да бар. Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қора-қопсысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтарды жәбірлеп жатқандарға қарсы шығып, қамқор қолұштарын береді деп сенемін. Менің қолымда мұны дәлелдейтін қыруар деректер тұр, бірақ өкінішке қарай, сөзімді аяқтай алмадым. Міне, патша үкіметі тарапына айшықтай сын, бетке баса айту осындай-ақ болар.
Сонау 1908 жылғы маусымның 15-і күнгі Тургайская газетаның №24 санында К изданию киргизской газеты атты мақала жарық көрді. Аталған мақалада Санкт-Петерборда қазақ тілінде газет, журнал және брошюралар шығару үшін қоғам ұйымдастырылғаны жазылады. Бұл қоғамды құруды қолға алған белгі И.Жаманшалов пен Рамьевтер болды. Империя астанасынан шығарылатын болашақ Алаш газетінің редакторлығына Б.Б.Қаратаев шақырылады.
Қазақ зиялылары Алаш атауының түп-төркіні еркіндікті білдіретін қасиетті ұғым екендігін тамыршыдай тап басқан және редакторлыққа елге белгілі қайраткерді шақыруы да біраз жәйтті аңғартса керек. Газет ұжымы егер болашақта шығарылатын газетке Б. Қаратаев редактор болса, жұмыстың өрге басатындығын, Бақытжан Бисәліұлын жалпақ алаш жұртының жақсы білетіндігін жаза келіп, алдағы жұмысына табыс тілеген. Өкінішке қарай, газет жарыққа шықпаған сияқты.
Б.Қаратаев 1908-1916 жылдары алаштың зиялылары Ә.Оразбаев, А.Жанталин, С.Лапиндермен бірге қазақтарды жерге орналастыру жөнінде заң жобасын дайындап, халықты отырықшылыққа шақырса, ал Ғ.Қараш, Ш.Бөкеев және Е.Бұйриндермен бүгінгі Егемен Қазақстанның бастауында тұрған Қазақстан газетін шығару жұмысын қолға алды. 1914 жылы Қазан қаласында шыққан Үлгі атты поэманың авторы Садыр Ғалиұлы Бақытжан Қаратаевтың қазақ елі үшін еткен еңбегін, ағартушылық жұмысын, үлгілі өнегелі істерін өлеңге де қосқан.
1916 жылғы зобалаң жылдары Б.Қаратаев қазақ даласындағы тыл жұмыстарына жастарды алу шараларын тоқтату жөнінде Ж.Досмұхамедов, Ж.Сейдалиндермен бірігіп дайындаған Қазақтар туралы естелік жазбаны патша әкімшілігіне тапсыру туралы да біраз еңбектенген.
Кеңес үкіметі орнаған тұста Б.Қаратаев зор саяси оқиғалардың бел ортасынан табыла білді. Халықтың мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін түсінген ол өз келісімі бойынша әділет комиссары болды. 1918 жылы Орал қаласындағы ақ гвардияшылардың тұтқынында отырған тұста ол: Большевизм үкімет басында тұра алар ма екен? Меніңше, ол жалған атақты үкіметтердің тіршілігі жойылғанға дейін тұрады. Большевизм өтпелі кезең, өз орнын бейбітшіл, жасампаз социалистік сипаттағы десе де болады, үкіметке қалдырып сахнадан кетеді. Әзірше большевизм барлық ескі және іріп-шірігендерді күйретуші мәнге ие. Жасампаздар басқа адамдар болады, - деп большевиктер турасында көзқарасын білдіруі бүгінгі күннің сипаттамасы деуге тұрарлық. Ал қазіргі Қазақстанның бейбітшіл, жасампаз саясат ұстанып отырғаны көпке мәлім.
Азамат соғысының отты жылдарында Б.Қаратаев алғаш қазақ атты әскер жасағын құру ісіне де үлесін қосты. Ол 1919 жылғы Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық комитетінің алғашқы құрамына Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, М.Тұнғашиндермен бірге мүшесі болды. Осы жылдары сот-тергеу, әкімшілік-шаруашылық, заңнамалық болжам, жаңа сот ұйымдарын ашу және олардың қызметтерін жандандыру жұмыстарын белсене жүргізді. Алашорда үкіметінің қатарында болған азаматтарды қорғауда заңгер Б.Қаратаевтың ерекше белсенділік көрсетуін мұрағат қорларында сақталған құжаттар толық дәлелдей алады. Б.Қаратаевтың балалары да саяси қызметтерге белсене араласқаны мәлім. Мысалы, Шәмілі Қазақтың 1-атты әскер дивизионының комиссары, ал Мұраты Алаш жасағының сарбазы болды.
Дегенмен Кеңес үкіметі органдары тарапынан Б.Қаратаевтың саяси қызметіне бақылау орнатылғаны және қызметінен шеттетілгені де - тарихи шындық. Бірегей тұлғаның ұлт-азаттық көтерілістер және Қазақстандағы азамат соғысы тарихы туралы еңбектері әлі құндылығын жойған жоқ Б.Қаратаев сегіз-тоғыз жасында-ақ Ресейдің 1867-1868 жылдардағы реформаларына қарсылық танытқан өзінің жерлестерінің ашу-ызасын сезінді. Көтерілістен кейін Ы.Досов молда 1869 жылдың аяғында патша үкіметінің билігін мойындағысы келмей, Түркияға кетсе, ал Х.Арысланұлы, Ә.Мұңайтпасұлы, Д.Асауұлы және т.б. жақтастары Хиуа аумағына қоныс аударады. Б.Қаратаев атасы мен әкесі жөнінде былай еске алады: Әкем Бисәлі Қаратаев пен ағам Дәулетжан көтеріліске қатысқандары үшін тұтқындалып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақытжан Қаратаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстары
Жақып Ақпайұлы - қазақтың тұңғыш заңгері
Әскери соттар
Ежелгi Римнің саяси ой-санасы
Рим құқығының қайнар көздері
Рим мемлекетінің құрылуы жайлы
Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
Қазақстан Республикасында адвокатура институтын дамыту
Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
Пәндер